Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 28 АҚпан сейсенбі 2017 жыл



жүктеу 350.92 Kb.

бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі350.92 Kb.
  1   2   3

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

28 АҚПАН

 СЕЙСЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№16 (8038)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ

Десе  де,  ауыл-аймақта  сүт  өнімдерін 

өңдеу  және  өңдіру  саласы  кемшін.  Сүт 

өнеркәсібін айтпағанда, шағын цехтардың 

өзі  жоқтың  қасы.  Бұл  тұрғыда,  осы 

олқылықтың  орнын  толтырып  отырған 

Кейден  ауылының  кәсіпкері  Ұлпаш 

Мәлікқызы  қолдағы  барын  қажетіне  жа-

ратып,  отбасылық  кәсібін  дөңгелетуде. 

Ол  өткен  жылы  құжаттарын  жинап, 

«Нұрмұхаммедәлі» 

дара 


кәсіпкерлігін 

ашты.  Бар  мақсаты  –  қорадағы  азын-

аулақ  сауын  сиырын  сауып,  сүт  және  сүт 

өнімдерін  өңдеу  мен  өндіруді  қолға  алу 

еді. Аудан төңірегін зерттеп көрсе, табиғи 

өнімге  сұраныс  мол.  Бірақ  іс  бастауда 

үлгі  аларлық  кәсіпкер  таппады.  Әйтседе, 

Кәсіпкерлер  палатасының  аудандық  фи-

лиалына  барып,  кеңес  алып,  кәсібіне 

бизнес-жоспар  жасатты.  Нартәуекелмен 

кәсібін  бастапта  кетті.  Бастамасы  көңіл 

қуантарлық. Тек ерінбей еңбек ету ләзім. 

–  Тәуекелмен  бастаған  бизнесіме 

қолдау  көрсеткен  Марлен  Нұртазаев 

басқаратын Кәсіпкерлік палатасына алғыс 

айтамын. Олар маған  «Қызылорда өңірлік 

инвестициялық 

орталығы» 

ауылдық 

жердегі  кәсіпкерлерге  қолжетімді  несие 

беретіндігі  жөнінде  кеңесін  айтты.  Одан 

әрі қолдау несие қаржыға ие болып, қазір 

бір  жыл  болды  бұл  кәсіптің  нәсібін  көріп 

жатқаныма.  Бүгінгі  таңда  шағын  сепера-

тормен сүттен айран, қаймақ, балқаймақ, 

дәмді ірімшік, ащы ірімшік, құрт өнімдерін 

шығарып,  аудан  орталығына  саудала-

удамын.  Сүт  өңдеу  технологиясын  енді 

меңгеріп  жатқандықтан  әліде  болса,  бұл 

бағытта  нарық  сұранысына  сай  өнім  дай-

ындау міндеті тұр – деген Ұлпаш Төлеуова 

жағымды жаңалығында жасырып қалмады. 

Яғни, алдағы уақытта ірімшік және қаймақ 

өндіретін шағын цех ашу жоспарында бар. 

Бұл  күнде  барлық  бизнес-жоспарын  жа-

сап, құжаттары дайын. 

–  Өздеріңізге  белгілі,  Елбасының 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  Жоспарының 

60-қадамдағы:  «Сүт  және  сүт  өнімдері 

өндірісін дамыту үшін стратегиялық инве-

сторлар таратудағы негізгі міндет, үш жыл 

ішінде ТМД елдері нарығында шығарылатын 

өнімдердің  жартысына  дейінгі  экспорт-

ты қамтамасыз ету, ауылда кооперативтік 

өндірісті 

дамыту 


арқылы 

шетелдік 

үлгілерді ұйымдастыру туралы» айтқан бо-

латын.  Жалпы,  Қазақстан  Сүт  одағының 

мәліметіне сенсек, бүгінде нарықта айран, 

қаймақ, пастеризацияланған сүт, өңделген 

және тазартылған сүт өнімдеріне сұраныс 

мол.  Бұл  бағытта  ауданның  әлеуеті 

жеткілікті.  Осы  орайда,  біздің  орталық 

кейдендік  кәсіпкер  Ұлпаш  Мәлікқызына 

өзінің  сұранысы  бойынша  ірімшік  және 

қаймақ  өндіретін  шағын  цех  ашу  жөнінде 

бизнес-жоспарын  жасады.  Сәтін  салса, 

алдағы уақытта аудан әкімінің кәсіпкерлік 

бағыттағы  грантына  ұсынамыз.  Өзін-

өзі  ақтайтын  жоба  деп  білеміз–дейді 

Кәсіпкерлік палатасының аудандық фили-

ал директоры Марлен Бақытұлы. 



СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Елімізде  сүт  өнеркәсібі  –  ауыл 

шаруашылығы кешенінің ең негізгі бір бо-

лып табылады. Өйткені, сүт өнімдері – адам 

саулығына  ең  қажетті  құнарлы  заттар-

мен қамтамасыз ететін тамақ өнімі. Бүгінгі 

таңда  республика  бойынша  сүт  өнімдерін 

қайта өңдеу бойынша 200-жуық кәсіпорын 

жұмыс  істеуде.  Бұл  дегеніміз  –  елдегі  сүт 

өнімдеріне деген қажеттіліктің 70 пайызын 

қамтамасыз етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, 

ішкі нарықта азық-түлік өнімдерінің жалпы 

көлемінде сүт өнімдерінің үлесі 17 пайыз. 

Ал, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар жы-

лына  3500  тонна  сүтті  өңдеуге  мүмкіндігі 

жетеді.  Ресми  статистикалық  мәліметке 

жүгінсек,  2015  жылы  184  млрд  теңгенің 

сүт өнімдері өндірілген. Белгілі болғандай, 

ірімшік  пен  сүзбені  өндіру  38,3  пайызға 

ал  балмұздақ  шығару  7,8  пайызға 

артқан. Сондай-ақ өндірілген отандық сүт 

өнімдерімен  қамтамасыз  етілу  деңгейіне 

тоқталсақ.  Сұйық  сүт  бойынша  91  пайыз, 

қышқыл сүт өнімдері -85, сары маймен -66 

пайызды  құрап  отыр.  Яғни,  түптеп  кел-

генде, ішкі нарықта отандық өнімнің үлесі 

орташа  есеппен  70  пайыз.  Қалған  бөлігін 

импорттық  өнім  толықтыруда.  Оның 

ішінде, Ресей мен Беларусь елдерінің үлесі 

басым. 


Иә,  Жаңақорған  ауданы  «Сыбаға» 

бағдарламасының  орындалу  барысынан 

көш  басында.  Бұл  өз  кезегінде  ірі  қара 

малының көптігін білдіреді. Түптеп келген-

де, сүт және сүт өнімдерін өңдеу мен өндіру 

бойынша  ауданның  әлеуеті  жеткілікті. 

Ендігі  кезекте  сүтті  бағыттағы  сиырлар 

өсіретін  кооператив  құрылса  нұр  үстіне 

нұр.  Бұл  жағдайда  кейдендік  кәсіпкер 

Ұлпаш  Мәлікқызының  да  ісі  өрге  басары 

айқын. Өйткені, ертеңгі күні  ірімшік және 

сүт  өнімдерін  өңдейтін  шағын  цехы  мем-

лекет  тарапынан  қолдау  тауып,  ісі  өрге 

домалаған  жағдайда,  шикі  сүтке  деген 

сұранысы  артатыны  сөзсіз.  Яғни,  ол  кез-

де  бүгінгідей  ауылдағы  әрбір  үйден  5-10 

литр  емес,  тұрақты  түрде  өндірістік  коо-

перативтен  қалауынша  алады.  Не  десек-

те, нарықта отандық өнімге деген сұраныс 

бар. Тек кәсіптің көзін тауып, келешегінің 

кемел болуына қарекет еткен жөн. 

–  Жолдауда  Мемлекет  басшысы  экономиканың  әлемдік  өсімінің 

орта  деңгейден  жоғары  қарқынын  қамтамасыз  етуге  және  30  озық 

елдің  қатарына  қарай  тұрақты  түрде  ілгерілеуге  лайықталған  бес 

негізгі  басымдықты  атап  өтті.  Оның  алғашқысы  –  экономиканың 

жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Яғни, цифрлық техноло-

гиялар негізінде жаңа преспективті салаларды жасау. Экономиканың 

негізгі  салаларын  дамыту  бойынша  тапсырмаларды  шешу  үшін  мына 

жұмыс атқарылады.

Бірінші,  индустрияландырудың  екінші  бесжылдық  жоспарына 

сәйкес жаңа қуат көздерін одан әрі ендіру. Бұл үшін біріккен өндірістерді 

жасау бойынша шетелдік инвесторлармен бірге жоспарланған барлық 

жобалар  жүзеге  асырылатын  болады.  Екіншіден,  кәсіпкерлікке 

қолдау  көрсетудің  бірыңғай  бағдарламасы  және  ҚР  индустриялық-

инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасының  шеңберінде  өндірістерді  жаңғырту.  Үшінші,  ин-

вестициялар  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызу  бойынша  шаралар 

қабылданатын  болады.  Бұл  үшін  1  қыркүйекке  дейін  инвестициялар 

тарту  бойынша  ұлттық  стратегия  жасалады.  Сондай-ақ,  төртіншіден, 

әлемдік  бәсекеге  қабылетті  қазақстандық  өнім  экспортының  көлемін 

арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, – деді А.Азавбаев.

Сонымен  қатар,  ауылшаруашылық  мәселесіне  тоқталып  кетті. 

Оның ішінде субсидия жайы сөз болды. Қазірдің өзінде 56 түрлі субси-

дия 67 000 алушыларға көрсетіліпті. Жолдауда көрсетілгендей көліктік 

кешеннің дамуы. Бүгінде «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» трансұлттық 

ірі жобасы шеңберінде 2787 шақырым автожол салынған. Қызылорда 

облысы  бойынша  817  шақырымды  құрап  отыр.  Бұл  халықаралық 

көліктік-логистикалық  бастаманың  негізгі  жобасы.  Сондай-ақ,  ірі 

логистикалық  және  автожол  жобасын  іске  асыру  жайы  да  баяндал-

ды. Мәселен, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 

жылға  қарай  8  мың  шақырым  жол  салынып,  қайта  жаңғыртылады 

екен. Ал, осы жоба аясында республикалық маңызды 913 шақырым ав-

тожол ашылып, 75 мың жұмысшы жұмылдырылса, биыл 100 000 адам 

жұмысқа тартылады екен. Демек, жұмысшылар саны азаяды.

Енді 2017 жылғы жол мәселесіндегі жоспарға көшсек. 

–  Биыл  шамамен  8,2  млрд.  теңге  бөлу  жоспарланған.  Оның 

ішінде  2,1  млрд.  теңгесі  11  автожол  учаскесінің  күрделі  және  орта-

ша жөндеуден өтетін болады. Атап айтсақ, Шиелі ауданындағы «Бота-

бай елді мекеніне кіре берісі» (4,2 шақырым) мен «Самара-Шымкент-

Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе»  автожолы  күрделі  жөндеуден 

өтеді.    Үшіншіден,  «Шиелі-Қарғалы-Байгенже-Жаңақорған»  автожо-

лы және тағы басқа облыстық маңызы бар жолдар бар, – деген Асет 

Асанұлы  құрылыс  секторын  дамыту  мәселесіне  жіті  тоқталды.  Мем-

лекет  басшысының  тапсырмасы  бойынша  осы  жылы  «Нұрлы  Жер» 

бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ағымдағы жылы осы жоба ая-

сында 10 млн. шаршы метрден аса үй беріледі деген жоспар бар екен. 

Ал, Сыр еліндегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен басталған 

баспана салу ісі жалғасады екен.

Жиын соңында жол мәселесіне қатысты сұрақтар туындады. Оның 

бірі,  Келінтөбеден  кейінгі  ауылдардың  жолдың  тетігі  еді.  Бұған  сала 

маманы алдағы уақытта жоспарға енетінін жеткізді. 

– Бүгінде Жаңақорғанда кәсіпкерлік пен құрылыс саласының дамуы 

жоғары. Әсіресе, ауылшаруашылығында кенде қалған шаруашылықтар 

белең алып келеді. Жалпы алғанда биылғы Жолдау біздің аудан үшін 

үлкен  серпін  береді.  Қазірдің  өзінде  Елбасы  тапсырмасының  сапалы 

іске асыруда оң қадам жасап отырмыз, – деді аудан басшысы Ғалым 

Әміреев.

Қорыта айтқанда, Жолдаудың негізгі мақсаты дамыған отыздыққа 

ену,  ол  үшін  қазақстандықтардың  заман  ағымына  сай  өркениет 

көшінен қалмау керек. Ол үшін сапалы білім, саналы ой мен бірлікте 

еңбек атқарған жемісін береді. Сонда экономикасы қуатты елге айна-

ларымыз сөзсіз.

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ – 

ЖАҢА ЖОЛ


ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АВ-

ТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 

3,9 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАЛЫП, АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ 

БАР ЖОЛДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН. ОНЫҢ 

ІШІНДЕ «ЖАҢАҚОРҒАН-ТҮГІСКЕН-КЕЛІНТӨБЕ» АВ-

ТОЖОЛ УЧАСКЕСІ БАР. БҰЛ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫНЫҢ 

ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРУ 

МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОП 

МҮШЕСІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯ 

ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ 

ТӨРАҒАСЫ АСЕТ АСАВБАЕВ МӘЛІМДЕДІ. 

ЖОЛДАУДАҒЫ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРҒА 

ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ТОҚТАЛЫП, БИЫЛҒЫ МЕЖЕ ТУРА-

ЛЫ КЕҢІРЕК ТАЛҚЫҒА САЛҒАН АСЕТ АСАНҰЛЫ 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАРДЫҢ ҰСЫНЫС ТІЛЕГІН 

ТЫҢДАДЫ. 



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаев 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Жолдауында: 

«Жаңадан  ашылған  жұмыс  орындарының 

саны  –  бұрынғыша  Үкімет  пен  әкімдер 

қызметінің  тиімділігін  бағалаудың  негізгі 

критерийінің  бірі  болмақ»,  деді.  Ал,  об-

лыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев  есептік 

кездесуінде:  –  Өзін-өзі  қамтыған  және 

жұмыссыз  тұрғындарды  шағын  бизнес 

қатарына  тарту  биылғы  жылы  алға  қойған 

негізгі міндеттің бірі», – деп тиісті сала бас-

шыларына нақты тапсырма берді. 

Яғни, әрбір әкімнің негізгі міндеті халықты 

жұмыспен  қамту.  Мұндай  жауапкершілік 

жүгін аудан басшысы Ғалым Әміреев те түрлі 

кездесулерде  ауылдық  округ  әкімдері  мен 

сала басшыларының есіне салып, атқарушы 

биліктің жұмысын бағалайтын негізгі крите-

рий екенін айтып жүр.   

Жұмыссыздық 

мәселесін 

шешуді 


үйлестіруші  орталықтың  басшысы  Ақылбек 

Жәнібеков: – Жылдық жоспар бойынша 3241 

азаматты  жұмыспен  қамту  қарастырылған. 

Оның  100-і  әлеуметтік  сала  бойынша, 

100-і  жастар  практикасы,  45-і  мүмкіндігі 

шектеулі  жандады  жұмысқа  тарту.  Жалпы, 

жыл басынан бері екі рет бос жұмыс орын-

дары  жәрмеңкесін  өткіздік.  Нәтижесінде, 

12  жұмыссыз  адам  жұмысқа  жолдама 

алды.  Алдағы  уақытта  осындай  бос  орын-

дар  жәрмеңкесі  он  рет  өтеді  деп  жоспар-

лап  отырмыз.  Мысалы,  өткен  жылы  14  рет 

бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 480 адам 

тұрақты  жұмыспен  қамтылған  болатын. 

Бұндай  жәрмеңкелер  жұмыс  берушілер  мен 

жұмыс іздеушілерге өте тиімді екені анық, – 

деді.

Жәрмеңкенің басты мақсаты, аудандағы 



жұмыссыздар санын азайтып, жұмыссыз аза-

маттарды жұмысқа орналасуына көмек беру 

екені айқын.

Нұрпейсова  Ақерке,  жұмысқа  орналасу-

шы:

– 

Жәрмеңке 



өте 

жақсы 


ұйым-

дастырылған. 

Жәрмеңкеде 

жұмыс 


берушілердің  де,  жұмысқа  орналасқысы 

келетіндердің де, әсіресе, жастардың қатары 

көп.  Мамандыққа  сәйкес  келсе  жұмысқа 

орналасып  кетуге  мүмкіндік  мол.  Менің 

мамандығым  «Мейірбике  ісі».  Жас  маман-

мын.  Бұған  дейін  ешқандай  жерде  жұмыс 

жасамағанмын.  Биыл  жылдың  басында 

«Жұмыспен  қамту  орталығы»  мекемесіне 

жұмыссыздар  қатарына  тіркеліп,  бос  орын-

дар  жәрмеңкесіне  қатыстым.  Нәтижесінде, 

«Би-бек»  балабақшасына  мейірбеке  болып 

тұрақты жұмысқа орналастым. Бұл жәрмеңке 

жұмыссыз азаматтар үшін, оның ішінде жас 

мамандарға  өте  ыңғайлы  мүмкіндік  деп  ой-

лаймын, – деді.

Айта  кетейік,  бұған  дейінгі  қаңтар  ай-

ында  өткен  жәрмеңке  қорытындысы  бой-

ынша    сегіз  мекемеге  21  азамат  жұмысқа 

орналасқан.  Ал,  жыл  басынан  бері 

«Жұмыспен қамту» орталығына 242-ден аса 

адам жұмыссыздыққа тіркеліп, олардың 208-

і түрлі жұмыстармен қамтылған.

Елбасы  Жолдауындағы  басымдықтың  бірі 

–  бизнес-ортаны  түбегейлі  жақсарту  және 

кеңейту.  Осыған  орай  жаппай  кәсіпкерлікті 

қолдау  тетіктерін  одан  әрі  жетілдіру  ке-

рек.  Әрі  Қазақстанның  барлық  өңірі  жап-

пай  кәсіпкерлікті,  соның  ішінде  отбасылық 

кәсіпкерлікті  дамыту  бағытында  кешенді 

шаралар  ұсынуға  тиістігі  ерекше  назар 

аударылған.  Бұл  басымдықта  елдің  ішкі  жал-

пы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 

2050  жылға  қарай  кем  дегенде  50  пайыз  бо-

луын  қамтамасыз  ету  керектігі  нақтыланған. 

Демек,  міндеттелген  меже  уақытылы  жүзеге 

асса  онда  елдегі  ішкі  өнімнің  сапасы  ар-

тып,  шет  елдік  инвесторларға  тәуелді  болу-

дан құтыламыз дегенді білдіреді. Сонда базар 

бағасы  да  тұрақтанатын  болады  деген  сенім 

бар.


Кәсіпкерлік 

саланы 


кеңейту 

үшін 


қазақстандықтарға  ауылда  да,  қалада  да  16 

миллион теңгеге дейін шағын несие беріледі. 

Бұл  да  тың  бастамалар  мен  жеделдетілген 

экономиканың,  яғни  жаңа  технологияның 

өркендеуіне  үлкен  әсер  етеді.  Осы  тұрғыда 

айта кету керек биыл аудан әкімінің ықпалымен 

грант  бөлінгелі  отыр  екен.  Яғни,  аудандық 

бюджеттен  бөлінетін  30  миллион  теңге  жаңа 

технологиямен  жұмыс  жасайтын  жандарға 

тиесілі  болады.  Бұл  да  аудндағы  орта  және 

шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  даңғыл  жол 

болмақ.


 Арман МАЖИТОВ,

жеке кәсіпкер.



КӘСІПКЕРЛІК 

КЕҢІСТІГІ 

КЕҢЕЙМЕК

Мемлекет  алдында  институционалдық 

өзгерістерге,  қауіпсіздікке  және  сыбайлас 

жемқорлықпен күреске қатысты мәселелерді 

шешу міндеті тұр. Бұл Елбасы Жолдауындағы 

басымдықтардың  бірі.  Бүгінгі  қоғамда  ба-

сты  назар  көбіне  сыбайлас  жемқорлықтың 

салдарларымен  күресуге  аударылып  отыр. 

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың 

себептері  мен  алғышарттарын  анықтап, 

оларды  жою  жұмысын  күшейту  қажеттігі 

жүктелген.  

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлықпен 

күресте  көп  нәрсе  бүкіл  қоғамның  белсене 

атсалысуына  байланысты.  Яғни,  әлеуметтік 

желінің,  өзге  де  медиа-ресурстардың  да-

муы  жағдайында  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-әрекет  ету  баршамызға  ортақ 

міндет  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Сонда 

ғана  қандай  саланың  болмасын  өркениет 

көшіне  ілесіп,  даму  жолында  еш  кедергісіз 

орнығады.  Бір  сөзбен  айтқанда  жүйелі 

жұмыс  пен  әлеуметтік  жағдай  тұрақтанады. 

Жұмыссыздық  деңгейі  азаяды,  сапалы  кад-

рлар өсіп жетіледі.

Жасұлан БЕЙСЕНБЕКОВ,

Қыркеңсе ауылы.



ОРТАҚ 

ЖАУАПКЕРШІЛІК



ТАБИҒИ ӨНІМГЕ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДА-

УЫНАН ТУЫНДАҒАН 

БАСЫМ БАҒЫТТЫҢ 

БІРІ – ОТБАСЫЛЫҚ 

КӘСІПКЕРЛІКТІ 

КЕШЕНДІ ТҮРДЕ ДА-

МЫТУ. ӘСІРЕСЕ, 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ТАЗА ТАҒАМДАРҒА 

БАСЫМДЫҚ 

БЕРІЛІП, «MADE IN 

KAZAKHSTAN» БРЕНДІ 

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ 

ЭТАЛОНЫНА АЙНАЛУЫ 

ТИІС.  БҰЛ БАҒЫТТА 

АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 

АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН 

ІС АУҚЫМДЫ. 

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 

КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП, 

ОНЫҢ ІШІНДЕ 

АРГОӨНЕРКӘСІП 

КЕШЕНІН ЖАН-ЖАҚТЫ 

ДАМЫТУҒА ЖҰМЫС 

ЖАСАЛЫНУДА. 



СҰРАНЫС МОЛ

Әбдісамат ӘБДІШ.

ОТАНДЫҚ ӨНІМ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ

МІНДЕТ

«ОРДАКЕНТ» АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЖА-

СТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 

ІШІНЕ ЕНГЕНДЕ АБЫР-САБЫР ЕТ-

КЕН ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРАСЫ КӨП БОЛ-

ДЫ. БІРІ ЖҰМЫС БЕРУШІ, ЕКІНШІЛЕРІ 

ЖҰМЫС ІЗДЕУШІЛЕР ЕКЕН. «НӘТИЖЕЛІ 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 

ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН» БАҒДАРЛАМАСЫН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА БОС ЖҰМЫС 

ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ 50-ДЕН 

АСТАМ ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ҚАТЫСТЫ. 

НӘТИЖЕСІНДЕ, ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА 

18 ЖҰМЫС БЕРУШІ БОС ОРЫНДАР 

ҰСЫНДЫ. 12 ТҮРЛІ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША 

34 ЖҰМЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛЫП, 10 МЕКЕМЕ-

ГЕ 12 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ.



Айсұлу АЛДАНАЗАР.

ЖОЮ 


Қаламгер ой жүгі мен қалам сауытын арқаланып ұзақ жолға 

шығады. Жол үстінде, ой үстінде шыңдалып, кемелденіп халқына 

рухани мәйек шашып, биік болуды меңзейді. Әрбір белден, асу-

дан, шыңнан асқан сайын сөз көкпарында сезімнің қылын шертіп, 

тағылымды тәмсіл мен ғибратты өнегені оқырманының түйсігіне 

адамдық пен адалдық, ізгілік пен ізеттіліктің сәулесін түсіру 

мұратында ізденеді. Түнді таңға ұластырып, таңды кешке баты-

рып ой қазанында қайнаған, ғазиз жүрекке маза бермеген түйдек-

түйдек сөздерді ақ қағазға түсіреді. Жарықтық, қауырсын қаламмен 

сия бүркіген сайын хикаяттар, әңгімелер, повестер мен романдар-

ды туып, халқына тарту етеді екен. Сосын қалам сауытын шешіп 

аз-маз артына қарап, өз-өзіне есеп беріп, сезім тұлпарына мініп, 

қайта жолға шығады. 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

СЫРЛАСҚАН ҚАЛАМГЕР

ҚАРАТАУМЕН 

(Жалғасы 3-бетте)



Ал, 2017 жыл да 

жеңіспен басталды. 

Қаңтар айының 14-15 

күні аралығында өткен 

аудандар біріншілігінде 

жалпы командалық 

сында топ жарды. Ал, 

Түркістан қаласында 

Т.Шағырұлының Республикалық 

турнирінде 2004-2005 жылы 

туылған жасөспірімдер биіктен 

көрінді. Жорабек Шаяхмет, 

Нұрмұханбет Сейдулла өз 

салмақтарында жеңімпаз атан-

са, Нұрасыл Мыңжасар екінші, 

Бақдаулет Нұрмұханбет үшінші 

орыннан көрінді. 

Тағы бір жетістік жуыр-

да ғана облыс орталығында 

өткен 2003-2004 жылы туылған 

жасөспірімдер арасындағы 

Қазақстан біріншілігіне іріктеуде 

сегіз бірдей былғары қолғап 

шеберлері мықтылығын 

көрсетіп, жолдама алыпты. 

Қазір олар дайындық үстінде 

екен. Атап айтсақ, Бақберген 

Тұрсынбай (34 келі), Мұрат 

Алмағаров (38 келі), Сәуірбек 

Әбілсақ (42 келі), Нұрлыбек 

Бақытұлы және Рахымжан 

Көлекбаев Асхат Шекербек. 

Ал, 30 келіде өнер көрсеткен 

Бақдаулет Нұрмұxанбет пен 

Абылақ Сәуірбек  Балқаш 

қаласында өткен ҚР Еңбегі 

сіңген жаттықтырушы 

А.И.Апачинскийді еске алуға 

арналған бокстан Халықаралық 

турнирде жақсы өнер көрсетті. 

Бақдаулет пен Сәуірбек алтын-

нан алқа тағып, аудан абы-

ройын асқақтатты. Дінмұxамед 

Абайxан баптаған қос 

саңлақтың да болашағынан зор 

үміт күтеріміз сөзсіз. 

Сонымен қатар, ел чем-

пионы Азамат Бектас Алма-

ты қаласында ұлттық құрама 

сапында дайындықта жүр. 

Себебі, ол Грузияның Тбилиси 

қаласында өтетін Халықаралық 

турнирге қатысады. Осын-

дай жас спортшыларды биік 

шыңға көтеріп, намысын жа-

нып, жігерін шыңдап, білгенін 

үйретіп жүрген бапкерлердің 

еңбегі зор. Құрмаш Сарқұлов, 

Нұрбек Исаев пен Жандос 

Жаназаров жаттықтыратын 

өрендер болашақта ауданның 

абыройын асқақтататын бо-

лады деп үміт күтеріміз анық. 

Сондықтан, еңбек ету керек. 

Әрқашан жеңіске маңдай тер-

мен жету керек. Бұл ерліктің 

ерен үлгісі.  

қолғап иелерінің

ЖАЛПЫ, ЖАҢАҚОРҒАНДА БОКС 

СПОРТЫ ҚАЙТА ТЫНЫСТАП 

КЕЛЕДІ. МӘСЕЛЕН, 2016 ЖЫЛЫ 

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ 

ҮШІН СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ. ЕРЕСЕКТЕР 

ҚҰРАМАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН 

ҚУАНДЫҚ ЖҮСІПОВ ӘЛЕМДІК АРЕ-

НАЛАРДА ОЗА ШАППАСА ДА, ЕЛ 

НАМЫСЫН АБЫРОЙЛЫ ҚОРҒАП 

ЖҮРДІ. СОНДАЙ-АҚ, АҚТӨБЕ 

ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН БІРІНШІЛІКТЕ 

75 КЕЛІДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫП, АУ-

ДАН БОКСЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТА-

ЛЫСЫН КӨСРЕТТІ. ОНЫҢ ІЗІН БА-

СЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЕРКЕБҰЛАН 

УБАЙДУЛЛАҰЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР 

АРАСЫНАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ 

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ІЛІНСЕ, АЗА-

МАТ БЕКТАС ӨЗ САЛМАҒЫНДА 

ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН. БҰЛ ӨТКЕН 

ЖЫЛДАҒЫ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАР.

2

28 ақпан, 

2017 жыл

Сергек


Сергек

Сергек


Беттің бапкері Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

СПОРТ БЕТІ

ҚЫСҚА-НҰСҚА

Жуырда аудан орталығында 

«Нашақорлыққа жол жоқ, бәріңде 

жарысқа!» атты ұранымен спорттық жары-

стар ұйымдастырылды. Таэквандо, қазақ 

күресі және жалпы дене дайындығы топта-

ры аралығында өткізілген спорттық аламан-

да спорт сүйер қауым керемет сайыстардың 

куәсіне қанық болды. Оның ішінде 

Жаңақорғанда бәсекелестік тудырып жүрген 

қол күрес спорты дүйім жұрттың делебесін 

қоздырды. Әсіресе, жеңіл және орта салмақтың 

білектілері спорт кешінің көркін қоздырды. 

Жарыс жеңімпаздары мен «Үздік спортшы-

лар» аудандық дене шынықтыру және спорт 

бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Таяуда Тараз қаласында өткен дзюдодан 

ҚР чемпионатында қос бірдей жаңақорғандық 

өрен жүлделі орыннан көрінді. Атап айтсақ, 46 

келі салмақ дәрежесінде Азамат Таxир үшінші 

орынды жеңіп алды. Ал, 50 келіде Мағжан 

Абласан үздік үштікті қорытындылады. Жал-

пы, ауданда кенже қалған дзюдо спортының 

беталысы жаман емес. Жастарды осы 

спортқа баулып, дамуына үлес қосып жүрген 

жаттықтырушы Талғат Өсербаевтың еңбегі 

еселі.

Жалпы, Жаңақорғанда еркін курестің 



мектебі қалыптасқан. Сондай мектепте 

тәлім алатын жасөспірімдер жуырда аудан 

орталығында өткен облыстық сында топ жар-

ды. 2000-2002 жылы туылған жасөспірімдер 

арасындағы облыстық біріншілікте 10 салмақ 

дәрежесінде 80-ге жуық спортшылар арасында 

жас балуандар бозкілемде белдесті. Жарыстың 

командалық қорытындысы бойынша бірінші 

орынды Жаңақорған командасы (№7 ОРМБЖМ) 

жеңіп алды. Екінші орынды Қызылорда 

(№2 ОРМБЖМ) және үшінші орынды Арал 

(№20 ОРМБЖМ) командасы жеңіске жетті. 

Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және 

спорт басқармасының грамотасы мен кубогі 

және бағалы сыйлықтарымен бағаланды.

Байкенже ауылында волейболдан «Біз 

нашақорлықсыз өмірді қалаймыз» атты 

ұранымен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер 

арасындағы аудандық ашық турнир өтті. 

Жарыс Қызылорда қаласы және ауыл-

аймақтардан құралған 9 команда 120-дан 

астам спортшылар арасында өткізілді. 

Жарыс қорытындысы бойынша Байкен-

же командасының мерейі үстем болды. Екінші 

орын Қызылорда командасына (№2ОРМБЖМ) 

бұйырды. Ал, үшінші орынды Жаңарық ко-

мандасы иеленді. Жеңіске жеткен команда-

лар аудандық дене шынықтыру және спорт 

бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Жуырда шағын футболдан «Зенит» БО 

кубогінің ІІ Республикалық турнирінің жалауы 

желбіреген болатын. Сол сында аудан намы-

сын абыроймен қорғаған «Сығанақ» құрамасы 

үздік шықты. Топтық кезеңде жақсы ойын 

өрнегін көрсеткен жаңақорғандық жігіттер фи-

налда қарсыласын айқын жеңді. Ерлан Аптаев 

бастаған аяқ допшылар облыстық турнирлер-

де әрқашан үздіктер қатарында екенін көрсетіп 

келеді. 

№163 орта мектебінде волейболдан арда-

гер спортшылар арасында ауған соғысының 

ардагері Мұхтар Нарымбетовты еске алуға 

арналған аудандық турнир ұйымдастырды. Ау-

дан соғысы ардагерлерінің ұйымдастыруымен 

өтетін жылдағы дәстүрлі спорттық доданың 

қорытындысы бойынша бірінші орынды 

«Жаңақорған аграрлы-теxникалық коледжінің» 

командасы жеңіп алды. Ал, екінші орынға 

«Қосүйеңкі» командасы қол жеткізді. Үздік 

үштікті №163 орта мектебінің құрамасы 

қорытындылады. 

Жарыс жеңімпаздарымен «Үздік ойын 

көрсеткен» спортшылар аудандық дене 

шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары-

мен марапатталып, бағалы сыйлықтары та-

бысталды. Сондай-ақ, жарысқа демеушілік 

жасаған Бақыт Сейдазимов пен Құрбан 

Батталовқа көпшілік алғысын айтты.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал