Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 2016 жыл №95 (8015 ) 3 желтоқсан сенбі



жүктеу 416.31 Kb.

бет4/4
Дата08.06.2017
өлшемі416.31 Kb.
1   2   3   4

3 желтоқсан, 2016 жыл

4

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактордың міндетін атқарушы



Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6225             Тапсырыс № 1476

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

СЕНБІЛІК СҰХБАТ

Оқшау ой

Ол  21  жыл  бас  дәрігердің  емдеу  ісі 

жөніндегі  орынбасары,  одан  кейін  бас  дәрігер 

ретінде  он  жылға  жуық,  яғни  ширек  ғасырдан 

астам  уақыт  аудан  медицинасын  өрге  басты-

ру  бағытында  бел  шешпей  еңбек  етіп  келеді. 

Осы  жылдардың  бәрінде  оның  қабылдауына 

қызметтік  мәселелермен  сапырылысып  жа-

татын  кезектің  арасында  құндақтаулы  бала-

сын  құшақтаған  ана,  немересін  жетектеген 

әжелердің өзімсініп кіріп, көңілденіп шығып жа-

татынын  өз  басым  талай  көзім  шалды.  Сәукең  

ешқайсысының  көңілін  қайтарған  емес.  Нақ 

сол  жерде  нәрестесін  қарап,  алақанмен  си-

пап көріп-ақ, ауырған жерін тап басып, диагно-

зын  қойып,    қаншама  күн  сандалып,  сарсаңға 

түскендерге  әрі  қарай  не  істеу  керек  екендігін  

нұсқап,  бағыт-бағдар  беруден  танбайды.  Сол 

арқылы  көптің  қадір-құрметіне  бөленіп  келеді. 

Осы  ойымызды  сұхбаттасымызға  бірінші  сауал 

ретінде қоюымызға тура келді. 

–  Аға  кейде  ойлаймыз,  қаншама  есіл 

уақытыңыз басшылық – ұйымдастыру та-

лаптарына  телініп,  текке  өтіп  жатыр-ау, 

егер таза дәрігерлік бағытта еңбектенуге  

мүмкіндік  туғанда  қаншама  баланың 

бағына  жаратылған  Камал  Ормантаев 

ағамыздың  жолымен елге бұдан да артық 

бақытты  сыйлар  едіңіз.  Сондықтан  да  әу 

баста  неге  ғылым  жолына  түспедім  деп 

өкінбейсіз бе?

–  Шынында  осындай  ойлар  соңғы  кез-

де  көбірек  мазалайды.  Сырқатты  емдеп  жа-

зып,  дертіне    дауа  табу  -  жанымның  қалауы, 

оның ләззаты бөлек, сондықтан да  сан шару-

адан уақыт тауып, аптасына кемінде 2-3 реттен  

операцияға міндетті түрде қатысамын. Әйтпесе, 

ауырып қаламын. 

Адам  баладан  өсіп  жетіледі.  Балалар 

денсаулығы  ең  нәзік,  ең  маңызды,  бәрінен 

жауапты  мәселе.  Елімізде  педиатрия  бөлімін 

қысқартуға медицина ғылымының докторы, про-

фессор  Камал  Ормантаевтың  түбірімен  қарсы 

болған  жанайқайын  түсінуге  болады.  Балалар 

медицинасы – бұл өз алдына үлкен ғылым, оның  

өрісін тарылтуға болмайды. Бүкіл асыл ғұмыры 

осы  әлеммен  біте  қайнасып  кеткен,  балалар 

хирургиясының  атасы  –  Камал  Ормантаевтың 

төл шәкірті ретінде ол кісінің бүкіл қадір-қасиетін, 

жалпы  адамзатқа  деген  жанашырлығын,  кең 

жүректілігін,  қарапайымдылығын  бойымызға 

қаз-қалпында  сіңіріп  алуға  тырыстық.  Осы 

адамзаттық  ұстанымды  өз  деңгейінде  ұлықтай 

білсек ұтамыз. Қазірде ауданда жеті аймақ бой-

ынша  патронаждық  қызметіне  жеті  балалар 

дәрігерін  сақтап,  ұстап  отырмыз.  Олар  үй-үйді 

аралап, жас аналармен кеңес өткізіп,  сәбилер 

саулығын  назардан  қалт  жібермей,  қадағалап 

отыруды міндетіне алған. 

–  Кәсіби  құзіреттілікті  бекемдейтін 

медициналық 

біліміңізден 

бөлек, 

бойыңыздағы  көзбен  көріп,  алақанмен 

сипап  білер  тылсым  сырдың,  табиғи 

қасиеттің қайнар көзін қайдан іздеуге бо-

лады?

–  Әкем  сынықшы  болған  кісі.  Айналадағы 

кісілерді  көбіне  өзі  емдеп,  жаза  білген.    Сол 

қасиеттің  ұштығы  болар,  он  баланың  ішінде  

мен дәрігерлік жолды  таңдадым. Ханымай де-

ген қарындасым, ол да мединституттың түлегі. 

Қазір Алматы қаласында Қазақ онкология және 

радиология  бөлімінде  фармацевтика  бөлімін 

басқарады. 

Әкеміз  ұзақ  жылдар  ұстаздық  еткен  кісі.  

Шаруашылықпен  де  айналысты.  Бастысы, 

балаларының барлығының жоғары  білім алуы-

на қатты мән берді. 

–  Кадр  мәселесі  қалай?  Жас  маман-

дарға көңіліңіз тола ма?

–  Қазір  маман  тапшылығы  дегеннен 

құтылдық.  Заманауи  медициналық  техноло-

гия  өмірге  келді.  Дәрігерлік  нысандардың 

көпшілігінде  халықаралық  стандартқа  сай 

келетін  аппараттар  бар.  Оны  игеру  дәрігер-

мамандардан  үлкен  ізденісті  талап  етеді.  Бұл 

бағытта  талапшылдықпен  қатар  жағдай  да 

жеткілікті.  Мамандарымызды  білім  жетілдіру 

курстарына  жіберіп  отырамыз,  мастер-кластар 

ұйымдастырылады.

– Адамның өмір сүру ұзақтығы – ең ал-

дымен денсаулыққа тәуелді. Бұл бағытта 

аймақ  медицинасының  алдында  қандай 

мақсаттар тұр?

– Нақ бүгінгі күндері «Жол картасы – 2020» 

бағдарламасы  аясында  бес  бағытта  жұмыс 

жүргізудеміз. Бүгінгі күндері жүрек-қан тамырла-

ры ауруы басым сипат алып отыр. Осы аурудың 

алдын  алуда  профилактикалық  шараларға 

көп  мән  берілуі  тиіс.  Бастапқы  медициналық 

-санитарлық көмек сапасын жақсарту да басты 

назарда.

Айтар едім, өмір сүру ұзақтығының 30 пай-

ызы  медицинаға  тәуелді.  Қалғаны  адамның 

әлеуметтік  өмір  деңгейіне,  содан  кейін  салау-

атты өмір салтына тікелей байланысты. Қазірде 

түрлі апат салдарынан ажал құшу немесе кем-

тар болып қалу фактілері артып отыр. Бұл нені 

білдіреді?  Кісі  жас  өміріне  жауапкершілікпен 

қарауға тиіс. Жастар ережені толық  білмесе де 

көлік басқарады. Немесе масаң күйде рульге от-

ырып,  өзінің  ғана  емес,  өзгелердің  де  өміріне 

зардап шектіретін жағдайлар көп. Темекі шегу, 

ішімдік ішу де өз өміріңе балта шабумен бірдей. 

Біз мұндай кеселден саналық тұрғыдан жаңару 

арқылы  ада-күде  арыламыз.  Білесіз  бе,  өмір 

жасына  интеллектің  де  әсері  бар.  Адам  ин-

теллектуалды  қызметпен  айналысқан  сай-

ын,  өмір  жасы  ұзарады.  Дамыған  елдерде 

өмір сүру ұзақтығы 82 жасты құрайды. Біз осы 

деңгейге жетуіміз керек. Айтар едім, денсаулық 

үшін  ортақ  жауапкершілік  керек.  Елбасы  бұл 

жөнінде:  «Мемлекет  те,  жұмыс  беруші  де,  па-

циент  те  денсаулық  үшін  жауап  береді»  деген 

болатын.


Бұл бағытта елімізде міндетті медициналық 

сақтандыру ережесі өмірге келді. «Денсаулық» 

бағдарламасын  –  келешекке  бағытталған, 

Қазақстанның  отыздыққа  енуіне  кепілдік 

беретін бағдарлама деуімізге әбден болады.

Медицинаның  жетістіктеріне  бүкіл  еліміз 

сияқты жаңақорғандықтар да жете көз жеткізіп 

отыр.  Баяғыда  Мәскеуге  немесе  шет  елдердің 

біріне  барып  жүрегіне  ота  жасатыпты  дегенді 

ілуде  бір  еститінбіз.  Қазір  бұл  жаңалық  бол-

май  қалды.  Орталық  Азия  мемлекеттері  ішінде 

алғаш  рет  Қазақстанда  трансплантация-

лау  әдісімен  адам  өмірін  ұзартуға  қадам  жа-

салды.  Астанада  «Ұлттық  медициналық  хол-

динг»  ашылды.  2012  жылы  қазақстандық  кар-

диохирургтер  донорлық  жүрек  транспланта-

циясын  жасады  Сызғанов  атындағы  хирургия 

ғылыми орталығында бүйрек ауыстыру жөнінен 

бүгінге  дейін  700-ге  жуық  кісіге  ота  жасал-

ды. Жаңақорғанның өзінде 3 кісі, екеуі бүйрек, 

біреуі бауыр алмастырған күрделі отадан аман-

есен келіп, ортамызда жүр.



–  Салауатты  өмір  салтына  көзқа-

расыңыз қалай?

–  Қолым  қалт  етсе  таза  ауада,  табиғат  ая-

сында  демалуға  қатты  көңіл  бөлемін.  Оның 

ішінде  жаяу  жүру  де,  доп  тебу  де,  суда  жүзу 

де, саятшылық, бәрі де бар. Спорт – саулықтың 

кепілі  ғана  емес,  ол  сені  шығармашылық 

тұрғыдан  да  шыңдайды,  қырағылығыңды  арт-

тырады, тіпті туған жеріңнің қадірін ұқтырып, 

қасиетіне бас идіреді. Адам – табиғаттың 

бір  бөлшегі,  оның  тегін  тартуын  та-

машалап, жанға азық ете білгеннің 

ұтары көп.



–  Отбасыңызда  дәрі-

герлік  жолыңызды  таңда-

ғандар бар ма?

–  Жарым  Гүлжаһан  – 

ұстаз,  орыс  тілі-әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі.  Жолым-

ды  қуған  қызым  Айнұр  – 

дәрігер,  ұлым  Бердібек 

Астана 

қаласындағы 



медициналық  академия-

ны  тәмамдаған,  қазірде 

аудандық 

ауруханада 

дәрігер-бактериолог,  со-

сын Тоғжаным – ХҚТУ-нің 

медицина  факультетінде 

білім алуда.



– Әріптестеріңізге қан-

дай тілегіңіз бар?

–  Дәрігер  өмір  бойы  үйренуі  ке-

рек.  Кәсіби  кемелділік  –  денсаулық 

сақшысы мамандығына мағына беретін 

күре жол осы. Осы бағыттан танбасақ 

екен деймін.



– Сұхбатыңызға рахмет. 

Әңгімелескен Баян ҮСЕЙІНОВА.

Аудан  басшысы  «Тұңғыш  Президент  күнімен 

құттықтау  үшін  арнайы  келе  жатыр»  деген  ха-

бар  Қуаныштың  мерейін  тасытып,  қуанышын 

асырғандай.  Жүзі  бал-бұл  жайнап  тұр.  Тездетіп 

тысқа шығып, басшыны күтіп алғысы бар. Анасы да 

баланың өтінішін жерге тастамай Қуаныш отырған 

арбаны итеріп, есік алдына шықты. 

Бойында  кішіпейілділік  пен  қарапайымдылық, 

ізгілік пен ізеттілік секілді адамгершілік қасиеттер 

табылатын  Ғалым  Махмұтбайұлы  да  белгіленген 

уақытта  көліктен  түсті.  Онымен  бірге  аудандық 

мәслихат  хатшысы  Ерғали  Ілиясов,  «Нұр  Отан» 

партиясы 

аудандық 

филиалы 


төрағасының 

бірінші  орынбасары  Мәжит  Балқожаев  Қуаныш 

Башаровтың қасына жақындады.

– Қуаныш, қалайсың?

– Аллаға шүкір!

–  Сені  Тұңғыш  Президент  күнімен  құттықтау 

үшін келдік.

– Рақмет.

– Жаңа үйге кірді, деп естідік. Қоныс құтты бол-

сын!


–  Елдің  азаматтарының  қолдауымен  бітті. 

Оларға Алла мол сауап бергей.

–  Тұңғыш  Президент  күні  арнайы  құттықтап 

қана қоймай, елдегі жаңалықтардан хабардар бо-

лып отыру үшін теледидарды сыйға ала келдік.

– Рақмет аға!

Басшы мен бозбаланың әңгімесіне отағасы Па-

мир  бөліп:  –  Арнайы  келгендеріңізге  алғысым 

зор.  Үйге  кіріп  дәм-ауыз  татыңыздар,  –  деп 

қонақжайлық танытты.

Дастархан  басында  мәслихат  хатшысы  Ерғали 

Ілиясов  үш  жылға  созылған  үйдің  құрылысы 

елдің  азаматтарының  арқасында,  әсіресе,  «Нұр 

Отанның» қолдауымен біткенін сөз етті. 

Сөзді әрі қарай жалғаған Мәжит Балқожаұлы:

–  Тағдырдың  қатаң  сынына  ұшыраса  да  мой-

ымай,  өмірден  өз  орын  табуға  тырысып  жүрген 

баланың  анасы  2013  жылы  аудан  басшылығына 

жағдайын  түсіндірді.  Содан  кейін  диаметрі  10ˣ10 

метр көлеміндегі үйді асар әдісімен соғуға кірістік, 

– деді.

Дастархан  басында  ауыл  қариялары  Өтеген 



Нақышпанов,  Әсет  Жиенқожаев,  Темір  Исаханов, 

Мұхтар  Бұрқанов,  Бекмұрат  Тұрғанбаев  ауданда 

атқарылып  жатқан  игі  жаңалықтардан  құлағдар 

екенін  және  аудан  басшысының  ауыл-ауылдың 

тыныс-тіршілігін 

жандандыру 

бағытындағы 

жұмыстарына риза екендіктерін жеткізді. 

– Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, ше-

карасын  бекітіп,  болашаққа  бағыт-бағдар  берген, 

жер  жаһанға  қуатты  мемлекет  ретінде  танылу-

да  –  Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

еңбегі  ұшан-теңіз.  Сондықтан  болар,  Тәуелсіз 

Қазақстанның  қалыптасуы  мен  дамуы  Елбасының 

атымен  тікелей  байланыстырылады.  Бұл  – 

заңдылық!  Егемендік  алғаннан  бергі  сан  түрлі 

сынағы  көп  жылдардан  сүрінбей  өткен  сарабдал 

саясаткер  халықты  соңынан  ертіп  үлкен  мақсат-

мұраттарға    жетеледі.  Нәтижесін  «Мәңгілік  Елді» 

мұрат  еткен  қазақстандықтар  қалыптасты.  Енде-

ше биылғы Тәуелсіздіктің мерейлі жылында бесінші 

мәрте  тойланғалы  отырған  Тұңғыш  Президент 

күнінің  мән-маңызы  ерекше  деп  ойлаймын,  –  деп 

Тұңғыш Президент күнінің мерекелік мән-мазмұнын 

сөз етті аудан басшысы Ғалым Әміреев.

Ал,  елді  мекен  әкімі  Асылбек  Айтжа-

нов  аудан  басшысының  тапсырмасы  бойын-

ша  ұсақ  шаруа  қожалықтарын  кооперативтер-

ге  біріктіріп  жатқанын,  мұның  бәрі  ауылдың 

әлеуметтік-экономикалық  деңгейінің  көтеру  үшін 

атқарылатынын тілге тиек етті.

Қуаныш 


Башаровтың 

шаңырағында 

бас 

қосқан  ауданның  игі  жақсылары  Тұңғыш  Прези-



дент  күнімен  құттықтап,  елде  атқарылып  жатқан 

жұмыстарға  тоқталды.  Соңыра  қариялардан  бата 

сұрап,  елге  тыныштық,  Елбасыға  амандық  тілеп 

тарқасты.



СЕЗІМТАЛ ЖАН

Күлтан Исаханова баласының компьютерге өте 

биім  екенін  айтты.  «Балам  9-сыныпқа  дейін  үйде 

оқыды.  Жалпы,  ол  өте  сезімтал.  Бойында  Алла 

дарытқан қабілет-қарымыда аз емес. Мәселен, ау-

ылдастарына интернеттен қажетті мәліметтер алып 

беріп көмектесетін және бұзылған ұялы телефонды 

жөндеуге қабілеті жететіндіктен ауыл тұрғындары 

телефондарын  реттеуге  Қуанышқа  жүгінеді.  «Нұр 

Отанның»  аудандағы  өкілі  Мәжит  Балқожаевтың 

ұйытқы болуымен ұлым компьютерлі болған еді. 

Қуаныш қазір әлеуметтік желілерде жиі отырып, 

өзінің  өлеңдерін  салады.  Жалпы,  ғаламтордағы 

қызықты  жаңалықтарды  бізге  айтып  отырады. 

Музыкаға да әуестігі бар, – деді анасы.

Жалпы,  Қуанаштың  өмірге  құлшынысынан 

қоғамда  он  екі  мүшесі  сау  болса  да,  жатып  ішер 

жалқаулар  үшін  өнеге  бар.  Яғни,  өмірге  құштар 

мүгедек  жігіттің  тағдыр  тауқыметі  көңілге  ой 

саларлық.  Ал,  ондай  жандарды  қолдап,  өмірге 

құлшынысын  артыратын  істер  сауапты  болаты-

ны  ақиқат.  Ендеше,  Қожакентте  атқарылған істен 

қазақтың  қайырымды  қасиетін  қайта  тапқанын 

ұққандай болдық.

Асар  әдісімен  бой  көтерген  үй  үш  бөлмеден 

тұрады екен. Оған қосымша әжетхана мен ванна-

сы бар қосымша бөлме қарастырылған. 

Фундаминтке  қажетті  қиыршақ  тасты  «Уни-

вер Строй» ЖШС жеткізіп берсе, аудандық қордың 

қаржысының  есебінен  цементі  алыныпты.  Оған 

қоса  «Мелиоратор»  ЖШС  участок  басшысы  Ғани 

Қалбергенов  ірі  таспен  қолдаса,  оны  ауылға 

көлікпен  жеткізуде  С.Ауанов  азаматтық  танытқан 

екен.


Ал,  үйдің  іргесін  қалауға  қажетті  кірпішті 

ауданның  орталық  ауруханасының  бас  дәрігері 

Сәулебек  Ысқақов  көтерсе,  шатырды  жабуға 

кәсіпкер  Изатулла  Үсенов  қол  ұшын  созса,  әк-

таспен қамтамасыз етуде Сүндет Сейітовтің еңбегі 

бар. 


Сондай-ақ, ауылдағы екі мектеп пен балабақша, 

аурухана,  клуб  үйінің  қызметкерлері  30  рет  асар 

жұмысына атсалысыпты.  

СӨЗ  СОҢЫ. 

Тұңғыш 


Президент 

күні 


ұйымдастырылған  шараның  үш  тағлымы  бар. 

Біріншісі,  Қуанышқа  қуаныш  сыйлады.  Екіншісі, 

аудан  әкімі  сауапты  амал  орындады.  Үшіншісі, 

Елбасының  әкімдерге  жүктеген  міндеті  шынайы 

көрініс  тапты.  Бір  сөзбен  айтқанда,  игілікті  істің  

ізгілігі көрініс тапты.



Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,

Жаңақорған-Қожакент-Жаңақорған.

1993 ЖЫЛ. ПАМИР ЗҰЛПЫҚАРОВТЫҢ 

ШАҢЫРАҒЫ ШАТТЫҚҚА ТОЛДЫ. ҮШ ҚЫЗДАН 

КЕЙІН МАҢДАЙЫ ТОРСЫҚТАЙ ҰЛ ТУЫЛ-

ДЫ. МҰНДАЙДА ҚАЗАҚ ҰРПАҚ ЖАЛҒАР, ІЗ 

БАСАР АЗАМАТ КЕЛДІ ДЕП ҚУАНБАЙ МА? 

АЛАЙДА, ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ КҮТКЕН 

ТОРСЫҚТАЙ ҰЛҒА ДӘРІГЕРЛЕР ДЦП ДИА-

ГНОЗЫН ҚОЙДЫ. АНА ЖАРЫҚТЫҚ ТОҒЫЗ 

АЙ ЖАТЫРЫНДА КӨТЕРГЕН ПЕРЗЕНТІНЕ 

АЯЛЫ АЛАҚАНЫН, БАР МЕЙРІМІН ТӨГІП, 

ЕЛДЕГІ ЕМХАНАЛАР МЕН АУРУХАНАЛАР-

ДЫ ЖАҒАЛАЙДЫ. БАЛАСЫНЫҢ АЯҚҚА 

ТҰРАТЫНЫНАН ҮМІТ ҮЗБЕЙДІ. ДЕГЕНМЕН, 

ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІНЕ НЕ ШАРА, ОТАНДЫҚ 

МЕДИЦИНА ҚУАНЫШҚА ДАУА ТАБА АЛ-

МАДЫ. АЛ, ШЕТЕЛ АСЫП, ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕТУГЕ 

ҚАЛТА КӨТЕРМЕЙДІ...

КҮЛТАН ИСАХАНОВАНЫҢ БАҚЫТЫНА 

ОРАЙ АЛЛА ТАҒАЛА ҚУАНЫШТЫҢ БОЙЫ-

НА МЫҚТЫ ЖІГЕР, АСҚАҚ РУХ, ҚАЙТПАС 

ҚАЙРАТ ДАРЫТЫПТЫ. СОДАН БОЛАР

ЖАРАТУШЫНЫҢ БАСҚА САЛҒАН СЫНЫ-

НА МОЙЫМАЙ, КЕЛЕШЕККЕ СЕНІММЕН 

ҚАРАЙТЫН ҚАЙСАРЛЫҒЫ КӨПТІ ТӘНТІ ЕТІП 

КЕЛЕДІ. ТІПТЕН, ТӘУЕКЕЛШІЛ АЗАМАТТІҢ 

ТЕҢІЗДІҢ АЛЫП ТОЛҚЫНДАРЫНА ҚАРСЫ 

ЖҮЗГЕН БАТЫЛДЫҒЫ АЯҚ-ҚОЛЫ БАЛҒАДАЙ 

ЖІГІТТЕРГЕ ҮЛГІ-ӨНЕГЕ БОЛАРЫ ХАҚ. 

ОСЫНДАЙ ӨМІРГЕ ҚҰШТАР І ТОПТАҒЫ 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТЫ ТҰҢҒЫШ 

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ ҮШІН 

АУДАН ӘКІМІ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ 

ҚОЖАКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АТ БАСЫН 

БҰРДЫ. 

Игілікті істің ізгілігі

БІЗ БҮГІН 

«СЕНБІЛІК СҰХБАТТЫҢ» 

ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҒЫ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ 

БАС ДӘРІГЕРІ СӘУЛЕБЕК ЕСҚОЖАҰЛЫНЫҢ КӨП ЖЫЛ-

ДАР ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ РЕТІНДЕ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДА-

МУЫНА, ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОСҚАН ЕРЕСЕН ЕҢБЕГІН АЙТПАЙ-АҚ 

ҚОЯЙЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА БІР РЕТ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ 

ШАҚЫРЫЛЫМЫНА ҮШ РЕТ ДЕПУТАТ БОЛЫП САЙЛАНҒАНЫН ДА АЙТПАЙ-АҚ 

ҚОЯЙЫҚ, ОНЫҢ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН – ДӘРІГЕР  РЕТІНДЕ  ҚАНШАМА 

ОТБАСЫНА ҚУАНЫШ СЫЙЛАП, ҮМІТІН ЖАЛҒАҒАН ҚЫЗМЕТІН, ЕШКІМДІ БӨЛЕ 

ЖАРМАЙТЫН ҚАРАПАЙЫМ ҚАСИЕТІ, КІШІПЕЙІЛ МІНЕЗІМЕН ЖАС-КӘРІГЕ 

БІРДЕЙ «БІЗДІҢ СӘУКЕҢ» АТАНЫП КЕТКЕН АЙРЫҚША БОЛМЫС-БІТІМІН 

ӨЗ ЖҮРЕГІМІЗДЕН ӨТКІЗІП КӨРУГЕ ТЫРЫСТЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚ 

САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ  САҢЛАҒЫНА  ҚОЯР САУАЛЫМЫЗ ОСЫ 

БАҒЫТТА ӨРБІДІ.

«ДӘРІГЕР ӨМІР БОЙЫ ҮЙРЕНУІ КЕРЕК»

Аурухана алдында ауданның бас дәрігері Сәулебек 

Ысқақов күтіп алып, перзентхана бөлмесіне жол ба-

стады. Алдымен, аурухананы аралап шығып, сәбилер 

бөлмесіне бет алған аудан басшысы:

– Сәулебек Есқожаұлы, жалпы, аналар мен 

сәбилердің жағдайы қалай? 

– Жағдайлары бірқалыпты. Аман-есен босанып, 

палатаға шығарылды.

– Дұрыс, керекті ем-дом қабылдап жатқан шығар? 

– Әрине, Ғалым Махмұтбайұлы. Олар 

дәрігерлердің жіті бақылауында. 

Осылай өрбіген әңгімемен аналар жатқан бөлмеге 

де ендік.

– Саламатсыздар ма, халдарыңыз қалай? Тұңғыш 

Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 

құтты болсын! – деген аудан басшысы: – Мере-

ке қарсаңында босанған сіздерді арнайы құттықтап

қуаныштарыңызбен бөлісуге келіп отырмыз. 

Сәбилеріңіз бойжетіп, ертеңгі елге ана, халықтың 

қалаулы да, сүйікті қызы бола берсін, тек биіктерден 

көрінсін. Елбасы салған ізді жалғар дана бол-

сын. Келесі жылы осы күні қайта жолығайық, – деп 

ақжарма тілегін ақтарды. Әрі, аналарға гүл шоқтарын 

тарту етіп, сыйлық табыс етті.

Өткен жылы маңдайы торсықтай 

үш ұл өмірге келсе биыл қылықты 

қыздар елді шаттыққа бөледі. 

Әрине, қыз баланың орны 

бөлек емес пе? Ұлттың қамын

болашағын ойлайтын ұрпақ 

тәрбиелеуде бүгінгі қыз, 

ертеңгі аналардың орны ерек-

ше. Сондықтан қуанышы 

қойнына сыймаған Жази-

ра Бақбергенқызы мен Лаура 

Булекованың бүгін ең бақытты 

сәтіне куә болдық. 

– Әрине, өте қуаныштымын. 

Ана бақытын бұйыртқан 

Жаратқанға шүкірлік 

етемін. Бізді елеп 

ескеріп келіп жатқан 

аудан әкіміне алғыс 

айтамын. Осын-

дай мейірім мен 

қамқорлық бізге 

күш-қуат сый-

лайды. Ақ ха-

латты абзал 

жандарға да 

ризашылық 

айтқымыз 

келеді. 


Сондықтан, 

ана ата-


ну бақыты 

барша қазақ 

қыздарына 

бұйырсын, 

– деді 

Л.Булекова.



Тәңір 

сыйлаған


 

ШАРАНА

Тақырып ауаны – ата-анаға құрмет. Түрткі болған 

күнделікті  көріп  жүрген  көріністер.  Жиі  көргендіктен 

бе,  кейбір  мәселеге  кейде  мән  бермейміз.  Мәселен, 

жеткіншектер  үшін  әлеуметтік  желі  туған  анасынан 

жақын  болып  бара  жатқандай.  Анасы  байғұс  белі 

қайысып,  ұлын  жұмсайды.  Бармайды.  Қашанда  жа-

уап  дайын:  «Қазір  мам».  Сырттай  қараған  адамға 

телефонға  үңілген  тентектің  «мұншалықты  маңызды 

қандай іспен айналысып отыр екен» деген ой мазалауы 

мүмкін. Алайда, ұялы тұтқасын тіміскіліп көрсең, түкке 

тұрғысыз жазбалар. Оқып көріңіз: «Не істеп жатсың?», 

«Өткенде  туған  күнге  бармадың  ғой»,  «Гүлназ 

сендердің  қандай  туысқандарың?»,  «Сөйлейтін  ит 

жайлы  приколды  көрдің  ба?»  тағы  сол  секілді  кете 

береді. Пайдасыз. Еш мәні жоқ. Текке уақытты өткізу. 

Бір сөзбен айтқанда, төртбұрышты экранға үңілген жа-

стан, түңілетін заман туды. Оның қасында ата-ананың 

разылығын  алып,  сансыз  сауапқа  кенелу  әлдеқайда 

хайырлы. Бірақ оны түсінетін өрелі өрен болса игі. Бұл 

бір  байқағаным.  Енді,  сәл  жасы  үлкенге  тоқталсақ. 

Айтпағым  орда  бұзар  отыздың  айналасындағылар. 

Бір емес, бірнешеуін сөз етейін. «Балам, атаңнан ба-

рып  темекі  сұрап  әкелші»  дейді,  әкесі  төрт  жасар 

баласына.  Яғни,  өзінің  әкесінен.  Бұл  бар  болғаны 

тәуелсіздікпен  құрдас  жігіттің  құрметсіздігі.  Жиырма-

сында  үйленіп,  жігіт  ағасы  болып  қалдым  деген  ойы 

шығар. Ал, отыздағы оғлан әкесінің банкомат карточ-

касын  ұстап  алыпты.  «Шалдың  зейнетақысын  алып, 

несиемді жаппасам» деп, асығыс жүр. Қолынан ұстап, 

қандай несие десем: «Келіншегімнің туған күніне ұялы 

телефон  әперіп  едім»  дейді  беті  бүлк  етпей.  Осы-

лай тізбектей берсең, тізбектеле береді. Түнеугүні үш 

бала-шағасы бар замандас отыр. «Түнде темекі тиын 

таппай, папаның жигулиіндегі құтыдан 200-300 теңге 

«сындырып» тұрамын» дейді. Сөйтсем, әкесі күні бойы 

кент орталығында елу теңгеден тұрғындарды таситын 

такси жүргізушісі екен. Иә, аязда аяғы ауырып, балты-

ры сыздаған зейнеткердің такси болып тапқан бес-он 

теңгесін  жымқырған  жігіттен  не  үміт,  не  қайыр?  Жа-

райт, ұлдардан қызға көшейін. Жақында танысымнан 

естідім. Он бірінші сынып оқитын қыз қымбат смарт-

фон  әпермеген  анасымен  жиі  ұрысып  қалады  екен. 

Кейіннен  сырттай  сұрастырып  көрсем,  қыздың  ана-

сы қарапайым еден жуушы. Бұл оқиғадан маңдай тер-

мен тапқан теңгенің қадірін білмейтін ұрпақ өсіп келе 

жатқандай  әсер  алдым.  Алақанның  көлеміндей  қу 

темір  үшін  анаңды  ренжіту  ақылға  сыйымсыз.  Бірақ, 

болып  жатыр  қоғамда  мұндай  түйіткілдер.  Хош. 

Ақиқатында  ата-анаға  құрмет  қандай  болуы 

тиіс еді?

Дана  қазақ  «Ананың  сүтін  ақтамаған  адам 

Аллаға  жақпайды»  десе,  Құранда  ата-анаға  «Түһ» 

деп  айтудың  өзіне  қатаң  тиым  салған.  Тереңінен 

тізбектесек. «Шыр» етіп, жарық дүние есігін ашқаннан 

түн  ұйқысын  төрт  бөлген.  Қайнаған  ыстықта  суыт-

ты,  қақаған  суықта  жылытты.  Қанаттыға  қақтырмай, 

тұмсықтығы  шоқыттырмай  өсірген  ата-анаңның  енді 

келіп  зейтнетақысына  масыл  болу  жігіттікке  тән 

қылық  па?  Әлде,  сен  үшін  барын  аямаған  анаңның 

бойынан  қуаты  кеміп,  қайраты  қайтып,  самайын  ақ 

шалған уақытта тілін алмай оған жәрдемші болмауың 

мұсылмандыққа  жат.  Шариғат  әкең  мен  шешең 

бір  уақытта  шақырса,  ең  бірінші  анаңа  бар  дейді. 

Жақсылықы үш мәрте анаңа, сосын барып, әкеңе жаса 

дайді. Жәннат – ананың аяғының астында. Сонау Мек-

кеге  жеті  мәрте  арқалап  апарып  келсеңде,  толғақ 

қысқандағы бір қиналған демін өтей алмайсың дегенді 

дін  мен  дәстүр  бекерге  айтты  ма?  Жоқ,  әрине.  Бұл 

дүние – қайтар дүние. Жақсылық істесең – жақсылық 

көресің, жамандық істесең - жамандыққа тап боласың. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Бүгін ата-анасын 

сыйламаған перзент – келешекте өз перзентінен өзін 

сыйлауды күтпей-ақ қойсын. 



ҚҰРМЕТІҢ ҚАЙДА, 

ҚҰРДАС?

(Жалғасы. Басы 1-бетте)



Сәулебек ИСКАКОВ:

Әбдісамат ӘБДІШ.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал