Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 2016 жыл №95 (8015 ) 3 желтоқсан сенбі



жүктеу 416.31 Kb.

бет1/4
Дата08.06.2017
өлшемі416.31 Kb.
  1   2   3   4

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

2016 ЖЫЛ

№95 (8015 )

3 ЖЕЛТОҚСАН

СЕНБІ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИ-

ДЕНТ КҮНІ ЕЛБАСЫ 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБА-

ЕВ ЕЛДІҢ БЕЛСЕНДІ, 

БІЛІМДІ, БІЛІКТІ ЖА-

СТАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕН-

ДЕ ОСЫ СӨЗБЕН БА-

СТАДЫ. ЖАСТАР ФОРУ-

МЫНА КӘСІПКЕРЛЕР, 

ӨНДІРІСТІҢ ТҮРЛІ 

САЛАСЫНЫҢ 

ЕҢБЕККЕРЛЕРІ, 

ҒАЛЫМДАР, СТУДЕНТ-

ТЕР, ТАНЫМАЛ СПОРТ-

ШЫЛАР МЕН ЖА-

СТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 

КӨШБАСШЫЛАРЫ 

ҚАТЫСТЫ, ДЕП ХАБАР-

ЛАДЫ AKORDA.KZ.

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ 

БАҚЫТТЫ БОЛ СЫН!

Мемлекет  басшысы  өз  сөзінде  еліміз  тәуелсіздік 

алған 

бастапқы 



уақыттағы 

мемлекеттілікті 

қалыптастырудың  қиын  кезеңі  туралы  әңгімелеп,  ре-

спубликамызда  жастардың  өмірден  өз  орнын  табуы-

на  бірегей  мүмкіндіктер  жасалғанына,  жедел  өзгеру 

үстіндегі  қазіргі  әлемнің  заманауи  талаптарына  сай 

келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп беретін сапа-

лы білім алудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздің жеткен табысының 

тарихы  –  ең  алдымен  оның  жастары  қол  жеткізген 

табыстың тарихы екенін атап өтті.

–  Жас  ұрпаққа,  өткеніміз  бен  келешегімізге 

қамқорлықпен қарау әрқашан менің саясатымның басты 

мән-маңызы болып келеді. Әрбір жас қазақстандықтың 

білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспа-

на алуына мүмкіндігі бар, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға – кәсіби 

білім» бағдарламасының енгізіліп жатқанын айтты.

– Мемлекет баршаның өндірістен жұмыс орнын та-

буына  кепілдік  беретін  өмірдегі  алғашқы  жұмысшы 

мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр, – деді 

Қазақстан Президенті.

Мемлекет  басшысы  «Бизнестің  жол  картасы  – 

2020»  бағдарламасы  аясында  жас  кәсіпкерлерге 

қолдау көрсету ісіне зор мән беріліп отырғанын айтты.

–  Тек  2016  жылғы  бірінші  жартыжылдықта  жас 

бизнесмендердің  55  жобасына  банк  несиелерінің 

пайыздық  төлемдерін  мемлекет  тарапынан  субсиди-

ялау  түріндегі  қаржылық  қолдау  көрсетілді.  Біздің 

мақсатымыз  –  еліміздің  шағын  және  орта  бизнесінің 

Қазақстан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне қол 

жеткізу, – деді Елбасы.

Қазақстан  Президенті  «Жасыл  ел»  студент  және 

жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрықша 

ризашылығын білдірді.

–  Еңбек  жасақтарының  жұмысына  250  мыңнан 

астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар жерге 50 

миллионға жуық ағаш отырғызды. Еңбек жасақтарының 

ізгі  мақсаты  –  елімізді  көгалдандыру  және  оның 

экологиялық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз ету, – 

деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында жас 

зерттеушілер мен ғалымдар санының артқанын айтты.

–  Жастарымыздың  әлемдік  деңгейдегі  Назарба-

ев  Университетінде  білім  алуына  мүмкіндіктері  бар. 

Бүгін  жастар  алдында  бар  әлемнің  есігі  ашық.  Сіздер 

жақсы  уақытта  өмір  сүріп,  болашаққа  нық  қадам  ба-

сып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішінде 

де, әлемде де, соның ішінде мемлекеттер арасындағы 

қарым-қатынас саласында да жұмыс жасайтын бір ғана 

қағида бар, ол – бәсекеліктің мәңгілік механизмі, – деді 

Елбасы.


Қазақстан 

Президенті 

ғылымды 

қамтитын 

экономикаға  көшу  оның  өсімінің  икемділігін, 

қарқындылығын  және  орнықтылығын  қамтамасыз 

ететінін атап өтті.

–  Сондықтан  Қазақстанның  әлемдегі  дамыған 

30  елдің  қатарына  қосылуы  ғылымды  қамтитын 

экономикаға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық 

дәуірге аяқ басты. Оның үрдістері таңғалдырады, тәнті 

етеді  және  тамсандырады,  сонымен  бірге  ол  елдің 

келешегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. 

Болашақ біздің алдымызға мынадай үзілді-кесілді шарт 

қойып  отыр:  бар  бол,  жетіл  немесе  жоқ  бол!  –  деді 

Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  жаңа  технологиялар  за-

манында  қоғам  үшін  сын-қатер  болып  саналатын 

құбылыстарға айрықша тоқталды.

–  Бұл  инновациялардың  артында  тұрған  негізгі 

әлеуметтік сын-қатер ол – көптеген кәсіп түрінің жой-

ылуы,  жұмыс  орындарының  жаппай  қысқаруы,  яғни 

жаһан  бойынша  жұмыспен  қамту  аясының  тарылуы. 

Осы орайда бұған дейін менің бастамаммен әзірленген 

инновациялық  индустрияландыру,  «Нұрлы  жол», 

«100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламаларымен 

тығыз  байланысты  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамының 

өзектілігі ерекше артып келеді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті дамыған елдердің 

университеттерінде қарқын алып келе жатқан жастар 

инновациясына баса назар аударды.

–  Қазақстан  студенттері  ортасында  да  стартап 

санының  артуы  үшін  осындай  қолайлы  жағдай  жасау 

қажет  деп  санаймын. Қазір еліміздің жетекші  жоғары 

оқу  орындарында  да  алғашқы  табысты  жобалар  пай-

да бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. 

Бұл  –  Білім  және  ғылым  министрлігі  басшылығының, 

жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палата-

сы басшыларының міндеті, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан  бөлек,  Қазақстан  Президенті  туризм, 

құрылыс,  халыққа  қызмет  көрсету  салаларында, 

жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында еңбекпен 

қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер 

бар екенін айтты.

Сонымен  қатар,  Нұрсұлтан  Назарбаев  спортшы-

лар  мен  шығармашыл  жастарға,  барлық  жас  өнер 

қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді.

– Мәдени бағдарлама аясында және «Болашақтың 

энергиясы»  атты  тақырыппен  өтетін  ЭКСПО-2017 

халықаралық көрмесіндегі волонтерлер жұмысы бары-

сында  Қазақстанды  лайықты  деңгейде  танытуларыңа 

тілектеспін, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, 

бақыт және игілік тілеп, мемлекеттің барлық табысы-

на еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштықтың және 100-

ден  астам  этнос  өкілдері  достығының  арқасында  қол 

жеткізілгенін атап өтті.

Форум  барысында  Астана  қалалық  мәслихатының 

депутаты А.Оралов, «Болашақ» бағдарламасының сти-

пендиаты,  театр  және  кино  әртісі  А.Әлімжан,  «Зер-

де»  ұлттық  ақпараттық-коммуникациялық  холдингі» 

АҚ басқармасының төрайымы Ә.Жиенбаева, Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  белсендісі  М.Споткай,  «Жа-

сыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық шта-

бы»  жекеменшік  мекемесі  басшысы  Р.Хамидуллин, 

Қарағанды 

мемлекеттік 

университеті 

«Робот-

тар  мен  ақылды  машиналар  зертханасының» 



меңгерушісі  Н.Есмағамбетов,  гроссмейстер,  шахмат-

тан халықаралық турнирлер чемпионы Д.Сәдуақасова, 

кәсіпкер, «Қазақстандық OTAN сағат компаниясының» 

басшысы  А.Тоқсанбаев,  Мюнхендегі  Максимилиан 

Людвиг  университетінің  докторанты  Қ.Әбдиева, 

«TERRAPOINT» ЖШС инженері Д.Хоменко сөз 

сөйледі.

Айта  кететіні,  бұл  форумға  сан  са-

лада  үздік  атанып  жүрген  бір  топ 

жаңақорғандық  жастардан  делегат  ат-

танды.

Мерейлі мереке –



М.КӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ 

ӨТКІЗІЛГЕН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ-

НА ХАЛЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТТАН ЕРТЕ ЖИНАЛА БАСТА-

ДЫ. КІРЕ БЕРІС ФОЙЕДЕ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗДІ ДӘРІПТЕГЕН 

ӘЛШЕКЕЙ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОРКЕСТРІ САЗДЫ 

ӘУЕНМЕН МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ.



Мақпал МАРҚАБАЙ.

МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІ

СҰҢҒАҚ ТҰЛҒАЛЫ АҚСАҚАЛДЫҢ ӘРБІР ҚИМЫЛЫНАН ӨЖЕТТІЛІК ПЕН 

БАТЫЛДЫҚТЫ АҢҒАРУ ҚИЫН ЕМЕС. БЕТІНДЕГІ ӘЖІМІНЕН ҚАРТТЫҚТЫҢ 

БЕЛГІСІ КӨРІНСЕ ДЕ, МАХМЕТЖАН АТА ӘЛІ ДЕ ТЫҢ КӨРІНДІ. АЙТҚАН 

ПАРАСАТТЫ ПАЙЫМЫНАН ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ОҚИҒАЛАРЫНАН ТҮЙДЕК-

ТҮЙДЕК ТӘЛІМ ӨРІЛІП, БҮГІНГІ МЕН КЕШЕГІНІНІҢ ШЫНАЙЫ БОЛМЫСЫ 

АҢҚИДЫ. КЕЗІНДЕ ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТКЕН АҚЫЛМАН АҚСАҚАЛДЫҢ КӨҢІЛ-

КҮЙ ДЕ КӨТЕРІҢКІ. ТЕРЕЗЕ ЖАҚҚА ҚАЙТА-ҚАЙТА ҚАРАП, ҚОНАҚТАР КЕЛІП 

ҚАЛҒАН ЖОҚ ПА, ДЕГЕН НИЕТПЕН КӨЗ САЛЫП ҚОЯДЫ. 

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

АҚ БАТА


Аудан басшысы бастаған делегацияда ақсақалды көп 

күттірген жоқ. Ғалым Мұхмұтбайұлы: – ассалаумағалейкум, 

ақсақал!  –  деп  есіктен  енді.  Онымен  бірге  аудандық 

мәслихат  хатшысы  Ерғали  Ілиясов,  «Нұр  Отан»  партия-

сы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Мәжит  Балқожаев,  аудан  әкімінің  орынбасары  Серқожа 

Ыдырысов және бірқатар сала басшылары қарияның хал-

жағдайын сұрай келіпті.

Алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  алпыстағы  қария 

тұрып сәлем береді демекші, ауданның басшысын ыстық 

құшақ  жайып  қарсы  алған  абыз  ақсақалдың  жүзі  жады-

рай түсті.



– Қалыңыз қалай? 

–  Шүкір,  жақсымын  айналайын,  өздерің  амансыңдар 

ма? 

– Жақсымыз ата. Тұңғыш Президент күні құтты 

болсын!

– Рахмет қарағым! Кәріліктің келгені ме, төсектен төбе 

көрсететін болдық. 

– Ешетеңе етпейді, ең бастысы денсаулығыңыз 

жақсы болса болғаны, іздеп келетін біз бармыз ғой! 

– Кәне, төрге озындар... 

Осылай  қария  аудан  басшысын  жылы  жүзбен  қарсы 

алып,  келген  меймандарға  төрін  ұсынды.  Дастархан  ба-

сына  жайғасқан  қонақтар  Тұңғыш  Президент  күнімен 

құттықтап, ақсақалдың деніне саулық тіледі.

–  Маха,  биыл  Тәуелсіздікке  25  жыл  толып  отыр. 

Егемендік алған жылдардан бері ауданның бейнесі ажар-

лана түсті. Жағымды жаңалығымызды өзіңізбен бөліскелі 

келіп отырмыз. Әрі, Тұңғыш Президент күні мерекесі ая-

сында сізге ауданның азаматтары сәлем беріп, батаңызды 

сұрай  келдік,  –  деді  аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы Зинабдин Шермағанбетов. 

– Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын! Үйлеріңнен 

бақ пен береке кетпесін. Мазмұнды ғұмыр кешіңдер. Елге 

жұртқа адал да шынайы қызмет ету әр азаматтың парызы. 

Сондықтан, ел алдындағы қызметтеріңді абыройлы атқара 

беріңдер.  Біз  сол  қуаныштарыңа  ортақтаса  жүрейік...  – 

деп Махметжан Сапарбаев ақ батасын ақтарды. 

Әңгіме үстінде тамырлы тарихқа көз жүгіртіп, соғыстан 

кейінгі жылдардан сыр шерткен қарияның еткен еңбегінің 

ерен екенін аңғаруға болады. Мемлекеттік қызметтің бас 

қасында  жүріп,  талай  жыл  ауданға  еңбегі  сіңген  соғыс 

ардагерінің өткен өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінде 

94 жасқа аяқ басқан ақсақал ел және шет ел жаңалықтарын 

көгілдір экраннан үзбей көретінін де жасырмады. 

–  Жалпы,  ақсақал,  біздің  аудан  тың  бастамалар-

ды  қолға  алып  жатыр.  Ауылшаруашылық  кооперация-

сы  облыста  алғашқы  болып  жақында  ашылды.  Қаншама 

құрылыс  нысандары  бой  түзеп  келеді.  Айта  берсе  тын-

дырымды істер мен жаңа идеялардың бастауы белең ала 

бастады.  Әрине,  мұның  барлығы  өздеріңіз  салып  кеткен 

сара жолдың жалғасы. Сіздердің ақ тілек, ақ баталарыңыз 

бізге демеу болады. Сол себепті, өзіңізге сәлем беруді жөн 

көрдік, – деді Ғалым Махмұтбайұлы. 

– Дұрыс, жұмыстарың жемісті болсын. Біздің тілеуіміз 

өздеріңсіңдер,  –  деген  Махметжан  атаның  жылы  ілтипат 

білдіріп, жүзіне қуаныш лебі ұялады.

Қазақ қашанда игі істі бастамас бұрын үлкеннің бата-

сын алып, ақылын тыңдай білген халық. Бұрынғылар ба-

таны  тәрбиенің  қайнар  көзі  деп  танып,  оған  үлкен  мән 

бергені  аян.  Бұл  қаймағы  бұзылмаған  ұлттың  ұлылығын 

білдіретін киелі дәстүрі. Осы салтты қастер тұтып, қадірлеу 

әрбір жанның азаматтық борышы емес пе? 

Қат-қабат  жұмыстарды  ысырып,  үлкенге  құрмет 

көрсетіп, батасын сұрай келген аудан басшысының ісінің 

мәні осында. Дәстүрлі жолды жалғап ауданның ақсақалы, 

ҰОС  ардагері  Махметжан  Сапарбаевтың  үйіне  ат  басын 

бұрған бастамашыл басшының бұл әркеті көпке үлгі болса 

деген ниетте қалдық.

Тәуелсіздіктің 

25  жылдығы  аясында 

он  саусағының 

өнер  тамған 

ісмер мен ағаштан, 

темірден түйетін шеберлер 

арасында байқау өтеді. 

Аудан әкімі байқаудың жүлде қорына 100 000 теңге тағайындады. 

Ағаштан,  темірден, 

күмістен,  сүйектен, 

мүйізден,  теріден, 

жүннен, қағаздан, 

киізден және т.б. заттардан 

жасалған бұйымдарды 

9-желтоқсан 

18.00-ге  дейін  Аманкелді 

Иманов  көшесі  171 

үйінде 


орналасқан  аудандық 

кәсіпкерлік,  өнеркәсіп 

және  туризм  бөлімене 

(«Ордакент» 

ардагерлер және жастар 

ресурстық орталығы) 

тапсыруы 

тиіс. Ал, 10-желтоқсан 

күні жаңадан ашылған 

«Қол өнер шеберлері» 

орталығында жеңімпаздар марапатталады.

Қатысушылардың 

ұсынған  бұйымдарында 

Тәуелсіздіктің 

25 

жылдығына арналған нышандарының болуы міндетті.



Байқау  жеңімпаздарын 

«Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық 

филиалының жанынан жасақталған әділ қазылар алқасы анықтайды.

Байланыс телефоны: 22-4-97, 21-9-50, 22-8-48.

БАЙҚАУ

(Жалғасы 2-бетте)



Әбдісамат ӘБДІШ.

Жаңақорғанда 



EXPO-ҒА ЖОЛ ТАРТАДЫ

АЙБЫНЫ АСҚАҚ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ИМИДЖІН БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ТАНЫСТЫРАТЫН БІРЕГЕЙ ЖОБА. 

ШЕТЕЛДЕН МИЛЛИОНДАҒАН МЕЙМАН КЕЛІП ТАМАШАЛАЙ-

ТЫН КӨРМЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ҮШІН ДЕ ТАПТЫРМАС 

МҮМКІНДІК. ӘРИНЕ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БОЛҒАННАН 

КЕЙІН ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ӨЗІНДІК БРЕНДІН АЙШЫҚТАЙТЫН ТАУАР ҰСЫНУЫ ҚАЖЕТ. 

жасалған кәдесыйлар

Әбдісамат ӘБДІШ.

(Жалғасы 2-бетте)

(Жалғасы 4-бетте)

Әлібек ТЕМІРБЕК.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АУДАНДЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАДА 

ІҢГӘЛАҒАН ҚОС СӘБИДІҢ ҮНІ ЕСТІЛДІ. ЕКІ БІРДЕЙ ШАҢЫРАҚТЫ 

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН НӘРЕСТЕНІҢ ЕКЕУІ ДЕ ҚЫЗ БАЛА ЕКЕН. 

ҚАЗАҚ ҚАШАНДА ҚЫЗЫН ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ЕЛДІҢ ЕРКЕСІ, 

БОЛАШАҚ АНА ДЕП ҚАДІРЛЕГЕН. МЕЙІРІМ ШАПАҒАТЫН ТӨГІП, 

АЯЛАЙ БІЛГЕН. СОНДЫҚТАН, КЕЗЕКСІЗ КҮТКЕН МЫҢ-САН ШАРУА-

СЫНАН БІР СӘТ САҢЫЛАУ ТАУЫП, АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ 

ШУАҚТЫ КҮНДЕГІ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН БАҚЫТТЫ АНАЛАРДЫҢ 

ҚУАНЫШЫМЕН БӨЛІСІП, АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАП ШЫҒУ ҮШІН 

ПЕРЗЕНТХАНАҒА БАС СҰҚТЫ. 

Тәңір сыйлаған

 

ШАРАНА


2

3 желтоқсан, 2016 жыл

«2016  жылға  мектепке  дейінгі 

тәрбие 

мен 


оқытуға 

мемлекеттік 

білім  беру  тапсырысын,  жан  басына 

шаққандағы  қаржыландыру  және  ата-

ананың ақы төлеу  мөлшерін бекіту тура-

лы»  Жаңақорған  ауданы  әкімдігінің  2016 

жылғы  15  сәуірдегі  №372  қаулысына 

өзгерістер  енгізу  туралы  «Қазақстан 

Республикасының  жергілікті  мемлекттік 

басқару  және    өзін-өзі  басқару  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23  қаңтардағы  Заңына  және  «Білім  ту-

ралы» 

Қазақстан 



Республикасының 

2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңынының 

6-бабының 

4-тармағының 

8-1) 

тармақшасына  сәйкес  Жаңақорған  ауда-



ны әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «2016  жылғы  мектепке  дейінгі 

тәрбие 

мен 


оқытуға 

мемлекеттік 

білім  беру  тапсырысын,  жан  басына 

шаққандағы  қаржыландыру  және  ата-

ананың ақы төлеу  мөлшерін бекіту тура-

лы»  Жаңақорған  ауданы  әкімдігінің  2016 

жылғы  15  сәуірдегі  №372  қаулысына 

(нормативтік  құқықтық  актілерді  тіркеу 

тізілімінде  №5497  болып  тіркелген,  2016 

жылғы  30  сәуірде  «Жаңақорған  ты-

нысы»  газетінде  жарияланған)  мына-

дай  өзгерістер  енгізілсін:  көрсетілген 

қаулының 

1,2 


қосымшалары 

осы 


қаулының  1,2  қосымшаларына  сәйкес 

жаңа редакцияда жазылсын.

2. 

Осы 


қаулының 

орындалу-

ын  бақылау  тиісті  сала  орынбасарына 

жүктелсін.

3.  Осы  қаулы  алғашқы  ресми 

жарияланған күннен кейін күнтізбелік он 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда 

болған қатынастарға таралады.

Ғ. ӘМІРЕЕВ,

Жаңақорған ауданының әкімі.

2016 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАШАДАҒЫ №99 ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ 2016 

ЖЫЛДЫҢ 29 ҚАРАШАСЫНДАҒЫ №5653 БОЛЫП ТІРКЕЛДІ

Жаңақорған ауданы әкімдігінің2016 жылғы «22» 

қарашадағы№99 қаулысына №1 қосымша

Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «15» 

сәуірдегі №372 қаулысына №1 қосымша

2016 ЖЫЛҒА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК 

БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ

Ауданның атауы



Мемлекеттік білім беру

тапсырысы есебінен мектепке дейінгі 

ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

2



3

1

Жаңақорған ауданы



4275

Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «22» 

қарашадағы №99 қаулысына №1 қосымша

Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «15» 

сәуірдегі №372 қаулысына №2 қосымша

2016 ЖЫЛҒА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӨЛШЕРІ

Ауданның атауы



Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын 

шығын(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Бөбекжайлар, 

балабақшалар 

(мемлекеттік/жеке меншік)

Мектепке дейінгі 

шағын орталықтар

1

2

3



4

1

Жаңақорған ауданы



24240

24240


О  внесении  изменений  в  постановле-

ние  акимата  Жанакорганского  района  от 

15  апреля  2016  года  №372  «Об  утверж-

дении  государственного  образовательно-

го заказа на дошкольное воспитание и об-

учение, размера подушевого финансирова-

нияи  родительской  платы  на  2016  год»  В 

соответсвии  с  Законом  Республики  Казах-

стан от 23 января 2001 года «О местном го-

сударственном управлении и самоуправле-

нии  в  Республике  Казахстан»  и  с  подпун-

ктом 8-1) пункта 4 статьи 6 Закона Респу-

блики Казахстан от 27 июля 2016 года «Об 

образовании»  акимат  Жанокорганского                                   

района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1.  Внести  в  постановление  акима-

та  Жанакорганского  района  от  15  апреля 

2016 года №372 «Об утверждении государ-

ственного образовательного заказа на до-

школьное воспитание и обучение, размера 

подушевого  финансирования  и  родитель-

ской платы на 2016 год» (зарегистрирова-

но в Реестре государственной регистрации 

нормативных  правовых  актов  за  №5497, 

опубликовано 30 апреля 2016 года в газете 

«Жанакорган  тынысы»)  следующие  изме-

нения:  приложения  1,2  указанного  поста-

новления  изложить  в  новой  редакции  со-

гласно приложениям 1,2 к настоящему по-

становлению.

2. Контроль за исполнением настояще-

го  постановления  возложить  на  курирую-

щего заместителя.

3. Настоящее постановление вводится 

в действие по истечении десяти календар-

ных дней после дня официального опубли-

кования и распространяется на отношения 

возникшие с 1 января 2016 года.



Ғ.ӘМІРЕЕВ,

аким Жанакорганского района.

ОТ 22 НОЯБРЯ 2016 ГОДА №99 ЗАРЕГИСТРИРОВАНО В ДЕПАРТАМЕНТОМ 

ЮСТИЦИИ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ 29 НОЯБРЯ 2016 ГОДА №5653

Приложение №1 к постановлению акимата Жанакорганского 

района от «22» ноября 2016 года №99

Приложение №1 к постановлению акимата Жанакорганского 

района от «15» апреля 2016 года №372

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ЗАКАЗ НА ДОШКОЛЬНОЕ 

ВОСПИТАНИЕ И ОБУЧЕНИЕ НА 2016 ГОД

№ Наименование района

Количество детей, размещаемых в 

дошкольное организации за счет 

государственного образовательного 

заказа


1

2

3



1

Жанакорганский 

район

4275


Приложение №2 постановлению акимата Жанакорганского 

района от «22» ноября 2016 года №99

Приложение №2 к постановлению акимата Жанакорганского 

района от «15» апреля 2016 года №372

РАЗМЕР ПОДУШЕВОГО ФИНАНСИРОВАНИЯ НА 2016 ГОД

Наименование 



района

Расход на одного воспитанника в месяц (в тенге)

Дошкольное организации

Ясли-сады, детские сады 

(государственный/частный)

Дошкольные мини-

центры

1

2



3

4

1 Жанакорганский 



район

24240


24240

Жаңақорған 

кенті 

Аманкелді 

көшесі 

№63 

үйдің 

тұрғыны 

Әбубәкір Қыдырбайұлына

Қадірлі дос Әбубәкір!

Сені Пайғамбар жасы 63-ке толуыңмен 

шын жүректен құттықтаймыз. Өзіңе ұзақ 

өмір  мен  зор  денсаулық  тілей  отырып, 

жұбайың Әсем Зейноллақызы екеуіңнің 

бақытты  ғұмыр  кешіп  үш  перзентіңнің 

қызығын  көріп,  келін  түсіріп,  немере 

сүюлеріңе шын жүректен тілектеспіз.

Аман болсын басыңыз,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Жүзіп бақыт көлінде,

Жүзден де әрі асыңыз.

Жарық шашып күніңіз,

Қашсын алыс мұңыңыз.

Әсемменен екеуіңіз,

Биік тауға шығыңыз.



Ізгі тілекпен достарың Бәкір-Зубайра, 

Батырхан-Базар, Әбдірахман-Гүлнар, 

Жәмила, Серік-Роза, Айжан, Айзат, 

Әбдіразақ-Патан, Есенкүл.

Құттықтау!

АПТА АҚПАРАТ

ЕЛБАСЫ СӨЗІ – 

ЕЛДІКТІҢ КӨЗІ

ХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ-

ГЕ АЙНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИ-

ДЕНТ КҮНІН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР 

СӘН-САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛЫП, ЕРЕК-

ШЕ ӨТКІЗУГЕ АТСАЛЫСТЫ. ӘСІРЕСЕ, МЕ-

КЕМЕЛЕР МЕРЕКЕНІ МАЗМҰНДЫ ӨТКІЗУГЕ 

ТЫРЫСҚАНЫ ҚУАНТТЫ. ЖАЛПЫ, ТҰҢҒЫШ ПРЕ-

ЗИДЕНТ КҮНІ ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ БАРЛЫҚ МЕ-

КЕМЕ ӨЗДЕРІНШЕ АТАП ӨТТІ. БІЗ ТЕК 

РЕДАКЦИЯҒА КЕЛГЕН ХАТТАРДЫ 

ҚОРЫТЫП, ҰСЫНЫП 

ОТЫРМЫЗ.


Кенттік «Арман» мәдениет үйінде және 

барлық ауылдық округ клубтарында «Балалық 

шағымның аспаны» атты Ұлт Көшбасшысы жай-

лы фильм көрсетілді. Аға буыннан бастап, жа-

стар қауымы қызыға тамашалап, киноның 

әсерімен бөлісті. 

***

Аудандық балалар кітапханасында «Ел 



ертеңін ойлаған Елбасы», «Тәуелсіз ұлттың 

көшбасшысы» тақырыбында кітап көрмесі мен 

брэйн-ринг өрбіді. Кітапқұмар оқырмандар 

қатысқан шарада кітапханашылар мерекелік 

күннің мән-маңызына айрықша тоқталды. 

Ал, Талап ауылдық округі, Бесарық бекеті 

кітапханасында Гүлнұр Бижанованың ұйытқы 

болуымен «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» 

атты кітап көрмесі болды. Көрме барысын-

да ауыл тұрғындары Елбасының көрегенді 

көшбасшылығы мен дана парасаттылығын 

дәріптейтін авторлық еңбектер мен тақырыптық 

суреттерге қанықты. 

***


Мереке қарсаңында аудандық дене 

шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болу-

ымен жер-жерде спорттық шаралар өтіп, жа-

стар арасында салауатты өмір салтының на-

сихатталуына үлесін қосты. Мәселен, бұл күні 

жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қол 

күрестен және гір тасын көтеруден аудандық 

турнир өткізілді. Гір тасын көтеруге 4 салмақ 

дәрежесі бойынша 30-жуық спортшы қатысса

қол күрестенде нағыз білектілер бас қосты. 

Кіл мықтылар қатысқан білекті ұлдар өзара 

кім мықтыны анықтап, жарыс жеңімпаздары 

ұйымдастырушы тараптың арнайы марапатта-

рына ие болды. 

***

Бұл күні жергілікті жастардың басын қосқан 



қызықты концерттік бағдарлама «Ордакент» 

ардагерлер, жастар ресурстық орталығында 

ұйымдастырылды. «Тәуелсіздікке тарту» 

атты жастар керуені аясында «Қызық орда» 

шығармашылық тобы құрамында Сыр еліне та-

нымал жас өнерпаздар мен жайдарманшылар 

жиылғандардың жүзіне күлкі сыйлап,  мерекелік 

көңіл күйде тарқасуына тамаша сый жасады.  

***

Тәрбие берудің түп-тамыры мейірім мен 



сүйіспеншілікте жатыр. Бүлідіршіндер бойын-

да жастайынан елжандылық қасиетті сіңіруде 

балабақшаның маңызы зор. Осы орайда, Ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1-желтоқсан 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жа-

ния» бөбекжайында «Елбасымен біргеміз» 

атты тәрбие сағаты өрбіді. Тәрбиеші Тұрсынай 

Бисенбаеваның ұйымдастыруымен өткен тәлімді 

шарада балғындар патриоттық бағыттағы ән 

айтып, бұрымды қыздар мың бұрала би би-

леп, өз өнерлерін ортаға салды. Өз кезегінде 

балабақша меңгерушісі Дина Бектібаева 

өнерлі өрендерге тұлға болып қалыптасуына 

тілектестігін жеткізді. 

***

Айтулы мереке аясында №3 мектеп-



интернатының кітапханашылары «Елба-

сы сенімі-ел сенімі» атты мәдени шара 

ұйымдастырған. Бұл туралы бізге Жанар 

Ильясова мәлімдеді. Оның айтуынша, 3 сы-

нып оқушылар қатысқан мерекелік шара-

да шәкірттер бар өнерін ортаға салған. Ал, 

тәрбиешілер қауымы Тәуелсіз елдің Тұңғыш 

Президенті хақында арнайы слайд көрсетіп, 

еліміздің жеткен жетістіктерін жайлы 

тақырыптық түсіндірме жұмысын жүргізген. 

***

Спорт белсендісі, аудандық дене 



шынықтыру және спорт бөлімінің 

жаттықтырушысы Шыңғыс Азнабаев мере-

ке күні сүйінші жаңалығымен бөлісті. Яғни, ме-

рекеге орай Қызылорда қаласында өткен 

мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасын-

да пауэрлифтингтен облыс чемпиинатында 

жаңақорғандық спортшылар олжалы оралды. 

40-тан астам тағдырлас жандар қатысқан тар-

тысты біріншілікте аудан намысын қорғаған сегіз 

спортшының арасынан Алия Аяпова, Қуаныш 

Әбибуллаев, Ерболат Жүсіпов күміс медальге 

қол жеткізді. Жеңіпмаздар басқарма тарапынан 

арнайы марапатқа ие болды.

Дайындаған Орынбай ӘБЖАЛЕЛОВ.

Әрбір бұйым тарихы терең Алаш жұртының мәдениетінен сыр 

шертетін тартымды болғаны ел үшін тиімді. Тарихымызды танып, 

тектілігімізге  тәнті  болады.  Осы  тұста  зор  мүмкіндікті  жергілікті 

шеберлердің пайдалануына жол ашу мақсатында Жаңақорғанда 

жарқын жоба іске қосылды. Сәрсенбінің сәтті күніне сәйкес кел-

ген сүйінші жаңалыққа ел ағалары мен жастар қауымы куә бол-

ды.  Сондай-ақ  Түркістан,  Шиелі,  Қызылорда  қаласынан  келген 

қолөнер  шеберлері  өзара  тәжірибе  алмасты.  Аймақта  баламасы 

жоқ    «Қолөнер  шеберлері  орталығының»  шымылдығын  түрген 

аудан  әкімі  Ғалым  Әміреев  ұлттық  өнердің  қайта  жандануына 

құттықтау сөзін жеткізді.

–  Тәуелсіздіктің  25  жылдығында  Қазақстан  экономика-

сы  қарқынды  дамыған,  табысқа  жетудің  бірегей  тәжірибесі 

бар  тұрақты  мемлекет  ретінде  қалыптасты.  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  сарабдал  саясаты  мен  стратегиялық  көрегендігі 

дамудың  қазақстандық  үлгісінің  табысты  болуын  айқындап, 

өркениетті  елдер  қатарына  қосылуына  жол  ашты.  Осын-

дай  жетістіктер  жолында,  Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  мен 

1-желтоқсан  –  Тұңғыш  Президент  күні  қарсаңында  ашылғалы 

отырған қолөнер шеберлерінің құтханасы құтты болсын! 

Ағаштан,  темірден  түйін  түйетін,  асыл  тастан  сәндік 

бұйым  соғатын,  сүйек  пен  мүйізді,  шиді  қиынын  қиыстыратын 

шеберхананың келешегі кемел. Айрықша атап өтерлігі, жерлесіміз, 

қолөнер  шебері  Пахриддин  Шәмшидинұлының  ұсынысын  аудан 

әкімдігі мен өңірдегі өндіріс ошақтары қолдап, орталықтың ашы-

луына  себепкер  болды.  Мұндайда  дана  қазақ  «шебердің  қолы 

ортақ» дегені еске оралады. Ілкімді ізденіс пен тынымсыз тірліктің 

нәтижесінде жасалған брендтік бұйым бәсеке сұранысына сай бо-

лары сөзсіз. Сәтін салса, алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесіне 

келген  шетелдік  туристерге  «Маде  ин  Жанакорган»  брендіндегі 

ұлттық  кәдесыйлар  жол  тартатын  болады.  Аймақта  тұңғыш  бо-

лып  ашылып  жатқан  орталық  өзгеде  өңірлерден  тапсырыс 

қабылдайды, – деді аудан басшысы. 

Сондай-ақ,  өңірдегі  өндіріс  орындарынан  аудан  әкімдігі 

жанындағы «Жаңақорған көмек» қолдау қорына түскен 2,5 млн. 

теңгеге шеберханаға заманауи құрылғылар мен қажетті шикізат 

өнімдері  алынғаны  белгілі  болды.  Ал,    аудан  ардагерлерінің 

атынан  сөз  алған  еңбек  Ерғали  Оразбеков  –  «Ұлттық  қолөнер-

бабадан  бізге  жеткен  сарқылмас  дәстүр»  –  дей  келе,  ұрпақтар 

сабақтасығының  қайта  жандануына  елдің  атынан  алғысын  ар-

нады.  Әрі  жаңашыл  бастамаға  қолдау  білдірген  басшыларға 

ризашылығын  білдірді.  Өз  кезегінде  «Қолөнер  шеберлері 

орталығының»  жетекшісі,  жастайынан  осы  салаға  бейімделген 

Пахриддин  Садықов  жүректен  шыққан  жыр  сөзімен  жиылған 

қауымға ақжарма лебізін ақтарды.

–  Ассалаумағалейкум,  арда  қазақ!  Ұлттық  құндылықты 

ұлықтаған,  ұлт  мерейін  асырған  орталыққа  қош  келдіңіздер! 

Бұл  қажеттіліктен  туындаған  нәрсе.  Облыс  бойынша  20-жуық 

қолөнер  шебері  болса,  соның  ішінде,  Түркістаннан  өзім  және 

Ұлмекен деген апай бар. Астарлы сөзбен айтқанда, Түркістанның 

асын  ішіп,  Қызылорданың  шотын  шауып  жүрген  жайымыз  бар. 

Міне, бұдан былай ел туған жерге тартып, шеберхана ашып жа-

тыр.  Ең  әуелі  аудан  әкімдігіне  алғысым  зор.  Дәл  қазір  шыным-

ды  айтсам,  халқымның  шексіз  сүйіспеншілігіне  бөленіп  тұрмын. 

Бұл  орталық  Жаңақорғаннан  ашылғанымен  келешегі  дүйім 

қазақтың сұранысын өтейтін болады. Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз 

бір сөзінде айтады: «Қазақтың киіз үйіне кірсең, 1200 жәдігерлік 

бұйымды  көресің»  дейді.  Алғашқыда  өзім  бұл  сөзге  иланба-

дым.  Кейіннен  керегенің  көгінен  санаған  кезде  түңлікке  шығып, 

қайта табалдырыққа қайтқанша 1200 жәдігерлік бұйымды көреді 

екенсіз. Яғни, бұл шеберхананың келешек жастар үшін тәрбиелік 

мәні зор деген сөз. «Қазағым, қазағым халқым дегендер, олар бір 

тұлға  кемеңгер»  деп,  ақындар  жырлағандай,    егерде  қазақтың 

кемеңгерлігін  қолдап,  азаннан  кешке  дейін  менің  қазағымның 

ұлы  тәрбиелі,  қазағымның  қызы  тәрбиелі  деген  сананы  бойға 

сіңірсек  біз  гүлдене  береміз  һәм  көркейе  береміз,  –  деді  халық 

қошеметінен шабыт алған шебер. 

«Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» демекші, 

бұл  күні  жиылған  көпшілік  тағы  бір  қуаныштың  куәсі  болысты. 

Өздеріңізге  белгілі,  ауданға  Ғалым  Махмутбайұлы  әкім  болып 

келгелі,  бірқата  бағыт  бойынша  инвесторлар  тартуға  нәтижелі 

жұмыс жасауда. Соның бір айқын дәлелі, орталықтың ашылу ба-

рысында  жұртшылық  көзайым  болды.  Аудан  басшысы  өңірге 

келген  инвесторларға  қолдау  қызметін  көрсететін  су  жаңа  ше-

тел  автокөлігінің  лентасын  қиды.  Одан  әрі  ауданның  бас  има-

мы Сайдулла қажы Омаров: «Қадам жетсін, бәле кетсін. Кәсібіңе 

Жаратқан  береке  берсін»  деп,  Пахриддин  Шамшидинұлына  ба-

тасын  берді.  Соңыра,  ел  ағалары  Аманкелді  Абдуллаев,  Зинаб-

дин  Шермағамбетов  бастаған  аға  буын  өкілі  шеберхананың 

ішкі  мүмкіндіктерімен  танысты.  Жаңа  станоктармен  толыққан 

құтхананың  ішінде  шеберлердің  қолынан  шыққан  сан  түрлі 

бұйымды  көруге  болады.  Орталық  жетекшісі  П.Садықовтың 

пәлсапалық маңызы зор төл туындыларын осы жерден табасыз. 

Қорқыттың  қобызы  мен  желмаяға  мінген  Асан  қайғының,  ізгілік 

ілімнің  насихатшысы,  Қожа  Ахмет  Ясауидің  және  халық  ақыны 

Манап Көкеновтың ағаштан қашалған туындысы жиылғандардың 

назарын  еріксіз  өзіне  аударды.  Одан  бөлек,  ағаштан,  темірден, 

күмістен, теріден, жүннен, сүйек пен мүйізден ойылған бұйымдар 

бар. 

–  Қазіргі  қоғамда  бұрынғыдай  ұршық  иіріп,  киіз  не  кілем 



басу  жоқтың  қасы.  Десе  де,  бұрымды  бойжеткеннің  қолынан 

ұялы  телефон  түспейтіні  мені  қынжылтты.  Ертелі-кеш  желіде 

желіккен  жас  орнынан  тұруға  ерінеді.  Қазақ  қызының  намысын 

ояту мақсатында киізден «Жалқау қуыршақ» тіктім. Мұның басқа 

қуыршақтан ерекшелігі – қалай қойсаңызда отыра қалады. Яғни, 

сөреге,  жерге,  қай  тұсқа  қойсаңызда  аяғын  тіктемейді.  Бұл  бір 

жағынан  таза  экологиялық  отандық  табиғи  өнім.  Өзге  де  қазақ 

қызының болмысын айқындайтын сан түрлі қуыршақтар жетерлік, 

– дейді орталықтың ісмері Айсұлу Садықова. 

Иә,  балаңызға  ойыншық  іздеп  қандай  да  дүкенге  кірсеңіз, 

«Маде ин Китай» деген өнімнен көз сүрінеді. Химиялық қоспадан 

жасалған  қытайдың  арзанқол  қуыршағының  қасына  қолөнерге 

бейім бұйымды қазақ қыздарының тіккен отандық өнімнің  дүкен 

сөресіне шығар сәті алыс емес. Бастысы – баспана бар, шикізат 

жетерлік,  ендігі  тек  еңбек  ету.  Әрине,  ұлттық  бұйымға  қолдау 

көрсету баршаға борыш. 

–  Аудан  әкімінің  бұл  бастамасы  құптарлық  іс.  Бүгінгідей 

жаһандану  заманына  ұлттық  құндылықпен  ғана  тегеурінді 

төтеп  бере  аламыз.  Жаз  маусымында  қаладағы  «Қорқыт  Ата» 

халықаралық  әуежайы  ғимаратында  қолөнер  шеберлерінің 

бұйымдарын  сататын  дүкен  ашылды.  Бастама  облыс  әкімдігі 

мен  Біріккен  Ұлттар  ұйымының  Даму  бағдарламасы  облыс  бой-

ынша өкілдігімен бастау алды. Мұндағы мақсат – «ЭКСПО-2017» 

көрмесі  аясында  Сыр  еліне  келетін  туристер  мен  қонақтарды 

жергілікті қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен қамтамасыз ету. 

Яғни,  кәдесый  өндірісін  дамыту.  Алдағы  уақытта  сол  дүкеннен 

Жаңақорғанда жасалған бұйымдарды көреміз деген тілек бар, – 

деді қызылордалық ғалым Аппаз Жүсіпов.  

Иә, әзірге дайын ғимаратпен қамтамасыз етілген орталық ке-

лешекте өзін-өзі ақтап, инвестиция түсімі молайса, жаңа нысанға 

көшу мүмкіндігі мол. Бұл жөнінде аудан әкімі ашылу салтанатын-

да тілге тиек етті. Айта кету керек, орталық жетекшісі Пахриддин 

Садықов  шеберхана  тынысымен  таныстыру  барысында  ауданға 

келуіне себепкер болған ел ағаларының есімін атады. Алғаш рет 

сызудың  қыр-сырын  үйреткен  ұстазы  Үмбет  Әбибуллаевты  ата-

са,  ал  ағаштан  шот  шауып,  темірден  түйін  түюді  үйреткен  өкіл 

әкесі Бәрзәу Шәмиевке алғысын жеткізді. Сондай-ақ, туған жер-

ге  қызмет  етуге  шақырған  Нұрберген  Тастаев,  Нәбихан  Шала-

пов, Мәжит Балқожаев, Марат Тобашев сынды ағалардың еңбегі 

елеулі екенін еске салды. 

Түйіндей айтқанда, ең бастысы – ұлттық құндылықты ұлықтаған 

ұжымның ендігі межесі – халықаралық көрме. Яғни, Астанаға кел-

ген миллиондаған мейманның аралайтын бір бағыты ол – Сыр елі. 

Туристердің  көңілінен  шығатын  ұлттық  кәдесый  жасап,  елімізде 

«Жаңақорғанда жасалған» деген брендті қалыптастыру. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал