Сыныпқа арналған қазақстан тарихы бағдарлы курсының Ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 5.06 Kb.

бет1/18
Дата11.09.2017
өлшемі5.06 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Казахский государственный женский педагогический институт. Вестник №2(2), 2007. 
                       

11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БАҒДАРЛЫ 
КУРСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Тұрлығұл Т.Т. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
                                                                   
Осы  «Хабаршының»  тарих  сериясына  ұсынып  отырған  біздің  мақаламыздың 
тарихи  және  ғылыми-әдістемелік  сипаты  бар.  Сондықтан  да  оны  біздің 
институттың  тарихшылары  мен  педагогика,  оқыту  әдістемесі  мамандары  ғана 
емес басқа да пәндерден сабақ беретін профессор- оқытушылары да оқиды-ғой деп 
ойлаймыз.  Ӛйткені  мақаланың  мақсаты  орта  мектептің  10  –  11-сыныптарына 
енді  ғана  ендірілген  бағдарлы  курстардың  бағдарламаларымен,  оқулықтарымен, 
оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) таныстыру, олардың ерекшеліктерін ғылыми-
әдістемелік  тұрғыда  ашып  кӛрсету.  Демек  мақала,  болашақ  мектеп  мұғалімдері-
студенттердің  де,  олардың  оқытушыларының  да назарын  аударуы тиіс.  Тағы  бір 
ескеретін жағдай, біз әңгіме еткелі отырған 2007-2008 оқу жылының қарсаңында 
баспадан шыққан оқулық пен ОӘК-дердің 9 авторының 6-ы ӛздерімізбен қызметтес 
әріптестеріміз. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  бүйрығына  сәйкес 
/1/  2006  –  07  оқу  жылынан  бастап  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  10  –  11 
сыныптары  бағдарлы  курстарға  арналған  бағдарламалар  бойынша  оқуға  кірісті. 
2006-2007  оқу  жылында  10-сынып,  келесі  оқу  жылында  11-сынып  осы 
бағдарламалармен  оқиды.  Бұл  қандай  курс,  сипаты,  мазмұны  мен  құрылымы, 
мақсат-міндеттері  қандай  деген  мәселелер  түсінікті  болу  үшін  ӛзіміздің 
мамандығымыз тарих пәніне тоқталайық. 
Ӛткен  оқу  жылында  негізгі  мектепті  (9-сыныпты)  бітірген  оқушылардың  ӛз 
білімін  мектепте  жалғастырамын  дегендері  10-сыныпқа  ауысты.  Олар  негізгі 
мектепте тарихтан да, басқа пәндерден де аяқталған білім алғантын. Демек тарихтың 
екі  пәні  де:  дүние  жүзі  және  Қазақстан  тарихын  да  ежелгі  дәуірден  бастап  бүгінгі 
күнге  дейін  оқыды.  Бұл  пәндердің  «Тарихтың»  Мемлекеттік  стандартындағы  /2/ 
ресми  аттары:  «Қазіргі  дүние  жүзі»  және  «Қазақстан  тарихының  аса  маңызды 
кезеңдері мен ғылыми мәселелері» деп аталады.      
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғалы  ел  азаматтарына  Отан  тарихын 
оқытып үйретуге ерекше мән беріліп отыр. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгі 
кӛрсетушісі  де  ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ӛзі  болып  келеді.  Ол  іргелі 
еңбектеріне  қоса  жасаған  баяндамалары  мен  сӛйлеген  сӛздерінде  де  тарихтың 
маңызын  баса  кӛрсетіп  отырады.  Тарихты  оқу  деген  «бұл  тәуелсіз  Қазақстанның 
азаматы  ғасырлар  тоғысында  ӛзінің  арғы-бергі  тарихи  жолын  ой  елегінен  ӛткізіп, 
Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? Деген тӛңіректе ойласын деген сӛз. 
Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін 
түсінсін деген сӛз. 
Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы ӛзінің ата-бабалары 
осындай  кең-байтақ  жердің  лайықты  мұрагері  болуға  ұмтылсын  деген  сӛз»  -  деп 
айтқан  еді  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  /3/.  («Ежелгі 
Қазақстан тарихы», 5-сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 2005, 2-басылымы, 4-бет.) 
«Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері» курсы 
тектен-тек  осылай  аталмаған.  Оқушылар  жаңа  бағдарлама  бойынша  тарих  пәнін  5-
сыныптан  бастап  оқып,  9-сыныпты  –  негізгі  мектепті  бітіргенде  Қазақстан 
тарихынан аяқталған білім алады, дәлірек айтқанда, Отан тарихын алғашқы адамдар 
пайда  болған  ежелгі  дәуірден  бастап,  қазіргі  кезеңге  дейін  оқып,  меңгереді.  Толық 
орта  мектепті  –  он  бір  жылдықты  бітірген  оқушылар  мектептің  оқу  жоспарындағы 
барлық  пәндерден толық  орта білім алуы тиіс және де сол пәндердің бірқатарынан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.  Хабаршы  №2 (2), 2007. 
 

мектепте  алған  білімін  жоғары,  т.б.  оқу  орындарында,  сондай-ақ  ӛздігінше 
жалғастыра  алғандай  біліктер  мен  дағдыларды  меңгеруі  қажет.  Оның  үстіне 
Қазақстан тарихының ең ерте дәуірлері 5-7 сыныптарда оқылғандықтан, 4-5 жылдан 
кейін  ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихының  аса  маңызды 
мәселелерін  оқушылардың  ұмыта  бастайтыны  белгілі.  Мұның  ӛзі  олардың  Отан 
тарихынан  алған  білімін  одан  әрі  үзіліссіз  және  жүйелі  түрде  жалғастыруға  белгілі 
дәрежеде  қиындық  келтіреді.  Оның  үстіне  жоғары  оқу  орындарына  түскенде 
Қазақстан тарихынан емтихан тапсыратынын ескерсек, ұсынылып отырған курстың 
қаншалықты маңызды екені түсінікті болады. 
Енді  шәкіртерімізбен  бірлесіп  осы  курстың  11-сыныбы  үшін  дайындалған 
бағдарламасын  /4/,  оқулығын  /5/,  әдістемелік  нұсқауын  /6/,  дидактикалық 
материалын /7/ және хрестоматиясын /8/ таныстырайық. 
Курстың  бағдарламасына  қысқаша  сипаттама.  Бағдарлама  негізгі  үш 
бӛлімнен  құралады.  Түсініктемеден  кейін  базалық  білім  мазмұны  берілген.  Соңғы 
бӛлім – оқушылардың білімі мен біліктілік дәрежесіне қойылатын талаптар.  
Курстың аты айтып тұрғандай, ол Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері 
мен  маңызды  ғылыми  мәселелерін  қамтиды.  Мұнда  оқушылардың  мектепте  ӛткен 
кейбір тақырыптары ғылыми жағынан күрделеніп, толықтырылып беріледі.  
Сонымен  қатар  негізгі  мектепте  уақыт  тапшылығынан  кӛп  қысқартылған 
немесе  онда  оқытылмаған  тақырыптар  мен  мәселелер  де  кездеседі.  Бұған  ұлт-
азаттық  қозғалыстарының  1940-1980  жылдардағы  оқиғалары  жатады.  Ал  қазақ 
диаспорасының  тарихы,  Қазақстан  коммунистік  партиясы  мен  Қазақстан 
комсомолының (Жастар одағының) тарихы, Қазақ этнографиясы сияқты тақырыптар 
негізгі  мектепке  арналған  тарих  бағдарламаларына  енбеген.  Бұлар  негізгі  мектепке 
арналған  оқулықтардағы  басқа  тақырыптар  құрамында  шағын  мәселе  ретінде  ғана 
қарастырылады. 
Бұл  курс  жарастылыстану-математикалық  бағдарлы  мектептің  10-11 
сыныптарында  68  сағат  кӛлемінде  оқытылады.  Екі  сыныпқа  да  34  сағаттан  уақыт 
бӛлінеді. 10-сыныпта, негізінен, курстың XVIII ғасырға дейінгі кезеңі қамтылады да, 
кейінгі үш ғасыр тарихындағы маңызды оқиғалар 11-сыныпта баяндалады.  
Олар: 
          I.  Қазақ  халқының  XVII-XX  ғасырларда  азаттық,  тәуелсіздік  жолындағы 
қаһармандық күресі; 
         II. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, 
қоғамдық-саяси, мәдени жағдайы
        III. Қазақстан компартиясы мен комсомолы тарихынан
        IV. Қазақ диаспорасы
         V. XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
        VI. Қазақстан халықтарының этнографиясы; 
       VII. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңіндегі этно-демографиялық ахуал
      VIII. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1991 – 2006 жылдарда. 
Бағдарламаның  түсінік  хатында  оның  тӛмендегідей  ерекшеліктері  баса 
кӛрсетіледі. 
Курстың  білімдік  маңызы  сонда,  ол  халқымыздың  400  жылға  созылған 
азаттық,  тәуелсіздік  жолындағы  күресін,  осы  күрестер  салдарынан  қазақ 
диаспорасының пайда болып, қалыптаса бастағанын, тӛрт ғасырға созылған ауыр да 
қаһармандық  күресінің  кезеңдік  оқиғаларын,  сондай-ақ  олардың  рухтандырушы, 
жігерлендіруші  рӛлі  туралы  жан-жақты  баяндайды.  Осы  күрестің  нәтижесінде  қол 
жеткен тәуелсіздік жылдарында болған тамаша ӛзгерістермен таныстырады.  
Курстың  тәрбиелік  маңызы  сонда,  туған  елінің,  оның  халықтарының,  ӛз 
ұлтының  бақытты  болашағы  үшін  бар  күш-жігерін,  білімін  аямаған,  ӛзінің  жеке 

Казахский государственный женский педагогический институт. Вестник №2(2), 2007. 
                       

мүддесінен халық, ұлт мүддесін жоғары қойған, қажет болса, жеке басының құрбан 
болуынан  қорықпаған  халқымыздың  біртуар  жүздеген  қаһарман  ұл-қыздарының 
ӛмірі  мен  тарихи  қызметі  оқушылардың  кӛз  алдынан  ӛтеді.  Осының  бәрі 
оқушыларды отаншылдыққа, жоғары адамгершілікке тәрбиелейді.  
Курстың  шәкірттердің  таным,  ойлау  қызметін  дамытушылық  мүмкіндігі 
сонда,  оның  мазмұнында  баяндалатын  тарихтың  түрлі  қырлары:  бейбіт  халыққа 
жасалған  басқыншылық  шабуыл,  басқа  елді  отарлық,  құлдық  жағдайда  ұстау  үшін 
жүргізілген  соғыстар,  миллиондаған  халықты  ашаршылыққа  соқтырып,  қырғынға 
ұшырату,  атамекенінен  үдере  кӛшіп,  азып-тозу,  босқынға  айналу,  тәуелсіздік,  оған 
жетудің  барлық  салаларында  болып  жатқан  аса  маңызды  ӛзгерістер  тағы  басқа 
тарихта ерекше орны бар оқиғалар мен құбылыстар оларды ойландырады, олардың 
себептерін,  тығырықтан  шығу  жолдарын  іздейді.  Оқушылар  ӛткен  мен  қазіргіні 
салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашлықтарын табуға, жоғарыдағыдай 
оқиғаларға  тарихтан,  ӛмірден  мысалдар  келтіруге  жаттығады.  Келеңсіз  және 
жағымды  ӛзгерістерді  ӛздігінше  талдауға,  баға  беруге,  тағы  да  басқаларға 
дағдыланады. 
Осы  мақаланың  келесі  беттерінде  біз  курсты  оқытудың  әдістемелік 
мәселелеріне қысқаша тоқталамыз. Бірақ сол әдістемелік мәселелер қайткенде толық 
жүзеге  асады,  қалай  еткенде  оқушыларға  Қазақстан  тарихынан  терең,  сапалы  білім 
береміз,  ата  тарихымыздың  асыл  мұраларын  қайткенде  шәкірттер  санасына  берік 
қалыптастырамыз  деген  сұрақ  алдымыздан  кӛлденең  тұрады?  Бұған  –  бұл  міндетті 
жақсы тарихшы мұғалім ғана орындайды – деп жауап беруге болады.   
11-сыныпта  Қазақстан  тарихынан  сабақ  беретін  жақсы  мұғалімнің  бейнесін 
былайша  елестетуге  болады.  Сыныптағы  барлық  оқушының  жүрегіне  жол  табу,  ол 
үшін ӛз Отаныңның тарихын барынша құрметтейтініңді, оны терең  де, жан-жақты 
білу үшін бар күш-жігеріңді жұмсайтыныңды, осы курстың мазмұнын шәкірттеріңе 
терең  де,  берік  меңгерту  үшін  ӛз  міндетіңе  үлкен  жауапкершілікпен  қарап, 
еңбеккерлікпен  қызмет  ететініңді,  шәкірттеріңе  терең  білім  беруге  әдіскерлік 
ӛнеріңді  үнемі  асқан  шеберлікпен  қолданатыныңды  шәкірттерің  күн сайын  байқап, 
сезіп отырса, мұндай ұстазды да, ол сабақ беретін пәнді де оқушылар құрметтейді. 
Шәкірттер  ұстаздың  қамқоршы,  әділ  талапшыл,  жан-жақты  білімді,  сабақты 
түсінікті  де  тартымды,  сезімге  әсер  ететіндей  етіп  қызғылықты  баяндағанын 
қалайды.  Ӛзін  шәкірттермен  тең  ұстайтын,  ӛздерімен  еркін,  ашық  пікір  алысатын, 
керек  кезінде  ақыл-кеңес  бере  алатын  т.б.  тамаша  адамгершілік  қасиеттері  бар 
мұғалімді  оқушылар  сыйлайды,  құрметтейді,  оның  тапсырмаларын  барынша  дер 
кезінде, ұқыпты орындауға күш салады.   
Жаңа  оқулықтың  ерекшеліктері.  Жалпы  білім  беретін  мектептің 
жаратылыстану-математика  бағытындағы  11-сыныбына  арналған  бұл  оқулықтың 
ерекшеліктері мыналар:  
1.  Бағдарлама  бойынша  осы  сыныпта  Қазақстан  тарихын  оқытуға  34  сағат 
берілген, ал оқулықтың кӛлемі 14 баспа табақ. 
Негізгі  мәтін  оқулықта  жетекші  орын  алады.  Ол  дидактикалық,  әдістемелік 
жағынан барынша ойластырылып, жүйелі жазылған. Қосымша мәтінге тарихи және 
басқа  да  құжаттар,  кӛркем  шығармалардан,  естеліктерден,  ғылыми  кӛпшілік 
әдебиеттерден  алынған  үзінділер  ендірілді.  Бұл  мәтіннің  құрамында  жеке 
қайраткерлер  туралы  ӛмірбаяндық,  сондай-ақ  ғылымтанушылық  материалдар  да 
кездеседі.  Мұның  да  ӛзіндік  себебі  бар.  Осы  курс  бойынша  дайындалған 
хрестоматияда  нақты  тарихи  құжаттардан  гӛрі  жеке  тарихи  оқиға  мен  тарихи 
қайраткерлер  туралы  сипаттамалық  материалдар  басым.  Оқулық  авторлары  оған 
қосымша материал іріктегенде осы жағдайды ескерді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.  Хабаршы  №2 (2), 2007. 
 

2.  Оқулықтағы  34  параграфтың  әрқайсысы  бір  сабаққа  лайықталған,  2  –  3 
сабақты  қайталауға  қалдыру  қажеттігін  ескерсек,  негізгі  мәтіннің  ӛзіне  уақыт 
жеткізу  қиындығы  туады.  Осыған  байланысты  мынадай  әдістемелік  ұсыныстарды 
ескерген  дұрыс.  Біріншіден,  жоғары  сынып  оқушыларының  білім  кӛлемі  мен 
дайындық дәрежесінің жақсы екендігін, екіншіден, педагогикалық технологияларды 
тиімді пайдалана отырып, оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерінің 
ең  нәтижелілерін  пайдаланған  дұрыс.  Мәселен,  дұрыс  ұйымдастырылған  бір 
мектептік семинарда 2 сабақ материалын ӛтуге болады. Немесе кӛлемді тақырыпты 
7-8  сабақ  етіп  ӛтпей-ақ,  блоктық  тақырыптық  жүйемен  5-6  сабақта  да  ӛте  аламыз. 
Осылайша  оқулықтың  негізгі  мәтінін  пайдалануға  шығармашлықпен  қарап,  негізгі 
мәтінді толық ӛтуге де, қайталау сабақтарына да уақыт табуға болады. 
3.  Ұстаздар  оқулықта  келтірілген  қосымша  мәтіндерді  де,  безендіру 
құралдарын  (суреттер,  карталар)  да,  әрбір  параграф  пен  тақырыпқа  қосымша 
берілген  метериалдар  бойынша  қойылатын  сұрақтарды  да  оқыту  процесінде  үнемі 
пайдалану  жолдарын  қарастырғаны  дұрыс.  Қосымша  материалдың  молдығы  және 
сипатының  түрліше  болуы  олардың  бірқатарымен  оқушылардың  сабақ  үстінде, 
сабақтан тыс уақытта да ӛздігінше жұмыс орындауына мүмкіндік береді. 
4.  Оқулық  авторлары  мектеп  оқулықтарына  қойылатын  талаптарды 
мүмкіндігінше  ескеріп  отырды.  Соның  бірі  –  оқулыққа  берілген  кіріспе.  Ол 
оқушыларды  оқулықтың  мазмұнымен,  оның  түрлі  ерекшеліктерімен  және  де  оны 
оқып-меңгеру жолдарымен таныстырады. Бірқатар тақырыптардың бас жағында сол 
тақырыптарға  да  кіріспе  берілген.  Оларда  сол  тақырыптың  негізгі  мазмұны, 
оқушылардың кӛңіл аударатын мәселелері, кейбір оқиға туралы балама кӛзқарастар, 
осы тақырыптың зерттелу жайы баяндалады.  
5.  Оқулыққа  қоса  беріліп  отырған  оқу-әдістемелік  кешен  туралы.  Тарих 
бағдарламасындағы  оқушылардың  біліміне,  тәрбиелілігіне,  таным  қызметінің 
дамуына  қойылатын  талаптарды  ойдағыдай  орындау  үшін  оқулыққа  қоса  оқу-
әдістемелік  кешендер  (ОӘК)  болуы  қажет.  11-сынып  үшін  де  тарихтан  оқулыққа 
қоса үш-үштен қосымша құрал дайындалды. Олар: 
Әдістемелік  нұсқау.  Бұл  құралдың  құрылымы  мен  мазмұны  бұрынғылардан 
ӛзгешелеу. 
Алғашқы  «Кіріспе»  бӛлімнің  бірінші  тақырыпшасында  осы  курстың  мазмұны 
мен  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  міндеттері  қысқаша  ашылып  кӛрсетіледі. 
«Кіріспенің»  осыдан  кейінгі  негізгі  тақырыбы  «Курсты  оқытудың  ӛзекті  ғылыми 
әдістемелік мәселелері»  деп аталады. Осы тақырыптың құрамында беріліп отырған 
тақырыпшаларда  осы  курсты  оқудың  ең  ӛзекті  мәселелері  –  Қазқстан  тарихын 
оқытудың  әдіснамалық  мәселелерінен,  жаңа  оқулықпен  оған  қоса  беріліп  отырған 
оқу-әдістемелік  құралдарды  пайдалануға  дейінгі  маңызды  оқыту  процесінің,  оқыту 
формалары мен әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары баяндалады. Осы нұсқаулар 
мен  ұсыныстар  мұғалімдерде  шығармашылық  шабыт  туғызуы  тиіс,  олардың 
әдістемелік  идеяларын,  жобаларын  жетілдіруге,  ұштай  түсуге  себін  тигізеді.  Сол 
әдістемелік ұсыныстармен мұқият танысқаннан кейін кейбір ұстаз сабақ жоспарын, 
оларды  ұйымдастыру  жобаларын  шығармашлықпен  ойланып  басқаша  жасауы 
мүмкін.  Осындай  жағдайларды  ескере  отырып,  авторлар  оқулықтағы  сегіз  тарауды 
(тақырыпты) оқытудың тақырыптық-сабақтық үлгі жоспарларын түрлі нұсқалармен 
ұсынуды жӛн кӛрді. 
Бірінші  тарудың  алғашқы  үш  сабағын,  тақырыпқа  берілген  кіріспені  қоса  үш 
сабақта ӛткен дұрыс және біз оларды дәстүрлі тарих сабақтарының типтерімен ӛткен 
тиімді  деп  есептейміз.  Осы  сабақтарда  ұстаз  шәкірттерімен  жақынырақ  танысады, 
оқытудың  қандай  формаларын,  әдіс-тәсілдерін  қолдайтындығын  байқайды,  білімі 
мен біліктілік деңгейлерін де аңғарады. Осыған орай біз үш сабақтың қысқартылған 

Казахский государственный женский педагогический институт. Вестник №2(2), 2007. 
                       

сұлбалық  жобасын  ғана  ұсынамыз.  Сабақтың  ішкі  құрылымын  жобалауды 
мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне қалдырамыз. 
Мұнан арғы сабақтардың үлгі жоспары түрліше. 
Осы  алғашқы  тараудың  қалған  он  сабағын  блоктық-тақырыптық  тәсілмен 
жоспарлап,  8-9  сағатта  ӛтуге  болады  деп  есептейміз.  Ал  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
қозғалыс  тақырыбын  оқулықтың  кіріспесінде  және  оқулықта  сол  тақырып  туралы 
берілген нұсқауларға сәйкес ӛткен дұрыс. Бұл сабақтар туралы үлгі-жоспарда нақты 
ұсыныстар беріледі. 
Оқулықтың  екінші  (§§14-17),  үшінші  (§§18-20)  және  тӛртінші  (§§21-23) 
тараулары  сабақтарының  толық  жоспарлары  беріледі,  бірақ  ол  жоспарлардың 
негізіне  түрлі  шығармашылық  сұлбалар,  тірек  дабылдар,  интерактивті  әдістер 
сияқты оқытудың педагогикалық технологиялары алынған. 
Бесінші  (§§24,  25),  алтыншы  (§§6,  27)  және  сегізінші  тараулары  (§§30–34) 
сабақтарының толық үлгі жоспарлары ұсынылады. Оларда оқытудың дәстүрлі және 
дәстүрлі  емес  формалары  мен  әдіс-тәсілдері  қатар  пайдаланылады.  Ал  жетінші 
тараудың  сабақтарын  (§§28-29)  мұғалімнің  ӛздігінше  шығармашылықпен  ӛткізуіне 
қалдырдық. 
Екінші қосымша құрал «Дидактикалық материал». Мұнда оқулықтағы барлық 
сабақтар бойынша оқушылардың ӛздігінше орындауына арналған түрлі сұрақтар мен 
тапсырмалар  жинақталған.  Олармен  оқушылар  мұғалім  берген  нұсқаулар  негізінде 
сабақ  үстінде,  сабақтан  тыс  уақытта  да  ӛздігінше  жұмыс  істейді.  Тапсырмалар 
сипаты  түрліше:  сӛзжұмбақ,  чайнворд,  жеке  қайраткерлер  қызметіне  баға  беру, 
тақырыптар бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне арналған сұрақтар, т.б. 
Үшінші қосымша құрал – «Қазақстан тарихы хрестоматиясы». Оған негізінен 
80-ге  жуық  тарихи  құжаттар  енгізілген.  Оқулықтағы  және  хрестоматиядағы 
қосымша  материалдың  жалпы  кӛлемі  17  баспа  табақ  шамасында.  Бұл  деректер 
тиімді пайдаланылған жағдайда оқу бағдарламасында кӛрсетілген кез келген негізгі 
мәселені жан-жақты әрі терең оқытып-үйретуге мүмкіндік береді. 
Қорыта  айтқанда,  оқулыққа  қоса  беріліп  отырған  үш  құрал  мұғалімдер  мен 
оқушыларға  нақты  кӛмек  беру  мақсатын  кӛздейді.  Оларды  барынша  тиімді  әрі 
шығармашылықпен  пайдалану  ұстаздардың  әдіскерлік  шеберлігін,  оқушылардың 
білімі мен біліктілігін арттыруға лайықты үлес қосады. 
Кейінгі  жылдары  халқымыздың,  ұлтымыздың  мәдениетін,  тілі  мен  тарихын 
зерделуде,  осы  бағыттағы  ұлттық  құндылықтарды  жинақтап,  бүкіл  жұртшылықтың 
игілігіне  айналдыруда  маңызды  да  ауқымды  жұмыстар  жүзеге  асуда.  Мысалы 
«Мәдени  мұра»  бағларламасы  мен  Мемлекеттік  тілді  дамыту  туралы  құрылған 
Үкіметтік  комиссияның  қызмет  нәтижелері  аса  маңызды.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жӛніндегі Қоғамдық кеңестің 
қорытынды  отырысында  жасаған  баяндамасында  осы  бағдарлама  бойынша  2004-
2006 жылдары жүзеге асқан қыруар жұмыс нәтижелерін бақайшағына дейін талдап 
берді.  «Бағдарлама  аясында,  -  деді  Президент,  -  218  аталым  кітап  шығарылды, 
олардың  арасында  тарих,  археология,  этнография  бойынша  бірегей  сериялар,  жаңа 
энциклопедиялық  сӛздіктер  бар»  /9/.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  мұнан  арғы  сӛзінде, 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  ӛз  жұмысын  жалғастыра  беретініне,  әлі  де  тамаша 
құнды  кітаптар  ӛмірге  келетініне  назар  аудара  отырып,  олардың  барлық 
кітапханаларда  болу  қажеттігін  және  оны  іске  асыру  жолдарын  да  кӛрсетіп  берді. 
Студенттеріміз  бен  оқушы  жастарымыздың  мәдени  мұра  шығармалары  мазмұнын 
терең  білуі  қажеттігіне  назар  аудара  келіп,  олардың  жоғары  және  орта  мектептің 
оқулықтары  мен оқу бағдарламаларына енуі үшін жұмыс атқару айрықша маңызды. 
Бұл Білім және ғылым министрлігінің мәселесі – деп қадап айтты Елбасы. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.  Хабаршы  №2 (2), 2007. 
 
10 
Ӛз баяндамасын мынандай ойлы сӛздермен аяқтаған Елбасының қорытындысы 
қай қазақты болсада тебірентеді: 
«Ата  бабаларының  асыл  сӛзін  жүз  томға  жинап,  бастырып  шығаратын  ел  – 
бақытты ел, бақуатты, болашағы кемел ел. Қазақ елі – сондай ел. 
Әлем  әдебиетіндегі  әйгілі  жүз  кітапты  емін-еркін,  жатық  етіп  аударып,  бар 
баяуымен,  ӛзгеше  ӛрнегімен  тӛгілтіп  түсіретін  тіл  –  қуатты  тіл,  құнарлы  тіл, 
құдыретті тіл. Қазақ тілі – сондай тіл» (бұл да, сонда). 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  жарық  кӛрген,  келешекте  де  баспадан 
шығатын  ұлттық  рухани  құндылықтарымызды  жоғары,  орта  оқу  орындарындағы 
Қазақстан  тарихы  пәнінің,  соның  бірі  біз  әңгіме  еткен  курстың  дәрістерінде, 
сабақтарында үнемі, әрі тиімді пайдалансақ, жастарымыз білімді, саналы, нағыз ұлт-
елжанды азаматтар болып шығатынына күмән жоқ.                    
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан Респкбликасы Білім және ғылым министрлігінің 18.10.2005 ж. №672 
бұйрығы. 
2.
 
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттары. А., 2002; «Тарих» оқу пәні, 243 – 262 б. 
3.
 
Т.Тұрлығұл,  Ж.Таймағанбетов,  Б.Адырбек.  Ежелгі  Қазақстан  тарихы.  5. 
«Атамұра», 2005, 2-басылымы, 4-бет. 
4.
 
Бағдарламалар, Қазақстан тарихы, 10 – 11, Алматы, 2006. 
5.
 
Т.Тұрлығұл, 
С.Жолдасбайұлы, 
Л.Қожакеева. 
Қазақстан 
тарихы, 
11. 
Жаратылыстану-математикалық бағытына арналған. «Мектеп», А., 2006.  
6.
 
Т.  Тұрлығұл,  Қ.  Адамбосынов,  М.  Райымбекова.  Қазақстан  тарихы,  әдістемелік 
нұсқау,  жаратылыстану-математикалық  бағытындағы  11-сынып  мұғалімдеріне 
арналған. Алматы, 2006. 
7.
 
Р.Құсайынова.  Қазақстан  тарихы,  дидактикалық  материал,  жаратылыстану-
математикалық бағытындағы 11-сыныпқа арналған А., 2006. 
8.
 
Қазақстан  тарихы,  Хрестоматия,  жаратылыстану-математикалық  бағытындағы 
11-сыныпқа  арналған.  Құрастырушылар:  Қ.Ж.  Адамбосынов,  Р.Б.  Ахметова. 
«Мектеп», Алматы, 2006. 
9.
 
Н.Назарбаев: 
«Мәдени 
мұра» 

мемлекетің 
соны 
стратегиялық                  
ұстанымы. // Ана тілі, Ақпанның 15-і – 21-і Ит жылы, 2007. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статъе  анализируются  научно-методические  особенности  нового 
профильного курса по истории Казахстана для 11 класса. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  жалпы  білім  беретін  мектептің  11  сыныбына  2007-2008  оқу 
жылында  жаңадан  ендірілетін  Қазақстан  тарихының  бағдарлы  курсының  ғылыми-
әдістемелік ерекшеліктері талданады.      

Казахский государственный женский педагогический институт. Вестник №2(2), 2007. 
                       
11 
ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал