Ұсынылып отырған нұсқаулық 2014-2015 жылдары "Өрлеу"



жүктеу 0.72 Mb.

бет4/8
Дата22.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

      Сұхбаттасуды ұйымдастыру: көмекшілер əр отбасына жеке-

жеке кіріп-шығуына болады, немесе екі немесе одан да көп отбасын 

жинау арқылы өткізе алады. Əр тəсілдің өз артықшылықтары мен 

кемшіліктері бар. 

      Отбасымен жеке жұмыс туындаған сұрақтардың барлығын 

анықт ауға, ашық əңгіме жүргізуге, барлық отбасы мүшелерін, 

жасөспірімдерді қоса алғанда, белсенді талқылауға тартуға мүмкіндік 

береді жəне сенімді қарым-қатынастың  берік негізін қалыптастырады.

      Алайда, талқылау тақырып шеңберінен кетіп қалмас үшін, 

айтарлықтай күш-жігер жұмсау керек болады. Қиын өмірлік жағдайдағы 

адамдарға ілтипатты тыңдаушылар сирек кездеседі. Əлеуметтік саланың 

қызметкерлері көкейкесті мəселелерді көбінесе тыңдайтын жалғыз 

аудитория. Əңгімені уақытында арнасына қайтарып алу, эмоциялар 

қызуын төмендету маңызды (қо сымшада бұл тақырып бойынша 

ұсыныстар берілген). Бұл үшін қай тақырыпқа сөйлесіп отырғанды еске 

түсіретін бағыттаушы сұрақтар қолданылады ("Сізге ыңғайлы жұмыс 



туралы сұраққа қайта оралайық", "қызыныздың ажырасып кеткені сізге 

қатты әсер еткенін мен түсінемін, бірақ қазіргі  уақыт туралы 

сөйлесейік - қызыңыз жұмысқа шығу үшін қазір не істей аламыз?").  

       Бірнеше отбасымен жұмыс жүргізу 

      Бір жағынан бір отбасымен кездескендегідей ашық сөйлесуге 

мүмкіндік болмайды. Екінші жағынан, қатысушылар өздері ойланбаған 

сұрақтарға жауап алып, ақпараттан көбірек пайда көреді. Бірнеше 

отбасылармен жұмыс істеудің тағы да бір артықшылығы – ол, сұхбатқа 

қатысушылар басқа адамдармен ұқсас проблемалары бар екендігін, 

өздері де – жалпы бейненін бөлігі екендерінін түсінетіндігі, жəне де 

олардың проблемалары ақырында шешімін табатындығы туралы 

сенімділігі артады. Бірнеше отбасымен сұхбат кезінде бойкүйез 

адамдарды талқылауға тартуға ұмытпаңыз, оларға да сұрақ қойып, 

өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріңіз. Бұл өте маңызды, өйткені 

топта əрқашан ең болмағанда бір аса белсенді қатысушысы болады, 

жəне де егер Сіз жиналысты "дирижерліқ етпесеңіз", ол сол адамға 

арналған трибунаға айналуы мүмкін. Егер біреу сұрақ қоюға тырысып, 

бірақ басқа адамдар оның сөзін бұзып отырғанын көрсеңіз, оған тікелей 

сұрақ қойыңыз (Ақмарал, Сіз бірдеңе сұрағыңыз келді ме? Марина, 



Тимур Болатұлына сұрақ қоюға мүмкіндік берейік. Ботагоз, бұл жайлы 

Сіздің сұрақтарыңыз бар ма?)               

         Н А З А Р  АУД А Р Ы Ң Ы З .  Қ е ң е с  б е р у  к е з і н д е г і д е й 

қатысушылардың есімін атаған жөн. Сондықтан, əңгіме алдында 

өзіңіздің есіміңізді атап жəне де қатысушылармен дұрыстап танысып 

алуға уақытты үнемдемеңіз. Барлық есімдерді есте сақтап қалу үшін 

өзіңіздің блокнотыңызда қатусышарды отырғызу сызбасын жасап, олар 

өздерін таныстыру барысында есімдерін жазып, бір отбасы мүшелерін 

бір сұлбамен төменде көрсетілгендей айналдыра қоршап кою керек.  

Марина Сергей  Петрович

Курманб

ек

Аскар



Фариза

Г

алия



Куралай

Р

аиса



Т

имуровна


Руслан

       Шектеулер: белсенді қатысушылықты қамтамасыз ету жəне əр 

адамға дұрыс көңіл бөле алу үшін қатысушылар саны 12-15 адамнан 

немесе 5-8 отбасынан аспау керек.


      Жеке сұхбат ұзақтығы: бір немесе бір жарым сағаттан аспау 

қажет. Əңгіме жараспай жатса – қатысушылар ашық сауалдарға жауап 

бермесе («ия» немесе «жоқ» деген емес, кең түрдегі жауаптар), өз 

пікірімен бөлісуге ұялса, əңгімені доғарып, келесі күнге қалдырған жөн. 

Өте жиі бірінші ретінде əңгіме жараспаған жəне "Өрлеу" жобасына 

қатысудан бас тартқан отбасы, ауылда неме се аудандағы басқа 

отбасылардың ШАҚ-қа қатысып жақсы нəтижелерін көргеннен кейін, 

ауыл əкіміне немесе ЖҚЕƏББ-не өздері жүгінеді.

Т ө м е н д е   Ш А К 

бағдарламасына қатыса 

а л а т ы н   б і р   н е м е с е 

бірнеше отбасылармен 

сұхбаттасудың сценарий 

ү л г і с і   ( м ұ н д а й 

сценарийлер алуан түрлі 

б о л у ы   м ү м к і н ) 

келтірілген.        

Каплат оқиғасы

Каплат, Қытайдан көшіп келген əйел, 3 

баласы бар. «Орлеу» жобасы аясында 

басында қоғамдық жұмыстарды істеп, 

сонынан тұрақты жұмысқа орналасты.  

ШАК жəрдемақысы мен тұрақты жұмыс 

еңбекақысын қосқандағы сомаға (45 мың 

теңге) теріні өңдеуге арналған жабдықты 

жəне тігін машинасын сатып алды. 

Ақмола облысы

      Сұхбаттасудың мақсатын таныстыру. Сұхбаттасудың мақсаты 

туралы айтып кетіңіз. "Өрлеу" жобасының ШАК бағдарламасына 

қатысу арқылы отбасының тұрмыс деңгейін жақсартуға жəне 

табыстарын арттыруға  туатын мүмкіндіктер жайлы талқылаңыз. 

"Өрлеу" жобасындағы көмекшілердің рөлі жайлы түсіндіріңіз.  

       Отбасының бүгінгі таңдағы табысын талдау.

      Еңбекке жарамды отбасы мүшелерімен мүмкін болатын табыс 

көздері жайлы талқылаңыз.



Олардың білім деңгейі қандай?



Тұрмыс деңгейі қандай? Айына шамамен қанша табыс 

табады? (қаншадан қаншаға дейін? Мысалы, 50 мыңнан 70 

мыңға дейін...)



Б ү г і н г і  т а ң д а  ж ұ м ы с қ а  о р н а л а с у ғ а  қ а н д а й 



мүмкіндіктері бар?



Ол жерде қанша төлейді? 



Бүгінгі таңда жұмысқа орналасуға қандай кедергілер 

бар?



Отбасы мүшелеріне табыс табуға тағы қандай жолдар 



бар? (дағды, кәсіп, қолдан келетін өнер-шеберліктері, әуес 

істері (хобби))

Отбасы табыстарын картаға түсіру кестесі (толтыру үлгісі)

Табыс табудың 

кəдімгі көздері

Осы табыс көзінен 

отбасы қанша табыс 

алады 

(тенге айына)

Тұрақтылықты 

/сенімділікті бағалау

1-ден 5-ке дейін, мұнда 1 – 

сенімсіз, кездейсоқ табыс 

көзі, 5 – сенімді, тұрақты 

табыс көзі

АƏК, МБТЖ

6 500

1-2-3-4-5



Жалақы

22 000


1-2-3-4-5

Қосымша табыс 



1-2-3-4-5

Жер учаскесінен 

алынған өнімдерді 

сату


1-2-3-4-5

1-2-3-4-5

1-2-3-4-5

1-2-3-4-5



Барлығы

Бағалар саны 3-тен артық

28 500

      Қатысушыларға "Өрлеу" жобасы туралы айтып беріңіз, «жиі 



қойылатын сауалдар» тарауын пайдаланып, қойылған сұрақтарға жауап 

беріңіз.  Əңгімелесу кезінде істелінген жаттығуларға қайта оралыңыз. 



1. 

Отбасы табыстарын арттыру үшін ең алдыңғы  

           қадам ретінде не істеу керек еді?

2. 

Бүгінгі таңда қандай кедергілер бар? 

3. 

Не көмектесер еді?

4. 

Пайда болған идеяларды талқыласақ, жетістік 

қандай болар еді?

      Мүмкіндігінше әңгіменің мазмұнын Сұхбаттасу Парағына 

жазып отырыңыз, әлеуметтік келісім-шарттың мазмұны жайлы өз 

ұсыныстарыңызды  бергенде қажет болады. 

       3 ҚОСЫМША 

А Ə К   П Е Н   Ш А К   А Р А С Ы Н Д А Ғ Ы 

АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ

      (Есептеулер 2015 жылы белгіленген ең төменгі күнкөріс 

деңгейі үшін жасалды).

       (Құрамында 6 мүшесі бар отбасы, əкесі еңбекке жарамды, 

анасы 3 жастағы баланы бағумен айналысуда).

АƏК үлгісі 

Отбасы табысы айына 27 120 



т е ң г е ,  6 - ғ а  б ө л е м і з ,  а д а м 

басына 4520 теңгеден шығады. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен 

4 0  п а й ы з д ы  ш е г е р г е н д е г і  

айырмасы:

( 8 5 4 5 - 4 5 2 0 )  т е ң г е    =  а д а м 

басына 4025 теңге

Əкесі жұмысқа орналаспайды, 

сондықтан АƏК алуға құқылы 

тек 5 адам ғана е с ептеледі: 

5*4025 = 20125 теңге.



МБТЖ мөлшері 1982 теңге 

бір балаға. 

Отбасы а латын ақшаның 

мөлшері: 22107 теңге

ШАК үлгісі

О т б а с ы  т а б ы с ы  а й ы н а ,  б і р 

адамға, 4520 теңге. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен 

6 0  п а й ы з д ы  ш е г е р г е н д е г і  

айырмасы:

(12818 – 4520) = 8298 теңге бір 

адамға

Əкесі 20 000 теңге жалақыға 

жұмысқа орналасты .

ШАК барлығына есептеледі:

8298*6= 49788 теңге

20000 (жалақы)+49788 (ШАК)= 

69788 теңге



МБТЖ мөлшері 1982 теңге бір 

балаға. 

О т б а с ы  а л ат ы н  а қ ш а н ы ң 

жалпы мөлшері – 69788 + 1982 

= 71770 теңге 

ШАК пен АƏК+МБТЖ қосып 

есептегендегі айырмашылық: 

71770 - 22107=  49663 теңге

       4 ҚОСЫМША 

ОТБАСЫ ТАБЫСТАРЫН АРТТЫРУ ҮШІН 

Қ А РА П А Й Ы М  Б И З Н Е С - И Д Е Я Л А РД Ы  Б А Ғ А Л АУ 

МЫСАЛЫ

(көмекті бір мəртелік төлем арқылы тағайындау туралы 

шешімді қабылдау үшін пайдалануға болады)

Қандай ресурстар бар?

Бұл арқылы қалай ақша табуға 

болады?

(Бизнес құру мүмкіндіктері 

туралы идеялар) 

Үй, құрылыстар (сарай, 

шеберхана)

Көлік (автокөлік, мотоцикл, 

велосипед, трактор, т.б.)

Ж а б д ы қ т а р  ( п е ш ,  т і г і н 

машинасы, т.б.)

Құрал-сайман (темір ұстасы, 

ағаш ұстасы, т.б.)

Дағдылар – нені жақсы істей 

аласыз?

Орындала алады деп көрінетін үш идея (үштен артық керек 

емес, талқылау барысында уақытты бос кетірмеу үшін, бір идеяны 

таңдаған жеткілікті).  

Бизнес-идеяны бағалау

1. Қандай іспен айналысқыңыз 

келеді?

2. Тауарды кімге 



сатасыз/қызметті кімге 

көрсетесіз?



3 .  Т а у а р д ы  қ а й д а  с а т ы п , 

қызметті қайда көрсетесіз?

4. 1 айда қанша тауар сатуға 

үміттенесіз? / Сіздің 

қызметіңізді пайдаланғысы 

келетіндердің саны қанша? 

* Оған қалайша көзіңіз жетті? 

5. Қандай бағамен сатасыз? 

* Неге сондай бағамен?

6. Сіздің бəсекелестеріңіз бар 

ма? (мұны сізден басқа біреу 

жасап немесе сатып жүр ме?)

7. Бəсекелестеріңізден немен 

ерекшеленесіз?



Бастапқы капитал мен табысты есептеу

8. Күрделі қаржы шығыны 

(КҚШ)

Не қажет 



болады?

Оның құны 

қанша?

Барлық күрделі 



қаржы шығыны 

(КҚШ):   



9. 1 айлық ағымдағы 

шығындар  (АШ) (4 тарауда 

көрсетілген көлемдегі 

тауарларды жасап шығару 

жəне қызметті көрсету үшін)

Не қажет 

болады?

Оның құны 



қанша?

Барлық күрделі 

қаржы 

шығыны (АШ):



10. Бастапқы капитал (БК)

(Бизнесті бастау үшін қанша 

қаражат керек?)

КҚШ (п.8) + АШ (п.9) = БК

11 . 1 айлық түсім (Т)

(Сатып алушылардан түскен 

ақша)

Тауар санын (С ) немесе 



т

қызмет көлемін (К ) олардың 

қ

құнына (Қ ) көбейту. 



т/қ

С немесе К х Қ =Т

т 

/қ 


т/қ

12. Пайда (П)

 

Пайда = түсім минус (11 т.) – 



АШ (9 т.)

П = Т - АШ



Жобаның 1 жылдағы өтелімділігі

13. 1 жыл бойғы түсім (ТЖ)

Т (11 т.) х 12 ай = ТЖ

14. 1жыл бойғы ағымдық 

шығындар (АШЖ)

АШ (9 т.) х 12 ай = АШЖ



15. 1 жыл бойғы 

АШ (9 т.) х 12 ай 

= АШЖ

 

ТЖ (13 т.) - КҚШ (8 т.) – АШЖ (14 



т.) = ПЖ

Бизнес-идеялар парағын толтыру үлгісі

1. Қандай іспен айналысқыңыз 

келеді?

2. Тауарды кімге 



сатасыз/қызметті кімге 

көрсетесіз?



Саңырауқұлақ (вешенка) өсіру

Қалалық және жергілікті 

тұрғындарға

 Жол бойындағы «Лесная 

сказка» кафесіне тікелей 

жеткізілім 

ұйымдастырамын. Олар 

дайындайтын әр тағамның 

құрамында саңырауқұлақ бар. 

3 .  Т а у а р д ы  қ а й д а  с а т ы п , 

қызметті қайда көрсетесіз?

5. Қандай бағамен сатасыз? 

* Неге сондай бағамен?

4. 1 айда қанша тауар сатуға 

үміттенесіз?/Сіздің 

қызметіңізді пайдаланғысы 

келетіндердің  саны қанша? 

* Оған қалайша көзіңіз жетті? 



Аудан орталығындағы 

базарда, өз үйімізде.

1 кг 500 теңгеден, 

саңырауқұлақтың орташа 

бағасы 

Қ 500


т = 

20 саңырауқұлақ блогы (10 кг-

нан) 1,5 айдан кейін 30 кг 

саңырауқұлақ береді, және де 

келесі екі цикл ішінде -  3 айға 

жуық мерзімде - 30 кг 

саңырауқұлақ береді. Айына 

бір рет жаңа блоктар 

жасаған жағдайда 

саңырауқұлақ өнімі айына 20-

30 кг болады, базарға 

аптасына 1 рет барып, бір 

барғанда 5 кг-нан сатуға 

болады.. 

6. Сіздің бəсекелестеріңіз бар 

ма? 


7. Бəсекелестеріңізден немен 

ерекшеленесіз?



Бар, алайда олар көрші 

ауданнан алып келетіндіктен, 

олардың өнімі қымбатырақ 

Өнімді әйелім шыбықтардан 

жасайтын себеттерге 

саламын. Сонымен қатар 

себеттерге де тапсырыс 

болар

Бастапқы капитал мен табысты есептеу

8. Күрделі қаржы шығыны 

(КҚШ)

Оның құны 



қанша?

Қора бар 

Не қажет 

болады?

Үй-жай

9. 1 айлық ағымдағы 

шығындар (4 тарауда 

көрсетілген көлемдегі 

тауарларды жасап шығару 

жəне қызметті көрсету үшін)



0

Құны қанша?



0 теңге, тегін 

алуға болады

400 тг 1кг * 2 

= 800 тг

Барлығы, 

күрделі қаржы 

шығыны 


(КҚШ) 

Не қажет 

болады?

Үгінділер, 

жоңқа

Жіпшумақ 

(Мицелий), 

айына 2 кг (бір 

блокқа 100 гр)


10. Бастапқы капитал (БК)

(Бизнесті бастау үшін қанша 

қаражат керек?)

Ауданға 

жеткізуге 

қатысты 

шығындар 

(бір барғанға 

300 тг)

300 тг * 2 * 4 

= 2400 тг

Ағымдағы 

шығындар, 

Барлығы (АШ)  

3 200 тг

КҚШ 0 тг + АШ  3 200 тг = 3 200 

тг

11 . 1айлық табыс түсім (Т)



(Сатып алушылардан түскен 

ақша)


12. Пайда (П)

Т  25 кг х  Қ 500 тг = Т 12 500 тг

с

т 

Т 12 500 тг - АШ 3 200 тг = П 9 300 тг



Жобаның 1 жылдағы өтелімділігі

13. 1жыл бойғы түсім (ТЖ)

14. 1жыл бойғы ағымдық 

шығындар (АШЖ)

15. 1 жыл бойғы пайда (ПЖ)

Т 12500 тг х 12 ай = ТЖ 150 000 тг

АШ 3 200 тг х 12 ай = АШЖ 38 400 

тг

ТЖ 150 000 тг – КҚШ 0 тг - АШЖ 



38 400 тг = ПЖ 111 600 тг

Бұл жоба 1жылдың ішінде жақсы өтімділікті көрсетеді, себебі 

күрделі қаржы шығынын талап етпейді, егер субстратқа қажеттінің 

барлығын (үгінділер, жоңқа, қауыз, т.б.) тегін алуға мүмкіндік болса.

      5 ҚОСЫМША 

Б а с т а п қ ы  ш ы ғ ы н д а р д ы  а з  т а л а п  е т е т і н  б и з н е с - и д е я л а р 

(талқылауға ұсынылатын мысалдар) 

      (интернет-сайттарындағы шығындарды аз талап ететін 

шағын бизнес туралы деректері бойынша)

       ЖЕРҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ГИДРООҚШАУЛЫҚ

Менің көлікжайым өзен жағасында – көктемде жоғары көтерілетін жер 

асты сулары жерқойманы алып кетеді – барлық қысқа дайындалған 

тұздықтарды жəне басқа да қорларды жоғарыға шығару керек. Ал кешкі 

аяздан картоп үсіп, банкалар жарыла бастайды – тура жыларман 

б ол а с ы ң .  Б ы л т ы р  же р қ о й м а м а  А к ват р о н - 6  қ ұ р а м ы м е н  т ұ т а с 

гидрооқшаулық жасаттым. Биылғы көктемде  жерқоймам құрғақ болып 

шықты, ешнəрсені сыртқа шығарудың қажеті болған жоқ. Көлікжай 

кооперативіндегі барлық көршілеріміз келіп, менің жерқоймама 

қызығып, таңқалды. Ал жазда кооперативте бригада құрып, қалаған 

адамдардың барлығына тура сондай гидрооқшаулық жасадық. Ал 

ондайды қалаушылар 100% болып шықты, себебі əркімге өз дүниесі 

қымбат қой. Қызметіміз үшін көп ақша алған жоқпыз, көрші ретінде. 

Дегенмен жазғы демалысымда 150 мың табыс таптым. Айтпақшы, біздің 

қалада жерқоймаларында гидроқшаулық жасау қызметін ұсынатын 

фирмалар жоқ. Ғаламтордан қарап едім, арнайы фирмалар осындай 

қызметке сұмдық көп қаражат сұрайды – бір шаршы метрге 10 000 теңге. 

Ал бұндай жұмысқа əрі кетсе – 500 теңге, сосын материалдарға 1000 

теңге, оған қоса, құрылысшылардың дəстүрі бойынша, қызметі үшін де 

сонша ақы. Технологияның түк қиындығы жоқ, өндірушінің сайтында 

қажет мəліметтің бəрі бар. Фирмалар, халық ақпаратсыз болғандықтан, 

қымбат сұрайды.



СА М СА Д А Н  Б АС ТА Ғ А Н  Б Ы З ,  Е Н Д І  Р Е С Т О РА Н 

АШУДАМЫЗ

"Бізбен болған оқиға былай. Жұмыста соңғы рет жалақыны толығымен 

қашан алғанымызды ұмыттық. Жолдасымды жұмыста қысқартып, ол 

жұмыс іздеуді қойып, ішімдікке салынды. Қызым, онсыз да жамаудан 

көз ашпаған етігін қайта жаматуға ақша сұрады,  мұздатқыштың ішінде 

түк жоқ.


Құрбыммен ас үйге барып, шəй демдеп, басқа түскен жағдайды 

қозғауға еш ықыласымыз жоқ екенін түсіндік. Дегенмен бір шешімі болу 

керек қой! Жүрегінің соңғы дүрсіліне дейін адам деген мойымау керек! 

Сосын біз қолымыздан жақсы келетін істі жасауға бел будық. Ал ең күшті 

өнеріміз – бəліш пен самса пісіру еді. Самса пісіруден бастадық. Кешке 

нан ашытып, таңертең орамжапырақ салған самсаны қуыра бастадық та, 

киім базарындағы сатушыларға апарып, саттық. Таза ауада қарындары 

ашып қалған адамдар біздің самсаны сатып алып, жеп, мақтау сөздер 

айта бастады. Бірте-бірте "клиенттеріміздің" өтініші бойынша біз өнім 

түрлерін кеңейте бастадық: алма да кетті (сол жылы алма көп өніп-

шыққан еді), алма қосылған самса, бəліштер де кетті. Қысқа дайындық 

ретінде алмадан көп повидло жасап та қойдық. Ісіміз алға басты. 

Біраз уақыттан кейін өзіміз секілді жұмыссыз отырған екі адамды 

көмекші етіп алдық. Соның арқасында базарға енді, самсадан өзге, салат, 

үстіне сорпа құйып ұйытылған ет (заливной), жаншылған ет сияқты 

тағамдар да  жеткізілетін болды. Киім базарында бізді көп адам тануға 

айналды, жəне басқаларға да біз туралы, біздің дəмді тағамымыз туралы 

айтуға шықты. Бір рет бізге əдемі киінген бір ер адам жақындап, 

мерекелік дастарханға бірнеше тағам түрін дайындауға өтініш білдірді: 

салаттар, бəліштер, қыздырып пісіретін ет. Оның бəріне əжептəуір дұрыс 

ақша төлейтінін айтты. Біз келісіп, қолдан келген бар өнерімізді салдық – 

дастархан керемет болып шыға келді! Келген жұрттың барлығы өте риза 

болып, фирмаларында тағы да бір мерекеге орай осындай дастархан 

дайындап беруді сұрады. Кейін біз олардың қызметкерлеріне түскі ас 

дайындайтын болып келістік. Қазір біз ас үйге жаңа жабдық сатып алдық 

Өз еңбегімізді механикаландырдық дегендей... Үлкен үстелдер қойып, 

миксер, жеміс турағыштар, сорғыштар (асүйдегі тамақтың иісі басқа 

бөлмелерге шықпас үшін, кілемдер мен жұмсақ жиһаздарға сіңіп кетпес 

үшін) орнаттық.

Б і з  ту р а л ы  б а с қ а  ф и рм а л а р  д а  е с т і п ,  ө зд е р і н д е  б а н ке т т і к 

дастархандар жасауын өтінді. Қазір біз тек банкет ұйымдастырумен ғана 

айналысамыз. Əрине, сіздің еңбегіңізді бағалау үшін, оған жақсы 

төлемақы алу үшін, күш-қуатты да, азық-түлікті де аямау керек. Біз не 

істесек те, адал істейміз. Соның арқасында ақша да келе бастады.

Менің бизнесімнің өсіп-өніп жатқанын көріп, менің жолдасым да 

ішімдігін қойып, бізге көмектесіп жүр қазір. Пайдаланылған болса да, 

көлік сатып алып бердім оған. Ол базарға азық-түлік алуға барады, 

дайын тағамды фирмаларға жеткізеді, сол үшін, əрине, өз еңбекақысын 

алады. Ішімдікке салынатын уақыт та жоқ; оның үстіне күні бойы көлік 

жүргізеді. 



       КИІМ ТІГУ 

Бұйыртып, менің ойлап жүрген ойым кəсіби дағдыларымды 

жүзеге асыруға септігін тигізді. Оған көмек болған "Менеджмент"  

мамандығы бойынша жоғары білімім жəне оған қосымша үйде алған 

білімім де бар. Менің əжем кəсіби тігінші болған, сондықтан мен бала 

кезімнен бастап тігін өнерін тамаша меңгердім.

      Мен жұмыстан кеткен кезде, «енді немен айналысам, өз өнерім 

мен білімімді қайда жұмсаймын» деп көп ойландым. Жұмысқа 

орналасуға тырысып едім, жақпаған кейбір жақтары болды. Өз 

бизнесімді бастау үшін қаражат жетіспеді. Алайда құр қол қусырып, 

бекер отырмас үшін мен таныстарымнан киім тігуге тапырыстар ала 

б а с т а д ы м .  Ө з  е ң бе г і м д і  ө т е  қ ы м б ат  б а ғ а л а ғ а н  жо қ п ы н  ( т і г і н 

ательелерімен салыстырғанда, шамамен 30-40 пайызға арзанырақ). 

Сондықтан болар, менің таныстарым өз таныстарымен бөлісіп, тез арада 

менің клиенттерімнің саны ұлғайғаны сонша, өз анамды жəрдемге 

шақырдым. Менің анам да тамаша тігінші, жəне осы мезгілге дейін өзі 

жеке тігінмен айналысатын (екеуміз бұрыннан бері бөлек тұрамыз). 

Осыған орай, біздің екі ағымдағы клиенттеріміз бір ағымға қосылды.

Қазір біз бизнесімізді кеңейттік. Өзімізге негізге дайындық 

жұмысын атқаратын (үтіктеу, тік қайып тігіс жасау, т.б.) жəне күрделі 

емес бұйымдарды тігетін (белдеше, блузка, шалбар) екі көмекші алдық. 

Менің анам киім пішу мен үлгілеудің міндеттеріне жауапты болды.  Бір 

адам айына 30 мың теңгеге жуық табыс таба алады. Біздің қалашықтағы 

орташа бір айлық жалақы мөлшерінің 25 мың екенін ескерсек, менің 

табысым жаман емес сияқты.

А й ы н а  ж ұ м с а л а т ы н  ш ы ғ ы н д а р д ы ң  қ ұ н ы  –  қ о с а л қ ы 

материалдар: флизелин, желімдеуіш төсем, сутаж, бор, "Бурда", "Бутик", 

"Ателье" тəріздес журналдардың екі-үшеуі - 5 мың теңгеден аспайды. 

Журналдарды мен ай сайын сатып алмаймын, себебі бізде 10 жылдық 

(1990 жылдан бері) журнал жиынтығы бар. Ал жаңа журналдардағы, 

əсіресе "Бурда" журналында, киім үлгілері күнделікті киюге аса 

келмейді, тым ультрамодалы. Жарты жылдан кейін мен өзіме ескі 

"Подольсктің" орнына жаңа "Зингер" тігін мəшінесін сатып алдым, ал 

одан кейінгі жарты жылда жаңа шетелдік оверлок алдым.

Қосқым келетіні, күнкөрістік  табысты тек тігін тігумен ғана 

емес, сонымен қатар, менің, тез жəне əдемі тоқитын, құрбым сияқты 

тапсырыс бойынша тоқыма тоқып табуға да болады. Ол жеңіл жұмыс 

емес, бірақ оны қосымша табыс табу үшін қолдануға болады. Айына 

құрбым 3-4 зат тоқиды, 1 тоқыма жемпірдің құны 3 мың теңгеден . 


басталады Орташа есеппен ол, кешкітұрым теледидардың алдында 

о т ы р ы п ,  а й ы н а  1 0 - 1 5  м ы ң  т а б ы с  ж а с а й д ы .  О н ы ң  т о қ ы ғ а н 

бұйымдарының сапасы өте керемет. Оған тапсырысты көбіне се 

таныстар немесе орташа əулетті адамдар беретіндіктен, ол көбінесе 

балалардың бұйымдарын сөгіп, қайта тоқиды. Мысалы, бір қыз балаға 

сəнді көк түсті жемпір тоқыса, ол тез өсіп, жемпірі тар боп қалады. 

Сосын ол баланың анасы дүкеннен 300 теңгеге бір бума көк тоқыма жіп 

сатып əкеледі. Менің құрбым бұрынғы жемпірді қайта тоқып, арасына 

жаңа көк жіптен əдемі өрнек жасайды. Сол жұмысы үшін құрбым 1 мың 

теңгеге жуық ақы алады. Бір жылдан кейін ол жемпірге ақ жіп қосып, 

əдемілеп өзгертіп тоқуға болады… осылай жасөспірім қыздарға, аз ғана 

қаражат жұмсап, сəнді де ерекше жасалынған бұйымдарды кигізуге 

болады.


 Предлагаемое практическое руководство разработано на основании 

опыта, полученного в процессе пилотного внедрения программы 

обусловленной денежной помощи (далее - ОДП) проекта "Өрлеу" в трех 

областях Казахстана в 2014-2015 годах.  Проект "Өрлеу" – это составная 

часть мероприятий по совершенствованию системы социальной защиты 

нас еления. В 2016 году пилотная ре а лизация про ект а "Өрлеу" 

расширяется на выбранные в каждой области Казахстана пилотные 

районы с тем, чтобы затем выве сти на национа льный уровень 

доработанную программу обусловленной денежной помощи на 

основании социального контракта активизации семьи.

Руководство подготовлено в помощь консультантам по социальной 

р а б от е  и  а с с и с т е н т а м  п р о г р а м м ы  ОД П  в  отд е л а х  з а н я то с т и  и 

социальных программ, ответственных за вовлечение малообеспеченных 

семей и граждан в программу ОДП, сопровождение и поддержку 

социальной активизации семей. Авторы Руководства надеются, что оно 

окажется полезным также и для специалистов отделов занятости и 

социальных программ (далее - ОЗСП), центров занятости, акимов сел и 

с ельских округов и других людей и организаций, связанных с 

различными аспектами социальной защиты населения.

Практическое руководство является вспомогательным материалом к 

« П р а в и л а м  и с п ол ь з о ва н и я  ц е л е в ы х  т е ку щ и х  т р а н с ф е рто в  и з 

республиканского бюджета на 2016 год областными бюджетами, 

бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной 

денежной помощи по проекту «Өрлеу»» (далее - Правила). Оно ни в коем 

случае не заменяет содержание Правил. Если в Руководстве обнаружатся 

разночтения с Правилами, следует руководствоваться содержанием 

Правил. 

Руководство предназначено прежде всего для облегчения работы с 

потенциальными участниками программы ОДП и сопровождения 

семей-участниц на протяжении их участия в проекте "Өрлеу". Как 

правило, информация о новых го сударственных программах в 

социальной сфере публикуется в виде нормативно-правовых актов, 

содержащих большой объем сложной для понимания информации. 

Руководство и разработанные для проекта "Өрлеу" информационные 

материалы призваны помочь в передаче информации населению в 

доступной форме. 

Второй целью подготовки Руководства в 2016 году является 

публикация опыта, приобретенного в процессе пилотного внедрения 

программы ОДП в трех пилотных областях Казахстана – Восточно-

Казахстанской, Акмолинской и Жамбылской. Остальные области 



Казахстана, а также города Астана и Алматы теперь могут опереться 

на опыт предшественников, познакомиться с историями успеха, увидеть 

удачные находки или сэкономить время, воспользовавшись готовым 

решением, уже проверенным в одной из областей. Примеры успешной 

реализации проекта "Өрлеу" и реальные случаи из практики ОЗСП трех 

пилотных областей помещены в Руководстве в виде отдельных вкладок, 

не привязанных к конкретным темам в тексте.

Руководство предлагает общую информацию о проекте "Өрлеу", 

останавливаясь на каждом этапе реализации программы ОДП, от 

информирования населения до мониторинга выполнения условий 

программы. 

Приложение к Руководству содержит вспомогательные материалы, 

призванные облегчить работу с целевой группой. Пользователи 

Руководства смогут получить представление об элементах бизнес-

планирования, познакомиться с примерами низкозатратного малого 

бизнеса, развить навыки проведения интервью, собеседования и 

сопровождения семей-претендентов и участников проекта "Өрлеу". 

Руководство для проекта "Өрлеу" является рабочим документом, по 

мере необходимости в процессе реализации проекта в него будут 

вноситься корректировки и дополнительные рекомендации. Ваши 

комментарии и предложения по улучшению содержания позволят 

подготовить качественные методические материалы для эффективного 

внедрения обусловленной денежной помощи на всей территории 

Республики Казахстан. 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал