Ұсынылып отырған нұсқаулық 2014-2015 жылдары "Өрлеу"



жүктеу 0.72 Mb.

бет3/8
Дата22.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Отбасындағы қиындықтар. Бұл тарау отбасының табысын 

арттыруға жəне өзін-өзі жұмыспен тиімді түрде қамтамасыз етуге 

кедергі болатын  қиыншылықтарға арналған. Қиындықтарға күтімді 

талап ететін отбасы мүшесінің немесе маскүнем отбасы мүшесінің бары 

жатады. Бұндай мəселе ШАК-тың бір мəрте берілуінің қаншалықты 

қатерлі екенін бағалауға мүмкіндік береді. Егер отбасы мүшелерінің 

біреуі маскүнем болса, тұрақты төлемдер төлеу жəне жұмыспен 

қамтамасыз ету, бір мəртелік ақы төлеуге қарағанда (мақсатсыз 

пайдалану қаупі бар), мүмкін, дұрысырақ болар.

      Қазіргі кезде сіздің жұмысқа орналасуыңызға қандай кедергілер 

бар? (отбасының әр мүшесіне қойылатын сұрақ)

Бүгінгі таңда кедергі жасайтын мəселе, қиындық, қобалжулар 

–толық күнді жұмысқа тұрудың мүмкін болмауы, елді мекенге жолаушы 

қатынастарының жоқтығы жəне т.б.

О т б а с ы н ы ң / ж а л ғ ы з 

тұратын азаматтың қалауы – 

табыс келтіретін əрекеттердің 

қ а й с ы с ы  о т б а с ы  м ү ш е л е р і н е 

т а р т ы м д ы  б о л ы п  к ө р і н е д і . 

Мысалы, бір əйел өзінің əрдайым 

т і г і н  т і г у м е н  а й н а л ы с қ ы с ы 

келетінін немесе отағасы – жақсы 

мет а л пісірішу (сварщик), еш 

ж е р д е  о қ ы м а ғ а н  -    т ұ р а қ т ы 

жұмысқа орналасуы үшін ресми 

білім алғысы келетінін айтады. 

Каплат  оқиғасы.

Каплат, Қытайдан көшіп 

келген әйел, 3 баласы бар. «Орлеу» 

жобасы аясында басында қоғамдық 

ж ұ м ы с т а р д ы  і с т е п ,  с о н ы н а н 

тұрақты жұмысқа орналасты.  

Ш А К  ж ә р д ем а қ ы с ы  м е н 

т ұ р а қ т ы  ж ұ м ы с  е ң б е к а қ ы с ы н 

қосқандағы сомаға (45 мың теңге) 

теріні өңдеуге арналған жабдықты 

және тігін машинасын сатып алды. 

Ақмола облысы


Отбасының/жалғыз тұратын азаматтың қалауы – табыс 

келтіретін əрекеттердің қайсысы отбасы мүшелеріне тартымды болып 

көрінеді. Мысалы, бір əйел өзінің əрдайым тігін тігумен айналысқысы 

келетінін немесе отағасы – жақсы метал пісіруші (сварщик), еш жерде 

оқымаған -  тұрақты жұмысқа орналасуы үшін ресми білім алғысы 

келетінін айтады. 

           МАҢЫЗДЫ: Сұхбаттасу парағына қол қоймастан бұрын 

қатысушылардан осы əңгімелесу барысында ненің пайдалы болғанын, 

с ұ х б а т т а с уд а н  н е  т ү с і н г е н і н ,  " Ө р л е у "  ж о б а с ы н ы ң  Ш А К 

бағдарламасында не қызықтырғаны жайлы сұраңыз (бұл сіздің 

түсіндіргеніңіздің меңгерілгендігіне көз жеткізеді).

ОТБАСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ КЕЛІСІМ-

ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН 

СҰХБАТТАСУ ПРИНЦИПТЕРІ



Аз уақытта неғұрлым көп ақпарат алу 



Қосымша ақпарат та отбасы мүшесімен əлеуметтік 

ке л і с і м - ш а рт  н е г і з і  р е т і н д е  п а й д а л а н ы л у ы  м ү м к і н 

екендігіне дайын болу 



Келушіге толық назар аудару жəне құрмет көрсету – 



бұл нұскаулықт ағы жай ғана сөз еме с, керісінше тек 

осындай жағдайда ғана толық ақпарат алуға болады 



Сұхбатт асу күні неғұрлым көп сұраққа жауап 



алсаңыз, кейіннен соғұрлым аз уақыт жұмсайтын боласыз

2. ӨТІНІШ БЕРУ

Өтініш нысаны, сауалнама мен сұхбаттасу 

п а р а ғ ы  –  ə л еум е т т і к  ке л і с і м - ш а рт  ж ү й е с і н 

жүргізудегі маңызды құжаттар. Бұл нысандар 

о т б а с ы  т у р а л ы  м ə л і м е т т е р д е н  б а с қ а  с о л 

отбасының еңбек əлеуеті (жұмыссыз ересектер 

саны, білім деңгейі мен біліктілігі, еңбек мансабы), 

отбасының мүліктік əлеуеті (жер телімінің бар 

болуы жəне оның мөлшері, екінші тұрғын үйдің 


болуы, жəне т.б.), отбасы мүшелерінің денсаулық күйі, үй-пəтер 

жағдайлары туралы қосымша мəліметтерді де құрайды. 

Өтінуші тарапынан берілетін құжаттар тізімі мемлекеттік 

ақпарат жүйелерінен алынуы мүмкін емес құжаттармен шектеулі екенін 

есте сақтаған жөн. Отбасы АƏК немесе МБТЖ алатын жағдайда тек 

жеке бас куəлігін, толтырылған өтініш пен сауалнаманы тапсыруы 

қажет.

Құжаттарды алу кезінде ЖҚЕƏББ мемлекеттік органдардың 



ақпараттық жүйелеріне сұрау дайындайды. 

Қажетті құжаттар ақпараттық жүйеде болмаса, немесе өтініш 

беруші тапсырған мəліметтерде сəйкессіздік айқындалса, ЖҚЕƏББ екі 

жұмыс күні ішінде өтініш берушіні құжаттардың түпнұсқасын əкелуі 

тиіс екендігі туралы хабардар ету керек. Түпнұсқамен бірге өтініш 

беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді сəйкестікке 

келтіруге келісім беруі жайлы өтініш жазады. Тапсырылған түпнұсқалар 

сканерден өткізіліп, электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) 

куəландырылып, мемелекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі. 

Кейбір аудандар мен елді мекендерде үміткерлер құжаттарды (алимент 

жайлы анықтама, шартты жер үлесінен түсетін табыс туралы анықтама 

жəне т.б.) жинау үшін əлі де болса аудандық орталыққа баруға мəжбүр. 

Үміткерге осы құжаттарды қосымша шығынсыз алуына көмектесу 

мүмкіндігін ойластыру қажет (жол-жөнекей көлікпен келісу, құжатты 

біреу арқылы беріп жіберу, егер жеке басының қатысуы шарт болмаса, 

т.б.). Кейде құжаттарды алудағы қиындықтар тек қана адамдық факторға 

байланысты болады, сондықтан сіздің қоңырауыңыз əлдеқайда істі 

тездетуі жəне қымбат уақытты үнемдеуі мүмкін.



3. ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ

ЖҚЕƏББ немесе ауылдық өңірдің əкімі екі жұмыс күні ішінде істі 

пішіндеп, жобаға қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық-

тұрмыстық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.

Учаскелік комиссия өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық 

жағдайын тексеріп, тексеру актісін құрайды, қорытынды дайындап, 

актпен бірге ауылдық өңірдің əкіміне немесе ЖҚЕƏББ жібереді. 

Ауылдық өңір əкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алған 

күннен бастап бір күн ішінде ЖҚЕƏББ өтініш берушінің ісі жайлы 

электронды макет пішіндеп, ақшалай көмек беруден бас тарту (орташа 

айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан жоғары) 

немесе ШАК тағайындау туралы (орташа айлық табысы ең төменгі 



Ау ы л д ы қ  ө ң і р  ə к і м і н е н 

немесе учаскелік комиссиядан 

құжаттарды алған күннен бастап 

бір күн ішінде ЖҚЕƏББ өтініш 

берушінің ісі жайлы электронды 

макет пішіндеп, ақшалай көмек 

беруден бас тарту (орташа айлық 

т а б ы с ы  е ң  т ө м е н г і  к ү н к ө р і с 

деңгейінің 60 пайызынан жоғары) 

немесе ШАК тағайындау туралы 

(орташа айлық табысы ең төменгі 

к ү н к ө р і с   д е ң г е й і н і ң   6 0 

п а й ы з ы н а н  т ө м е н )  ш е ш і м 

қабылдайды. 



Күлтəй оқиғасы

Күлтəй 5 баланы жалғыз бағып отыр, 

өзінің басында панасы жоқ, саяжай 

алқабында тұрады. Ауыр материалдық 

жағдайына бола, өз көнілі қоңылтақ, 

"барлығынан" шаршағанын сезініп 

жүрді. Бағдарламаға қатысу үшін 2014 

жылдың шілде айында өтініш берді, 54 

мың теңгені құрайтын ШАК сомасы 

белгіленді. Күлтай көп жыл бұрын 

шаштараз курстарын аяқтап, бірақ 

мамандығы бойынша жұмыс істемеді. 

Шаштараз салонына оқушы ретінде 

орналасып, жұмысқа үйреніп, қажетті 

дағдыларға ие болды. Қазір тұрақты 

жұмыст а əмбебап-шебер ретінде 

жұмыс істейді.

Шығыс-Қазақстан облысы

Егер өтініш беруші жəне басқа еңбекке жарамды отбасы мүшелері  

Жұмыспен қамту 2020 жол картасындағы бағыттардың бірін пайдалана 

алса (оқытып-үйрету жəне қайта үйрету, жеке шаруашылық\істі 

ұйымдастыру), Жұмыспен қамтамасыз ету орталығы солардың 

əрқайсысымен əлеуметтік келісім-шарттар бекітеді. Егер өтініш беруші 

неме с е оның отбасы мүшелері Жұмыспен қамту жол карт асын 

ұ с ы н а т ы н  қ ы з м е т т е р д і  п а й д а л а н а  а л м а с а 

(шалғайдағы, орналасатын ешбір жұмыс орны жоқ, 

е л д і  м е к е н д е р д е  т ұ р а т ы н ,  о т б а с ы н д а ғ ы 

қиындықтарға байланысты толық күнді жұмыс 

күнін істей алмайтын, т.б.), ЖҚЕƏББ маманы 

өтініш берушімен жəне/неме с е оның отбасы 

м ү ш е л е р і м е н  б і р ге  же р г і л і кт і  б юд же т т е н     

2

қаржыландырылатын жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін 



белсенді іс-шаралардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, отбасының 

белсенділігін арттыру туралы келісім-шарт дайындайды.

 2 Жұмыспен қамту орталықтары туралы қағидалар Ережелерге əлі сəйкес келтірілмеген, 

сондықтан кейбір аудандарда ЖҚЕƏББ жұмыспен қамту белсенді шараларын жергілікті бюджеттен 

қаржыландырылатын шаралармен шектеуге тура келеді. 


Аня оқиғасы

Аняның екі баласы бар, соңғы бірнеше жыл бойы ол АƏК пен МБТЖ алып отырды; 

балаларын қалдыру мүмкін еместігіне байланысты, жұмысқа орналасудан бас тартып 

жүрді. Əлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші "Өрлеу" жобасына қатысуды ұсынғанда, ол 

басында «АƏК-ті алып қойғысы келеді» деп ойлап,  бұл идеяны құптамады. 

Көмекшілер мен кеңесші Аннаға бір емес, бірнеше рет барып, ұсынылып отырған 

жұмыс туралы сөйле сіп, балаларының келешегі мен болашақ мүмкіндіктерді 

талқылады. Ақыр аяғында, Анна өз келісімін берді. Ол дүкенге еден жуушы ретінде 

қабылданды. Ол біраз уақыт күнкілдеп жүрді де, бірақ келесі айда таңқалды: ШАК пен 

жалақыны қосқандағы сомасы АƏК мөлшерінен екі есе асып түсті. Енді Аня ЖҚЕƏББ 

қызметкерлеріне өзінің ең жақсы достарына сияқты қарайды – тіпті жаңалықтарымен 

де бөлісуге кіріп-шығып жүреді: қолдануда болған велосипед сатып алып, үйіне 

линолеум төседі. Ал жақында барлықтары ол үшін өте қуанды: Аняны еден жуушыдан

 

сатушыға ауыстырды.  



Шығыс-Қазақстан облысы

       Өтініш берушілермен жұмыс істеу барысында 

əртүрлі үй шаруашылықтары əр түрлі тəсілдемені 

талап ететінін есте сақтау қажет. 

Қа ла лық тұрғындарға негізінен жұмыс 

іздеуді, оқытып-үйретуге немесе қайта  оқытып-

үйретуге жолдама беру арқылы көмек көрсетуді 

көздейтін «жəрдемақыдан-жалақыға» ауысуына 

қолдау көрсету əлдеқайда сай жəне тиімді. Негізінен болашаққа ерекше 

көңіл бөлген жөн – үміткерге уақытша жұмыс ұсынылса да, үміткердің 

сол жұмыста тұрақты қалу мүмкіндігі жайлы жұмыс берушімен келіссөз 

жүргізу керек. Кейбір жағдайларда, шағын болса да, көп шығынды талап 

етпейтін жеке меншік бизнес ашудың түрін қарастыруға  болады. 

Жеке қосалқы шаруашылығы жəне жел тілімі бар ауылдық тұрғындарға 

əлеуметтік келісім-шарттың екі түрін қарастыруға болады: 

1.  Қалалық тұрғындарға көрсетілген қолдау түрлерін мұнда да 

қолдану: жұмыспен қамтамасыз ету, оқыту, шағын бизнестің дамуын 

қолдау (негізінен ұсақ əлеуметтік қызметтер). Шағын бизне сті 

дамытудағы алғашқы кезең – бойындағы дағдысы жеткіліксіз болса, 

мамандыққа оқыту, жəне жеке кəсіпкер мəртебесін ресімдеу. 

2.  Болашақт а өзін-өзі қамт амасыз етуді қолдау – жұмысқа 

о р н а л а с т ы р у м е н  қ а т а р :    ж е р  ү л е с і н  п а й д а л а н у,  қ о л д а  б а р 



4. ОТБАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 

ƏЛЕУМЕТТІК КЕЛІСІМ-ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

ау ы л ш а р у а ш ы л ы қ  т е х н и ка с ы н ,  ш а р у а ш ы л ы қ қ а  а р н а л ғ а н 

құрылыстарды жөндеу, ауылшаруашылық құрал-саймандарын, құс 

немесе ірі мал сатып алу, тұтынушыларға ауылшаруашылық өнімдерін 

жеткізуді ұйымдастыру. Сонымен қатар, отбасында бейресми бизнес 

туралы вариант болса, ЖК (жеке кəсіпкерлік) ашуға болады. 

БІР МƏРТЕЛІК ШАК ТӨЛЕМІН ЖҰМСАУ МЫСАЛЫ 

(құрал-жабдықтарды сатып алу)

Қанат - ШҚО-дағы "Өрлеу"  жобасына қатысуға өтініш беруші 

адамның бірі. Ол жиһазды жөндеп, жақсы жасай алады, бірақ 

қажетті құрал-жабдықтары болмады. Əлеуметтік жұмыс 

бойынша кеңесші мен көмекші Қанатқа құралдарды бөліп сату 

туралы кəсіпкермен келісті. Алғашқы бірнеше ай ішінде Қанат 

қарызын төлеп, шағын, бірақ тұрақты кіріске шықты. 12 ай 

бойы ШАК-ті алу «қауіпсіздік жастығы» ретінде болып, 

"Өрлеу"  жобасына қатысу аяқталғаннан кейін тұрақты табыс 

пен мемлекеттік жəрдемақылардан тəуелсіздікті құру 

мүмкіндігін берді.   

5 .  О Т Б АС Ы Н Ы Ң  Ə Л Е У М Е Т Т І К  Б Е Л С Е Н Д І Л І Г І Н 

АРТТЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ ДАЙЫНДАУ 

"Өрлеу" жобасының мақсаты - тұрмыстық деңгейді көтеру. Ал ең 

кереметі – отбасы мүшелерінің ақылы қызметке орналасуы, немесе жеке 

кəсіпкерлікке мүмкіндік алу, немесе шаруа қожалығын əлдеқайда 

тиімдірек ұйымдастыру  арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуі. Белсенділікті 

арттыру бағдарламасы о сы мақсатқа жетуге қажетті барлық іс-

шараларды қамтуы керек. 

Отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік келісім-

шарттың құрамы: 

Жобаға қатысу туралы міндеттемелер.

Шартты ақшалай көмек мөлшері жəне төлемдер түрі (ай сайын 

немесе үш айға төленетін бір мəртелік төлемдер арқылы). 

Мүмкіндігінше үш айға төленетін көмек үшін төлем мақсаты 

көрсетілуі керек.   

Əлеуметтік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар, 

арнайы əлеуметтік қызмет көрсетуді қоса.



Жұмыспен қамтамасыз 

е т у  о р т а л ы ғ ы н а ,  б е к і т і л г е н 

əлеуметтік келісім-шарттарға, 

ж ə н е   ж е к е   қ о с а л қ ы 

шаруашылықты дамыту үшін бір 

м ə р т е  т ө л е н е т і н  Ш А К - т ы 

п а й д а л а н у  м ү м к і н д і к т е р і н е 

сілтеме/нұсқау.

Ескертетін жай, өтініш беру күні 

болып өтініш берушінің ауылдық 

өңірдің əкіміне немесе ЖҚЕƏББ-

ға барлық қажет құжатт армен 

жүгінген күн саналады.

Шоқан мен Толқын оқиғасы 

Отбасында үш бала бар, жақында 

төртіншісі қүтілуде. Жұмыспен қамту 

орталығы арқылы Шоқан жиһазшы 

мамандығын алып, тəжірибеден өтіп, 

қазір шебер ретінде тұрақты жұмыс 

істеп жүр, отбасы "Өрлеу" аясында 44 

мың теңге алады, ақшаны байыптап – 

22 мың ба ла ларына, 22 мың үйді 

жөндеу мен баланың дүниеге келуіне 

дайындыққа ұстайды. 

Шығыс-Қазақстан облысы

6 .   О Т Б А С Ы Н А   К Ө М Е К   К Ө Р С Е Т У Д І Ң   Ж Е К Е 

ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

ШАК бағдарламасында отбасына көмек 

көрсетудің жеке жоспарын құру көзделген. Жеке 

жоспар отбасы мүшелерін тəрбиелейді, таңдалған 

еңбек нарығына қайту стратегиясынан таймауға 

к ө м е к т е с е д і .  М а ң ы з д ы :  ж е к е  ж о с п а р ы н 

орындаған жағдайда, отбасы өзінің жобаға 

қатысуының нəтижелерін көре алады. Кейбір 

нəтижелер тіпті айлар мен жылдар өткен соң 

көрінетін болады – "бұл шатыр біз "Өрлеуге" қатысқанда жөнделген 

болатын". 

7.   ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ

ШАК əр ай сайын немесе үш айда бір мəрте төленуі мүмкін, егер жеке 

жо спарға сəйке с бөлінген қаржы жеке қо салқы шаруашылықты 

дамытуға немесе «Жұмыспен қамту 2020 жол картасымен» көзделген іс-

шараларды жүзеге асыру аясында жеке еңбек қызметін іске асыруға 

жұмсалатын болса.  Бір мəртелік төлем тағайындау туралы шешім 

қабылдау үшін ЖҚЕƏББ көмекші мен ауыл өңірінің əкімінен алынған 

отбасының мінездемесін ескеруі қажет. Егер қаражаттың мақсатсыз 

пайдаланылу қаупі жоғары болса, онда ШАК ай сайын төленуін 

тағайындау керек.



Лаура оқиғасы 

Тастановтар əулетінде 4 бала бар, анасы Лаура оларды жалғыз тəрбиелейді. Бағдарламаға 

қатысу үшін 2014 жылдың маусым айында өтініш берді, бұдан бұрын кездейсоқ 

табыстардың сонында жүрді. Жергілікті балық цехына маусымдық жұмысқа орналасты. 

40 000 теңгені құрайтын ШАК сомасына бұзаулы сиырды жəне жылқыны бөліп сатып 

алды. Баубақшасына тұқымдық картоп салып, күзде жақсы өнім күтіп отыр. 



Шығыс-Қазақстан облысы

8 .   Ш А Р Т Т Ы   А Қ Ш А Л А Й   К Ө М Е К Т І Ң 

ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ 

Отбасының адам басына шаққандағы табыстың 

өзгерістері ғана бақыланып отыратын АƏК пен 

М Б Т Ж - д а н  ө з г е ш е  Ш А К  ш а р т т а р д ы ң 

о р ы н д а л у ы н ,  я ғ н и ,  ə л е у м е т т і к  к е л і с і м -

шартт ардың жəне əлеуметтік белс енділікті 

арттыру мақсатында алынған міндеттемелердің 

орындалуын  тұрақты бақылауды талап етеді.  



Бақылау "Өрлеу" жобасын орындаудың бірнеше деңгейінде 

жүргізіледі:

1. 


Жұмыспен қамтамасыз ету орталығы ай сайын жəне 

тоқсан сайын жоба аясында əзірленген кəсіби бейімделушілік 

туралы əлеуметтік келісім-шарттардың орындалуын бақылап 

отырады, жəне есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-не дейін 

ЖҚЕƏББ-ға ақпарат жібереді.

2. 


К ө м е к ш і л е р  " Ө р л е у "  ж о б а с ы н а  қ а т ы с у ш ы 

отбасылардың үйіне отбасының белс енділігін арттыру 

əлеуметтік келісім-шартының орындалуы жайлы сұхбат өткізу 

үшін кіріп-шығады. Олар отбасының əлеуметтік келісім-шарт 

бойынша алынған міндеттемелердің қаншалықты орындалып 

жатқанын анықтайды, жəне бір мəрте төлемдердің келісілген 

мақсаттарға жұмсалып жатқанына көз жеткізеді. 

 

3 .              Ж Қ Е Ə Б Б  а қ п а р ат т ы қ  ж ү й е л е р д е н  а л ы н ғ а н 



мəліметтер, жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарының (ай 

сайын және тоқсан сайын жоба аясында әзірленген кәсіби 

бейімделушілік туралы әлеуметтік келісім-шарттардың 

орындалуын бақылап отырады, және есеп беру кезеңінен кейінгі 

айдың 5-не д ейін ЖҚЕƏББ-ға ақпарат жібереді) жəне 

көмекшілердің (ай сайын жүргізеді, және есеп беру кезеңінен 



      кейінгі айдың 5-не дейін ЖҚЕƏББ-ға отбасы белсенділігін 

арттыру әлеуметтік келісім-шарттарының орындалуын 

сүйемелдеу туралы ақпарат жібереді) есептерінің негізінде 

отбасы белсенділігін арттыру əлеуметтік келісім-шарттарының 

жəне əлеуметтік келісім-шарттардың орындалуын тоқсан сайын 

бақылап отырады. 



Күлзаһира оқиғасы  

Күлзаһираның  отбасында 14 адам бар, олардың 5 еңбекке қабілетті, "Өрлеу" 

жобасына кірместен бұрын, отбасы көп жылдар бойы АƏК алып, өмір сүрді. "Өрлеу" 

жобасы аясында бесеуін де жұмысқа орналастырып немесе оқудан өткізіп алды, 

отбасына 4  га жер берді (2014 жылдың сəүір айына дейін отбасы көп жылдар бойы 

тоқсанға 51000 тенге көлемінде АƏК-ті алып, өмір сүріп отырған екен).



Жамбыл облысы

1 ҚОСЫМША 

О Т Б А С Ы Л А Р М Е Н  С Ұ Х Б АТ Т А С У  Ж Ү Р Г І З У Г Е 

БАЙЛАНЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР 

Отбасы белсенділігін арттыру əлеуметтік келісім-шартын 

құру мақсатында өткізілетін сəтті сұхбаттасудың белгілері. 

Сұхбаттасу сəтті өтті деп келесі жағдайларда айтуға болады:  

1. 


С і з д і ң  қ ы л ы қ т а р ы ң ы з  к л и е н т т і ң  ө з  б а с ы н а  т у ғ а н 

қиындықтарды айқындауы мен шешуі үшін қажет қабілеттілігі мен 

мүмкіндіктеріне деген сеніміңізді білдіреді.

2. 


Өтініш беруші шешуді талап ететін қиын мəселе ретінде 

емес, басында қиындықтары бар адам ретінде қабылдануы қажет. 

3. 

Əлеуметтік жұмыс атқарушы кеңесшілер, көмекшілер, 



ЖҚЕƏББ мамандары белсенді тыңдаудың дағдыларын қолданады:

 зейін қойып тыңдап отырғанын білдіреді (көзіне қарап, басын

  изеп, бəрін естіп отырғанын көрсетеді);

 айтылған мəліметті айқындайды («Демек, сіз төрт балаңыз



 болғандықтан және оларға қарайтын адам болмағандықтан

 жұмысқа орналаса алмай жүрсіз ғой?»);

 құлағы естіген мəліметтерді қорытындылайды («Жақсы.



 Демек, өзіңіз тұратын жерде толық күнді жұмыс орны

 табылғаны да сізге жарайды»). 

ЕСКЕРТУ: Шынайы ақпарат алу үшін өз  сұхбаттастарыңызға 

фактілер мен сезім əрекеттерін (эмоциялар) бөліп қарастыруына əрекет 

жасаңыз, яғни сөйлеушінің айтқан мəліметтерін ешбір талдаусыз 

қайталау арқылы: 

«Менің күйеуім жалқау маскүнем! Өлтіргім келеді!»

«Яғни, сіздің жолдасыңыз отбасы жұмысының ешбіріне

 араласпайды. Барлық міндет пен салмақ тек сіздің

 мойныңызда?»


Жабық сұрақтан гөрі ашық сауалдар қойыңыз.

 Жабық сауалға «ия» немесе «жоқ» деп, еш қиындықсыз, жауап 

беруге болады. Алайда олар тек шектеулі ғана мəлімет береді.

 Ашық сауалдар – кең түрде жауапты талап ететіндер. 

˅ Жабық сауал үлгісі: «Сіз жұмыс істемейсіз бе?»

˅ Ашық сауал үлгісі: «Өзіңіздің соңғы 3 жыл бойғы жұмыс

   істегеніңіз жайлы не айта аласыз?»

 Мінеп-сынайтын пікірлерден (мысалы, «жалқау, қыңыр» 

сияқты сөздер) жəне де отбасына дайын шешімдер ("сол бір маскүнемді 

тастаңызшы;балаларыңызды тым еркелетіп, енді...) беруден аулақ 

болыңыз.


 «Сіз міндеттісіз» тəрізді сөздер тек "Өрлеу" жобасының 

қағида, ережелеріне қатысты ғана қолданылады. Қалған жағдайда 

ақпаратты ұсыныс түрінде берген жөн ("мен сізге солай жасауға кеңес 

беремін, мен ұсынамын...").


       2 ҚОСЫМША 

      "Өрлеу" жобасы жайлы халыққа ақпарат беру жəне оларды 

жобаға қатысуға тарту тəсілдері 

     ШАК бағдарламасы жайлы ақпарат таратудың бастапқы 

кезеңінде кеңесшілер мен көмекшілер табысы аз отбасылар тарапынан 

бағдарламаға күмəнмен қараушылыққа ("  берген ақшаны қайтаруды 



талап етсе ше" , " бұл алдау болса ше"  ) жəне өз мүмкіндіктеріне 

сенбеушілікке (" мен кімге керекпін, кім алады мені жұмысқа" , " мен 



жұмысқа орналасуға тырыспаймын да, 42 жастағыны кәрі деп айтар" ) 

әңгімелесудің стратегиясын алдын-ала ойлап алған жөн. Қорыңызда, 

сұхбаттастарды дұрыс шешім қабылдауға бағыттайды деген, өзіңіз 

сенетін бірнеше сауалдар, жеңіл жаттығулар, қысқаша талқылаулар 

болсын.


         Жо ғ а р ы д а  а й т ы л ғ а н д а й ,  х а л ы қ т ы  а қ п а р ат т а н д ы р уд ы 

жиналыстарда, ауылдық жиындарда, сонымен қатар бір немесе бірнеше 

отбасымен əңгімелесу арқылы жүргізуге болады. Ақпаратты жеткізудің 

"дұрыс" тəсілін нақты анықтау мүмкін емес, оны жағдайға байланысты 

таңдау керек. 

      Егер ШАК бағдарламасы ауданда алғашқы қадамдарын жасап 

келе жатса, ол туралы ақпаратты ауыл/ауылдық өңірдің, қала ауданының 

т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң  н е ғ ұ р л ы м  к ө п  с а н ы н а  ж е т к і зу  қ а ж е т.  Б ұ ғ а н 

ж и н а л ы с т а р д а  ( ау ы л д ы қ  ж и ы н ,  ат а - а н а л а р  ж и н а л ы с ы ,  П И К 

тұрғындарының жиналысы жəне т.б.) қысқаша сөз сөйлегеніңіз өте 

пайдалы болады. Тіпті ШАК туралы ақпарат оны тыңдағандардың 

барлығына керек емес болған жағдайда да, ол "Өрлеу" жобасына қатыса 

алатындарға өте тез жетеді. ШАК туралы əңгімеге уақыт шектеулі болуы 

мүмкін (себебі жиналыста, əдетте, талқылауға арналған басқа да 

сұрақтар бар), сондықтан сөйлемес бұрын алдын-ала ойланған жөн. 

ШАК бағдарламасын жалпы жиналыста неғұрлым жақсы көрсетсеңіз, 

"Өрлеу" жобасының барлық əлеуетті қатысушылары сіздің кеңес 

беруіңізге келетіндігінің мүмкіншілігі соғұрлым жоғары болады.        

         " Ө р л еу "  жо б а с ы  т у р а л ы  ə ң г і м е г е  н е г і з  р е т і н д е  Ш А К 

бағдарламасының бүктемелерін алуға болады, онда болашақ үміткерлер 

білуі тиіс барлық негізгі ақпарат келтірілген. "Өрлеу" жобасы туралы 

сұрақт ар мен жауапт ары бар кіт апша аудиторияның көптеген 

сұрақтарына жауап беруге көмектеседі. 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал