Ұсынылып отырған нұсқаулық 2014-2015 жылдары "Өрлеу"



жүктеу 0.72 Mb.

бет2/8
Дата22.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

тың шығындарына деп хабарлады. 

Қалалық жерлерде тұратындар ақшаны көбінесе тамақтануын 

жақсартуға немесе киімге жұмсайтындарын айтты. Сонымен 

қатар, үйдің/пəтердің жөндеуі, балалары қатысатын қосымша 

сабақтар мен үйірмелердің жəне балабақша үшін төлемдері 

аталынды.     

Кейбіреулері ақшанын үйде істелетін жұмысқа арналған 

құралдарды жөндеуге немесе сатып алуға (тігін машинасы, 

п і с і ру  ап п а р ат ы ,  б а л т а ш ы л ы қ  н е м е с е  с а н т ех н и ка л ы қ 

жұмыстарға арналған құралдар) жұмсалғанын айтты.

«ШАК бағдарламасына нені қосуды ұсынар едіңіз?» сұрағына 

қатысушылардың көбі (алушылар мен орындаушылар) ШАК-

ты бір мəртелік төлемдер ретінде төленетіндігін ат ады. 

Көптеген қатысушылар жеке қосалқы шаруашылықтарын 

дамытуға немесе шағын бизнеске арналған шығыстарды 

есептеуге жəне  өзіндік жеке жоспарын ұсынуға дайын. Кейбір 

қатысушылар осындай есептеулер жасауға көмекті қажет 

ететіндігін айтты.   

   Ə Л Е У М Е Т Т І К  К ЕЛ І С І М - Ш А Р Т Т Ы  Ə З І РЛ Е У  М Е Н 

ЖҮЗЕГЕАСЫРУ  ҮРДІСІНДЕГІ НЕГІЗГІ РӨЛДЕР 

ШАК бағдарламасы əлеуметтік көмектің жаңа түрі болып табылады, 

сондықтан, оны жүзеге  а сыру үшін жаңа рөлдер пайда болады.

Ауылдық өңір əкімі – өтініш берушілермен сұхбат жүргізеді. 

Қажетті құжаттарды жинақтап, оларды учаскелік комиссияға тапсырады. 

Учаскелік комиссиядан алынған тексеру актісін ЖҚЕƏББ-ға тапсырады. 

Одан тыс, ауылдық өңір əкімі өз елді мекеніндегі белсенді азаматтарды 

"Өрлеу" жобасына көмекші ретінде ұсына алады.

ЖҚЕƏББ қызметкері  - мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сауал 

жібереді, өтініш берушілерді жұмыспен қамту орт алықт арына 

бағыштап, жергілікті бюджет тарапынан қаржыландыратын жұмыспен 

қамтуға бағытталған түрлі шараларға жолдама береді. ШАК төлемдерін 

т ағайындау не т ағайындамау тура лы шешім қабылдайды жəне 

отбасының белсенділігін арттырудың келісім-шартын рəсімдейді. 

Жұмыспен қамту орталығының маманы – жұмыспен қамту 2020 

Жол Картасында белгіленген өзінің негізгі қызметтерін атқарады (өтініш 

берушілердің жұмысқа тұру, оқу, қайта оқу немесе жеке кəсіпкерлікпен 

айналысу  мүмкіндіктерін қарастыруға көмектеседі). 

Əлеуметтік  жұмыс бойынша кеңесші ЖҚЕƏББ -мен шартты түрде 

жұмысқа қабылданады жəне оның негізгі қызметі - ШАК алатын 

үміткерлермен жұмыс істеу. Кеңесші үміткермен сұхбат жүргізіп, оның 

отбасының жағдайын бағалауға, қиындықтан шығудың түрлі амалдарын 

қарастыруға көмек береді, бірақ өз пікірін міндетемейді. Отбасының 

проблемаларын анықтап, "Өрлеу" жобасына қатысудың мүмкіндіктерін 

айқындау - осы кеңесшінің жұмысы.

Ə л е у м е т т і к  ж ұ м ы с  б о й ы н ш а  к е ң е с ш і  " Ө р л е у "    ж о б а с ы н ы ң 

қатысушыларына əлеуметтік келісім-шарттың аяғына дейін демеу 

көрсетеді. Сұхбат жүргізу, қажет құжаттарды толтыруға көмек беру, 

жұмыс қарастыру, жалпы отбасының белсенділігін арттырудың келісім-

шартындағы міндеттемелерді орындауына ықпалдасу - кеңесшінің 

тікелей құзіретінде. Кеңесші көмекшілерден бақылау бойынша есеп 

беруге қажетті ақпаратты жинақтайды. Оның ерекше қызметтерінің бірі - 

халыққа əлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің денсаулық сақтау, 

ауылшаруашылық жəне басқа да саладағы ұйымдардың мамандарымен 

өзара тығыз байланыста жұмыс істеу. Бұл мекеме мамандары да қиын 

жағдайға тап болған жоба қатысушыларына қажет болуы ықтимал.  



Кеңесші үміткерлерге əлеуметтік қорғау, мүгедектерді қайта оңалту, 

арнайы əлеуметтік қызмет көрсету салалары бойынша ақпарат алуына 

ы қ п а л  е т е д і .  С о н ы м е н  қ а т а р ,  к е ң е с ш і  " Ө р л е у "  ж о б а с ы н ы ң 

көмекшілерінің жұмысын үйлестіріп отырады. 

"Өрлеу" жобасының көмекшілері - қызмет көрсету келісім-шарты 

бойынша жұмысқа қабылданған ШАК бағдарламасымен қамтылған 

аймақтардағы елді мекендердің тұрғындары. Олар өз көршілерін жақсы 

танитын, өмірлік тəжірибесі мол жəне жоғары беделге ие тұлғалар. 

Алғашында "Өрлеу" жобасының көмекшілері ретінде жасы 50-ден 

асқан, жоғары не орт а кəсіптік білімі бар, денс аулығы мықты, 

адамдармен тіл табысу қабілеті бар, жəне өмірінің қиын кезеңдерін 

басынан өткізіп жатқан отбасылармен жұмыс істеуге дайын əйел 

адамдарды жұмылдыру ұсынылған болатын. 2014 жылы пилоттық 

жобаның нəтижесі бойынша, көмекші мен кеңесшінің ең құнды қасиеті - 

үміткерге көмектесуге ынталы болу, тұрмысы төмен отбасыларға 

сыйластықпен қарауға дайын болу жəне отбасының еңбекке жарамды 

мүшелерімен əлеуметтік белсенділікті арттыру бағытында бірігіп əрекет 

ету екеніне көз жеткізді. Үш пилоттық аймақта да көмекші ретінде жас 

əйел мен ер адамдар жəне егде жастағы адамдар да қызмет етуде. Ең 

маңыздысы - олардың өздері істейтін ауданнан болып, жергілікті 

жағдайдан (жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жалпыға бірдей 

əлеуметтік проблемалар жəне т.б.) хабардар болғаны абзал.

Отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайына жетуге бағытталған 

мүмкіндіктер мен проблемаларды сараптауы - отбасылармен жеке 

жұмыс жасаған кезде көмекшілердің жинаған алғашқы ақпаратынан 

бастау алады.

Көмекшілердің келесі міндеті - "Өрлеу" жобасының үміткерлерімен 

сұхбат өткізу. Жобаның осы деңгейінде көмекшілерді іске араластыру - 

үміткерлерден сұхбат алу жəне кеңес беру жұмыстарын өз ауылынан 

шықпай-ақ, яғни, аудан орталығындағы жұмыспен қамту бөлімдеріне 

барып шығындалмауына мүмкіндік береді.

Ке л і с і м - ш а рт қ а  от ы р ғ а н н а н  ке й і н  к ө м е к ш і л е р  қ ат ы су ш ы 

отбасыларын аралап, отбасының белсенділігін арттырудың келісім-

шартының міндеттемелерінің орындалуын қадағалап, белгілеп 

отырады. Мұндай бақылау нəтижесі ЖҚЕƏББ-ға айлық есеп ретінде 

жіберіліп отырады.



«ӨРЛЕУ" ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 

0. Үміткерлермен тікелей жұмыс істеуді бастаудан бұрын халыққа алдын-ала ШАК жобасы 

жайлы ақпарат беру кезеңін іске асыру 

1. ЖҚЕƏББ немесе ауыл əкімімен/көмекшімен сұхбаттасу. "Өрлеуге" қатысудың талап-

ережелерін талқылау 

2. "Өрлеу" жобасына қатысуға ниеті бар өтініш беруші ЖҚЕƏББ немесе ауыл əкіміне керек 

құжаттарды тапсырады 

3.   Учаскелік комиссия Тексеру Актісін құрастырады

4.  ЖҚЕƏББ өтініш берушінің "Өрлеуге" қатысуға құқықтылығын анықтайды. Жан басына 

шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % төмен болса, ЖҚЕƏББ жəрдемақы 

мөлшерін анықтайды (жан басына шаққандағы табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60% 

айырмасы, ал АƏК алушыларға - ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржыны мен кедейлік шегінің 

 

айырмасы ).



5. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелері (бар болған жағдайда) ЖҚО-ға əлеуметтік келісім-

шартты (кəсіптік бейімделу мақсатында) бекіту үшін жіберіледі 

6. Өтініш беруші ЖҚО-мен əлеуметтік келісім-шартқа, ал ЖҚЕƏББ-мен белсенділікті 

арттырудың əлеуметтік келісім-шартына қол қояды

7.  ШАК əр ай сайын немесе үш айда бір рет төленеді, егер белсенділікті арттырудың 

əлеуметтік келісім-шартына сəйкес берілген қаржы жеке иеліктегі қосалқы шаруашылықты, 

жеке еңбек қызметін (ЖЕҚ) ұйымдастыруға жұмсалады деп шешілсе 

8.  ЖҚО, ЖҚЕƏББ, көмекшілер əлеуметтік келісім-шарттардың жəне белсенділікті 

арттырудың əлеуметтік келісім-шарттарының орындалуын тұрақты (ай сайын жəне тоқсан 

сайын) бақылап отырады. ЖҚЕƏББ əр іс бойынша жиынтық бақылау жасайды.



0. БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢ – ақпарат тарату

ШАК бағдарламасын нəтижелі, тиімді орындау 

үшін халықтың жақсы хабардар болғаны қажет. 

Ақпарат көпшілік пайдаланатын жерлерде бірден 

к ө з г е  т ү с е т і н  п л а к а т т а р ,  б ү к т е м е л е р  ж ə н е 

үнпарақтар арқылы, сонымен қатар аудандық 

газеттер мен облыстық теледидарлар көмегімен 

т а р ат ы л а д ы .  А л а й д а ,  ж е р г і л і кт і  д е ң ге й д е г і 

қауымдастықтарға ақпарат берудегі ең басты рөлді елді мекендердің 

тұрғындарына қызмет көрсету туралы келісім-шарт бойынша тартылған 

к ө м е к ш і л е р  ат қ а р а д ы .  К ө м е к ш і л е р  Ж Қ Е Ə Б Б - д е н ,  б і л і м  бе ру 

бөлімдерінен, ауылдық өңірлерінің əкімдерінен жəне басқа да 

дереккөздерден ауқатсыз отбасылардың тізімін алады. Сонымен қатар, 

К ө м е к ш і л е р  ау қ ат с ы з  от б а с ы л а рд ы  ө зд е р і н і ң  же ке  б а қ ы л ау ы 

нəтижесінде жəне өмірлік тəжірибелерінің негізінде айқындай алады. 

Ақпарат беру жұмыстарын отбасыларға кіріп-шығу, мектептегі ата-

аналар жиналыстарына бару немесе ауыл əкімдері ұйымдастыратын 

ауылдық жиындарға қатысу арқылы жүргізуге де болады. Көмекшілерді 

таңдау кезеңінде олардың аудиториямен жұмыс істеу дағдыларына, 

Ережелердің мазмұнын бірнеше рет егжей-тегжейлі түсіндіруге 

дайындығына, тыңдаушыларға ақпаратты қол жетімді түрде жеткізуге 

маңызды екендігінін түсінуіне көңіл бөлу қажет.



1. КЕҢЕС БЕРУ ЖƏНЕ СҰХБАТТАСУ 

Үміткердің Жобаға қатысуына байланысты 

ЖҚЕƏББ-ға неме с е ауылдық өңірдің əкіміне 

жүгінуіне дейін алынған кез-келген мəліметтер 

персонализацияланады, яғни "Өрлеу" жобасына 

қатысатын Үміткердің отбасындағы белгілі бір  

жағдайға байлануын талап етеді. 

      Сондықтан Жобаны іске асырудың алдыңғы 

қадамы Өтініш Беруші ЖҚЕƏББ-ға, ауылдық өңірдің əкіміне, 

Көмекшілерге хабарласқан жағдайда оған "Өрлеу" жобасы жайлы кеңес 



беру болып табылады. Тағы да естеріңізге сала кетейік, бұл сəттен 

бастап жəне жобаға қатысу мерзімі аяқталғанға дейін отбасымен тек бір 

адам ғана жұмыс істейді (көмекші, кеңесші). Бұл сенімді қарым-

қатынастарды, екі жақтың да жеке жауапкершілігін қалыптастыруға 

мүмкіндік береді, жəне, ең маңыздысы, уақытты үнемдейді – үміткер 


немесе қатысушы өз тарихын басынан бастап немесе өткен жолы 

айтылған проблемаларды қайтадан қайталамай ақ, əңгімені "тоқтаған 

жерден" бастап жалғастыра алады.

КЕҢЕС БЕРУ АЛДЫНДА

Ке ң е с  бе ру  а л д ы н д а  ке л у ш і  б а ғ д а рл а м а  ту р а л ы  қ а н д а й 

ақпаратты білетіндігін анықтау маңызды. Бұл, біріншіден, Сіздің 

уақытыңызды унемдейді, өйткені Сіз белгілі нəрсені қайтадан 

айтуға мəжбүр болмайсыз. Екіншіден, тыңдаушының назарын 

қамтамасыз етеді, себебі талқылауға қатыспай ақпаратты 

меңгеру өте қиын.   

Есте сақтаңыздар, кеңес беру неғұрлым жоғары деңгейде берілсе, 

өтініш берушіні "Өрлеу" жобасына тарту процесі соғұрлым 

тиімді болады.  

Кеңес берудің негізгі қадамдары:

Өзіңізді таныстырыңыз, "Өрлеу" жобасындағы өз рөліңізді 



түсіндіріңіз (Менің есімім… Мен көмекшімін (əлеуметтік жұмыс 

бойынша кеңе сші), сіздің отбасыңызды, о сы бағдарламаға 

қ а б ы л д а н ғ а н  ж а ғ д а й д а ,  " Ө р л е у "  ж о б а с ы  а я қ т а л ғ а н ш а 

сүйемелдеймін). Əңгіменің басында өзіңізді таныстыру өте 

маңызды: сенім ахуалына жағдай туғызады.

Келушінің есімін (немесе есімі мен əкесінің атын) сұрап 



алған маңызды. Өз есімін естіген адам өзін əлдеқайда сенімді 

сезінеді. Олар үлкен зейін қойып тыңдайды жəне сұрақтарға 

əлдеқайда ашық жауап береді.

Келушіден "Өрлеу" жобасы жайлы не білетінін сұраңыз. 



"Өрлеу" жайлы қысқаша мəлімет беріңіз:

o

ШАК-ті беру шарттары; аудан аймағында жұмысқа 



орналасуға, оқуға жəне қайта оқуға қандай мүмкіндіктер 

бар;  


o

Əлеуметтік бейімделудің қандай шаралары сол 

шараларға құқылы отбасының мүшесіне ұсыныла алады; 

o

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттардың 



тізімі.

ҚОЛЖЕТІМДІ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖƏНЕ ЖҰМЫСҚА 

ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

"Өрлеу" жобасының ойдағыдай іске асырылуы əлеуметтік 

ж ұ м ы с  б о й ы н ш а  ке ң е с ш і  м е н  к ө м е к ш і л е р д і ң  е ң б е к 

нарығындағы жағдайды қаншалықты жақсы білетіндігіне 

тікелей байланысты. Көбінесе колжетімді жұмыс орындары 

ту р а л ы  а қ п а р ат  Ж Қ Е Ə Б Б - н е  ж ə н е  ж ұ м ы с п е н  қ а м ту 

орталықтарына жетпейді, бірақ жергілікті тұрғындарға 

белгілі болуы мүмкін («ауыздан ауызға тарау арқылы»). 

Пилотты облыстардың бірінде көмекшілер мамандықты 

тілемейтін көп жұмыс орындары бар салынып жатқан құс 

фабрикасы туралы жергілікті тұрғындардан білді. Ал 

жұмыспен қамту орталығында тек инженер-механик пен 

электрші мамандар керектігі туралы ақпарат болды.  

Егер Келуші, өзінің 



э к о н о м и к а л ы қ  ж а ғ д а й ы 

тұрғысынан, "Өрлеу" жобасына 

қ ат ы с у ғ а  ө з і н  ү м і т ке р  д е п 

с а н а с а ,   о л   а д а м м е н 

с ұ х б а т т а с у д ы ң  к ү н і  м е н 

уақытын келісіп алыңыз. Осы 

с ұ х б а т т а с у д ы ң  м а қ с а т ы 

отбасының еңбекке жарамды 

мүшелеріне еңбек нарығына 

қ а й т а  о р а л у ғ а  т о с қ а у ы л 

болатын себептерді анықтау, 

ж ə н е   о т б а с ы н ы ң 

белсенденділігін арттырудың 

к е л і с і м - ш а р т ы н   б е к і т у 

н ə т и ж е с і н д е  с о л  о т б а с ы н а 

қ а н д а й   м ү м к і н д і к т е р 

туындайтыны жайлы талқылау 

е к е н і н   т ү с і н д і р і ң і з . 

М ү м к і н д і г і н ш е ,   с о л 

сұхбаттасуға отбасының басқа 

да еңбекке жарамды мүшелері 

келгені дұрыс болады. 



Валентина оқиғасы.

Валентина – жалғыз басты ана, 2 баланы 

т ә р б и е л е у д е .  І ш і м д і к к е  с а л ы н ы п , 

жұмысқа орналаса алмай жүрді. "Өрлеу" 

жобасының көмекшісі оған келместен 

бұрын, Вал ентина өз өмірін қалай да 

болса өзгертуге болатындығына сенбеді. 

Алдымен оны қоғамдық жұмыстарға 

орналастырды. Егер де көмекші, бар 

күшін салып, отбасын бірнеше ай бойы 

қолдап, тіпті керек-жарақтарды сатып 

алуға бірге барып жүрмеген жағдайда, 

табысқа жету мүмкін болмас еді. Бірте-

бірте Валентинаның өмірі ретке келіп, өз 

балаларының келешегін көріп, ішімдікті 

т аст ады. "Өрлеу" жобасына қатысу 

б а с т а л ғ а н н а н  ке й і н  ү ш  а й  ө т ке н д е 

В а л е н т и н а н ы  т ұ р а қ т ы  ж ұ м ы с қ а 

орналастырды. Жеңіс сезімі, Валентина 

Ш А К  ж ә р д е м а қ ы с ы  м е н  т ұ р а қ т ы 

жұмыс еңбекақысын қосқандағы сомаға 

(45 мың теңге) бірінші кезекте қажет 

з а т т а р д а н  б а с қ а  ( о л а р  д а  б ұ р ы н 

қолжетімсіз болған), пайдаланылған 

ноутбук, велосипед, балалар жиһазын 

сатып алғанда келді.

Ақмола облысы

ЕСКЕРТУ 1. Сұхбаттасуға тек қана ЖҚЕƏББ-ға кеңес алуға 

жүгінген үміткерлер ғана шақырылады. Ауыл өңірінің əкіміне 

жүгінген үміткерлермен сұхбатты əкім  немесе көмекші жүргізеді 

(ауыл өңірінің əкімімен келісу бойынша). 

Келушінің өтініш беруге қажетті құжаттар тізімін алғанына 



көз жеткізіңіз.

Келушінің сұхбаттасуға тағайындалған уақытты есіне 



сақтағанына көз жеткізіңіз (бір парақ қағазға жазып берген жөн). Бұл 

шағын, бірақ маңызды  ишарат сизге ұялып, қымсынғаннан 

қобалжып, белгіленген кездесудің күні мен уақытын ұмытып, сосын 

қайта хабарласып сұрауға қысылатын үміткерлермен жұмысыңызды 

жеңілдетеді.

ЕСКЕРТУ 2. Кей жағдайларда кеңе с беру сұхбаттасуға 

айналады (егер үміткер жеткілікті мəліметтер алса, баспасөз 

деректерінен немесе жиындарға қатысу арқылы, жəне өзінің 

бағдарламаға қатысқысы келетінін анық білсе).  Уақыт жеткілікті 

болған жағдайда сұхбаттасуға бірден кірісуге болады.



Сұхбаттасуды өткізу

Кеңес беру аяқталған соң өтініш беруші сұхбаттасуға 



шақырылады. Сұхбаттасуды əлеуметтік жұмыспен айналысатын 

кеңесші, ал ауылдық елді-мекендерде – ауылдық өңірдің əкімі 

неме се көмекші жүргізеді (ауылдық өңірдің əкімімен келісу 

бойынша). Сұхбаттасу кезінде алынған деректерге сүйене отырып, 

отбасының əлеуметтік белсенділігін арттыруды қай бағытта жүргізу 

мүмкін болатыны туралы шешім қабылданады. Сұхбаттасу кезінде 

үміткердің өз отбасын дағдарыстық жағдайдан шығарудың жолдары 

туралы түсініктері, мамандығына қайта оралуға немесе жаңа 

мамандық алуға байланысты қалаулары жəне ұсыныс-тілектері 

анықталады. 



Сұхбаттасу əлеуметтік белсенділікті арттырудың ең басты 

кезеңі (төменгі мəтінде сұхбаттасуды жүргізіп отырған "Өрлеу" 

жобасының көмекшісі немесе кеңес берушісінің əңгімесі төл сөз түрінде 

курсив арқылы ерекшеленіп көрсетілген).  

Сәлеметсіз бе! Біз кеңес беру кезінде кездескенбіз. Менің есімім ….. 

Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – сіздің отбасыңыздың "Өрлеу" жобасына 

қатысу мүмкіндіктерін қарастыру. Сіз өткендегі кеңес беру кезінде 

талқылаған "Өрлеу" жобасының мазмұнын үй-ішімен әңгімеледіңіз бе? 


Ол жайлы не ойлайсыз? (Қажет болса керек ақпаратты қайта есіне 

салыңыз немесе анығырақ түсіндіріңіз, егер өтініш беруші мен оның 

отбасы мүшелері жобаға қатысу туралы нəрселерді дұрыс түсінбеген 

болса.)



Қазір біз сіздің отбасыңыз "Өрлеу" жобасының шарттарын қалай 

орындай алатыны туралы шешім қабылдауға көмек болатын мәлімет 

жинауымыз қажет. 

Мен сізге сұрақтар қоямын, ал жауаптарын сұхбаттасу парағына 

түсіремін. Бұл сұрақтар және сіздің оларға берген жауаптарыңыз 

бізге өте маңызды. 

Жеке бас мәліметтерінен бастайық.

Сұхбаттасу нысанын (формасын) (Ережелердің 1-ші қосымшасы) 

анықтаушы сұрақтар қою арқылы толтырыңыз.

БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ

Белсенді тыңдаудың дағдыларын қолданыңыз: үміткерге өз 

ойын білдіруге мүмкіндік беріңіз, əңгімеге қызығушылық 

көрсетіңіз, мəліметті анықтап алу үшін қайталап сұрақ 

қойыңыз (1 қосымшаны қараңыздар).

« " Ө рл еу "  жо б а с ы н а  қ ат ы с у  ү ш і н  с ұ хб ат т а с у  п а р а ғ ы » 

нысанына қатысты түсініктемелер. 

Отбасына (жалғыз тұратын азаматқа) берілетін мінездеме: бұл 

жағдайда əрі қарай учаскелік комиссиямен қарастырылатын жалпы 

мəлімет беріледі: отбасы құрамы – толық (ата-ананың екеуі де бар), 

толық емес (тек қана əке немесе шеше), ұлғайтылған (ата-анадан басқа 

да ересектер бар), 7 жасқа дейінгі балалар саны, 16 жасқа дейінгі балалар 

саны. 


Еңбек дағдысы жəне икемділік, шеберлік: Бұл сұрақ отбасы 

белсенділігін арттыру келісім-шартын дайындау үшін өте маңызды. 

Өтініш берушілер көбінесе өз мүмкіндіктерін біліп жатпайтынына жəне 

өз бойындағы дағдыларын тек кəсіби білімдерінің тұрғысынан 

бағалайтынына назар аударыңыз. Мысалыға, бір əйел тек 9 сыныптық 

білімі ғана болғандықтан, өзі туралы «ешнəрсе істей білмеймін» деп 

айтуы мүмкін. Алайда, ол өте жақсы тігінші немесе тамаша  тазалау-

жинау жұмыстарын істей алады. Оның жұбайы тəуір ағаш ұстасы 



немесе етікші болуы мүмкін. Отбасының мүмкіндігінше барлық затты 

есіне түсіруге көмектесу барысында біраз шыдам қажет. Дəл сондай-ақ, 

үміткерлер бұрын алған мамандықтары туралы айтпауы мүмкін, өйткені 

ешқашан, ол бойынша жұмыс істемеген (мысалы, қыз колледжді бітіре 

с алып тұрмысқа шығып кеткен неме се жас жігіт дəнекерлеуші 

"қабыршағын" алып, жерге орналастырушы кеңсе сіне жұмысқа 

орналасқан). Бұл "ұмытылған" дағдылар мен кəсіп жұмыспен қамту іс-

шараларына қатысу үшін мүмкіндік беріп, қайта оқудың тамаша бастауы 

болуы мүмкін.

Біз отбасы мүшелерінің кәсіптері туралы әңгімелестік. Ал енді 

ресми алынған біліміңізден басқа тағы қандай дағды, шеберліктеріңіз 

бар екенін жазайық. Тұрақты айналысатын кәсібіңізден басқа не істей 

аласыз? Мысалыға, үй шаруашылығында? Бау-бақша шаруасында? 

Қолдан қандай бұйымдар жасай аласыз? Тағы не? Іс тігу? Басқа қандай 

шаруамен күнкөріске қаржы таптыңыз?  Ол істі қаншалықты жақсы 

істей аласыз? Қазір сол іспен күн көре алар ма едіңіз? Ол үшін не қажет 

етер едіңіз?

Жеке қосалқы шаруашылықтарды (ЖҚШ) немесе шаруа 

қожалығын дамыту бағыттары. Өтініш берушілердің есіне ШАК 

тұрақты төленуімен қатар, бір мəртелік төлем ретінде үш айға бірақ 

берілуі мүмкін екендігін естеріне салыңыздар. ЖҚШ-дан пайда көру 

үшін қандай шаралар істеуге болатыны жайлы əңгімелесіңіз. Мысалы, 

құс немесе тайынша өсіру үшін оны сатып алу, сынған қопсытқышты 

жөндеу, т. б. Асықпаңыз! Ең алдымен идеялар жинап алыңыз; сұхбат 

кезінде отбасының басқа да мүшелері болса, оларды да талқылауға 

тартыңыз. Оларды да қосымша сұрақ қою арқылы қатыстыруды естен 

шығармаңыз. (Ақмарал, сіз қалай ойлайсыз? Сіз сату мақсатымен құс 

өсіріп көрдіңіз бе? Құсты жұмыртқасы үшін ұстаған жақсы ма, әлде 

бройлер құстарын етке өсірген дұрыс па? Мұрат, өнімді өткізуді 

қалайша қамтамасыз етуге болады? Үәделесіп ауданға бірге баратын 

басқа отбасылар бар ма?).

Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас. Осы кезеңге 

дейін сізде біраз пікір қалыптасуы мүмкін (мысалы, отбасы мүшелерінің 

бір-бірімен сөйлесуі, сөз таластыруы немесе бірін-бірі тыңдауы). 

Алайда, бұл пікір алдамшы болуы мүмкін, себебі жаңа жерде адамдар 

өздерін ыңғайсыз сезініп, өздерін əдеттегіден өзгеше ұстауы мүмкін. 

Сіздің отбасыңызда шаруашылыққа байланысты маңызды 

шешімдерді кім қабылдайды?


Отбасы бюджетін кім басқарады?

Отбасыңыздағы түгел мүшелер бірігіп өткізетін уақыт бар ма?

Балаларыңыздың үй бойынша атқаратын міндеттері бар ма? 

(Көңіл бөліңіз! Баланың үй шаруасымен айналысуы мен оны 

қанауды бөлек қарастыру өте маңызды. Баланың мектепке бармай 

жүргені немесе мектептен кейінгі бар уақытты далада ата-анамен қатар 

жұмыс істеуге жұмсауы –балалардың құқықтарын бұзушылық деп 

саналады. Осы сіздің анықтаған жайларыңыз туралы білім беру бөліміне 

жəне кəмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияға хабарлау 

керек.)




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал