Ұсынылып отырған нұсқаулық 2014-2015 жылдары "Өрлеу"



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/8
Дата22.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

            Ұсынылып отырған нұсқаулық 2014-2015 жылдары "Өрлеу" 

жобасының шартты ақшалай көмек (бұдан əрі – ШАК) бағдарламасын 

Қазақстанның үш облысында пилотты енгізу барысында алынған 

тəжірибе негізінде құрастырылды. "Өрлеу" жобасы - бұл халықты 

ə л еум е т т і к  қ о р ғ ау  ж ү й е с і н  же т і л д і ру  ма қ с ат ы н д а  ө т к і з і л е т і н 

шаралардың құрамды бөлігі. 2016 жылы "Өрлеу" жобасының пилотты 

іске асырылуы Қазақстанның əрбір облысында таңдалып алынған 

пилотты аудандарына кеңейеді, бұл отбасының белсенділігін арттыру 

ə л еу м е т т і к  ке л і с і м - ш а р т ы  н е г і з і н д е  ш а р т т ы  а қ ш а л а й  к ө м е к 

бағдарламасының пысықталған нұсқасын ұлттық деңгейге шығару 

мақсатында жасалады. 

 

    Нұсқаулық табысы аз отбасылар мен азаматтарды ШАК 



бағдарламасына, отбасылардың əлеуметтік белсенділігін арттыру 

жұмыстарын жүргізу мен қолдау шараларына қатыстыруға жауапты 

ж ұ м ы с п е н  қ а м т а м а с ы з  е т у  ж ə н е  ə л еу м е т т і к  б а ғ д а р л а м а л а р 

б ө л і м д е р і н д е г і  ə л е у м е т т і к  с а л а д а ғ ы  к е ң е с ш і л е р  м е н  Ш А К 

бағдарламасының көмекшілеріне жəрдем ретінде дайындалған. Осы 

нұсқаудың авторлары оның жұмыспен қамтамасыз ету жəне əлеуметтік 

бағдарламалар бөлімдері (бұдан əрі - ЖҚЕƏББ) мен жұмыспен 

қамтамасыз ету орталықтарының мамандарына, ауыл жəне ауылдық 

өңірлердің (округтардың) əкімдеріне, жəне де халықты əлеуметтік 

қорғауға байланысты əр түрлі аспектілермен айналысатын  басқа да 

адамдар мен ұйымдарға пайдасы тиер деп үміттенеді. 

           Тəжірибелік нұсқау «2016 жылға арналған республикалық 

бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді облыстық 

бюджеттердің, Астана жəне Алматы қалаларының бюджеттерінің 

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу мақсатында 

пайдалануы туралы Ережелерге» (бұдан əрі - Ереже) қосалқы мəлімет 

болып табылады. Ол ешбір жағдайда Ережелердің орнына жүрмейді. 

Егер нұсқау мен Ережелерді оқу барысында қайшылықтар байқалған 

жағдайда, Ереженің мазмұнын басшылыққа алу қажет. 

                   Н ұ с қ ау,  е ң  а л д ы м е н ,  Ш А К  б а ғ д а рл а м а с ы н ы ң  ə л еуе т т і 

қатысушыларымен жұмысты жеңілдету үшін жəне "Өрлеу" жобасына 

қатысушы отбасыларын жобаға қатысу мерзімі аяқталғанға дейін 

басқарып алып жүруге арналған. Əдетте, əлеуметтік с аладағы 

мемлекеттік жаңа бағдарламалар туралы мəлімет түсінуі қиын, үлкен 

көлемді мəліметтен тұратын нормативті-құқықтық акт түрінде 

жарияланады.



Нұсқау мен "Өрлеу" жобасын іске асыру үшін арнайы құрастырылған 

ақпараттық материалдар тиісті мəліметті халыққа түсінікті түрде 

жеткізуді көздейді. 

 Нұсқауды 2016 жылы дайындаудың екінші мақсаты ШАК 

бағдарламасының Қазақстанның үш пилотты облыстарында – Шығыс 

Қазақстан, Ақмола жəне Жамбыл – іске асырылуы кезінде жиналған 

тəжірибені жариялау болып табылады. Басқа облыстар жəне Алматы мен 

Ас т а н а  қ а л а л а р ы  жо л  с а л у ш ы л а р д ы ң  т ə ж і р и б е с і н е  с ү й е н і п , 

қатысушылардың жетістік оқиғаларымен танысып, сəтті олжаларға куə 

болып, немесе облыстардың бірінде сынақтан өткен дайын шешімдерді 

пайдалану арқылы уақытты үнемдеулеріне болады. "Өрлеу" жобасының 

с ə т т і  о р ы н д а л у ы  т у р а л ы  ж а қ с ы  м ы с а л д а р  ж ə н е  ү ш  п и л о т т ы 

облыстардағы ЖҚЕƏББ тəжірибесінен алынған шынайы оқиғалар 

нұсқаулықта арнайы тақырыптарға қатысты жеке ескертулер түрінде 

бөлек келтірілген.

Нұсқауда ШАК бағдарламасы орындалуының əр кезеңіне 

то қ т а л ы п  ө т і п ,  ха л ы қ т ы  ха б а рд а р  е туд е н  б а с т ап ,  б а ғ д а рл а м а 

шарттарының орындалу бақылауымен аяқтап, "Өрлеу" жобасы туралы 

жалпы мəлімет ұсынылады.  

Нұсқау Қосымшасында мақсатты топпен жұмысты жеңілдетуге 

бағытталған қосалқы мəлімет келтірілген. Нұсқауды пайдаланушылар 

бизнес-жоспарлау элементтері туралы ұғым алып, шығыны аз шағын 

бизне с мыс а лдарымен т анысып, "Өрлеу" жобасының үміткер-

отбасылары жəне қатысушыларымен сұхбат жүргізу, əңгімелесу жəне 

оларды бағдарлама аяқталғанға дейін сүйемелдеу дағдыларын дамыта 

алады.   

"Өрлеу" жобасына арналған Нұсқау жұмыс құжаты болып 

табылады. Жобаны іске асыру барысында қажетінше түзетімдер мен 

қосымша ұсыныстар енгізіліп отырады. Құжаттың мазмұнын жақсарту 

мақсатында берілетін сіздердің түсініктемелеріңіз бен ұсыныстарыңыз 

"Өрлеу" жобасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 

тиімді енгізілуіне септігін тигізетін сапалы əдістемелік материалдарды 

дайындауға мүмкіндік береді. 


  МАЗМҰНЫ

Кіріспе  

"Өрлеу" жобасының негізгі құрылымы

Шартты ақшалай көмектің атаулы əлеуметтік 

көмектен айырмашылығы

Отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік 

келісім-шарты не үшін қажет?

"Өрлеу" жобасындағы негізгі рөлдер

"Өрлеу" жобасын жүзеге асыру кезеңдері

Бастапқы кезең. "Өрлеу" жобасы туралы ақпараттандыру

Кеңес беру жəне сұхбат өткізу

Өтініш беру

ШАК-ты тағайындау

Отбасының белсенділігін арттыру əлеуметтік 

келісім-шартының мазмұны

Отбасының белсенділігін арттыру əлеуметтік 

келісім-шартын дайындау

Отбасына жəрдем берудің жеке жоспарын құру 

Шартты ақшалай көмекті төлеу

Шартты ақшалай көмекті пайдалануды бақылау (мониторинг) 



Қосымшалар:

1.  Отбасылармен сұхбат жүргізуге арналған ұсыныстар

2.  Халықты ақпараттандыру жəне "Өрлеу" жобасына

 тарту тəсілдері

3.  АƏК пен ШАК-тың айырмашылығын айқындайтын 

мысал


4.  Отбасы табыстарын арттыруға арналған қарапайым 

бизнес идеяларды бағалау мысалы

5.  Бастапқы шығындарды аз қажет ететін бизнес туралы 

идеялар (қатысушы отбасылармен талқылауға 

ұсынылған мысалдар) 


КІРІСПЕ

    Қазақстан республикасында əлеуметтік көмек көрсету жүйесінің 

кезең-кезеңмен реформалауы үш негізгі тəсілге негізделген:  

1)    кепілді деңгейде өмір сүруді қамтамасыз ету үшін халықтың 

неғұрлым осал топтарының табыстарын қорғау; 

2)   мемлекет пен азамат арасындағы өзара міндеттемелер 

негізінде жасалған əлеуметтік келісім-шарт арқылы еңбекке 

қ а б і л е т т і  а з а м ат т а р д ы ң  ə л е у м е т т і к  б е л с е н д і л і г і н 

ы н т а л а н д ы р у.  Б ұ л ,  ə л е у м е т т і к  к ө м е к т і ң  ж о б а ғ а 

қатысушының өз өмірін нашарлататын мəн-жайларды 

еңсеруге дайындығымен қатаң негізделетіндігін білдіреді 

(соның ішінде қажетті кəсіби дағдылардың болмауы, зиянды 

өмір салты, қалыптасқан нанымдары мен стереотиптері); 

3)   мемлекет кепілдік берген халықты əлеуметтік қорғау 

жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жəне өзара əрекеттесу 

мен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында денсаулық 

сақтау, білім беру салаларында, құқық қорғау жүйесінде жəне 

т. б. іске асырылып жатқан əлеуметтік қорғау шараларын 

қалыптасқан əлеуметтік көмек жəне əлеуметтік қызмет 

көрсету жүйесімен біріктіру.

      Атаулы əлеуметтік көмек (АƏК) жан басына шаққандағы табысы 

ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% төмен отбасыларға төленеді. АƏК 

мөлшері - отбасының жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі 

күнкөріс деңгейінің 40% айырмашылығынан құралады. АƏК – пассивті 

əлеуметтік көмек: отбасы іріктеу критерийлеріне сəйкестігі жойылғанша 

осы айырмашылықты алып отырады, алайда, өз жағдайларын өзгертуге 

еш мүдделі емес. Сонымен қатар, отбасының табысын жақсы жаққа 

өзгерту АƏК-ті төмендетуге немесе жоюға əкеледі, яғни табысы аз 

отбасылар тұрақты əлеуметтік төлемдерді алу үшін табыстарының 

төмен деңгейде сақталуына мүдделі болуы мүмкін. МБТЖ (мемлекеттік 

балаларға төленетін жəрдемақы) мен тұрғын үй саласындағы жəрдем 

жəне басқа да əлеуметтік төлемдер де осы пассивті көмектің санатына 

жатады.  

             Тұрмысы төмен тұрғындарға əлеуметтік қолдау көрсетуге жаңа 

көзқарас -  қолдаудың пассивті түрі - жасына немесе денсаулығына 

байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын адамдарға ғана, ал 

қолдаудың белсенді түрі – əзірге еңбек нарығында өз орнын таба алмаған 

еңбекке қабілетті тұрмысы төмен адамдарға берілетінін талап етеді. 



"КЕДЕЙЛІК ТҰЗАҒЫ" 

Қасен отбасында 3 бала. Шешесі, Роза, кішісімен үйде отыр, ал 

əке сі, Марат Қас ен, кездейсоқ т абыст ардың сонында жүр. 

Жұмысқа орналасқысы келмейді – 3-4 айға уақытша жұмыс қана 

бар. Отбасы 15 мың теңге көлемінде АƏК жəне 8 мың теңге МБТЖ 

а лады. Егер де Марат ре сми түрде жұмысқа орна ласс а, ол 

шамамен сол ақшаны таба алады, бірақ отбасы келесі тоқсанда 

АƏК-тен айырылады, себебі табысы кедейлік шегінен асып кетеді. 

Сонымен қоса оған жолына ақша жұмсау керек болады. 

Бұл дегеніміз «кедейлік тұзағының» нағыз өзі – отбасы жұмысқа 

орналасып, жардемақыдан айырлғанша, жұмыс істемегенді жөн 

көреді.        

              "Өрлеу" жобасы кедейліктің тұсауынан шығуға шамасы жететін, 

бірақ сол мүмкіндіктерін жүзеге асыруда көмекті қажет ететін топ 

мүшелеріне бағытталған.  

           ШАК жобасын пилотты түрде жүзеге асыру 2014 жылдың 

көктемінде Ақмола, Шығыс Қазақстан жəне Жамбыл облыстарында 

басталды. 2016 жылдың 1 қаңтарына аталған облыстарда ШАК алушы 

отбасылар саны 3190-ға, оның ішінде осы көмекті алушы отбасы 

мүшелерінің саны 15935 адамға жетті. Облыстар бойынша жобаға 

қатысушылар құрамы аздап ерекшеленеді. "Өрлеу" жобасына 

қатысушылардың 60%-на жуығын 18 жасқа дейінгі балалар, ал 30%-ға 

жуығын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері құрайды. 7%-ға жуығы 3 

жасқа дейінгі ба ла лар, қарт адамдар мен мүгедектер күтіміне 

байланысты отырғандардан тұрады. Мүгедектер, зейнеткерлер жəне 

оқушылар ШАК алушылардың 4%-на жуығын құрайды. 

Үш пилотты облыстардағы 2015 жылы шак алушылар 

құрамы 

Еңбекке жарамды 27%

зейнеткерлер 0%

мүгедектер 1%

оқушылар 2%

үй жағдайында күту 8%

18 жасқа дейінгі балалар 

62%


"ӨРЛЕУ" ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ

"Өрлеу" жобасы аясында ШАК жан басына шаққандағы айлық 

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (2016 жылдың 1 қаңтарынан 

22859 теңге көлемінде) 60%-нан төмен отбасыларға   төленеді. Бұл 

дегеніміз - ШАК алуға құқылы адамдар саны АƏК алушылар санынан 

əлдеқайда асып түседі дегенді білдіреді. Соған қоса, жоба көмектің 



белсенді түрін көрсетеді. Яғни, отбасының жан басына шаққандағы 

табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60% айырмашылығынан 

құралатын ақшалай көмекті алу үшін, отбасы осы жобаға қатысудың 

шарты болып табылатын міндеттемелерді өз мойнына алады. Бұл 

міндеттемелер мемлекет тарапынан болсын (ақшалай көмек, əлеуметтік 

бейімделуге көмек көрсету), отбасы тарапынан болсын (жұмыспен 

қамтудың белсенді шараларына қатысу) "Өрлеу" жобасының ажырамас 

бөлігі болып т абылатын отбасының белс енділігін арттырудың 

əлеуметтік келісім-шартында қамтылады.  

Пилоттық енгізу барысында "Өрлеу" жобасына тұрмысы төмен 

отбасылар ерікті түрде қатыса алады. Алайда, отбасы "Өрлеу" жобасына 

қатысудан бас тартқан жағдайда, ол əлеуметтік қолдауды ең төменгі 

күнкөріс деңгейінің 40% көлемінде ғана алатын болады. Бұл əлеуметтік 

келісім-шарт арқылы тағайындалатын көмек мөлшерінен  əлдеқайда 

төмен. Осылай, еліміздің барлық тұрғындары əлдеқайда төмен деңгейде 

болса да, белгілі бір көмекті кепілді түрде ала алады.  

"Өрлеу" жобасын жүзеге асыру барысында:

ШАК алушылар өзінің еңбек əлеуетін жүзеге асыра алады; 



т ұ р а қ т ы  д е р б е с  т а б ы с  к ө з д е р і н і ң  е с е б і н е н  т а б ы с ы  а з 

азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасы артады;

т а б ы с ы  а з  о т б а с ы л а р д ы ң  м ү ш е л е р і  ə л еу м е т т і к  о ң а л т у 



шараларына қатысады;

ШАК алушылардың əлеуметтік жауапкершілігі артады жəне 



олардың арқа сүйеушілік кейіптері төмендейді;

ШАК жобасы аясында жаңа адамдар жəне ұйымдармен қарым-



қатынас пен жұмыс істеу барысында отбасылар өздерінің еңбек 

нарығына қайта оралу нақты мүмкіндіктерін көреді.     



Отбасының белсенділігін арттыру келісім-шарттарын енгізу мен 

ақшалай көмектің шарттастық түсінігі қоғамды дамытуға жəне "кедейлік 

тұзақтарын" жеңуге қажет. Бұл еңбек нарығында белсенділік танытуға 

ұмтылмай, əлеуметтік көмекті қанағат тұтатын отбасыларға тəн. 

Отбасының əлеуметтік белсенділігін арттыру келісім-шарты олардың 

осы бағытта саналы түрде əрекет етуіне түрткі болады. Сонымен қатар, 

өздерінің экономикалық жəне əлеуметтік ахуалдарын жақсартуға себеп 

болады.  

Тұрмысы төмен отбасыларға берілетін шартты ақшалай көмектің 

келесідей түрлері бар: 

а) ақшалай – яғни, ай сайынғы тұрақты немесе бір мəртелік үш айға 

үміткердің өтініші бойынша төленетін төлемдер; 

б) отбасының қиын жағдайдан шығуына себеп болатын əлеуметтік 

қызметтер: мұнда келісім-шартты əлеуметтік тұрғыдан қолдау, оқыту 

жəне қайта оқыту қызметтері, жəне халықты əлеуметтік қорғау саласы 

аясында арнайы əлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету сияқты іс-

шаралар кіреді. 

6 ай ішінде үнемі жəрдемақы төлеу отбасының қиын тұрмыс 

жағдайын жеңілдету мақсатында жəне бұрын-сонды жұмыс істемеген үй 

шаруашылығының мүшелерінің жаңа өмірге бейімделуіне, оқуына не 

қайта оқуына жəне жұмысқа орналасуына бағытталған. 

Еңбекке қабілетті мүшелері бар қалада тұратын отбасыларға бұл 

жоба негізінен жұмыс іздестіруге немесе өзінің шағын ісін ашуға қолдау 

көрсетеді.  Үш айлық мерзімге бір мəрте төленетін ШАК мақсатты төлем 

ролін атқаратын көмек, бұл жөндеу жұмыстарына неме се өз ісін 

ашқандарға қажетті құрал-жабдықтар (тігін машинасы не тоқу 

станоктары, шаштараздық қызметке қажетті құралдар жəне т.б. ) сатып 

алуға арналған.  

Жеке қосалқы шаруашылық жүйесі дамыған ауыл мен шағын қала 

тұрғындары бұл көмекті өз жерлерін қайта қалыпқа келтіріп, оны тиімді 

пайдалануға, тұқым сатып алуға, сайман алуға немесе қолда бар 

техниканы жөндеуге, мал (төл) неме се құс сатып алуға, өз жеке 

ш а р у а ш ы л ы ғ ы н а н  ш ы қ қ а н  ө н і м д і  ұ ж ы м д ы  т ү р д е  ө т к і з уд і 

ұйымдастыруға жəне оны тұтынушыларға жеткізу үшін пайдалана 

алады.


        Бір мəрте төленетін ШАК тек қана отбасының белсенділігін 

арттыру келісім-шартының аясындағы іс-шараларға жұмсалу керек, 

оның ішінде өзінің жеке шаруашылығын дамытуға (мал, құс сатып алуға 

жəне басқалар), жеке кəсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға арналған. 

ШАК-ты бұрын алынған қарыздар мен несиені төлеуге, жылжымайтын 

мүлік сатып алуға жұмсауға тиым салынады.

        Отбасының белсенділігін арттыру келісім-шарттары негізінде 

əрекет ететін "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасылармен жұмыс істеу 

барысына жаңа ережелер мен қызмет түрлерін енгізу - осы жобаға 

атсалысатын адамдармен ұйымдардан қосымша дағды мен жаңа 

тəсілдерді талап етеді. 

       "Өрлеу" жобасын кезең-кезеңмен іске қосып, оны пилоттық 

деңгейде жүзеге асыру - жаңа түрдегі ШАК жүйесін енгізуге негіз болып 

табылады. Отбасының белсенділігін арттыру əлеуметтік келісім-

шартын құру арқылы жүзеге асатын бұл жоба республика тұрғындарын 

əлеуметтік қорғауды тəжірибе жүзінде іске асырады.    



ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕКТІҢ АТАУЛЫ   

ƏЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 

        "Өрлеу" жобасының бұрыннан жүзеге асырылып келе жатқан басқа 

əлеуметтік жобалардан негізгі айырмашылығы – қатысушы отбасының 

қажеттілігіне бағытталған қадамдардың кешенділігі. Əр-түрлі 

отбасыларға тағайындалатын көмектің көлемі ғана ерекшеленетін АƏК 

жобасымен салыстырғанда, "Өрлеу" жобасы қатысушы отбасыларының 

қажеттілігін ескере отырып, оларды болашақта өзін-өзі қамтамасыз ету 

қабілеттерін шыңдауға жетелейді. Алғаш рет əлеуметтік қорғау 

тəжірибесінде əлеуметтік жұмыс өтініш берушімен ғана емес, сонымен 

қатар барлық отбасы мүшелерімен жүргізілетінін атап айту өте 

маңызды. Бірінші рет өтініш берген сəттен бастап əр отбасымен тек бір 

адам жұмыс істейді, бұл əлеуметтік қорғау органы мен көмек алушы 

а р а с ы н д а ғ ы  қ а р ы м - қ ат ы н а с т ы ң  з ат ы м е н  ж а ң а  т ə ж і р и б е с і н 

қалыптастырады.  

        "Өрлеу" жобасы аясында отбасының əлеуметтік белсенділігін 

арттыруға бағытталған іс-шаралардың ерекшелігі

Нəтиже үшін жауапкершіліктің бөлінуі  – отбасы - 



мемлекеттен бейтарап көмек алушы ғана емес, сонымен қатар, 

өзінің белсенділігін арттыруға бағытталған үрдістің белсенді 

қатысушысы. 


Отбасының белсенділігін арттыру əлеуметтік келісім-

шартын құру бойынша жұмыс – ЖҚЕƏББ өкілдері мен өтініш 

беруші отбасының белсенділігін қажет ететін бірлескен үрдіс.

Белсенділікті арттыру үрдісі келісім-шартқа қол қоюдан 



емес, жұмысқа орналасуда жəне əлеуметтік белсенділікті 

арттыруда кездесетін бөгеттерді мойындаудан басталады. Бұл 

үрдіс барлық өтініш берушілерге бірдей бола алмайды, себебі ол 

өтініш берушіден еңбек нарығына дейінгі қадамдарға ерекше 

көңіл бөледі. 

Б е л с е н д і л і к т і  а р т т ы р у  ү р д і с і н  і с ке  қ о с ы п ,  о н ы 



сүйемелдеуге АƏК немесе МБТЖ төлемдерін рəсімдеуден 

əлдеқайда көп уақыт кетеді. Белсенділікті арттыру үрдісі - еңбек 

нарығында тұрақты орнын табу мақсатына бағытталған жəне 

бұл үрдіс міндетті түрде шарттардың орындалуын қадағалайтын 

шараларды қарастырады.

ОТБАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ 

ƏЛЕУМЕТТІК КЕЛІСІМ-ШАРТЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

         Отбасының белсенділігін арттырудың əлеуметтік келісім-шарты - 

отбасы мен ЖҚЕƏББ арасындағы өзара құқықтары мен міндеттерін 

айқындайтын келісім-шарт. Үш пилотты аймақтарда "Өрлеу" жобасына 

қатысқан АƏК пен МБТЖ төлемдерінің бұрынғы алушылары мен 

ЖҚЕƏББ мамандары арасындағы қарым-қатынастың өзгергені бірнеше 

рет байқалған. 

         АƏК пен МБТЖ алушылар бір жағынан өздерін сұраушы ретінде 

сезінсе, ал екінші жағынан өздеріне "тиесілі" дүниені талап еткен. Осы 

деңгейде алушы мен уəкілетті мекеменің арасындағы байланыс тек 

тоқсанына бір рет құжаттар тапсырумен шектелген. Бекітілген келісім-

шарт төлем алушы мен ЖҚЕƏББ-ны əріптестер санатына теңейді - екі 

тарап мойнына жауапкершілік алады. Төлем алушы былай дейді – "мен 

жұмысқа орналасуға не қайта оқытудан өтуге, немесе келісім-шартта 

қарастырылған амалдар арқылы өз мойныма алған міндеттерді 

орындауға уəде етемін". Өз кезегінде, ЖҚЕƏББ "Өрлеу" жобасының 

қойған талаптарын орындаған қатысушы отбасыларға шартты ақшалай 

көмекті төлеуге міндет алады жəне жұмыспен қамтылудың белсенді 

шараларын қарастыруға көмекте седі. Отбасының амандығына, 

өркендеуіне жəне өз мінез-құлқына байланысты жауапкершілікті 



сезіну деңгейі күрт өсіп, өзін-өзі бағалауы арта түседі. Жұмыспен қамту 

жəне əлеуметтік бағдарламалар қызметтерінің өкілдері де табысы аз  

отбасыларға деген көзқарасын айтарлықтай өзгертетінін атап өту 

маңызды – қатысушыларға жоба аясында қызмет көрсету барасында 

олар отбасылардың экономикалық тұрақтылығына кедергі болатын 

нақты жағдайларды да, оларды жеңу мүмкіндіктерін де көре бастайды. 

"Кедей=жалқау, жұмыс істегісі келмейді, бар ақшаны ішіп қояды немесе 

теледидар сатып алады" деген стереотиптер кетіп, өмірлік оқиғалар мен 

мəн-жайлардың алуан түрлі болатындығынын, жəне, ең бастысы, 

" Ө рл еу "  жо б а с ы н а  қ ат ы су ш ы л а рд ы ң  к ө б і н і н  ө з  ж а ғ д а й л а р ы н 



жақсартуға əлеуеттері бар екендігінін түсінігі дамиды.

ПИЛОТТЫ ОБЛЫСТАРДАҒЫ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 

"ӨРЛЕУ" ЖОБАСЫНА ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ (2015 

ЖЫЛДЫҢ КӨКТЕМІНДЕ ШАК-ТЫ ІСКЕ-АСЫРУ 

БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ НƏТИЖЕЛЕРІ 

НЕГІЗІНДЕ)

2015 жылдың көктемінде "Өрлеу" жобасын пилотты іске-

а с ы р у д ы  б а қ ы л а у  а я с ы н д а  Ш А К  а л у ш ы л а р д ы ң , 

көмекшілердің, əлеуметтік жұмыс бойынша кеңесшілердің 

пікірін сұрау жүргізілді. Төменде ең жиі қайт аланатын 

жауаптар берілген (үш пилотты облысқа ортақ).    

Сұрақ: олар "Өрлеу" жобасында ең бастысы нені бағалайды? 

- "өзін-өзі қадірлеу жəне бағалау жоғарылады";

- "бұрын жұмыс іздеуге тіпті тырысқан да жоқпын, ол мүмкін 

емес деп ойлайтынмын, ал қазір білемін, жұмыс не болса да 

табылады";

- "басқа адамдардан енді ұялмаймын, қарым-қатынас жасап, 

проблемаларды шеше аламын";

- "жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болды";

- жобаның аясында ұсынылатын көмек өтеусіз екендігі 

м а ң ы зд ы .  А л ы н ғ а н  а қ ш а н ы  қ а й т ы п  қ а й т а р а м ы н  д е п 

уайымдау керек жоқ, а л жай ғана оларды ең қажеттіге 

мақсатты жұмсау мүмкіндігі бар. 

Мамандардың айтуы бойынша, енді ШАК алушыларымен 

қатар басқа да пилоттық аймақтардың тұрғындары ресми 

келісім-шарттын бекітілуін жəне, оның аясында, міндетті 

зейнетақы аударымдарының қосылуын сұрайтын болды. 

Кейбір ШАК қатысушылары үшін бұл тұрақты зейнетақы 

аударымдардың алғашқы тəжірибесі, жəне сол аударымдардың 

болуы олардың зейнетке шыққаннан кейінгі əл-ауқатын 

айтарлықтай арттыратынын түсіне бастады.

«Ақшаны қайда жұмсайсыздар?» сұрағына ауылдық жердегі 

фокустық топтарға қатысушылар құс, мал сатып алуға, ЖҚШ-


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал