Сыныбы: 6 «А» Уақыты



жүктеу 18.88 Kb.
бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі18.88 Kb.
#23547
1   2
Республика күні
сыныптардың картасы 6А
Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Флипчарттар, маркерлер, көрнекті суреттер, микрафон, мультимедиялық құрылғы т.б.

Функциональдық сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі

Жүру барысын алдын ала
үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең
Тапсырмалар легі


Соңы (бекіту)

Ойын «Миға шабуыл» 
— Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
— Дұрыс айтасыңдар.
— Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, зайырлы, әдемі)
— Өте жақсы,оқушылар


- Ендеше «Қазақстан-туған жерім,туған елім!» атты жаңа тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империя құрамында еді. Халық еркіндікті 2,5 ғасырдан аса уақыт тосты. Ел тәуелсіздігі үшін күрес жолында көптеген адамдар, саяси-қай-керлер, ғалымдар, қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды. 1991 жыл халқы-мызға егемендігін ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел тарихына ал-тын әріптермен жазылды. Сол тәуелсіздігіміздің арқасында өз Туымыз, өз Елтаң-бамыз, Әнұранымыз бар. 1993 ж 28 қаңтарда еліміздің тұңғыш Конституциясы қа-былданып, осы жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Біздің тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде еліміздің қарыштап дамуы, әлемге танымал мемлекет бола бастауы, бұның бәрі сонау 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған қанды оқиғамен тығыз байланысты. Ол жылы отты оқиға болды. Сол оқи-ғада көптеген жастарымыз құрбан болды. Егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай, есте сақтап, құрметтеуіміз керек.

1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер
2.«Елдер достығы» /
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он жеті облысы бар.


Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай

Өлең шумақтары:


1-оқушы:
Жарқырап жанған күндей азаттығы, 
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
2-оқушы:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым–Ата заңым қабылданды.
3-оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.
.4-оқушы:
Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?


1. Ел іші алтын бесік
2. Жері байдың елі бай
3. Өз елің - алтын бесігің
4. Туған жердің түтіні де тәтті.
5. Туған елдей ел болмас Туған жердей жер болмас.


Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан



жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет