Силлабус “Электротехниканың теориялық негіздері ”



жүктеу 169.53 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі169.53 Kb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі 

«Алматы энергетика және байланыс университеті»  

 Коммерциялдық емес АҚ 

Электрэнергетика факультеті 

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасы 

                                    

 

                                                                               Бекітілді 



                                                                               ЭЭФ деканы 

                                                                                ______ Денисенко В.И. 

                                                                                 

                                                                                «     »       ___________2013ж. 

                                                                               

 

 



 

Силлабус 

 

“Электротехниканың теориялық негіздері ” пәні бойынша 

бакалавриат 5В070200 – Автоматтандыру және басқару 

мамандығы үшін 

(Кәсіптік орта білім негізінде қысқартылған оқыту) 



 

 

 

курс   1 

семестр 2 

барлығы 4 кредит  

ECTS кредит саны 7 кредит  

жалпы сағаттар саны 180          

дәрістер – 30 сағат 

зертханалық сабақтар – 30 сағат                           

тәжірибелік сабақтар -  15 сағат 

СӨЖ – 105 сағат 

ОСӨЖ – 30 сағат 

курстық жұмыс – 2 семестр  

емтихан – 2 семестр  

 

 

 



Алматы 2013 

Силлабус 5В070200 – Автоматтандыру және баскару мамандығы 

үшін  «Электротехниканың  теориялық  негіздері»  пәнінің  жұмыстық 

бағдарламасы негізінде құрастырылған,  

Силлабус 

«Электротехниканың 

теориялық 

негіздері» 

кафедрасында  18.06.2013 жылдың №10  хаттамасы бойынша қаралып, 

бекітілді. 

  

 



ЭТН кафедрасының меңгерушісі                        Жолдыбаева З. И. 

 

 



 

1.

 

Оқытушы жайлы мәліметтер. 

«Электротехниканың  теориялық  негіздері»  кафедрасының  аға 

оқытушысы  Аршабекова  Алма  Төлендіқызы  ғылыми  педагогикалық 

өтілі –  10 жыл. 

 

 

2. Пән бойынша мәліметтер. 



2.1  Пәнің  аталуы  -  “Электртехниканың  теориялық  негіздері” 

(ЭТН). 


2.2 ЭТН пәні бірінші курстың екінші семестрінде оқытылады. 

2.2 ЭТН курсының көлемі: 

Кредиттер саны –4; барлығы – 180 сағат; аудиториялық сабақтар 

–  75  сағат,  оның  ішінде  дәрістер  – 30  сағат,  тәжірибелік  сабақтар  –15 

сағат, зертханалық сабақтар – 30 сағат, курстық жұмыс; өзіндік жұмыс 

– 105 сағат, оның ішінде ОСӨЖ – 30 сағат, СӨЖ- 75 сағат.  

 

3. Пререквизиттер, постреквизиттер 

3.1  Пәннің  пререквизиттері  –  пәнді  оқып  үйрену  үшін  «Жоғарғы 

математика1»,

 

«Жоғарғы  математика  2»,  «Физика1»  пәндерін  игеру 



керек.

  

3.2  Пәннің  постреквизиттері  –  «ЭТН»  пәні  «Көрсеткіштері  таралған 



және 

шоғырланған 

тізбектер», 

«Электроника», 

«Автоматика 

элементтері мен құрылғылары» пәндерін оқып үйрену үшін керек. 

 

4. Пәннің сипаты 

ЭТН пәні 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы 

бойынша бакалаврларды дайындайтын негізгі пән болып табылады.  

 ЭТН  курсында  тұрақты  және  синусоидалы  токтың  сызықты  электр 

тізбектерінің  негізгі  заңдары  мен  есептеу  әдістері,  төртұштықтар, 


үшфазалы  тізбектер,  синусоидалы  емес  тоқтың  электр  тізбектері, 

сызықты  электр  тізбектеріндігі  өтпелі  кезеңдер,    тұрақты  және 

айнымалы  токтың  сызықты  емес  электр  тізбектері,  таратылған 

параметрлі  тізбектер,  тұрақты  тоқтар  мен  кернеулер  кезіндегі 

магниттік тізбектер, айнымалы магниттік өріс оқытылады.  

“Электротехниканың  теориялық  негіздері  ”  курсының  аяқталуында 

студент міндетті: 

Білу  керек  –  электр  тізбегінің  тұрақты  синусоидалды  және 

синусоидалды  емес  ток  тізбегін,  электр  тізбегінің  үшфазалы  және  

өтпелі кезеңдер тізбегін  есептеудің негізгі әдістері, электрмагнит өрісі  

теориясын, магит  тізбегінің есептеу заңдарын. 



Орындай  алу  керек  –  өтпелі  кезеңдерге  классикалық,  спектралды 

және    операторлық    және    Дюамель  интегралын  есептеудің  әдістерін 

қолдану. 

Икемділігі  болу  керек  –  тексеріп  өлшегіш  құрылғылармен  жұмыс 

жасай білу. 

 

 

5. Пәннің мақсаты 



ЭТН  пәнінің  мақсаты,  сызықты  электр  тізбектеріндігі  қалыптасқан 

және өтпелі кезеңдерді оқып білу болып табылады. Бұл курс сонымен 

қатар сызықты және сызықты емес тізбектердің жалпы теориясын және 

оларды есептеу мен талдау әдістерін қамтиды.  

 

6. Пәннің қысқаша мазмұны 

 ЭТН пәнінің қысқаша мазмұны: 

6.1 Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектері. 

6.2 Бірфазалы синусоидалы тоқтың сызықты электр тізбектері. 

6.3 Үшфазалы тізбектер. 

6.4 4 Синусоидалы емес тоқтар. 

6.5 Төртұштықтар және жиіліктік электр сүзгілер. 

6.6 Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі кезеңдер.  

6.7 Тұрақты және айнымалы токтың сызықты емес электр тізбектері. 

6.8 Таратылған параметрлі тізбектер.  

6.9 Тұрақты тоқтар мен кернеулер кезіндегі магниттік тізбектер.  

6.10 Айнымалы магниттік өріс.  

 

1.

 

Әр сабақтың тақырыптары және ұзақтылығы 

7.1 1-тақырып. Тұрақты тоқтың электр тізбектерінің негізгі заңдары мен 

есептеу  әдістері.  Электр  сұлбаларының  түрленулері  -  4  сағат  дәріс.  (Ә. 

1,2,3,4)  



  Электр  тізбектерінің  элементтері.  Энергия  көздері  үшін 

баламалы  сұлбалар.  .  Э.Қ.К.  бар  тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңы.  Қуаттар 

тепе  теңдігі.  Контурлық  тоқтар  әдісі.  Түйіндік  потенциалдар  әдісі. 

Сызықты  электр  сұлбаларының  түрленулері.  Электр  тізбектерінің 

негізгі  қасиеттері.  Беттесу  принципі,  өзаралық  қасиеті,  тармақтардың 

кіріс  және  өзара  өткізгіштігі.  Қарымталау  теоремасы.  Кернеу  мен  тоқ 

арасындағы сызықтық қатынас. Екіұштылар туралы жалпы мәліметтер. 

Электр  тізбектерін  талдау  үшін  компьютерлік  технологияларды 

қолдану. 

7.2  2-тақырып.  Синусоидалы  токтың  сызықты  электр  тізбектері.  

Айнымалы  тоқтың  электр  тізбектерінің  негізгі  заңдары  мен  есептеу 

әдістері. 

Индуктивті 

байланысқан 

элементтер 

және 


өзара 

индуктивтіліктік 

тізбектер. 

Электр 


тізбектерінің 

жиіліктік 

сипаттамалары - 6 сағат дәріс. (Ә. 1,2,3,4) 

Бірфазалы  синусоидалы  токтың  негізгі  түсініктемелері.  ЭҚК, 

кернеу  және  токтардың  орташа  және  әсерлік  мәндері.  Кедергідегі, 

индуктивтіліктегі 

және 

сыйымдылықтағы 



синусоидалы 

ток. 


Синусоидалы  функцияларды  айналмалы  векторлардың  проекциясы 

түрінде  көрсету.  Кедергі,  индуктивтілік,  сыйымдылықтың  тізбектей 

қосылуы. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары. Векторлық және 

топографиялық сызбалар. 

 Синусоидалы  ток  тізбектеріндегі  қуаттар.  Қуаттар  тепе-теңдігі. 

Синусоидалы ток кезіндегі тармақталған тізбектердің есептелуі. 

Электр  тізбектеріндегі  резонанстық  құбылыстар.  Кернеу 

резонансы.  Жиіліктік  сипаттамалар.  Күрделі  тізбектердегі  резонанс. 

Ток резонансы. 

 Индуктивті  байланысқан  элементтер.  Өзара  индукциялы  ЭҚК. 

Тізбетегі  индуктивті  байланысқан  элементтердің  тізбектей  қосылуы. 

Тізбетегі  индуктивті  байланысқан  элементтердің  параллель  қосылуы. 

Индуктивті  байланыс  бар  кездегі  тармақталған  тізбектерді  есептеу. 

Синусоидалды ток тізбектерін компьютерлік моделдеу. 

 

7.3 3-тақырып. Үшфазалы тізбектер - 2 сағат дәріс (Ә. 1,2,3,4) 



Көпфазалы  қорек  көздері  және  көпфазалы  тізбектер  туралы 

негізгі  ұғымдар.  Жұлдызша  және  үшбұрышша  қосылулар.  Үшфазалы 

тізбектің  симметриялы  режимі.  Әртүрлі  қосылған  сұлбалы  үшфазалы 

тізбектердің симметриялы режимдерін есептеу. Статикалық жүктемесі 

бар  үшфазалы  тізбектердің  симметриялы  емес  режимдерін  есептеу. 

Статикалық  жүктемесі  бар  үшфазалы  тізбектердің  апатты  режимдерін 

есептеу.  Үшфазалы  тізбектердегі  қуаттарды  есептеу.  Айналмалы 

магниттік өріс. 



7.4  4-тақырып.

 

Синусоидалы  емес  тоқтар  мен  кернеулер  кезіндегі 



электр тізбектер. Периодтық гармоникалық емес белгілер режиміндегі 

сызықты  электр  тізбектері.  Фурье  қатарына  жіктеу-  2  сағат  дәріс.  (Ә. 

1,2,3,4)   

  

Синусоидалы  емес  ЭҚК,  кернеу  және  ток.  Периодтық  



синусоидалы  емес  қисықты  тригонометриялық  қатарға  жіктеу. 

Синусоидалы  емес  периодтық  ЭҚК,  кернеудін  және  токтардың 

максималды,  әрекеттік  және  орташа  мәндері.  Синусоидалы  емес 

периодтық  ЭҚК  және  токтары  бар  тізбектерді  есептеу.  Синусоидалы 

емес периодтық токтардың қуаттары. 

7.5  5-тақырып.Төртұштықтар.  Электрлі  сүзгілер  және  олардың  синтезі. 

Сүзгілердің  топталуы.  Электр  тізбектерінің  синтезі.  Жиіліктің  түрлеуі 

және  оның  сүзгілердің  синтезіндегі  қолданылуы.  1  сағат  дәріс  (Ә. 

1,2,3,4) 

 

Негізгі түсініктемелері. 



7.6 6-тақырып. Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі кезеңдер. Өтпелі 

кезеңдерді  есептеудің  классикалық  және  операторлық  әдістері. 

Дюамель  интегралы.  Өтпелі  кезеңдерді  есептеу  мен  талдаудың 

жиіліктік әдісі. 6 сағат дәріс (Ә. 1,2,3,4) 

Өтпелі  кезеңдердің  пайда  болуы  және  коммутация  заңдары. 

Өтпелі,  қалыптасқан  және  еркін  кезеңдер.  R,L-тізбегінің  қысқа 

тұйықталуы.  R,L-тізбегін  тұрақты  кернеуге  қосу.  R,L-тізбегін 

синусоидалы  кернеуге  қосу.  Тармақталмаған  R,L,С-тізбегіндегі  өтпелі 

кезең.  Конденсатордың  апериодтық  разрядталуы.  Конденсатордың 

апериодтық  разрядталуының  шекті  жағдайы.  Конденсатордың 

периодтық  (тербелмелі)  разрядталуы.  R,L,С-тізбегін  тұрақты  кернеуге 

қосу.  Өтпелі  кезеңдерді  классикалық  әдіспен  есептеудің  жалпы 

жағдайы.  Пассивті  екіұштықты  үздіксіз  өзгеретін  кернеу  көзіне  қосу 

(Дюамель  формуласы  және  интегралы).  Пассивті  екіұштықты  еркін 

пішінді  кернеу  көзіне  қосу.  Өтпелі  кезеңдерді  есептеу  үшін  Лаплас 

түрлендірулерін  қолдану.  Операторлық  түрдегі  Ом  және  Кирхгоф 

заңдары.  Баламалы  операторлық  сұлбалар.  Өтпелі  кезеңдерді 

есептеудің спектралды әдісі.  

7.7  7-тақырып.  Тұрақты  тоқтар  мен  кернеулер  кезіндегі  сызықты  емес 

электр тізбектері- 4 сағат дәріс (Ә. 1,2,3,4) 

Сызықты емес электр тізбектерінің теориясы мен техникасындағы 

соңғы  жетістіктер.  Қарапайым  сызықты  емес  электр  тізбектерінің 

элементтері  мен  баламалы  сұлбалары.  Сызықты  емес  элементтері  бар 

тармақталмаған  тізбектерді  графикалық  есептеу  әдісі.    Сызықты  емес 

элементтері  параллель  жалғанған  тізбектерді  графикалық  есептеу  әдісі. 

Сызықты  емес  элементтері  аралас  жалғанған  тізбектерді  графикалық 



есептеу  әдісі.  Сызықты  емес  активті  екіұштықтың  вольтамперлік 

сипаттамасы.  Сызықты  емес  элементтері  бар  тармақталған  тізбектерді 

есептеу  үлгілері.  Активті  екіұштық  теориясын  сызықты  және  сызықты 

емес элементтері бар тізбектерді есептеуде қолдану.     

7.8  8-тақырып.  Тұрақты  тоқтар  мен  кернеулер  кезіндегі  магниттік 

тізбектер және оларды есептеу әдістері- 4 сағат дәріс (Ә.1,2,3,4). 

Мангиттік  тізбектердің  негізгі  түсініктемелері  мен  заңдары. 

Тармақталмаған  магниттік  тізбектерді  есептеу.  Тармақталған 

магниттік тізбектерді есептеу.  

7.9  9-тақырып.  Айнымалы  магниттік  өріс.  Негізгі  теңдеулері  және 

оларды есептеу әдістері- 1 сағат дәріс (Ә. 1,2,3,4). 

 

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары. 

1.

 



Сызықты  электр  тізбектердің  түрленулері.баламалы  кедергілерді 

есептеу. Кирхгоф заңдары бойынша теңдеулер құру- 1 сағат (Ә. 1,3,5,6)  

2.

 

 Электр  тізбектерін  контурлық  тоқтар  және  түйіндік  потенциалдар 



әдісімен есептеу- 2 сағат (Ә. 1,3,5,6) 

3.

 



Синусоидалы тоқ тізбектерін есептеу - 4 сағат (Ә. 1,3,5,6) 

4.

 



Өтпелі  кезеңдерді  классикалық  әдіспен  есептеу

 

-2  сағат  (Ә. 



1,3,5,6) 

5.

 



Өтпелі  кезеңдерді  операторлық  әдіспен  есептеу

 

-2  сағат  (Ә. 



1,3,5,6) 

6.

 



Дюамель интегралын есептеу -2 сағат (Ә. 1,3,5,6) 

7.

 



Өтпелі  кезеңдерді  есептеудің  спектралды  әдісі

 

-  2  сағат  (Ә. 



1,3,5,6)  

 

Зертханалық сабақтардың тақырыптары: (Ә. 9,10) 

1.

 

Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектерін зерттеу- 6 сағат.  



2.

 

Бірфазалы  синусоидалы  токтың  тармақталған  тізбегін  зерттеу–  6 



сағат.   

3.

 



Кернеу резонансы – 4 ч. 

4.

 



1-ші реттік тізбектердегі өтпелі кезеңдер - 4сағат.  

5.

 



R- L- С-тізбегіндегі өтпелі кезеңді зерттеу - 6 сағат.  

6.

 



Тұрақты  тоқтың  сызықты  емес  элементтері  бар  электр  тізбектерін 

зерттеу - 4 сағат.  

 

8. Курстық жұмыстың тақырыптары:

 (Ә.6) 

ЭТН пәні бойынша бір курстық жұмыс орындалады:  

“Сызықты  электр  тізбегіндегі  өтпелі  кезеңдерді  классикалық  және 

операторлық әдістермен есептеу”. 

Курстық жұмыстың берілу уақыты –1 апта. 


Курстық  жұмыстың  бірінші  бөлімін  өткізу  мерзімі  (тізбекті 

коммутацияға дейін есептеу)– 6 апта 

Екінші  және  үшінші  бөлімдерін  қоса,  толығымен  безендірілген 

курстық  жұмысты  өткізу  мерзімі  (өтпелі  кезеңді  классикалық  және 

операторлық әдістермен есептеу) – 12 апта. 

Курстық жұмыстың қорғалуы екі рубеждік бақылау жұмыстарын өткізу 

жолымен жүзеге асырылады.  

 

Өзіндік оқу үшін арналған теориялық курстардың тақырыптары. 

1. Өзаралық, қарымталау, сызықтық принциптері (Ә. 2,4) 

2. RС  және RL-тізбектерін тұрақты керену көзіне қосу (Ә. 2,4) 

3. RС  және RL-тізбектерін синусоидалы керену көзіне қосу (Ә. 2,4) 

 

Студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  (СӨЖ)  курстық  жұмысты 



орындау,  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  дайындық,  орындалған 

зертханалық  жұмыстардың  есептерін  безендірулер,  КЖ  және 

зертханалық жұмыстарды қорғауға дайындық жатады. 

Оқытушының  жетекшілігімен  студенттің  өзіндік  жұмысы 

(ОСӨЖ)  қосымша  кеңес  беру  кестесіне  сәйкес  өткізіледі  және  де  КЖ 

орындау  бойынша  кеңес  беруден,  КЖ  мен  зертханалық  жұмыстардың 

есебін қорғаудан, бақылау жұмыстарын өткізуден құралады. 

 

9. Сабақ кестесі 

Сабақ  кестесі  оқу  жылының  басында  университеттің  ОӘБ 

құрастырылады  және  ЖЭФ  мен  ЭТН  кафедрасының  (Б  315) 

хабарландыру тақталарында көрсетіледі. 

 

10. ОСӨЖ кестесі 

ОСӨЖ 


уақыты 

семестрдің 

басында 

сабақ 


кестесі 

құрастырылғаннан 

кейін 

орнатылады. 



ОСӨЖ 

уақытының 

бағдарламасы  (Б315)  ЭТН  кафедрасында    және  ЖЭФ  деканатының  

хабарландыру тақталарында көрсетіледі. 

 

 

11.Оқытушының талаптары  

Барлық  жұмыс  түрлерін  міндетті  түрде  орындау:  дәрістік  және 

семинарлық  конспектілерін  мұқият  жүргізу;  оқу  кезеңінің  кестесіне 

сәйкес  курстық  жұмыс  бөлімдерін  орындау  және  қорғау,  зертханалық 

жұмыстарды  орындау  және  қорғау.  Дәрістік  және  семинарлық 

конспектілердің  болмағаны  үшін,  сондай-ақ  студенттердің  курстық 

жұмыстарын  және  зертханалық  жұмыстарды  орындау  және  қорғау 


уақытынан 

кешіккен 

жағдайда, 

оның 


қорытынды 

балдары 


төмендетіледі. Себепсіз сабақты жіберу және кешігу  рұқсат етілмейді. 

 

12. Бағалау критерийлері 

Берілген  курс  бағдарламасы  бойынша  Сіздің  жетістіктеріңіздің 

деңгейі, АЭБУ-де қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесі 

негізінде бағаланады (1 кестені қараңыз). 

1 кесте 


Әріп 

жүйесінің 

бағасы 

Балдар 


%- 

дық 


кұрылымы 

Дәстүрлі    жүйелік 

баға  

А 

4,0 


95-100 

Өте жақсы 



А- 

3,67 


90-94 

Өте жақсы 



В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


В 

3,0 


80-84 

Жақсы 


В- 

2,67 


75-79 

Жақсы 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттандырарлық 



С 

2,0 


65-69 

Қанағаттандырарлық 



С- 

1,67 


60-64 

Қанағаттандырарлық 



D+ 

1,33 


55-59 

Қанағаттандырарлық 



D- 

1,0 


50-54 

Қанағаттандырарлық 



0-49 



Қанағатсыздандырлық 

 

Пән  бойынша  оқытылушылардың  оқу  жетістігінің  деңгейі 

рейтинг  жіберу  (Ц

рж

)  және  емтихан  бағасынан  (Ц



е

)  құралатын 

қорытынды бағамен (Ц

қ

) бағаланады. 



Рейтинг жіберу бағасы, оқытылушы үлгерімінің ағымды бақылау 

бағасының және рубеждік бақылау бағасының қосындысынан тұрады. 

Оқытылушы үлгерімінің ағымды бақылау бағасы семинарлар мен 

тәжірибелік  сабақтарда  алынған,  зертханалық  жұмыстарды  орындаған 

үшін  алған,  студенттің  өзіндік  жұмысын  орындаған  үшін  алған 

бағалардан  құралады.  Пән  бойынша  оқытылушылардың  жеке  жұмыс 

түрлерінің  маңыздылығы  кафедрада  анықталады  және  университеттің 

оқу-әдістемелік бөлімімен келісіледі. 

 

Студенттің  тәжірибелік  сабақтарға  қатысуы,  зертханалық 



жұмыстарының  тиісті  мерзімде  орындалуы,  курстық  жұмысты  және 

ЕГЖ уақытымен орындалуы 50  % бағамен бағаланады. Студенттердің 

сабақтағы  белсенділігіне,  жұмыстарды  қорғау  сапасына  байланысты 

оқытушы  сол  бағаға  50  %-ға  дейін  қоса  алады.  Әр  жұмыс  түрінің 

минимады бағасы 50 %-дан төмен болмау керек. 

Жұмыстың  әрбір  түрі  бойынша  тиісті  мерзімнен  кеш  есеп  беру 

өткізген  үшін  оқытушы  оқытылушыға  штрафтық  бағалар  қоса  алады 

(немесе  баллдық  бағаны  төмендете  алады).  Сағаттарды  жіберіп  алу 



(дәрістік,  практикалық,  зертханалық)  ағымды  жұмыстың  бағасын 

жіберілген сағаттарға пропорционалды төмендетеді. 

Оқытылушылардың  оқу  жұмысы  академиялық  кезеңде  рубеждік 

бақылау жүйесімен бақыланады, сонымен қатар екі рет 7-ші және 14-ші 

аптада өткізіледі. 

 

Рубеждік бақылау, бағаның 100 пайыздық мөлшерімен немесе 9-



баллдық жүйе бойынша бағаланады. 

Ағымды  бақылау  барысындағы  соңғы  рубеждік  аттестациялау 

компьютерлік  тестілеу  жолымен  анықталады.  Рұқсат  етілген 

минималды баллдар санын жинаған жағдайда, оқытылушының ағымды 

бақылау  және  рубеждік  аттестация  кезінде  алынған  бағалары  есепке 

алынады,  және  де  ол  берілген  пән  бойынша  қорытынды 

аттестациялауға (емтиханға) жіберіледі.  

Рейтинг жіберу бағасы келесі формула бойынша есептеледі: 



 

Ц

рж

 = 0,4 Ц

рб1

+0,6 Ц

рб2 

 

мұндағы  Ц



рб1

, Ц

рб2

- 1-ші және 2-ші рубеждік бақылау бағалары. 



 

Ц

рб1

= аЦ

тс

+  bЦ

зс

+сЦ

дс

+dЦ

кж1 

Ц

рб2

== аЦ

тс

+  bЦ

зс

+сЦ

дс

 + g Ц

кж2

+m Ц

кж3 

 

мұндағы а, b,  және т.б.- студенттердің ағымды жұмысының жеке 



түрлерінің маңыздылығы. 

 a=0,05;  b=0,4;  c=,005;  d=0,5;  g=0,25;  m=0,25;  



 

Ц

тс

,  және  т.б.  –  сабақтың  әр  түрі  бойынша  студенттер  жұмысы 

сапасының  бағасы  (Ц

тс

–  тәжірибелік  сабақтар,  Ц

зс

–  зертханалық 

сабақтар, Ц

дс

-дәріс сабақтарыЦ



кж

- КЖ).  


         КЖ бағасы (Ц

кж

) жұмысты орындау және оны қорғау бағаларынан 

құралады.  

 

Ц



кж

 =h Ц

кжо

 + k Ц

кжқ

 , 

 

мұндағы Ц



кжо

– КЖ орындау бағасы (тиісті мерзімде және дұрыс 

орындалған жағдайда макс. 50 %); Ц

кжқ

 ,- КЖ қорғау бағасы (макс. 50 

%). 


 

 

 



 

 

h=0.5; k=0.5. 



Зертханалық жұмыс бағасы (Ц

зс

), зертханалық жұмысты орындау, 

жұмыс бойынша есеп беру, және оны қорғау бағасынан құралады. 

 

Ц



зс

=nЦ

зжо

+рЦ

зжқ 

 

мұндағы Ц



зжо

– зертханалық жұмысты  орындау және есеп беру бағасы 

(зертханалық  жұмыс  орындалған  және  ол  бойынша  есеп  беру  тиісті 

мерзімде өткізілген жағдайда, макс. 50

%

 ); Ц



зжқ

зертханалық жұмысты 

қорғау бағасы (макс. 50

%

). 



 

 

 



 

n=0.5; p=0.5. 

 

Рейтинг жіберу бағасы келесі шарттар орындалған жағдайда 



есептелінеді: 

-

 



Пән бағдарламасының толық орындалуы; 

-

 



Жұмыстың барлық түрлері бойынша толық есеп берілуі; 

-

 



Қорытынды рубеждік аттестациядағы компьютерлік тестілеуден 

өту. 


Аталған  шарттардың  бірі  болса  да  орындалмаған  жағдайда, 

оқытылушының  рейтинг  жіберу  бағасы  есептелінбейді  және  емтихан 

ведомостында оған «жіберілмейді» бағасы қойылыды. 

Аралық  аттестацияда  (емтиханда)  оқытылушының  деңгейіне 

қарай  білім  дифференциациясы,  емтихан  бағасы 

е

Ц

қойылады  (өте 

жақсы,  жақсы,  қанағаттанарлық,  қанағаттандырылмаған,  яғни  «А»дан 

«F» дейін). Егер оқытылушы жеткілікті білім деңгейін көрсете алмаса 

(50% 

пайыздық 



көрсеткіштен 

аз 


болса), 

онда 


оған 

«қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.  

Емтихан ведмостіне және транскриптке жазылатын, пән бойынша 

қорытынды баға аралық аттестациядан (емтиханды) сәтті өткенде ғана 

қойылады.  Пән  бойынша  қорытынды  баға  жіберілген  рейтинг  бағасы 

60%, ал емтихан бағасы 40% құрайды: 

 

,

4



,

0

6



,

0

е



рж

k

Ц

Ц

Ц



 

 

Емтиханды  қайта  тапсыру  тек  келесі  академиялық  кезеңде 



(көктемдік  семестрде  –  күздік  семестр  пәндері  үшін  немесе  қосымша 

жаздық  семестрде  –  көктемдік  және  күздік  семестрлер  үшін)  ақылы 

түрде пәнді қайта оқығанда ғана жіберіледі.  

 

       



 

 

 

     13. 

Университет 

оқушыларның 

академиялық 

мобилді 

мекемесіндегі аудару бағасы.  

      Аудару  бағасы  ЕСТS  бойынша  (Еуропалық  аудару  жүйесі  және 

жинақтау несиесі) ҚР-да оқытылып жатқандардың оқу жетістігін және 

баллдық-рейтингтік  әріп  бағалар  жүйесін  және  келісілген  қарама-

қайшылығы 3-4 кестелерде келтірілген.  

                                                                          

 

 

 



 

 

 



                    

3 кесте Аудару бағасы ECTS бойынша ҚР-да оқытылып жатқандардың 

оқу жетістігін баллдық-рейтингтік әріптік бағалар жүйесі.   

 ECTS 



бағасы  

 

Әріп 

жүйесінің 

бағасы 

Цифрлы 

эквиваленті 

баллдар 

%-дық 

қурылым 

Дәстүрлік жүйелік 

бағасы 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы 



В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы 

С 

В 

3,0 



80 

С 

2,0 



65 

Қанағаттан-дырарлық 



1,0 



50 

FX, F 



Қанағаттан-

сыздандырарлық 

 

4  кесте  Аудару  бағасы  ECTS  бойынша  ҚР-да  баллдық-рейтингтік 



әріптік баға жүйесі. 

Әріп 

жүйесінің 

бағасы 

Цифрлы 

эквиваленті 

баллдар 

%-дық 

қурылым 

Дәстүрлік жүйелік 

бағасы 

ECTS бағасы  

А 

4,0 



95-100 

Өте жақсы 



А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


В 

В 

3,0 



80-84 

Жақсы 


С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттан-дырарлық 

С 

2,0 


65-69 

 Қанағаттан-дырарлық 



С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

Қанағаттан-дырарлық 





0-49 

Қанағаттан-

сыздандырарлық 

FX, F 


 

14. Қойылған балдар саясаты 

12  бөлімде  көрсетілген  барлық  баллдық  бағалар  масимальды 

болып  келеді.  Олар  тиісті  мерзімдік  орындаулар  және  де  жоғары 

сапалы  жұмыстар  үшін  қойылады.    Тест  және  дәрістік  сабақтарға 

қатысудың  бағалық  баллдары  дұрыс  анықталған  жауаптардың  санына 

және де жіберілген сабақтар санына тәуелді алынады.   

 

15. Курс саясаты: 

сабаққа кешікпеу және жібермеу; 

оқытушы 



ұсынған 

сабақ 


бағдарламасын 

мұқият 


қадағалау,сонымен қатар  сол сабаққа белсенді қатысу

- зертханалық жұмыстарды, себеппен қалдырған сабақтарды өтеу 

(деканаттың рұқсатымен); 

- өз бетімен кітапханада және үйде дайындалу; 

- есептік-сызба жұмыстарды уақытында тапсыру.  

 

16. Академиялық әдеп нормалары 

- тәртіптілік; 

- тәрбиелік; 

- мейірімділік; 

- шындық; 

- жауапкершілік; 

- аудиторияда ұялы телефонды өшіріп жұмыс жасау. 

Келеңсіз  жағдайлар  ашық  түрде  оқу  топтарында  оқытушы  және 

эдвайзердің  қатысуымен  шешілу  қажет,  ал  келеңсіз  жағдайдың 

шешілмеуі кезінде деканат қызметкерлеріне хабарлануы қажет. 

 

          17. Бақылау сұрақтары  

1.

 



Электр тізбектерінің элементтері.  

2.

 



Энергия көздері үшін баламалы сұлбалар.   

3.

 



Э.Қ.К. бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы.  

4.

 



Қуаттар тепе теңдігі.  

5.

 



Контурлық тоқтар әдісі.  

6.

 



Түйіндік потенциалдар әдісі.  

7.

 



Сызықты электр сұлбаларының түрленулері.  

8.

 



Электр тізбектерінің негізгі қасиеттері.  

9.

 



Беттесу  принципі,  өзаралық  қасиеті,  тармақтардың  кіріс  және 

өзара өткізгіштігі.  

10.

 

Қарымталау теоремасы.  



11.

 

Кернеу мен тоқ арасындағы сызықтық қатынас.  



12.

 

Екіұштылар туралы жалпы мәліметтер.  



13.

 

Бірфазалы синусоидалы токтың негізгі түсініктемелері.  



14.

 

ЭҚК, кернеу және токтардың орташа және әсерлік мәндері.  



15.

 

Кедергідегі, 



индуктивтіліктегі 

және 


сыйымдылықтағы 

синусоидалы ток.  

16.

 

Синусоидалы 



функцияларды 

айналмалы 

векторлардың 

проекциясы түрінде көрсету.  

17.

 

Кедергі, индуктивтілік, сыйымдылықтың тізбектей қосылуы.  



18.

 

Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.  



19.

 

Векторлық және топографиялық сызбалар. 



a.

 

Синусоидалы ток тізбектеріндегі қуаттар. 



20.

 

Синусоидалы ток кезіндегі тармақталған тізбектердің есептелуі. 



21.

 

Электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыстар.  



22.

 

Кернеу резонансы. Жиіліктік сипаттамалар.  



23.

 

Күрделі тізбектердегі резонанс. Ток резонансы. 



a.

 

Индуктивті байланысқан элементтер.  



24.

 

Өзара индукциялы ЭҚК.  



25.

 

Тізбетегі  индуктивті  байланысқан  элементтердің  тізбектей 



қосылуы.  

26.


 

Тізбетегі  индуктивті  байланысқан  элементтердің  параллель 

қосылуы.  

27.


 

Индуктивті  байланыс  бар  кездегі  тармақталған  тізбектерді 

есептеу.  

28.


 

Көпфазалы  қорек  көздері  және  көпфазалы  тізбектер  туралы 

негізгі ұғымдар.  

29.


 

Жұлдызша және үшбұрышша қосылулар.  

30.

 

Үшфазалы тізбектің симметриялы режимі.  



31.

 

Әртүрлі  қосылған  сұлбалы  үшфазалы  тізбектердің  симметриялы 



режимдерін есептеу.  

32.


 

Статикалық  жүктемесі  бар  үшфазалы  тізбектердің  симметриялы 

емес режимдерін есептеу.  

33.


 

Статикалық  жүктемесі  бар  үшфазалы  тізбектердің  апатты 

режимдерін есептеу.  

34.


 

Үшфазалы тізбектердегі қуаттарды есептеу.  

35.

 

Айналмалы магниттік өріс. 



a.

 

Синусоидалы емес ЭҚК, кернеу және ток. 



36.

 

Периодтық    синусоидалы  емес  қисықты  тригонометриялық 



қатарға жіктеу.  

37.


 

Синусоидалы  емес  периодтық  ЭҚК,  кернеудін  және  токтардың 

максималды, әрекеттік және орташа мәндері.  

38.


 

Синусоидалы емес периодтық ЭҚК және токтары бар тізбектерді 



есептеу.  

39.


 

Синусоидалы емес периодтық токтардың қуаттары. 

40.

 

Төртұштықтар.  Электрлі  сүзгілер  және  олардың  синтезі. 



Сүзгілердің топталуы. Электр тізбектерінің синтезі.  

41.


 

Өтпелі кезеңдердің пайда болуы және коммутация заңдары.  

42.

 

Өтпелі,  қалыптасқан  және  еркін  кезеңдер.  R,L-тізбегінің  қысқа 



тұйықталуы.  

43.


 

R,L-тізбегін тұрақты кернеуге қосу.  

44.

 

R,L-тізбегін синусоидалы кернеуге қосу.  



45.

 

Тармақталмаған R,L,С-тізбегіндегі өтпелі кезең.  



46.

 

Конденсатордың апериодтық разрядталуы.  



47.

 

Конденсатордың апериодтық разрядталуының шекті жағдайы.  



48.

 

Конденсатордың периодтық (тербелмелі) разрядталуы.  



49.

 

R,L,С-тізбегін тұрақты кернеуге қосу.  



50.

 

Өтпелі  кезеңдерді  классикалық  әдіспен  есептеудің  жалпы 



жағдайы.  

51.


 

Пассивті  екіұштықты  үздіксіз  өзгеретін  кернеу  көзіне  қосу 

(Дюамель формуласы және интегралы).  

52.


 

Пассивті екіұштықты еркін пішінді кернеу көзіне қосу.  

53.

 

Өтпелі кезеңдерді есептеу үшін Лаплас түрлендірулерін қолдану.  



54.

 

Операторлық түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.  



55.

 

Баламалы операторлық сұлбалар.  



56.

 

Өтпелі кезеңдерді есептеудің спектралды әдісі.  



57.

 

Сызықты емес электр тізбектерінің теориясы мен техникасындағы 



соңғы жетістіктер.  

58.


 

Қарапайым  сызықты  емес  электр  тізбектерінің  элементтері  мен 

баламалы сұлбалары.  

59.


 

Сызықты  емес  элементтері  бар  тармақталмаған  тізбектерді 

графикалық есептеу әдісі.   

60.


 

Сызықты  емес  элементтері  параллель  жалғанған  тізбектерді 

графикалық есептеу әдісі.  

61.


 

Сызықты  емес  элементтері  аралас  жалғанған  тізбектерді 

графикалық есептеу әдісі.  

62.


 

Сызықты  емес  активті  екіұштықтың  вольтамперлік  сипаттамасы. 

Сызықты  емес  элементтері  бар  тармақталған  тізбектерді  есептеу 

үлгілері.  

63.

 

Мангиттік тізбектердің негізгі түсініктемелері мен заңдары.  



64.

 

Тармақталмаған магниттік тізбектерді есептеу.  



65.

 

Тармақталған магниттік тізбектерді есептеу.  



66.

 

 Айнымалы  магниттік  өріс.  Негізгі  теңдеулері  және  оларды 



есептеу әдістері. 

 

 18. Ұсынылған әдебиеттер тізімі 

          

Негізгі әдебиеттер: 

 

1.

 



Креслина  С.Ю.,  Аршабекова  А.Т.  Электротехниканың 

теориялық  негіздері.  5В070200-    Автоматтандыру  және  басқару 

мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысқа әдістемелік 

нұсқаулар және тапсырмалар.– Алматы: АЭжБУ, 2013.-  15 б. 

2.

 

А.Т.  Аршабекова,  С.Ю.  Креслина.  Электротехниканың  теориялық 



негіздері  1.  Дәрістер  жинағы  (050702–Автоматтандыру  және 

басқару мамандығының студенттеріне арналған). – Алматы: АУЭС, 

2012.- 52 б. 

3.

 



А.Т.  Аршабекова,  С.Ю.  Креслина.  Электротехниканың  теориялық 

негіздері  2.  Дәрістер  жинағы  (050702–Автоматтандыру  және 

басқару  мамандығының  студенттеріне  арналған).  –  Алматы: 

АЭжБУ, 2012.- 48 б. 

4.  Әміров  Ж.Қ.    ЭТН1.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауға 

әдістемелік нұсқаулар. Алматы: АЭжБУ, 2010.- 28 б. 

5.

 

Аршидинов  М.М.,  Әміров  Ж.Қ.  Электротехниканың  теориялық 



негіздері -1,2.-А.,2006 

 

 



     Қосымша әдебиеттер: 

  

1.  Әлдибеков  И.Т.  Электротехниканың  теориялық  негіздері.-А.: 



«ҚазҰАУ»,2013 

2.  Мустафина  Р.М.  Сызықты  электр  тізбектеріндегі  қалыптасқан 

және өтпелі үрдістер.-Павлодар «Кереку», 2010. 

3.Атабеков  Г.И.  ТОЭ.  Линейные  электрические  цепи.-СПб.: 

«Лань»,2010 

   4.Сборник  задач  по  теоретическим  основам  электротехники/ 

Л.Д.Бессонов,  И.Г.Демидова,  М.Е.Заруди  и  др.-М.:  Высшая  школа, 

2003.-52с. 

5.Денисенко  В.И.,  Зуслина  Е.Х  ТОЭ.  Учебное  пособие.-  Алматы: 

АИЭС, 2000, 83 с. 

6.  Шебес  М.Р.,  Каблукова  М.В.  Задачник  по  теории  линейных 

электрических цепей. - М.: Высшая школа, 1990.- 544с. 

   7.  Зевеке  Г.В.,  Ионкин  П.А.,  Нетушил  А.В.,  Страхов  С.В.  Основы 

теории цепей.- М.: Энергоатомиздат, 1989. -528с. 



   

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал