Сыйын тартып жатыр ма бұла



жүктеу 33.92 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі33.92 Kb.

Сыйын тартып жатыр ма бұла 

ғасыр, 


Жұрт көңілі шаттықтан ұлан асыр. 

Қарағанды өзгерген көз 

тоймастай, 

Ортасында  қаланың  құлама су. 

Құлама су сарқырап көрік беріп, 

Жырын әсем жатыр ғой 

төгіп-төгіп. 

Жасыл желек жан-жағы, 

су моншағы, 

Күн нұрымен кетеді көріктеніп. 

Даланы емес көрінер сағымдана, 

Араладым  қызығып бағын жаңа. 

Этнобақ көрікті жеріміздің, 

Құя салған мүсіні шағын ғана. 

Басында күн күркіреп, от өріліп, 

Келбетін жайлап сипап кетеді 

бұлт. 

Сұлуға тәнті жандар, жүректілер, 



Шығады Шайтанкөлге көтеріліп. 

Адамдар табынып бір бас иетін, 

Білеміз Шайтанкөлдің  қасиетін. 

Өмірге келген өлке  Қасым ақын, 

Біз жүрміз орындауға өсиетін. 

Бойыма тыңнан бір күш арын 

кіріп, 

Көрінер айшықтана жалынды 



үміт. 

Шайтанкөл,  Қасым ақын  қос 

әулие, 

Қойды ғой тілді байлап 



табындырып. 

Шайтанкөл дөңбекшиді 

арнасында, 

Жыр мен көл әп жыландай 

арбасуда. 

Көк төсін нажағайдай осқылаған, 

Қалқып жүр  Қасым жыры тау 

басында. 

Қос кие ой — теңізін шайқар 

демде, 


Егіздей ұқсастықты байқар ма ел де. 

Табиғат төл баласы  Қасым ақын, 

Айналып кетті ме екен Шайтанкөлге? 

Жезқазған, жезді өлкем алып мекен, 

Ертеде бағың мұндай жанып пе екен. 

Егемен ел атаған шақта мына, 

Түледің  қайта туған халықпенен. 

Ойлайтын болашақты, өр істі кең, 

Жер қазса, кеніш көзі — табыс кілең. 

Таратқан кең әлемге атағынды, 

Мақтана есіме алам  Қанышты мен. 

Кеше бабам  қан кешіп, отқа кірді, 

Бүгін далаң гүлдеді, жоқ табылды. 

Ғарышқа бағыт алған Байқоңырдан, 

Көргендей болам маңғаз Тоқтарымды. 

Ұқсайтын аяулы ару алқасына, 

Толқынды көл жетпейді Балқашыма, 

Көксерке, табан балық, ақ сазанды, 

Тартады  қонағына марқасы да. 

Жезқазған — жезді мекен қазыналы, 



Қойнауың толған шежіре, аңыз әрі. 

Тәуелсіздік алған ел тарихына, 

Атың алтын әріппен жазылады. 

Аңыз болған жасымнан аты маған, 

Өзен жатыр айнадай жарқыраған. 

Ақтоғайдың басында бір шыбық жоқ, 

Тоқырауын табаны тақыр алаң. 

Шаң менен құм, жел соқса бұрқаған 

көп, 

Тақыр еді тып-типыл  қылтанақ жоқ. 



Топырақ төгіп, жас шыбық отырғызды, 

Шаттық әнін  құс біткен шырқаған тек. 

Жапырағын таңдағы нұрға малған, 

Өсті ағаштар ормандай бұйраланған. 

Көтеріңкі көңілі адамдардың, 

Саябақты аралар сыйға  қалған. 

Жақсы артында жақсы сөз, жыр 

қалады, 


Көкіректің сарайы нұрланады. 

Жайсаң жанның жүрегі лүпіліндей, 

Жанға саябақ желмен ырғалады. 

Бұйра талды Шайдаров саябағы, 

Құшағына ап халықты аялады. 

Бала талдар бой түзер дүр сілкініп, 

Қыран  құстай  қанатын жаяр әлі. 

Ел тарихы — шертетін өз күйі осы, 

Әңгіме айтса табылар сөз жүйесі. 

Алтыншоқы сияқты аңыз болған, 

Көзі тірі  Ұлытау шежіресі. 

Қымыз ішіп, әңгіме  қозғағанда, 

Топ ішінде озған да, озбаған да. 

Қыбыр етпей тыңдайтын Әліпбекті, 

Айтатынын салмайтын созбаланға. 

Бойы толы шежіре тұнып тұрған, 

Кешегіні бүгінге жуық қылған. 

Жұмысшының  қалжырап, 

шаршағанын, 

Әңгімемен кешкісін  ұмыттырған. 

Біледі адам жайын, мал жайын да, 

Не жатыр сезер жердің қойнауында. 

Әрі ақылшы, әрі өзі тірі тарих, 

Аты шыққан  Ұлытау аймағына. 

Еске алғанда осынау бай даласын, 

Марқая бір шолатын айналасын. 

Білетін елдің өткен, бүгінін де, 

Осындай ағалардан айналасың. 

Алатын Сарыарқадан басын  ұдай, 

Елімнің Тоқырауын — асылындай. 

Балқашқа сағынышпен талып жетіп, 

Ежелгі табысатын ғашығындай. 

Не бопты кездескендей өлараға, 

Артық жер туған жерден бола алар ма? 

Ақтоғай, Балқаш көлі егіз ұғым, 

Даралап жырламаймын бөле жара. 

Бағдарлаймын кешегі әр ізді мен, 

Қазақтың ақ арманы тәрізді көл. 

Балқашым гүл жайнаған өзіме ыстық, 

Шет елдің Вашингтон, Парижінен. 

Келтірген көркіменен жер бедерін, 

Ерекше бөлген оған елде көңіл. 

Атлант, Үнді, Тынық мұхиттармен, 

Айдынды Балқашымды тең көремін. 

Алыстан «Мен мұңдалап» шақыратын, 

Еліме о, Балқашым, жақын атың. 

Аралап емін-еркін өн бойыңды, 

Батасын беріп кеткен Ғафу ақын. 

Жыр көзі буырқанған ашылғандай, 

Халқыма шашу болып шашылғандай 

Мен-дағы тасқын судай ақтарылам, 

Нарманбет, Кенішбай мен 

Шашубайдай. 

Еліріп желікпеймін есерлердей, 

Мәңгүрттер жақсылықты өсер көрмей. 

Жидебай,  Қараменде, Шабанбай боп, 

Сөз сөйлеймін тура би-шешендердей. 

Құрғатпай өтті кеше тақымдарын, 

Баураған ерліктері ақын жанын. 

Жалаңтөс, Сенкібай мен Жарылғаптай, 

Жебеп жүр аруағымен батырларым. 

Әлихан, Әлімхан мен Жақыптарым, 

Әріден ойлай білді халық қамын. 

Алаштың көсемдері арман еткен, 

Біз көрдік тәуелсіздік жарық таңын. 

Бүгінде кеңи түсті жыр аспаны, 

Нөсердей күй төгіліп,  қыр асты әні. 

Аққыз ана, Әшімтай, Манарбек пен 

Өстік біз  құдай санап Күләштарды. 

Төсінде атамекен түледі ер, 

Өзінді ардақ тұтып сүйеді ел. 

Басыңа  қонған бақыт таймасын тек, 

Балқашым  қасиетті киелі көл. 

Ерте кезден бабамыз қосып өлең, 

«Ит адамның сенімді досы» деген. 

Евней де сөз мәнін мол түсініп, 

Итін баптап өтіпті есіл ерен. 

Әр дыбыстың мәні бар құлағында, 

Сыртқа шықса  қалмайды бір 

адам да. 

Иесінің сенімді жан серігі, 

Дәуір шекті өз жайлы тұрағында. 

Жамандыққа болатын ісі шығын, 

Ұға алмаймын кей пенде түсінігін. 

Балағына жармасса бақа-шаян, 

Ит те сезген дарынның кісілігін. 

Мына жайға бүгінде қайран қалам, 

Тоқырау кез, кей надан 

тайраңдаған. 

Өз қолыңды қалайша кесе аласың, 

Дос боп жүріп жауласқан  қандай 

жаман. 


Ғалым еді әрі ақын бұлбұл үнді, 

Сүйіп өтті сырлы әлем, 

жыр-ғұмырды. 

Ақиқаттың жолында  құрбан 

болды, 

Жалған жала жабысып 



шыжғырылды. 

Сөз шығындап  қайтейін  қырт 

адамға, 

Не тындырды сұрқылтай 

шырқағанда. 

Керуен көшті, ит ұлып  қала берді, 

Евней — жұлдыз жарқ етті жұрты 

аманда. 


Арқау болған адалдық 

жырларында, 

Тоты құстар күй төкті гүл-бағында. 

Ой орманы  қиялмен тербетіліп, 

Сергіді «Бейбітшілік 

бульварында». 

Жалған жала жұқартты-ау алып 

күшті, 


Жүректі өртеп, миды жеп, қарыпты 

ішті. 


Тозады ғой жүйке де  қиянаттан, 

«Аһ ұрды да» қайран ер талып түсті. 

Ол жүргенде ел жайлы толған 

сырды, 


Ақиқатты әңгүдік торлаттырды. 

Адам жыртқыш таласса, ал серігі 

Иті иіскеп сақшыдай қорғап тұрды. 

Қоздырмастан баяғы мешін-дертті, 

Тәуелсіздік самалы есіп жетті. 

Күйе жаққан күндегіш күңшіл 

заман, 

Жел айдаған  қаңбақтай көшіп 



кетті. 

Тіршілікте сыйламай  қалаулысын, 

Бірін-бірі надандар талауы шын. 

Беу,адамдар. Осы біз орнатайық, 

Бөкетовтың итіне  қола мүсін. 

Орталық Қазақстан. - 2002. - 5 қаңтар (№3-4). - 10 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал