Сыңғырлата қайра қақты. Ала жаздай дем алып, мектептен жырақта болған оқушылардың бүгінгі қуанышы ерекше



жүктеу 400 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі400 Kb.
  1   2   3   4

№40

(9634)

6 қыркүйек

2014 жыл


e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

ШАҚЫРЫП БАРЛЫҚ БАЛАНЫ

ҚАҒЫЛДЫ КҮМІС ҚОҢЫРАУ

Мамырдың 25-жұлдызында оқушыларын  бір  жасқа,  бір  сыныпқа  ілгер-

летіп  шығарып  салған  мектеп-ана  1-қыркүйек  күні    күміс    қоңырауын

сыңғырлата қайра  қақты.  Ала  жаздай   дем  алып,  мектептен   жырақта

болған оқушылардың бүгінгі қуанышы ерекше. Құшақтарына гүл  толған

оқушыларымен   қайта   қауышқан  мұғалімдер жаңа   оқу  жылын  жақсы

көңіл  күйде  қарсы  алуда. 

Ю.Гагарин   атындағы   орта  мектептің  алды  мерекеге  сай  безендіріліп,

оқушылар   сапқа  тұрып,  салтанатты   шара   басталғанда   көк  Туымыз  жел-

біреп, Әнұранымыз  шырқалды. Аудан  әкімі Ғ.И.Омаров оқушылар мен

ұстаздарды   жаңа   оқу жылымен  құттықтады.   

Осы  мектептен білім  алып, өмір айдынына қанат қағып, ауданымыздың,

облысымыздың, республикамыздың мақтанышына айналған ел  ағаларына

тоқталып өткен   аудан  басшысы  оқушыларға  үлгі  болған   ағалар  мен

апалардың жолын  қууды  тапсырды. Бейбіт өмірде  барлық  жағдай  жасалған

мектепте   білім  алғандықтан  болашақты  бағындырар білімді  де  білікті,

жан-жақты  болып   өсіп, еліміз  үшін еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.

Мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылып,  бі-

рінші    сыныпқа  келген  оқушылар  өлең-жырларын  оқыды.  Аудандық

байқаулардың жеңімпаз жеткіншектері әннен  шашу  шашты. 

Жалпы, биылғы жылы ауданымызға қарасты 17-білім  ордасының  11  сы-

ныбын   299 оқушы  бітіріп,  қияға  қанат қақса, жаңа оқу жылында 27 мектеп

қабырғасының  алғаш  табалдырығын бүгінгі 1-қыркүйек күні шамамен    570

оқушы аттапты. 

Білім  ордасына  алғаш  қадам  басқан   оқушылар мен ұстаздар  қауымына

сәттілік  тілей  отырып,   оқушыларыңыз   үздіктер  қатарында  болсын  дей-

міз. 

САЛТАНАТ  АМАНҚЫЗЫ

Сұхбатты «Хабар» агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлы жүргізді.

– Құрметті Нұрсұлтан  Әбіш ұлы, бүгін Жезқазған өңі ріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз

үшін стра тегиялық тұрғыдан аса маңыз ды «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір   жол

магистральдары ның тұсауын кестіңіз. Бұл – біз дің ел үшін шын мәніндегі тари хи оқиға. Енді осы сапар

ауқы мында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қа сиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып

отырсыз. Ке зін де ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, сол тари хы -

мыздан, әсіресе, қазір біз әң гі  мелесіп отырған Ұлытауға бай  ланысты тарихымыздан хал  қы мыз қандай

тағылым алуы керек?

– Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама

ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір

арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі

болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи

жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді

мына  жердегі  жұмыс  ауқымы  біткеннен  кейін  халық  не  істерін  білмей  қалды.  Жезқазғанның  теміржол

тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ре-

сейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес

Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің

экономикасы  ілгерілеп,  500  миллиард  теңге  ақша  бөлінетін  жағдайға  жеткеннен  кейін  осындай  1200

шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда

пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын

бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол

төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс

болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз ал-

дына бір мәселе.

Комбинаттың жұмысын ұзарту үшін былай істейді. Жердің астында қалған «целиктер» болады. Шахтаның

төбесін ұстап тұру үшін жер қойнауына үлкен-үлкен кенді қалдырып қояды. Сол кеннің ішінде мыстың бай

қоры жатыр. Оны алайын десең, үстінде тұрған ауылдар бар. Ол ауылдарды көшірмесе, «целикті» алған кезде

ойдым-ойдым жермен бірге төмен түсіп кету қаупі төнеді. Сол үшін мемлекет 250 миллион қаржы шығарып,

жұпыны үйлерде тұратын 6 мың халықты жақсы үйлерге көшіріп, астындағы кенді алады. Кеннің өзінің 200

миллион тонна рудасы болса, содан 2 миллион тонна мыс шықса, комбинат үшін 20-30 жылға жұмыс табылады

деген сөз. Одан кейін барлау жұмыстары жүрер болса, жұмыс орны көбейе береді. Сондықтан мұның маңызы

өте үлкен.

Мына өзіміз келіп отырған Ұлы тау – өте қасиетті жер. Ұлы тау  деп аталуының өзінің тарихи  мәні бар. Қазақтың

ен дала сы ның қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қор ғаны

бар, Орталыққа келсең – қал мақ тармен соғысқан Аңырақай шай қасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын

Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда

осын   дай қасиетті жерлер көп. Деген мен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бер мейді. Біз

өз тарихымызды жаңа дан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақ тың тарихы өте бай. Оны білуі міз керек, қолға алып

та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қы тайдан, Ираннан қазақ тарихы ның жазба

жәдігерлерін жинадық. Қа зақтың көп дүниелері атадан ба лаға ауызекі түрде беріліп келген.

Біздің елдігіміз, қазақ жұр тының арғы түбі ғұндардан бас талады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады.

Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі.

Осындай үлкен тари хымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. 

Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл – жаңағы айтқан ғұндардың да, көк түріктер дің де, Алтын

Орданың да орталығы болған  жер. Өзінің тұрған жері – Қазақстанның кін дік ортасы. Мұнда тұрған тау – аумағы

200 шақырым қырат-қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп аталады. 1100 метр. Одан ағып жатқан, мына біз

маңында отырған бұлақ Әулиебұлақ деп аталады. 



(жалғасы, 4-бетте)

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС



Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны

газет  оқырмандарына  жақсы  мәлім.  Сапар  барысында  Президент  арнайы  сұхбат  берді.  Бүгін

жұртшылық назарына Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғаныстарын ұсынып от-

ырмыз. Әңгіме қазіргі экономика мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді.

ЖАҢААРҚА  АУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ

КЕЗЕКТЕН  ТЫС  XХХІV  СЕССИЯСЫНЫҢ

ТӨРАҒАСЫНЫҢ  ШЕШІМІ

Атасу кенті                                                            6  қыркүйек 2014 жыл                                  

Аудандық  мәслихаттың кезектен  тыс XХХІV сессиясын шақыру туралы

Аудандық  мәслихаттың  кезектен тыс  XХХІV  сессиясы  2014 жылдың 10

қыркүйек күні сағат 11.00-де шақырылсын (аудандық мәслихаттың мәжіліс

залы, Тәуелсіздік даңғылы, №4).



Ж.ӘБҮЙІРОВ, сессия  төрағасы

ХАБАРЛАМА

2014  жылдың  10 қыркүйек күні өтетін  аудандық  мәслихаттың кезектен

тыс  XХХІV   сессиясының  қарауына  келесі  мәселелер  ұсынылады:

1. Жаңаарқа  аудандық  мәслихаттың  XХХІV  сессиясының  2013 жылғы  25

желтоқсандағы  №25/158  «2014-2016 жылдарға арналған аудандық  бюджет

туралы»  шешіміне  өзгеріс  еңгізу  туралы. 

2. Әртүрлі мәселелер.

М.ӘБДІШЕВ, аудандық   мәслихат  хатшысы


6 қыркүйек 2014 жыл

2

Жастарсыз - болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла»,- деген ұлағатты қағида



осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру,

оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып

қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!»,- деген ұранды ту етіп алға

ғана ұмтылу керек. 

Бүгінгі  жас-ертеңгі  ел  тізгінін  ұстайтын  ел  ағасы.  Еліміздің  ертеңі,  мемлекетіміздің

болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін

жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Келешегі жастарға тікелей бай-

ланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан

халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге

барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни, салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт

болып табылады.

Ақиқатын ашып айтар болсақ, жастарымыз белсенді болуы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев

айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты»,- болу

керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Осы тұрғыда аудан

әкімінің  тікелей  тапсырмасымен  Жастар  -  жастарға»  ақпараттық-мәдени  керуені

ұйымдастырылған болатын.

Аталған  керуеннің  сапары  Түгіскен  ауылынан  бастау  алды.  20  тамыз  күні  «Жастар  -

жастарға» ақпараттық-мәдени керуені Түгіскен ауылдық округінің мәдениет үйіне барып,

арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес мақсатты шаралар ұйымдастырды. Ең алдымен, діни

экстремизмнің алдын алу мақсатында арнайы құрылған аудандық ақпараттық - насихат тобы

ауыл тұрғындарымен кездесті. Шара барысында «Қазақстандағы салафизм – бөгденің жолы»

атты деректі фильм көрсетіліп, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Казимов, Орынбай ауылдық

мешітінің имамы, дінтанушы – Қ.Нақыпов, «Жаңаарқа ауданының іскер әйелдері» қоғамдық

бірлестігінің төрайымы –Д.Әрінова  ауыл тұрғындарымен ашық әңгіме өткізді. 

Керуеншілеріміздің келесі жұмысы – ауыл жастарымен кездесу болды. Бұл кездесуді

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Казимов жүргізіп, ауыл жастарымен пікір алма-

сты. Сонымен қатар, жастар арасында семинар-тренинг өткізілді. Дінтанушы- Қ.Накыпов

«Жаңаарқа  ауданының  іскер  әйелдері»  қоғамдық  бірлестігінің  төрайымы  –  Д.Әрінова,

«Жаңаарқа ауданының жастармен жұмыс жасау Орталығы» КММ директоры – М.Сердали-

нова, Жаңаарқа ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор

полиция  капитаны  –  А.Бейсенбаев,  «Жаңаарқа  ауданының  жастармен  жұмыс  жасау

Орталығы» КММ мамандары – Б.Мырзашев және Е.Тәттімбекқызы ақпараттық-әдістемелік

қолдау көрсету мақсатында баяндамалар оқыды. Семинар-кеңесте діни экстремизм, ұлттық

салт-дәстүр, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, суицид және жастарды

қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы  мәселелер қаралды.  Керуен жұмысы

бағдарламасына сәйкес келген керуен құрамын жұртшылық ыстық лебізбен қарсы алып,

ауыл әкімі Ө. Кенжетаев  Елбасы саясатын жастар арасында насихаттауда мұндай шараның

тиімді де заман талабына сай екендігін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Модераторлар

ұсынған семинар-тренингтер ауыл жастарының көңілдерінде  жағымды әсер қалдырды. Тре-

нингтерден кейін модераторлар сабақтар бойынша өз қортындыларын жасап, жалпы білім

беретін  орта  мектептерінің  педагогтары,  ауыл  ақсақалдары,  жасөспірімдері,  басқа

қатысушылары өскелең ұрпақтың құқықтық және әлеуметтік салада өзекті мәселелерге

қатысты осындай ақпараттық-әдістемелік шаралардың санын көбейту керектігін айтты.

Шараларға қатысқан ауыл тұрғындарына, жастарға арнайы дайындалған үгіт-насихат мате-

риалдары  таратылды.  Шара  әрі  қарай  ауданымыздың  жас  өнерпаздарының  арнайы

дайындаған  концерттік  бағдарламасына  ұласты.  Қорытындылай  келе  айтатынымыз,

Елбасының, үкіметтің жастар саясаты бойынша, әсіресе жастардың бойында отан сүйгіштік,

салауатты өмір салты, еңбекке баулу, этика сияқты маңызды құндылықтарды сіңіру, наси-

хаттау сияқты іс-шаралардың маңызы зор. «Жастар – жастарға» мәдени  - ақпараттық керуені

барысында берілген дәрістер өз нәтижелерін беретіндігіне сенімдіміз. 



Баспасөз қызметі

«Жастар-жастарға» атты ақпараттық

мәдени керуен сапарға шықты

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ-ЕЛ ҚАМЫ



ЕЛБАСЫ  ЖОЛДАУЫНА ҮН  ҚОСАМЫЗ

Ел  болашының  жарқын,  Тәуелсіздігіміздің   берік   әрі  нық бо-

луын, экономикамыздың  қарышты  дамуын  қамтамасыз  етіп,

ұлтымыздың  ұлықтылар  сапында  болуына  күш-қайратын

жұмсаған  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр  жыл  сайын  бағыт пен

бағдарға  толы Жолдау арнайды.  Халыққа   жолданған Жолдаудың

аясында  қыруар   шаруалар  атқарылып, ел  игілігін   көруде.

Биылғы  Елбасының  «Қазақстан    жолы-2050:  Бір    мақсат,    бір

мүдде,  бір  болашақ» Жолдауын  насихаттау  мақсатында   Ақтау

ауылдық   округінің әкімі А.Отарбаев  бастаған    ауыл  әкімдігінің

қызметкерлері  Айшырақ  елді-мекенінде  болып,  бөлімше

тұрғындарымен  кездесіп,  Елбасының  биылғы  Жолдауында

айрықша  атап   өткен бөлімдеріне  тоқталып,   тұрғындардың  пі-

кірімен   бөлісті. Егемен елдің  ертеңі   үшін  жарияланып  жатқан  Елбасының Жолдауын

ауыл  тұрғындары  қолдап, шағын  кәсіпкерлікті  дамытуға  атсалысамыз   деп  тарқасты.

Ғ.КӘРІБАЕВ,

Ақтау ауылдық округінің  әкімшілігінің жетекші маманы

*******     *******      *******      *******

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы – 2050: Бір  мақсат, бір  мүдде,  бір

болашақ»  атты   Жолдауы  ата-бабаларымыздың  сан  ғасырлар   бойы   аңсаған   арманын

ақиқатқа  айналдырған  аса  құнды  құжат.  Бұл  Жолдауда  еліміздің  рухын   көтеретін,

болашаққа   сенімді  мақсаттармен   жетелейтін   Мәңгілік ел  идеясының  ұсынылуы  барша

қазақстандықтар  үшін зор  қуаныш.  Елбасы  биылғы  дәстүрлі  Жолдауында:  «Қадірлі

халқым! Мәңгілік Ел-ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы. Ол

арман-әлем  елдерімен терезесі  тең, қатынас  құрып,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын

алатын  тәуелсіз   мемлекет  атану  еді. Ол  арман   тұрмысы  байқуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,

ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болу  еді»,-деді.

«Мәңгілік ел»  идеясын   жете  түсіну  үшін  аға  буынның  басты  міндетінің  бірі  халық

сенімін  арттыру. Ал,  жастар  өздеріне  артқан  аманат – Тәуелсіздікті  сақтауға  жұмыла

кіріскені   дұрыс. Әрбір  жас өзінің  жүрегінде:  «Маған  Елбасы   сенім  артты ма,  сол  се-

німге  селкеу  түсірмеу  парызым!»,-деген  мағынадағы  сезім  ұялағаны  абзал. Тәуелсіз

елде туып,  білім  мен  тәрбие   алып  жатқан  жастардың  ойлары  мен  сарқылмас  білімі

халқымыздың  үдемелі  дамуына   жұмсалуы   тиіс   екендігін  тағы  бір  жүктеген  биылғы

Елбасы  Жолдауы  халық  үшін  ақиқат  бағыт  болары  хақ.  Қазақ  елі  атауы    Елбасы

Жолдауындағы  «Мәңгілік  ел»  идеясымен  ұштасатыны  бәрімізге  белгілі.  Олай  болса,

қазақ  елі  қашанда  Мәңгілік  ел  болып  қала  береді.

Т.ЖУХИН,  

Қараағаш ауылдық  округінің  жетекші  маманы              

10.00-10.10 Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою («Тәуелсіздік» алаңы)

10.10-10.30 «Мәңгілік ел» алаңының ашылу салтанаты

10.30-11.00 Конференцияға қатысушыларды тіркеу (мәдениет үйі)

11.00-14.00 Алқа мәжілісі

14.00-14.30 Мәдениет алаңындағы киіз үйлерді аралау

14.30-16.00 Түскі ас

14.00-17.00 Өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасы (мәдениет алаңындағы сахна)

Өтетін мерзімі: 2014 жылғы 13 қыркүйек

Өтетін орны: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті



Ұйымдастыру комитеті

«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында өтетін қазақ

әдебиеті мен тілінің, өнері мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өз

үлестерін қосқан жерлестеріміз Байдалы би, Сайдалы Сары Тоқа, Шоң

Телғозыұлының өмір жолдарына және  Сәкен Сейфуллиннің 120

жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық

конференцияның бағдарламасы

Конституция-дамудың негізі

Конституцияның мазмұны, қазіргі таңдағы жаңа өмір құрудағы мақсаттары, жаңа мемлекеттің

демократияға ұмтылысы, азаматтық – құқықтық ортаға байланысы туралы көп нәрсе айтуға бо-

лады. Конституцияның жеткізген жетістіктері көп. Түп тамырымен қоғам өзгерді, адамдардың

менталитеті,  олардың  өмір  сүру  ортасы,  санасы,  мәдениеті  қайтадан  дамыды.  Халықтың

қоғамдық  белсенділіктері  артты.  Адамдардың  азаматтық  ұстанымы  оянды,  еркін  сайлауға

қатысып, референдум, бизнеске, сонымен қатар, жоғарғы қоғамдық дамуға қарай ұмтылды.

Қазақстандық патриотизм Конституцияның маңызды принциптері болып бекітілді, жастарды

жаңаша тәрбиелеуге өз ықпалын тигізді. Ешкім де оның дұрыстығына күмәндана алмайды. Әрбір

Қазақстан азаматы өзінің Атамекенін қорғауға, сүюге міндетті. Конституция мүдделерінің мем-

лекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық және сот жүйесі болып бөлінуіне байланысты олардың

бірігіп  жұмыс  жасауы,  екінші  жағынан,  олардың  тәуелсіздігі  болып  табылады.    Еліміздегі

өзгерістердің басында жігерлі күш пен Республикамыздың Ата Заңы тұрғанын ұмытпау керек.

Оның  негізін  халықтың  саяси  еркіндігі  құрап,  ел  Конституциясының  жоғарғы  дәрежесін

көрсетеді.

Заң – бәріне ортақ. Әлеуметтік, қызметтік, мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, наным-сенімі

мен дініне қарамастан заң алдында бәрі тең және осы қағида қоғамның негізгі ұстанымына ай-

налуы үшін тырысуымыз қажет. Ата заң аясында әрекет ету – елдің дамуы мен азаматтық қоғамды

қалыптастырудың кепілі. Оның негізгі қасиеті демократиялық даму мен құқықтық мемлекеттің

принциптерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Біздің міндетіміз – мемлекетіміздің негізгі заңын

бұлжытпай орындап, оны құрметтеу. Еліміздің Ата Заңы «Ең бастысы – адам құқығы» деген

қағиданы ұстанады. Ата Заң мемлекеттің басты құндылықтарын, адам құқығын басты назарға

алды. Негізгі орынға демократиялық еркіндік пен азаматтардың жеке көзқарасын қойды. Олардың

іскерлік бастамаларына мол мүмкіндік жасады. Конституцияның жетістіктерінің бірі – адам

құқығы толық ескерілмеген, қорғалмаған декларациялардан бас тартуы. Ата Заңның «Адам және

азамат» деген ІІ-ші бөлімінде бекітілген барлық заңдар егжей-тегжейлі қарастырылған. Ондағы

заңдар адам өмірінің күнделікті өмірінде қолданысқа ие. Елбасы Заңда бекіткен адам құқығы мен

бостандығы оның негізі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан саяси және экономикалық

жағынан тұрақтанған, қаржы жағынан тәуелсіз елге айналды. Конституцияны қатаң сақтай от-

ырып, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-құқықтық негізін қалады. Конституцияда белгі-

ленген бостандық пен адам құқығы, барлық декларациялар және басқа да нормалық актілер қатаң

сақталған. Біздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміз – Конституциямен тығыз байланысты

екенін мойындағанымыз жөн. Қазақстанның Ата Заңы – бұл мемлекеттік органдардың қайнар

көзі. Ата Заң – қоғамдық өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің

шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың

кепілі.

Ә.РАХЫМЖАНОВА, 

Жаңаарқа аудандық  сот кеңсесінің бас маманы

30 ТАМЫЗ-ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ


6 қыркүйек 2014 жыл

3

Жайма шуақ  жаз  қызығымен   тамыздың  соңғы   күндері   кел-



генінде   аңғармаппыз.  Көше  бойында  бой   көтерген    мектеп-

тік   оқу құралдарын сататын   дүңгіршектерге   қарап,  сабаққа

дайындық  керек  екені еске  түседі.   Бір  ананың  жетегіндегі

бірнеше  баланы   бастан  аяқ  киіндіріп,  мектепке   даярлауда

оңай  емес. Баға удай.  Үлкеннің   киімінен балалардың  киімінің

бағасы  асып  түскен    кезде  бір   киіммен  тоқтайтын  бала  жоқ.

Баяғыдай   жалғыз  туфлимен    бір  мезгілді   өткізетін   уақыттың

өткені  қашан. Бірыңғай мектеп формасы   болмағандықтан бала

біткен  әр  түрлі   киімге   әуес. Қалтаң   көтеріп  жатса   құба-

құп.  Бар-батып  ішеді,  жоқ  сатып ішедінің заманында  арзанқол

дүниенің  жілігі  татымайтыны  тағы   бар.  «Арзан екен», - деп

алғаның   ай   киюге  жарамай  тігісінен   сетінеп, алған   құныңа

тұрмағанында  ішің  удай  ашиды. 

Ойын баласы  болғандықтан қанша   ұқыпты  дегенімізбен  ба-

лалар  киімі  тез  тозады.  Ал,  сабақ  құралдарына  келсек   қазір

пән де көп, пәнаралық қосымша  сабақтарда   көп. Бір  оқушының

оқу-құралының   өзіне  қомақты  қаржы  жұмсалады. 

Тамыздың  алғашқы   күні   басталған  «Мектепке  жол»  акция-

сына  ауданымыздағы  мекемелер,  кәсіпкерлер,  білім

ошақтарының  ұжымдары  атсалысуда.  Жақсы  істің  басында

жүретін,  игі  бастамалардың  жүзеге  асуын  назардан  тыс  ет-

пейтін    «Нұр    Отан»  партиясының  аудандық    филиалында

акцияға  байланысты кездесу   өтіп,  «Бақытты  балалық» партия

жобасы аясында аудан  басындағы бес мектептің бес  оқушысына

қағаз-қалам мен оқу құралдары толығымен   жиналған сөмкелер

тарту  етілді. Ата-аналары мен  ұстаздарымен  бірге  келген

А.Тілеуғабылов  (О.Жұмабеков ОМ), Ж.Ибраева (С.Сейфуллин

ОМ),  Б.Тәукешов  (№132  ОМ),  Р.Матин  (Н.Крупская    ОМ),

Ж.Жәкен  (Ю.Гагарин  ат.    ОМ)  аға-апалар    сыйға    тартқан

сөмкелерін қуана арқаларына асып, балаларға тән   қуаныштарын

жасыра aлмай, ризашылықтарын білдірді. «Жұмыла  көтерген

жүк  жеңіл»,-демекші көмек  қолымызды   өзгелерге   ұсынып

жатсақ  бұл  кейінгі  ұрпаққа   үлгі. 

Өз  тілшімізден

*****   *****   *****  *****  *****



О.Әлібаев   атындағы  орта  мектебінде

Акцияға  мектеп  ұжымы,  әкім  аппаратының  қызметкерлері,

кәсіпкерлер, кітапхана ұжымы, мәдениет үйінің қызметкерлері,

дәрігерлік амбулатория қызметкерлері,  шаруа қожалықтарының

жетекшілері қатысты.  Ауданымыздың кәсіпкерлері тарапынан

да   көмек көрсетілді.  

Ауыл әкімі Е.Мамбетов, О.Әлібаев атындағы орта мектептің

оқу  ісінің  меңгерушісі  Н.Әбікенов  жиналған  қауымды  келе

жатқан білім күнімен құттықтап, балаларға  оқуда озат болуын

тіледі. Осы акцияны ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына

еңбектеріне  табыс  тіледі.      Мектеп  директорының  тәрбие  ісі

жөніндегі орынбасары Ж.Әміралина осы қайырымдылық акция-

сына демеуші болған азаматтарға, мекеме ұжымдарына алғысын

айтты. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал