«Сығанақ – қыпшақ даласының қақпасы»



жүктеу 45.23 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі45.23 Kb.

«Сығанақ – қыпшақ даласының қақпасы» 

 

 



Жаңақорған  жеріндегі  тарихи  орындардың  бірегейі  –  Қыпшақ 

хандығының,  Ақ  Орданың,  Әбілхайыр  хандығының,  кейін  Қазақ 

хандығының  астанасы  болған,  екі  мың  жылдық  тарихы  бар  Сығанақ  (VІ-

ХVІІІ  ғғ.)  қаласы.  Сығанақ  қаласының  орны  «Сунақата»  елді  мекенінен 

солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, 

аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Тіпті, кейінгі зерттеу мәліметтерінде 

Хан  сарайының  маңының  өзі  30  гектардан  астам  екендігі,  ал  Сығанақ 

қаласының аумағы 309 га екендігі анықталып отыр.  Қала өмірі VІ ғасырдан 

ХVІІІ ғасырға дейін созылған.  

 

Сығанақ туралы алғашқы мәлімет 982 жылы жазылған «Худуд ал-Алам 



мин  ал-Машрик  ила-л-Магриб»  («Шығыстан  батысқа  дейінгі  әлем 

шекаралары»)  атты  авторы  белгісіз  еңбекте  «Сунах»  атымен  кездеседі. 

Мұнда  протоқазақтық  Кимек  мемлекетінің  аймақтары  мен  қалалары  туралы 

жазылған. 

 

Х  ғасырда  өмір  сүрген  араб  географы  аль-Мукаддаси  (Макдиси) 



Сығанақты  Отырармен  кіндігі  бір  егіз  қала  деп  көрсеткен.  Сығанақ  пен 

Отырардың  ара  қашықтығы  24  фарсах  (160  шаөырым).  Ал  ХІ  ғасырда 

қаланың  Сығанақ  деген  атау  атақты  ғұлама,  түркі  тілінің  маманы,  ғалым 

Махмут  Қашқаридың  «Түркі  тілінің  сөздігі»  деген  атақты  еңбегінде 

жазылған.  ХІ-ХІІ  ғасырларда  Қарахан  мемлекетінің  кезіндегі  жазба 

деректердің барлығында қаланың аты жиі кездесіп отырады. 

 

ІХ-Х  ғасырларда  Сыр бойын  оғыз  тайпалары  мекендеген.  Сол  кездері 



Сығанақ  оғыздардың  иелігінде  болған.  Х-ХІ  ғасырлардың  ортасында  ішкі 

алауыздық салдарынан Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Осының әсерінен ХІ 

ғасырдың бас кезінде қыпшақтардың шапқыншылығына төтеп бере алмайды. 

Біраз  оғыздар  Сыр  бойынан  ығысып  кетсе,  қалғаны  қыпшақтарға  сіңіседі. 

Парсы  деректерінде  қыпшақтар  мекендеген  жерлер  «Дешті  Қыпшақ»,  яғни 

«Қыпшақ  даласы»  деп  атала  бастады.  ХІ-ХІІ  ғасырларда  Ертістен  Еділге 

дейінгі  ұланғайыр  аумақты  қамтып  жатқан  Қыпшақ  мемлекеті  Сығанақ 

қаласын өз астанасына айналдырады [25]. 



 

Сығанақ  –  «Сунақата»  ауылынан  солтүстік-батысқа  қарай  2 

шақырымдай  жерде  орналасқан  ортағасырлық  қаланың  аты.  «Сығанақ» 

сөзінің алғашқы буыны көне түркі сөзі «суб», «сығ» немесе «сұғ», «су» деген 

түсінікке  саяды  [26].  Екінші  буыны  «ан-ақ»  «он  оқ»  деген  І-

V

ІІІ  ғасырлар 



арасында  түркі  ру-тайпалары  одағының  жалпы  атауынан  шыққан.  Айтыла 

келе  үндестік  заңына  байланысты  «Сығанақ»  болып  шыққан,  яғни  «Сулы 

қала»  «су  жағасына  салынған  қала»  деген  мағынаны  білдіреді.  Өйткені, 

Сығанақ  –  бұрын  Сырдарияның  Қаратау  жақ  етегінен  ағатын  үлкен  арнасы 

мен түстік жағынан өтетін кіші бір саласы арасында, айнала судың ортасында 

жатқан табиғи су қорғанымен қоршалған. 

 

«Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ 



базарын,  қала  құрылысын,  үйлерін  толығырақ  жазған  ғалымдар 

Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан, – деп жазды академик Әлкей 



Марғұлан.  –  Бұлардың  баяндауынша,  Сығанақ  –  қыр  даланың  іргесінде 

әдемілеп  салынған  шаһар.  Ескі  дәуірлерде  ол  өте  гүлденіп  тұрған  үлкен 

қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы елінің әдеп, мәдениеті көзге 

ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың 

базарында  күн  сайын  500  түйеге  артылған  тауар  сатылып  отырған.  Оның 

маңайы  толған  егіндік,  бақша,  арық,  тоған  еді.  Бұл  қалаға  Арқадан  (Дешті 

Қыпшақ),  Хажы-Тархан  (Астархань)  жағынан  қаншама  бай  дүние  келетін, 

олардың  ішінде  мыңдаған  қой,  топталған  жылқы,  түйе,  қымбат  ішіктер, 

тондар,  қару-жарақ,  қайыңның  безінен  жасалған  жебелер,  жібек  маталар 

болатын.  Сығанақ  әрі  сәулетті,  әрі  бай  жер  болғандықтан,  оған  Еділден, 

Каспий  теңізінен,  Қашқардан,  Хотаннан,  Мәуереннахрдан  қаптаған 

саудагерлер келіп, сахараның халқына өзінің нәрселерін сататын». 

 

«Сығанақ» атауы ежелгі түрік тілінде «қамал, қорған» деген мағынада 



қалыптасқан.  Ол  –  ежелгі  түркі  қалаларының  бірі.  Қыпшақ  хандығының 

шығыс  астанасы  болатын.  Ортағасырлық  деректерде  «Сығанақ  –  Қыпшақ 

даласының  гаваны  (қақпасы)»  деген  теңеулер  айтылған.  «Абдулла-намеде» 

Сығанақ  туралы:  «Ол  ежелден  бері  қыпшақ  (қазақ)  хандарының  астанасы» 

деп жазады [29]. Хорезмшах Атсыз (1127-1154) және Ала ад-Дин Мұхаммед 

«дінсіздерді бағындыру» деген желеумен Сығанаққа бірнеше дүркін жойқын 

жорықтар  жасап,  ақырында  Сығанақ  билеушісімен  бейбіт  келісімге  келді. 

Сығанақ  Шығыс  Қыпшақ  даласындағы  гүлденген  қалалардың  біріне 

айналды.  «Худуд-аль-Аламда»  Cығанақ  диірменінде  тартылған  ұн  әлемнің 

шартарабына таратылатыны туралы жазылған.  

 

Моңғол  шапқыншылығы  қаланың  гүлденген  шағына  тап  келеді.  1219 



жылы  Сығанақ  қаласы  моңғол  шапқыншылығына  ұшырауының  себебі 

күрделі.  Сығанақ  қаласы  бұл  кезде  Дешті  Қыпшақ  жеріне  көз  алартқан 

Мұхамед Хорезмшахтың ықпалындағы бекініске айналған еді. Бекініс ішінде 

негізінен  осы  аймақты  бағындыру  үшін  жиналған  парсылық  әскер  болды. 

Жошы  қалаға  шабуыл  жасамас  бұрын  ең  алдымен  Шыңғыс  ханның 

қарамағында  сауда  және  дипломатия  жөніндегі  қызметшісі  болған  көпес 

Хасан-қажыны  қала  тұрғындарымен  келіссөз  жүргізу  үшін  Сығанаққа 

жібереді.  Бірақ  сығанақтықтар  Хасан-қажыны  өлтіріп,  өздері  жауға  қарсы 

күреске  шығады.  Жошының  әскерлері  қаланы  қоршап  алады.  Қаланы 

бекініске  айналдырған  Хорезмшах  әскері  7  күн  бойы  берілмей,  қарсыласып 

бағады. Бірақ күші басым Жошы әскері қаланы басып алып, халқын қырып-

жойып, қаланың күл-талқанын шығарады. Алайда, Жошы әскерінің шабуылы 

нәтижесінде  қираған  қаланың  тыныс-тіршілігі  туралы  мәлімет  жазба 

деректерде бір ғасырға жуық кездеспейді. 

 

Парсылық өркениеттің билеушісі Мұхамед Хорезмшах өз боданындағы 



қаланы  түркілік  өркениеттің  қамқоршысы  болған  Шыңғысханның 

шабуылынан  қорғауға  мүдделі  еді.  Шыңғысхан  өзіне  қарсылық  көрсеткен 

қалаларды ғана қиратқандығын ескерсек, Отырар мен Сығанақтың тағдырын 

қыпшақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеген Мұхамед Хорезм 

шахтың басқыншылық әрекеті айқындады. 


 

Шыңғысханның жорығы қыпшақ даласындағы түркілік мемлекеттілікті 

қалпына  келтірді.  Түркі  өркениеті  парсылық  өркениетке  жұтылып  кетпей, 

қайтадан бой түзеді. 

 

ХІV ғасырдан бастап Сығанақ қаласы қайта қалпына келтіріледі. Қала 



жандана  түседі.  Қала  біртіндеп  Сыр  бойындағы  саяси  және  экономикалық 

орталыққа айналады. 

 

ХІV ғасырдың ортасында Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп шығып, Ақ 



Орда  мемлекеті  құрылады.  Ақ  Орда  мемлекеті  Жайықтан  Ертіске  дейінгі, 

Арал  теңізінен  бастап  Сырдарияның  оң  жағалауынан  Қаратауға  дейінгі 

аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болады. 

 

Ақ  Орданы  Шыңғысханның  үлкен  ұлы  Жошы  ханнан  тараған 



ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс 

жұмыстары жүргізіліп, қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс 

орнатадды.  Ерзен  хан  кейін  Сығанақта  қайтыс  болып,  сонда  жерленген. 

Әзірге Ерзен ханның кесенесінің орны айқындалған жоқ. Ерзеннен кейін хан 

тағына  отырған  оның  ұлы  Мүбарак  ханның  тұсында  (1320-1345)  Сығанақта 

теңге  соғылады.  Мүбарак  хан  Сығанаққа  жерленген.  Натанзидің  «Ескендір 

анонимі» деректерінде Ерзен хан Орда Еженнің ұрпағының бірі, ол Отырар 

мен Сауранда мешіттер, ханакалар және басқа да қайырымдалық ғимараттар 

салдырған  деген  дерек  айтылады.  Орыс  ханның  тұсында  (1361-1378)  Әмір 

Темірге арқа сүйеген Алтын Орда ханы Тоқтамыспен үлкен соғыстар жүреді. 

Орыс хан өлгеннен кейін Әмір Темір Сығанақты алып, Тоқтамысты хан етіп 

отырғызады.  Ақ  Орда  Темір  әулетінің  ықпалына  енгеннен  кейін  ХV 

ғасырдың  басына  дейін  Ұлықбек  Сығанақты  уақытша  иеленеді,  ал  1446 

жылы  Сығанақ  Ұлықбектің  күйеу  баласы  Әбілхайыр  ханның  (1428-1468) 

иелігіне көшіп, оны ол өз билігінде өмірінің соңына дейін ұстады  және ХVІ 

ғасырдың басына дейін Сыр бойындағы қалалар Шайбан әулетінің иелігінде 

болды.  

 

Сыр бойы қалаларды қайтару үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат 



жұмсады.  Ең  алғаш  Қазақ  хандығының  құрамына  қосылған  Қаратау 

етегіндегі  Созақ  және  Сырдария  жағасындағы  Сауран  қалалары  болды.  XV 

ғасырдың ақырында Отырар, Иасы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан 

аймағының  бір  бөлігі  Мұхаммед  Шайбаниға  қарады  да,  Сығанақ,  Сауран, 

Созақ  қалалары  мен  Түркістан  аймағының  солтүстік  бөлігі  Қазақ 

хандығының  иелігінде  қалды.  Ташкент  пен  Сайрам  қалаларын  Моғолстан 

ханы Сұлтан Махмұд биледі.  

 

Осы  кездегі  Сығанақ  қаласының  тұрғындары  туралы  Рузбихан  «қала 



аймағындағы  қыстақ  кенттер  мен  қала  тұрғындарының  қазақ  хандығына 

ылғи да жақсы ниетте болып, қақпаларын ешбір қарсылықсыз айқара ашып 

қарсы  алады.  Қала  тұрғындарының  басқарушысы  Қазы  Садыр  ал-Ислам, 

Шақпақ жүзбегі, Садыр-Шайхтар қаланы алуға келген Бұрындық ханға қала 

тұрғындарын  жинап  алып,  «бұрын  бұл  аймақ  Бұрындық  ханға  қарайтын, 

сондықтан  ешбір  қарсылық  көрсетпей,  қаланы  оған  берсек  дұрыс  болады» 

деп  қаланы  ешбір  қарсылық-шығынсыз  берген»  деп  хабарлайды.  Сонымен 

бірге  оның  еңбегінде  қаланың  діни-қоғамдық  ғимараттарында  ислам  дініне 



байланысты  сұрақ-жауаптар,  түрлі  жиындар  болып  тұратындығын,  ондай 

кештерге өзінің де қатысатыны жазылған.  

 

Қасым  ханның  тұсында  Қазақ  хандығы  үшін  «қой  үстінде  бозторғай 



жұмыртқалаған»  заман  туады.  Оның  билігі  тұсында  саяси-экономикалық 

маңызына  қарай  Сығанақ  қаласы  Қазақ  хандығының  астанасына  айналды. 

Одан  кейін  Есім  ханның  тұсында  ғана  хандықтың  орталығы  Сығанақтан 

Түркістанға көшірілді.  

 

Сығанақтың  Дешті  Қыпшақ  территориясында  сауда  орны  ретіндегі 



маңызын  Рузбихан  «Дешті  Қыпшақтың  Еділ  өзені  шегіне  дейінгі  иеліктері 

мен жергілікті көпестері... Сығанақ қаласын өздерінің жиналатын орны істеді 

және  осында  сауда  тауарларын  әкелді.  Түркістан,  Мәуереннахр 

аймақтарының  және  Шығыстан  Қашқар,  Хотан  шегіне  дейінгі  жерлердің 

көпестері  Сығанаққа  осы  елдердің  тауарларын  әкеліп,  сауда  мәмілелерімен 

айырбас жасайды. Бұл сауда мәмілелері Сығанақта жасалатын болғандықтан, 

«бұл  иелік  әрқашанда  шет  елдерден  көпестер  келіп  тұратын  орын  болып 

табылады  және  онда  барлық  елдердің  байлығы  мен  тауарлары  мол»,  ондай 

тауарларға: «бұлғын мен тиін терісінен тігілген тондар, мықты садақтар мен 

ақ  қайыңнан  жасалған  жебелер,  жібек  маталар  мен  басқа  да  қымбат  бағалы 

бұйымдар»  жататындығын  суреттейді.  Бұл  деректер  Сығанақ  қаласының  өз 

заманында ірі халықаралық сауда орталығы болғандығын айғақтайды. 



Материал «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы аясында жарық көрген 

«Жаңақорған» ғылыми-көпшілік кітабының негізінде дайындалды.

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал