Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет8/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

дың  назарлары  өз  әріптестеріне  ауды.  Баяндамадан  соң  оған  көптеген 
сүрақтар  қойылып,  бірлесіп  ғылыми-зерттеу  жүмыстарын  жүргізуге 
үсыныстар  түсті»,  -  деп  басталған.
Бүдан  соң  мақалада  Жүмат  Досқараевтың  жоғарыда  айтқанымыз- 
дай,  31  жасында  Семейге  барып,  жасы  асып  кеткендер  мектебіне  оқуға 
түсіп,  мүғалімдер  курсын  бітіріп,  Баянауылда  мүғалім  болғандығын, 
одан  49  жасында  университет  бітіріп,  60  жасында  кандидаттық  дис- 
сертация  қорғап,  қазақ  диалектологиясының  негізін  салушылардың 
біріне  айналғандығын  сөз  етеді.  1957  жылдың  өзінде  Жүмат  ағамыз- 
дың  диалектология  мәселесіне  арналған  7  ғылыми  еңбегі  болған.
Сондай-ақ,  Ж .Досқараевтың  түңғышы  Ә убәк ірдің   Алматыдағы 
ауыл шаруашылығы институтын, одан соң Москвадағы Тимирязев атын- 
дағы  ауыл  шаруашылығы  академиясын  бітірген  соң,  кандидаттық

86
диссертация  қорғап,  ұзақ  жылдардан  бері  Алматыдағы  ауыл  шаруа- 
шылығы  институтын  іскерлікпен  басқарып  отырғандығы  туралы  да
айтылған. 
*
Ғаббас  болса  ол  кезде  майданнан  жеңіспен  оралып,  жоғары  маман- 
дық  алып,  тарих  ғылымдарының  кандидаты  атанып,  Қазақ  мемлекеттік 
университетінде  дәріс  оқып  жүрген.  Осы  жерде  қазір  марқұм  болған, 
Ғабекеңнің  жүбайы,  медицина  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
белгілі  ғалым  Раиса  Кәрімқызы  Мақашева  жайында  да  тоқталмай  ке-
туге  болмайды. 
^  і 
ч \ - -
ф
.;
Көп  үлдың  арасындағы  жалғыз  қыз  Әмина  да  « ¥ я д а   не  көрсең, 
үшқанда  соны  ілерсің»  дегендей  ғылым,  білімнен  алыстап  кетпейді. 
Кезінде  техникалық  жоғары  білім  алып,  өмірінің  соңына  дейін  Челя- 
бинскідегі  үлкен  бір  қорғаныс  зауытынды  бас  инженер  болып  қызмет
атқарады. 


^
Ал,  Сапар  болса  кезінде  одақ  көлемінде  танымал  елші  болған.  Мос- 
квадағы  мемлекеттік  институттың  халықаралық  қатынастар  бөлімін 
бітірген  соң,  алдымен  Қазақстан  Орталық  Комитетінің  аппаратында, 
одан  соң  1958  жылдан  өмірінің  соңғы  сәтіне  дейін  СССР  Сыртқы  істер 
министрлігінің  аппаратында  жүмыс  істеді.  Атап  айтқанда,  ұзақ  жыл- 
дар  бойы  Швейцарияда,  Францияда  ЮНЕСКО  істері  жөніндегі  комис- 
сия  хатшысының  кеңесшісі  болды.  Француз  тілін  еркін  меңгерген,  со- 
нымен  қатар  ғылыми  кандидаты  да  еді.
Жүмат аға әңгімесінің соңында бізге  архивінен  іздеп жүріп  Москва- 
да  шығатын  «Вопросы  вирусологии»  журналының  1972  жылғы  5-ші 
санын  үсынды.  Аудастырып  қарап  отырсақ  журналдың  ең  соңғы  637 
бетінде  Хамза  Жүматовқа  арналған  төм ендегідей  қазанама  жарияла-
НЫПТЫ. 
‘ 
-
  —  I 
і
1972  жылдың  26  маусымында  60  жасында  Қазақстанның  вирусо- 
логия  және  эпидемиология  қызметінің  ірге  тасын  қалаушы,  Қазақ  ССР 
Ғылым  Академиясының  корреспондент-мүшесі,  республика  вирусолог- 
тары  қоғамының  төрағасы,  ғылымға  еңбек  сіңірген  қайраткер,  меди- 
цина  ғылымдарының  докторы,  профессор,  1941  жылдан  КПСС  мүшесі, 
Хамза  Жүматов  мезгілден  тыс  бүл  өмірден  озды.
Х.Ж ұматов  1917  жылы  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданының 
кедей  шаруа  отбасында  дүниеге  келген.  Ол  1937  жылы  Алматы  меди- 
цина  институтын  үздік  бітіріп,  осы  институттың  микробиология  ка- 
федрасының  аспирантурасына  қалдырылады.  1944  жылы  медицина 
ғылымдарының  кандидаты  дәреж есін   алу  үшін  диссертация  қорғай-

ды.  1944  жылдан  1947  жылға  дейін  Х.Жұматов  М.Горький  атындағы 
Бүкілодақтық  дәрігерлік  тәжірибе  институтында  аға  ғылыми  кызмет- 
кер  дәрежесінде  жүмыс  істей  жүріп,  СССР  Медицина  Ғылымдар  Ака- 
демиясының  вирусология  институтының  докторанты  да  болады.
Х.Жүматов  1954  жылы  вирусқа  қарсы  иммунитеттер  проблемасы- 
на  арналған  тақырыпқа  медицина  ғылымдарының  докторы  дәрежесін 
алу  үшін  диссертация  қорғайды.
Х.Жүматов  1951  жылдан  Қазақстанда  жүмыс  істейді.  Оның  тіке- 
лей  ірге  тасын  қалауымен  және  басшылығымен  Қазақ  ССР  Денсаулық 
сақтау  министрлігіне  қарасты  Қазақтың  эпидемиология  және  микро- 
биология  ғылыми-зерттеу  институтының  вирусология,  эпидемиология 
ж әне  т.б.  бөлімдері  табысты  қызмет  етті.  Х.Жүматов  өлерінің  соңғы 
күндеріне  дейін  осы  институттың  ғылыми  жетекшісі  болды.
Х.Жүматов  1961  жылы  СССР  Медицина  Ғылымдары  Академия- 
сының  корреспондент-мүшесі  болып  сайланды.  1956  жылы  оның  ини- 
циативасы  бойынша  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясы  жанынан  виру- 
сология  лабораториясы  қүрылды.
Х.Жүматов  1967  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  акаде- 
мигі  болып  сайланды.  Оның  қаламынан  250-ден  астам  ғылыми  еңбек- 
тер  шыққан,  соның  5-і  монографиялар.  Ол  Қазақстандағы  көптеген  ви- 
рустық,  бактериялық,  эпидемиологиялық  мәселелерін  шешкен.
Х.Жүматовтың  молекулярлық  биология  саласында  жүргізген  бірта- 
лай  теориялық  зерттеулер  де  белгілі.  Ол  өз  шәкірттеріне  40-қа  жуық 
кандидаттық  ж әне  докторлық  диссертациялар  қорғатқан.  «Қүрмет 
белгісі»  орденімен  наградталған.  Республика  ғылымына  еңбек  сіңірген 
қайраткер.
Біз  үй  иесімен  үнсіз  қоштастық.  Себебі,  бұл  шаңырақ туралы,  үлкен 
мәуелі  бәйтеректің  өсіп-өніп  жатқан  бүтақ-жапырақтары  туралы  әлі 
талай  сыр  атқарылып,  халқымыздың  рухани  байлығының  одан  әрі 
өрістей  беретініне  әбден  сенімді  едік.

88
13.  Ө М ІР   М Е Н   Т А Ғ Д Ы Р
(Ғаббас  Жүматов)
Ғасыр  басында  қазақтарда  жеке  адамдарды  тіркеу,  оларға  қүжат 
беру  деген  болмаған.  Сондықтан  өмірге  енді  келген  нәрестеге  ат  қою 
ж ән е  туған  күнін  белгілеу  күнделікті  өмірде  болып  жататын  айтулы 
оқиғаларға  байланыстырылып  қойылатын  болған.  1920  жылы  Жүмат- 
тың  үлкен  отбасында  Ғаббастың  дүниеге  келуі  халықтың  есінде  үзақ 
жылдар  бойы  сақталып  қалған  жүтпен  (аштық,  жалаңаштық)  сәйкес 
келді.
Ғаббас  Жүматов  Солтүстік  Қазақстанның  ең  бір  табиғаты  әсем , 
шүрайлы  жерлерінің  бірі — Павлодар  облысының  Баянауыл  ауданында 
дүниеге  келген.  Табиғаты  қатал  Сарыарқа  даласының  ортасын  ойып 
орналасқан  осы  бір  таңғажайып  өңір  кімді  болсын  таңқалдырмай  қой- 
майды.  Тау,  тас,  орман,  тоғай,  өзен,  көл,  бүлақ,  бастаулар  аяқ  астынан 
өсіп  шыққандай  әсер  береді.
Осындай  таңғажайып  аймақта  Ғаббастың  сәбилік  ж әне  балалық 
шағы  өткен.  Ол  өзінің  аға-қарындастарымен  (отбасында  барлығы  12 
бала  болған)  ата-анасына  көмектесіп,  өмірдің  санқырлы  сабағынан  өтті. 
Аттың  қүлағында  ойнап,  доп  теуіп,  Жасыбай  көлінің  үстінде  сырғанақ
теуіп,  мал  бақты.
Павлодардағы  бастауыш  мектепті  бітірген  соң,  Ғ.Жүматов  1933 
жылы  ата-анасымен  бірге  Алматыға  көшіп  келеді.  Осында  1937  жылы 
байланыс  техникумын  бітіріп,  Қарағандыдағы  радиохабарларын  тарату 
қондырғысында техник  болып  жүмыс  істейді.  Өндірісте  жүмыс  істеп  ма‘- 
шықтанған  ол  енді  сондағы  тау-кен  институтының  геологиялық  барлау 
факультетіне  оқуға  түседі.  Бірақ  көп  үзамай  Отан  алдындағы  борышын

атқару  үшін  әскерге  шақырылады  да,  оның  қатарында  1940-1946  жыл- 
дарға  дейін  болып,  Үлы  Отан  соғысына  қатысады.
Соғыс  басталғанда  Ғ.Жүматов  кеңбайтақ  елдің  батыс  шекарасын- 
Да,  Белоруссиядағы  Брест  қамалының  әскери  гарнизонында  қызмет 
істейтін.  Бүл  гарнизонның  жауынгерлері  алғашқылардың  бірі  болып 
күші  басым  жаудың  соққысын  өздеріне  қабылдап,  ерлікпен  шайқас- 
ты.  Олардың  бойында  қайсарлық  пен  Отанға  деген  берілгендік,  өз  ту- 
ған  жеріне  деген  махаббат  пен  сүйіспеншілік  болатын.  Оның  көптеген 
майдангер  достары  соғыстың  алғашқы  сағатында-ақ  оққа  үшып  кет- 
кенімен,  олардың  ерлігі  мәңгіге  аңыз  болып  қалды.  Ал,  Ғаббас  болса 
әлікүнге  дейін  сол  жауынгер  достарының  бет-әлпет,  сөз-ырғақтарын 
есінде  мәңгі  сақтап  қалған.
Жеңіспен  аяқталған  соғыстың  символына  айналған  Брест  қамалын 
қорғаушылардың  ерлігі  миллиондардың  жүрегінде  мәңгілікке  сақталып 
қалған.  Қазақстан  Республикасының  елбасы  Н.Назарбаев  өзінің  «Үлы 
Отан  соғысындағы  жеңіс -   үмытылмайтын  халық  ерлігі»  атты  баянда- 
масында:  «Қазақстандықтар  1941  жылдың  22  маусымында-ақ,  соғыс- 
тың  алғашқы  сағаттарынан  бастап  ерлік  көрсетгі.  Барлығымызға  белгілі 
Совет  Одағына  қарсы  гитлерлік  әскердің  алғашқы  қанқүйлы  соққысын 
Брест  қамалы  қабылдаған  болатын.  Ал  олардың  арасында  біздің де  жер- 
лестеріміз бар еді...» дей келе одан әрі  Елбасы қазақстандықтардың ерлігі 
мен  Отанына  деген  берілгендігін  ерекше  бөле-жара  көрсетіп,  басқалар- 
дың  қатарында  Ғ.Жүматов  пен  В.Фурсовты  ауызға  алады.
Жеңістің  50  жылдығына  байланысты  Президенттің  айтылған  осы 
сөзінде  майдан  алаңынан  қайтпаған  және  одан  жеңіспен  оралып  жаны- 
мызда  жүрген  майдангерлерге  деген  қүрмет  пен  алғыс  толы  болатын. 
Ал,  ол  кездері  болса,  Брест  қорғанысы -   1418  күн  мен  түнге  созылған 
соғыстың  алғашқы  беттері  еді  де,  жеңіс  күні  барша  совет  халқына  ал- 
дамшы  сағым  сияқты  болып  көрінетін.
Одан  әрі  Ғ.Жүматов  басқа  жауынгерлердің  қатарында  ауыр  үрыс- 
тар  жүргізе  отырып,  Гомел  қаласының маңында Қызыл  Армияның қата- 
рына келіп  қосылады.  Сөйтіп,  ол  Бас  Басқармасының  қарауындағы  537- 
ші  артиллерия  полкынан  келіп  бір-ақ  шығады.  1941  жылдың  қазан  ай- 
ында  бүл  полк  Горький  (қазіргі  Нижний  Новгород)  қаласының  маңын- 
дағы  Гороховетский  лагеріне  тылға  қайтарылады  да,  сол  жылдың  7 
қарашасында  Октябрь  революциясының  мерекесіне  арналған  парадқа 
қатысады.  Ал,  жау  болса  Москва  қаласының  қақпасында  түрғандық- 
тан,  полк  Қызыл  алаңнан  тура  майданға  аттанады.  Себебі,  майдан  тым

90
жақын  болатын.  Олар  көпке  үзамай-ақ  Звенигород  пен  Можайскінің 
төңірегінде  соғысқа  араласып  кетеді.
Ғ.Жүматов  осыған  орай  соғыс  кезіндегі  алғаш  әскери  парадқа  қаты- 
сып,  Батыс  майданы  әскерлерінің  гитлерлік  әскери  басқармасының 
Москвадағы  Қызыл  алаңда  болатын  әскери  парадты  өткізбей  тастай- 
мыз  деген  жоспарын  жүзеге  асырмай  тастағанының  куәгері  болғанына 
өзін  бақытты  санайды.  Сонымен  қатар  ол  Москваны  қорғау  және  Мо- 
жайск  бағытында  неміс  әскерлерін  талқандау  соғысына  қатысып,  өз 
үлесін  қосқан.
Оның  өміріндегі  ең  бір  үмытылмас  с ә т -   партия  қатарына  өткен 
кезі.  Соғыс  басталғанына  тура  бір  жыл  толған  күні,  1942  жылдың  22 
маусым  күні  Гжатск  (қазіргі  Гагарин)  қаласының  маңында,  ысқырған 
оқ  пен  снарядтың  арасында,  окоп  ішінде  оған  бір  топ  жауынгерлермен 
бірге  полк  комиссары  партия  билеттерін  табыс  етті.  Сол  қиын-қыстау 
күндері  бүл  олар  үшін  үлкен  қуаныш  болатын.  Әрине,  арада  елу  жыл- 
дан  аса  уақыт  өткен  к езде,  қазіргідей  партия  таратылған  сәтте  ол 
қуанышты  көптеген  адамдардың  түсін беуі  де  мүмкін.  Ал,  майданда 
болса,  партияға  тек  жақсылардың  жақсыларын  ғана  қабылдайтын.  Бүл 
оның  өз  кезеңінің  тарихы,  оның  өткен  өмір  жолы.  Сондықтан  соғыс 
беттерінің тарихы  үшін,  жеңіс  тарихы  үшін,  20  миллионнан  астам  адам 
өмірінің  қиылуымен  келген  жеңістің  тарихына  ештеңеніден  қысылып, 
қымтырылудың  қажеті  жоқ.
1942 
жылдың  желтоқсан  айында  Москваға  жақын  маңдағы  үрыс- 
тардың ауданынан Ғ.Жүматов Томск қаласында орналасқан Қызыл тулы 
Днепропетровск  артиллерия  училищесіне  оқуға  жіберіледі.  Онда  май- 
дан  үшін  5  айлық  жылдамдатылған  бағдарлама  бойынша  офицерлер 
дайындайтын.  Училищені  бітірген  соң,  ол  Оңтүстік  майданға  (кейін- 
нен  1,  2,  3  Украин  майдандары)  5-Дон  казактарының  Қызыл  тулы  кава- 
лериялық корпусына,  150-ші  корпустың гвардиялық Қызыл тулы танкке 
қарсы  үшқыштар  полкіне  жіберіледі.  Одан  соң  осы  полктың  қүрамын- 
да  майданның  көптеген  учаскелерінде:  Украина  мен  Молдавияда,  Кор- 
сунь-Шевченко  және  Ясск-Кишинев  операцияларында  жаудың  ірі  қүра- 
маларын  ж ою   ж өн ін де,  Карпат  тауларында,  сондай-ақ  жазықтықта 
болған  Трансильвания  үрысында,  Румыния  мен  Югославия  (Дунай 
өзенінің  солтүстігіне  қарай),  Венгрияны  азат  етуге  қатысып,  соғысты 
Австрияда  Альпі  маңында  аяқтады.
Ол  осы  соғы с  к езең ін д е  басы нан  көптеген  қиыншылықтарды 
өткізді.  Мыңдаған  жауынгер  достары  үрыс  алаңдарында,  өзен  жағалау-

лары  мен  төбеш іктерде,  бір  сөзбен  айтқанда,  өз  жерлері  мен  басқа 
елдерде  де  қалды.  Олар  жерленген  көптеген  төбешіктер  қазір  жермен- 
жексен  болып,  тегістеліп  білінбей  кеткен.  Сондықтан,  соғыстан  аман 
қалған  және  одан  кейінгі  өсіп,  жетілген  соңғы  буын  олардың  алдында 
өздерінің  көл-көсір  қарыздар  екендіктерін  сезінулері  керек.
Біздің  кейіпкеріміз  де  сол  соғыстың  тірі  куәгері.  Ол  майданда  сан 
жараланып,  бастан  зақым  да  алған.  18  мемлекеттік  орден-медальдар- 
мен  марапатталып,  жоғарғы  қолбасшыдан  мақтау  да  алған.
Жеңістен  соң  Ғ.Жұматов  туған  ошағына  оралып,  Алматыдағы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетіне  түсіп,  оны  1950  жылы 
үздік  бітірген  соң  аспирантураға  қалдырылады.  Кандидаттық  диссерта- 
циясын  қорғаған  соң  тарих  кафедраларының  бірінде  40  жылдан  астам 
жемісті  еңбек  етті.  Ол  жоғары  оқу орнының оқытушысы ретінде  өз  пәнін 
студенттер  алдында  қос  тілде  бірдей  өте  сауаттылықпен  өткізді.  Сон- 
дай-ақ,  Ғаббас  ғылыми  жүмысының  басты  өзегі  «Қазақстандағы  тарихи 
өзгерістердің  проблемаларын»  зерттеу  болып  табылады.
Ғ.Жүматов  ұстаз,  ғалым,  доцент  ретінде  жас  кадрларға  қолдан  кел- 
ген  көмегін  аяп  көрген  емес.  Ол  ізденушілердің  жұмыстарын  басқарып, 
кандидаттық  диссертацилар  қорғалғанда  арнайы  оппонент  ретінде  сөз 
сөйлеп,  рецензиялар  жазған.  Сондай-ақ,  университеттің  Ғылыми  Со- 
ветінің  мүшесі  де  болған.  Оның  соғыстан  кейінгі  өмір  жолының  бәрі  де 
Қазақ  мемлекеттік  университетімен  байланысты.  1979  жылы  Республи- 
камыздың  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы  бойынша  оған 
«Қазақ  ССР  жоғары  мектебіне  еңбек  сіңірген  қызметкер»  атағы  беріліп, 
«Республика  алдында  сіңірген  еңбегі  үшін»  медалі  қоса  тапсырылды.
Үзақ  жылдар  бойы  ол  университет  ж әне  республика  көлемінде 
көптеген  қоғамға пайдалы жүмыстар  атқарып  келеді.  Соның бір көрінісі 
Республикалық соғыс  ардагерлері  кеңесінің,  шет елдермен достық және 
мәдени  байланыстар  жасау  қоғамында  істеліп  келе  жатқан  жүмыстар. 
Оның  үстіне  ол  үнемі  әскери-патриоттық  және  қоғамдық-саяси  тақы- 
рыптарға  баяндама  жасап,  әңгімелер  өткізеді.  Ғ.Жүматов  кезінде  Ор- 
талық  Комитет  пен  Қазақстан  Коммунистік  Партиясы  Алматы  облыс- 
тық  атқару  Комитетінің  штаттан  тыс  лекторы  болған  кезде  бүл  мәсе- 
лемен  бүкіл  республикамызды  аралап  шыққан  болатын.
Ғалым  ретінде  оны  көбінесе  жастар  аудиториясы  қызықтырады. 
Себебі,  олар  халқымыздың  болашағы  ғой.  Міне,  осындай  істері  үшін, 
жастарға  патриоттық  тәрбие  беру  жолында  мол  табыстарға  жеткені 
үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы  оны Жоғарғы  Советтің

92
Құрмет  грамотасымен  марапаттаған  болатын.  Сондай-ақ,  Ғ.Жұматов 
әр жылдары Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің, Жоғары білім 
Министрлігінің,  Қазақ  ССР  жоғары  мектептер  мен  ғылыми  мекемелер 
кәсіподақтары  Орталық  Комитеті  Президиумының,  Бүкілодақтық  со- 
ғыс  ардагерлері  комитетінің  тарапынан  қүрмет  дипломдары  мен  гра- 
моталарға  ие  болса,  ол  шетелдермен  достық  және  мәдениет  байланыс- 
тар  қоғамы  тарапынан  Венгер  халық  республикасының  «Алтын  алқа»
медалімен  марапатталған.
Өз  кезінде  Ғ.Жұматов  он  жылдан  астам  Алматы  қалалық  Советі 
соғыс  ардагерлерінің  идеологиялық  комиссиясын  басқарды.  Қазір  ол 
республиканың  соғыс  ардагерлері  ісі  жөніндегі  орталық  кеңестің  және 
қалалық  соғыс  және  еңбек  ардагерлері  кеңесінің  де  мүшесі.  1984  жыл- 
дан  бастап  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  үлттық  универси- 
теті  соғыс  ж әне  еңбек  ардагерлері  қоғамын  үзбей  басқарумен  қатар, 
Бостандық  ауданының  соғыс  ж әне  еңбек  ардагерлері  кеңесі  президиу-
мының  да  мүшесі. 
,
1960 
жылдардан  бастап  90-шы  жылдарға  дейін  Ғ.Жүматов  Фран- 
ция,  Италия,  Венгрия,  Болгария  ж әне  басқа  елдерге  бірнеше  рет  қаты- 
нап,  Үлы  Отан  соғысы  туралы  естеліктер  айтқан.  Дөңгелек  стол  ба- 
сында  Италияның,  Францияның,  Югославияның  студенттерімен,  Ита- 
лия -   СССР  қоғамының  мүшелерімен,  ал  Париж  бен  Нормандияда  бол- 
са  француз  көтерілісшілерінің  бүрынғы  жауынгерлерімен  жолыққан.
Сонымен  Ғ.Жүматовтың  иығында  үлкен  өмір  жолы,  Үлы  Отан  со- 
ғысы,  оқу,  оқытушылық  ж ән е  зерттеушілік  жүмыс,  қоғамдық  іс  жа- 
тыр.  Өзіне  тапсырылған  іске  үлкен  мейлі  кіші  болсын  ол  әрқашан  жау- 
апкершілікпен  қарап,  оны  тиянақты  орындап  шығуға  тырысатын.  Ол 
қазір  де  соғыс  ж әне  еңбек  ардагерлерінің  проблемаларын  шешу  жо- 
лында  сол  дағдысынан  айнымыған.  Өйткені,  Ғабең  еңбек  сүйгіш,  жа- 
сынан  алдына  қойған  мақсатын  орындап  шығуға  үйренген  жан.
Ең  бастысы  оның  осындай  болып  қалыптасуына  ата-аналарының 
ерекше  ықпалы  болған.  Олар  туралы  көп  айтуға  болады.  Әкесі  өте  се- 
зімтал да жігерлі  әрі  ақылды  адам  болатын.  Ол жасынан оқу оқып,  білім 
алуды  аңсайтын.  Сондықтан  да  болар  С емейдегі  мүғалімдер  дайын- 
дайтын  курсты  бітіріп,  туған  жері  Баянауылда  балаларға  сабақ  берген. 
Ал,  Самарқанттың  университетін  бітіргенде  оның  жасы  қырықтан  асып 
кеткен  болатын.  Оның  үстіне  ол  үлкен  отбасының  иесі  де  еді.  Түркі 
тілдерінен  кандидаттық  қорғаған  Жүмекең  республиканың  Ғылым  Ака- 
демиясында  бөлім  меңгерушісі  болып  істеді.  Қазақ  энциклопедиясын-

Да  көрсетілгендей,  ол  қазақ  тілі  диалектісін  зерттеудің  ірге  тасын  қала- 
ған  алғашқы  ғалымдардың  бірі.
Шешесі  хат танитын,  шаруашылықпен  қатар  үлкен  шаңырақтың  бар 
қиыншылығын  көтере  білген,  ерінің  орнын  жоқтатпайтын  білікті  жан 
болатын.  Іс  тігіп,  кілем,  алаша  тоқитын.  Текемет  басып,  ірімшік-қүрт 
қайнататын.  Сондықтан  да  болар  қиын-қыстау  ашаршылық  жылдары 
аналарының  бүл  қасиеті  отбасын  көп  қатерлерден  аман-есен  алып  шық- 
ты.  Осындай  ауыртпалықтарға  қарамастан  ата-аналары  барлық  балала- 
рына  бірдей  білім  беруге  тырысты.  Ол  кейін  өз  нәтижесін  берді  де.
Үлкен  ағасы  Әубәкір  Жүматов  соғыс  алдында  Тимирязев  атындағы 
ауыл  шаруашылық  академиясын  бітіріп,  Қазақстанның  ауыл  шаруа- 
шылығы  Наркоматында  жүмыс  істеді.  1943—1959  жылдар  аралығында 
Қазақ  ауыл  шаруашылығы  институтының  директоры  болды.  Оның 
басқаруымен  институт  соғыс  ж әне  одан  кейінгі  жылдары  оқу  орны- 
ның  материалдық  базасын  нығайтуда,  ғылыми  қызметкерлер  мен  сту- 
денттердің  саны  мен  қатар  сапасын  арттыруда  да  көптеген  табыстар- 
ға  қол  жеткізді.  Өкінішке  орай,  Әубәкір  өмірден  ерте  кетті.  Себебі, 
бүл  дүниемен  қоштасқанда  50  жасқа  да  толмаған  еді.
Екінші  ағасы  Хамза  Жүматов  бар  өмірін  ғылым  жолына  арнаған, 
дүниежүзіне  белгілі  ғалым  болған.  Медицина  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  Қазақстан  мен  Орта  Азияда  вирусология  мен  эпидемио- 
логия  қызметінің  іргетасын  қалаушы,  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясы- 
ның  академигі,  СССР  Медицина  ғылымдары  академиясының  коррес- 
пондент-мүшесі,  СССР  Денсаулық  министрлігі  Жоғары  аттестациялық 
комиссиясының  мүшесі,  республика  ғылымына  еңбек  сіңірген  қайрат- 
кер.  Оның  қоғамға  тигізген  пайдасы,  білімі  мен  таланты  ерекше  бола- 
тын.  Табиғат  одан  барын  аямаған  еді.  Адамгершілігі  мен  туған-туыс- 
тар  мен  айналасындағыларға  деген  махаббаты  ерекше  болатын.  Бірақ, 
ол  да  60-қа  қараған  жасында  өмірден  ерте  кетті.  Өз  кезінде  Д.А.Қона- 
евтың  түсында  Х.Жүматовтың  аты-жөнінде  мәселе  көтерілген  бола- 
тын.  Бірақ,  ол  соңына  дейін  жеткізілмей — шенеуніктердің  қүзырынан 
аса  алмай  қалды.  Мүмкін,  ол  келешекте  шешіліп  қалар.
Кіші  інісі  Сапар  Жүматов  Москваның  халықаралық  қатынастар  ин- 
ститутын  бітірген  кәсіпқой  елші  болатын.  Ол  бірінші  дәрежелі  кеңесші 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал