Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет32/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Ж үмабаев  Мүсәпір.
 
1928  жылы  Баянауылда  туған.  Ауылшаруашылығы 
ғылымдарының докторы, профессор.  1959 жылы Семей малдәрігерлік институ- 
тын  бітірген.  1959-1960 жылдары  «Александровка» совхозының бөлімшесінде 
зоотехник, 1960-1962 жылдары «Березовский» совхозының бас зоотехнигі, 1961- 
1968 жылдары Баянауыл мемлекеттік мал асылдандыру станциясының аға зоо- 
технигі,  1968-1997 жылдары Қазақ мал шаруашылығы институтында түрлі қыз- 
меткер атқарған.
Жүмабеков Әбілқайыр Әндарүлы.
 
С.Торайғыров атындағы селолық округтің 
әкімі.
Жүмабеков  Әндар.
 
Ауданда  мал  шаруашылығының өркендеуіне мол  үлес
қосқан белгілі зоотехник.
Жүматаев Саябек
 
аудан көлеміне белгілі жүргізуші. Кезінде ол туралы аудан- 
дық «Жеңіс» газетінің бетінде «Трассаның тарланы» деген мақала шыққан.
Жүзбасов Қайролла.
 
1941  жылы Баянауыл ауданының Майқайың поселке-

сінде туған.  Өнертану ғылымының кандидаты,  КСРО  композиторлар одағының 
мүшесі. ¥ за қ  жылдар бойы Қазақ КСР-і ¥ҒА-ның жанындағы М.Әуезов атындағы 
әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып жүмыс істеген.
Жунісбеков Мергенбай.
  1939 жылы Баянауылда туған. Социалистік Еңбек Ері. 
«Южный» совхозында шопан болған. Ауданда қой көбейтуде ерекше үлес қосқан.
Жүсінов Қуандық Пазылулы.
  1941  жылы Баянауыл ауданының «Жаңажол» 
ауылындатуған. Әдебиеттанушы ғалым. Филология ғьшымдарының докторы, про- 
фессор. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Жүсіпов Мажит Малдыбайүлы.
  1919 жылы Баянауыл ауданының «Саржал» 
ауылында туған.  ¥ л ы  Отан соғысының ардагері.  Бірінші дәрежелі Отан соғысы, 
Қызыл жүлдыз ордендерімен марапатталған. Соғыстан соң Қазақ ауылшаруашы- 
лығы институтының гидротехникалық факультетін аяқтаған. Алматыда одан соң 
1958-1980 жылдар аралығында Павлодар облыстық су шаруашылығы басқарма- 
сының бастығы болған. Қазақ КСР-інің қүрметті гидротехнигі, «Қүрмет белгісі» 
орденінің иегері.
Жүсіпов Мәуия
 (1886-1951).  Баянауыл ауданың «Қүндыкөл» ауылында ту- 
ған. Жылқышы. Социалистік Еңбек Ері.
Жүсіпбаев Пауан.
  Павлодарда Қ.Сәтпаевпен бірге оқыған. Аудан экономи- 
касының нығаюына мол үлес қосқан жан.
Жылқыбаев Мақажан  Несіпбайүлы.
  1937  жылы  туған.  Әкесі  мен  шешесі 
Баянауыл ауданына қарасты «Жосалы» ауылының тумалары. Қазір ол Ы.Алтын- 
сарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры.  Қазақстан 
Республикасына еңбегі сіңген үстаз. «Қүрмет» орденің иегері.  1968 жылы Семей- 
дегі педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
Исаүлы Зында (Шахзында)
  1863  -1939.  Ақкелін  болысы,  Шорман  ауылы- 
ның (кейіннен  1  ауыл) түрғыны.  1928 жылы шаңырағында 5 жан, иелігінде  1148 
малы, 3  киіз,  1  ағаш үйі,  шөп шабатын машинасы, 7 әртүрлі арбасы т.с.с.  қүрал- 
саймандары болған. Осы дүние -  мүлкі түгел кәмпескеленіп, өзін Ақтөбенің Ыр- 
ғыз  ауданына  жер  аударады,  түрмеге  қамайды  кейіннен  Омбы  облысы,  Марья- 
новка  стансасы  маңында  қорлықпен,  жоқшылықтың тауқыметін  тартып  жүріп, 
қайтыс болған.
Исин Жумат.
  1954 жылы Торайғыр ауданында туған. ҚазГУ-дің журналис- 
тика факультетін бітірген. Жезқазған, Балхаш, Алматыда радио, телевизияда ре-
дактор болып қызмет атқарған.
Исин Кенжебай.
 Аудан көлеміне белгілі партия, совет қызметкері болған.
Ииіан Хазірет.
  Ислам дінін таратқан әулие, діндер адам. Ол Баянауыл мен 
Ертістің арасындағы халыққа рухани білім берген, имандылыққа жетелеген. XVIII
ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген.
Кәкімов Мешітбай.
 Аудан шаруашылығының өркендеуіне мол үлес қосқан
жүргізуші.
Келтенова Раушан  Түрлыбекқызы.
  1947  жылы туған.  Физика-математика 
ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кепжебиев  Бәкір
 
(1891-1966).  Кенші.  1942  жылы  Майқайың  поселкелік 
советінің төрағасы болған. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1938,1947,1951  жыл-
дардағы депутаты.
Кенжекеев Муқатай.
 
С.Торайғыров атындағы совхоздың директоры болған.
Кепж еқанов Балта Ж окенулы.
 
«Лекер» селолық округігің әкімі.
Кісентаев Әнуарбек Кісентайүлы.
 
«Қаратомар» селолық окпугінің әкімі.
Күзеков Алмас Сайтулы.
 
1956 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік универ-
ситетін және Шымкент мөдениет институтын бітірген. Қазір Павлодар облыстық
сотында қызмет істеиді.
Күзеков Асхат  Сәйпісүлы.
 
1950 жылы Баянауылда туған. Ташкент электро- 
техникалық байланыс институтын бітірген. Өз саласы бойынша Баянауылда, Пав- 
лодарда түрлі қызметтерде болған. 2000-жылдан Павлодар байланыс жүиесінің бас
директоры.
Күләшов  Тайжан.
 
Көптеген  жылдар  бойы  аудандың  партия  комитетінде 
бөлім бастығы болып қызмет атқарған, сыйлы адам.
Күленов Сәлемхат.
 
Республика өнеркәсібін дамытуға зор еңбек сіңірген ар-
дагер.
Күленова Загира.
 
Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы парашютист. 
Күнтуүлы Жанайдар.
 
XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, жүрт 
аузында жақсы Жанайдар атанған ділмәр, шешен.
Күркенов Таңат.
 
Мал шаруашылығының өркендеуіне мол үлес қосқан ауыл- 
шаруашылығының үздік қызметкері.
Қабанүлы  Әмір.
 
Шамамен  1810-1875  жылдары  өмір  сүрген.  Сөз  тапқыр, 
шешен адам болған.
Қабашев Сансызбай.
 
«Торайғыр» ауылының «Шоң би» атындағы мешіттің
имамы. 
.
Қабылбекүлы Иманберді.
 
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың 
басында өмір сүрген. 1916 жылы Қызылтау болысының басшысы болып сайланған.
Қадырбеков Нүрдос Мүханүлы.
 
1972 жылы туған.  1995 жылы Асфендияров 
атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылым- 
дарының кандидаты. Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет істейді. 
Қадыров С ады қ(\902-\916).
 
Заңқызметкері. Баянауыл, Краснокутскі аудан-
дарында жүмыс істеген.
Қаж дарова Раиса  Сембіқызы.
 
1969 жылы Павлодар педагогикалық инсти- 
тутын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Қазір Павлодардағы 
Ы.Алтынсарин  атындағы  3  қазақ  мектеп  интернатының  ғылыми-әдістемелік 
жүмыстар жөніндегі меңгерушісі. Еңбек ардагері.  1989 жылы Қазақ ССР халыкка 
білім беру үздігі атағы берілген.
Қазыханов Бәкір.
 
1913 жылы Баянауыл ауданының «Жаңажол» аулында ту- 
ған. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мүғалімі. 1943-жылы ҚазПИ-дің химия-биоло- 
гия факультетін бітірген. «Шөптікөл» мектеп интернатында, Баянауыл орта мек- 
тебінде директор болған.  1966 жылы Ленин орденімен мараппатталған.

Қайыпов Арықтай
  (1914-1993).  Баянауыл  ауданының  3  ауылында туған.
Геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР ҮҒА-ның акаде- 
мигі. ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.
Қайыпов Мәлік Арықтайулы.
  1956 жылы туған.  Техника ғылымдарының 
докторы, профессор. ҚР ҮҒА-ның корреспондент мүшесі.  1990 жылы жас ғалым- 
дардың алтын медалімен марапатталған.
Қайырбаев Амантай.
  Ауылшаруашылығының өркендеуіне мол үлес  қос- 
қан. Үзақ жылдар бойы бригадир болған.
Қалықов Серікбай.
 Тоқсанның бесеуіне келген қадірлі ақсақал. «Төртқүдық» 
руднигінде, кейіннен «Бірлік» ауылында басшылық қызметте болған елге сыйлы
азамат.
Қалышбеков Мурат Бекенулы.
  1976 жылы Павлодар индустриалды инсти- 
тутын инженер-қүрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған. Қазір Павлодар об- 
лысы бойынша әлеуметтік сақтау және түрғындарды жүмыспен қамтамасыз ету
департаментінің бастығы.
Қалышбеков Талгат Маратулы.
 «Қаныш Сәтпаев» атындағы селолық ок-
ругтың әкімі.
Қанжыгалин Марат  Ғабдоллаулы.
  1962  жылы  Баянауылда туған.  1984- 
1990 жылдары Семей медицина институтында оқыған.  1990 жылдан Павлодар- 
дың 1 
қалалық 
ауруханасында дәрігер. 1997 жылдан күйіктен емдеу бөлімшесінің 
меңгерушісі. Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс
маманы.
Қаңтарбаев Аманкелді.
  1939 жылы туған. Екібастүз ауданының «Отарка»
газетінің редакторы, ақын.
Қапбасов Бауыржан Қайроллаулы.
  1958 жылы туған. Әскери шені-майор.
Үзақ жылдар бойы Қиыр Шығыс әскери округінде батальон командирі болған.
Қазір С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің әскери кафедрасының аға оқытушысы.
Қапбасов Болат Қайроллаулы.
  1964 жылы туған. Әскери шені-подполков-
ник. Қызылжар қаласындағы әскери училеще бастығының орынбасары.
Қапбасов Қайролла Қайдарулы.
 1925 жылы Баянауыл ауданының Қызылта-
уының «Белағаш» аулында туған. Үлы Отан соғысының ардагері. Полковник. 1-2
дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. Сібір әскери округінде дивизия командирінің
орынбасары болған.
Қапбасов Қанат  Қайроллаулы.
  1952  жылы  туған.  ҚР  Қорғаныс  мини-
стрлігінде басқарма бастығының орынбасары. Өскери шені-полковник.
Қапесов Нурмуқан.
  1928 жылы Баянауыл ауданында туған. Ғалым. Филосо-
фия ғылымдарының докторы,  профессор.  1951  жылы Алматы Мемлекеттік заң
институтының,  1962  жылы  СОКП-ның  жанындағы  жоғары  партия  мектебін
бітірген.
Қарагызов Қайрат.
 Селолық кеңестің хатшысы болған.
Қарекин Болат.
 Селолық кеңестің хатшысы болған.

Қасымов Қамар
 
(1893—1966). Музыка аспабын жасаушы шебер. Қазақ ССР-
нің еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Қасымова Балқия.
 
1948 жылы Баянауылдың «Қызылтауында» туған. Фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор.  1968 жылы Павлодар педагогикалық
училищесін, 1974 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген.
Қазір С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Қатаіиов Болтан.
 
Шаруашылық есепшісі болған.
Қожабергенов Сәбиқолла Толеуулы.
 
1936 жылы туған. Облыс шаруашылы- 
ғының өркендеуіне  мол  үлес  қосқан.  Бригадир,  ферма және  бөлімше басшысы
болып үзақ қызмет атқарған.
Қож анов Мухіпар.
 
Екібастүз  қаласындағы  2  мектептің оқу  ісінің  меңге-
рушісі, С.Торайғыров атындағы орта мектепте математикадан сабақ берген елге 
елеулі мұғалім.
Қожахметов Қабдыш
 
(1911-1942).  Баянауылда туған.  Сұлтанмахмүт То- 
райғыровтың  немере  інісі,  Шаймардан  Торайғыровтың  туған  інісі.  1935—1937 
жылдары Көкшетау қаласында прокурор болған.  1937-1942 жылдары Павлодар 
облыстық сотында қызмет істеген. Майданға өз еркімен сүранып кеткен. Содан 
хабарсыз кеткен. Балалары Мақпуза, Еркін, Заря бәрі де зейнеткерлер. Павлодар
қаласында тұрады. 
-  #й 
-  -
Қонқашбаев Ғали
 
(1903-1986).  Баянауылда туған.  География ғылымдары-
ның кандидаты. Ұлы Отан соғысының ардагері. Орта Азия Мемлекеттік универ-
ситетін және Қазақ педагогикалык институтын бітірген.  1946  жылдан жаңадан
қүрылған Қазақ ¥ҒА-да жүмыс істейді. ЖенПИ-де, ҚазПИ-де студенттерге үзақ
жылдар дәріс оқыған. 
-1  Ц11  Ц  |  І і  
ушпхжі-і~
Қосатулы Торсықбай
 (1794-1860). 
Баянауыл ауданы ашылғаннан бастап 
17
жыл Күлік болысының басшысы болған.
Қошпеев Ғабдолла.
 
Алашорда қайраткері, педагог.
Қуспеков  Смагул
 
(1917-1996).  Баянауылда  туған.  Қазақ  ССР-нің  еңбек 
сіңірген қүрылысшысы. ¥лы Отан соғысының ардагері. Екібастүз стансасының 
теміржол қүрылысы басқармасының бригадирі болған.
Қутбаев Ғазиз.
 
Көптеген жылдар бойы аудандық судья болып жұмыс істеген. 
Қуттыбайүлы Ж апар
 
(1828-1908). Баянауылда туған. Ақын, әнші, домбы- 
рашы, қобызшы. Сарыарқаның атақты ақындары Қожабек, Ажар, Торсыбайлар-
мен айтысқа түскен.
М агулов Манас.
 
Полковник, әскери адам.
Мадин Имаш Барганулы.
 
1915 жылы туған.  1940 жылы ҚазПИ-ді бітірген. 
1952-1977 жылдары сонда аға оқытушы, доцент, проректор болған. Профессор. 
Кейін ЖенПИ-дің кафедра меңгерушісі болған.
М азанов  Қуат  Кәрімж анулы.
 
Жеке  кәсіпкер.  Ауыл  шаруашылығының
өркендеуіне үлес қосып жүрген жас.
Макаренко  Григорий  Маркович.
 
С.Торайғыров  атындағы  совхозда  парт-
ком хатшысы болған.

Макин  Темірилот
 
(1905—1994).  Баянауыл ауданынын Қызылтау ауылында 
туған. Үлы Отан соғысы ардагері. «Сталин атындагы колхоздын» бастығы, «Егін- 
дібүлак» бөлімшесінін басқарушысы болған. «Еңбек Қызыл Ту», «Қүрмет белгісі», 
«Октябрь революциясы» ордендерімен марапатталган.
Макина Күлкен М
әлгаждарцызы
 (1923-1997).  Педагог.  Көп жылдар бойы 
Павлодардағы 
№3 интернат-пансионынын директорм болған.
Мақанов 
Заркен.
 
Баянауылда  астык  кабылдайтын  элеватордын директоры 
болған.
Малкелдіүлы Секірбай.
 
1811  жылы туган. 1833 жылдан Баянауыл сырқы ок- 
ругінде лауазымды кызметте болып, есаул, хорунжий, сотник шендерін алған.
Малшыбайүлы  Боржай  (Тілеуберген)
.
  Шамамен  1865-1931  жылдары  өмір 
сүрген. Қазақ еліне ылан салған қызылдардын зорлығына үшыраган. Бар кінөсі-би 
болғандығы.
Мамытбеков Қайырбек.
 
1921  жылы Баянауылда туған. Үлы Отан согысы- 
ның ардагері. Баянауыл, Лебяжі аудандарында ішкі  істер бөлімінде қызмет істе- 
ген. Милиция полковнигі.
Манаев Ерсүлтан.
 
Елімізге белгілі кәсіпкер.
Мананбаев Жеңіс 
Исаүлы.
 Павлодар облысындагы акпарат және қоғамдық 
келісім баскармасынын бастығы, журнапист, публицист.
Машанүлы Мүқан молла
 
(1854-1924). Қазақ ауыз өдебиеті үлгілерін жинап, 
хатқа түсіруші ақын, шәкірт оқытқан молла, оның ішінде Сүлтанмахмүтка да дәріс 
берген.
Машрапов Бектуар Қабыкенүлы.
 
1946 жылы туған.  1976 жылы Қарағанды 
медицина институтының неврология факультетін бітірген. Сондай-ақ, белгілі пуб- 
лицист, жазушы.
Машрапов Бота.
 
1952 жылы туған. Алматы театр және коркемонер инсти- 
тутын бітірген.  Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Чехов ескерткішінің, 
Павлодар мен Баянауылда ауған соғысына қатыскандарға қойылған ескерткіштің 
және Көпев мүражайының, Айдабол Сары батыр кесенелерінің авторы.
Машрапов Қүдайберген
 
(1907-1997). Семей педагогика институтының фило- 
логия факультетін бітірген. Соғысқа дейін Шарбақты ауданындағы «Жаңа ауыл» 
мектебінің ірге тасын қаласқан. Алғашкы директорларының бірі болған. Одан соң 
совет, партия қызметтерінде болған. 1947—1952 жылдары «Қызыл әскер» орта мек- 
тебін басқарған.  1954-1975 жылдары қайтадан Шарбақты ауданының «Жаңа жол» 
мектебінің директоры болады.  Көптеген медалдармен «Еңбек Қызыл Ту» ордені- 
мен марапатталған. КСРО және Қазак КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі.
Машрапов Майдан Қүдайбергенүлы
.
  1945 жылы туған. Павлодар индустри- 
алды институтының механика-технология факультетін бітірген. Қазір Павлодар
трактор заводы механикалық цехының бастығы.
Машрапов Нариман Қүдайбергенүлы.
 
1937 жылы туған. Семей педагогика
институтының математика факультетін бітірген. Математика ғылымдарының кан- 
дидаты, ПМУ-дің профессоры.

Маилрапов Н урлан.
  1956  жылы туган.  Павлодар индустриалды  институты- 
ның энергетика факультетін бітірген. Қазір орта ж әне кіші бизнесті қолдау Ассо-
циасының директоры.
Машрапов Хивас.
  1953 жылы туған Павлодар индустриалды институтынын
энергетика факультетін бітірген.  Қазір ПАУ-да басқарма бастыгы.
Машрапов Ш ота Қабыкещ лы.
  1939 жылы туған.  Қарағанды  М емлекеттік 
Университетінің физика-математика факультетін бітірген. Евней Б)тсетовтың бас- 
шылығымен химия-метаплургия институтында ғылыми қызметгер аткарған. Көпте- 
ген ғылыми монографиялардың авторы.
Машрапова  Алмагул  Қүдайбергенқызы.
  1948  жылы  туған  Қазақ  КСР-іне
еңбегі сіңген мұғалім.
Машрапова Ғайнел-Хаят Жүкенқызы
  (1917—2002).  Тарихшы  ұстаз.  Қазақ
КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі. 
^
Машрапова  Қарлыгаш
  (1936—2001).  Қарағанды  медицина  институтының 
терапия факулттетін бітірген. Баянауыл аудандық ауруханасында жүмыс істеген.
Бос уақытында шежіре жинаған.
Машрапова Роза Қүдайбергенқызы.
  1942 жылы туған. Павлодар қаласының
№ 4 емханасында терапевт-дәрігер болған.  Қазір қүрметті демалыста.
Машрапүлы  Қабыкен.
  1907  жылы  Баянауыл  ауданы,  А қбеттау  болысына 
қарасты №3  (12) ауылында туған.  Соғысқа қатысқан.  Қарқаралы педучилещ есін 
бітірген.  Соғыстан  кейін  облыстық  атқару  комитетінде  жауапты  қызметте  бол- 
ған. Павлодар педучилещ есінде дәріс берген.  Ш ежіреші.
Мәлгаж даров Мақсүт.
  С.Торайғыров  атындағы  совхозда партком  хатшы-
сы бол ған. Еңбек ардагері.
Мәукеүлы Сақау
 (1798-1875). XIX ғасырдағы қазақ ақындық өнерінің өкілі,
белгілі айтыс ақыны. 
ь 
;•- 

.. 
<
віір
Мейірманүлы Алысай.
  1850-1920 жылдары өмір сүрген. Д ілмәр, би болған. 
Молдатаев Еділ Әкішүлы.
  1926 жылы туған. Тіл блімі маманы, филология 
ғылымдарының  кандидаты,  доцент.  Үлы  Отан  соғысының  ардагері. 1955-1960 
жылдары Алматы ш еттілдер институтының неміс тілі факультетінде оқиды. Кейін 
осы өзі бітірген институтта оқытушы, кафедра меңгеруш ісі, декан болып қызмет
атқарады . 
•••  -  1
Молшин Қапар.
 Сары батыр бабамызға ескерткіш  орнатуға мүрындық бол-
ған ауыл басшыларының бірі.
Молшин  Марат  Жаңабайүлы.
  1946  жылы  Баянауылда  туған  1969  жылы 
Целиноград ауылш аруаш ылық институтын,  1979 жылы Алматы Ж оғары партия 
мектебін бітірген. Қазір Павлодар облысы жер ресурстарын бақылау ж әне корғау 
департаментінің бастығы.
Мусин Серік Мазанүлы.
 Баянауыл ауданының орталығындағы Қ.И.  Сәтпаев 
атындағы мүражайдың директоры. 
^
Мүңаев  Толеген.
  Баянауыл  аудандық газетінде,  Қазақ  Энциклопедиясында 
қызмет істеген белгілі ақын, аудармашы.

351
Муқанов Сабыр.
 
«Үзынбұлақ» селолық округінің әкімі.
Муқатов Жақсыбай Нүргалиулы
 
(1951-1999).  Баянауыл ауданы, «Егінді- 
бұлақ» ауылында туып өскен. Еңбек жолының ширек ғасырын озат механизатор- 
лыққа арнаған.  Сондай-ақ, облыс көлеміне белгілі ауылшаруашылығы қызмет- 
кері,  шопан  болған.  Облыстық «Қызыл Ту»  газетінде еңбек жолы жайлы  біраз 
мәл і меттер жарық көрген.
Мүқашев  Серік.
 
С.Торайғыров  атындағы  қазақ  орта  мектебінде  тарих 
пәнінің мұғалімі, мектеп директоры болып қызмет істеген.
Әкелі-балалы 
Мурат, Асыгат, Жомарт Мүсабаевтар.
 
Белгілі шахтерлер.
Мүсабеков Қабиден Әкімбекүлы.
 
1924 жылы Баянауылда туған. Қазақ КСР- 
інің ауылшаруашылығына еңбегі ісіңген қызметкер. Үлы Отан соғысының арда- 
гері.  1942 Тамбов әскери-жаяу әскер училещесін бітірген.  1953 жылы Бүкілодақ- 
тық  Тамақ  өнеркәсәбә  институтын,  1976  жылы  ауылшаруашылығын  басқару- 
дың жоғары мектебін бітірген. Ақтоғай, Ертіс аудандарында, Павлодар қаласын- 
да басшылық қызметерде болған.
Мүхамеджанов Тәшім Асанүлы.
 
1923 жылы Торайғыр би ауылында туған. 
Үлы Отан соғысының ардагері. Педагог, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мүғалім.
Мүлкібаев Бейсенбек Боранбайүлы
 
(1942-1984).  Алматының зоотехника- 
лық -  малдәрігерлік  институтын  бітірген  соң өмірінің соңына дейін  Баянауыл 
ауданының 40 жылдық совхозында,  Павлодар ауданының Ямышев совхозында 
бас мал дәрігер болып жүмыс істеген. Жүбайы Байжанова Әсия Қалиқызы.
Мүлкібаев Боранбай.
 
Үлы Отан соғысы жылдарында Павлодар ауданында 
одан кейін селолық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарған.
Мүлкібаева  Нүркеш  Боранбайқызы
 
(1929-2002).  Қазақ  КСР-іне  еңбек 
сіңірген кітапханашы. 30 жылдан астам «Заря» совхозының «Карл Маркс» ауылын- 
да кітапханашы болып жемісті қызмет атқарған.
Мырзақүлүлы Сәти.
 
XVIII ғасырда өмір сүрген ру басы. Шорманның әкесі.
Нухүлы  Алтынбек.
 
Химия  ғылымдарының докторы,  профессор.  «Валют- 
транзит банкінің» Қарағанды экономика және қаржы жеке меншік институтының
ректоры.
Нүргожин Жасқайрат.
 
С.Торайғыров атындағы  селолық округ әкімінің 
хатшысы.
Нүргожин Масгүт.
 
С.Торайғыров атындағы совхозда жүмысшылар коми-
тетінің төрағасы болған.
Нүргожина Мәркен.
 
Үзак жылдар С.Торайғыров атындағы  орта мектепте
биология пәнәнің мүғалімі болып қызмет атқарған.
Нүржанов  Самат  Әбішүлы
 
(1898-1945) Баянауылда туған. Ақын, әдеби- 
етші. Алғашқы өлеңдері «Айқап» журналында жариланған. Түңғыш «Еңбек» деп 
атаратын жыр жинағы  1933 жылы жарық көрген.  «Социалды Қазақстан» газеті 
мен «Әдебиет майданы» журналында қызмет істеген.
Нүрмүхамедов Нагымбек Жамаләдинүлы.
 
1924 жылы туған. Кескіндемеші.

Қазақ КСР-інің халык суретшісі. Өнертану ғылымының кандндаты. «Еңбек даңқы 
ерлер» тогггамасы үшін 1978 жылы оған Қазақ КСР Мемлекетгік сыйлығы берілген.
Нүрпейісов 
Серік Ж умагулулы.
 
1953 жылы «Жосалы» ауылында туған. Се- 
мейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын экономист мамандығы оойын-
ша бітірген. Қазір «Бірлік» селолық округінің әкімі.
Нурымов 
Қиниш
 (1927-2003).  Мүғалім. Семей  педагогикалық институты-
нын тарих факультетін бітірген. «Бөгембай батыр» ауылында 25 жыл мектеп ди- 
ректоры болған. Қазақ КСР Халыққа Білім беру ісінің үздігі.
Нурымов Сутжан Қинашулы.
 
1971  жылы Павлодар педагогикалық инсти- 
тутын,  1986 жылы  Семей  педагогикалық институтын  бітірген.  Мамандығы  та- 
рихшы.  Қазір Павлодар қаласындағы  Ыбырай  Алтынсарин атындағы №3  қазақ 
гимназия интернатында директордың оку ісі жөніндегі орынбасары. ҚР Халыққа
Білім беру ісіиің үздігі.
Омаров Аманкелді.
 
1938 жылы туған. Педагог, ақын.
Омаров Зекен
.
 Баянауылда, Жосалыда, Александровкада мектеп директо-
ры болған.
Омаров Кендірбай.
 
Соғыс  және  Еңбек  ардагері.  Ауылдың сыйлы  азаматы 
болған. Кен орындарында шахтада жүмыс істеген.
Омарова Роза Әміржанқызы.
 
1953 жылы Баянауыл ауданының «Майқайың» 
кенішінде туған.  Химия  ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атын- 
дағы Қазак Ұлттық Университетінің кафедра меңгерушісі.
Оңаев Ибраһим Әбілгазыулы.
 
1913 жылы Баянауыл қаласында туған. Тех- 
ника ғылымдарынын докторы, профессор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым 
қайраткері.  1941  жылы Қазақтау-кең металлургия институтын бітірген. 
Опабеков Нагман.
 
Ағаштан түйін түйген шебер. Балташы.
Опабеков Сайлау Нагманулы
. «Ақсан» селолық округінің әкімі.
Опабеков  Турагасын.
 
Ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосқан ме-
ханизатор. 
'
Оразгулов  Титан
 
(1908-2001).  Баянауыл  ауданы,  «Егіндібүлақ»  ауылында 
(бүрынғы Сталин колхозы) туған. 15 жасынан енбекке араласып, 1939 жылы колхозға 
мүше больш кірген. Алғашкы енбек жолын колхозшы-малшы, бригадир, жылкышы 
болып бастаған Титан Оразғүлов  1972 жылы зейнеткерлікке шыққан. Осы уақыт 
аралығындаол екі мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, ВДНХ-нің алтын, күміс, 
қола медальдарымен марапатталған. Қазак ССР-інің ауылшаруашылығына еңбегі 
сінген қызметкері, есімі Қазақ ССР-інің қүрметті Алтын кітабына жазылган.
Оралбаева Нуржамал.
 
1928 жылы туған. Филология ғылымдарының док го- 
ры, профессор.  Қазақ КСР-інің ғылымына еңбек сіңірген  қайраткер.  1990-1991 
жылдары ҚазПИ-дің проректоры болған.
Оспанов Хабиболла Қусайынулы.
 
1932 жылы туған. Химия ғылымдарының 
докторы,  профессор.  Қазакстанның енбек  сінірген  өнертапқышы.  Ұзақ жылдар 
өл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттык Уииверситетінде кафедра меңгерушісі болып 
кызмет істейді.

353
Оспанова Бариқа.
 
Баянауыл аудандық партия комитетінде әйелдер бөлімін 
басқарған. 3-ші хатшы болған.
Отаев Жанат.
 
1951  жылытуған. Әнші, актер.
Отарбаев Аллажар
.
 (1913-1948). Милиция аға лейтенанты. Баянауыл ауда- 
нының №1  ауылының тумасы.  Семізбүғы  кенішінде,  1932-1934 жылдары  «Екі- 
бастүз»  совхозында өрт сөндіру бөлімінің бастығы  болған.  Үлы  Отан соғысына 
қатысқан.
Өскенбаев Базыкен
 
(1847-1938).  Баянауылда туған.  1899  жылы  Омбының 
Орталық фельдшерлік мектебін бітірген.  1900-1909 жылдары Екібастүз кенішін- 
де  фельдшер  болады.  1926-1929  жылдары  Павлодар  дәріханасының  бастығы. 
Кейін уездік денсаулық сақтау бөлімінің бастығы.
Рахимов Қайролла Дүйсенбайулы.
 
1948 жылы Баянауылда туған. Медицина 
ғылымдарының докторы, профессор. Жаңа дәрілерді сынақтан өткізу орталығы- 
ның директоры.  1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Рахматуллина Рахима.
 
1924  жылы  Баянауыл  ауданының  «Киров»  колхо- 
зында туған.  Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мүғалімі.  Үлы Отан  соғысы жылда- 
рында  Баянауыл  ауданы  комсомол  комитетінің  нүсқаушысы  болған.  Соғыстан 
кейінгі жылдары Қашыр, Ертіс аудандарының орта мектептерінде үстаздың қыз-
мет атқарған.
Рахметов Болат Дуйсембайулы
. «Баянауыл» селолық округінің әкімі. 
Рахметов Мурат Дуйсембайулы.
 
Баянауылдағы гуманитарлық-экономика-
лық колледждің директоры.
Рахымжанов Жапар.
 
Ауыл  шаруашылығының  өркендеуіне  мол  үлес  қос-
қан, елге сыйлы азамат.
Рахымжанов Хисмет Абдуахитулы.
 
1925 жылы Баянауыл ауданының № 14 
ауылында (Бірлік) туған. Аға заңгер.  1946 жылы Алматы мемлекеттік заң инсти- 
тутына түскен. Оны бітірген соң  1950 жылы Павлодар облысына қызметке жібе- 
рілген. Ақсу, Май, Лебяжі аудандарының прокуроры болған. Ал,  1977-1990 жыл- 
дары облыс әкімшілігінің аппаратында жүмыс істеген.
Сабданбеков Әбләш Сабданбекулы.
 
1932 жылы Баянауыл ауданындағы Сар- 
тау деген жерде дүниеге келген. Соғыс және еңбек ардагері.  13 жасында тылдағы 
еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Көптеген жылдар мал
дәрігері болып қызмет атқарған.
Сагынаев Сатыбалды.
 
1924 жылы Баянауылда туған. Үлы Отан соғысының
ардагері. Бір үйден ағайынды төрт жігіт -  Елубай, Кәрімжан, Бақи Отан қорғауға
қатысқан.  Сатыбалдының өзі  1951  жылы  КазГУ-дің тарих факультетін бітірген.
Содан 20 жыл  қатарынан  Павлодар  облыстық кәсіподақтар  комитетінің төраға-
сы болып қызмет атқарған.  Қазір қүрметті демалыста.
Сагынов Әілқас.
 
1915  жылы туған.  Днетропетровск кен  институтын  бітірген. 
1940-1951  жылдары  Қарағанды  көмір  шахтапары  мен трестерінде  басшылық қыз- 
метте болған. Техника ғылымдарының докторы, профессор. ҚР ҮҒА-ның академигі. 
Сагыпов Зәркеіи Бекімулы.
 
1933 жылы туған. Ғалым, физик. Техника ғылым-

дарының докторы, профессор. Көп жылдар бойы қазақ энергетика ғылыми зерт-
теу институтында қызмет атқарған. 
Щ
Садыгүлов Сейсепбек.
 
1907 жылы туған. Аудандағы алғашкы комсомол же-
текшілерінің бірі болған. Баянауыл аудандық түтынушылар одағының бастығы, 
кейіннен Шалдай аудандықтүтынушылар одағының бастығы қызметін атқарған.
Садықов Файзолла.
 
Ауыл шаруашылығының өркендеуіне мол үлес қосқан
агроном. 
<  '• 
т;:л;
Садықова Кәмила Жүматайқызы.
 
1945 жыл ы туған. Әкесі Жүматай Мақал-
үлы, шешесі Рәбиға Қабдоллақызы Баянауылдың^Жақып балуан» ауылыныңту- 
малары. Кәмиле Жүматайқызы 1964 жылы Павлодар педагогикалық училещесін, 
1973 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген.  1976 жылдан Павлодар педа- 
гогикалық институтында аға оқытушы,  бүгінде  С.Торайғыров  атындағы ПМУ- 
діңдоценті.
Сапабеков Садық Сапабекүлы.
 
Ұлы Отан соғысының ардагері. Ақын.
Сапариянов  Сырым Қалиоллаүлы.
 
1968 жылы туған. Мамандығы бухгал- 
тер-экономист. 
^
Сартаев Орал.
 
Белгілі кәсіпкер.
Сары батыр.
 
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бас кезінде 
өмір сүрген рубасы, батыр.
Сәлкен Ермек Өміртайүлы.
 
1970 жылы туған. Қазақ мемлекетгік ауылшар- 
уашылығы институтын бітірген. Қазір қозғалмайтын мүліктерді тіркеу басқарма- 
сында (БТИ) бас маман. 
В
Сәрсенбаев  Сүлтан
 
(1927-2003).  Қазақ ССР  Мелиорация  және су  шаруа- 
шыльіғының министрі болған. 

11
Сөтбаева Қанипа Қанышқызы.
 
1921  жылытуған. Физиолог-ғалым. Меди- 
цина ғылымдарының докторы, профессор.  1943 жылы қазақ медицина институ- 
тын бітірген.  1981  жылға дейін сол институтта әртүрлі қызметтер атқарган.
Сәтбаева Райхан Әбікейқызы
 
(1912-1984). Баянауыл ауданының «Айрық» 
ауылындатуған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Ұлы Отан соғы- 
сының ардагері.  1935 жылы Ташкентте Орта Азия мемлекеттік медицина инсти- 
тутын бітірген. Қазақ медицина институтында үзақ жылдар қызмет атқарған.
Сейсембеков  Балтабай  Бекжанүлы.
 
(1928-1998).  Баянауыл  ауданының 
«Қызыләскер» колхозындатуған. Қазақ ССР-інің мәдениетіне еңбек сіңірген қыз- 
меткер. КазГУ-ді, Жоғары партия мектебін бітірген. Баянауыл аудандық, Павло- 
дар облыстың газеттерінің редакторы болған.  1988-1993 жылдары Г.Н.  Потанин 
атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарған.
Сейт енмен Тайжан.
 
Кенесары бастаған үлт-азаттық көтерілістің батырла- 
ры. Баянауылдың әйгілі байы Ақмырзаүлы Азынабайдың балалары. Әскери сот 
1839 жылдың 8 желтоқсанында Сейтенді Сібір каторгасына жер аудару жөнінде 
үкім шығарады. Ал, Тайжан болса 1839 жылы үсталып, Ақмолада атылады. Бала- 
шағасы Сібірге жер аударылады.
Сейфуллин Мубәрак.
 
«Күркелі» селолық округінің әкімі.
Сейітов  Асылбек Ж ум ащ лы
 
(1894-1938).  Қазақтың  алғашқы  дипломды

355
дәрігері. Томбы медицина Университетін бітірген.  1919-1922 жылдары Баянау- 
ылда дәрігер болған.  1922 жылдан Семейдің облыстық денсаулық сақтау бөлімін 
басқарған.
Сейітов Қаттал.
 Шахтер болған, елдің құрметті ақсақалы аталған.
Сейітов Лоскер.
 Белгілі диктор. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі. 
Сексен батыр.
 XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында өмір сүрген. 
Жоңғар қалмақтарымен соғыста ерлікпен көзге түскен батырлардың бірі.
Сембаев Ербол Қабыкешулы.
 (1971-1994). Жол полициясының инспекторы 
болған. Ерлікпен қаза тапқан.
Серікбаев Рахымтай.
  «Қүрмет  белгісі»  орденінің  иегері.  Ауылшаруашы- 
лығының үздік қызметкері.
Серікбаев Рахымтай.
 Математика пәнінің мүғалімі. Белгілі үстаз. 
Серікбаева Нагима Рахымтайқызы.
 С.Торайғыров атындағы мүражайдың 
директоры.
Сиранов Қабыш
 (1914-1978).  Киносценарист.  Кино тарихшысы, өнертану 
ғылымдарының  кандидаты.  1942  жылы  ВГИК-тің  киносценарий  факультетін 
бітірген.  1961-1976  жылдары  ҚР ҰҒА-ның М.Әуезов  атындағы  әдебиент және 
өнер  институтында  театр  және  кино  бөлімінің  аға  ғылыми  қызметкері  болып
жүмыс істеген.
Смагулов Қайыр.
  1938 жылы туған. Павлодар алюминий заводының іргета-
сын қаласқан алғашқы қазақ инженерлерінің бірі.
Смагулов Қапар Бегімулы.
 Торайғыр  совхозының алғашқы директоры. 
Смагулова Әлпеіи.
 Еңбек ардагері. Көп балала ана.
Смайылов Қабжан.
  1952 жылы «Бірлік» совхозында туған. Ауыл шаруашы-
лығының өркендеуіне үлес қосқан механизатор.
Солтанбаев Жумаш.
  Қазақ ССР-іне  еңбек  сіңірген  мүғалім.  Көп  жылдар
мектеп директоры болған. Математик.
Солтанбаев Зекебай.
 1931 жылы Баянауыл ауданының №2 ауылы «Басшілік»
атамекенінде туған.  Қазақ тілі  мен  әдебиет пәнінің маманы.  СССР және Қазақ
ССР оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері. Ы.Алтынсарин медалінің иегері. Ақын.
Сороченко Владимир Михайлович.
  1956  жылы  туған.  1990  жылы  Семей
малдәгерлік институтын, 2001 жылы Павлодар университетін бітірген. Қазір об-
лыстық әкімшілік аппаратында үйымдастыру-тексеру бөлімінің инспекторы бо-
лып жүмыс істейді.
Субекова Бақытбала Куанышқызы.
  1928  жылы  Баянауылда туған.  Қазақ
ССР-іне еңбек сіңірген мүғалім. Қазақстан жастарының 1-ші фествалінің лауреа-
ты. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. Екібастүз, Баянауыл, Май аудандарының
мектептерінде  үстаздық  қызмет  атқарған.  1978-1997  жылдары  Ы.Алтынсарин
атындағы №3 қазақ мектеп-гимназиясында мүғалім болған.
Субханбердин Нурлан Сәлкенулы.
 «Казкомерцбанкінің» төрағасы. 
Султанәлин Жуніс.
 Қазақ ССР ауыл шаруашылығының үздік қызметкері. 
Султанәлин Суңгат.
 Қазақ ССР Ішкі істер Министрлігінің үздік қызметкері. 
Султанәлин Нагым.
 Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген қүрметті орман шаруашы-

лығы  қызметкері.  Баянауыл  орман  шаруашылығында жарты  ғасырға  жуық ор- 
маншы болып жүмыс істеген ел мен жерге еңбегі сіңген азамат.
Суханбердин  Сәлкен Хасенулы.
 
Фармацептика саласының маманы.  Меди- 
цина ғылымдарының кандидаты, жазушы болған.
Сулейменулы  Бисембек
 
(1908-2000).  Баянауыл  ауданының  «Жаяу  Мүса» 
ауылында туған. Өлкетанушы, тарихшы, бата шығарушы. ¥лы Отан соғысының 
ардагері. Соғыстан соқ Александровка кенішінде, Павлодартүз кәсіпорнында, Алю- 
миний заводында жүмыс істеген. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған. Арғын рула- 
рының шежіресін қүрған. Бірқататар әдеби және прозалық еңбектердің авторы.
Сүтжанов Магауия  Бикенүлы.
 
1921  жылы Баянауылда туған.  1939 жылы 
Алматы медицина институтына түскен. ¥лы Отан соғысының ардагері. 30 жыл- 
дан астам өскери дала госпиталында басты хирург болып жүмыс  істейді, Қазақ 
ССР-інің еңбек сіңірген дөрігері. Әскери шені-полковник.
Сутжанов Назымбек.
 
1907 жылы Баянауыл ауданының №14 ауылында ту- 
ған.  Республикаға еңбегі сіңген заң қызметкері.  1936-1940 жылдары Алматы заң 
институтында окыған.  1940-1980 жылдары  Павлодар облысында адвокат болып 
жүмыс істеген.
Сыздықов Амангазы Аушахманүлы.
 
1954 жылы туған.  1986 жылы Целино- 
град инженерлік-қүрылыс институтын,  1994 жылы Е.А. Букетов атындағы Қара- 
ғанда мемлекеттік университетін бітірген. Қазір Павлодар заң колледжінің бас-
тығы болып жүмыс істейді.
Сыздықов Балтабай Сәкенүлы.
 
Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.
Сыздыкрв Зейнолла.
 
СССР спорт шебері. Балуан.
Сыздықов Қайрат.
 
Қарт мүғапім. Қазақ тілі мен әдебиетінің маманы.
Сыздықов Қайыртас Қайратүлы.
 
С.Торайғыров атындағы орта мектептің 
директоры. 
.
Сыздықов Мәлік Кулдібайулы.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік уни- 
верситетінің география факультетін бітірген. С.Торайғыров атындағы орта мек- 
тептің мүғал імі.
Тастен Әділханулы Дыбысбек.
 
1925 жылы Баянауыл ауданының «Үиггөбе» 
ауылында туған. Үлы Отан соғысының ардагері. Әскери шені полковник. Көптеген 
жылдар мемлекеттік Үлттық Қауіпсіздік комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
ТаукеноваЛөзат Жүмашқызы.
 
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің аға оқыту- 
шысы. Математик.
Әкелі-балалы 
Жумаш, Халел, Ныгмет, Асқар Таукеновтар.
 
Белгілі шахтёрлер.
Тәуенов Бақыт.
 
Шарбақты ауданында қызмет істейді.  Аудандық банкінің 
бастығы.
Төуенова Роза.
 
Үстаз. ¥зақ жылдар мектепте мүғалім болған. Қазір қүрметті 
демалыста.
Тогандықов Жабай
 
(1889-1978).  Баянауылда туған.  Әнші.  Қазақ ССР-інің 
халық артисі. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды облыстық радиоко- 
митетінің әншісі болған.  100-ден астам халық әндерін орындаған.

Тогымбетов Өміртай Сәлкенүлы.
  1941 жылы туған. Павлодар теміржолында 
одан соң көптеген жылдар «Октябрь» заводында жұмыс істеген. Еңбек ардагері.
Тогымбетов Сәлкен.
 (1898-1955) Баянауыл совхозындатуған. (Әйелі Ақым 
Болысбекқызы). Ашаршылық жылдары Павлодар қаласына көшіп келген. Соғыс 
және Еңбек ардагері.
Тогымбетова Айгул  Өміртайқызы.
  1972  жылы  туған.  Қазақ  мемлекеттік 
заң Академиясын  бітірген.  Алдымен  әлеуметтік  қорғау  министрлігінде  бас  ма- 
ман, қазір Павлодар қалалық сотында судья болып қызмет атқарады.
Тогымбетова Тиышты Сәлкенқызы.
  1945 жылы туған. ҚазМУ-дің заң фа- 
культетін  бітірген.  Павлодар  қалалық,  облыстық сотында қызмет  істеген.  Қазір 
ҚР Жоғарғы сотының судьясы. «Құрмет» орденінің иегері.
Тогымбетова Ырымтай  Сәлкенқызы.
 1936  жылы туған.  Қарағанды  меди- 
цина институтын бітірген. Терапевт-дәрігер.  Қазір құрметті демалыста.
Торайгыров  Мурат  Шаймарданулы.
  1945  жылы  туған.  1969  жылы  С.М. 
Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  география  факультетін 
бітірген. Көптеген жылдар Павлодар облысында ағарту саласында қызмет атқар- 
ған.  Павлодар құрылыс-монтаж техникумында оқытушы,  облыстық мұғалімдер 
білімін жетілдіру институтының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.  Ал,  1985 
жылдан  П авлодар  ауданы  әкім ш ілігі  аппараты ны ң  ұйы мдасты ру-бақы лау
бөлімінің меңгерушісі.
Торайгыров Шаймардан
 (1898-1971). Педагог, ойы ұшқыр қаламгер.  1927-
1932 жылдарда Орта Азия Университетінің педагогика факультетін бітірген. Орта 
мектептерде, педагогикалық училищелерде ұстаздық етумен бірге «Олжабай ба- 
тыр»,  «Баян»  атты  дастандар  жазған  қарымды  қаламгер.  1928  жылдан  бастап 
облыстық, республикалық баспасөзде белсенді тілші ретінде көрінген.
Торгаев  Марат.
  Зоотехник-селекционер.  С.Торайғыров  атындағы  және 
«Қарасуық»  совхоздарында малдәрігері  болып  қызмет атқарған.
Торгаев  Смагул.
  Баянауыл  ауданында  ұзақ  жылдар  түрлі  партия  қызмет-
терін атқарған елге сыйлы адам.
Толегенов Мубәрак Жанбосынулы
  (1921-2002).  Баянауыл  ауданының  №3
ауылында туған. Семейдің педагогикалық институтың тарих мамандығы бойын- 
ша бітірген.  1949-1953  жылдары Лебяжі орта мектебінің директоры,  1957-1981 
жылдары Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 мектептің директоры бол- 
ған. Еңбек ардагері, Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі.
Толегенов Нуркен.
  1932 жылы  Баянауыл ауданың «Ленин»  колхозында ту- 
ған.  1955  жылы  Алматы  мемлекеттік  ауылшаруашылығы  институтын  бітірген. 
1960-1975  жылдары  Лебяжі  совхозының директоры,  1975-1982  жылдары  Пав- 
лодар  аудандық  ауылшаруашылығы  өнімдерін  сатып  алу  ж әне  сапалылығы 
жөніндегі  мемлекеттік  инспекторы  болған.  «Еңбек  Қызыл  Ту»  және  «Қүрмет
белгісі»  ордендерінің иесі.
Толеубеков Капен.
  1936  жылы  Баянауыл  ауданының  «Ленин»  колхозында
туған.  Қазақ  мемлекеттік  ауылшаруашылығы  институтын  аграном  мамандығы

бойынша бітірген. «Александровка», «Жаңажол», «XXI партсъезд» совхоздарында 
бас аграном, директор қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары «Жосалы» совхо-
зының директоры болған.
Төремуратов Жумай Ш алабайулы.
 
Тарихшы, мұғалім.
Туманбаев Өтеубай.
 
Ұлы Отан соғысының ардагері. 85 жастағы ауыл ақса-
қалы. Ұзақ жылдар шопан болып жүмыс істеген.
Тумарбеков Ахмет
 
(1923-2002). Баянауылда туған, Милиция генерал-майо- 
ры, СССР ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері. Ұлы Отан соғысы- 
ның ардагері.  1944 жылы Ленинград әскери-саясиучилищесін,  1954 жылы Қаз-
ПИ-ді бітірген.
Тумарбеков Мурат Ахметулы.
 
Милиция генералы.  Павлодар облысының
ішкі істер басқармасының бастығы.
Тургулықов Байкен.
 
Аудандық азық-түлік дайындау кеңесінің бастығы бол-
ған.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  майданға техника дайындау  үшін  100  мың теңге 
бөлген.
Турсынбайдың Боштайы.
 
1805-1842 жылдары өмір сүрген. Айдабол руы-
ның старшыны болған.
Тусіпбаева Меруерт.
 
Ж.Шанин атындағы ауылда туып өскен. Қазақтың та-
лантты әнші қызы.
Тусінбеков  Сапар.
 
1936  жылы  туған.  Медицина  ғылымдарының докторы, 
профессор.  1960 жылы Қарағанды медицина институтын бітірген. Көптеген жыл- 
дар Қазақ КСР ҒА-ның еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында қыз-
мет атқарған. 

Тілеубаев Қайыр.
 
Ауылшаруашылығын өркендетуге мол үлес қосқан атақты
механизатор. 
-
Тілеубаев Төлеген.
 
«Жаңажол» селолық округігінің әкімі.
Усманов Файзолла.
 
Ауданда милиция бастығы, аудандық партия комитетінің 
бөлім меңгерушісі болып үзақ жылдар жемісті қызмет атқарған.
Усманова Галина.
 
Аудан  ауруханасында дәрігер.  Денсаулық сақтау сала- 
сында көп жылдар жүмыс істеген.
Үкібай  би.
 
XVII  ғасырда  Баянауылдың  «Қарашоқы»  деген  жерінде  өмір
сүрген, ел билеген көріпкел би.
Үсенов Әзімхан.
 
«Жаңажолда» 1938 жылдан  1954 жылға дейін колхоз пред- 
седателі болып жүмыс істеген, елге абыройлы жан.
Шагалин Молша.
 
Алғашқы бесжылдықтың ардагері. Колхоз басшысы.  1937 
жылы Москвада өткен колхозшылар съезіне қатысып «Еңбек Қызыл Ту» ордені- 
мен марапатталған.
Ш аймарданов Тәжібай Рахметоллаулы.
 
1928 жылы «Сарқияқ» ауылында 
туған. ҚазПИ-дің тарих факультетін  1950 жылы бітірген.  1988 жылы «Мектепті 
басқару мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
Шаймарданов  Сәкен.
 
1925  жылы  Баянауылда туған.  Ұлы Отан  соғысының 
және Еңбек ардагері. Майдандағы ерліктері үшін «Жауынгерлік Қызьш Ту», «Қызыл

Жүлдыз», «Отан соғысының 1 және 2 дәрежелі» ордендерімен марапатталған. С.М. 
Киров атындағы Қазақ мемлекетгік университетінің журналистика факультетін және 
Алматыда Қазақ мемлекеттік баспасында, Көкшетауда облыстық «Степной маяк» 
газетінде  қызмет  атқарды.  1972  жылдан  1985  жылға дейін  Павлодар  аудандық 
«Нива» ғазетінің редакторы болды. Қазір қүрметті демалыста.
Шаймерденов Әнуар Қармысүлы.
 
1914 жылы Баянауыл ауданының «Қызыл- 
тау» ауылында туған. Актер, режиссер. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірғен артист.
Шаймерденов Несіпбек Рахметоллаүлы
.
  1935 жылы Баянауыл ауданының 
«Сарықияқ» ауылында туған. Г еолоғия-минерология ғылымдарының кандидаты. 
1958 жыл Қазақ тау-кен  институтын бітірген.  1959-1966 жылдары  Павлодарда 
жаңадан  қүрылған  гидрогеологиялық экспедицияның бас гидрологы,  одан  соң 
Целиноград, Семей, Солтүстік Қазақстанның гидрологиялық трестінде бас инже- 
нер болып жүмыс істейді.
Шайхин Болган.
 
78 жастағы ел ақсақалы. Ұзақ жылдар бойы Баянауыл аудан- 
дық қаржы бөлімінің бастығы, одан кейін аудандық атқару комитетінің, селолық
басқармасының төрағасы болған.
Шакимова Бакеш.
 
1928 жылы Баянауыл ауданының №12 ауылында туған. 
Ревмотолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСР Жоғары 
мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. 1951 жылы Алматы Мемлекеттік медицина
институтының аспирантурасын бітірген.
Шалбаев Шәкірат.
 
Аудан, облыс көлеміне белгілі журналист, публицист. Ұзақ
жылдар Баянауыл аудандық «Жеңіс» қазіргі «Баянтау» газетінің редакторы.
Ш аншіАқыш  Түргынбайүлы
 
(1893-1986). Баянауыл ауданының «Желтау» 
ауылында туған. Актер. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген артист.
Шанин  Атыгай  Қүрманбайүлы
 
(1905-1986).  Баянауыл  ауданының  №5 
ауылында туған. Актер, режиссер, драматург. Қазақ КСР-інің мәдениетіне еңбек
сіңірген қызметкер.
Шанин Қасымхан.
 
Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген артист, өнер қайраткері. 
Шарипов Әди
 
(1914-1989). Баянауыл ауданының № 14 ауылында туған. Қазақ 
КСР-інің Еңбек сіңірген шахтері. Ұлы Отан соғысының ардагері.
Шарипов Марат.
 
1942 жылы  Баянауыл ауданының «Ақши» ауылында ту- 
ған. Химия ғылымдарының докторы, профессор.  1969 жылы С.М.  Киров атын-
дағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Ш әйкентегі Ғизат
 
(1912—1987). Еңбек және соғыс ардагері. 40 жыл үстаз-
дық қызмет атқарған абыройлы жан.
Шәкенов Болат.
 
Екібастүз қалалық полициясында қызмет істейді. Мили-
ция подполковнигі.
Шәкенов Шаймардан Болатүлы.
 
Павлодар қалалың полиция бастығының
орынбасары, подполковник.
Шәкімов Бокіш.
 
1928 жылы №12 ауылда туған. Медицина ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.

1951  жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын,  1954 жылы Ленинград мем- 
лекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген.
Ш әкіров Қорабай.
 Баянауыл ауданының әкімі.
Ш әріпов Жаңабай  Оразкенулы.
  Экономист  С.Торайғыров  атындағы  село- 
лы қ округтің статисі.
Шәріпов Жүмажан Корімжанүлы.
 Зооотехник. Екібастұз қаласындағы «Се- 
верный» разрезінде жүргізуші.
Шорманүлы Иса
 (1826-1902). Аса ірі бай, бірнеше мыңдаған жылқы біткен. 
Жылқы түқымын асылдандыру мақсатымен асыл-түқымды жылқыларды шетел- 
дерден  сатып  алып  отырған.  31.12.1901  жылы  қажыға бару үшін төлқүж ат (пас- 
порт №  6852) алып, М еккеге барған сапарда ққайтыс болған.
Ш ортанүлы Сабалақ.
  Ш амамен  1820-1880 жылдары өмір сүрген. Өткелсіз 
жерден  жол табатын  амалы  мол  адам  болған.  Осы  қасиетімен  Кенесарыға  бара 
жатқан сапарында Мүса мырзаның жанында серік болыпты.
Ш океев Рымтай.
 Баянауыл, Ертіс аудандарыны әкімі болып абыройлы қыз- 
мет  атқарған.  Қазір  облыстық  әлеуметтік  қамсыздандыру  басқармасының  бас- 
тығы.
Шокин Ризаүлы Әлихан.
  1925 жыл туған. Гигиена, медицина тарихын зерт- 
теуш і, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Ш үлембаев Қатыршат Ш апагатүлы.
  1937  жылы  Баянауылда туған.  Фи- 
лософия ғылымдарының докторы, профессор.  1959 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Кейін 
осы  оқу орнында үзақ жылдар қы змет атқарған.
Шүлембаев Мүкәрам  Тиыштықбайүлы.
  М амандығы  агроном.  1957-1991 
жылдар аралығында аудандық «Казсельхозтехника»  бірлестігін басқарған.
Щербинин  Владимир.
  1969  жылы  С.Торайғыров  атындағы  орта  мектепті 
күміс медальға бітірген. М амандығы инженер.  Павлодар, Қалқаман қалаларының 
қүрылыс  объектілерінде түрлі  қызметтер  атқарған.
Щербинин Николай.
 Заң қызметкері. Павлодар облысы прокурорының орын- 
басары болған.
Ыбыраев Оразалы.
 Кезінде «Саржал», «Қаратас» колхоздарының председа- 
телі болған. Ауылш аруаш ылығының өркендеуіне мол үлес қосқан азамат.
Ыбыраев Рахмаш.
  1933 жылы «Ж осалы» ауылында туған.  1980 жылы Мос- 
кваның  Ж оғары  партия  мектебін  бітірген.  Ү зақ  жылдар  аудан  шаруашылықта- 
ры н  («Ж осалы »,  «Ж айм ада»,  «Т орай ғы рда»)  ірілен д ір ілген   бригадалары н, 
бөлімшелерді басқарған. Кейін ауылдық советтің төрағасы, парторг қызметтерін 
атқарған. 
'
Ыбыраев Сүлтан Рахымжанүлы.
  1927  жылы  «Сарықамыс»  ауылында ту- 
ған.  1950 жылы Қазақ мемлекеттік унмверситетін бітірген. Павлодар педагогика- 
лы қ училещ есінде,  Қарағанды  мемлекеттік  университетінде  оқытуш ылық  қыз- 
мет атқараған. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ыбыраева Үміт Бекқызы.
 Алғашқы бесжылдықтар түсында «М ойынсерік»,

«Жаңаталап», «Қызыләскер» колхоздарын басқарған. Әйелдердің арасынан суы- 
рылып шыққан ел басшысы болған.
Ырысбек Шайхы
 
(1876-1954). Баянауыл ауданының «Қызылтау» ауылын- 
да туған. Халық емшісі, тәуіп, бақсы. Руы: Арғын-Сүйіндік-Орманшы-Қайдауыл- 
Тоққүлы-Шотана-Ақсері.  40  жасында  оған  емшілік  қасиет  қонады.  Тамыршы 
болады. Ол жүйке ауруымен ауыратындарды емдеген. Екі қүлағы да естімейтін 
емші, адамдармен таспих арқылы сөйлескен.
Ысқақов Бәкіш.
 
Ағаштан түйін түйген шебер. Балташы болған.
Ысқақов Жанас.
 
1949 жылы «Қызылшілік» ауылында туған. М.Әуезов атын- 
дағы театрдың жанындағы театр студиясын бітірген. Театр және кино актері.
Ысқақова  Түйқаш.
 
1946 жылы С.Торайғыров атындағы совхоздың «Қанды- 
қарасу» бөлімшесінде туған.  Ауылшаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері. 
Талай рет аудандық, облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. ҚКПОК-нің
XVII съезінің делегаты.
Ізбастин Рымтай.
 
81  жастағы ауылдың қүрметті ақсақалы. Ұзақ жылдар
Баянауыл аудандық кәсіподақтар комитетін басқарған.
Іңкәрбаев Балгабай
 
(1912-1990). Партия, совет қызметтерінде болған. «Жаңа
талап», «Саржал» колхоздарында парторг болған.
Іңкәрбаева Орыншай Балгабайқызы
. Ұзақ жылдар аудандық банк жүйесін-
де қызмет істеген.


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал