Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет26/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

Ү Ш І Н Ш І   Б Ө Л ІМ  
Қ Ү Л А К .ТА Н   К ІРІП   Б О Й Д Ы   А Л Ғ А Н
щ ,
1.  ӘНІНЕН  БҮКІЛ  КДЗАК,  Р А Х А Т   ТАП КАН
(Мүстафа  Бүркітбаев,  Жарылғапберді  Жүмабаев
және  Ңали  Байжановтар)  [1411
Баянауылдың  атақты  әншісі  Мүстафа  Бүркітбайүлы.  Ол  Шоқан- 
ның  нағашысы  аға  сүлтан  Мүса  Шормановтың  ықпалында  болған  жан. 
Әнші  Омбыда  Орта  Азия  мектебін  бітірген.  Оның  Н.И.  Костылецский- 
мен  байланысында  Шоқанның  да  әсері  болды  деген  сөз  қисынға  ке- 
леді.  Алайда,  орысша  оқыған,  уезде  переводчик  боп  қызмет  еткен 
Мүстафа  елге  кеп,  қалыңдық түсіріп  отырған  күні,  өз  киіз  үйінің  ішінде 
надан  қайнағасының  қолынан  қапыда  қаза  тапқан.  Ол  өзінің  «Мүста- 
фа»  деген  әнінде:
Бауырында  Баянауыл  қойым  жатыр,
Шалңыган  көк  теціздей  ойым  жатыр.
Агайын  бүгін  күндер,  ертең  жоқтар,
Үл  тумай  Жангозыда  Мүстафадай!
деп  шалқыса,  атақты  Майра  оның  «Жер  қазығы»  атты  өлеңін:
Түрмайды  жер  қазыгын  айналмай  жай, 
Дүниеден  бәрі  де  өтер  кедей мен  бай,-
деп  шырқатқан.
* * *
Арқаның  үлкен  әншісінің  бірі -   Жарылғапберді  (біреулер  Жарыл- 
ғап  дейді).  Жарылғапберді  Қали  Байжановтың  үстазы.  Жарылғапберді 
өзі  ән  шығармаған,  тек  жақсы  орындаушы  болған  деген  әңгіме  де  бар.

Көкиіетау,  Баянауыл  жер  науаны
,
Елінен  көктей  гулдеп  шыгады  әні.
Бауырында  Көкшетаудың  көкке  шыгып, 
Толгантып  Жарылгаптың  салган  әні
деген  шумақ,  оның  орындаушы  болғанынан  хабар  береді.  Жарылғап- 
бердінің  атын  білмейтін  адам  ән  төңірегінде  аз  десе  болады.
Ж арылғапберді  Ж ұмабаев  Баянауылда  1861  жылдар  шамасында 
туған.  Жасында  кедей  болып,  кісіге  жалдггнып  жүрген.  Бертін  келе 
шаруасы  күйленген.  Өзінен  бала  болмай,  асырап  алған  Мүқыл  деген 
баласы  болыпты.  Ол  Керекуде  жүмыскер  болса  керек.  Жарылғапберді 
шала  сауатты,  қу  тілді,  мысқылға  шебер  болыпты.  Біреулердің  айтуы 
бойынша,  Жарылғапберді  1904  жылы  Қажыға  барып  келіп,  одан  кейін 
әнді  кояды.  Бірақ  оның  бәрі  де  нақты  дерек  болмаса  керек.  Сондай-ақ 
Жарылғапберді  Шорманның  әншісі  болды  деген  әңгімелер  де  бар.  Кей- 
біреулер  оны  да  қостамайды.
* * *
«Егер  өзімен  жүзбе-жүз  көріскенше  Ғаббас  Айтбаев  жөнінде  мен 
ешнәрсе  есітпеген  болсам,  Қарқаралы  уезінің  басқа  дарынды  әншісі 
Қали  Байжанов  туралы,  мен  алыстағы  далаға  шығамын  деген  ойымда 
жоқ  кезде,  ертерек  есіттім.  Онымен  кездесуді  де,  сондықтан  асығыс- 
пен  іздедім.  Бірақ  оның кәсібі  (ол  әнді  кәсіп  етеді)  оны  бір  ауылдан  бір 
ауылға  қуып,  үзақ  уақыт  маған  қүйрығын  үстатпады.Тек  Қарқаралы 
қаласында  мен  оны  іздеп  жүр дегенді  естіп,  бір  жағынан  о да мені  іздеп 
жүрсе  керек.  Қали,  астында  әдемі  аты  бар,  ән  жаздыруға  маған  келді.
Сырттай  қырықтан  жаңа  асып  жүрген  тығыншықтай  адам,  орта 
бойлы,  келбетті,  дөңгелек  жүзді,  салбыраған -   дәу  жирен  мүрты  бар, 
көпке  белгілі  Репиннің  картинасындағы  запрождықтарға да  кейбір  жақ-
тарынан  үқсайды  десе  болады.
Оның  дауысы  күшті,  алысқа  кететін  (жоғарғы  баритон),  ал  оның
әндегі  ерекшелігі:  қою,  бояуы  әдемі  дыбысты,  дүрілдеген,  созылған 
мелодия,  ерлік  немесе  кейде  айқайлау,  тіпті  күлдіргі  әндер,  шағын 
әндер -   демалыс  минуттарында  қымыз  ішіп  отырған  сахаралықтардың 
жүрегіне  жылы  тиетін  көңіл  аулағыш  әншілердің  белгілі  репертуары.
Жалпы  алғанда -  бүл  ақын  және  қиялшыл Ғаббастай  емес,  қарадүр- 
сіндеу.  Ал,  ол  кейде  әндердің  лирикалық  кезеңдерінде,  дауысын  баяу- 
латып,  сыбырға  жақын,  мүрнын  кіржите  нәзіктік  акцент  жасаймын  де- 
генінде,  оның  шын  мәнінде  іштей  елжіреп  отырғанын  немесе  тіпті  жай 
күлдіргілі  ойын  жасап  отырғанын  айыра  алмайсың.
278
 
--------------------------

279
Өмірде көңілді сүйкімді Қали, сөзсіз музыкалық қабілеті күшті. Олай 
дейтініміз -   Москвада  (Қали  қазақ  группасымен  концертке  келгенде...) 
мен  оның  әндеріне  фортепианода  сүйемел  жүргізіп  көрдім.  Дала 
әншісінің  күлкілі-көңілді  шағының  қайда  кетіп  қалғанын  білмейсің!  Ол 
бүрын  үйренбеген,  тосын  дауысты  сүйемелге  ешбір  қысылмай,  әнді 
әдемі,  ойлы  айтты,  өте  нақ  және  күшті  үнмен  дыбыстарды  қатесіз  та- 
уып  отырды.
Алғашқыда  Москва оны  таңқалдырды,  аузының суын  күртып,  бірақ 
үш  жетідей  уақыт  өткеннен  кейін,  оның  шуына,  сеңдей  соғылысқан 
көпшілігіне,  иін  тірескен  тарлығына  әбден  тойып,  сахараның  адамы 
өзінің  даласының  үлан-байтақ  тыныштығын  сағынды», -   дейді  А.За- 
таевич  өзінің  «Қазақтың  500  ән-күйі»  деген  жинағының  соңындағы 
түсінік  сөзінде.
А.Затаевич  қазақтың  асқан  өнерпазы,  советтік  қазақ  музыкасы- 
ның  дамуында  үлкен  рөл  атқарған  адам -   Қали  жөнінде  жақсы  баға 
берген.  Қалидың  творчестволық  жолы  аса  бай.  Ол  екі  ғасырды  бірдей 
көрді,  әншілік  дәстүрді  біздің  советтік  дәуірге  ала  келіп,  өзінің  бай 
репертуарын,  орындаушылык  тәжірибесін  жаңа  бастап,  каланып  жат- 
қан  үлкен  музыка  қүрылысының  ортасына  салды.  Жасым  келді  деп 
қарап  отырмай,  өзі  де  оқып,  нота  сауатын  ашып,  жеке  ән  өмірін  өрбіту- 
мен  қатар,  хор,  ансамбль  мәдениетін  өсіруде  де,  өзі  қатысып  отырып, 
үлкен  қолқабыс  тигізді.
Қали  Байжанов  1877  жылы  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданы, 
«Қайың көл» деген жерде туды.  Руы -  Сүйіндік ішінде Ақбура.  Ол кезде 
Қарқаралы,  Павлодар,  Оскемен,  Зайсан,  Бүқтырма  Семей  губерниясы- 
на  кіретін.
Қали  Баянауылда  туғанымен,  өскен  жері  Қарағанды  облысының 
Қу  ауданы.  Қудың Үлкентау,  Балқантау дегендеріне жас  кезінен  қызық- 
қан  Қали,  үнемі  олеңцерінің  арасында:
Қу  биік,  өзге  таудан мунарланган,
Басқа  тау  «Қу  болам!»  деп  қумарланган.
Қуда  көп  қурақты  көл,  емен  агаш,
Қу  шунақ,  қу  болуга  кім  арланган,-
деген  шумақты  айтып  отыруды  жақсы  көреді  екен.  Кіндік  кескен  жері 
болмағанымен, өсіп, үлкейіп, өнерге жеткізген жерінің сонадайдан үнемі 
көрініп  түратын  биігіне  өзінің  өмірбойы  көзі  түсіп  жүретінін  айтқан 
болу  керек.

280
Қалидың  әкесі  Байжан  кедей  адам  болады.  Ол  жасы  он  сегізге  же- 
тер-жетпесте  Екібастұзда  шахтада  жұмыс  істейді.  Жер  бетіндегі,  ашық 
аспан  астында  жүретін  байлардың  малшылық-жалшылығынан  неде  бол- 
са  табысы  қалтасына  айлап  түсіп  отыратын  еңбекті  калайды.  А.Затае- 
вич  айтқандай,  оның  сом  денесі  қара  жұмысқа  қайырыла  қоймайды. 
Екібастұзда  бір-екі  жыл  істегеннен  кейін  Желтауда  тас  қалаушы  бола- 
ды.  Ол  жұмыс  қолынан  келгенімен  өнерлі  Қалидың  қиялданған  бағыты- 
на  ауырырақ  тиетін  беті  көрінеді.  Оны  айтып  адырғанымыз -   тас  қалау 
қалай  дегенмен  де,  сол  кездің  өзінде  домбыра  тарта  бастаған,  әнші  ата- 
ғына  ие  болуға  жақын  жүрген  Қалидың  қажырын  алатын  болады.  Сон- 
дықтан  Қали  Желтауда  да  көп  болмай,  өзінің  жаратылыс  берген  сыйы -  
дауысын  өрбіту  жолына  кетеді.  Әрине,  тас  қалап  жүріп,  бір  күні  үйық- 
тап  түрып,  кенет  әнші  бола  салмайды.  Ол  өнері  ерте  басталады.
Қали  жасы  он  екі-он  үшке  келгенде-ақ  өзінің  бала  даусымен  бір 
есіткен  әні  болса  қағып  алып,  айналасын  таңқалдырады.  Жасынан  есі- 
ту  қабілеті  аса  зор,  музыкаға  бейімділігі  ауыл-аймаққа  көріне  береді. 
Оның  үстіне  ол  бір  өреде  ертеден  келе  жатқан  ән  дәстүрі  жас  талап- 
кердің  қаққан  қанатын  қолдайды.  Жоғарыда  айтылған  шахтаға  бар- 
мас  бүрын-ақ  Қали  әнш ілік  өнерін  өркендету  жолында  өмір  бөгет- 
терінің  ешкайсысына  тоқтамайды,  есіткен  әні  баста  шатпақтап  отыр- 
ған  болып  көрінсе  де,  аз  уақыттан  кейін  зергердің  қалыбынан  өткен- 
дей  жарқыратып,  әшекейлеп  алып  келіп,  көп  алдына  тартады.
Өзінің  айтуынша  Қали  он  сегіз  жасынан  бастап  Арқаның  белгілі 
әншісі  Жарылғаптан  (біреулер  Жарылғапберді  дейді)  ән  үйрене  бас- 
тайды.  Оның  қасына  еріп,  шәкірт  болып  көп  жылдар  жүреді.  Жарыл- 
ғапберді  өзі  ән  шығармаған,  бірақ  қатарынан  озған  әнші-орындаушы 
болса  керек.  Міне,  оның  репертуарынан  Қали  «Шама»,  «Алтыбасар», 
«Топай  көк»,  «Ардақ»,  «Келіншек»  және  де  басқа  әндер  алады.  Қали 
Жарылғапбердінің  сүйікті  шәкірттерінің  бірі  болады.  Ол  алған  әндерін 
бабына  келтіріп  орындайды.  Әрбір  творчестволық  адамға  тән  өзінің 
«менін»  қосады.  Жарылғапберді  сияқты  оқымаса да  көргені  көп  үстазға 
Қалидың  бүл  қадамы  игіліктің  басы  болып  көрінеді.  Қалидың  орында- 
уында  А.Затаевич  айтқандай  өзіндік  ерекшелік  бар.  Ол  әнді  салған 
жерден  аспандатып  көтеріп  алып  кететін  жерінде  бой  жеткізбей,  ән 
оюлайтын,  қиыстыратын,  қүйқылжытатын  жерлерінде  қазақ  әншілер- 
інде  аз  келетін  өзінің  қою,  төмен  (жуан  деген  мағынада)  дауысын 
дүрілдетіп,  дыбысы  жай  кездің  өзінде  аржағында  бір  алапат  күз  жат-
қаны  сезіледі.

Қали  Віржаи 
мсн  Акмдк  і«рсді.  Олярлык  жаспру  үягійш і  кгь 
лсрі  белгкштсіі,  # і м іім еіі 

  ілш пры іі  к
труч
 
о іарлыи 
двуііггярия, 
м  
орыилаудагы  адкгеріи 
бвАіау,  т«слс4 
пллсспесе  ц ,  
б в сіі  бірсу- 
лер  арқылы 
мгімслсріиіц  ішшлс 
болу, 
Калмға 
каыктын 
м   меріиін 
үлкси 
омірлік, 
күрсстік 
м
 
і і і і
 
барын 
гамыталы. 
Віржанның 
«Жаибот»- 
сми»,  Акаииын  «Кмасидстіи» 
ардагер 
мш ідср  аттларыиыи  ө 
ілері 
- 
иеи 
ссгткеи  Калм, 
омірбойы  ©э
ші
и  орыилауціылык  гүйіиінен  шыкпай, 
сол  двстүрді  саггауға  үстаілардыи 
ко/ідарынан 
беріп  ксгкси 
өмір  жоя- 
дамасынлай  болалы
Қали  к м   м ш іл с р д с я   «олжалы»  боллы.  Ол 
врі  м ш ,  
арі 
і д і д д і і
 
жолыилагы  күрсскер,  акын,  аіамат  Жаяу  Мүсамеи  ле  кеілссслі.  Жэлу- 
лыи  аллыила  Қали  »н  салалы  Аркаиыи  .>н  достүрім  жаксы  меигергеи, 
соиымеи  катар  баска  еллерліи  му шкасымен  дс  таиыскан.  муш калык 
кеіш енбсрі  кен  Жаау  Қалиды  тындап,  оиын  үлкеи  талаитыиа  кагты 
куаиады.  Әи достүріиін  жакеы-жаксы  колдарда  калатынына  іштей  риіа 
болады.  Калидыи  рслертуарына  сойгіп  Жаау  Мүсанын.  Віржаннын, 
Дканнын  әндсрі  енеді.
Акыилыгы  меи  оииіілігі  катар,  жарыса  түсстін  бүлбүл  Қүлтума- 
нын  онлері  дс  Калидын  рслергуарыиан  ксн орын  алган  Өйтксиі,  Күлту- 
ма  аниіілік  жагыиан  сонгы  жылдарға  дсйін  кагаіга  гүстіей  келгсиімси, 
т  катарыиаи  асып  гүспссе  кетіилс  ксйіи  болмаган  адам.  Мінс,  сол 
Күлтумаиын  осем  әиі  Қалидың  орындауында  А  Затаевич  колымен  жа- 
іы л ія і,  оиыи  жинагынла  жгүр.
Ғасырдын  аягынла  Кали,  ауыіша  мөлімсттер  бойынша  Абайлы  да 
корслі.  Потіиа  мси  оиніц  жайын  жстс  білстін  ланышпан  Калига  көптс- 
гси  акыл  айтып,  онын  таорчестволык  жолынын  жемісті  болуын  тілейлі. 
Үлкен  драмалык  ксйігггсгі  әидсрмсн  катар.  А .іатаеаин  жаіганындай, 
сырлы  лирикалык  әндер  (этнографтын  Қали  лирикалары  әилерді  ксл- 
тірс  алмайды  дсуі  үстірттсу  пікір  сиякты)  жоме  конілді-күлкілі  әидсрлі 
орындайтын  шалкар  рспсртуарлы  Қали,  түрлі  жаирлы  менгсруі  аркы- 
лы  Абайдын  аллынла  үлкен  абыройға  ие  болган  болу  ксрек.  Әриие, 
Қали  үшін  Абайлы  квру,  оиың  аллында  енерін  жария  сту,  оиыи  акыл- 
лы  соілерін  есіту  -   үлкен  табыс,  «коктен  тілегснді,  жерлсн  берген» 
тагдырдын  үлкен  кайырымды,  мархабаты.
Қали  енді 
онді  кәсіп 
стіп  тамак  асырауыиын  нсгізгі  матерналлык 
іргстасы 
да 
сол  болалы.  Осындай 
езінің 
бір  гастролінле  1916  жылы 
Едірей,  Ку,  Дастар,  Сартау  болыстарын  тегіс  шакырған  Тәукебайдың 
асында  ән  айталы.  Онда  Қалилан  баска  Нагайбыл,  Исайын.  Ғаббас,

жас  Қуан  болады.  Бұл  жиында  да  Қали  ерекше  көзге  түседі.  Осы  топ 
және  Қарқаралының  жынды  Алтайы,  Омар  тағы  басқалары  Кіптан, 
Тотап  жәрмеңкелерінде  кездеседі.  Бүлар  Нюрнбергтің  мейстерзинггер- 
лері  сиякты  ән  базарын  қыздырып  жүрген  жерлерінде  аңыз  қалдырып
отырады. 

-
Ә рине,  бүл  ай ты лған н ы ң   бәрі  де  қазақты ң   кеш егі  күндегі  ән
иелерінің  бәріне  ортақ  тағдыр,  өнерді  қолдап,  күнбе-күн  бүл  күнгідей 
әкелік  қамқорлық  жасап  отыратын  партия-мен  үкімет  жоқта,  әркім 
қолда  барымен  базарлап,  көбіне  өздерінің  таланттарының,  халықтың 
қолдауының  нәтижесінде  ғана  атағы  жайылған,  бізге  өнерлері  жеткен 
некен-саяқ  қайраткерлер.  Сол  топтың  бір  мүшесі -   Қали.  Ол  осындай 
халде  Октябрь  революциясына  жетті.  Еңсесі  көтеріліп,  өнердің  өркен- 
дейтін  кезінің  енді  келгенін  көріп  қуанды.  1924  жылы  Семейде  болған 
өнерпаздардың  мәжілісінде  әнге  шығып,  кейін  Әміремен  ән  жарыс- 
тыруы — Қалидың  сол  күткен  қуанышты  күнінің  бірінші  жемістері  еді.
Қалидың  аты  кең  жайылды.  Қазақстандағысы  өз  алдында,  Моск- 
ваға да  жетеді.  Қали  басқа  сол  кездің түскен  үлкен  өнершілерімен  бірге 
Қызылордада  үйымдасқалы  жатқан  бірінші  қазақ  драма  театрына  ша- 
қырылады.  Келесі  1927  жылдың  апрелі  айында  Қали  Москвада  бола- 
тын  бүкілодақтық  советтер  съезінде  берілетін  концертке,  яғни  тобы- 
мен  сахнаға  шығады.  Қали  орындаған  жеке  әндері  тыңдаушыларға 
қатты  үнайды.  Қарқаралының  қазақ  даласына  кең  жайылған,  мақтауға 
сиярлық  ән  дәстүрінің  үлгілерін  тілектес  астана  тыңдаушыларына  ес- 
тіртеді.  Бүл  Қалидың  үлкен  сахнаға  шығуының  басы  болады.
Театрда  көп  болмай  Қали  Қарағандыға  келеді.  Еңбек  көзін  аш- 
қанда  шахтада  болған  өнерпаз  сол  қаласын  өзіне  негізгі  мекен  еткісі 
келеді.  Қолындағы  өнерін  ауыр  да,  абыройлы  да  еңбек  үстінде  жат- 
қан  шахтерлердің  рухани  азығы  болуына  жұмсағысы  келеді.  Ол  Қара- 
ғандының  радио  комитетінде  істейді.  Сонда  Б.А.Орлов  пен  В.Пиро- 
гова  бастаған  бірінші  көп  дауысты  қазақ  хорында  негізгі  бас  дауыс- 
тың  бірі  болып  орнығады.  Хорда  айтумен  қатар,  жоғарыда  баяңдал- 
ғандай,  Қали  жеке  әнге  үнемі  шығып  түрады,  өзінің  нота  сауатын 
ашып,  хордағы  партиялары н  ем ін-еркін  оқитын  болады.  Сонымен 
қабат  жас  әншілерді  тәрбиелейді,  бай  репертуарын  олардың  алдын- 
да  салып,  бөліседі.  Ыбыраев,  Жүбатова  сияқтылардың  әнш ілік  май-
данында  өсуінде  Қалидың  еңбегі  зор  болады.
Қали  1936  жылы  сол  хордың  қүрамында  М оскваға  барып,  онда 
хорда  және  жеке  әндермен  концерттерге  шығады.  Қалидың  орында-

283
ған  «Жалғыз  арша»,  «Алтыбасар»,  «Шама»  сияқты  әндері  қайта-қай- 
та  биске  шақырылып,  әнші  үлкен  жетістікке  ие  болады.  Қали  елде 
жүргенінде  және  Москваға  1927  жылы  барғанында  А.Затаевичпен  кез- 
деседі,  оған  әндер  береді.
Міне,  Қали  сол  кезден  бастап  совет  өнерінің  өркендеу  жолында 
үзбестен  еңбек  етіп  келді.  Сол  кезден  бастап  ол  Қарағандыдан  ешқай- 
да  шыққан  жоқ.  Өзінің  сүйікті  өнерін  өрбітіп,  айналадағы  жастарға 
үлгі, үстаз болып, тапжылмастан музыка майданында қызмет істеп келді. 
Ол  өзінің  практика  жүзіндегі  үлкен  еңбектерімен  қатар  қолындағы  бар 
рухани  байлығы  әндерін  кейінгі  үрпақ  игілігіне  айналдыру  үшін  Алма- 
тыдағы  Академияға  келіп,  ондаған  не  бір  әсем,  әсерлі  әндерін  жазды- 
рып  кетті.  Ол  әндер  нотаға  түсіріліп,  топталып,  сараланып,  зерттелу 
үстінде.
Қазақстан үкіметі Қалидың советтік өнер алдындағы  сіңірген  еңбек- 
терін  ескеріп,  1938  жылы  оған  республиканың еңбегі  сіңген  артисі,  1945 
жылы  республиканың  халық  артисі  деген  атақтар  берді.
Қали  қазір  де  сексеннің  ортасында.  Әлі  де  қуатты.  Еңбегі  сіңген 
демалыста.  Қалидың  орындаушылығында  басқа  да  өзі  сияқты  аға  бу- 
ынның  әншілерінен  үлкен  айырма  бар.  Оның  пленкаға жазылған  әндері 
арқылы  сол  ерекшелікті,  сол  бір  орындаушылық  әдісті  зерттеу  біздің 
міндетіміз.  Қазақтың  классикалық  ән  орындау  дәстүрінде  біздің  за- 
манның  орындаушылық  мәдениетінен  орын  алатын  көптеген  кезеңдері, 
жақсы  үлгілері  бар.  Қалидың  дауысы,  оның  үстіне,  ешбір  консервато- 
рия  көре  алмаса  да  табиғи  түрде  қойылған  дауысқа  меңзейді.  Оның 
қандай  себептері  барын,  тек  әндерді  жазып  алғанға  місе  түтпай,  терең 
зерттесе  ғана  әңгіменің  сыры  ашылады.  Қалидың  орындаушылық  өнері 
біз  үшін  үлкен  мәдени,  рухани  қазына.  Ардақты  әнші,  қазақ  совет 
өнерінің  іргетасын  қалаушының  бірі,  көптеген  жас  әншілердің  үстазы, 
барлық  білген  өнерін  советтік  музыкаға  қүрылыс  жолында  аямай  сал- 
ған  қайраткер -   Қали  әні  мәңгілік  жасай  берсін!

2.  А Қ   С И С А ,   Ң Ы З Ы Л   С И С А ,   С И С А ,   С И С А
(Ж аяу  Мүса  Байжанов)
Жаяу  Мүса -   өз  түсында  әншілік  дәстүрдің  қалыптасып,  дамуына 
зор  үлес  қосқан  ақын-композитор.  Оның  түтас  бір  ғасырға  таяу  жаса- 
ған  өмір  жолы  тарихи  оқиғалардың  куәсі.  Ол  өзінің  бар  өнер  табысын 
әлеуметтік  мазмүнға  қүрып,  жаңа  ырғақты  әндер  шығарды.  Әншілік 
қызметінде  өзіндік  тың  стиль  тауып,  әуен  мен  өлең  жолдарын  толық 
қабыстыра  білді.  Осы  сияқты  стильдік  өзгешеліктерімен  қатар,  оның 
әндері  күшті  жігерге,  мойымас  қайратқа  қүрылады.  Мүса  өлеңдерінің 
осындай  мазмүнға  ие  болуы  оның  басынан  өткен  өмір  жолының  тар- 
тыс-талқысына  байланысты.  Өз  талпынуының  арқасында  сауатын  аш- 
қан  Ж аяу  М үса  өз  за м ан ы н ы ң   ә р н ә р с е д е н   т ү с ін г і  бар  көрн екті 
өкілдерінің  дәрежесіне  көтерілді,  ел  ішіндегі  әділетсіздікпен  күресті.
Жаяу  Мүса  Павлодар  облысына қарасты,  Баянауыл  ауданында  1835 
жылы  туған.  Руы -   Арғын.  Оның  ішінде -   Сүйіндік.  Әкесі  Байжан  ке- 
дей,  шаруа  болса  да  еті  тірі,  өжет,  пысық,  бай-манаптармен  үстасып 
жүреді.  Сол  кездегі  ірі  бай  Шорман  түқымдарымен  бәсекелесіп,  бала- 
сының  атын  Шорман  баласының  есімімен  аттас -   Мүса,  Мүстафа  деп 
қояды.  Молда ағасы Тайжаннан сауатын ашқаннан кейін әрі  қарай оқуға 
өзі  талаптанып,  13  жасында  Қызылжар  қаласына  барып  Кәрім  деген
бай  ноғайға  жалданып  оқиды.
Қызылжар  қаласынан  кейін  Омбыға  барып,  орысша  оқуға  түседі. 
15  жасынан  бастап  өлең,  әнмен  әуестеніп,  өзі  де  ән,  өлең  шығара  бас- 
тайды.  Сондай-ақ  ол  Шорман,  Поштай  балаларының  елге  істеп  отыр- 
ған  зорлық-зомбылығын,  елді  қанауын,  пара  алатынын  көріп,  біледі. 
Өсе  келе  оларды  әшкерелей  бастайды.

285
Мұны  естіп  Шорманның  Мұсасы  Омбыдағы  губернаторға  Жаяу 
Мұсаны  жамандайды.  12  жылға  Тобыл  қаласына  жер  аудартады.  Ол 
мүнда көп  болмайды.  Өзінің сұрауы  бойынша  әскер  жұмысына ауысып, 
арбакеш  болып  жұмыс  істейді.  Әскер  бөлімдерімен  бірге  Петербург- 
те,  Польшада,  Литвада  болады.  Осындай  біраз  жерлерді  аралауы  тұрлі 
халықтардың  тұрмыс  мәдениетімен  танысуына,  сана-сезімінің  ояну- 
ына,  ұлттық  теңдікті  тұсінуіне  кұшті  әсер  етеді.  Патша  ұкіметі  Жаяу 
Мұсаның  қызмет  еткен  әскер  бөлімін  генерал  Черняевтің  басқаруы- 
мен  Орта  Азияға  аттандырады.1864  жылдың  жазында  Әулиеатаны  ала- 
ды.  Жаяу  Мұса  осы  сапарында  қазақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан  Уәли- 
хановпен  танысады.
Жаяу  Мұсаның  Шоқан  Уәлихановпен  кездесуін  Сәуірбек  Бақбер- 
геновтың «Ақ боз атты ару» атты кітабында былай деп жазылған:  «Екеуі 
де  бәйгіге  суыт-қан  арғымақтардай  ашаң,  қағыгез.  Екеуі  де  өнер  қуған, 
білім  іздеген, әділдік аңсаған жандар.  Бірі қазақ-қырғыздың әдет-ғүрып, 
салт-сана,  ақындық  үлгісін,  мақал-мәтел,  ертегі-аңызын  жинаса,  бірі 
елінің  әні  мен  күйін  терген,  өзі  әдемі  әндер  шығарып,  оны  сәнімен, 
мәнімен  орындайтын».
Жаяу  Мүса  туралы  Шоқан:  «Алдау  мен  арбауды  қорлыққа  сана- 
ған  намыскер.  Оның  көк  етікті  көпке  үқсамаған  мінезі  бар.  Онысы тізе- 
ге  салуға  келмегені,  тезге  басуға  көнбегені.  Жаным  арымның  садағасы 
деп  ант  етіп  оны  өзіне  бойтүмар  еткен  ердің  әлі  де  алысқа  үшар,  үзаққа 
сілтер  түрқы  бар.  Көзінде  от,  жүрегінде  жалын,  өңінде  қайрат-жігер 
табы  жатыр.  Мойымаған,  жасымаған,  Баян  басына  шыққан  жас  емен- 
дей  ешкімге  иілмеген»-  дейді.
Үйіне  келгеннен  кейін  де  Шорман,  Поштай  түқымдары  Жаяуға 
тыныш  таптырмайды.  Қазанда  бірнеше  ай  түрып,  Жаяу  Мүса  еліне 
қайтады.  Поштай  түқымдары  тағы  да  жала  жауып,  үстатады.  Олар 
Жаяуға  жала  жауып,  мүқата  алмаған  соң  оған  у  бергізеді.  Бірақ  одан 
да  аман  қалады.
Жаяу  Мұса  сүйікті  жүбайы  Сапардан  Салық  деген  бір  үл,  үш  қыз 
өсіреді.  Сапар  қайтыс  болғаннан  кейін  қыздарының қолына барып түра- 
ды.  1916  жылы  үлт-азаттық  көтеріліске  қатысады.  Бүл  кезде  Жаяудың 
жасы  сексенді  алқымдап  қалғандықтан  қолына  қару  алмаса  да,  халық 
жанында  болып,  ел  азаматына  кеңес  беріп,  бірнеше  өткір,  уытты  өлең- 
дермен  жүртты  күреске  шақырады.
Жаяу  Мүса  өз  туындыларын  жаңа  идеялық  мазмүнға  құра  отырып, 
ән  жанрын  дамытуда  әуендеріне  тың  ырғақ,  соны  өлшем  енгізіп,  жаңа

286
стиль  тапты.  Оның  «Ақсиса»,  «Гауһар  қыз»,  «Хаулау»,  «Сүрша  қыз» 
т.б.  өлеңдері  кеңінен  тарады.  Бүл  әндердің  басқа  ақын-әншілерден 
ерекшелігі  көңілді,  жігерлі  болып  келуінде.  Бүл  ерекшелік — оның орыс, 
татар  музыкаларымен  таныстығынан  туған  жаңалық.  Жаяу  домбыра, 
қобызбен  қатар  скрипка,  гармонь,  гитараларды  да  ойнай  білген.  Мүны- 
мен  қатар  Жаяудың  кейбір  ән  мәтіндерінде  лиризм  кең  орын  алып,
көңіл-күй  нәзік  беріледі.
Жаяу  Мүсаның  негізгі  әдеби  мүрасы -   ән-мәтіндері  мен  жеке  өлең-
дері  және  күнделік  етіп  жазған  дәптерінің  біраз  беттері  де  сақталған.
Онда  ауыл-үй,  күнделікті  түрмыс  жайын  әңгімелей  отырып,  кейбір  сая-
си  жағдайлар  жөнінде  де  өз  пікірін  жазған.  Әдеби  шығармаларының
көлемі  де  үлкен,  саны  да  көп,  тақырыптары  да  әр  алуан.  Оның  бозбала
кезіндегі  «Сәулем  қыздар»,  «Әрине  күн»,  «Ләйлім»,  «Шайтан  торы»
деп  аталатын  әндері  жастық,  сүйіспеншілік  жайында.  «Көкей  кесті»
деп  аталатын  әні  де  бар,  онда  кәріліктің  дәрменсіз  күні  баяндалады.
Жаяу  Мүса  творчествосында  аңшылық  тақырыбы  да  басты  тақы-
рыптардың  бірі.  «Аңшылық»,  «Сары  қүс»,  «Шүбар  қүс»,  «Қаршыға»,
«Бүркіт»  т.б.  өлеңдері  аңшылық  кәсіптің  көріністері  нақтылы  көрсет-
ілген.  Қоғам  өміріндегі  әлеуметтік  әділетсіздікті  суреттеу  оның  «Ақ
сиса»  әнінен  айрықша  көрінеді.  Мүса  «Ақ  сиса»  әнінде:
Ақ  сиса,  қызыл  сиса,  сиса,  сиса,
Жарасар  қамзол  сүлу  белін  буса. 
^
иіорманның 
Мүстафасы  атымды  алып, 
Атандым  сол  себептен  Жаяу 
Мүса,
  -
деп,  жүрт  алдында  жария  етеді,  көптің  қамын  жеп  жүргенде  ©з  басы 
қудаланып,  бейнет  тартады.  Әр  жерде  қашып  жүріп,  күн  көреді.  Ісін 
қуып,  Омбы  қаласына  бірнеше  рет  жаяу  барады.  Жазықсыз  жапа  шек- 
кенін,  басының  ауыр  бейнетке  түскенін  шағып,  акын  былай  дейді: 
Жазығым  жок,  Омбыға  жаяу  бардым,  Жол  бойы  бейнет  көріп  мен
арыдым. 
,
«Хаулау»  өлеңінде  осы  бейнеттің  аяғы  өмір  бойына  созылған  арыл-
мас  азапқа  айналғанын:
Қорлыққа  жас  та  болсам  иіыдай  алмай,
Өмірім  Мүсаменен  дауга  калды,
  -
деп  әнге  қосады.
Жаяудың  патша  әкімдері  жөнінде  де  бірқатар  өлеңдсрі  бар.  Онда 
уезд  бастықтары  қатал  да  әділетсіз  әмір  иесі  ретінде  әшкереленеді:

Шорман  қандай,  сен  қандай?
Ауырады  долданып.
Полковник  иіекпен  киіп  ап,
Жөнелді Муса  сырт  беріп,
  -
дейді.
Сол  сияқты  Ж аяу  М үса  өзінің  екінші  бір  өлеңінде  де  патша 
әкімшілігінің  өкілдері  қазақ  байларымен  тізе  қосып,  елді  аяусыз  қанау- 
шылыққа  түсіретінін  ашықтан-ашық  әшкерелейді.  Оны  «Крестьянский 
начальник»  деп  аталатын  патша  чиновнигі  Зудилов  жөніндегі  өлеңнен 
көруге  болады.  «Сексен  екі  кезімде»  деп  басталатын  124  тармақтан 
түратын  үзақ  толғауында  ел  ағасы  Жаяу  Мүса  өз  ой-арманын  ақтара 
жырлайды.  Ауылды  кеңестендіру жүмысына да қатысады.  Бірнеше жыр 
шығарады.  Қарт  ақын  жаңа  заманның  шаттығын  ерекше  бір  ықылас- 
пен  жырлайды.  Оның  өлер  алдында  қоштасып  айтқан  өлеңінде  де  еш- 
қандай  торығу  жоқ:
Тоқсан  төртте  жасым  бар,
Енді  жүрек  басылар.
Мен  жүргелі  жатырмын,
Қоштасайық,  халқым-ау.
Қуаныш  заман  кең  болды,
Еңбегім  сіңген  Ақшоқым,
Сонан  орын  қазыңдар, —
дейді.
Сонымен  Жаяу  Мүсаның  әндері  мен  өлеңдерінен  түратын  твор- 
чествосы  сан  алуан  жаңалықтарға  бай.  Оның  көпті  көрген  үзақ  өмір 
жолы  идеялар  мен  творчестволық  жетістіктерді  тудырды.  Біржан  бас- 
таған  әншілік  дәстүрдің  бүқарашылық  идеяларын  жаңа  дәуірге  әкеліп 
үластырды.


1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал