Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет25/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

16.  ЖҮМЫСШЫ  Б Е И Н Е С ІН   С О М Д А Ғ А Н   Ж А ЗУ Ш Ы  
(Ахат  Жақсыбаев)
Кешегі  сүрапыл  соғыстың  аз-ақ  алдында,  яғни  1940  жылдың  ыз- 
ғарлы  қысында  Павлодар  облысының  Баянауыл  ауданындағы  Иман- 
тайдың  отбасындағы  шағын  қараша  үйде  шыр  етіп  бір  сәби  дүниеге 
келді.  Алғаш  күнінен  әке-шешесінің  шексіз  махаббатына  бөленген 
нәрестеге  Ахат  деген  есім  берілді.  Онысы  ата-анасының  балаларының 
Ахат  атасындай  атақты,  аяқтыға  жол  бермейтін,  ауыздыға  сөз  бер- 
мейтін  шешен  болсын  деген  ақ  тілеулерінен  де  туындаған  болар.
Уақыт  көші  жылжи  отырып,  замана  керуені  ілгері  басып,  арада 
бірнеше  жылдар  өткенде  соғыстан  кейін  іле-шала  тарыдай  болып  мек- 
теп  табалдырығын  аттаған  жас  бала,  елуінші  жылдардың  соңында 
зіңгіттей  жігіт  болып  өмір  көшіне  қосылды.  Еңбек  жолын  Екібастүз 
қаласында  шахтерліктен  бастаған  ол  арада  көп  өтпей  таудай  талабы 
мен  бармақтай  бағының  арқасында  қазақтың  қара  шаңырағы,  білім 
ордасы  Қазақ  Мемлекеттік  Университетінің  өзі  қалаған  журналистика 
факультетіне  оқуға  түседі.
Ж оғарыда  Ахат  Ж ақсыбаев  еңбек  жолын  Екібастүз  қаласында 
шахтада  жүмысшы  болудан  бастаған  дедік.  Мүның  өзі  жазушының

268
кейін  бүкіл  творчестволық  еңбегінің  қайнар  көзіне  айналған.  Соның 
арқасында,  әсіресе,  қазақ  қаламгерлерінің  ішінен  екінің  бірі  бара  бер- 
мейтін  жүмысшы  тақырыбына  бірден  ден  қойған.  Кеншілер  өміріне 
терең  үңіліп,  адамдардың  күнделікті  түрмыстағы,  өндірістегі  қарым- 
қатынасын  шығармаға  арқау  етті.  «Бозарал»  повесі  мен  «Егес»,  «Бөгет» 
аталатын  романдары  осы  жағынан  бағаланып,  қазақ  әдебиетінің  өндіріс 
тақырыбын  шешудегі  алтын  қорына  келіп  қосылды.
Жазушы  Ахат  Имантайүлы  қазақ  баспаоөзіне  де  елеулі  үлес  қос- 
қан  жазушы.  Ол  «Лениншіл  жас»,  «Қазақ  әдебиеті»  газеттерінде  әде- 
биет  бөлімін  меңгерген  уақытында  талай  жас  талапкерлердің  түсауын 
кесіп,  ақыл  кеңесін  берген.  1972  жылдан  бастап  «Жүлдыз»  журналы- 
ның  жауапты  хатшысы  болған.  «Ақиқат»  журналымен  «Қазақ  әдеби-
еті»  газетінің  редакторы  болған.
Ж оғарыда  айтқанымыздай  Ахат  Жақсыбаев  мамандық  алғаннан 
кейін  бірден  сол  кездегі  «Лениншіл  жас»,  қазіргі  «Жас  алаш»  газетіне 
қызметке  орналасады.  Талантты  жас  осы  кезден  бастап  арсыл-күрсіл 
қайнап  жатқан  мазасыз  өмірдің  ішіне  бойлап  кіріп,  газет  жүмысының 
егжей-төгжейімен  жете  танысып,  өзі  таңдаған  мамандықтың  ыстық- 
суығына  бірдей  төзіп,  мол  тәжірибе  жинақтайды.
Екіншіден,  журналистік  қызмет  болашақ  жазушының  қайнаған 
тіршіліктің  үңғыл-шүңғылына  тереңірек  үңіліп,  карапайым  адамдармен 
араласуына,  Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  бір  адамның  баласындай 
өмір  сүріп  ж аткан  көп  үлтты  Қ азақстан  түрғы ндары ны ң  түрмы с- 
тіршілігімен  танысуына  кең  жол  ашты.
Сөйтіп,  кешегі  журналист,  бүгінгі  жазушы  Ахат  Имантайүлы  қазақ 
баспасөзіне де  елеулі  үлес  қосқан  қаламгер.  Себебі,  ол  «Лениншіл  жас», 
«Қазақ  әдебиеті»  газеттерінде  әдебиет  бөлімін  меңгерген  уақытында 
талай  жас  талапкерлердің  түсауын  кесіп,  ақыл-кеңесін  берген.
Жазушының  азаматтығы,  оның  шығармашылығының  көтерілген 
шыңы  туралы  қазақ  халқының  белгілі  сатирик  жазушысы  Үмбетбай 
Уайдин  ағамыз  кезінде  «Азамат  жолы»  деп  аталатын  өзінің  бір  мақала- 
сында:  «Шығармаларын  басқа  жүрттан  бүрын  қамтып,  ерте  қағып  ала- 
тын  менің  де  қаламдас  жолдастарым  баршылық.  Солардың  бірі  маған 
диплом  жүмысынан  романдарына  дейін  таныс  Ахат  Жақсыбаев», -  дей 
келе  одан  әрі  жазушының  «Егес»,  «Қорған»  романдарына  төмендегі- 
дей  байыпты  да  байсалды  талдаулар  жасап,  айшықты  да  орынды  баға
береді. 
7  '
А хат  Ж ақсы баевты ң  «Егес»  ром аны ны ң  190-бетінде  Зағираш  
есімді  кейіпкердің  аузынан  айтылатын:  «Шіркін-ай,  біз  осы  кісі  таны-

269
маймыз.  Әсіре,  қызылға  үйірміз»  деген  жолдар  бар.  Оның  өзіндік  се- 
бептері  бар.  Шығарманы  танымау,  түсінбеу  жақсылық  па?  Шығарма- 
ны  танымау  — авторды  танымау.  Ш ығарманы  түсінбеу  -   авторды 
түсінбеу.  «Егес»  романы  стандартпен  жазылмаған  шығарма.
Ахат  Жақсыбаев -   түсінікті  жазушы,  танымал  жазушы.  Шерхан 
Мүртазаның  сөзімен  айтсақ:  «талантты  тану-қиын,  танымау-қиянат».
Әдетте  қаламгердің  сөздерін  айтып,  өздерін  қалтарыста  қалдыра- 
тын  жайларымыз  көп.  Біз  осы  қалыптап  қашып,  сөз  орайында  Ахат- 
тың жеке  басының  көзге  түсе  бермейтін  қасиеттерінен  хабардар  еткіміз 
келеді.
Ахат  Жақсыбаев  ешкімге  үқсамайтын  қаламгер.  Оның  мінезі  де, 
жазуы  да  басқалардан  ерекше.  Жазушының  «Егес»  романында  қақ- 
соқпен  жүмысы  жоқ,  жаратылыс  табиғаты  момын,  жан-дүниеі  мөлдір, 
мақсат-мүддесі  биік  Батырбек  есімді  кейіпкер  бар.  Батырбектің  жолы 
і 
ауыр.  Жеңіс,  табыс  Батырбекке  өте  қиындықпен,  маңдай  термен  ке- 

леді.  Сол  жеңіс,  табыстың  жолында  жиі  күрсінеді.
Биік  мақсат,  мақсат-мүра  жолында  Батырбек  үй-ішімен  ақылдас- 
пай,  қауырт  көтеріліп,  Қарғандыдан  Қаратасқа  тайып  түрады.  Автор 
да  биік  мүраттың  адамы,  бірақ  оның  Батырбектен  айырмасы — өмір 
бойы  бала  шағаның  қасында.  Адал  жар,  идеал,  әке,  азамат  жазушы. 
Батырбек — жас  адам,  романтиканың  адамы.  Оны  жылы  орын,  жайлы 
төсегінен  жүлып  әкетіп  жүрген  де  сол  романтика.  «Жастық  желік»
-  күлдіреді,  күрсінеді,  опық  жегізеді.  Жастықтың  аты -   әрине  жастық. 
Жаңа  жер,  жаңа  ортаға  келгеннен  кейін  Батырбек  жаңа  адамдармен 
танысады.  Әртүрлі  дастархан  басында  болады.  Зағираш,  Әлималар 
да  оның  жаңа таныстары.  Жан  дүниесі  мөлдір  жас  адамды  кім  жаман- 
дыққа  қисын.  Сол  Зағираш ,  Әлималармен  таныстығы  барысында 
«нәпсі  жеңіп,  осы  баланы  қүдай  үрып  қалмаса  неғылсын!»,  «опық 
жеп  қалмаса  болар  еді-ау»  деп  Батырбекті  анау-мынау  жамандыққа 
көңілін  қимай  қылпылдап  отырсаң.  Автор  оны  «енді  қайтер  екен» 
деген  жерлерін  тап-таза,  мөп-мөлдір  қалпында  алып  шығады.
Шым-шытырық  оқиға,  шырғалаң  тағдыр  жасау  үшін  Батырбекке 
арақ  ішкізіп,  мас  қылып,  әр  әйелдің  соңынан  сүмеңдетіп,  ертіп  қоямын 
десе  жазушының  қиялы  жеткен  болар  еді.  Осы  түста  әйел  баласына 
ғана  емес,  жатқа да,  жақынға  да  адал  қарапайым,  кішіпейіл  Жақсыбаев 
жаратылыс  табиғаты  тағы  да  көз  алдыңнан  көлбеңдейді.
Жазушының  соңғы  оқырман  жүрегіне  тапқан  екінші  бір  шығарма- 
сы  «Қорған»  романы.  Бүл  еңбегінде  қаламгер  бүрқ-сарқ  қайнаған  өмір

270
тынысын  байсалды  пайымдаумен  қатар  әрбір  адамның  мінез-құлқына 
кездесетін  штрихтарды  өзінің  бес  саусағындай  ашып,  көрсетіп  береді. 
Мәселен,  бұған  мысал  ретінде  романның  бас  кейіпкері  партком  хат- 
шысы  Ж андостың  бейнесін  алуға  болады.  Жазушы  көбіне  тұрмыс- 
тіршіліктің  сұрғылт  жақтарын  нақты  мысалдармен,  өрнекті  сөйлем- 
дермен  адамның  ішкі  жан-дүниесін  саралап,  жеткізе  білген.  Бұған  көз 
жеткізу  қиын  емес.  Енді  нақты  мысалға  жүгінелік:
«Қарт  үлы  мен  қызына  кезек  барып,  біраз  уакыт  бірге  түрып  қайт- 
қанын  әңгімеледі.  Көп  ашылмады.  Балалары  бөтенсіп,  жатырқансып 
калыпты.  Бәрі  де  жақсы,  бірақ  бәрі  де  сыпайы  «кет»  демейді,  бірақ 
үздігіп  те  түрған  жоқ.  Өз  үйіндей  еркінсіп  кете  алмай,  қас-қабақты 
аңдумен,  жүріс-түрысты  бағумен  карадай  шаршапты.  Өздері  бір-бірімен 
үйірілгіш ,  бүл  сол  семьяда  кірікпей  шеттей  қалады.  Бүның  берген 
тәрбиесі  басқаша  еді,  қарап түрса балаларының қүлқы  өзгеріпті.  Дүние- 
ге  қүнығу  бар...  «Міне,  осындай  ырғақты  сөйлемдер  арқылы  қаламгер 
окырманын  баурай  біледі.  Ой  қорытады.  Мүның  өзі  жазушының  шы-
найы  шеберлігін  танытады.
Бір  сөзбен  айтқанда Ахат Жақсыбаев  әлем  әдебиетінің мол  нәрінен 
сусындап,  өмірден  көп  тәжірибе  жинақтап,  терең  біліммен  қадам  бас- 
қан  жазушы.  Ол  көп  оқиды,  көп  ізденеді,  көп  түйеді.  Сондықтан  да 
оның  өмірден  алғанынан  алары  көп,  бергенінен  берері  көп  дарынды 
қаламгер  деп  білеміз. 
>  и  . 
у
:---

17.  Б А С П А С Ө З Д І Ң   А Р Д А Г Е Р   Ң А Л А М Г Е Р І
(Балтабек  Асанов)  [140]
Ж азуш ы  мен  ж урналист  -   ағайы нды   қоңыр  қаздай  баспасөз 
өмірінде  қатар,  жарыса,  жараса  жүреді.  Екеуінің  де  үстаған  қаруы -  
қалам,  екеуінің  де  парызы -   халыққа  тіл  өнерімен  қызмет  ету,  жаңа- 
лықтың  жаршысы  болу.  Біреуі  өмір  шындықтарын  әсерлеп,  бейнелеп 
толғаса,  екіншісі-күнделікті  шындық  дүбірлерін  әр  сәтте,  дер  кезінде 
шапшаң,  алғырлықпен  жаңғырту  міндетін  атқарады.
Қалам  үстаған  талапкердің  өз  тәжірибесін  газет  қызметімен  баста- 
майтыны  аз.  Ақын-жазушы  біткеннің  бастау  бесігі -   газет,  баспасөз.
Республикаға  есімі  мәлім,  байырғы  журналист  Балтабек  Асанов 
жетпіс  жасқа  толыпты  деген  хабарды  естігенде,  мені  осы  бір  ғанибет 
жайлар  ерекше  толғандырды.  (Бүл  кісі  кейініректе  қайтыс  болды).  Бас- 
пасөз  тарапында  да,  белсенді  де  жарты  ғасырға  жуық  қызмет  атқара 
жүріп,  жас  қаламгерлерге,  солардың  қатарында  жас  ақын-жазушылар- 
ға  да  қамқорлық  шарапатын  көбірек  тигізген,  оларды  баспасөзге  қыз- 
мет  етуге  баулыған  аға  журналистердің  бірі -   Балтабек  Асанов.
Бүл  пейілі  кең,  мінезі  жарқын,  инабатты  адамды  бала  жасымнан,
1926  жыл  болса  керек,  мен  Павлодардағы  балалар  коммунасы  (Дет- 
коммуна) аталатын мектептің төртінші класынан білемін.  Осы мектептің 
төртінші  класында  менімен  сабақтас  болып  Балтекең  де  оқыды.  Мен, 
үйім  қалада  болғандықтан,  үйден  кетіп  оқитын  шәкірттер  қатарында 
жүрдім  де,  Балтекеңдер  Деткоммунаның  белбаласы  болып  есептелді. 
Баянауыл  атырабында  туған  кедей  шаруаның  баласы  Балтабек  жеті 
жасында  әке-шешесінен  айырылып,  жүрдай  жетім  қалса  да,  ересек  ша- 
ғында  да  Екібастүздағы  панасыз  балалар  үйінде  екі  жыл  бойы  оқып

тәрбие  алады.  Балтакең  дейтінім -   сол  Деткоммунада  менімен  бірге 
оқыған  шағында,  менен  алты  жас  үлкендігінің  үстіне,  маған  есейген, 
байсалды  азамат  болып  көрінді.  Біздің  класта  менен  еті  тірірек,  Балта- 
кеңмен  иықтас  Рақыш  Хайруллин  (қазір  белгілі  журналист,  зерттеуші 
(Садыр  Әбішев)  кейін  партиялык  жауапты  қызметтер  аткарды)  сынды 
ересек  ағайлар  оқыды.  Сондай бір,  сақа жастардың арасындағы  кішілері 
арбакеш  Әбубәкірдің  баласы  Бекеш  екеуміз  ғана  едік.
Балтакеңнің  байсалды,  ақылды  жігіт  болип  қалғанын  сол  бала  ша- 
ғымда  аңдаған  едім.  1925  жылы  комсомол  қатарына  алынған  Балтабек 
осы  мектептің өнегелі,  белсенді  шәкірті  болды.  Менімен  сабақтас,  бірақ 
ойы  да,  бойы  да  менен  биігірек  Балтабек  Асанов,  Сабыр  Әбішев,  Ра- 
қыш  Хайруллин  жеті  жылдық  сол  мектептің  мүғалімдерімен  парапар 
үйтқысы,  көмекшісі  іспетті  болып  көрінді  балалықтан  әлі  арылмаған 
маған.  Еріксіз есіме тұсіп кетті — Бәкеңнің ағалық бір назарын сол шақта 
сезген  екенмін.  Класта  сабақ  жүріп  жатты.  Балтабектер  дәйім  алғы 
партада  отырады  да,  Бекіш  деген  досым  екеуміз  дәйім  артқы  партада 
отырамыз  (оқуға  шалағай  баланың  әдеті  ғой).  Оның  үстіне  мен  қыр- 
шын жасымнан дін мектебіне шырмалдым да есеп білімі дегенге дүмше- 
леу  едім.  Сол  сабақ  үстінде  мүғалім  мені  кенет  тақтаға  шығара  қалма- 
сы  бар  ма?  Аңдаусыз  түра  бергенімде  қойнымдағы  сарбалақ  көгершін 
пыр  етіп  үша  қалғаны  ғой.  Шалдуар  басым  бүл  кептерді  мектеп  шаты- 
рынан  таңертең  бас  салып  үстап  алып  едім.  Мүғалім  жаңылмасам,  фа- 
милиясы  Қасымов  болса  керек,  бөлмедегі  шарқ  үрған  көгершінге  бір 
қарап  алды  да,  маған  бүркіттей  шақырая  қалды.  Үрса  бастады.  Клас- 
тан  қумақ  болды.  Алда  отырған  Балтабек  сонда  орнынан  түрды  да, 
мүғалімнен  ізетпен  өтініп,  мені  арашалап  қалды.  «Калижанмен  оңаша 
сөйлесейік,  мұндай  қылығын  енді  қояр, — деп  сендірді.  Бәкең  сабақтан 
кейін  менімен  кеңесіп  біраз  ақыл  айтты.  Бұл  менің  Бәкеңмен  алған
бірінші  өнегем.
«Үлкендердің»  арасында  оқу  маған  киын  болғандықтан,  келесі
жылы  мен  орыс  мектебіне  ығыса  койдым.
Балтабек  мектепте  жүргенде-ақ  қалам  үстауға  құмар  еді.  Мектептің 
қабырға газетін шығаруға белсенді кіріскенін байкайтынбыз.  1930 жылы 
оқуын  бітіргеннен  кейін  Балтабек  Асанов  Павлодардың  «Колхоз»  атты 
газетінің  баспаханасында  корректор  болып  жұмыс  істеді.  Баспахана- 
ның  әйдік  терезесінен  мен  телміре  қарап,  шағын  столда  әріп  басылған 
қиық  қағаздарға  шұқшиып  отырған  Балтабекті  көріп  өте  білгір  болып
кеткен  екен  деп  таңданушы  едім.
272
_______________________________________________  
- ---------------------------------------------------------------------------------- ---- ----------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

273
Жас  Балтабек  содан  кейін  шырқай  жөнелді.  1930  жылы  Павлодар 
аудандық партия  комитеті  Балтабек Асановты  Қазақстан өлкелік  партия 
комитетінің қарауындағы  алты  айлық газетшілер курсына жібёрді.  Одан 
кейін  Балтабек  Алматының  жоғары  коммунистік  мектебінде  оқып  жүр 
деп  естідік.
Ал  мен  болсам  орта  дәрежелі  білім  ала  алмай,  әр  тарапқа  қол  со- 
зып  көп  сандалдым.  Ақыры  тағдырдың  айдауымен  дегендей  (расында 
комсомолдың  жүмсауымен)  1933  жылы  Павлодардағы  аудандық  «Кол- 
хоз»  атты  газетіне  қызметке  келіп  орналастым.  Газет  редакциясының 
жауапты  хатшысы  едім,  газет  бетінде  аздап  өлең,  очерк  те  жариялай 
бастап  едім.  1933  жылдың  көкек  айында  сол  газетке  редактор  болып, 
Алматыдан  Балтабек Асанов келе қалды.  Өзіміздің Балтакең, әлде мінезі 
өзгерген  шығар,  Алматыдан  окып  келді.  1932  жылдан  бері  партия 
мүшесі,  крайком  жіберген  жауапты  редактор,  оқыған  азамат  тәккапар 
шығар...  Мүмкін,  мендей  шалағайды  қызметтен  қуып  жіберер  деген 
күдік  ойлар  басымда  үршықтай  үйірілді...
Газет  жүмысы  баптануды  күтпейді  ғой.  Балтакең  келе  сала  іске 
шүғыл  кірісті.  Алдымен  түнде  алып  кетіп,редакция  папкасындағы  бар 
материалдармен  танысатын.  Ол  кезде  аудандық  газет  редакциясында 
мардымды  қандай  бір  материалдар  болсын,  шағын  деректер,  ақпар- 
лар...  Бүлардың  өзін  біз  аупарткомға  келген  колхоз  бастықтарынан, 
немесе  көбінесе  сыраханалардан  табылатын  колхоз  есепшілерінен  жол-
жөнекей  жазып  аламыз.
Балтакең  келген  шақ — Павлодар  аумағында  егіс  науқанының 
қауырт,  қызу  және  қиын  да  шағы  еді.  Қатаң  қыстан  колхоз  шаруа- 
шылығы  күйзеле  шыққан,  егіс  жүмысына  көлік  күші  жетіспейді.  Жер- 
жерде  үйымдастыру  ісінде  керенаулық,  бейберекеттік  басым.  Осы- 
ларды  әйгілеуге,  ширатуға  газет  үні  жаршы  болу  керек  қой.  Ал,  газет 
редакц и ясы н д а  ж урн али сти ка  саласы н ан   хабардары м ы з  ж алғы з 
Әлімбек  Жаңағабылов  еді,  ол  Семейге  газет  курсына  оқуға  кеткен. 
Ал  біздер, -   Төлеутай  Ақшолақов,  Әнуар  Әукенөв  болсақ -   бүрын 
қабырға  газет  төңірегінен  шыққан  жастармыз.  Алматыда  баспасөздің 
арнаулы  курсын  бітіріп  келген  партиялык  тағылымы  бар  Балтакең 
өзінің  байсалды,  білікті  тәжірибесімен  мендей  жас  қаламгерге  айтар- 
лықтай  өнегелі  әсерін  тигізді.  Газетке  ақиқат,  өтімді  хабар,  дерек 
жинап  келу  үшін  бізді  аудан  түпкірлеріне  жіберді,  газеттің  тіл  кес- 
тесін  жақсартуға  зер  салды.  Бүл  ретте  мен  Балтакеңмен  бір  сәтте  аз- 
дап  қақтығысып  та  қалдым.  Көктемгі  егіске  арналған  газет  беттерінің

274
біріне  Балтабек  маған  үран  (шапка  дейтін  еді)  жаза  ғой  деді.  Мен 
мүдірместен:  «Большевик,  егістің  карқыны  үдей  т ү с с ін ! » -   деп  жа- 
зып  көрсеттім.
— Бүның  жетпей  жатыр деді  Балтакең.  Ендеше  «Егіске  болыиевиктік 
қарқын  берілсін!» -   деп  әлгі  сөздің  жолын  өзгерте  қойған  едім,  «мүның 
да  келмейді»  деді.  Осы  тәрізді  өз  стилімде  қалыптасқан  бірдеңелерді 
қайталап  жазып  едім,  Балтакеңе  бәрі  де  үнамағаны.  Қыңырлығым  үстап 
кетті  де:  «Менің  бүдан  артық  табарым  жок,-Алматының  жоғары  оқуын 
тауысып  келген  өзің  тап !» — деп  баспаханадан  шығып  кеттім.
Баспаханаға  жалғас  салынған  сыраханада  сусындап  отыр  едім,  аз- 
дан  кейін  әдетінше  көзі  күлімдеп  Балтакең  кіріп  келді.
-  Қалижан, сенің үшінші рет жазған үраның жақсы екен, соны нөмірге 
жібердім,  сен  өкпелеген  жоқсың  ба  маған? -   деді.  Балтакең  өзгермеген 
екен,  әлі  сол  мектептегі  шәкірт  кезіндегі  ақ  көңіл,  жарқын  мінезі...  Ме- 
нен  кешірім  сүрағандай  болып  жатыр,  бірақ  акылын  да  жеткізді.  «Менің 
де  тәжірибем  аз  ғой,  газет  ісі  көп  оқуды,  фактіні  көп  білуді  талап  етеді. 
Дәйім  тапқырлық  керек.  Өткен  айда  шыққан  бір  нөмірлеріңді  аударып 
қарап  едім,  «қарқын  үдей  түссін!»  деген  үран  сонда  да  түр.  Қ айталау- 
желге  кеткен  сөзбен  бірдей», -   деп  маған  сабырмен  біраз  кеңес  берді. 
Балтабектен  алған  екінші  сабағым  сол  болды.
Сол  жылы  Балтабек  Асановты  партия  Магнитогорск  металлургия 
заводына  қызметке  жіберді.  Бүл  түста  Магнитогорскіде  қазақ  жүмыс- 
шылары  көп  болса  керек.  Партияның  тапсыруымен  Б.Асанов  қазақ 
тілінде  «Магнитогор  жүмысшысы»  атты  газет  шығаруды  үйымдасты- 
рып,  өзі  сол  газеттің  жауапты  редакторы  болып  қызмет  атқарды.  1937- 
1938  жылдары  Балтакең  Челябі  обкомының  органы,  қазақ  тіліңде  шы- 
ғатын  облыстық  газеттің  жауапты  редакторы  ретінде  Челябі  облысы- 
на  қарасты  қазақ  жүмысшыларына  партияның  ауыр  өндірісін  өркен- 
дету  тарапында  жалынды  үгітті  жаршысы  болды.Сол  жылдары  Магни- 
тогорскіде  болып  қайтқан  атақты  жазушымыз  Сәбит  Мүқанов,  Балта- 
бек  Асанов  туралы  бізге,  ақын-жазушыларға  жақсы  лебіз  сездіргені 
есімде.  Сәбең  бір  әңгімеде  (кейін  оны  естелік  етіп  жазды  да)  «Челябі 
облысындағы,  Магнитогорскідегі  қазақ  жазушылары  арасында  Асанов 
қадірлі  екен.  Ол  шығарып  түрған  газетті  жүмысшылар  ынтыға  оқиды 
екен.  Өзі  де  бір  жақсы,  ақ  жарқын  жігіт  қой.  Сірә,  жүмысшылармен 
жиі  кездесіп  түратын  болар,  мені  ертіп  қазақ  жүмысшылары  арасына 
апарды,  үйлерінде  де  қонақта  болдық,  сонда  байқадым,  газетші  Бал-
табекті  бәрі  де  үнатады  екен», -   дегені  бар.

275
Журналист Балтабек Асанов өзі редакторлык еткен газет беттерінде 
өз  қаламымен  есімдері  атырабына  әйгілі  етілген  Магнитогорскінің 
жүмысшылары  Буратаев, Досалиев,  Намазбаев  сынды  еңбек ерлері жай- 
ында  әлі  күнге  ертегідей  жыр  шертеді.  Байырғы  журналист,  еңбек 
сүйгіш  адамдардың  досы,  алғашқы  басылымдардағы  бесжылдықтар- 
дың  орасан  істерінің  үраншысы  Балтабек  Асанов -   Магнитогорскі 
жүмысшыларының  арасында  қызмет  атқарған  ол  бір  кезеңнің  өзінің 
асулы  бір  шағына  балап,  маған  талай  мақтаныш  етіп  айтқан  да  еді.
Коммунист-журналист  Балтабек  өзінің  партия  ісіне  берілген  жігер 
кайратының  идеялық  абзалдығының  арқасында  партиямыздың  зор  се- 
німіне  бөленді.  Балтабек  Асанов  Семей,  Алматы  секілді  үлкен  қалалық 
партия  үйымдарында  жауапты  қызметтер  атқарды.  Алайда  біздер, 
қаламгерлер  Балтакеңді  алдымен  баспасөздің  көрнекті  кайраткері  деп 
қадірлейміз.
Біздің барша қазақ қаламгерлерінің шарапатты  қара шаңырағы «Со- 
циалистік  Қазақстан»  газетінде  жауапты  кызмет  атқарған  шақтары 
Балтакеңді  баспасөз,  әдебиет  қауымдарына  бүрынғыдан  да  жақында- 
та,  сыйлы  ете  түсті.  1940  жылы  редактордың  орынбасары  болып  істе- 
ген  Балтабек  Асанов  партияның  қалауымен  алапат  соғыс  жылы  1942 
жылы  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жауапты  редактор  болып 
қайта оралды.  Сол сүрапыл соғыс жылдары орталық партия комитетінің 
бүл  айбынды  органы ны ң  нем іс-ф аш ист  басқы нш ы лары на  қарсы 
жүргізілген  қиян-кескі  соғыс  түсында  республика  еңбекшілерін  жау- 
ынгерлікке  жүмылдыру  тарапында,  халыққа  қаһармандық  рухты  үран- 
дау  бағытында  атқарған  қызметі  орасан  зор  екені  шексіз.  Қазақстан 
Орталық  партия  комитетінің  тапсыруы  бойынша  Балтабек  Асанов  хал- 
қының  майдан  жауынгерлеріне  арналған  хатты  үйымдастыруға,  оны 
майдан  шебіне  жеткізуге  де  үлкен  еңбек  етті.  Ал  жүртшылық,  газет 
беттерінен  майдан  жауынгерлерінің  таңғажайып  ерліктері  жайында 
талай  хикая  жырларды  да  оқып  сүйсінгені  де  белгілі.  Және  майдан  ала- 
уында,  әскери  сапта  жүрген  жауынгер  ақын-жазушылар,  журналистер 
«Социалистік  Қазақстан»  беттерінен  өлеңдерімізді,  очерктерімізді  де 
жиі  оқып,  газетке  зор  разылық  білдірген  едік.  Партия  басшылығымен, 
редакцияның  шымыр  үйымдасқан  шебер  қаламгерлерінің  творчество- 
лық  күшімен  жалаудай  жарқырап  шыққан  осы  газет  беттерінің  соңын- 
да -   редактор  Б.Асанов  деген  есім  түрар  еді.  Сөз  жоқ,  соғыс  жылда- 
рында жауынгерлік рухпен жар  салып тараған  «Социалистік  Қазақстан» 
газетінің  игі  істерінде  оның редакторы  Асановтың  қосқан  үлесі  аз  емес.

Балтакең  бұл  қызметте  1949  жылға  дейін  қызмет  атқарды.  Май- 
дан  алаптарынан  асыға  оралған  ол  тустағы  жас  қаламгерлер — біздер 
есігін  жиірек  қағатын  едік.  Газеттің  жауапты  редакторы  Б.Асанов  бізге 
редакция  есігін  ашып,  газет беттерінде  шығармаларымыздың жарқ етуі- 
не  кең  өріс  берді.  Мен,  менің  қаламдас  достарым  Қасым  Аманжолов- 
тың,  Ғабдол  Слановтың,  Жұмағали  Саинның  тағы  басқаларының  аузы- 
нан  редактор  Асановқа  деген  ризалық  лебізді  жиі  естіген  едім.  Көпте- 
ген  қаламгерлердің  газет  қызметкерлерінің  өеіп-жетілуіне  де  Балтабек 
Асанов  еткен  ағалық  көмегі  де  аз  емес.  Солтүстік  Қазақстанда  шыға- 
тын  «Ленин  туы»  газетінде  7—8  жылдай  жауапты  редактор  болып  қыз- 
мет атқарған  Балтабектің редакция  қаламгерлері  ісіне,  кісілігіне  сүйсіне
дәйім  еске  алып  отырады. 
1 **'  'ц-'•'  ^
Партиялық  инабаты  биік,  совет  баспасөзіне  аянбай  келелі  еңбек
еткен,  партия  совет  қызметтерінде  жігерлі,  абыройлы  жүмыс  атқарған 
Балтабек  Асанов  партия  мен  үкімет  тарапынан  елу  жылға  созылған 
еңбегіне  зор  баға  да  алды.  Балтакеңнің  тарлан  тартқан  кеудесінде 
«Еңбек  Қызыл  Ту»,  «Қүрмет  белгісі»  ордендеріне  қоса  бірнеше  даңқ 
медальдары  жарқырайды.

277

1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал