Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет24/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

14.  Е Ң Б Е К П Е Н   К Е Л Г Е Н   БА Қ Ы Т
(К,алмүңан  Исабаев)
Мен  осы  бір  қушыкес  тілді,  бала  мінезді,  терең  ойлы  жазушыны 
көрген  сайын  ойға  қалам.  Бала  кезінен  әдебиетке  ғашық  болып,  сол 
ойын  жүзеге  асыру  үшін  талай  ыстық  пен  суықты  басынан  кешірген, 
туған  жерінің  тең  жарымын  жаяу  аралап,  небір  қүнды  шығармалар 
жазған,  I  пайыз  талантын  99  пайыз  еңбегімен  жандандырған  нағыз  ха- 
лық  жазушысы  ғой  Қалекең.
Тікелей  оқытушылық,  зерттеушілік  және  ғылыми  жүмыстарыма 
байланысты  соңғы  жылдары  маған  Қалмүқан  Исабаевтың  ертеректе 
шыққан  және  соңғы  жылдары  жазылған  көптеген  еңбектерімен  жақы- 
нырақ  танысу  сәті  түсіп  жүр.  Негізінен  тарихи  және  әлеуметтік-эко- 
номикалық,  шаруашылық  мәселелеріне  қалам  тербейтін  бүл  қалам- 
гердің  кітаптарында  қызылсөздік  пен  шарттылықтан  гөрі  шындық  пен 
нақтылық  басым. 
| Я
11
 - 
й
-
=
 г--8
Қ.Исабаев  жазушылық  жолын  әскери  тақырыптан  бастаған  қалам- 
гер.  Осы  тақырыпта  оның  1959  жылы  «Баян»  атты  түңғыш  әңгімелер 
жинағы,  Рахметолла  Райымқүловпен  бірігіп  жазған  «Ашынған  жандар» 
атты  пьесасы,  1961  жылы  «Ажал  қүрсауында»,  1963  жылы  «Бетпе- 
бет»  романдары,  соңғы  екі  кітап  1975  жылы  «Жолдас  комендант»  де- 
ген  атпен  қайта  басылып  шықты.
Өзі  қүрыптас қүрдастары сияқты  Қалекеңнің де жастық шағы  қиын- 
қыстау  Үлы  Отан  соғысы  жылдарына  сәйкес  келді.  Алдымен  1941 
жылдың  күзінде  үлкен  ағасы  Зармүқан  әскерге  алынды.  Одан  соң  1942 
жылдың  көктемінде  әкесі  Әлиді  еңбек  армиясы  қатарына  шығарып  сал- 
ды.  Үшінші  кезек  өзіне  келді.  1943  жылдың  қаңтар  айында  10  сынып 
партасынан  майданға  шақырылды.  Сөйтіп,  бір  шаңырақтың  бар  еркек

кіндігі  әскерге  алынып,  соңдарында  тілеулерін  тілеп  жалғыз  шешелері 
Мақпуза  қалады.
Содан  он  жылдан  астам  өмірін  әскери  қызметте  өткізген  жауын- 
гер  елге  1954  жылы  ғана  оралады.  Міне,  осы  он  жылдың  ішінде  Қ.Иса- 
баев  қатардағы  жауынгерден  офицер  дәрежесіне  дейін  көтерілген.  1948 
жылдан  Германияның  Ильменау  қаласында  комендант  болады.  Осын- 
да  жүріп  өзінің  өмір  бойғы  арманын  жүзеге  асыра  бастайды.  Бүл  тура- 
лы  жазушының  өзі  осыдан  25  жыл  бүрын:  «Бүл  қала  маған  әрқашанда 
ыстық  болып  көрініп  түратын  болады.  Жазушылықтың  алғашқы  азап- 
тарына кездесіп,  ой тежеліп  қалғандай уақытта тысқа  шығып,  осы  қала- 
ның  самалы  қүшағына  алып,  жас  қиялға  қанат  бітірген  еді.  Менің  ба- 
лаң  ойларым  осы  қалада  қағазға  түсірілді.  Яғни,  алғашқы  еңбектерім 
осында  жөргекке  бөленді.  Сондықтан  да  бүл  қала  өмірбақи  менің  есім- 
де  жүрмек», -   деп  жазыпты  күнделігінде.
Иә,  Қ.Исабаевтың  жазушылық  қызметке  келу  жолы  да  қызық.  Бүл 
туралы  оның  «Бақытты  сәттер»  атты  өмірбаяндық повесінде жан-жақты 
толық  қамтылған.  Әйтсе  де  біздер  жазушы  туралы  өз  әңгімемізді  сол 
штрихтан  бастағанды  жөн  көріп  отырмыз.
1954  жылы  әскер  қатарынан  босаған  ол  1955  жылдың  жазында  сол 
кездегі  С.М.Киров  атындағы  мемлекеттік  университеттің  филология 
факультетіне  сырттай  оқуға  түседі  де  үлкен  қиыншылықпен  «Социа- 
листік  Қазақстан»  газетінің  редакциясына  әдеби  қызметкер  болып  ор- 
наласады.  Бүл  арада  оған  Рахметолла  Райымқүлов  пен  Зейнолла  Қаб- 
доловтардың  көмектері  көп  тиеді.  Осы  кезде  Қ.Исабаевтың  «Әдебиет 
және  искусство»  журналында  «Қазақ  вальсі»,  «Шаруа  бақыты»,  «Оның 
тағдыры»,  «Эльбаның  ашуы»,  «Қыз  қүпиясы»  атты  әңгімелері  бірінен 
соң  бірі  жариялана  бастайды.  Сөйтіп,  осылардың  нәтижелері  ретінде 
1959  жылы  жазушының  түңғыш  «Баян»  атты  жинағы  жарық  көреді.
«Социалистік  Қазақстан»  газетінде  алты  жыл  қызмет  істеген  жа- 
зушы  1961  жылы  «Ертіс-Қарағанды»  каналы  қүрылысына  творчество- 
лық  жүмысқа  ауысады.  Оның  Ертіс-Қарағанды  каналы  сияқты  су  жо- 
лынан  алынған  алғашқы  шөміш  топырақ  жөніндегі  репортажы  «Соци- 
алистік  Қазақстан»  газетінің  1962  жылғы  1  шілде  күнгі  санында  «Ка- 
налды  бастағандар»  деген  тақырыппен  жарияланады.  Қ.Исабаев  жал- 
пы  өзіне  үлкен  жазушылық  қызметтің  ізашар  бастамасы  болған  аға  га- 
зет  туралы:  «Мамандық  атаулыдан  жүрдай,  орта  да  білімі  жоқ,  қабі- 
леті  ешкімге  де  белгісіз  бүрынғы  солдатты  жылы  қүшағына  алып, 
ағалық  ақылымен  рухымды  байытқан,  көп  нәрсеге  көзімді  ашқан  «СҚ»

258
газеті  аппаратынан  партияға  мүше болып,  қолыма диплом  тиісімен  шы- 
ғып  барамын.  Әрине,  өкінішті-ақ.  Алайда  Бүкілодақтық  дәрежеде  са- 
лынайын  деп  жатқан  қүрылыс  менің  «бірер  жыл  бөгеле  түрыңдаршы 
дегеніме»  қүлақ  асар  ма?
«Социалистік  Қазақстан»  маған  күнделікті  өмірде  алдымен  неге 
назар  аударуды ,  ойды  ш үғы л  дам ы туды ,  қолдағы   деректерді  сөз 
бүйдаға  салмай  дереу  қағазға  түсіруді,  өзіме  үзақ  жылдар  бойы  қол 
үзіп  кеткен  ана  тілімді  жетілдіріп,  нақыштауымды,  аз  сөзбен  көп  ой 
айта  білуімді,  кіммен  қалай  сөйлесуімді  үйретті.
Қаламмен  қаруланғаныма  қырық  жылдан  асқан  екен.  Бүгінде  мен 
жиырмадан  астам  кітаптың  авторымын.  Мені  осындай  дәрежеге  жет- 
кізген  университетім  «Социалистік  Қазақстан» -   деп  толғанады.
Ал,  жазушыны  Ертіс-Қарағанды  каналы  туралы  шығарма  жазуға 
итермелеген  сол  кездегі  Қазақ ССР  Ғылым  Академиясының Президенті, 
академик  Қаныш  Сәтбаев  екендігі  белгілі.  1961  жылдан  болашақ  канал 
бойын  алдымен  жаяу  аралап  шыққан  Қ.Исабаев  қашан  канал  қүрылы- 
сы  аяқталғанша  одан  байланысын  үзбейді.  Бүл  туралы  жазушының  өзі: 
«Жаяу  сапардан  жазған  күнделігім  «Қызыл  ту»,  «Социалистік  Қара- 
ғанды»  газеттері  мен  «Жүлдыз»  журналында  жарияланып,  қүрылыс 
басталған  жылы  «Арман  арнасымен»  деген  атпен  жеке  кітап  болып 
шықты», -  деп  еске  алады  бүгінгі  күн.  Жалпы,  жазушы  бүл  қүрылысқа 
арнап  екі  тілде  жүзден  астам  очерк  пен  проблемалық  мақалалар,  сегіз 
кітап  жазған.  Соның  нәтижесі  «Өткелде»,  «Өрде»,  «Арна»  деп  атала- 
тын  үш  романнан  түратын  «Өсиет»  деген  трилогия.
Қ .И сабаев  бүдан  соң  тарихи  тақы ры птарға  ден  қоя  бастайды. 
1967  жылы  оның  «А йқы з»  ром аны ны ң  алғаш қы   варианты  жарық 
көрді.  1977  жылы  толықтырылып  қайта  басылып  шығады.  Ал  1981 
жылы  «Советский  писатель»  баспасы  арқылы  орыс  оқырмандарына 
жол  тартады.  Бүл  арада  жазушының  қазақтың  ержүрек  әйелінің  бей- 
несін  жасау  жолындағы  қыруар  еңбегіне  тоқталмай  өтпеуге  болмай- 
ды.  Бүкіл  Аякөз  өңірін  аралап,  басты  кейіпкеріне  қатысты  деректерді 
там-түмдап  жиып  жүріп,  оқырман  көңілінен  шыгатындай  тамаша  шы- 
ғарма  жазып  шығарған.
Жазушының  екінші  бір  тарихи  еңбегі  «Соңғы  ерлік»  деп  аталады. 
Онда автор белгілі  чекист  Серікқали  Жақыповтың қиын  да күрделі  емір 
жолы  туралы  сыр  шертеді.  Тарихи,  нақты  деректерге  сүйене  отырып, 
кезінде  нақақтан  жазаланып,  халық  жауы  атанған  аяулы  азаматтың 
есімін  ел  арасына  қайтарып  әкеледі.

259
Кезінде  Қ.Исабаевтың бұл  кейіпкеріне  «1918  жылдың мартында Каз- 
таловкада  совет  өкіметінің  жеңісін  ұйымдастыруға  Астраханнан  барған 
Панасюк  деген  большевикті  бай-көпестерге  ұстап  беріп  атқызған...»
«...1919  жылы  бес  мың  атты  казагы  бар  Анохин  деген  атаман  Ор- 
даға  жақындап  қалғанда  Жақыпов  қаланы  қорғаудан  қашып  кетті.  Осы- 
ған  қарағанда  оның  атаманмен  жеңұшынан  байланысы  болса  керек...»
«...1920  жылдың күзінде  Панченко,  Нестеров  және  С.Жақыпов  Каз- 
таловка  уезін  талан-таражға  ұшыратып,  тонауға  кірісті...»
«...1921  жылы  ВЧК-ға  Жақыпов  Серікқали  мен  Ізбасаров  Жұмаға- 
лиды  тұтқындап,  Хан  ордасына  жеткізіп  берулері  жөнінде  телеграмма 
жіберіп  едік,  ол  екеуі  бұл  жерден  де  құтылып  кетіпті...»
«...1924  жылы  Жақыпов  Гурьев  уездік  партия  комитетінде  ұйым- 
дастырушы  секретарь  боп  істегенде  уком  құрамына  кілең  Беріш  руы- 
нан  шыққандарды  сайлаған...»
«...1927  жылы  Жақыпов  Казталовка  аудандық  партия  комитетінің 
бірінші  секретары  болып  жұмыс  істеп  жүрген  кезінде  «Үшқын»  деген 
ауыл  шаруашылық  артелін  үйымдастырып,  оған  мүшелікке  конфиска- 
циядан  сақтап  қалу  үшін  кілең  байларды  алған...»
«Жақыпов  Казталовка  аупарткомының  бірінші  секретары  боп  істеп 
жүрген  кезінде  Аязбаев  Ерғали  деген  атышулы  қарақшыны  қанаты- 
ның  астына  алып,  милицияға  бандылық  істерден  ада,  алайда  өзіне  үна- 
маған  адал  адамдарды  түтқындауды  бүйырған...»
«1930 жылы монах киімін киіп,  Орта Азиядан Қытайға қарай қашып 
бара  жатқан  бүрынғы  патша  армиясы  офицерлеріне  Жақыпов  Совет 
паспортын  алуға  көмектескен...  »  деген  ойластырылған  жалалар  жабы- 
лып,  қайран  ерді  нәрін  сорып,  сыртқы  сауытын  өрмекшінің  торына
лақтырып  тастағандай  қылған  екен.
Бүл  туралы  жазушы  «Коммунист-чекист  өмірін  ой  сарабынан  тағы 
да  бір  рет  өткізіп  қарасам -   өңкей  күреспен  өткен  күрделі  де  тағылым- 
ды  өмір  екен.  Ал,  1937  жылғы  оқиғаға  қарсы  ш ы ғу ы -  өзінің  де  барар 
жерін  біле  түра  жасаған  «Соңғы  ерлігі!».  Кітапты  да  осылай  атауды 
жөн  көрдім.  Алайда,  ол  уақыт  жөнінде  жазатынымның  өту-өтпесі  екі 
талай  болса  да,  «алып  тастаса  да  кітаптың  басқа  жағына  нүқсан  кел- 
месін»  деген  оймен  Жақыповтың  соңғы  ерлігін  соңғы  тарау  ретінде 
қостым.  Шамалағанымдай,  «Соңғы  ерлік»  повесі  1971  жылы  соңғы  та-
рауынсыз  жарық  көрді.
1972  жылдың  көктемінде  кенеттен  маған  Қазақстан  Компартия- 
сы  Орталық  Комитеті  М әдениет  бөлімінің  сол  кездегі  қызметкері

260
Устинов  Альберт  телефон  соғып,  кіріп  шығуымды  сұрады.  Бардым. 
«Соңғы  ерлік»  кітабының  үстінен  арыз  түскен  екен.  Арызда  Серікқали 
Жақыповтың  көркем  шығармаға  кейіпкер  бола  алмайтынын  дәлелдеу 
үшін,  осы  зерттеу  очеркімнің  бас  жағына  келтірген  «қылмыс»  тізімін 
жазып  шығып,  астына  1919,  1920 жылдардан  партия  мүшелері екендігін 
атап  Серікқалидың  он  шақты  жерлесі  қол  қойыпты.
-   Партия  тарихы  институты  жанынан  комиссия  қүрылады.  Сен 
оларға  қай  деректі  қайдан  алғаныңды  тізіп  бер, -   деді  Устинов.
Мен  ешкімге  де  ештеңе  бермейтінімді  айттым...
Келесі  жылы  Устинов  үйге  телефон  соғып,  комиссияның  «Соңғы 
ерлік»  повесінің  бүдан  былай  да  өмір  сүруге  правосы  бар  кітап  екенін 
анықтағанын  айтып  қуантты...  », -   деп  еске  алады  [139].
Өстіп  тарихи  тақырыпқа  қалам  тартып,  жол  салған  Қ.Исабаев  енді 
тарихи  роман  жазуға  дайындық  жүмыстарын  жүргізе  бастады.  Алғаш- 
қы  барлау  ретінде  ол  «Жүлдыз»  журналының  1975  жылғы  сәуір  айын- 
дағы  санында  «Шоң»  деген  деректі  повесін  жариялайды.  Оны  оқыр- 
ман  жылы  қабылдаған  соң  бірнеше  кітаптан  түратын  осы  аттас  роман 
жазуға  отырады.  Оның  «Серт»  деген  алғаш  кітабы  1982  жылы,  «Шоң 
би»  деп  аталатын  соңғы  үшінші  кітабы  1993  жылы  үш  кітаптан  тұра- 
тын  трилогия  ретінде  оқырман  қолына  тиеді. 
^
Бұл  кітаптың  жазылу  тарихы  да  қызық.  Үнемі  зерттеу  жүмысымен 
жүретін  Қ.Исабаев  60  жылдардың  басында  Ғылым  Академиясының 
кітапханасынан  XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  Омбы 
қаласынан  орыс  және  қазақ  тілдерінде  шығып  түрған  «Дала  уалаяты- 
ның  газетін»  оқиды.  Оны  әсір есе  осы  басы лы мны ң  Баянауылдың 
тілшілері  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Аббас  Айманов,  Әміре  Нөгербеков- 
тардың  материалдары  қызықтырады.  Оның  ішінде  «Атақты  Шоң  бидің 
немересі»  деген  анықтаманың  беріліп  отырылуы  жазушыны  үлкен  жа-
уапты  іске  бастайды.
Бұл  туралы  Қалекеңнің  өзі:  «Шоң  жөнінде  400  беттей  архив  мате- 
риалдарын  жинаппын.  Бұл  беттерге  қазақ  тарихында  елеулі  орын  ала- 
тын  жылдардың  қыруар  оқиғалары  тіркелген.  Соларды  қайта  жинақ- 
тап,  ой  сарабына  салған  кезімде  кемеңгер  адамның  келбеті  көз  алдыма
келді.  Ол: 
I

  н•-.<:
-  Қазақта алғашқылардың бірі болып хан билігін мансұқ еткен екен.
-   Халық  бірлігін  көксеп,  «боліп  алда,  билей  бер!»  үранын  көтеру- 
шілерге  ырық  бермеу  үшін  үсақ  рулардың  басын  түтас  одаққа  косқан 
екен.  Яғни,  «Төртүлы  одағын»  алғаш  XVIII  ғасырдың  басында  Шор-

манның  атасы  Сәти  жасаған  болса,  оны  заманына  сай  кайта  қүрған
Шоң  екен.
-   Қазақ  халқының  болашағын  орыстарға  жақындасудан  көрген  екен.
-   Халық  арасына  діннің  жайылмауына  күш  салған  екен  (338  қоры- 
ның  795  папкесінің  23  бетінде  Шоңның  Баянауылға  мешіт  салуға  ар- 
налған  қаржыны  диірмен  салуға  жүмсағаны  айтылған).
-   Патша  бекіткен  уставының  темірдей  катаң  бабтарын  бүздырып, 
қазақта  қарадан  түңғыш  аға  сүлтан  болған  екен...
-   Шоң  халықтың  үмыт  болған  кемеңгер  үлдарының  бірі  екен.
Ендеше  ол  жөнінде  кітап  жазуға  әбден  болады.  А  дегеннен  роман-
нан  бастау  әбестік  болар.  Шоң  есімінің  біреу  болмаса,  біреудің  қүла- 
ғына  түрпідей  тиюі  мүмкін.  Сондықтан  да  оны  жүртшылыққа  әуелі 
шағын  жанрда  таныстырып  алған  жөн  бе,  қалай?
Қолымда  бар  материал  негізінде  «Жүлдыз»  журналының  1975  жыл- 
дың апрель айына «Шоң» атты деректі  повесть жарияладым. Халық жылы 
қарсы  алды.  Ендеше  роман  да  жазуға  болады  екен.  Осы  зертгеуде  жау- 
ап  берілмеген  сүрақтар  қалды.  Шоң  өмір  сүрген  уақыт  тарихындағы 
аса  бір  күрделі  кезең.  Осы  ерекшеліктерді  көрсетуге  арналған  кітаптан 
оқырман сол сүрақтарға да жауап  алып  қалар.  Ол романның бірінші  кіта- 
бы  «Серт»  деген  атпен  1982  жылы  оқырман  қолына  тиді  де», -   деп  жа- 
зады  өзінің  «Ханға  қаны  қас  Шоң»  деген  эссе-әңгімесінде.
Жоғарыда  біздер  Қ.Исабаевтың  еңбектерінде  қызылсөздік  пен  шарт- 
тылықтан  гөрі  шындық  пен  нақтылық  басым  деп  тегін  атағанымыз  жоқ. 
Себебі,  бүл  жазушы  қай  тақырыпты  қолына  алмасын,  ең  алдымен  оны 
терең  сүзгіден  өткізеді.  Яғни,  алдын-ала  зерттеу  жүмыстарын  жүргізеді. 
Көп  уақытын  жолда,  архивтерде,  адамдармен  кездесумен  өткізеді.  Мәсе- 
лен,  бүл  түрғыда  оның  «Совхоз  ақын  атында»  және  «Қазына  тапқан 
адам»  деген  деректі  әңгімелерін  атауға  болады.  Алғашқы  еңбекте  Алек- 
сандр  деген  көпестің  атымен  аталған  шаруашылыққа  Сүлтанмахмүт 
сынды ақынның атын бердіру үшін басқа да ақын, жазушылармен  Қ.Иса- 
баевтың  да  бір  кісідей  тер  төккенін  байқауға  болады.
Ал,  «Қазына  тапқан  адам»  деп  аталатын  екінші  очеркінде  болса 
жазушы  Екібастүз  көмірін  ашқан  жерлесіміз  Қосым  Пішенбаев  туралы 
бір  кітапқа  жетерлік  дерек  жинап,  соны  енді  көркем  дүниеге  айналды- 
ру  жолында  жүмыс  істеп  жатқанын  сөз  етеді.
Осымен  қатар  жазушымыз  ауыл  шаруашылығы  тақырыбын  да 
жете  меңгерген.  Оның  кезінде  республикамыздағы  диқандар  өмірін 
көрсету  үшін  қартайған  шағында  Солтүстік  облыстарының  бірінде

комбайншы  болып  жүмыс  істегенін  де  білеміз.  Бүл  туралы  жазушы- 
ның  өзі.  «Менің  көзім  көп  нәрсеге  жетті.  Егін  орағында  көріп-білген- 
дерім  пьесаның  бүрынғы  қанқасын  бүзып,  мүлде  басқа  жолға  салған- 
дай  және  болашақ  комедия  кейіпкерлерін  енді  ғана  толық  көргендей 
болдым.  Объектіні  сыртынан  шолып,  сандар төңірегінде  ғана сөз  қозғау 
мәселеге  терең  үңілгендік  емес  екен.  Енді  менің  көз  алдымнан  Ерей- 
ментау  сілемінің  ой-қырлары  кетпеді.  Кетпеді  деген  аз-ау!  Сол  қыр- 
ларда,  онда  еңбек  қазанын  қайнатушылар-басыма  тың  ойлар  салып,
қаламымды  жетектеді  де  отырды.
Сөйтіп,  «Десант»  деген  комедия  дүниеге  келді.  1983  жылы  Қазақ 
ССР  Мәдениет  Министрлігі  пьесаларға  жабық  конкурс  жариялап  жа- 
тыр  екен.  Мен  де  қостым  бәйгеге  «Десантымды».  Бес  айдан  кейін  кон- 
курс  нәтижесі  жарияланды.  Алпыс  шақты  пьесаның  конкурсқа  түскен 
алтауы  жүлдеге  іліккен.  Бірі  менің  «Десантым»  болып  шықты.
Осылай  менің  еңбегім  ақталды.  Бүгінде  «Десант»  республика  те- 
атрларында  қойылып  жүр.  Өмірмен  қоян-қолтық  араласып  жазғанга
не  жетсін!» -   деп  еске  алады.
Бүл  күндері  жетпістен  асқан  жазушының  әлі  де  болса  бергенінен
берері  көп 
дегі 
білеміз.  Оған  Қ.Исабаевтың өзінің де,  басқаның да, сүйіп 
окитын  калың  окырманының  да 
күмәні 
жоқ.
15.  АК,ЫН,  К Ү Р Е С К Е Р ,  &ОҒАМ  & А Й Р А Т К Е Р І
(Олжас  Сүлейменов)
Тоталитарлық  жүйенің  айтканына  конбсй,  айдауына  жүрмеген 
акындардың  бірі  — Олжас  Сүлейменов.  Орыс  тіліндс  калам  тартса  да, 
қазак  үшін  үлан-ғайыр  еңбек  еткен  акын  жүрегінсн  небір  күнды  дүние-

263
лер  туды.  Жалпы,  бостандыққа  үмтылған  поэмалар  туралы  сөз  қозға- 
ғанда,  біз  екі  нәрсені  өзек  етуіміз  керек  және  ол  екеуі  бір-бірінен  ажы- 
рамастай  монолиттік  бірлікте  қаралуға  тиіс.  Ең  бірінші -   соцреализм 
аясына  симайтын  шығармалар  туғызу  оның  авторының  орасан  күрес- 
керлігін  көрсетсе  керек.  Екіншіден,  қоғамнан  беті  қайтып,  тауы  ша- 
ғылмаса  да  тоталитарлық-бюрократтық,  империялық  үстемшілікке  қар- 
сы  түрып,  нағыз  шындықты  айту  жолында  күрескен  ақындар  үшін  дәл 
сол  кездегі  өмірді  тікелей  жырлаудан  гөрі,  оны  өз  халқынын  айбаты 
мен  берекесі,  өткен  тарихы  арқылы  жырлау  анағүрлым  тиімді  еді.
1976  жылы  17  шілдеде  Қазақстан  КПОК-і  бюросының  «О.Сүлейме- 
новтың  «Аз  и  Я»  кітабы  туралы»  қаулысы  шығып,  коммунистік  интерна- 
ционалистік  идеяға  жат  деп  бағаланған.  Сөйтіп,  «Аз  и  Я»  кітабы  үшін 
оның  авторының  халық  алдында  «кешірім  сүрауына»  тура  келді.  Алайда, 
бүл  қолдан  жасалған  өктемдік  еді.  «Мен  өз  тарапымнан  ашық  хат  жария- 
лап, оны мәжіліс басталар алдында бюро мүшелеріне таратуды жөн көрдім. 
Жобаның  баспагерлер  туралы  түстары  өзгерген  екен.  Қателіктерімді 
түсінгенімді  жариялату  мақсатымен  бюродан  кейін  бүл  хаттың  қысқар- 
ған  нүсқасын  хатшыға  үсындым.  Газеттер  оны  басқа  мазмүнмен  жария- 
лады.  Сөйтіп,  редакторлар  мен  үшін  зая  тер  төгіпті.  Маған  жапқан  жала- 
дан  тазарамын  деген  әрекетім  жел  боп  үшты.  Бүгінде  Орталық  Коми- 
теттің  архивінен  ашық  хаттың  нүсқасы  табылды», -  деп  жазды.
Міне,  тоталитарлық жүйе  өзі  көнбесе  де,  иіп  «көндірді»,  оның  аты- 
нан  сөз  сөйледі.  Алайда,  өктемшіл  өкімет  қанша  аузын  бууға  тырысса 
да  ақын  күрескерлігін  түншықтыра  алмады.  Империялық  саясаттың 
ықпыл-жықпылына,  бақай  есебіне  қынжыла  отырып  ақын  «дәйексіз, 
өз-өзінің  жер-жебіріне  жеткен  автордың  жалыну-жалбарыныш  хаты, 
біріншіден  қаламын  қару  еткен  жанның  басына  бүлт  үйірілгендіктің 
белгісі  деп  табады», — деп  жазды.  Көпе-көрнеу,  зорлық-зомбылыққа 
көнбеген  ол,  ғасырлар  жарысып  келе  жатқан  екі  ауық -   зорлық  пен 
бостандыққа  үмтылушылардың  біріне — Мүраттар  мен  Дулаттар  сал- 
ған  сара жолға түседі.  Мыңдаған жылдық тарихы  бар  халқының өткенін 
аңсап,  оның  басқа  халықтармен  терезе  теңестірген  іргелі  мемлекет бол- 
ғанын  орыс  тілінде  жырлады.
Лица у   нас  безбородные,  как у   скдпцев,
Мы  в  страсти  верблюжных  самцов,
Вечные  беглецы,
Мы  бежим  от  судьбы,
Гоняя  перед  собой

Стада  смятенных  персов 
Мы  зачати  на  Иртыше,
Рождени  на Дону,
 
:  ^
Мы  не  помним  где  Родина,
Знаем  только  это  войну,
Бесконечное  совокупление  света  и  тьмы,
Но  это  главное,  ибо 
Коренастые  сложением  мы,
Правосудием  словны!
Ассирияда  28  жыл  бойы  билік  күрған,  «Тарих  атасы»  Городоттың 
өзі  жазып  қалдырған  Мәдінің  атасы  Ишпакай  заманына  сүңгіді.  Бүл 
бүгінгі  үрпағы  біз  болып  табылатын  Ассирия,  Мысыр,  Индия,  Бабыл 
т.б.  елдеріне  ықпал  еткен  тарихын  қолдан  тереңдету  емес  еді.  Бүл -  
біздің  дәуірден  бүрын  өмір  сүрген  шумерлер  мен  ашшумербаниалдық 
сына тақталарында  «Гильгамеш»  туралы  Қыш  кітапта  сақталып  бүгінге 
дейін жеткен  нақты дерек.  Тек оны Олжасқа дейін  ешкім жеткізген жоқ. 
А қынның  іздемпазды ғы   арқасы нда  сол  кезде  қолға  түсуі  екіталай 
түпнүсқаларды  түгел  ақтаруға  тура  келді.
Осындай  қиыншылыққа,  1953  жылдың  наурыз  шешіміне  карамас- 
тан  Олжас  Сүлейменов  қаламынан  тарихи  тақырыпқа  жазылған  поэма- 
лар  туралы  сөз  қозғағанда  «Қыш  кітабына»  тоқталу  қажет.  Жалпы, 
Олжас  туындылары  аса  күрделі  де  сан  қырлы,  сондай-ақ,  үшан-теңіз 
білімі  мен  еуропалық  және  шығыс  өлең  өнерінің  техникасын  толық  әрі
шебер  меңгерген.
«Қыш  кітап»  өзінің  білім  деңгейімен,  еуропалық  мәдениетімен  казіргі 
қазақ  поэзиясындағы  оқшау  дүние.  Олжас:  «Орыстар  XIX  ғасыр  сияқты 
алтын  ғасырды  бастан  кешті.  Ал  қазақтар  XIX  ғасырдың  да,  XX  ғасыр- 
дың да жүгін  арқалауға мәжбүр  болып  қара терге түсіп келеді.  Қазақ өлеңі 
оқуға  арналмаған,  естуге  қүрылған» -   дейтіні  сондықтан.  Өйткені,  ақын 
орыс  поэзиясынан,  еуропалық үлгідегі  поэзиядан  өсіп  шыққан.  Оның орыс 
мектебін  бітіруі,  оның  өткен  тарихын  білудің  бірден-бір  көзі  жылнама- 
лармен,  бір  сөзбен  айтқанда,  қадым  заман  тарихшылары  шығармалары- 
ның  түпнүсқасымен,  «Інжіл»,  «Гильгамеш»  туралы  дастан  сияқты  көмбе- 
мен  танысуы  оның  әдеби  аренада  жарқ  етіп,  жүрттан  бүрын  шығуына 
мүмкіндік  берді.  Сондықтан  әлем,  қала  берді  орысәдебиеті  топырағынан 
шыққан  Олжас  шығармаларының  көш  ілгері  түруы  заңдылық.
«Қыш  кітап» -   көркемдігі,  философиясы  жағынан  аса  биік,  этног- 
рафиялық  жағынан  соңы,  орындалуы,  техникасы  жағынан  шебер  шы-

265
ғарма.  Тарихи  тақырыпты  қозғағанмен  автор  оны  фон  ретінде  алып, 
бүгінгі  күннің  шындығын  айтуға  тырысады.  «Қыш  кітап»  поэмасы 
бүдан  3000  жыл  бүрынғы  оқиғалар  мен  қазіргі  заманды  жалғастыра- 
тын  да,  жалғастырған  да  алтын  көпір  іспетті.
Бүл  жай  ғана  уақытша  қабыстыру  емес,  бүл  генетикалыық,  этно- 
графиялық  негізі  бар  көшпенділер  үрпағының  байланысы.  Автордың 
негізгі  идеясы -   қазақ  тарихының  да  терең,  оның  әлемдік  өркениетке 
өз  үлесі  бар  екенін  айту.  Енді  автордың  осы  ойын  жеткізу  шеберлігі 
қандай,  соғон  тоқталайық.
Осы  орайда  поэманы  үш  түрғыда:  тарихи  шындық,  философия- 
лық,  көркемдік  жағынан  қарастырамыз.  Тарихи  ш ы н д ы қ -  поэманың 
алтын  өзегі,  онсыз  (деректерсіз)  ақынның  ойы  іске  аспаған  болар  еді. 
Поэмадағы  кейіпкер  өмірде  болған,  аты  тасқа  қашалып  тарихын  шың- 
даған  адам.  Ал,  дастанға  өзек  болған  халық-скифтер  мен  оғыздардың 
ежелгі  Ассирияға,  қазіргі  Қазақстан  территориясынан  қоныс  аудар- 
ды  деген  болжам  бүгін  ғылыми  түрде  расталып  отыр.
Бүл  түрғыдан  алғанда  автормен  білім  жарыстыратын  ғалымдар  аз 
шығар.  Түркілер,  оның  ішінде  қазақ  тарихын  мыңдаған  жылдарға  ал- 
ғаш  рет  ілгері  жылжытып,  біздің  ата-бабаларымыздың  әлемдік  өрке- 
ниетке  қадым  замандарда-ақ  ықпал  еткенін  ең  бірінші  рет  мүқият 
дәлелдеген  Олжас  Сүлейменов.  Автор  тарихи  деректерді  ойнатып,  ло- 
гикалық  жүйемен  жақсы  колдана,  қорыта  білді.
Олжас  поэмасы  мүлдем  бөлек,  терең  дүние.  Оны  бір  оқып  шығып 
түсінем  деу  қате,  өйткені  поэманы  түсіндіретін  түйін  шығарманың 
аяғына  дейін  жасырын  үсталады,  не  мүлдем  айтылмай  салмақ  оқушы- 
ның  өз  түсінігіне,  білім  дәрежесіне,  сана  саралығына  қалдырылады. 
Ал,  поэма  түсініп  отырған  адамның  білімін  шыңға  көтеріп  тастайды. 
Автор  оқушыны  өзімен  тең  үстайды,  поэма  сондықтан  қарапайым 
оқушыға  шашыраңқы,  ауыр  көрінеді.
Кеше  ғана  өткен  10  жылдағы,  не  100  жылдағы  емес,  бүдан  3000 
жыл  бүрынғы  оқиғалар  қарапайым  оқырманға  ғана  емес,  сол  тарихты 
жетік  білетін  автордың  өзіне  де,  қайткен  күнде  де  түманды,  күмәнді, 
сондықтан  да  ақын  бүгін  мен  тарихты  қабыстыру  жолында  екіүшты 
тәсілді  қолданып,  сырттай  қараған  көзге  поэманы  жеңіл  жазып,  сол  та- 
рихи  оқиғалардың  озін  мысқылдап  отырғандай  әсер  қалдырады.  Бүдан 
2700  жыл  бүрын  өмір  сүрген  Шипакай  біріншінің рухы  бүгінгі  қойшыға, 
одан  студентке  жетті.  «Оғыздаң  қаны  бар»  тарих  факультетінің  сту- 
денті  дәл  осы  Шипакай  дәрежесіне  жетеді.  Әлгі  студент  кіші  ғылыми 
кызметкер  студенттен  доктор  Шипакайға  жалған  жолмен  жетеді.

Дегенмен,  тарнхтың  калың  қатпарына сүңгіген  акынның еңоегі  көл- 
көсір.  Әлем  әдебиетінің  алтын  корына  Олжастың  бүл  поэмасының  да
қосылатынына  дау  жоқ.
Олжас  Сулейменовтің  басты  кітабы -   ел  тыныштығы.  Бүл  туралы 
1993  жылғы  «Қазак  әдебиеті»  газетіндегі  жазушы  Сайын  Мүратбеков- 
пен  сүхбатында  акын:  «Мен  ең  әуелі  халқыма  қаламыммен  кызмет 
етемін.  Ал  шығарма  жазу  үшін  елде  тыныштык,  дарқандылык  болуы 
шарт.  Менің  жазу  столынан  түрып  кетуімнід  де  себебі  осы.  Аласапы- 
ран  айтулы  кезеңде  өкімет  басына  үсак-түйек  жандар  көбірек  үмтыла- 
ды.  Өздерінің  бакай  есептерін  іске  асырғылары  келеді.  Демократия- 
лык  партиялардың  басты  міндеттері -   ірі  түлғаларды,  мамандар  мен 
ойшылдарды  іріктеп  тауып,  тәрбиелеулер»  керек,  халық  оларға  рес- 
публиканың  қазіргісін,  болашагын  да  корықпай  сеніп  тапсыруы  тиіс. 
Қазакстан  өзіиің  бүкіл  касіретті  тарихымен  өркениетті  мемлекет  болу 
күкығына  ие  болуы  тиіс.  Мүнда  әр  адамның  тыныш  та  қамсыз  өмір 
сүру  күкығы  сақталып,  қүрметтелуі  тиіс,  өзара  сыйласымдылык  пен 
адамгершілік  абыройына  дақ  түспеуі  тиіс.  Елдің  тыныштыгы  -   бүл  да 
акынның  өмір  бойы  жазсам  деген  басты  кітабынан  бір  кем  емес,  аса 
қүнды,  кажет  шығарма»,  -   деп  өз  халқына  деген  дүрыс  козкарасын 
білдіртіп,  тыныш  өмір  сүрулерін  тілейді.
Олжас  Омарүлы:  «Алғаш  өлең  жаза  бастағанымда,  бір  танымал 
акынның:  «Сен  геологсың  ғой,  сол  мүнайыңды  іздей  берсеңші,  ал  поэ- 
зияны  мына  біздергс  калдыр»,-  дсп  үгіттсгені  бар.  Тарихпсн  шүғыл- 
данған  ксзімде  академнктер:  «Сен  акынсың  ғой,  дүрысы  өлсңіңді  жаз- 
саң ш ы »,-  дсп  акыл  айта  бастады.  Өзім  басқарған  Қазақстан  Халык 
Конгресі  партиясы  мсн  «Невада-Семей»  козіалысының  іскер  топта- 
рынын  бюрократтык  тосқауылдардан  өтуіне  жәрдемдесем,  «Халык 
денсаулығы»  деген  бағдарламаны  іс  жүзінс  асырыруым  керек.  Нендсй 
іспен  айналыссам  да  мен  сн  әуелі  акынмын,  ал  акындык  мен  үшін  косіп 
емсс,  арым  мсн  жанымиың  коңіл-күйі.  Мсн  Азия  мен  Африканың  жонс 
күні  кешсге  дсйін  өзіміздін  бауырлас  слдердін  орт  шаліан  жерлерінін 
бәрінде  болдым  дсй  аламын.  Сондагы  бастан  ксшкен,  жүрсгімді  сыз- 
датқан  касірстті  ж айларды н  біздін  «лагі  стс  түсср  отты ққа»  толы 
үйіміздс  болмауы  үшін,  шырпынын  шагылмауына  немесе  «азаттык

 
тГТ'
 
м
 
^
^
ш
 
*  *  —
  * 
3
 
м
 
*
алауының»  түтаибауына  күш  жүмсаймын» -   дсйді.
Бүдан  біз  акынның  қашан  да  өз  слі  үшін,  оз  халқы  үшін  ыліи  да 
таразы 
басыиын 
теңсіз  түрған  жагына  болысатынын,  оділдік  бүзылгаи 
жсрлсрдс  жиі  араласатынын  байқаймыз.  Олжас  Сүлсйменов ~  кейбір

267
деректерде  келтірілгендей:  Орманнан-Төбет,  Төбеттен-Тайжан  мен 
Байжан,  Байжаннан-Жаяу  Мүса,  Тайжаннан-Ақтай,  Ақтайдан-Сүлей- 
мен,  Сүлейменнен-Омар,  Омардан-Олжас  (Сүлейменов)  атаның  ғана 
баласы  емес,  сондай-ақ  нағыз  халықтың  да  үлы.

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал