Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет23/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

13.  Қ А З А Қ   П О Э З И Я С Ы Н Ы Ң   А Л Д А С П А Н Ы
(Мүзафар  Әлімбаев)
Қазақстаннның  халық  жазушысы,  мемелекеттік  сыйлықтың  лау- 
реаты, сонымен қатар Абай атындағы және Халықаралық Жамбыл атын- 
дағы  сыйлықтардың  да  лауреаты,  мәдениетке  еңбегі  сіңген  қызмет- 
кері,  Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері.,  Қазақ  Республикасы  мемлекеттік 
гимні  авторларының  бірі,  көрнекті  ақын,  көп  қырлы  талант  иесі  Мүза- 
фар  Әлімбаевтың  атамекен  қонысы  Павлодар  облысының  Баянауыл 
ауданына  қарасты  Қызылтау,  қазіргі  Ж.  Аймауытов  (Жосалы)  елді  ме- 
кенінің  Қаратөбе  ауылы  болса  өзі  Шарбақты  ауданының  «Қызылтаң» 
ауылында  туған.
Руы:  Арғын,  Мейрам,  Шегендік;  Қақсал,  Қақсалдан -  Қоңыр,  Жал- 
ба,  Шөңкібай,  Жүмаш;  Әлімбай,  Айтмағамбет.  Айтмағамбеттен-Зүфар, 
Мүзафар.  Мүзафардан -А р н ү р,  Жаннүр,  Баламер.  Арнүрдан -   Әсет, 
Жәнібек.  Жаннүрдан -   Ая,  Әсел.  Баламерден -Бақтияр,  Балнүр.
Мүзағаңның  қүдай  қосқан  жары -Ш а п а у   жеңгей.  Руы -   Қаржас. 
Биыл  екеуінің  отау  тігіп,  шаңырақ  қүрғанына  48  жыл  толыпты.  Ма- 
мандығы  тарихшы.  Ұзақ  жылдар  бойы  жас  үрпаққа  білім,  тәлім-тәрбие 
берумен  айналысқан  жан.
2000 жылға дейінгі мағлүмат бойынша М.Әлімбаевтың әр алуан жанр- 
дағы  елуден астам  төлтума  кітаптары  жарық  көрген,  таңдаулы  өлең-жыр- 
лары  әлем  халықтарының  39  тіліне  аударылған.  Сонымен  қатар  ол  300-ге 
тарта  ән-өлеңдердің  авторы.  Бүл  туралы  кезінде  ақын  шығармашылығын 
көбірек зертгеген, белгілі сыншы Б. Сахариев:  «Мүзафар қызығы да, қиын- 
дығы да,  бейнеті  де зейнеті  де  мол  творчестволық жүмыстан  бір  күн  мой- 
нын  босатпай,  өз  талантын  тынымсыз,  толассыз  толғаныс,  тебіреніс  ар-

ш
қылы,  іркілмей  іздену  арқылы  шыңдап,  біртіндеп  өсіп,  өндіре  жазып  келе 
жатқан  жемісті  қаламгер»,-деп  жазған  болатын.
Иә,  шындығында  да  солай.  Тоталитаризм  тұсындағы  кіріптарлық, 
теңсіздік,  зорлы қтар  ж ағдайы нда  патриот  ақын,  азамат  қаламгер 
М.Әлімбаевтың  өлең-жырлары  да  үлттық  намысты  оятып,  тәуелсіздік 
үшін  күреске  шақырғаны  ақиқат.  Ол  түста  қияметтей  қиын  тақырыпты 
ашықтан-ашық  ащы  айғайға  басып,  жалаңаш  жазуға  болмағандықтан 
тек  қиюын  тауып  қана,  өте  нәзік  тәсілмен  қана  жырлауға  керек  еді.
Міне, сондықтан да ақын  М.  Әлімбаевтың сонау  1961  жылы  жазыл- 
ған  «Жапанда  жалғыз  алма  ағаш»  деген  өлеңінде:  Қаратау  қапталынан 
жалғыз  алма  ағашын  көріп,  қарт  тарихқа  үңіледі:
Алқакөлде  сүлама 
Үдіре  көш  шүбаган 
Қүлаганда  еңіске 
Жерге  түскен  жеміс  пе?
Мынау  алқап-атырап,
Мынау  торгын  топырақ 
Онда  түтас  бак  па  екен 
Өртеп  кеткен  жау  бөтен?—
деп  сүрақ  қояды  да,  қазақ  жерін  қүлазытқан  кілең  басқыншылардың 
қиянаты  екеніне  ишара  жасайды.  Оқырманды  сондай  ойға  жетелейді.
Өлеңін  автор  былай  түйіндейді:
Тарлан  ата-бабамның 
Тарихына  адалмын...
Жүдеп  іиықтым  бір  ойдан 
Түлеп  шықтым  бір  ойдан 
Жемісі  де
 -  
мирасым,
Кейісі  де
 -  
мирасым.
Тарихқа  адалдық  оны  бұрмалауға  жол  бермей,  туған  халқымыздың 
туын  көтеріп,  азаттығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  айтулы  батыр- 
ларды  үмытпай,  азаткерлік  дәстүрді  жалғыстыру  екенін  де  оқырманға 
жанама  түрде  үқтырады,  өткен  заманның  жемістері  ғана  емес,  қасірет, 
трагедиясы да біздің жүрегімізде, жанымызға батады, яғни бүгін де қазақ 
халқы  қайғы-қасірет  шегіп  отыр  дегенді  де  ишарамен  аңғартады.
Тағы  да  сол  1962  жылы  жазылған  бір  рубаинда  автор:
«Мынауыңгдейді  біреу,-ойбай  кесір:
Көрсетпе,  атын  айтпа,  давай  өшір.

244
Кітапта  бос  бет  бар ма?!  Тарих-кітап, 
Қымбаттар  орнын  табар...  агай  кешір»
Тап  сол  түста,  коммунистік  идеологияның  қызыл  көз  қырғи  қарға- 
лары  анталап,  жалақтап  отырған  түста  былай  деп  жырлау  нағыз  аза- 
маттық,  өжеттік  болатын.
Осы  орайда  теңсіздіктің  тізе-теперішін  үзақ  жылдар  кешіп,  іштей 
өксіп  жүрген  халқының  халін  ойлаған  ақын  М.Әлімбаев  өткен  ғасыр- 
дың  60-шы  жылдарының  орта  түсында: 
^   -
«Нанбаңдар  бейпіл  жантыққа,
Адамнан  адам  артық  па?!
Нанбаңдар  жауыз  жантыққа 
Халықтан  халық  артық  па?!
Балаңнан  балаң  кем  де  емес,
Ақыл мен  ойга  кенде  емес.
Адамнан  адам  кем  де  емес,
Халықтан  халық  кенже  емес»,-
деп  бүрынғысынан  әлде  қайда  ашық  сөйлеп,  жалпыны  елең  еткізгендей 
болады. 
$
Аға  халық,  іні  халық  деген  жоқ,  ешбір  халық  кенже-кіші,  күйкі 
емес.  Бәрі  де  тең  қүқықты  болуы  тиіс!
Яғни,  бір  халық екінші  халықты  иінінен  басып,  еңсесін түсіруге тиіс 
ем ес!-  деген  идеяны  оқырманның  санасына  ап-анық  түрде  қүйғандай 
әсер  қалдырады. 

.
Соғыстан  кейінгі  жылдарда  қазақ  поэзиясында  өлеңнің  орнығуы- 
на  Қанекей  Жармағамбетов,  Жүбан  Молдағалиев,  Сырбай  Мәуленов, 
Сағынғали  Сейітовтармен  қатар  көп  еңбек  сіңірген  көрнекті  ақындар- 
дың  бірі  М.Әлімбаев.  Осы  аталмыш  авторлардың  бүл  саладағы  жетіс- 
тіктерін  Мәскеулік  сыншы,  әдебиет  зерттушісі  Зоя  Кедрина  өзінің  «Из 
живого  источника»  деген  ғылыми  кітабында  айрықша  атап  отеді.
1949  жылы  жарық  көрген  ортақ  жинақ  «Жастар  даусына»  енген 
өлеңдері  ішінде  Мүзафар  Әлімбаевтың  «Түтін»,  «Орамал»,  «Сурет» 
атты  жырлары  шағын  сюжетке  қүрылған.  Орыс  ақыны  Степан  Щипа- 
чевті  өзіне  үстаз  түтып,  өнеге  алған  жас  ақын  М үзафар  Әлімбаев 
өлеңнің  нақтылығына,  өмірге  неғүрлым  жақындап,  жанды  көрініс  жа- 
сауға  қүлшынды.
Елуінші  жылдарда  дүниеге  келген  «Со  бір  күн  маужыраған  шуақ 
еді»,  «Бойдақ  досым  күрсінді»,  «Шофер  неге  кешікті»,  «Бір  күн  кейін

білдім  мен»,  «Он  және  бір»,  «Командирдің  әңгімесінен»,  «Өтелмеген 
парыз»,  «Әттең»  және  тағы  басқа  өмірден  ойып  алғандай  детальдар- 
дан  қүрылған  шағын-шағын  оқиға  аясында  ақын  көкейіндегі  идеясын 
үтымды  суреттеп  шыққан.
Мәселен,  «Ер  өлмейді»  деген  жыр  төрт  тармақты  жалғыз  шумақ, 
соған  қарамастан  өзінің  сипаты  сюжеті  бар:
«Мерт  болды  ер...  жүзі  оның  күліп  қапты,
Туган  жер  ыстық  қанын  суытпады.
Ыргагын  қагып  алып  жүрегінің 
Сагаты  қолындагы  жүріп  жатты».
Бүдан  майданның  шынайы  шындығы  көз  алдынан  өткендей  бола- 
тындығы  анық.
Ақын  М.Әлімбаев  творчествосын  қадағалап  отыратын  оқырман- 
дар  автордың  әрбір  жаңа  кітабында  нақтылыққа  қүрылған  сюжетті 
жырлардың  қазақ  поэзиясына  актив  болып  қосылғанын  жақсы  біледі.
Өмір шындығын, халық тірлігін, тарихын талмай зерттеуші М.Әлімба- 
евтың  балладалары  өзі  бір  төбе.  Әлбетте,  баллада  да  сюжетті  өлеңнің 
шиыршық  атқан  шымыр  түрлерінің  бірі.  Мәселен,  «Әр  Пущиннің  өз 
Пушкині  бар»,  «Достық  балладасы»,  «Аспандағы  айқас»,  «Шебердің 
шері»,  «Жамбыл  және  Жандосов»,  және  т.б  Мүзафар  Әлімбаев  бүгінеге 
шейін  сюжеттілікке  деген  тенденциясынан  айнымай  келеді...
Әсіресе,  балалар  поэзиясында  сюжетке,  оқиға  динамикасына  үлкен 
мән  береді.  Мәселен,  «Екі  тақтай  бір  көпір»  атты  жинақтағы  «Төртеу» 
деген  өлеңнің  оқиғасы  мынадай:
Түсіп  кеткен  таягы 
Қалт-қүлт  етіп  аягы 
өзіне-өзі  іиал  кейіп, 
сипақтайды  еңкейіп.
Бүкеңдейді  негып  қарт? 
өйткені  ол  загип  қарт.
Қасында  екі  бала  түр,
Сипалақтап  шал  отыр.
Әріректе  жігіт  түр,
Неге  ыржыңдап  күліп  түр?!
Егер  автор  адамның  біріне-бірі  жанаш ырлық,  қайырымдылық 
көрсетуі  имандылыққа  жатады  деп  жалаң-жайдақ  уағыз  соқса,  көкей- 
індегі  идеясын  көркемдік  қуатпен  жеткізе  алмаған  болар  еді.  Ал,  мы-

нау  қарапайым  сюжет  арқылы  автор  оқырманды,  жасты  да,  жасамыты 
д а -   ойға  қалдырады,  қорытындыны  өзі  шығартады.
Байқағыш,  алғыр  ойлы  басқа  ақындардың  әлі  көзі  шалмаған,  ақын 
М.Әлімбаевтың  оригиналды  сюжеттерді  өзі  тауып,  аз  сөзбен  әдемі  су- 
рет  жасайтыны  жас  ақындарға  мектеп  дерліктей.  Мұзафар  ешқашан 
ешкімнің  бұрын  жырлаған  сюжеттерін  қайталамайды,  әрқашан  мәнді 
идеяны  танытар  тартымды  оқиғаны  кейде  өз  қиялымен  ойлап  табаты- 
ны-өнегелі  үрдіс.  М.Әлімбаевтың  балалар  поэзиясында  өз  мектебі,  өз 
шәкірт  ақындары  барыш  ындық.
Мүзафар  Әлімбаев  қазіргі  заманғы  қазақ  ән-өлеңдерінің  профес- 
сионал  ақыны,  маңдайлы  маманы,  зергері,  осы  жанрдың  көш  бастау- 
шысы  және  теоретигі.  Ол  1949  жылдан  бері  осы  жанрда  жемісті  еңбек 
етіп  келеді.  Ақынның  300-ге  тарта  өлеңдеріне  ән  жазылған.  Солардың 
ішінде  бүкіл  халықтық  сипатқа  ие  болған  «Ақмаңдайлым»,»  «Ақсүң- 
қарым»,  «Маралдым»,  «Өзің  де  жігіт  қызықсың»  және  тағы  басқала- 
рын  атауға  болады.  Бүл  әндер  жалпы  қазақ  музыка  мәдениетін  биікке 
көтеріскен  туындылар.  Ән  мәтіндерінің  көркемдік  дәрежесін  биікте- 
туге  жаршы  болған  өлең-жырлар. 
х
Ж алпы,  ақын  М үзафар  Әлімбаевтың  бүкіл  поэзиясын  шолғанда 
көзге  түсетін  бір  қүбылыс  бар,  ол — философиялық  ой  ағынының  өлең 
өзегіне  қызыл  қандай  қүйылған  түстары.  Өмір  құбылыстарын  терең- 
нен  әрі  жаңаша,  өзінше  толғауға  үмтылуы  жемісті  деуіміз  керек.  Мы- 
салға  алпысыншы  жылдардың  басында  жарық  көрген  алты  жолдық 
атсыз  өлеңге  ой  көзін  салайықшы:
Жаңаның  бәрі жаңа ма,
Жол  берсе  тозган  ескіге?!
Ескі  бар  қымбат  жаңадан,
Ескіден  көне жаңа  бар?
Сол  тұста  сүсты  цензурадан  осы  ишарасы-түспалы,  аса  ойлы  асыл 
өлеңнің  қалай  өткеніне  қайран  қаласың?!  Ш ала  білімді  цензорлар 
«бүлікті»  өлеңді  байқамай  қалғанға  үқсайды.  Шындап  келсе,  мынау 
жырдың  кезкелген  жолы  үшін  «Совет  сотының»  алдынан  шығу  ықти- 
малдығы  ап-айқын  түр.  Бүл  социалистік  заманның  қытығына  тиер 
қитықты  сөз  екені  бүгін  айқындала  түскендей.  Ақын  өте  батыл,  өжет 
идеялы  өлеңді  үсынып,  алғыр  ойлы  замандастарды  ойға  жетелегені 
сөзсіз  дер  едік.
Философиялық  ойлау  жемісі  сүраулы  сөйлемге  құрылуы  оқырман- 
ды  сүхбатқа  шақырып  отырғандай  әсерге  бөлейді.
246
____________________________________________________________________________________________________________ 
______________________________ ____

«Кешегім-бүгінгіге  қам  қылганым,
Уақыт  қасқырына  алдырганым.
Бүгінгім  мардымсымай малданганым,
Сонда  да  кешегімнен  жаңгырганым...
Тосын  бір  көрген  түстей  оқшау жаңа 
Тың  шаттық  силайтындай  алдымдагым»
Уақыт жөнінде  кім бар толғанбаған, тебренбеген қандай  ақын  бар?!
Ал,  ойшыл  ақын  Мұзафар  Әлімбаев  бұрын  ешкімнің  қиялында 
қылаң  етпеген  қырынан  соз  қозғап,  уақыттың  үш  өлшеміне-  кешегіге, 
бүгінгіге,  ертеңгіге  өзінше  баға  берген.
Уақыттың  қасқырына  жем  болған  кешегі  жаңа  бейне  ме?  Әрине, 
жаңа!
Қазақтың  еш  ақынының  аузына  түспеген  образ!  «Мардымсымай 
малдану  да»-  тосын  метафора.
Автордың  «Бөктердегі  шым  қүдық»  атты  өлеңі  бар.  Кемерінен 
асып  төгілмейтін,  суы  ортаймайтын  шым  қүдықтан  «адамның  бір 
деңгейде  үстаған  жақсы  мінезін  көреді.  Мүндай  қиял  үшқырлығын 
біз  ешкімнен  үшыратқан  жоқпыз.  Бү  да  философиялық  ойлаудың 
жемісі.
Бір  көңіл  аударатын  нәрсе:  автордың  философиялық  өлеңдері  мей- 
лінше  қысқа,  ықшам,  тығыз.  Көбінесе  төрт  жол,  сегіз  жол,  үзаса  он  екі 
жол  боп  келеді.
Әрине,  кейде  көлемді  туынды  ішінде  екі  жолмен  ғана  сыңар  тар- 
мақпен  түйінделген  нақылға  жақын  нәрлі  ойлар,  философиялық  тұжы- 
рымдар  да  кездеседі.
«Ата  жолын  үмытсаң-адасасың,
Агарады  мезгілсіз  қара  шашың».
А лпысынш ы  жылдар  аяғы нда  дүниеге  келегн  «Өкініш»  атты
өлеңінің  түйіні  осындай...
Ұмыта  басталған  үлттық  дәстүрге,  ата  салтына  жас  үрпақтың  на- 
зарын  әлсін-әлсін  аударуды  ақын  М.Әлімбаев  үмытқан  емес.
Адамдарды  тіл  бөлмейді,  діл  бөледі,
Адамдарды  күн  бөлмейді,  түн  бөледі
Дербес  сегіз  жол.  Ал,  көтерген  мәселесі  қандай  ізгі,  әрі  салмақты, 
әрі  ғибратты  ой!
Шіркін  өмір!
Сүйікті

Арманымен  қызықты!
Жанилып  езер  иықты 
Салмагымен  қызықты!
Ш ы найы   ақи қатты   аш қан   осы ндай  ф и л о со ф и ял ы қ   өлең дерін  
сүрыптап  алса  М.Әлімбаевтың  аса  қүнды  бір  кітабы  оқырмандардың 
қалың  қауымына  зор  тарту  болар  еді.
Өлместің  жолдары
 —
Жасау мәңгі  тозабы.
  . 
өнер  барда  қолдагы, 
бастан  заман  озбасты.
Қазақ  лирикасында  әзірге  дендеп  кірмеген  диалог-өлеңдері  де  әде- 
биетімізге  ақын  өткен  ғасырдың  қырқыншы  жылдарының  аяғынан  бас- 
тап  апғаш  енгізген.
1.  1949  жылы  жазылған  «Жігіт  жыр»  атты  жалғыз  шумақ:
-   Ақыным,  бет-аузыңды  әжім  қаптап
-   Болыпты  басыңдағы  шашың  аппақ...
-   Халықтай  үзақ  жасар  жігіт  жырмен
-   Өтті  дей  бер  қарттықты  ақын  таптап. 
ц
2.«Екі  сүрақ,  екі  жауап»:
-   Бақыт  қайда  барасың?
-   Татуларға  барамын
-   Қайғы  кімді  шаласың?
-   Араздарды  табамын.
(Алпысыншы  жылдары  жазылған  өлең).
Диалог  өлеңге  шынайы  шеберлік  алдымен  керек.
Қалай,  қандай  шақтарда
шығады  екен  қырғын  батыр,  төтен  ер?
Намысына  шапқанда
Нардың  жүгін  нәзік  тайлақ  көтерер.
Не  бары  төрт  жолда  қандай  салмақты  ой  бар?!
Автордың  балалар  поэзиясында  да  диалог-өлеңдері  бірсыпыра  бар. 
Алпысыншы  жылы  жазылған  «Жалқаудың  жауабы»:
— 
Апа,  есікті  жаба  салшы, 
ілгегін  де  іле салшы.
Жалқау  әрең  ыңыранды:
^  ж ел  соқпай ма,
Сол  жаппай  ма?!
Үйдің  ііиін  суық  алды.
  V 
'

249
Мәселен,  алпысыншы  жылдардың  ортасында  жарияланған  «Кімнің 
баласысың»  деген  өлеңі:
— 
Түз,  туз!
Сен  кімнің  түзысың?
— 
Даламның! 
г ' 
I  — Қыз,  қыз!
Я  
'  Щ  і  г 
р  
Сен кімнің қьізысың?

— 
Маманың!
Ы  
-  Гүл,  гүл!
Сен  кімнің  гүлісің?
|§1  і 
— 
Отанның!
=4. 
—  Үл,  үл!
Сен  кімнің  үлысың?
— 
Папамның!
Өлеңді  ықшамдаудың,  сөз  үнемдеудің  оңды  тәсілі  дерлік.  Диалог- 
қа  қүрылған  мүндай  өлеңдер  бүған  дейін  басқа  ақындарда  атымен
үшырапағанын  ескерте  кетелік.
Соңғы  екі-үш  жыл  бойында  экспериментатор  ақын  М.Әлімбаев 
жалғыз  жолды  жырлар  жазып,  жариялап  жүр.  Бүл  өзі  Батыс  Европа 
поэзиясында  қанат  жайған  дәстүр  екен.  Ал,  қазіргі  заманғы  орыс  поэ- 
зиясында  сирек  үрдіс.  Ақынның  тәжірибесі  қазақ  поэзиясындағы  ең 
алғашқы  қадам.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде  жарияланған  жалғыз  жол- 
ды  жырлардан  (14  мамыр,  1996  жыл)  бірнеше  мысал.
«Айтылмагыш  ақиқат  аңсаттыргыіи».
«Шынарыңды  шыбық  деп  қомсынар  жат».
•   . "
г
 
;Г:Х: 
. . . 1
,  
’  
і  * *
«Тасырга  тас  атам  деп,  тарихқа  атпа».
«Әр  қазақ  көкірегінде
 -  
бір  Кене хан».
Жалғыз  жолды  жырларға  тән  көркемдік  компоненттер,  біздіңше, 
ой  жаңалығы  әрі  салмақтылығы  және  бейнелілік.  Нақылдық  нақыш  та 
оған  тән.  Ішкі  үйқас,  ішкі  күйлілік,  саздылық  басым  болуы  да  шарт 
секілді.  Жасамыс  ақының  жаңашылығы  әсіресе  жастар  арасынан  жал- 
ғастырушыларын  да  табар  деп  ойлаймыз.  Алғашқы  жарияланымдар- 
дан  да  мысал  келтірген  артық  емес  сияқты.  Бүлар  да  осыдан  5-6  жыл 
бүрын  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде  жарық  көрген:

«Алыстай  түссе  жолым-ауылым  жақын».
«Аллага  өкпе  жүрмейді
 — 
пенделерге  айт».
«Дін  бүзумен  бірдей  де  тіл  бүзуды».
«Ой  деген  гүлдей  жаңа,  тастай  көне».
«Аздық  ол-қорлық  емес,  ездік  қорлық».
«Шындық  бір.  Адам  біреу.  Пікір  екеу».
«Қылмыс  көп,  қылмыскер  жоқ-бүл  не  заман?!».
Жаңашылдыққа  қүштар  новатор  ақын  МГӘлімбаевтың  1996  жылы 
жарияланған  жаңа  тәжрибесі  де  поэзияны  оймен  тығыздандыру  мен 
мейлінше  ықшамдыққа  бой  үрудың  қамы  деп  қарауға  мәжбүрлейді.
«Қазақ  елі»  газетінде  1996  жылы  қарашаның  22  жүлдызында  «Ой 
моншақтары» деген  атпен  жарияланған  «Қос  сөзді  өлеңдер»,  «Үш  сөзді 
өлеңдер»,  «Төрт  сөзді  өлеңдер»  көңілді  күрт  өзіне  аударатындай  тың 
нәрсе.  Мәселен,  «Сөзің-өзің»,  «обыр-содыр»,  «желге-сенбе»-бүлар  қос
сөзді  өлеңдер.
Енді  үш  сөзді  өлеңдерден  мысалдар:
«Қүштарлық-арманды  қүшқандық».
«Арқалы  өнер  дарқаны».
«Мүртет!  Түр,  кет!».
Ал,  мына  төмендегілер  төрт  сөзді  өлеңдердің  мысалдары:
«Күлкі  болмасқа  қүйма  толмасқа».
«Дәуірнама  азатын  дарын  гана».
«Дарақы-Тыраштың  дәл  аты».
Басқалардың  шабытын  шақыртатын  шалқыма  ойлар  деп  қарауға
әбден  болатын  ізденістер  міне  осындай.
Мүзафар  Әлімбаев  қазіргі  аты  елімізге  ғана  емес,  алыс-жақын  шет
елдерге  де  кеңінен  таны лған  балалар  ақыны,  жас  бүлдірш індердің
сүйікті  қаламгері...
Әдебиеттану  әлеміндегілердің  танып,  мойындауынша  М.  Әлімба- 
ев  қазіргі  заманғы  балалар  әдебиетінің классигі  және оның зерттеушісі,
ірі  тұлға.
М.Әлімбаев  1961  жылдан  бастап,рубаиларды  ауызша  шығаруды 
үрдіске  айналдырған.  Олардың  кейбіреулері  Қазақстан  тарихындағы 
белгілі  бір  оқиғаға,  фактілерге,  түлғаларға  байланысты  туған.
Мәселен,  үлы  Мүхтар  Әуезов  дүние  салғаннан  кейін  жарты  жыл- 
дай  уақыт  өткенде  ақын  М.Әлімбаев  Қазақстан  жазушылар  Одағына 
барғанында  Мүқаңның  атына  Қиыр  Шығыстан  келіп  жатқан  үлкен  па-

Д —
. . . 
■■ 
^
Д
З
Д
^
=
=
^
=
=
=
а
  . 
--------- -- 
■  :; ■■■:■■■ ■■■■■■■.................  
. . .  
: = Д
=
 
■ ■ "  
■■''■’ 
" ■ " =
кетке  көзі  түседі...  Сол  факті  тебіренткен  ақын  машина  ішінде  келе 
жатып,  рубаи  шығарған  екен:
«Біреуге  қияметтей  циын  қайгы,
Тірлікте  бір  жылы  сөз  бүйырмады.
Біреуге  өлген  соң  да хат  келеді,
Шын  сүйсе,  Ел  жүрегі  суынбайды».
Мейлінше  жаңа!  Мәйекті  ойы,  «Е,  бәрекелді!»-дегізер  қасиеті  бар 
рубаи,  төрттаған.  Автордың  асыл  дерлік  рубаиларының  бәрі  де  үлттық 
намысты,  елдікті  мадақтауға  арналған.
Жөніміз  тагдырдан  жоқ  тіленерлік,
Ата  салт-баба  дәстүр —кілең  ерлік.
Жас  толқын  әр  үрпақтың  өн  бойьіна 
Таратып  қызыл  қандай  сіңеді  ерлік.
Және,
Қайыспас,  қайысса  да  жердің  белі,
Ежелден  ер  азамат — Ел  діңгегі...
Болмаса  биік-биік  сеңгірлері,
Кетпей ме  аласарып  елдің  көгі?!
М.  Әлімбаев  мезгілді  баспасөздерде  мезгіл-мезгіл  жариялап  жүрге- 
німен  төрттағандардың  кезекті  кітаптарына  немесе  таңдамасына  үлкен 
талғаммен  сүрыптап  енгізіп  келе  жатқанын  көреміз...
Ақын  М .Әлімбаев  лирикасы ны ң  тағы  бір  қүнды  қасиеті  өлең 
өрнекті  мақал-мәтел  қалыбына  салып,  нақылдық  нақышқа  бөлейтіні 
дер  едік.  Ол  мүндай  талапқа  өте  ерте  қүлаш  үрған.  Тіпті,  талаппен 
жігерленген  ақын  өз  діттегеніне  қол  жеткізгеніне  куә  боламыз.  Ақын 
кейде  тіпті  бір  туындысын  түтас  нақылға  айналдыра  біледі.  Мәселен: 
«Атақ-даңқ  қалай  шығады»  деген  жыр  басынан  аяғына  дейін  бірыңғай 
нақылдан  қүралған.
Көмірдің  аты 
Жанумен  иіыгар.
Балганың  аты 
Қагумен  шыгар.
Шегенің  аты 
Бекумен  шыгар.
Қашаудың  аты 
Шекумен  шыгар.
Күректің  аты
251

Көсумен  шыгар.
Ал  біздің  аты 
Тесумен  шыгар.
Балтаның  аты 
Қырнаумен  шыгар.
Бояушы  аты 
Сырлаумен  шыгар 
Ацьтның аты 
Жырлаумен  шыгар.
Шәкірттің  аты 
Тыңдаумен  шыгар.
(«Алматы  ақш ам ы »—  1  желтоқсан,  1988  жыл).
Немесе,  «Суретшілер».
Кун  суретші
Мың  тірілтер  бояуды.
Жел
 — 
суретші 
Сыбызгы  етер  сояуды.
Су -суретші  алқа  жасар  янтардан.
Сөз-суретші
Жаз  жасайды  қаңтардан.
Ойшыл ақынның әр туындысының көбінесе нақылға жақын нақыш- 
пен  түйінделетіні  көркем  үтыс  әрі  ақын  лирикасының  басты  артық- 
шылығы  мен  әрлілігіне  куә,  философиялық  лирика  екендігіне  куә.
Ақын  поэзиясын  сөз  еткенде  оның  нәрлі  нақылдарын  айтпай  кету- 
ге  б ол м ай д ы .  А л ғаш қ ы   н ақ ы л ы н   16  ж асы н д а  ау ы зш а  ш ы ғарған  
М .Әлімбаев  57  ж ы лды қ  творчествосының  үзына  бойында  2500-дей 
нақылды  дүниеге  келтірді.  Олар  түгелге  дерлік  баспасөз  жүзінде  жа- 
рияланған.  Автор  айтуына  қарағанда  нақыл  ойға  алмаған  оқыста  ауыз- 
ша  шығарылады  екен.  Белгілі  бір  оқиғаға,  жағдайға,  көңіл  күйіне  орай 
туған  нақылдардан  бірнешеуін  келтірейік:
Ақыл-Алланың  бергені,
Білім-адамның  тергені.
252
______________________________________________________________________________________
***
Жеріңді  сатпа, 
Теріңді  сат.
***
Қылыгы  кінәз, 
Ғылымы  тым  аз.

253
* * *
Кемеңгер  «Кенелдім»  десе  де,
«Кемелмін»  демейді.
Айтқыш  ақынның  асыл  нақылдарының  біразы  қазақтың  мақал- 
мәтелдері  жинағына  да  кіргенін  айтуға  тиіспіз.Оның  үстіне  баспасөз 
бетінде  халық  кәдесіне  жарап  жүргені  факті.  Мәселен,  автордың  «Елін 
сүйгеннің  еңсесі  биік»  деген  нақылы  «Халық  кеңесі»  газетінің  бірінші 
бетіне  басылғаны  М.  Әлімбаев  асыл  сөздерінің  халық  қолдауына  ие 
болуы  дер  едік.
Ақын  М.  Әлімбаев  біріңғай  поэзиясын  ғана  күйттейтін  ақын 
емес.  Оның таланты  сан  қырлы.  Ол  әдебиет зерттеуші,  қазақ  поэзия- 
сыны ң,  қ азақ   ә д е б и е т ін ің   п ро б лем алы қ  м әсел ел ер ін   зерттеуш і, 
өткен  замандардағы  және  бүгінгі  ақындарымыздың  творчествосын 
талмай  зерттеуші.  Оның  «Қалам  қайраты»,  «Толқыннан  толқын  туа- 
ды»,  «Өмір.  Өнер:  Өнерпаз»,  «Көңіл  күнделігі»,  «Өрнекті  сөз-ортақ 
қазына»  сияқты  зерттеу  кітаптары  көпке  белгілі  еңбектер.
Мүзафар  Әлімбаев  халық  фольклорын  жинаушы  ғана  емес,  соны- 
мен  бірге  мақал-мәтел  жанрын  жылдар  бойында  ыждаһатты  зерттеу- 
ші.  Бүл  салада  оның  теңдесі  жоқ  дегенді  ашып  айтуымыз  қажет.
Автордың  «Өрнекті  сөз-ортақ  қазына»  деген  ғылыми  монография- 
сы  (1967)  қазіргі  іздесең  табылмас  сирек  кітаптар  қатарына  қосыла- 
ды.  Бүл  кітап  мақал-мәтелдерді  аударудың  теориясын  жасап,  практи-
касын  анықтаған  еңбек.
Тәжрибелі  һәм  беделді,  шебер,  тәржімаш ы  Мүзафар  Әлімбаев 
дүние  жүзінің  85  халықтары  мен  үлыстарының  мақал-мәтелдерін  және 
әйгілі  түлғалардың  нақылдарын (бас-аяғы  30  мыңдай)  қазақшалап,  7— 
8  кітап  шығарған  кісі.  Мақал-мәтелдерді  зерттеуі  Мүзафар  Әлімбаев- 
тың  поэзиясын  сүлуландыруға,  сәулеттендіруге  себін  тигізгенін  анық
байқауға  болады.
Ақын  Мүзафар  Әлімбаевты  қалың  қауым,  оқырмандар  үстаз -
қаламгер  деп  бағалайды.  Оның  бүл  саладағы  еңбегі  үлы  педагог  Ы. 
Алтынсарин  медалімен  марапатталуы  тегін  емес.  Мүзафар  отыз  жыл- 
дан  бері  халық  педагогикасын  зерттеумен  келеді.  Ол  қазақтың  мақал- 
мәтелдері  мен  қара  өлеңі,  қазақ  ақындары  поэзиясы  негізінде  халық 
педагогикасын  әл-әзір  дара  зерттеуші.  Бүл  орайда  автордың  «Тәрбие 
туралы  әңгімелер»  және  «Халық  қапысыз  тәрбиеші»,  «Халық  ғажап 
толімгер»  атты  кітаптарының  қолдан-қолға  көшіп  жүргенін  айтсақ  та
жеткілікті.

254
т
Лқын  Мүзафар  Әлімбаев  көркем  аударма  саласында  қолына  қалам 
үстаған  16  жасынан  бастап,  еңбектеніп  келе  жатқан  әйгілі  тәржімашы. 
Ол  зерттеу  еңбектерінде  көркем  аудармаға  да  көп  көңіл  бөледі.  Үзын- 
ырғасы  талай-талай  халықтардың  80-85-тей  ақындарының  поэзиясын 
қазақшалаған.  Мүзафар  өзінің  поэзиясын  шеберлендіру  жолында  көп 
нәрсені  үйренгенін  дәлелдеуде.  Ол  аударған  Шандор  Петефи,  Сағди, 
Тоқтағүл,  Пушкин,  Аполинер,  Райнис  және  т.б.  өлеңдері  қазақ  оқыр-
• 

мандары 
көңшінен 
шыққан  дүниелер.
Қазақ  коркем  сөз  өнерінде  естелік  жанры  әлі  кең  өріс  алып,  кемелі- 
не  келген  деп  айту  қиын.  Естеліктер  кітаптары  саусақпен  санарлықтай 
өте  аз,  мардымсыз.  Олардың  көркемдік  қүндылығы  да  әр  деңгейде...
Халыққа  кең  танылған  журналист,  ақын  М.  Әлімбаев  қазақ  әдеби- 
етінде  естелік  жанрын  қалыптастыру  мен  өркендетуге  де  зор  үлес  қос- 
қан  автор.  Ол  қ а за қ т ы ң   50  ш ақты   үл  -   қы здары   ж ө н ін д е  үлкен 
біліктілікпен,  ыстық  сүйіспеншілікпен  естеліктер  жазып,  жариялады. 
М.  Ә уезов,  С .М үқан ов,  Ғ.  М үсіреп ов,  А .Ж үбанов,  Б.М омы ш үлы , 
С.Мәуленов және т.б. жөніндегі естеліктері ғибраттылығымен қымбат... 
«Өмір.  Өнер.  Өнерпаз»  және  «Көргендерім  көңілде»  аттты  кітаптарын 
оқыған  жандар  біздің  түйіндерімізді  растай  алады.
Ақын  творчествосында  айрықша  бір  орын  алар  ерекше  бір  кітап- 
ша  бар.  Ол  «Өлең-сөздік  «Словарь  в  стихах»  деп  аталады.  1996  жылы 
«Ана  тілі»  баспасынан  жарық  көрген.  Өлең  сөздік  әлемдік  практикада 
әлі  орын  теппеген  дүние  екен.
Ар —  честь,
Бар
 — 
есть.
Золото —  алтын,
Холодно —  салқын.
Осы  сияқты  өлең  кестесіне  түскен  5000-дай  созді  қамтитын  кітап- 
ша.  Бүл  да  ақын  поэзиясының  активіне  қосылатын  салым.
Мүзафар  Әлімбаев  қызыл  империя  кезінде  түрмыстан  да,  әдебиет 
әлемінен  де  қуғындалған,  жетпіс  жылдай  үмытылған  өлең-баталарды 
қайта  жаңартушы  және  дамытушы  түңғыш  ақын.  Ол  бата  өлеңдерді 
сексенінші  жылдардың  басында  қолға  ала  бастаған.  М әселен,  1982 
жылы  жарық  көрген,  1984  жылы  Мемлекеттік  силыққа  ие  болған  «Ас- 
пандағы   әпке»  ж инағы нда  бір  өлең-батасы   енгізілген.  Содан  бері 
мерзімдік баспасөзде дүркін-дүркін үзбей жарияланып келе жатқан өлең 
баталарын  1996  жылы  «Ата  мүра»  баспасынан  «Батамен  ер  көгерер» 
деген  атпен  жеке  кітап  етіп  шығартқаны  белгілі.  Енді  сол  кітаптағы 
автордың  төлтума  баталарынан  бірнеше  мысал  келтірерлік:

Кемеңгердің  алгыр  ойын  берсін!
Екі  дуниенің  абыройын  берсін
***
Жалгыз  басың мың  болгай,
Қүшагыңа  гул  толгай.
Ардақталып  есімің,
Арттагыга  жыр  болгай.
***
Қадамыңа  гул  бітсін,
Қаламыңа  жыр  бітсін.
***
Әулет  тубірлі  болсын,
Үрпақ  гумырлы  болсын.
Үлың  угымды  болсын,
Қьізың  жугымды  болсын.
Жастар  қанатты  болсын,
Қарттар  санатты  болсын,
Еңбек  тынымды  болсын,
Жеміс  шырынды  болсын.
Ж инақта  көрнекті  ақынның  200-ден  астам  баталары  енген.  Әр 
оқырман  өзі  тілеген  талай  тақырыптағы  баталарын  осы  кітапшадан 
табары  сөзсіз,  көптің  басы  қосылған  жиын,  той-домалақтарда  кәдеге
асырары  күмәнсіз.
Сонымен  қазақ  лирикасын,  жалпы  қазақ  поэзиясын,  шындап  кел- 
сек,  бүкіл  туған  әдебиетімізді  әр  салада  аса  қымбат  жаңа  көркемдік 
сапаларымен  көркейтісіп  келе  жатқан  қайталанбас  талант  М.  Әлімба- 
евтың  сан  қырлы  еңбегі  міне  осындай.  Өйткені,  ол -   қазақ  жастары- 
ның ең кем дегенде екі толқын үрпағына көркем творчествосымен тәлім 
берген  үстаз  қаламгер!.


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал