Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет22/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

11.  АҢЫ Н  А Р М А Н Ы   Ө Л М Е И Д І
(Дихан  Әбілев)
Дихан  ағаның  шын  аты  Әбдірахман  екен.  Бұл  туралы  ақынның  өзі 
«Ой  толғаулары»  атты  естелік  кітабында  «Қазақ  бала  туғанда  молда 
алдырып,  азан  шақыртып  ат  қойдырады.  Қошқарбай  молда  менің  атым- 
ды  «Ә бдірахман»  қойған  екен.  А рада  он  бес-жиырма  күн  өткенде 
біздікіне  Мәшһүр  Жүсіп  келіпті.  Менің  атымды  сүрапты.
-   Жоқ,  Әбіл,  Қошқарбай  қойған  ат  бүл  нәрестеге  ат  болмайды. 
Бері  әкелш і  өзін,  -   деп,  мені  өзіне  ж ақы ндатты рып  алып,  аузыма 
түкіріпті  де, І   мүның  аты  Дихан!  депті.  Ол  шығымдылық  деген  сөз» -
деп  жазыпты. 
^  -  ^
Туған  жері  Баянауыл  тауының  солтүстік  беткейіндегі  Мойылды
деген  табиғаты  әсем  қүз  жартастар  мен  ағаш-орман  арасы.  Әкесі  -
Әбіл,  арғы  нағашысы -   атақты  Бүқар  жырау.  Жасынан  Мәшһүр  Жүсіп
Көпеев,  С әбит  Д өнентаев,  Ж аяу  Мүса,  С әкен  Сейфуллин,  Сүлтан-
махмүт  Торайғыров  сында  тума  таланттардың  шапағатына  бөленіп,
қүйма  қүлақ  дарын  иесі  болып  өседі.  Соның  бір  көрінісі  мынау:
«Манағыдай  емес  Арыстан  ағаға  бойым  үйреніп:
-   Өзіңіз  кімсіз,  аға? — дедім.
-   Мен  Омбы  қазағымын.  Атым  Дүйсенбі.  Үмытып  қалма!
-   Қайда  барасыз? 

  Щ 
*
' ЩШІЬ
-   Қоңыр  малақайының  маңдайын  шалқайта  сырып:
Өз  журтың  кундейді, 
Щ
Қайын  журтың  міндейді.
Нагаилы  журтың  тілейді,
  -
дегенді  естіп  пе  едің?  Ендеше  мен  сол  тілейтін  жүртыма  барам.  Бот- 
пай  ауылын  білесің  бе?

221
...Сөйтіп,  қой  соңынан  ере  сөйлесе  отырып,  Кереку  мен  Баян  қара 
жолынан  өте  бергенімізде,  Дүйсенбі  аға  Ботбай  шілігіне  барар  жолды 
сүрады  менен.  Жақсы  ағадан  айырылғым  келмейді.  Алайда  жөн  айтгым.
-   Осыдан  жарты  шақырым  біздің  ауыл.  Соның  баурайы  көш  жолы 
соған  түсесіз.  Екі-үш  шақырым  өткенде  Алпыс  ауылы.  Одан  кейін 
Бүркітбай  бүлағы,  Айман  бүлақ,  Торайғыр  көлі -   Сүлтанмахмүт,  Бот- 
бай  ауылы.
Пластинкаға  жазып  алғандай  жаңағыларды  қайталап  айтты  да:
-   Бүркітбай  бүлағы  не?  Мүстафаның  Бүркітбайы  ма?
Бауырында  Баян  ауылы  қойым  жатыр,
Шалқыган  көк  теңіздей  ойым  жатыр.
Бәкеннің  Мүстафасы  ән  салганда,
Таласар  ол  болам  деп  қандай  пақыр? -
д е д і .
Мен  мүдіріп  қалдым.  Жауап  қайтара  алмадым.
-   Ал,  қош  бала!
Бүл  Дихан  баланың  қазақтың  жыр  дүлділі  Сәкен  Сейфуллинмен
алғаш  жүздесуі  болатын.
Осылай  жастайынан  әрнәрсеге  зерек  болып,  өз  бетімен  хат  та-
нуға  талпынған  бала  1920  жылдардан  бастап  Баянауылда  бастауыш
(Масғүт  мүғалімнен  орысша  бірінші  класты  бітіріп,  хат  танып,  кітап
оқитын  дәрежеге  жетеді)  мектепті  бітіріп,  онан  соң  1926-1928  жыл-
дар  аралығында  Семейдегі  ауыл  шаруашылық  техникумында  оқиды.
1934-1937  жылдары  Алматыдағы  журналистер  институтын  бітіреді.
ҚазПИ-дің  аспирантурасында  білімін  жетілдіреді.  Бүдан  соң  Д.Әбілев
туған  ауылында,  Қызылжар,  Қарағанды,  Алматы  қалаларындағы  мәде-
ни-ағартушылық  мекемелерінде,  газет  басқармаларында,  Жазушылар
одағында  түрлі  жауапты  қызметтер  атқарады.  Ал,  1941-1946  жыл-
дар  аралығында  Отан  басына  кауіп-қатер  төнгенде  әскер  қатарында
майданда  болады.
Осы  арада  Дихан  ағамыз  Семей  ауыл  шарушылығы  техникумында
оқып жүрген  кезінде денсаулығына байланысты бір-екі жыл оқуын үзіп,
Баянауылда  1931  жылдан  бастап  шыға  бастаған  «Ленин  туы»  газетін-
де  жауапты  хатшы  қызметін  атқарғанын  айта  кеткіміз  келеді.  Ал,  ол
кезде  бүл  аудандық  газеттің  редакторы  белгілі  ақын,  жазушы  Ғалым
Малдыбаев  болатын.
1931  жылы  ақын,  шежіреші  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  қайтыс  бола-
ды.  Осыған  орай  1932  жылдың  басында  газет  редакторының  атына

222
Алматыдан  жазушы,  халық  жанашыры  Ғабит  Мүсіреповтен  төмендегі- 
дей  хат  мәтіні  келіп  түседі.
Ғалым!  Сен  қызмет  етіп  жүрген  Баянауылда  бүгінгі  тірілердің  ірісі 
М әш һүр  Ж үсіп  Көпеев  қайтыс  болыпты.  М әш һүр  Х ІХ -Х Х   ғасыр- 
дың  бірдесі  уәкілі,  әрі  ақын,  әрі  шежіре.  Халық  творчествосының 
ж иы нты қ  қазынасы.  Осы  дүниелері  өте  мол  болуға  тиісті.  Ел  іші 
әзірше  бәрін түсіне  бермейді.  Әркімнің қолында  кетіп  жүруі де  мүмкін 
Сондықтан  сен  сол  М әшекеңнің  шығармаларын,  қолжазбаларын  ма- 
ған  «Қазақстан»  баспасына  жібер,  тез  кіріс.  Қапыда  қалмайық!
Сәлеммен  Ғабит
1932  жыл,  12  ақпан.
Ал,  Ғ.Малдыбаев  болса,  өз  кезегінде  түрлі  себептерге  байланысты 
бүл  мәселенің  орындалуын  Д.Әбілевке  тапсырады.  Осы  оқиғаны  Ди- 
хан  аға  өз  аузымен  біздерге:  «Мүра-мүрат, -   деді  әкем.  Сені  жаңа  за- 
манның  белсендісі  көретін  де  болар  Шарафи  (Мәшһүрдің  үлкен  бала- 
сы)  Жаз.  Мен  айтты  деп  жаз!..»
Сараң  сөзді  Әбекеңнің  (Әбіл-ақынның  әкемнің  айтқаны  кітапша- 
ма  жазып  алып түрмын):  «Шарафи,  екеуміздің  қараңғылығымыз  Мәше- 
кеңнің  нүрына  көлеңке  түсірмесін.  Балам  бара  жатыр.Үкімет  керек  деп 
ж атқан  М әш екеңнің  көкірек  қазынасына  ратш ылық  жасама» -   деп 
жазғызды  да  аяғына  Әбіл  деп  арабша  таңба  салды.  Жүріп  кеттім.  Бере 
ме,  жоқ  па?  Бақ  тәуекел!  Бүл  сөз  өз  алдына  уақиға  боларлық  жайт. 
Қысқасы,  сол  сапарымда  мен  Мәшекеңнің  үйінде  он  тоғыз  күн  болып, 
екі  кітап  қолжазбасын  алып  қайттым.  Ғалым  сол  күні  менің  көзімше 
почтаға  апарып  Ғабитке  жөнелтті.  Қазір  Ғылым  Академиясының  әде- 
биет  институтының  қазынасында,  менің  қарындашпен  беттеген  Мәше- 
кеңнің  сол  екі  кітабы  әлі  бар», -   деп  әңгімелеп  берген  болатын.
Осылай  сонау  бір  қысылтаяң  кезде  де  рухани  байлығымыздың 
мәртебесінің  асуына  үш  бәйтерек  осындай  бір  жақсылық  жасаған  бо- 
латын.  Осындай  игі  істің  жалғасы  ретіндегі  тағы  бір  қүнды  оқиға  Ди- 
хан  ағамыздың  Халық  жыршысы  Нүрпейіс  Байғанин  атамызды  әдеби- 
ет  майданына  алып  келуі  болатын.
Соғыс  алдында  тоқсандағы  жыр  дүлділі  Жамбылдың  ақындығына 
75  жыл  толу  тойы  өткізілмек  болады  да  жер-жерге  айтыс  ақындарын 
іздестіруге  өкілдер  жіберіледі.  Бүл  жолы  Дихан  ағаның  еншісіне  Ақтө- 
бе  облысы  тиеді.  Сөйтіп,  белгілі  әдебиетші  Қанафия  Мүстафин  екеуі 
баласы  Ғалымның  қам ауы нда  оты рған  жыр  түйғы ның  Алматыдан, 
Жәкеңнің  қасынан  бір-ақ  шығарады.

223
Кезінде  С.Дөнентаевтан  бастап,  С.Сейфуллин,  С.Мұқанов,  Б.Май- 
лин,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин  және  т.б.  Дихан  ағаның  творчествосы- 
на  ден  қойып,  өсіп-өну  жолына  үнемі  қамқорлық  жасап  отырған.
Бұған  мысал  ретінде  ақынның  өз  аузынан  айтқан:
«Тайыр:
-   Мүқа,  бүл  әлгі  өзіңіз  «оқып  шықтым,  үнады»  деген  «Бармақты» 
жазған  жас  ақын  Дихан, -   деді.
М үқан  Т айы рдан  көзін  алып,  менің  ж үзіме  қоңырж ай  қарап 
түрды  да:
-   «Бармақты»  жазған  16  жылдың  көтерілісіне  өзі  қатысқан  ере- 
сектердің  бірі  ме  деп  едім.  Ол  жылдағы  балаң  жанның  өзінше  көргені 
мен  сезгені  екен  ғой  Диханның  жазғаны, -   деп  Мүқан  мені  бүрыннан 
білетіндей  іштарта  айтты», -   деген  әңгімесін  көлденең  тартуымызға 
болады.  Бүл  сол  жылдардың  өзінде  тарлан  жазушылардың  қатарына 
қосылған  М.Әуезовтың  өзінен  кейінгі  жас  талапқа  берген  үлкен  баға- 
сы  еді.
Енді  тікелей  Д.Әбілевтің  творчестволық  еңбек  жолына  келер  бол- 
сақ,  онда  ол  ең  алдымен  Семейде  оқып  жүріп  С.Дөнентаевка  өлеңдерін 
көрсетіп,  сынатқан.  Оның  сол  кездегі  бірлі-жарым  өлеңдері  «Коопера- 
тив»,  «Қызыл  әскер»  сияқты,  сол  Сәбит  сынынан  өтіп  барып  «Жаңа 
ауыл»  газетіне  жарияланған.  Бірақ,  болашақ  Халық  жазушысы  ол  кезде 
өлеңді  өндіртіп  көп  жазбаған.  Оның  өлең  жазуға  бүтіндей  берілуі  Алма- 
тыға  келіп,  журналистер  институтына  түскен  кезінен  басталады.
Алғашқы  дәуіріндегі  Дихан  ағаның  өлеңдерінде  екі  Сәбиттің  де, 
Бейімбеттің  де  идеялық  творчестволық  ықпалы  байқалады.  «Соп-соп 
б орозд а»,  «О янып  кетп еген де» ,  «Ы зақор  еді  С еріағам »  сияқты  
егіншілік,  еңбек  өмірін  нақты  суреттеген  өлеңдерінде Диханның алғаш- 
қы  ақындығы  танылады.  Мәселен,  оның  1932  жылы  жазған:
Күркіреп  ақты  көк  өзен,
Көкала  толқын  көкке  атып.
Тулатты  толқын  тауларын,
Кетердей  жерді  аударып.
Долы  Ертіске  қарасаң,
Баягы  агын,  сол  агын.
Жуып  жатыр  таласып,
Көпірдің  діңгек  балагын,
деген  «Көпір»  атты  өлеңінде  ақынның  суретшілік  қабілеті  айқын  бай-
қалады.

224
1930  жылдары  Дихан  өлеңді  бұрқыратып  көп  жазады,  көп  оқиды, 
білімін  де,  ақындық  тәжірибесінде  толықтыра  береді.  Тек  институт 
көлемі  ғана  емес,  Алматыдағы  әдебиетші-жазушылар  ортасы  да  ақынға 
үлкен  мектеп  болады.  Диханның  көптеген  өлеңдері  республикалық  га- 
зет-журналдарда  басылады.  1937  жылы  «Қуат»  атты  өлең,  поэмалары- 
ның  ж и н ағы ,  1938  ж ы лы   «Ш алқы м а»  атты  поэм асы ,  1939  жылы 
«Сүйемін»  атты  өлеңдер  жинағы  жарияланады.
Д ихан  ш ы ғарм алары н ы ң   іш інде  жылы,  суретті  лирикалар  да, 
жүртшылықтың  жақсы  назарын  аударған  «Шалқыма»  сияқты  поэма- 
сы  да  бар  еді.  Тақырып  жағынан  алатын  болсақ,  екі  жинағына  ортақ 
бір  нәрсе:  ақынның  «Қуат»  поэмасынан  бастап,  «Чапаев»,  «Мерген 
бала»,  «Оқ»,  «Отан  үшін»  сияқты  өлең-жырларына  дейін  бәрі  де  Отан 
қорғау,  кеңес  әскерінің  жеңімпаздығын,  күрестерін  бейнелеуге  арнал- 
ған.  Сондай-ақ  «Испан  қызы»,  «Ремедиос»  секілді  империалистердің 
басқыншылық  арандату  әрекеттерін  әшкерелеуге  арналған  үзақ  сю- 
жетті  өлеңдері  де  Отан  қорғау  тақырыбын  тереңдете  түседі.
Осы  жинақтарына  кірген  «Кел,  жігіттер»,  «Қызыл  жалау»,  «Таңер- 
тең»,  «Торғай»,  «Қызғалдақ»,  «Қырғыз  қызына»  сияқты  лирикалары 
Диханның  лирик-ақын  екендігін  байқатады.
Дихан  ақындығының  екінші  дәуірі,  яғни  өсіп  қалыптасқан  кезі  Ұлы 
Отан  соғысы  және  соғыстан  кейінгі  жылдарда  басталады.  Оның  ақын- 
дық  жолда  өсуіне  толып  жатқан  себептер  бар.  Алдымен  ақын  от  пен 
оқ  кешкен  майданда  жүріп  солдат  өмірін,  соғыс  уақиғаларын  нақты 
жырлады.  Ш ындықтың  өзімен  қоян-қолтық  араласты.  Ал  қашан  да 
болсын  өмір  шындығының  өзі  адамға  ең  ауыр  мектеп  қой,  сол  өмір, 
соғыс  шындығы  ақын  қаламын  төселдіріп,  жетілдіре  түсті.
Үлы  Отан  соғысы  ақын  поэзиясында  ең  орталық  тақырып.  Бұл  та- 
қырыпты  меңгеруге  ақын  әр  жағынан,  әртүрлі  шеберлік,  жанрлық  ерек- 
шелігімен  келеді.  Дихан  бірқатар  өлең-жырларында,  поэмаларында  сұра- 
пыл  соғыстың  қатал  жорықтарын,  кеңес  патриоттарының  жауға  деген 
ыза,  кектерін,  ерлік  күрестерін  баяндаса  («Жүлдызды  жігіт»,  «Біздің 
батыр  полковник»,  «Ж аңа  жыл  кеші»,  «Москва  түбінде»,  «Неман», 
«Төмпешік»),  енді  бір  келесі лирикаларында ол соғыстағы  жауынгер сол- 
даттың  туған  жерге,  достарына,  туыс-жақындарына  деген  сағыныш, 
жалынды  ыстық  махаббатын  әралуан  сюжет,  ақындық  мотив,  көркемдік 
формамен  бейнеледі.  М әселен,  олардың  қатарына  «Қоштасу»,  «Жан 
сөзі»,  «Сүйген  ж арға»,  «Мені  де,  сені  де»,  «Сағыныш»,  «Қүздағы 
жүлдыз»,  «Ақ  үйде»,  «Күй»,  «Туған  елге»,  «Тастақ»,  «От»,  «Тоты»,

225
«Қайда  кеттің»,  «Сол  күн  үшін»,  «Бөбегім»,  «Ботакөз»  т.б.  өлеңдерін
жатқызуға  болады.
Бүдан  басқа  оның  майдандағы  солдаттың  соғыс  жағдайындағы
тіршілігін,  нақты  түрмысын,  сезім  күйлерін  суреттеген  лирикалары  да
қызықты.  Диханның  «Шылым»,  «Алабаған»,  «Қүты»,  «Бүғы»,  «Кәрлен
кесе»  жырлары  осындай  өлеңдер.
Дихан  қазақтың  басқа  жауынгер  ақындарынан  ерекше  бір  тақы- 
рыпты,  атап  айтқанда,  Қиыр  Шығыс,  Жапониямен  соғыс  тақырыбын 
бырсыпыра  жырлап  қайтты.  Бүл  сол  кезде  қазақ  поэзиясындағы  тың
тақырып  болатын.
Диханның  соңғы  дәуірдегі  поэзиясында  лирикамен  қатар  эпикалық
шығарма  елеулі  орын  алады.  Ақынның  соғыс  түсындағы  поэзиясында 
суретшілік,  сюжеттілік,  шағын  өлең  арқылы  белгілі  бір  ойды,  тартыс 
түйінін  қорытып  отыру  әдісі  соғыстан  кейінгі  дәуірдегі  шығармалары- 
на  тереңдей  қалыптаса  түседі.  Тақырыпты  меңгерумен  шеберлігін  жет- 
ілдіру  ақын  үшін  маңызды  бір  творчестволық  мақсат  болады.
Жоғарыда  біздер  Диханның  табиғатты,  өмір  көркін  жырлаудағы 
шеберлігі  бала  кезінен  оянған  талантының  жарқ  етпе  көрінісі  дедік. 
Мәселен,  Алтай  тақырыбына  арналған  лирикалары  мен  поэмаларында 
оның  Ертісті,  Зайсан  көлін,  Үлбе  өзенін  жарқын  да  сүлу  суреттей  ал- 
ған  шеберлігін  танимыз.  Жылдың  төрт  мезгілі,  көктем,  тың  даладағы 
егіс  тақырыбына  арналған  табиғаттың  алуан  түрлі  қүбылыстарын,  сол 
жарастықты  табиғат  қүшағындағы  адамдардың  еңбек  өмірін  берудегі 
суреттілігі  көрінеді.  Ақын  бірде:
Қарашы  Зайсан  көлдің  келбетіне,
Көл  бар ма мундай  сүлу жер  бетінде?
Толықсып  көк  толқыны  көбік  шашып,
Қаз  дауысын,  аққу  әнін  тербетуде!
 -
деп  сүлу  Зайсанның  сипатын  қарапаиым  халықтың  сөзімен  жырласа,
енді  бірде: 

’  <
Адам  жаны  өлеңдеткен,  жыр  еткен,
Жыл  ішінде  гашыгындай мезгіл  бар.
Өмір  қойган  аты  оның  нүр  кәктем...
Кок  плюшке  бөленді  бар  атырап.
Көк  ормандар  жайды  жасыл  жапырақ,
Көк  өзендер  көсіле  агып  куркіреп.
Теңіздерге  қүйып  жатыр  сарқырап...

226
Үлкенменен  кіші  әзілдеп  қурбыдай 
Жай-куйіне  жас  салтанат  қурды  май 
Сезіміңді,  лебізіңді  толқытып 
Өмір  туын  нурмен  желпіп  турды май.
Қаз  бауыр  булт  жогарыда  қалықтап 
Орман  шашын  сәулесімен  тараган 
Ай  суңгиді  аспанынан  шалқалап 
Үлы  анадай  әлде  болса  балажан 
Кун  шыгады  жас  көктемді  арқалап, -
деп  көктем  көркін  беруде  ол  ерекше  ақындық  тіл  табады.  Осындай
дәл  және  ақындық  шеберлікпен  жазылған  суреттер  Диханның  ақын-
дық  жолдарының  осуіне  тиісті  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  оереді.
Дихан  лирикаларының  бірталайы  нақты  бір  өмір  объектісін,  нақ- 
ты  бір  тартыс  түйінін  баяндайды.  М әселен,  оның  «Өзен»,  «Өмірде 
бір  ыстық  шағың  болады»,  «Алтай  сүлулары»,  «Қорғасын  толқыны», 
«Домбыра  күйіне»  сияқты  шебер  жазылған  өлеңдері  әрі  шағын  лири- 
ка,  әрі  сюжетті  шығарма.  Ақынның  «Өмірде  бір  ыстық  шағын  бола- 
ды»  деген  өлеңі  жаңа  жыр  ырғағымен  берілген,  форма  жөнінде  ізде- 
нумен  жазылған  тақпақ.  Өз  Отанының  қуатты  жасағыш  бейнесін  ол 
осы ндай  ізденумен  ж азы лған  шағын  ж ырларында  да  үтымды  тап- 
қырлықпен  бере  алады.
Дихан  бірталай  поэмалар  жазған  ақын.  Әсіресе,  соғыстан  кейін 
Алтай  тақырыбын  лирикалы  жыр  көлемінде  де  дамытып,  нақты  жыр- 
лауда  елеулі  табыстарға  жетті.  Зайсан  көлі,  Ертіс,  Үлбі  өзендері,  Ал- 
тай  тауы  бойындағы  өмір  көріністері,  жаңа  қүрылыс,  еңбек  ерлігі  ақын 
поэзиясының  негізгі  бір  идеялық,  творчестволық  мотиві  болды.
«Алтай  жүрегі»  (1953  жыл)  поэмасы  1954  жылы  орысшаға  ауда- 
рылып  басылды.  1957  жылы  бүл  шығарма  жөнделіп,  толықтырылып 
«Таудағы ту» деген атпен қайта шықты.  Осы  поэманың жалғасы ретінде 
«Отты  тасқындар»  атты  поэмасы  1956  жылы  жарық  көрді.
Бүдан  соң  ақын  енді  Сүлтанмахмүт  Торайғыровтың  өмірбаяны, 
творчестволық  қызметімен  қатар  қоғамдық  қайраткерлігіне  арналған 
«Ақын  арманы»  атты  көркем  шығармасын  жазуға  кіріседі.  Дихан  бүл 
іске  дайындықпен  келген  болатын.
Баянауыл  аудандық  «Ленин  туы»,  Қызылжарда  шығатын  Қараған- 
ды  облыстық  «Ленин  туы»,  республикалық  «Социалистік  Қазақстан», 
Жазушылар  Одағының  «Қазақ  әдебиетіндегі»  журналистік  қызметін 
былай  қойғанда «Жаңа әдебиет»  кейін  «Әдебиет майданы» журналында

жарияланған  «Сырлы  шкафтың  сыры»  мен  «Танакөк»  әңгімелерінен 
бастап  өлеңмен  жазған  «Алтай  жүрегі»  романы  және  Некрасовтың 
«Русьте  кім  жақсы  түрадысының»  аудармасы  поэзиядан  прозаға  са-
лынған  жолдың  алтын  көпірі  болды.
Алдында  роман  болып  жазылған  бүл  шығарма  кейін  үш  кітаптан 
түратын  трилогияға  айналды.  Бүл  еңбегін  бастан  аяқ  жазып  шығу  үшін 
жазушы  өзінің  16  жыл  аяулы  өмірін  арнапты.  Бірақ  ол  үшін  ақын-жа- 
зушы  ешқашан  өкінбейтін  болады.  Себебі,  онда  өлмейтүғын  мүра, 
өш пейтүғы н  тари х  бар.  Осы  м ақаланы   ж азу  бары сы нда  біздер 
Д.Әбілевтің  «Ақын  арманы»  трилогиясын  тағы  бір  рет  оқып  шықтық. 
Соның  барысында  өзімізге  төмендегідей  ой  түйдік.  «Ақын  арманы», 
«Арман  жолында»  және  «Баянауыл  баурайында»  деп  аталатын  үш 
кітаптан  түратын  бүл  «Сүлтанмахмүт»  трилогиясы  қазақ  әдебиетінің 
алтын  қорына  келіп  қүйылған  шын  мәніндегі  қүнды  шығарма.  Мүнда 
өмірі  қысқа  болғанымен  өлеңі  ғасырларға  созылатын  Сүлтанмахмүт 
сынды  қазақ  халқының  ақынының  образы  беріліп  қана  қоймай,  сол 
арқылы  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  елінің  тарихы,  қоғамдағы  орны 
мен  саясаты,  әлеуметтік-экономикалық  хал  жағдайлары  да  алақанда- 
ғыдай  ашып  көрсетіліп  берілген.  Шығарма сонысымен  қүнды.  Иә,  ақын 
арманы  өлмейді.  Жалғасын  табады.
12.  Б У Ы Р К Д Н Ғ А Н ,  Б Ү Р К А Н Ғ А Н   ЖЫР  ТАСҚЫНЫ 
(Калижан  Бекхожин)
Бабам  қалап  кеткен  бе, 
Қат-қат  сандық  тастарын?

228
Келемін  аттап  бөктерде,
Тебірентіп мені  де,
Аталар  өткен  асқарым...  [120]
Баянауылдағы Бекқожа балташының баласы Нүрғожа ақынның Қай- 
ыржан,  Қалижан  есімді  ағайынды  ағалы -   інілі  екі  үлы  болған.  Әкелері 
әсіресе  үлкенін  жанындай  жақсы  көріп:
Нургожа  бас  жігіттіц^ болган  бірі,
Тарқаган  қалам  алса  көңіл  кірі.
Қүдайга  қазір  алса ризамын,
Артымда  Қайыржаным  қалса  тірі, -
деп  өлең  жолдарын  да  арнаған.
Алайда  ғазиз  әке  балаларының  болашағына  бөле-жара  қарамаған. 
Қос  қанатына  өрелі  білім  беру  қамымен  1917  жылғы  төңкерістің  ал- 
дында ауылдан қалаға, яғни Керекуге көшкен. Кейіннен әкелерінің өзде- 
ріне  деген  мүндай  қамқорлығына  Қалижан:  «Сірә,  мен  алты  жасымда 
хат таныған  шығармын.  Мені  әкем  алты  жасар  кезімнен  ескіше  хат та- 
нуға  баулыды  да,  жалдамалы  молдасымақтарға  діни  оқуға  берді...
...Араб  әліппесінің  әріптерін  атаудың  өзі  бір  қиямет...  «Бисін  бе, 
биесін-би,  Бәби-бо»  деген  бірдемелерді  ежелеп  бірнеше  күн  жаттап 
қақсайтынбыз.  Алайда,  сол  бала  шағымда  араб  әліппесін  жете  білген- 
дігімнен  қаншама  таңғажайып  қиссалар,  аңыз-хикаялар,  ертегі-дастан- 
дарды  оқып  шықтым.  Әкемнің  қос  әбдіресі  кітаптарға  толы  болатын. 
Сонымен  қатар  қаладағы  татар  дүкендерінде  Бүқарада,  Қазанда,  Таш- 
кентте  басылып  шыққан  кітаптар  көп  сатылатын.  Бала  кезінде  сол 
Қазан,  Ташкент  шаһарларында  басылып  шыққан  қисса-дастандарды, 
батырлар  жырларын  түгел  оқысам  керек.  Солардың  ішінен  бала  кезім- 
де  о қ ы ған ы м -  татардың  үлы  шайыры  Ғабдолла  Тоқайдың  1913  жылы 
шыққан «Көңіл тамшылары»  атты өлеңдер жинағы.  Әкем Абай, Сүлтан- 
махмүт,  Мүрат  өлеңдерін,  Біржан-Сара  айтысын,  тегі  сүйсіне  оқыса 
керек», -   деп  ризашылықпен  еске  алған  [121].
Ал,  енді  Қ.Бекхожиннің  өзіне  келетін  болсақ  әдебиет  майданында 
жарты  ғасырдан  астам  еңбек  еткен  жылдарында  үлкен  асулардан  өтті. 
Оның  өлең,  поэмалары,  әдеби  сын,  публицистикалық  еңбектері,  пье- 
салары  том-том  кітап  болып  басылып,  театр  сахналарында  қойылды. 
Ол  әдебиеттану  және  аударма  саласында  да  елеулі  еңбектер  жазып, 
соңына  өшпес  мүра  қалдырған  белді  де,  белгілі  әрі  білікті  суреткер
ақын,  жазушы.

Қазақстан  Мемлекетгік  сыйлығының лауреаты,  халық  ақыны  Қ.Бек- 
хожиннің өмірбаяны ман творчествосы жайлы әр жылдары жарық көрген 
баспасөз  материалдарын  былай  қойғанда,  мектеп  оқушыларына  арнал- 
ған  оқулық,  хрестоматияларда,  жоғары  оқу  орындарының  студенттері- 
не  арналған  оқулықтар  [122]  мен  қазқ  әдебиетінің  тарихына  арналған 
ғылыми  еңбектерде  [123]  нақты  бір  жүйеге  келтірілген  көптеген  түжы- 
рым  пікірлер  білдірілген.  Сондай-ақ,  ақын  творчествосын  зерттеудегі 
әдебиетші  Төкен  Ибрагимов  [124]  пен  ғалым  Әбділхамит  Нарымбетов- 
тардың  [125]  да  еңбектерін  айырықша  атап  өткеніміз  жөн.
Ақын  Қ.Бекхожин  әдебиетке  отызыншы  жылдары  келген.  Бүл  ту- 
ралы  белгілі  ғалым  Р.Бердібаев:  «Қазақ  совет  поэзиясы  түрлі  тың  та- 
қырыптарға  барды,  әр  жанрда  шығармалар  туды.  Жалпы  алғанда,  30 
жылдарда қазақ поэзиясы  сан жағынан да,  сапа жағынан да, жаңа қияға 
өрледі.  Оның түрақты  да өнімді  өкілдері  ретінде  І.Жансүгіров,  С.Мүқа- 
нов,  А.Тоқмағанбетов,  Ә.Тәжібаев,  Т.Жароков,  К.Әбдіқадыров,  Ғ.Ор- 
манов,  Ж.Сыздықов,  Ө.Түрманжанов  сияқты  белгілі  ақындар  қызмет 
етті.  Отызыншы  жылдардың  орта  түсында  бүлардың  қатары  Ә.Сәрсен- 
баев  (1905),  Қ.Аманжолов  (1911-1955),  Ж.Саин  (1912-1961),  Қ.Бек- 
хожин  (1913),  Қ.Сатыбалдин  (1917-1970),  М .Хакімжанова  (1906), 
Д .Ә білев  (1907),  А .Ж үм ағалиев  (1 9 1 5 -1 9 4 1 )  тәр ізд і  ақындармен
көбейді», — деп  жазды  [126].
Шынында  да  Қалижан  кезінде  әдебиет  әлеміне:
Ерке  өскен  еркін  елде мен  бір жаспын,
Туганнан  тың  гасырмен  мен  сырласпын.
Ержеттім  толқынды  өмір  арасында
 —
Сондықтан менің  жырым-өрен  тасқын, -
деп  буырқанып  келген  жастың  бірі  еді  [127].
Өзіне  де,  сөзіне  де  сенімді  ақын:
Еркінмін,  бултты  жарып  көкке  ушамын,
Бузамын  мухиттың  да муз  қурсауын
, -
дей  келіп  одан  әрі:
Гул  орман,  Отанымда  шаттық  өмір
,
Теңіздей  көтерілген  шалқып  көңіл.
Сайраган  булбулдары  сол  орманның,
Жан-жақтан  жастық  жыры  толқындап  тур. 
Шырқаймын мен  де  бірге  шаттық  сырын, 
Жырыммен  жаңгыртамын  таудың  шыңын, -
деп  шарықтап  кетеді.

230
Бұл  туралы  ғалым  Ә.Нәрімбетов:  «Отызыншы  жылдардың  орта 
тұсында  поэзия  әлемінің  табалдырығын  аттаған  ақын  Қ.Бекхожиннің 
алғашқы  туындыларынан  байқалатын  жай:  оның  шығармаларында  сол 
тұстағы  уақы т  тынысының  сезілетіні.  Ақын  бірден  халық  өмірінің 
дүбіріне  құлақ  қойып,  идеал-мақсатын  жырлауға  ұмтылды.  Өз  зама- 
нының  көкейкесті  мәселесін  толғауды  басты  ақындық  парызым  деп 
білді.  Бүл  бағыттағы  оның  шығармаларының  идеялық  нысаны  айқын 
еді.  Ал,  көркемдік  сапа  түрғысынан  қарағанда,  олардың  дені  алғашқы 
творчестволық  тәжірибелер,  түңғыш  барлау  ізденулер  екені  көрініп 
түр.  Көркемдік  шеберлік  жолындағы  ақын  алар  биік  асулар  алда  бола- 
тын», — деп  жазады  [128]. 

^
Иә,  ақын  алар  асулар  алда  болатын.  Бүған  оның  әсіресе,  Үлы  Отан 
соғысы  жылдарында  жазған  жырлары  куә.  Бүл  сүрапыл  майдан  жыл- 
д ар ы н д а  Қ .Б е к х о ж и н н ің   де  т в о р ч е с т в о с ы н ы ң   ж ау ы н гер л ік   рухы 
күшеюмен  қатар,  қаһармандардың  келбеті  де  айқындала  түсті.  Ол,  ә 
дегеннен-ақ  «Кек  дабылы»  деген  өлең  жазып:
Кеудемізде  кек  қайнаган,
Кекпен  өзен  отқа  айналган.
Қаһарлы  айқай  салган  шуды,
Дүниеде  кім  ашулы?
Біз,  жігіттер,  -
біз  ашулы!
Біз  ашулы,
Намысоты 
Бойды  өртеген,  жалын  қысқан.
Ашындырды,  арга  тиді,
Бүлік  салып  бізге  дүшпан,
  -  
Е І В
деп  халықтың  бойындағы  жауға  деген  өшпенділікпен,  шексіз  ашу-ыза-
ны  дәл  тауып,  түтандыруға  тырысты.
Бүдан  кейінгі  ақынның  екінші  бір  өлеңі  «Кәдімгі  біздің  Қошқар- 
бай»  деп  аталады  [132].  Мұнда  ол  жауды  талқандауда  шынайы  ерлік 
көрсеткен  қарапайым  қазақ  жігіттерінің  бейнесін:
Сонда  неміс  сумына 
Оқ  боратып  дауылдай,
Қагысқанды  қандатып 
Қабагына  қан  қатып,
Түнерді  түсі  аспандай
 -  
.  . 
'

231
Қан  қыргында  жүр  екен,
Кәдімгі  біздің  Қоіиқарбай, -
деп  тебіріне  жыр  жолдарына  қосты.
Қ.Бекхожиннің  Үлы  Отан  соғысы  жылдарында  жазған  туындыла- 
рының  белгісі  де,  бірегейі  боп  оның  «Партизандар»  және  «Партизан 
анасы»  деп  аталатын  жырлары  болып  табылады.  Бүл  жайында  белгілі 
ғалым  Ә.Нарымбетов  жоғарыда  аталған  монографиясында:  «Мәселен, 
ақын  Қ.Бекхожин  «Партизан  анасы»  атты  балладасында  белгілі  бір 
нақтылы  сюжетпен  партизан  өмірін  айқын  суреттеуді  мақсат  еткен. 
Шығарманың  бас  кейіпкері  партизан  және  оның  кәрі  анасы.  Жорықта 
жүрген  партизан  үлына  деген  ананың  сағынышын  ақын  тебірене  тол- 
ғайды.  Әр  ананың өз  перзентінің тірлігін тілейтіні  заңды  қүбылыс.  Сол 
әрбір  әзиз  анадай  партизан  анасы  да үзақ  мерзім  жорықта  жүрген  үлы- 
мен  жүздесуді  арман  етеді.  Үлым  тірі  ме,  өлі  ме деп  көкірегі  қарс  айы- 
рыла  күдіктенеді  де.  Сөйтіп,  жаумен  үш  жыл  майдандасқан  үлын  іздеп 
ана жолға шығады.  Сол жерде фашистер ананы қоршап «партизан үлың 
қайда,  тауып  бер?»  деп  қысады.  Жау  аузынан  өз  үлының  тірі  екенін 
естіп  қуанған  ана  сезімін  ақын  оның  өз  сөзімен  жеткізе  алған:
Ей,  залымдар  өлтір мені,
Жыламаймын,  мен  қуанам.
Тірі  екен  гой  сендерге  ойран 
Салып  жүрген  менің  балам.
Қуанамын  тірлігіне,
Қарашыгым  еді менің,
Қуанамын  ерлігіне
Сақтап  жүрген  ана  кегін...  [129]
Бүдан  кейін  жауыздардың  анаға  оқ  атуы  алдындағы  ана  арманы, 
қиялы  әдемі  бейнеленген.  Сезім  суреттерін  бере  отырып,  ақын  шы- 
ғарма  кейіпкерлерінің  биік  бітімін  шынайы  мүсіндеген.  Олар.  жауды 
талқандап  жүрген  ер  партизан  және  оның  абзал  анасы», — деп  әділ  ба-
ғасын  берген.  [134]
Саяси,  азаматтық лириканың бастауы  сонау  С.Сейфуллин,  С.Мүқа-
нов,  І.Жансүгіров,  Б.Майлиндерден  басталады.  Ал,  осы  саяси-азамат-
тық  лирика  Қ.Бекхожиннің  творчествосынан  басты  орын  алады  десек
қателеспейміз.  Бүған  оның  «Отан»,  «Жер»,  «Бейбітшілік»  тақырыпта-
рына  арналған:
Сол  гана  інім,  сол  тілек,
Сол  тілек  ізгі,  сол  күшті!

От  алмасын  зеңбірек 
Тыныштық  жеңсін  согысты.
Аузында  ажал  оты  бар
Атомдар  бейбіт  жол  алсын,
 
1
Ашуы  музга  атылар,
  -
деп  басталатын  «Түрсын  дүние  бабында»  [130]  деген  сияқты  өлең
ш умақтары   куә. 

]
Осы  арада  арнайы  сөз  етуге  түрарлық  екінші  бір  мәселе  Қ.Бекхо- 
жиннің  творчествосындағы  замандас  бейнесі.  Мәселен,  ол  «Адамзат- 
қа  маймыл  ата  дегенге»  (131)  деп  аталатын  өлеңінде:
Адамзатта  күннің  ізгі  нүры  бар,
Пейілі  бар,  күндей  жылы,  мерейлі.
Адамзатта
 -  
жалын  да  бар  қуырар
 -  
Жаусыздықты  жерге  төнген  үрейді
.
Адамзатта
 -  
асқан  дана  ақыл  бар,
Дүниеге  теңіз  болып  шалқыган
.
Қүдірет  бар,  багынатын  атомдар,
Қасиет  бар  түлгасына  сай  туган,
  -
деп  замандасын  ең  биік  дәрежеге  көтереді  де,  кен  қопарған  кенші  мен 
қызу  еңбектің  қазанында  қайнаған  жүмысшмны,  ел  ризығын  жиып 
жүрген  диқанды,  дала  төсін  төрт  түяққа  толтырып  отырған  малшыны, 
зәулім  үйлерді  түрғызуш ы  қүрылысш ыны  («Ж езқазған  жырлары», 
«К енш імен  сы рласу»,  «Ш ахтер  м ақтаны ш ы »,  «К омбайнш ы   қыз», 
«Қарт  шопанды  ойладым»,  «Қүрылысшы  жыры»)  осының  дәлелі  рет- 
інде  айызын  кандыра  тебіріне  жырға  қосады.
Өсиет  өлең  шығару  дәстүрі  қазақ  поэзиясында  ертеден  бар.  Оған 
Бүқар  жырау  Қалқаманүлының,  Ыбырай  Алтынсаринның,  Абай  Қүнан- 
баевтың,  Сүлтанмахмүт  Торайғыровтың,  Сәбит  Дөнентаевтың,  Түрма- 
ғамбет  Ізтілеуовтың  көптеген  өсиет  өлеңдері  дәлел.  Бүл  салада  Қ.Бек- 
хожин  де  аз  еңбектенбеген.  Сондықтан  оның  «Әркімде  бір  қате  бар», 
«Туысыма»,  «Ақын  ініме»,  «Қайғың  болса»,  «Жүрт  көзінше  күрсінбе», 
«Егер  шықсан  асқарга»,  «Үмыт  бәрін»,  «Бес  ешкіні  қудым  деп»  ата- 
латын  жырларын  қазіргі  поэзиядағы  өсиет  өлеңдерінің  тәуір  нүсқала- 
рының  қатарынан  табатынымыз  орынды.  Мәселен,  ол  бүл  түрғыдан 
алғанда  кейінгі  үрпақка:
Үмыт,
 —
Көрген  запыңды  күншілерден,

Өсектерді  соңыңнан  сыңсып  өрген,
Еске  сақта  әзілін  достарыңның,
Кірбің  кезде  көңілді  бір  көтерген,
Үмыт, —

Усақ  өкпеңді  туысыңа,
Қалмасын  зіл  кеудеңнің  қуысында.
Жадырай  бер мереймен,  ізгілікпен,


Кеңір  сонда  кеудең  де,  тынысың  да,
 -
деп  өсиет  айтады  [132].
Сондай-ақ,  Қ.Бекхожин  нақыл  шумақтар  да  жазған  ақын.  Бүл  ту- 
ралы  ғалым,  зерттеуші  Ә.Нарымбетов:  «Арғы-бергі  қазақ  поэзиясын- 
да  өсиет  өлеңдермен  қатар  нақыл  шумақтар  шығару  дәстүрі  де  ежел- 
ден  бар.  Сырттай  қарағанда  өсиет  пен  нақыл  өлеңнің  табиғатында 
үқсастық  та  байқалады.  Іштей  үңіліп,  ажырата  қарағанда,  айырмасы 
да  көзге  түседі.  Өсиет  өлеңнің  көлеміне  қарағанда  нақыл  өлеңнің 
мөлшері  шағын  келеді.  Өмір  тәжірибесінің  сығынды  жиынтығындай 
философиялық  ғибраттылық  ой-пікір  нақыл  шумақтың  өзегі  болып 
отырады.  Бүл  ретте  ол  мақал-мәтелге  де  жуықтап  қалады.  Бірақ  на- 
қыл  шумақ  мақал-мәтел  емес.  Сол  нақыл  шумақтардың  біразы  өмір 
сынынан,  халық  талғамынан  өтсе  кейін  біразы  мақал-мәтелге  де  айна- 
лып  кетуі  мүмкін.  Сондықтан  ақындардың  нақыл  шумақтарын  кейінгі 
уақытта  шығуы  ықтимал  мақал-мәтелдердің  арсеналы  десе  де  болған- 
"  дай»  [139], -  деп жазып  нақыл шумақтарға тың көзқарас білдіріп,  орын- 
ды  баға  береді.  Ғалымның  бүл  ой-пікіріне  ақынның:
Таудай  толқын  болса  да,
Суга  батпас  қасқалдақ.
Қанша  боран  соқса  да,
Қыран  ушар  аспандап.
Таусыла  сыр  айтқаннан,
Томсарганың  ірілік.
Сөйлесуге  баптанган,
Сырласыңның  сырын  уқ  [133], -
деген  нақыл  шумағы  толық  жауап  беріп  түрған,  үндес-өзектес  жыр
жолдары  деп  білеміз.
Қ.Бекхожин  эпик  ақын.  Сондықтан  да  оның  қазақтың  эпикалық
поэмаларының  даму,  өркендеу  процесіне  қосқан  үлесі  үшан-теңіз.  Көзі
тірісінде  40-тан  астам  өлең  жинақтары  шығып,  жиырма  шақты  ірі

поэмалар  жазған  ақынның  шығармаларында  кісі  аттары,  кейіпкерлері 
өте  көп.  Бұл  жайында  ол  кезінде:  «Мен  жазған  жиырма  шақты  поэма- 
лардағы  кейіпкерлердің  көпшілігі — тарихта  болған  белгілі  адамдар  не- 
месе  өмірде  шындық  негіздері  бар  бейнелер.  Сол  кейіпкерлердің  бір 
қатарын  мен  өз  көзіммен  көрдім,  олардың  абзал  өмірінен,  әйгілі  істері 
жайында  өздерімен  танысып,  сұхбаттасқан  едім.  Тегінде,  тарихтан 
анық  естіп  білгенімді  немесе  көріп  жете  барлағанымды  жазуға  мен  ер- 
теректен  бейімделдім», -   деп  жазған  [134}г-
Қ.Бекхожиннің  алғашқы  жазған  поэмасы  «Кек»  деп  аталады.  Ол 
1938  жылы  «Лениншіл  жас»  газетінің  бетінде  жарияланып,  оқырман- 
нан  тиісті  бағасын  алады.  Поэманың  бас  кейіпкері  азамат  соғысының 
қаһарманы — Балтабай  Баратбаев.  Автор  дастанында  халық  аңыз  етіп 
айтқан,  өзі  дер  кезінде  естіп-білген  оқиғасын,  азамат  соғысының  ері 
Балтабай  бейнесін  былай  деп  жырлайды:
Онда мен  жетідегі  жүгірмекпін!
Үқтым  ба  дүбірлеген  сырын  көптіц?!
Зеңбірек  күркіресе  қызық  көріп,
Қызыл  ту  желпілдесе  күлімдеппін...
Соңынан  солдаттың  мен  жүгіремін 
Сол  күннен  үмытылмас  сыр  білемін.
Шықты  деп  иіулы  батыр  Керекуден,
Естіген  бала  күннен  жырым менің.
Геройым —  аты  шулы  ер  Балтабай,
Байга  қас,  жарқылдайтын  ақ  балтадай.
Кегіне  жарлы  жүрттың  жанын  қайрап,
Ел  сүйген  ерліктері  еткен  талай...
Арада 44  жыл  өткен  соң  «Кек»  поэмасына  байланысты  үлкен  оқиға 
болады.  Ол  туралы  ақын:  «1982  жылдың  10  ноябрінде  совет  милиция- 
сының  60  жылдық  мерекесі  кезінде  Қазақ  ССР  Ішкі  істер  министрлігі 
мені  телевизия  арқылы  сөйлеуге  шақырды.  Бақсам  милиция  ардагері 
Балтабай  Баратбаев  есіміне республикалық жүлде белгіленген екен.  Сол 
жүлдені  милицияның  өнегелі  қызметкерлеріне  сол  мерекелі  күні  тап- 
сыруды  үйғарыпты.  Милиция  ардагерін түңғыш жыр  еткен  маған  «Кек» 
деген  поэмаңыздан  үзінді  оқып,  Балтабай  туралы  естелік  айтыңыз  деп 
өтінді.  Милиция  басшылары,  елу  милиция  қатысқан  телевизиялық  бүл 
жиынға  Балтабайдың  туған  баласы,  қазір  жасы  үлғайған  Сапар  Барат- 
баев  та  қатысты.  Мен  халықтың  тәртіп,  өнегесін  сақтаушы,  игілігін 
қорғаушы  абзал  азаматтарға  Балтабай  туралы  естелік  айтып,  «Кек»

поэмасынан  үзінділер  оқып  бердім», -   деп  еске  алады  кейінірек  жаз- 
ған  естеліктерінің  бірінде  [135].
Қ.Бекхожиннің  келесі  бір  дастаны  «Орман  қызы»  деп  аталады. 
Ақын  1938  жылы  жазылған  бүл  поэмасы  үшін  1939  жылы  комсомол 
сыйлығының  лауреаты  атағына  ие  болған.  «Орман  қызының»  басты 
кейіпкері  Қарлығаш  есімді  әнші  қыз  (Күләш  Байсейітова)  бейнесін
ақын: 
і
  -
Жарқ  етіп  шықты  міне  сахнага,
Түр екен  ән  толқыны  дәтін  ала.
Көзінен  кереметті  үшқын  атты,
Солай  бір  серпіледі  ақын  гана.
Сылдырап  шашындагы  ақ  шолпысы,
Желбіреп  ақша  гүлдей  шоқ  үкісі,
Майысып  қүба  талдай  топ  алдында,
Жымиды  қүлпырды  да  сүлу  түсі 
Күмбезге  күміс  төгіп  әні  кетті,
Сарайдың  залдарын  жарып  өтті.
Кең  дала  жазыгындай  ән  жайылып 
Аңсаган  алыстарга  агып  жетті...
деп  шарықтата  жырлайды.
Эпик  ақын  өзінің  «Ақсақ  қүлан»  поэмасын  1939-1940  жылдары
жазып,  алғашқы  нүсқасын  «Әдебиет  және  искусство»  журналының
1940  жылғы  сандарында  жариялатқан.  Кейін,  1963  жылы  автор  бүл
дастанына  қайта  оралып,  өңдеп  жаңғыртқан:
Жейхунның  самал  соқпай  кең  арнасы,
Тулақтай  тақыр  болган  көгал  басы.
Жагасын  қалың  тобыр  жаугер  басып,
Алқапта  айбат  шеккен  хан  ордасы.
Моңголдың  маңгыт  қырган  қоналқасы,
Адырда,  алау жүтқан  Сыганақтың.
Қалыпты  қалалардың  қараң  тасы,
Әлі  де  суыган  жоқ  қоламтасы.
Шыгысты  шеңгелімен уыстаган,
Шыңгыстан  үлыс  бар ма  ыгыспаган.
Өзіндей  ажал  түсті  обыр  үлы,
Жошы  хан мүнда  келіп  тыныстаган.
Бүл  сипаттама  тарихи  шындықты  елестетеді.  Ал,  күйші  түлғасы, 
іс-әрекеті,  күйшінің  сүйікті  жары  Еліктің  сыр-сипаты  творчестволық

қиялдан  туған  жәйттар.  Тарихи  шындық  негізі  бар,  оқырман  жүртшы- 
лыққа  белгілі,  сыншылар  тарапынан  да  жақсы  баға  алған,  орыс  тіліне 
аударылып  (аударған  белгілі  ақын  Владимир  Соколов)  бірнеше  рет 
жарық  көрген  бүл  туындының  өз  творчествомның  шоқтығы  деп  мәрте- 
бе  түтамын.  Поэманың  поэзиялық  қасиетін,  әсем  өрнектерін,  күй  са- 
рындарын  оқыған  адам  менің  бүл  мақтаныш ымды  бекерге  шығар- 
мас...», I   деп  жоғары  көңіл-күйін  білдіреді  ақын  [136].
Қ.Бекхожиннің  тарихи  тақырыпқа  «Ақс&к  қүланнан»  кейінгі  жаз- 
ған  екінші  бір  көрнекті  еңбегі  «Мариям  Жагорқызы»  деп  аталатын  поэ- 
масы  болып  табылады.  Ақынның  бүл  шығармасының  да  екі  нүсқасы 
бар.  Оның  алғашқы  варианты  1949  жылы  жазылып,  1950  жылы  жеке 
кітап  болып  басылып  шықса,  жөнделіп  түзетілген  екінші  жаңа  нүсқасы 
1954  жылы  аяқталып,  1955  жылы  жеке  кітап  болып  жарияланған.  Бүл 
туралы  автордың  өзі  кезінде:  «Поэманың  уақиғалық  мазмүны  көпшілік 
оқырмандарға  танымал  болса  керек.  Бүл  дастаным  қазақ  тілінде  де, 
Москвада орыс тілінде де бірнеше рет басылды. Оқырман, сыншы қауым- 
ның  дастаныма  білдірген  ізет  ықыластары,  берген  бағалары  мен  үшін 
ізгі  сүйеніш,  әсіресе,  әдебиетіміздің  ардагер,  үстаз  жазушылары  Мүхтар 
Әуезов  пен  Сәбит  Мүқановтың:  «Мариям  Жагорқызы»  поэмасы  жай- 
ында  кезінде  білдірген  ізгі  пікірлері  менің  қаламымды  биіктерге  сермеу- 
ге  зор  шабыт,  мерей  туғызды», -   деп  тебіріне  еске  алған.  [137]
Бүдан  кейін  ақын  1950  жылы  жүмысшы,  шахтер  өмірін  суреттейтін 
«Қамбар  ағай»  және  1957  жылы  Ж езқазғандағы  кеншілердің,  инже- 
нерлердің  бейбіт  қүрылыс  жылдары  мен  Үлы  Отан  соғысы  кезіндегі 
өмірлеріне  арнап  «Ақан  Ақтаев»  деген  поэмаларын  жазды.  Соңғы  да- 
станына  1962  жылы  қайтадан  оралып,  «Түрлаулы  тағдыр» деп  өзгертіп, 
тың  леп  берді. 
:  > 
•  ;  •••**-  •'
Қ.Бекхожиннің  келесі  «Дала  комиссары»  деп  аталатын  поэмасы 
азамат  соғысының  ардагері  Әліби  Жанкелдиннің  өмірбаяны  мен  ерлік 
істеріне  арналған  шығарма.  1960  жылы  баспа  жүзін  көріп,  орысшаға 
аударылған. 

  •  •  ’ 
^
-
ү і
^}_
Енді,  осындай  жырларымен  халыққа  әбден  танымал  болған  дау- 
ылпаз  ақын  1964  жылы  қазақтың  «Сыр  сандығы»  атанған  ақиық  ақын 
Сәкен  Сейфуллинің  өмір-тағдырына  арнап  «Сүңқар  туралы  аңыз»  поэ- 
масын  жазады.  Ақын  ақын  туралы  шығармасында:
Кудері  көңілімніц  курт  узілді,
Аспанга  буралардай  булт  тузілді.
Жаңагы  кун  шуагы  жогалды  да,
236
 
_____________________________________________________________ _______________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________

Суық жел  сога  қалды  бүркіп  зілді.
Жалбырап  қара  шаіиым  жүгірдім мен,
Үрейлі  жапырақтың  сыбдырымен 
Сол  үйге  ол  да мендей  қарап  төнген 
Қаптаулы  терезелер  қара  тормен 
Сүңгақ  бой  көрінбейді  стол  бос  түр 
Сүңқар  жоқ  түгырында  қанат  көрген, —
деп  шарқ  ұрады,  жоғалғанын  іздейді,  оның  себептерін  қарастырады.
Сондай-ақ,  адуын  ақынның  қаламынан  1967  жылы  «Кремль  сақ- 
шысы»,  1969  жылы  «Соңғы  сайран»  атты  поэмалары туындады.  Алғаш- 
қы  дастанның  басты  кейіпкері  Кремльдің  алғаш  сақшыларының  бірі 
қазақ  Әли  Сәрсенбин  болса,  соңғы  дастанның  геройы -   ақын,  компо- 
зитор,  әнші  Ақан  сері  Корамсақұлы.  Бұл  поэманың  жазылу  тарихы 
жайында  автордың  өзі  «Өлең  өткелдері»  атты  еңбегінде:  «Тегінде  мен 
творчестволық  бағытымда,  жас  шағымнан  бері  ардагерлер,  өнерпаз- 
дар  өмірін,  өткендегі  әнші,  күйші,  ақындар  тағдырын  жырлауға  құштар 
болдым...Сондай  тақырыпқа  арналған  поэмалардың  бірі  «Соңғы  сай- 
ран».  Бүл  шағын  дастан  атақты  Ақанның  серілік,  әншілік  сырлы  өмірі 
жайында  емес,  бүл  жырда  Ақанның тек  соңғы  бір  күйінішті  шағы,  сері 
жанның  сайран,  думаннан,  Ақтотыдай  сүйген  аруынан,  Қүлагер  сын- 
ды  түлпарынан,  бөктергілерді  бүретін  қыран  қүсынан  айырылып,  жасы 
да,  еңсесі  де  еңкейіп,  Қоскөл  жағасында  жалғыз  қалған  аянышты  халі 
қасіретпен  шарқ  үрған  қиялын  сипаттайды.
Аулақта,  қызық  думан  алтыбақан,
Ауыл  жоқ  айналада  алқа  қотан.
Күрсінсе  сақалынан  жас  тамшылап,
Қоскөлдің  жагасында  отыр Ақан.
Жагасын  бүлт  басқандай  қарайган  маң,
Үстінде  сагым  да  жоқ  арайланган.
Қүс  та жоқ,  қыбыр  да  жоқ  өңірінде,
Оқшау  көл  көшкен  жүрттай  қараң  қалган.
Бүл  поэмада  жыр  болған  жайт  ел  аузындағы  аңызға  негізделіп,  ав- 
тор  Ақан  қайғысын  өзінше толғайды.  Ақан  сері  жайында  жазылған  өзге 
шығармаларда  Ақтоқтының  Ақанның  өз  қолында  қаза  тапқаны  ашы- 
лып  айтылмайды  (Адуынды  албырт  серінің  күйгелек  қызғанышынан 
туған  уақиға  ғой).  Мен  осы  жайды  күйінішпен  жырладым:
Өтсе  де  оган  көп  жыл-өріиіл  сол  шер,
Алысып,  албырт  арман  өксіген  ер
 -

Кегиірмей  бөбек  қыздың  еркелігім,
Сілтеген  сулуына  сері  семсер...
Кетпеді  журегінен  сол  бір  қайгы,
Сонау  шақ  көрген  тустей  бул  ырайды...
Сонда  ауыр  сағынышпен  таяғын  домбыра  етіп,  бебеу  қаққан  бей- 
бақ  Ақанға  көл  тереңінен  сексен  қызбен  қосыла  ән  шырқап,  Ақтоқ- 
ты  сылаңдап  шыға  келеді:
Серім-ау,  киесі  едім  қубаГбелдің,
Бул  көлге  семсеріңнен  қулап  едім.
Зарыңды  куңіренген  естідім  де 
Сілкініп  су астынан  шыга  келдім.
Суңқарым,  умыттың  гой  сол  кінәмді,
Кетіп  ең  қуйындатып  ақ  қуланды 
Сагындым,  әуеніңді  суңқылдаган,
Булбулым,  шырқашы  бір  сол  бір  әнді...
Шерлі  Ақан  көлден  шыққан  ғашығын  бүрынғысынша  қайта  қүшып 
сүйеді,  қайта  масайрайды.
Білмеді  қыз  ойнақ  па,  жын  ойнақ  па?
Осылай  тундер  өтті  бул  аулақта.
Дауасын  ескі  дерттің  тапты  солай,
Делбедей  басы  дел-сал  ауган  шақта.
Ел  аузындағы,  аңыздағы  бүл  дастанда  осындай  символикалық,  ро- 
мантикалық  махаббат трагедиясы  жыр  болады.  Айта  кетелік,  аса  сезім- 
тал,  қиялы  ерекше  кейбір  адамдар  есі  адасуына  байланысты  галлюци- 
нация  яки  жалған  қүбылыс  көзіне  елестейтін  әдет  болады.  Мүмкін,  ел 
аңызы  Ақан  қиялында  елестеген  жәйтке  байланысты  шығар...», -   деп
сыр  шертеді  [138]. 
^
Бүдан  басқа  Қ.Бекхожин  1970-1974  жылдар  арасында  «Мамыр- 
стан»,  «Шардара»,  «Америка  хикаяттары»,  «Гималай  сарыны»,  «Ертіс 
хикаясы»  атты  поэмалар  жазған.  Енді  осы  шығармалардың  оқиғалар 
желісіне  қысқаша  болса  да  тоқталып  кетелік.  «Мамырстан»  дәуір  ту- 
ралы  толғау-жыр.  Ақын  бүл  толғауын  республикамыздың  қүрылғаны- 
на  50  жыл  толуына  арнап,  халқы  үшін  «Жиделі  байсын»  жерін  аңсаған 
Асан  Қайғыдан  бастап,  кейінгі  дәуірдің  дана  жырауы  Жамбылға  тоқ- 
тап,  молшылық  кезеңін  мақтауға  айналдырады.  Ал,  «Шардара»  (Теңіз 
дастаны)  поэмасы  болса  еңбек  адамының  ерлік  жеңісіне  арналған  шы- 
ғарма.  Онда  далаға  қол  қүдіретімен  теңіз  орнатқан  адам  қүдіреті  сөз

239
болады.  Бұл  поэма қазақ тілінде екі-үш рет және Москвада орыс тілінде 
басылып  шыққан.
Келесі  «Гималай  сарыны»  мен  «Америка  хикаяттары»  атты  поэма- 
лары  сюжет  жағынан  бір-біріне  үқсас,  сарындас  болып  келеді.  Екі  поэ- 
ма  да  сол  кездері  орталық  газет-журналдарында  басылған  материал- 
дарға  негізделіп  жазыл-ған.  Бірінде  Эверест  шыңына  өрмелеп  шығып, 
ООН-ің  туын  тіккен  үнді  жігіт  Хоршахонаның  ерлігімен  оның  европа- 
лас  әріптестерінің  жауыздығы  сөз  болса,  екіншісінде  негрлер  арасы- 
нан  шыққан  әлеуметтік  қайраткер  Анджела  Дэвистің  бейбітшілік  жо- 
лындағы  күрескерлік  іс-әрекеті:
Дуылдап  ақ мырзалар  ара  сынды,
Сол  қызга  тутандырды  бар  ашуды.
Торда  отыр  тас  түйіліп  түйгын  қүсапу 
Негрдің  от  жанарлы  қарашыгы...,
 -
деп  суреттеледі.
Ақынның  үшінші  бір  нақтылы  тарихи  негізге  қүрылған  шағын  хи- 
кая дастаны «Ертіс хикаясы» деп атапады.  Онда Қазақстан совет өкіметі 
орнағасын  да  «Ертіс  жағапауы  ежелден  Сібірге  жатады,  Семей,  Павло- 
дар  атырабы  Сібір  өлкесіне  қарауға  тиісті»  деген  талаппен  Лениннің 
алдына  барып  жүгінген  орыс  Смирнов  пен  оган  керісінше  Ертістің  бұл 
жағалауындағы  ел  мен  мекен  ежелден  қазақ  елінің  қонысы  екендігін
-  дәлелдеген  қазақ  Кәрімінің  (Ғалым  Тәжібаев)  арақатынасы  анықталып, 
солардың  негізінде  пролетариат  көсемінің  бейнесі  сомдалған.  Осыған 
қарап  Қ.Бекхожин  үнемі  поэма  жазумен  шүғылданған  екен  деген  үғым 
туындамауға  тиіс.  Мәселен,  бұдан  басқа  ақынның  әр  жылдары  жазып 
оқырманнан  лайықты  бағасын  апған  «Қыз  кеткен»,  «Маңырақ  марқас- 
қасы»,  «Күзетші»,  «Бетпақ  елестері»,  «Карл  патша  мен  алтын  арқар», 
«Ақсақ Темір  және  ақын»,  «Арагва»,  балаларға арналған  «Қамбар  ата», 
«Ата  мен  Атан»,  «Бақыт  іздеген  бала»,  «Негр  Джеймс»,  «Джон  негр 
баласы»  және  т.б.  балладалары  мен  мазмүнды  жырлары  бар.
Міне,  ақынның  осындай  көптеген  лирикалық  жырлары  топтасқан 
жинақтарының  бірі  «Менің  замандастарым»  деп  аталады.  Мүны  ай- 
тып  отырған  себебіміз  ақынның  осы  өлең  кітабына  1978  жылы,  осы 
жинақтың  авторына  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты
атағы  берілді.
Қ.Бекхожиннің  ақындық  творчествосына  тоқталғанда  оның  1973 
жылы  жазылып,  1974  жылы  жеке  кітап  болып  шыққан,  1980  жылы

240
әзірбайжан  тіліне  аударылған  «Әппақ-нама»  поэмасына  тоқталмай  ке- 
туге  тіпті  де  болмайды.  Сонау  XII—XIII  ғасырларда  өмір  сүрген  әзірбай- 
жан  халқының  үлы  ақыны  Низами  Бижәбидің  ғашық  болып  үйленген 
аруы  қыпшақ  қызы  Әппақ  екен.  Мүны  Низамиға  қазақ  ақыны  Қалижан:
Каф  тауымды  топан  басты,
Төнді маган  ақыр  заман.
Мың  бір  түнге мың  жалгасты,
Өлді менің  Шаһризадйм.
  •
Мынау жалган  айдынында,
Дауыл  соңты  қайыгымды 
Қалдым  батып  қайгы-мүңга,
Қанатым  да  қайырылды
.
Түңгиықтан  тапқан  сүңгіп,
Жогалттым  мен  гауһарымды 
Тіл  күрмеліп,  қалдым  мүлгіп,
Тас  төбемнен  тау  жарылды...
Мөлдіретіп  моншақ жасты,
Саусагымды  жайдым  айга
 
.
Мені Мәжнүн жыны  басты,
Уа  жасаган,  Ләйлім  қайда? — 
деп  жырлапты. 

^  ^  ^
Ақынның  «Мамырстан»,  «Әнет-бабаң»,  «Менің  замандастарым», 
«Үлытау  сарыны»,  «Сері  күйші»  деп  аталатын  екінші  бір  топ  поэмала- 
ры  лирикалық-публицистикалық  шығармалар  қатарына  жатады.  Мәсе- 
лен,  таза  тарихи  тақырыпқа  жазылған  «Әнет  бабаң»  дастанын  алып
көрелік: 
*
Босқын  жүрт  сеңдей  шүбап,
Бейне  тау  сілкінгендей.
Еңіске  жатыр  топырлап  қүлап 
Қанга  боялган  Қаратау  бүлақтары
сыңсыгандай...
Тар  асуда  қыз  жатыр  бүрымы  кесіліп,
Қасында  маймыл  басты  дүрбіт  жүр  есіріп...
Ал  қалың  қүмырсқадай  қыбыр  топ,
Айдагандай  желкесінен  нүқып,
Жатыр  басып,  жатыр  зытып, -
деп  XVIII  ғасырдағы  жоңғар  шапқыншыларының  қазақ  халқына  жаса- 
ған  қанды  жорықтарын  көрсетсе,  енді  бірде  Әнет  бабаның  босқын

халыққа  жігер  беріп,  ес  жиюға  үндеген,  күреске  шақырған  төмендегі- 
дей  толғауын  береді:
Кенет  Қаратау  ыіиқына  бір  қақырып,
Қара  бултын  сеңше  сапырып,  күркіреп, 
Назагайы  жарқылдап,
Қарияның  көз жасындай 
Бүршақтары  домалап 
Босқындардың  бастарына  қүйылды,
Ал  Жақпардагы  қайсар  қарт 
Найзадай  жауга  шүйілді.
Қар  бүршақты  мүздай  қүрсанып,
Қылшылдап  тілін  тістеніп,
Тебірене  теңселіп,
Қосалқы  жауга  қасқиып,
Кек  таягын  кезеніп,
Қатты  да  қалды  қалшиып.
Қ.Бекхожиннің  екінші  бір  таза  тарихи  тақырыпқа  жазылған  поэма- 
сы  «Сері  күйші»  деп  аталады.  Бүл  ел  қамын  жеп  көз  жүмған  Қорқыт 
күйші  жайындағы  драмалық  шығарма.  Бүлардан  басқа  ақынның  «Ұлан 
асу»  және  «Жамбыл  мен  Айкүміс»  атты  пьесалары  да  бар.  Мәселен, 
оның  алғашқы  пьесасын  Алматы,  Қарағанды,  Шымкент  театрларының 
сахналарында  қойылып  көрермендердің  ыстық  ықыласына  бөленіп 
үлгерген  дүние.  Онда  жоңғар  шапқыншыларына  лайықты  тойтарыс 
беріп,  халық  мақтанышына  айналған  Абылай,  Бөгембай,  Жәнібек  си- 
яқты  батырлардың  асыл  бейнелері  сомдалған.

242

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал