Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет21/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

кедергілерден  жарық  көрмей  кешеуілдеуі  де,  оның  нәзік  жанына  шан-
шу  болып  қадалды. 

г ч 
ь 
і
Бүл  повесті  баспаға  тапсырмай  жатып,  қолжазба  күйінде  оқыған 
едім.  Өзімнің  туған  Баянауылым,  оның  жаңа  адамдары  жайлы  жаздым 
деп  сол  туындысын  мерей  түта  айтқан  еді  маған  Зейін.  Кітаптың  бас- 
тамасына  эпиграф  ретінде  менің  Баян  туралы  өлеңімнен  бір  шумақ
К е Л Т Ір ІП Т І. 
:
Мен  Зейіннің осы  еңбегінің кедергі тапқанына  іштей  налып  жүрдім, 
оның  үстіне  Зекеннің  тап  сол  түста  сырқаты  меңдеп,  емханаға  жатып 
қалған  еді.
Көңіл  сүрауға  біркүні  емханаға  бара  қалдым.  Жаңылмасам  көктем 
кезі  болса  керек.  Ауру  палатасына  енсем,  Зекең  кефир  ішіп  отыр,  жүзі 
жайдары,  менімен  шүйіркелесе  кетті.
-  
Сүйінші, -   деді  маған,  сәл  жымия  күліп  (жайшылықта  шек-сілесі 
қатып,  балаша  мәз  күлетін)  . —  Естідің  бе,  «Сенім»  басылып  шығайын 
деп  жатыр.  Өркені  өскір  үлкен  кісі  өзі  танысып,  басылуға  әбден  лай- 
ықты  кітап  деп  баға  беріпті.  Сол  сәтте  кішкене  қоңыр  көздері  бақыт 
сезімін  үшқындап  түрғандай  болып  көрініп  еді  маған.
Аз  күн  өтті  ме,  білмедім,  кенет  суық  хабар  сездірген  телефон  без- 
ілдей  қалды.  Мен,  ол  кездегі  үйімнен  алыс  емес  емханаға  есім  кете 
жүгірдім.  Мәңгілік  тыныш  тапқандай  балаша  монтиып  көз  жүмып  жа- 
тыр  екен.  Түла  бойым  тітіркеніп  кетті.  Аздан  соң  бір  топ  достарымен

бірге,  көзімнен  жас  сорғалап,  жасымнан  бірге  өскен  аяулы  досымның 
ауыр  табытын  арқаласып  бара  жаттым.»  [118].
Енді  З.Шашкиннің  жазған  мақалаларына  келетін  болсақ  ол  кезінде 
сан  алуан  тақырыпқа  қалам  тартқан.  Мәселен,  оның  «Абай  романы- 
ның  көркемдік  ерекшеліктері»  деген  материалы  М.Әуезовтың  «Абай» 
және  «Абай  жолы»  романдары  туралы  1957  жылы  Алматыда  өткен 
творчестволық  конференцияда  жасалған  баяндама  негізінде  жазылған. 
Бүл  мақала  алғаш  рет  «Қазақтың  түңғыш  эпопеясы»  дейтін  атпен  1957
жылы  жарық  көрген  кітапта  жарияланған.
Автор  бүл  мақаласында  көп  ой  қорытып,  үтымды  пікірлер  айтады. 
Әсіресе,  роман  жанры  туралы:  роман  жанры  кеше  қазақ  халқының 
өмірінде  эпос-батырлар  жыры  қандай  орын  алса,  бүгін  бүл  да  сол  си- 
яқты  орын  теуіп,  халықтың  рухани  өміріне  тәрбиеші,  ақылшы  есебін- 
де  әсерін  тигізді  дей  келе,  роман  жанры  жалпы  дүние  жүзі  әдебиетінің 
өзінде  кенже  туған  жанр.  Атам  заманғы  грек,  рим  романдарын  алсақ, 
атақты  «Дафнис  пен  Хлоя»,  «Алтын  есек»  уақиғасы  қызықты  қүрал- 
ғанымен  образдардың  характері  ашылмаған.  Бүл  бірінші  саты.  Бүдан 
келе  орта ғасырда серілер  (рыцарь)  романы  өмірге  келді.  Өзімізге  мәлім 
«Тристан  мен  Изольда»  грек,  рим  романдарынан  бір  саты  жоғары 
көтерілді.  Одан  сол  кездегі  қоғам  өмірінің,  адамдар  арасындағы  қарым- 
қатынасын  көруге  болатын  еді.  Бүдан  соң  сықақ  романдар  «Гарган- 
тюа  мен  Пантагрюэль»,  «Дон  Кихот»  жаңа  заманның  реалистік  рома- 
нына  жол  ашты»  деп  романның  сонау  шығу  тегінен  бері  қарай  біраз
жетістігі  мен  кемшілігін  анық  көрсетеді.
З.Шашкин  бүдан  басқа  академик-жазушы  Сәбит  Мүқановтың  твор- 
чествосы  жайлы  да  біршама  мақала  жазған.  Мысалы,  оның  «Сәбит  ро- 
мандары  туралы  ойлар»  деп  аталған  алғашқы  мақаласы  «Қазақ  әдеби- 
еті»  газетінің  1958  жылғы  16  тамыз  күнгі  нөмірінде  жарияланған.  Онда 
автор  Сәбит  Мүқановтың  барлық  романдары  жайлы  сөз  қозғай  оты- 
рып,  оның  «Тыңдағы  толқын»  атты  романына  ерекше  көңіл  бөледі.  Жа- 
зушы  мүнда  «соңғы  жылдары  Сәбит  Мүқановтың  «Тыңдағы  толқын» 
атты  романы  сәтсіздікке  үшырады  деп  сын  айтып  жүргендер  бар,  бірақ 
сол  романды  талдап,  бақайшағына  шейін  шағып,  кемшілігін  көрсеткен 
сыншы  жоқ.  Кейбіреулер  бүл  роман  тым  тез  жазылды,  соның  өзі  роман 
санатына нүқсан келтіреді дегенді айтады.  Мәселе тез жазуда емес, жақсы 
шығарма  аз  мерзімнің  ішінде  де  туады.  Стендаль  «Пармь  монастырын» 
54  күнде  жазған,  ал  Флобер  «Салобоны»  20  жыл  жазған,  бірақ  «Парм 
монастры»  қай  жағынан  болсын  «Саломбодан»  артық  түр.

212
Жылына  бір  түгіл  екі  роман  жазуға  жазушының  уақыты  жетеді. 
Джек  Лондон  24  жасынан  бастап  жаза  бастаған,  қырық  жасына  кел- 
генде  16  жылдың  ішінде  50  кітап  жазған.  Сонда  жылына  үш  кітаптан 
шығарып  отырған,  ал  Э.Золя  да  жылына  екі  кітаптан  шығарған.  «Жоқ, 
біз  бүған  қосылмаймыз,  олар  дара  туған  данышпандар»  дейтіндер  бар. 
Бірақ,  мәселе  данышпандықта  емес,  ерінбей  еңбектенуде  екен.
Пушкин  37  жасында  11  поэма  жазған.  Соның  біреуі  өлеңмен  жазыл- 
ған  роман.  Бүған  біздің  мәдениетіміз  жетпейді,  өзімізді  ноқталап  үстап, 
бейімдеп  отыра  алмаймыз,  тиіп-қашып  жазамыз.  Гәп  сонда», -   дейді.
З.Шашкиннің  келесі  бір  қүнды  да  мазмүнды  мақаласы  «Шеберлік 
хақында»  деп  аталады.  Бүл  шығармасында  автор  дүние  жүзіне  аты 
шыққан,  әйгілі  жазушылар  Толстой  мен  Достоевский,  Бальзак  пен 
Золя  -   қайсысын  алсаңыз  да  өте  өнімді  еңбек  етіп,  өз  заманының 
өмірінен  қүнарлы  романдар  тудырған.  Әрқайсысы  жылына  бірнеше 
кітап  шығарған.  Және  де  жақсы  жазған.Осының  сыры  неліктен.  Шы- 
нында, бізге үлгі боларлықтай қандей қасиет бар.  Ойлап көрейікші дейді 
де  оған  өзі  жауап  беруге  тырысады.
Меніңше,  ең  бірінші  қасиет -   бүл  жазушылар  өзінің  туып-өскен 
ортасын,  дәуірін,  заманын  жақсы  білген.  Жақсысына  сүйініп,  жама- 
нына  күйініп,  қаламын  бастыра  жазған.  Сондықтан  да,  Лениннің  айту- 
ынша,  «Толстой  орыс  революциясының  айнасы»  болған.  Сондықтан 
да  Энгельс  Бальзактың  «Человеческая  комедиясын»  француз  қоғамы- 
ның  ғажайып  шындық  тарихы  деп  таныған.
Екінші  қасиеті -   бүл  жазушылар  мүрасын  шебер  де  көрікті  жаса- 
ған.  Сол  мүрасын  ғасырдың  боран-дауылы  қүлатпайтын  етіп  берік  сом- 
даған.  Осы  екі  қасиет  олардың  қүнарлы  туындыларын  бүгінгі  күнге 
дейін  тоздырмай  біздің  ғасырға алып  кеп  отыр.  Осы  екі  қасиетті  бүгінгі 
біздің  жасаған  еңбегімізден  таба  аламыз  ба?  Меніңше,  біздің  негізгі 
кемшілігіміз  осында  жатқан  жоқ  па?
Шеберлік -  бір  күнде келе  қалатын,  баяғының ертегісіндей  басқа қона 
қалатын  бақыт  қүсы  емес.  «Шебер  жазу  үшін  ерінбей-талмай  еңбек  ету 
керек.  Әрбір  үлкен  шығарма  «роман,  повесть  жазуды -   мен  зәулім  сарай 
салуға  үқсатам.  Сарай  материалы  мрамор  сияқты  әдемі  ақ  тастардан 
қаланған  күннің  өзінде,  соны  дүрыс  қалай  алмаса,  қиқы-шойқы  қып  қой- 
са -   ол  сарай  көркемдік  ләззат  бере  ала  ма?  Жоқ,  болмаса  сарайды  қол- 
дан  қүйған  кірпіш  тек  тас  материалдардан  қаласа -   үзақ  өмір  және  сүре 
ала  ма?  Аз  жылдан  соң  боран-шашынға  шыдамай  қүлап  қалмай  ма?
Әдебиет  шығармасы  да  сол  сияқты.  Роман,  повестің  қүрылыс  ма- 
териалы  тіл  болса,  сол  тіл  қаншама  әдемі,  жатық  келіп,  бірақ  компо-

зициясы,  сюжет,  образ  жағы  шықпаса  тартымды,  жақсы  шығарма  бола 
ала  ма?  Яки  композиция,  образ  жағы  үтымды  кеп,  тіл  жағы  ақсап  жат- 
са -  ол  шығарма  үзақ  өмір  сүре  ала  ма?» -  деген  бейнелі  сөз  бен  үтым- 
ды  да  өткір  ойын  айтады.
Сондай-ақ,  бүл  арада  З.Шашкиннің  мәдениет  тақырыбына  байланыс- 
тыра  жазған  «Дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»  атты  мақаласына да тоқ- 
тамай  кетуге  болмайды.  Автор  бүл  материалда  өзінің  туған  жері  Павло- 
дар  өңіріне  барған  сапарындағы  апған  әсерлерін  жазады.  Бүл  Павлодар- 
дың сонау көп жыл бүрын болған Керекуден мүлде бөлек екенін айта келіп: 
«Қала  дамып  өскен,  үш-төрт  қабат  ақ  үйлер.  Оқтай  түзу  зәулім  көшелер- 
ге  асфальт салып,  ағаш  еккен,  қыбырлаған  халық,  ерсілі-қарсылы  ағылған 
машиналар.  Бірақ,  осында  жетістік,  өскендікпен  қатар  ел  түрмысында, 
мәдениетінде  әлі  де  ерекше  көзге  түсетін  талай  жайсыздық  баяғы  атам 
замандағы  әдеттердің  баршылығын  айтады.  Мысал  ретінде  қол  сүртетін 
орамал -   сулық,  майлық,  келін  салақ  болса,  бес  батпан  кір  қалпымен  ал- 
дыңа  келеді», -  деп  нақты  мысал  да  келтіреді  [119].
10.  ОЙЫ  Т Е Р Е Ң ,  ҚАААМ Ы   КДРЫ М ДЫ   Ж А ЗУ Ш Ы  
(Зейтін  Ақышев)
Зейтін  Ақышев  1911  жылдың  сәуір  айының  18  жүлдызында  Пав- 
лодар  облысының  Баянауыл  ауданындағы  қазіргі  «Жарылқапберді» 
атындағы  кеңшарында  дүниеге  келген.  Ата-анасы  кедей  шаруа  бол- 
ған.  13  жасына  дейін  ауылдағы  бастауыш  мектепте,  онан  кейін  Омбы- 
да  бастауыш,  жеті  жылдық  мектептерде  оқыған.

Ол  өзінің  еңбек  жолын  1931  жылы  бастады.  Әуелде  Баянауыл 
аудандық  оқу  бөлімінің  іс  жүргізушісі,  кейін  оның  инспекторы,  жеті 
жылдық  мектептің  мүғалімі,  директоры  болды.  1939  жылы  Семейдің 
педагогикалық  институтының  физика-математика  факультетін  бітіріп, 
Павлодар  педучилищесінде  оқытушы,  орта  мектеп  директоры,  Павло- 
дар,  Талдықорған  облыстық  оқу  бөлімдерінің  меңгерушісі  қызметін 
атқарды.  Алматыдағы  оқу-педагогика  баспасында  аға  редактор,  ре-
дакция  меңгерушісі,  бас  редактор  болды.  1955-1960  жылдары  респуб- 
ликалық  «Қазақстан  мүғалімі»  газетінің  редакторы,  1965-1969  жыл- 
дары  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің  аппаратында  аудармашы  ре- 
дактор,  ал  1970-1972  жылдары  Қазақ  Совет  энциклопедиясының  Бас
редакциясында  аға  ғылыми  редактор  болды.
1969  жылдан  республикалық  дәрежедегі  дербес  зейнеткер.  Оның 
«Ағаш  үй»  деп  аталатын  түңғыш  өлеңі  1932  жылдың  мамыр  айында 
Павлодардың  округтік  «Колхоз»  газетіне  басылған.  Одан  кейін  бірне- 
ше  әңгіме,  повесть,  романдары  жеке-жеке  кітап  болып  шыққан.  Біра- 
зы  орыс  тіліне  де  аударылған.
Зейтін  Ақышев  драматургия  саласында  да  біраз  еңбек  еткен  («Жаяу 
Мүса»,  «Келіндер»).  Ол  көркем  аудармамен  де  айналыскан.  Мәселен, 
бірқатар  оқу-методикалық  күралдар  мен  оқулықтардан,  саяси,  ғылыми 
кітаптардан  басқа,  В.Панованың  «Кружилиха»  романын  (1952),  А.Куп- 
риннің  «Жекпе-жек»  повесін  (1955)  Я.Колостың  «Талай  атай»  повесін 
(1956),  тағы  басқа  көркем  шығармаларды  қазақ  тілінде  сөйлеткен.
Шығармалары -   «Біздің  шамшырақтар»  Очерктер.  А.,1962;  «Дос- 
тарым  менің»  әңгімелер  мен  повестер.  А.,1967;  «Ақбел  асуы»  Роман. 
А.,1974;  «Ж есірлер»,  «Бүрш ак  соққан  жер»  Д илогия.А .,1973,1976; 
«Жаяу  Мүса»  Роман.  А.,1981;  «Шынардың  шыбығы»  А.,1987;  «Бәрі 
де  есте»  Повестер  мен  өңгімелер.  А.,1982.
Зейтін  А кыш евтің  «Ж азуш ы»  баспасынан  шыққан  «Достарым 
менің»  атты  кітабы  әңгіме,  хикаялардан  түрады.  Автор  мектеп  жаста- 
ры  мен  ауыл  интеллигенциясынын  өмірінен  іріктеп  алған  өкигаларды 
әң гім ел еп   береді.  К ітапта  «С үң қарқи я  ж азы ғы »,  «К үрең  бедеу», 
«Сырттан  окитын  Сырттанбай»  және  «Теңгенін  темірі»  деген  қызық-
ты  хикаялар  баяндалады.
«Күрен  бедеуде»  жазушы  өзінің  балалык  шағын,  күрең  бел  тура- 
лы  жазады:  «Мен  бала  кезімде  кағылкез,  үршыкша  иірілетін  шапшан, 
аттың  жалында  ойнайтын  пысык  едім.  Сондыктан  шығар  деймін,  ат 
жаратып  бөйгіге  ат  косатындар  күндік  жерден  іздеп  келіп,  өкем  мен

215
шешемнен  қолқалап  сүрап  кететін.  Сөйтіп,  мен  бәйгі  аттың  басына 
көп  шаптым.  Мінген  атым  «далада  тезек  теріп»  қалған  емес,  олжасыз 
қайтқан  жолым  болған  жоқ.  Мен  әкем  мен  шешемнің  кенжесі  едім. 
«Тентек  сары  тең  қүрбысынан  кем  болмасын,  кемдік  көрмесін»  деген 
болу  керек,  өзім  ес  біліп,  ат  жалын  тартып  мінгелі  біздің  үйдің  босаға-
сынан  бір  тәуір  жылқы  кеткен  емес.
Балалық  дәуір  өтіп,  қызды  ауылдың  сыртына  жақындаған  сайын 
үзеңгі  бауды  сірестіріп,  аттың  басын  тарта  қамшылайтын  болған  кез- 
де біздің үйде бір  күрең бие  болды.  Қысы-жазы жоны таймайды,  жазғы- 
түрым  өлі  жүні  түлеп  түсіп,  аузы  көкке  тигенде  кәдімгі  күрең  пүлыш- 
тай  қүлпырады.  Өзі  де  жүзіктің  көзінен  өткендей,  жарты  қарыс  қүлағы 
тас  төбесінде  шаншылады  да  түрады.  Сыбдыр  білінсе  көзі  шатынап, 
басын  жүлып  алатын.  Сымпыс  қүйрығын  көтеріп,  төрт  аяғы дамыл тап- 
пай  тыпыршып,  ата  жөнелуге  ыңғайланып  түрушы  еді», -   деп  жазушы
күрең  биесін  есіне  алып,  осылайша  суреттейді.
«Күрең  бие  бедеу  еді.  Өмірі  қүлындаған  емес.  Әкем  «жануардан 
түқым  алам»  деп  талай  айғырға  қосты,  бірақ  қүлындамады.  Ол  кезде 
ел  сауықшыл-ақ.  Әйтеуір  ат  шабыс  көп.  Ат  шабыс  ол  кезде  әрі  ермек, 
әрі  спорт  қой.  Ал  күштілердің  күш  сынасатын,  бақ  таластыратын  жері. 
Біреулер:  «ат  шаппайды,  бап  шабады», -   дейді,  енді  біреулер:  «ат  та 
шаппайды,  бап  та  шаппайды,  бақ  шабады»  дейді.  Тегі  соның  жөні  бар.
Иесі  күшті  болса,  аты  жүйрік  келеді.
-   Күрең  биені  жаратып  күзгі  ат  шабысқа  қосам, -   деді  әкем  бір 
күні, -   бүл  қүралақан  мал  емес,  аяғының  желі  бар.  Көкпарға  салғанда 
таңертеңнен  кешке  дейін  бір  талмайды,  қоянды  бүлтартпайды,  қаша-
ғанды  албастыдай  басады.
-   Әйд-а-ә-әйт  деген!  Байтал  шауып  бәйгі  алмас!  Күрең  биенің 
бәйгісімен  байиын  деген  екенсің,  дәмең  зор  екен  деп  шешей  мазақтап
күлді
Ыза боп  кеттім.  Жаздай терін  алдырған  өзім,  онда  ауырсынған жоқ,
енді  не  айтып  отыр.
-  Өзім мінем, -  дедім.  Әкемнің көнгісі  келмеді.  Сонан  кейін даулас-
қаным  жоқ,  сырымды  ішіме  бүктім.
Ат  шабыс  болатын  күні  ерте  түрдым  да,  биені  ерттеп  мініп,  ал- 
дым.  Әкей олай үрысты, былай үрысты.  Айылын тартып берейін, қүйры- 
ғын сүзіп, кекілін түйіп берейін деп алдаусыратты да. Біріне де көнбедім. 
Сол  бетіммен  оразамды  да  ашпастан  сәске  көтеріле  жүрт  жиналып 
жатқан  Көкөзек  бойына  келдім», — осылайша  жазушы  өзінің  бірбет-
кейлігін  білдіреді.

«Ал  сырттан  оқитын  Сырттанбайда»  жазушы  Сырттанбай  Қуысов 
мұғалім  болып  жүргенін,  сырттан  оқуға  түсіп,  сессиясын  ала  алмай, 
жолы  болмай  келетіні  жайында  қызықты  әңгімелейді:
Сол  кезде  Сырттанбай  мұғалім  әдейілеп  қалаға  барып,  институтқа 
сырттан  оқуға  түскен  де,  сол  туралы  қағаз  алған.  Сол  қағаздың  күшіне 
ол  күні  бүгінге  дейін  «қүдіретіндей»  сенеді.
Сырттанбай  сырттан  оқуға  салқын  қарайды  деуге  аузың  бармай- 
ды,  обалы  нешік,  жыл  қүрғатқан  емес.  Оны  айтсаңыз  жазғы  сессия 
ж ақындады-ау  дегенде,  одан  бүрын  қамданатын  мүғалім  жоқ.  Көп 
оқығанмен  не  керек,  дәл  емтихан  кезінде  «қүдай  қара  бастырып»  ең 
болмағанда  бір  пәннен  қүлайды.  Бірақ,  сонда  да  үмітін  үзбейді  .  То- 
сыннан  көрген  адам  Сырттанбайды  мүғалім  демес  еді.  Ауыл  түрғын- 
дарының  өзі  қолтығына  қысқан  бір-екі  кітабы  мен  он  шақты  дәптерін 
көргенде  ғана  Сырттанбайдың  мүғалім  екенін  жаңа  білгендей  болады.
Кітап  дегенде  оның  білетіні  баяғы  «Ана  тілі»  оқулығы.  Онан 
кейінгісі -   үшінші  кластың  арифметикасы.  Оның  көптеген  жылдардан 
бергі  серігі  де,  қүралы  да  осы  екі  кітап.  Сырттары  кірлеп,  шеттері 
мүжіліп,  бірлі-жарым  беттері  жыртылып  қалған,  бірақ  ол  оның  сабақ 
беруіне  бөгет  бола  алмайды,  өйткені  осы  екі  кітаптың  ішіндегісін  жат- 
тап  алған.  Ө йтпегенде  ше!  Сырттанбай  өмір  бойы  үшінші  класты 
оқытып  келеді...».
Жазушының  осылайша  келтірілген  үзінділерінен-ақ  Сырттанбай 
мүғалім  аталған  адамның  қандай  екендігін,  институтта  сырттай  оқып 
жүріп,  сол  оқитындығы  жайындағы  тілдей  қағаздың  күшімен  мектепте 
сабақ беріп жүрген,  бір-екі  кітабы  мен  он  шақты дәптерімен,  ескі  кірлеу 
болса  да  оқушыларын  оқытып  жүрген,  жыл  сайын  қалаға  оқуға  атта- 
нып,  емтиханнан  қүлап,  жолы  болмай  келетін  Сырттанбайдың  бейнесін 
көруге  болады.  Жазушы  осы  бір  кейіпкерінің  өзінен-ақ  өмірде  осын- 
дай  жандардың  бар  екендігін  аңғартады.
«Ш ынардың  шыбығы»  атты  кітабы  «Жазушы»  баспасынан  1987 
жылы  жарық  көрген.  Роман  негізі  үш  бөлімнен түрады:  I  бөлім -  «Әкем 
Қүтпан  болғанда»,  II  бөлім -   «Көшесін  Қараөткелдің  сатырлатқан», 
III  бөлім  «Ішім  өлген  дүние-ай».
Жазушының  бүл  жаңа  шығармасында  ел  арасында  есімі  аңызға 
айналған  әрі  сері,  әрі  әнші  Иманжүсіп  Қүтпанұлының  өмірі  жайында 
баяндалады.  Он  тоғызыншы  ғасырдың  екінші  жартысында  дүниеге 
келіп,  қилы-қилы  кезеңдер  мен  соқтықпалы  соқпақсыз  қиын-қыстау 
қыспақтардан  өткен  Иманжүсіптің  шынында  да  көрмегені  жоқ  еді.  Оны

Райымхан  болыс  пен  Шолақ  аяз  секілді  қандышеңгелдердің  зобалаңы- 
нан  құтқарған  тек  1917  жылғы  төңкеріс  болатын.  Романда  мұның  бәрі 
нанымды  әрі  әсерлі  суреттеледі.
Зейтін  Ақышевтің  бұл  кітаптарынан  басқа  1971  жылы  «Жазушы» 
баспасынан  шыққан  «Ақбел  асуы»  деген  роман  кітабы  50000  дана  ти- 
ражбен  шығарылған.  Бұл  «Ақбел  асуы»  романында  төңкеріс  жылда- 
рында  Ертіс  бойында  болған  оқиғалар  баяндалады.  Патша  үкіметінің 
саясатына  қарсы  бас  көтерген  Арын,  Бәшен,  Балташ,  Қаңтарбай  сияқ- 
ты  қазақ  жүмысшылары  мен  кедей  шаруалар-орыс  күрескерлері -   Ер- 
маковпен,  Кузенковпен  қол  үстасып,  үлы  шайқасқа  араласады.  Кітап 
кеңес  үкіметі  түсында  жаңа  адамның  қалыптасуын  көрсетумен  аяқта-
лады.  Роман  тоғыз  тараудан  түрады.
Алғашқы  тарауда  жазушы  оқырмандарын  Ертіспен  таныстыра- 
ды,  оның  тасуын,  жүрттың  басқа  жақтан  қоныс  іздеп,  көшуін  әңгіме- 
лей  отырып,  кейіпкерлерінің  портретін  береді.  Мәселен,  Ертісті  жа- 
зушы  бы лайш а  суреттей ді:  «Ә йтеуір  өзім  Ертіс  бойы на  барсам 
қыңқыл-сыңқылдан  арылып,  шаншу,  сыздау,  сырқырау  атаулының 
қайда  жатқанын  білмей,  құлан-таза  жазылам  да  кетем.
Ертіс  бойы  біздің  ата-бабамыз  туып-өскен,  кірін  жуып,  кіндігін 
кескен, үрім-бүтағын өрбіткен  ата мекеніміз.  Белуардан келетін  көкмай- 
са,  жайқалған  ну  орман...Арқаның  жібек  желі  бетінді  желпіп  өткенде, 
бетегесі  қаракөк  пүліштей  құлпыратын  үлан-байтақ  дала...».
Ертістің мүзы  қозғалып,  сең жүрген кезін:  «Сатыр-сүтыр етіп көшіп 
жатқан  мұз.  Бірін-бірі  басып-жаншып  қирата  жапыра  ілгері  үмтыла- 
ды.  Кейде  өкіргені,  күрілдегені,  күрс  етіп  сынғаны  естіледі.  Жылжыған 
қалың  сеңнің  алдынан  тосқауыл  кездесіп  кептеліп  түрып  қалса,  мүз 
үмар-жүмар боп бірінің үстіне бірі  шығып кетеді.  Сол кезде су көтеріліп 
тасып,  маңайдағы  елдің  есін  шығарады,  жүрт  «Ертіс  көтерілді»  десіп
аласапыран  болады.
Ертіс  көтеріліп,  су  тасыса-ақ  жиектегі  ауылдардың  бар  қолынан 
келгені  қора-қопсысын  тастап,  жеңіл-желпі  жүгін  арқалай,  бірлі-жарым 
түяғын  алдына  салып  қырға  қарай  дүркірей  жөнелу  болатын», -   деп
суреттейді.
«Ертістің  сол  жылғы  тасуы  біздің  ауылға  «өлмес  күніңді  ойлаң, 
жаңа  қоныс  ізде,  ескі  қонысым  еді  деп  отыра  берсең,  тасқынның  ас- 
тында  қалып  өлесің  түншығып»  деп  ескерткендей  болды.  Біздің  әкей 
мен  Қаңтарбай  ағамдар  қүр  даурықпаға  ере  қоймайтын  адамдар  еді  ғой. 
Бірак  осы  жолы  алды-арттарына  қараған  жоқ,  бүкіл  ауыл  болып  қырға

218
қарай  жөңкілді»,-  дейді  жазушы.  Осындағы  Қаңтарбайды  былайша  та- 
ныстырады:  «Қантарбайдың  бар  байлығы  төрт  баласы  мен  Қатшасы, 
жалғыз  бұзаулы  сиыры,  қара  өгіз,  он  шақты  ұсақ тұяқ.  Тағдырдың  жаз- 
ғанына  әуелден  бас  иіп  көніп  алған  адам  оған  қарсы  тұруды  күнә  деп 
білетін  еді.  Бүгін  де  сол  «Тағдырдың  бізге  бүйырғаны  осы  шығар»  деп 
екі  кішкентайын  тонының  етегімен  орап  отыр.  Ең  кішісі  Қатша  анам- 
ның  бауырында.  Мәймүна  екі  көзі  жаутаңдац*  су  астында  қалып  бара 
ж атқан  қораларға  қарай  береді.  Балташ та  аяйтын  ештеңе  жоқ.  Өзі 
біздіің  үй  мен  Қаңтарбай  ағам  үйіне  көмектесіп  жүр.  Анда-санда  көзі 
жалт  етіп  Мәймүнаға  қарап  қояды».  Мүндағы  Балташ  бейнесін:  «Бай- 
мырза  атай  қайтыс  болғанда  мен  есімді  шала-пүла  білем.  Ол  кісі  үзын 
бойлы,  қара  шүбар  шал  еді.  Біз  ол  кісіні  «аңшы  ата»  дейтінбіз.  Балташ 
сол  Баймырза  шалдың  жалғыз  үлы.  Жасы  жиырмадан  асқан  шығар 
деймін,  дембелшең,  денелі,  әдемі  жігіт.  Өзі  ақкөңіл,  адал,  досының  та- 
банына  қадалған  шөгір  өзінің  маңдайына  қадалсын  дейтін,  біреулер 
болады  ғой,  дәл  соның  өзі.  Екі-үш  жыл  бойы  Қасымбектің  жылқысын 
бағыпты.  Балташ  әуелде  Керекуге  қөшпек  болған  екен,  «қартайғанда 
қаланың  шаңына  түншығып  өлер  жайым  жоқ», -   деп  шешесі  көнбепті. 
Ақыры  олар  Ақбел  бойындағы  нағашысына  көшпек  болды.  Нағашы- 
сының  ішіндегі  ең  жақыны,  еті  тірісі,  бас  көтерері -   «Бәшен».  Қали- 
ман  кемпір  мен  Балташ  көшіп  келген  бетте  осы  Бәшенді  паналаған. 
Зерделі  Балташ  Бәшенге  үнайды,  оның  өсе  келе  ер  азаматқа  басшы 
болатынын  Бәшен  біледі.  Бәшен -   әйгілі  қайсар.  Төніп  келген  ажалдан 
да  қорықпайды.  Бүл  екеуіне  Қарақойтас  түбіндегі  қырық  үй  Мамай 
ғана  емес,  қалың  бүқара  арқа  сүйейді,  медет  түтады.  Екеуі  Ақбел 
өңіріндегі  елдің  жігітіне  бас  болып,  атқа  мінгізеді,  қолдарына  найза 
мен  сойыл  үстатады.  Роман  соңында  Керекуде  кеңес  үкіметі  орнағаны 
айтылады.  Ақбелдің  болысының  ревкомына  Қаңтарбай  сайланады  да, 
жер-су  шаруасын  басқару  соған  жүктеліп,  Қаңтарбайдың  жаңа  биікке 
шығып,  шырқауымен  аяқталады.
Зейтін  Ақышевтің  1978  жылы  «Жалын»  баспасынан  шыққан  әйгілі 
«Жаяу  Мүса»  атты  роман  кітабында  қазақтың  белгілі  әнші-компози- 
торы  Жаяу  Мүса  Байжановтың  өмірі  арқау  етіп  алынған.  Автор  Мүса 
өмірін  суреттеу  арқылы  XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XX  ғасыр- 
дың  бас  кезіндегі  қазақ  даласының  жай-күйін,  оның  саяси-әлеуметтік 
бет-бейнесін  жақсы  көрсете  білген.  Мүса  Байжановтың  өнер  жолын- 
дағы  алғаш қы  адымынан  бастап,  халық  сүйіспенш ілігіне  бөленген 
белгілі  әнші,  белгілі  композитор  дәрежесіне  көтерілуін,  әділет  үшін

219
күрестің  мойымас  майталманы  болуын  автор  сол  кездегі  ішкі-сыртқы 
оқиғаларға  тығыз  байланыстыра  отырып  нақты  бейнелеген.
Романның  оқиғасы  қою,  кейіпкерлері  іс-әрекеті  тарихи  фактілер 
мен  көркемдік  синтез  арқылы  түтастық  тауып,  ситуациялар  коп  жос- 
парды  шығармаға  тән  байсалдықпен  дамып  отырады.
Шығарманың  тілі  нәрлі  де  нақты.  Жаяу  Мүса  әділетсіздікке  қарсы, 
зорлық  пен  қорлыққа  қарсы  тілі  мен  үнін  қүрал  етіп  шайқасып  өткен 
адам.  Ол  бар  өмірін  Жасыбай  мен  Ақшоқыда  өткізген  жан  емес,  оның 
«бармаған  жері,  баспаған  тауы  жоқ»  десе  де  болғандай.  Сол  жерлерде 
ол  талай  адамдармен  кездеседі.  Бала  жасынан  жоқшылық  пен  таршы- 
лықты  көріп  өседі.  Ермегі  кітап  оқу,  қағаз  жазу,  еріккенде  ит  жүгіртіп, 
қүс  салу,  Ақшоқының шыңдары  мен  қүздарына тор  қүрып,  бүркіт үстау» 
жымдарына  түзақ  қүрып,  қоян,  шіл,  бүлдырақ  аулау  болған  Жаяу 
өміріндегі  ең  қызықты,  ең  бақытты  кезең  осы  бір  жылдар  болған.  Оның 
бар  ойы,  бар  арманы  қалған  өмірін  әйелі  Сапармен,  әнмен,  аңшылық- 
пен  өткізу  болған  екен.  Ал  өміріндегі  ең  үлкен  қуаныш — Сапардан  үш 
нәресте  көреді.  Түңғышы  қыз  еді.  Оның  атын  Тобылғыдағы  адвокат  Ру- 
бановқа  берген  сертімен  Анка  деп  қойған.  Өзі  жоқта  кемпір-шал  жас 
баланың  атын -   Бибіқамар  деп  қояды.  Бірақ  ол  Сапар  мен  Жаяуға  үна- 
майды.  Екіншісі  қыз,  аты  Нәсіп,  үшіншісі  Салық  есімді  үл  бала.
Әйелі  Сапар  сырқатынан  жазылмай  қайтыс  болады.  Жаяу  басқа 
әйел  алмайды,  үш  баласын  бағады.  Жаяудың  «Келдім  Сапар  басыңа» 
деген  өлеңі  бар,  ол  «Сапарым»  деп  күңіреніп  өтеді.  Бірақ  Жаяудың  ел 
ішінде  қадірі  кеткен  жоқ.  Жүрт  оның  бір  ауыз  сөзін  тыңдауға  қүмар. 
Бүкіл ел оны Батыр атап кетеді. Жалғыз баласы Салық пен келіні Күлзи- 
маға  өле-өлгенше  риза  боп  кеткен  адам.
Ақ  сиса,  қызыл  сиса,  сиса-сиса,
Қалмайды  кімдер  жаяу  зорлық  қылса.
Шорманның  Мүстафасы  атымды  алып,
Атандым  сол  себепті  Жаяу  Мүса, -
деп  ауылдың  балалары  бір  сәт  бәрі  қосылып  шырылдата  ән  салады. 
Жаяу  олардан  көзін  алмайды,  қарай  беруге  көзі  де  тоймайды.  Кейде
езу  тартып  күліп  қояды.
_   Қүдай  тағала  маған  94  жыл  тіршілік  берген  екен, -   деп  толғанып
кетеді  кейде.  Бірақ  сол  үзақ  өмірдің  кейінгі  он  шақты  жылы  болмаса, 
арғы  жағы  түгел  азаппен,  қорлықпен,  айдаумен,  жоқшылық-таршылық- 
пен  өткенін  ойлап  налиды,  өкінедбі  белгілі  әнші-композитор  Жаяу  Мүса 
Байжанов» -   деп  жазады  3. Ақышев  өзінің  «Жаяу  Мүса»  романында.

220

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал