Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет2/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Шоқпар  батыр  қалмақты  Ертіске  жеткізбей  қырғанда  жасы  ең 
үлкені  екен.  Бүл  туралы  Жанақ  ақын  өзінің  «Баянаула  туралы  даста- 
нында»:
Шоқпардан  жас  болыпты  барлық  батыр 
Алпыс  жыл  аттан  туспей  келе  жатыр.
Қалмақ  қызын  бас  қылып,  олжа  беріп,
Қонысы
 -  
өзі  алган  улкен  адыр.
Бет  қоя  өз  жеріне  қашқан  қалмақ,
Батырдың  тізесіне  кім  шыдамақ.
«Серектас»  деген  аты  қалдырылып,
Аталып  «Қалмаққырган»  содан  қалган
  ...,  -
деп  жырлайды.
Ал,  Олжабай  мен  Ж асыбай  батырлардың  ерлігін  жасымыздан 
өзіміз  де  естіп  өстік.  Ботбайдың  Қызылшілігі  деп  аталатын  жерде  әр 
төбенің  басында  әлі  күнге  дейін  қалмақтардың  таспен  үйіліп,  жабыл- 
ған молалары кездеседі.  Қалқан,  қылыш,  найза сияқты тот басып шіруге 
айналған  дулыға,  шілтерлер  жиі  кездеседі.  Бүл  арадан  тау  арасындағы 
атақты  «Қалмаққырған»  қорғаны да  алыс  емес.  Орны  күні  бүгінге дейін 
сақталған.

Қазіргі  С.Торайғыров  атындағы  шаруашылықтан  аудан  орталығы 
Баянауылға  дейінгі  айналыс  жол  25  шақырым.  Ал,  тікелей  тау  арқылы 
өтетін  тік  қия  8-ақ  шақырым.  Осы  қия  жолдың  дәл  етегінде,  тау  ара- 
сында  суы  мөлдір,  тостақанға  үқсас,  сүлу  да  тәкаппар  «Жасыбай»  көлі 
жатыр.  Бүл  көл  бүрын  қалмақтың  Шойын  деген  батырының  атымен 
«Шойынкөл»  аталған  екен.  Сондай  бір  оқиғалар  туралы  Жанақ  ақын 
өзінің  «Баянаула  туралы  дастанында»:
Осы  көл  таман  тастың  ортасында,
Мүнарлы  булт  ілінер  тау  басына.
Бас  иіп,  сәлем  берген  секілденіп,
Бугіліп  әр  турлі  агаш  тур  қасында.
Шын  сөз  қиыстырса  келеді  ебі,
Болган  іс  бір  айтылмай  қалмас  тегі.
Аң  қуып  таудан  қулап  суга  кеткен,
Қалмақтың  Шойын  батыр  деген  бегі.
Ол  кунде  бул  тауларды  қалмақ  алган,
Қорым  қып  әрбір  жерге  белгі  салган.
Тулпардың  екпінімен  суга  қулап,
Аталып  «Шойынкөл»  содан  қалган.
Жол  салган  тасты  бузып  Жасыбай  ер,
Әркімнің  ертеден-ақ  аузындагы  ер.
Арқадан  қалмақ  ауып  өз  жеріне,
Кеткен  соң  ат  қойылган  «Жасыбай  көл».
Секілді  салган  жолы  тасты  қиып,
Ертеден  журттың  бәрі  жур  гой  көріп.
Қияның  іиуңқырына  қараганда,
Қуласа  қауіп  қылар  «өлем-ау»  деп.
Әңгіме  таусыла  ма  айта  берсек,
Солармен  ерте  турып,  бірге  журсек.
Жасыбай  кім  екенін  сурасаңыз,
Жалықпас  тап  руы  Қаракесек.
Жасыбай  батыр  екен  ту  көтерген;
Басшы  қып  әр  адамдар  соңына  ерген.
Сол  жолмен  аңгал  батыр  келе  жатса,
Отырган  тау  басында  қалмақ  көрген.

15
Жол  тосқан  жауыз  қалмақ  Қуба  мерген,
Туы  бар  келе  жатпқан  қолы  көрген.
Көрінбей  тас  тубінде  тура  қалып,
Маңдайдан  садақпенен  тартып  берген.
Моласы  Жасыбайдың  тау  басында,
Қияның  өзі  салган  қырқасында.
Қалган  сөз  өлгендерден  бірден-бірге,
Өлгенде  кім  болыпты  сол  қасында.
Жасыбай  батырдың  бұл  қайғылы  қазасын  естіген  Бөгенбай,  Олжа- 
бай,  Малайсары  батырлар  қол  бастап  келіп,  қалмақтардан  өш  алады. 
Оларды  Ертіске  жеткізбей,  бірін  қалдырмай  қырып  салады.
О лжабай  батыр. 
Бұл  арада  тағы  да  Ж анақ  ақынның  жырына 
жүгінеміз.  Ол  1833  жылдың  11-ші  тамызында  Баянауыл  дуанының  ашы- 
луына  байланысты:
Жамбақыны  жайлаган,
Батырларына  беріп  тапсырма 
Олжабай  тауды  нусқаган:
Қуба  қалмақ  жайылган,
Атаңа  нәлет  ата  жау 
Қуылады  деп  сөзді  байлаган.
Қызыгып  кеткен  дейді  гой 
Баянның  сулу  тауына,
Көз  жасындай  көліне,
Еженханның  адамы..,
  —
деп  жырлаған.
Айдабол  мен  Қаржас  ата  қонысына  қайтып  келіп  жайғасқаннан 
кейін  он-он  бес  жылдан  соң  жоңғарлардың  Орта  жүзге  қайта  шабуыл 
жасағаны  белгілі.  Сонда  қыруар  қолды  басқарған  Айдабол  руынан 
шыққан  Ер  Олжабай  ала  туды  асқақтата  шаншып  қойып:
— 
Мынау  Абылайдың  туы.  Бүл  ту  «ақтабан  шұбырындыдан»  кейін 
жеңіске  жеткен  қазақтың  аспанында  желбіреген  және  үш ^күздің  ба- 
сын  қосқан.  Жау  қайта  шапқанда,  Абылай  хан  осы  туды  бізге  жолдап- 
ты.  Бұл -   жеңіске  жетектейтін  ту!  -   деген  екен.
Бұл  туралы  жазушы  Қ.Исабаев:  «Абылай  туын  расымен  Олжа- 
байға  беріп  жіберді  ме,  мәселенің  бұл  жағы  жанға  жария  емес.  Халық 
бір-ақ  нәрсені  біледі:  сол  тудың  астында  қазақ  ол  жолы  да  жеңіске 
жеткен.  Содан  халық  арасында  «Абылай  ала  туын  Олжабайға  ұстат- 
қан», -   деген  сөз  қалған», -   деп  жазады  [3].

3.  К Д Р А   Қ Ы Л Д Ы   Ң А Ң   Ж А Р Ғ А Н
(Айдабол,  Едіге,  Ш орман,  Торайғыр  билер)
1.  Айдабол  би
Айдабол  Жанболдыұлы  1660  жылы  туған.  Қайтыс  болған  жылы 
белгісіз.  Орта  жүз  Арғыннан  таралатын  Сүйіндік  руының  бір  атасы 
Айдаболдан  Аққозы,  Жанқозы,  Малқозы,  Қарақозы,  Тайкелтір,  Қожа- 
гелді,  Қосжетер  аталары  шығады.  Бүлардың  бәрі  шешен,  би,  батыр, 
он  саусағынан  өнері  тамған  шебер,  үста  болған.  Айдабол -   Ақбеттау, 
Далба  болыстарында  үзақ  жыл  би  болып,  ел  басқарған.  Ол  елді  кейде 
Айдабол-Қаржас  деп  те  атайды.
Айдабол  атына  байланысты  шешендік  бітім,  билік  сөздер,  қанат- 
ты  нақылдар  көп. 
;
2.  Едіге  би
Едіге  би  Шоң  бидің  туған  әкесі.  Жазушы  Қ.Исабаевтың  айтуын- 
ша,  Баянауыл  маңындағы  төрт  рудың  басын  қосып,  қарадан  суыры- 
лып  шығып,  алғашқы  аға  сүлтан  болған  осы  кісі.  Ал,  оның  би  ретіндегі 
қызметін  белгілі  ғалым,  зерттеуші  С.Дәуітов  М.Ж.Көпеевтің  сөзімен 
былайша  көрсетеді:  «М.Көпейүлының  шежіреде  Төле  би  мен  Едіге 
бидің  арасындағы  әңгімені  қысқаша  баяндап  бергені  әрі  қызық,  әрі 
тартымды.  Едіге  Төленің  ауылын  көріп:  «Әділ  бидің  елін  дау  арала- 
майды,  әділ  патшаның  жерін  жау  араламайды»,  -   деген  осы  екен-ау 
деп  қызығыпты.  Сонда  Төле  би  Едіге  бидің  адамдарына  қарап:

17
Алты  атасын  арқалап  жүрген  бар  ма  екен,  жеті  атасын  жетелеп 
жүрген  бар  ма  екен?  Алмасың  болса  мойным  бар,  асылың  болса  қой- 
ным  бар.  Бү  сөзімді  ойлай  бер, -   деп  аяғын  баса  бергенде,  Едіге:
-  Ақсақал,  кішкене  мойныңызды  бүрыңыз,  киіз  кімдікі  болса,  білек 
сонікі,  шыққан  жеріне  қайта  сыймайды.  Жарлық  өзіңізден  болды,  жаб- 
дық  та  өзіңізден, -   депті.
Бүл екі бидің терең толғамының қысқаша мән-маңызы:  «Едіге елінің 
бітпей  жүрген  ескі  дауы  бар  екен.  Соны  бүрын  талай  билер  келіп  бітіре 
алмапты.  Он  төрт  жасар  бала  би  Едіге  ердің  қүнын  екі-ақ  ауыз  сөзбен 
тәмамдап,  екі  елдің  арасын  жарастырыпты...»
Одан  әрі  зерттеуші:  «Асқан  шешендігімен  ел  ішінде  аты  аңызға 
айналған  Едіге  бидің  бір-екі  әңгімесін  Мәшһүр  шежіресінен  келтіре 
кетейік:
«Жарқырап  жаз,  күркіреп  көк  шығысымен  ат  қара  тіл  болды  десіп, 
Едіге би аттанып,  бірсыпыра кісімен Тоғыс бидің еліне барды.  Қым-қуыт, 
шым-шуыт,  азан-қазан,  у-шу  болып  жатқан  жүрт  жайын  сүрады».
-   Елімізде  қаһарлы  Жәңгір  атанған  ханымыз  бар  еді.  Сол  ханы- 
мыздың жалғыз  баласы  жардан  қүлап  жайрап  қалғанына  бүгін  сегіз  күн 
болды.  «Мен  қандай  зарлап  қалған  болсам,  жан-жануар,  мал  да  мендей 
зарласын», -  деп жаңа туып жатқан жас төлді өзеннің бір жағына,  енесін 
өзеннің  екінші  жағына  қаматып,  иіртіп,  сегіз  күн,  сегіз  түн  бойы  мал 
баласы  жамырамағанына  қарамай  хан  өзі  теріс  қарап  жатып  алды -  
дейді.
-  Ханның  өзі  қүдайдың  қүлы,  Мүхаметтің  үмбеті  ме? -  депті  Едіге.
-  Қүдайға қүл  болмаған,  Мүхаметке  үмбет болмаған  жан  бола  ма? -
деп  жауап  қаиырыпты.
Ертеңгі  күннің  таңы  атып,  күні  шықты.  Жәңгір  ханның  үйіне  ба- 
рысты...  Хан  қыбыр  етпей  жатыр.  Сонда  Едіге  шарт  жүгініп  отырып, 
сөйлей  жөнеліпті:
-  
Ақсуңқар  үшты  уядан, 
Қол  жетпейтін  қиядан.
Туягы  бүтін  түлпар  жоқ, 
Қиягы  бүтін  сүңқар  жоқ. 
Түлпардың  түягы
Тасқа  байласа  кетіледі, 
Суга  байласа  жетіледі
.

18
Теректен
 — 
бүтақ,
Теңізден

көбік!
Ақсуңқар  әуелеп  аспанга  үіиты,
Алтын  қоңырау  үзіліп  жерге  түсті.
Хан,  саган  қүдайдың  бір  жабдыгы  түсті,
Мойның  жуан  көтересің.
Күшті  көтермегенмен,  қайтесің!
Оны  алган  қүдай 
Одан  да  күшті,
Бүдан  да  күшті,  -
дегенде  хан  басын  көтеріп,  көзін  ежірейтіп  Едігеге  қадалып  қарай
қалады. 
^  

>5гГ-  1  .
-   Көзтаңбалы  арғында  Едіге  деген  бір  жас  бала  бар  деп  естуші 
едім,  солмысың,  басқа  біреумісің,  өзіңді  танытшы, -   дейді.
-   Болсақ,  болармын, 
дейді  Едіге.
-   Айтқан  аузыңнан  айналайын,  сені  тапқан  қатыннан  айналайын. 
Көтере  алмай  жатқан  басымды  көтерттің,  енді  өзімді  біржолата  тұрғы- 
зып  кетші, -   депті.  Сонда  Едіге:
Сенің  бүл  қайгың
Жиналган  көптің  тобында  қалады,
Түзу  мылтықтың  огында  қалады.
Жүйрік  аттың  түягында  қалады.
Қыран  қүстың  қиягында  қалады.
Жыландай  иіріліп,
Қүйындай  үйіріліп,
Аққан  судың  бойында  қалады.
Аягын  бір  басуга  ерініп,
Ыргала  басқан  сүлудың 
Қойнында  қалады.
Өлім  деген,  шіркін,  өрт  емес  пе?!
Осы  айтылгандар
Оны  сөндіретін  су  емес  пе?!
Ит  әз  қүйрьігын  өзі  кәтеріп  жүрмесе,
Оның  қүйрыгын  кім  алып  жүрмек  дегені,
Адам  әз  көңілін  өзі  көтеруге  керек,
Дегені  емес  пе?! -
дегенде,  хан  орнынан  ұшып  түрегеліпті, -   деседі.

:
19
3.  Ш орм ан  би
Кезінде  Шоқан  Уәлиханов  Шорман  би  туралы  «Ақыл-айласымен 
атағы  шыққан  Шорман  «шешен»  деген  құрметті  атқа  ие  болған.  Ше- 
шендігі  арқасында  14  жаста  бас  би  болып, үлкен даулы  мәселеде,  Уәли- 
ханның алдында, өз елінің адамдарын  асқан беделмен қорғап қалады», -  
деп  жазған  болатын  [5].
Шоң  он  бес  жасар  Шорманды  Қаржасқа  төбе  би  қып  сайлаған. 
Сұлтанмахмүт  Торайғыровтың  да  кезінде:
«Шоң,  Шорман  едік,
Бір-бірімізге  қорган  едік...» -
деп  жырлауы  да  осындай  себептерге  байланысты  сияқты.
Белгілі  мүсінші  Шота  Уәлиханов  Шоң  би  туралы  өзінің  «Шорман 
әулеті»  атты  мақаласында:  «...Қазақ  даласына  даңқы  кең  жайылған 
қаржас  Шорман  би  он  төрт  жасынан  билік  айтқан.  Екі  елдің,  рудың, 
атаның  арасындағы  дау-жанжалға  әділ  төрелік  айтып  бір-екі  ауыз 
сөзбен  қарсыластарды  бітістірген  күндері  болған  дейді...».
Шорман  туралы  ел  арасында  аңыз  көп.  Соның  бірі:  «Қаржас  елі 
керей  елінен  барымталап  жылқы  алыпты.  Соған  орай  Тоқсан  би  көп 
адам  ертіп  Қаржасқа  барады.  Билік  басталады.  Қаржас  жағынан  шық- 
қан  Шорман  би:
-  
Тоқсан,  Тоқсан  дегенде  әлде  қандай  болмай,  бері  кел,  көріселік. 
Тоқсан,  Тоқсан  деп  қанша  көтермелегенімен  елің  керей  ғой,  нәсілің 
кедей  ғой,  өзің  де  қулықтың  қүлынындай,  томаша  торғайдай,  кішкене 
ғана  кісі  екенсің,  атағың  қалай  алысқа  жайылып  жүр? -   деп  сүрайды. 
Сонда  Тоқсан  кідірместен:
— 
Е,  ел  болсам  керей  шыгармын
, .
Керейдің  биі  иіыгармын,
Кішкентай  болсам  бүйі  шыгармын.
Қулықтың  қулыны  болсам,
Жылқының  дүлділі  шыгармын.
Томаша  торгай  тогыз  табады,
Біреуі  бүлбүл  болады  деген 
Ішіндегі  бүлбүлы  шыгармын...  -
дегенде  Шорман  қарсы  сөз  айтпапты.
Біреуді  тыңдай  білу,  тапқырлыққа  табыну,  жүйелі  сөзге  тоқтау 
үшін  де  ақыл  керек-ау», -   деп  толғанады  [6].

20
Қ.Исабаев  Шоң  мен  Шорман  билердің  өмірінен  алып,  «Серт»  атты 
трилогия  жазған.  Осы  тарихи  шығармада  Шоңмен  қатар  Шорман  биге 
де  жазушы  тарапынан  жоғары  баға  беріледі.  Мәселен,  бидің  бір  тап- 
қырлығы  туралы  автор:  «Шорман  ауылында  болмай  шықты.  Ащы- 
ның  бас  жағындағы  пішеншілерге  кеткен  дегеннен  кейін,  Түрар  аты- 
на  қайта  қонған.  Табылды-ау!  Жанында  Байтемір  би  бар  екен.  Мән- 
жайды  түсініп  алғаннан  кейін  үшеуі  соңдарына  ерген  жігіттермен  сол 
жерден  Нүраға  тура  тартты.  Түрсын  жайлауында  екен.
-   Жүр,  Қарқаралыға!  -   дейді  Шорман  оған.
-  Ей,  Қарқаралының  аға  сүлтаны  сен  бе,  мен  бе?  Барғым  келсе  бара- 
мын,  барғым  келмесе  қаламын.  Сен  бе  едің,  мені  жетектеп  апаратын?
-  Жандаралдан  хат  алдық.  Сен  орыс  кіресін  тонаған  Төртүлы  адам- 
дарын  үстап  отыр  екенсің.  Шын  болса,  өзің  жүріп  қолыма  тапсыра- 
сың.  Ал,  егер  барудан  бас  тартсаң,  онда  жандаралға  жазғандарыңның 
бәрі  өтірік.
-   Рас, -   дейді  Түрсын. -   Адамдарың  қамауда  отыр.
-   Жүр!  Тапсыр  қолыма!
Түрсынның  дәл  бүгін  Қарқаралыда  шаруасы  бар  ма  еді,  жоқ  па 
еді,  онда  Шорманның  шаруасы  болмады.  Түр  да,  түр!  Жүр  де  жүрдің 
астына  алып,  атқа  мінгізді  де,  нөкерлерімен  бірге  шу  десті.
Қарқаралы  үйлерінің  ең  үзынын  «қазына  адамдарының  жайы» 
дейді  екен.  Бүл  әскери  казактар  жататын  үй.  Соның  астындағы  жерден 
қазылған қуысында жаңағы төрт адам  отыр  екен.  Аға сүлтанның айтуы- 
мен  «төрт  үры»  сыртқа  шығарылды.  Үсті-бастарында  сау-тамтық  жоқ. 
Бет-ауыздары  көкала  қойдай.  Қаракесек  жігіттері  мен  орыстардан 
жәбір  көргендері  сонша,  біреуі  Шорманның  алдына  қүлап  түседі.
-   Кешір,  би  ием.  Бәрі  жоқтықтың,  бәрі  жетімсіздіктің  ...
-   Әне!  -   деді  Түрсын. -   Не  көрсек  те  Төртүлыдан  көретін  болдық!
Сол  жерде  Шорман  төрт  қап  сүрайды.
-   Немене,  қапқа  салып  әкетемісің?  Мен  бүл  адамдарды  саған  бер- 
меймін.  Өзім  Омбыға  апарып  тапсырамын, -   деуінен  Түрсынның  бүл 
адамдардан  айырылғысы  келмегені  байқалады.  Бірақ  Шорман  «бірер 
күннен  кейін  қолыңа  әкеп  тапсырамын», -  дегеннен  кейін,  бидің  бүлар- 
мен  не  істерін  біле  қоймаса да  босатады.  Шорман  сол  жерде  бәрінің де 
басына  қап  кигізіп,  атқа  қондырады  да,  өз  адамдарына  жетектеткізіп 
жолға  шығады. 
1  *
Жаз  айында түндік  бойы  азғантай  ел.  Орыс  кіресі  шынымен  тонал- 
ған  болса,  ол  жолға  жақын  осы  Түндік  бойы  ауылдарының  жігіттері-

нен  келеді.  Шорманды  өзен  бойында  отырған  ауылдардың  бірінен  соң 
біріне  жетектеген  де  осы  ойы  еді.  Ауылға  жетеді,  қотанға  жүртты  жи- 
найды, үрылар  басынан қапты алады.  Бірақ «таныдық» деген адам  шыға 
қоймайды.  Шорман  тобы  әрі  жылжиды.  Міне,  сәт.  Кезекті  ауылдың 
қотанында  үрылар  басынан  қаптың  алынуы  сол  еді,  кенеттен  шаршы 
топ  арасынан  баланың  «әкелеген»  даусы  саңқ  етсін.  Иә,  үрының  бірі 
ана  баланың  әкесі  болып  шығады.  Шорман  аттан  түсіп,  ауыл  арнайы 
үй  тігіп,  ана  төртеуі  сол  жерде  тергеуге  алынады.  Біреуі  осы  ауылдікі 
екені  анықталғаннан  кейін,  басқалары  жалғандыққа  баруға  амалы  бол- 
майды.  Ұрылар  төңіректегі  ауылдардан  екен.  Шорман  Қарқаралы  дуа- 
нының  қазиы  Ортабай  баласы  Олжабайды  ертіп  алған.  Оқиғаға  куәгер 
сол.  Ол  үнсіз  жер  шүқылап  тыңдайды  да  отырады.
Сөйтсе,  Шоң  мен  Шорманға  өшігіп  алған  Түрсын  «Жандаралға» 
жазған  хатының  артын  шындыққа  айналдыру  үшін  Түндік  бойынан 
төрт  адам  алдырып,  ақы  беріп,  «Күлік  руынан  деп  айтатын  боласың- 
дар»  деп  жауып  қойған  екен.  Алайда  бүлардың  ақ-қарасын  анықтауға 
арнайы  адам  келеді,  ол  адам  Шорман  болады.  Шорман  келсе  де  осын- 
шама  шүқшия  із  кесе  қояды  деп  ойламаған,  «Кім  келсе  де  көреді  де, 
сеніп  жүре  береді» -   деп  ойлаған  Түрсын  опық  жеп  қала  береді.
Шорман  Шоң  үйін  тез  тапты.  Төртүлы  билерінің  көбі  осында  екен. 
Төрден  орын  алған  Шорман  үрылар  жәйін  айтып,  Шоңның  өзі  мен  бас- 
қа  отырғандарды  көңілдендіріп  тастады»,  -   деп  нақты  істің  өткір 
шешімін  көрсеткен  [7].
4 .  Т о р ай ғы р   би
Торайғыр  Шоң  бидің  туған  інісі,  Едіге  бидің  баласы.  Баянауылдың 
күншығыс  қатпалында  Бауыртас  деген  жерде  туып,  өскен.  Қыстауы 
да  сол  жерде.  Өмірден  жастай  кеткенмен  ел  алдында  беделді,  өзіндік 
орны  бар  азамат  болған.  Мінезі  тік,  әр  істің  басын  тез  қайыратын,  қай- 
ратты  да  әділ,  әрі  ақылдығымен  танылған.  Ол  туралы  жазушы  Қ.Иса- 
баевтың  «Серт»  трилогиясының  «Шоң  би»  деген  үшінші  кітабында: 
«...Анадай  көгалда  оқшауланған  көп  қауым  көрінеді.  Шоң  төңірегін- 
дегі  халық  екен.  Ал  Шоңның  не  нәр  татпай,  не  басын  көтермей  түнеріп 
отырғанына  бір  тәуліктен  асыпты.  «Қүдай  ісіне  амал  бар  ма,  басыңыз- 
ды  көтеріңіз,  еңсеңізді  жоғары  үстаңыз» дейтін  жан жоқ.  Төңірегі түгел- 
дей  Шоңның  қайғысына  қайғы  қоса  түскендей,  ол  күрсінсе  күрсінеді, 
ол  теңселсе  теңселеді.  Қайғының  ең  батқан  зілі  көңілге  қазір  түспек -

22
Торайғыр  денесін  өзі  осынау  даланың  қай  түсында  жүрмесін  қайтып 
келуге  асығып  түратын  үйінен  шығармақ,  енді  бүдан  былай  мүлде  қай- 
тып  оралмайтын  сапарға  аттандырамыз.  Мүны  іштей  сезіп  отырған 
Шоңның  көңілін  осы  түста  сергіту  керек.  Әрине,  бүл  ақынның  ғана 
қолынан  келеді.  Адамға  жан  салғаннан  басқаның  бәрінің  бетін  қайта- 
ратын  сөзді  жалындата  өретін  ақын  ғана.
Өмірдегі  орын  жақсы  білетін  Жанақ  домбырасын  күйлетіп,  жер- 
дегі  қүжынаған  халықты  ғана  емес,  қамыста  бүққан  қүстарды  да, 
көгілдір  аспанды  да  көтере  түскендей  айқайға  басып  салды:
Темірге  қайрақ  керек  өту  уьиін,
Жігітке  керек  тулпар  жету  үіиін.
Шоң  ага  көтер  басты,  еңсеңді  үста,
Торекең  кетті  дүниеден  келмеу  үшін.
Жақсы  адамды  жарылқанар  алса  қүдай,
Жаманга  көз  тікпепті-ау  олай-бүлай,
Шулатып  елін-жүртын  аза  қылып,
Таңдауга  шебер  екен  мына  қүдай.
Торайгыр  інің  еді  соңыңан  ерген,
Еркелігі  де  бар  еді-ау,  елден  ерен.
Едігенің  бір  арысы  болса  егер  Шоң
,
Екініиісі  осы  еді  гой  сүрап  берген.
Ауылы  Шоң  атамның  елден  ерек,
Еркелігі  Торекеңнің  ол  да  керек.
Айтпаңыз  үқсамады  түгелдей  деп,
Торекемде  болушы  еді  басқа  жүрек.
Сол  жүрек  тыңдайды  екен  өзін  гана 
Сізге  үқсаса  не  болар  еді,  жалгыз  дана?
Айтпаңыз  Торы  асау,  жөнсіз  ед  деп,
Сонымен  елге  әйгілі  өзі  дара.
Шоң  ага,  Торекең  сізге  тізгін  еді,
Асауды  ауыздықтамаса  не  етер  еді?
Торекем  табылган  соң  жаныңыздан,
Қадамды  байқап  басу  бекер  ме  еді?
Едігенің  ол  үлы  да  елден  ерек,
Үл-үлда  кездеспейтін  ол  да  сирек.
Жалгыз  сен  бе,  Шоң  би-ау,  қара  түтқан,
Қайгыдан  аз  ба  езілген  бауыр  жүрек?
Шоң  ага,  мойныңды  бүр,  көр  халықты,

23
Дала  да  күціренеді,  ой  іиалыпты.
Біз  де  түрмыз  айырылдьщ  деп  бір  көсемнен 
Көтер  басты,  көціл  айт,  ел  келіпті!  ..
Бала-шағасымен  әйелінің  зары,  былайғы  жұрттың  «Ойбай  бауы- 
рымдаған»  айқайымен  Торайғырдың  еңгезердей  денесі  өзі  сыймастай 
аласұрып  ж үрген  кең  даланы ң  осынау  екі  аршын  ғана  қуысына 
берілді», 1  деп  жазылған  [8].
Осы  арада  Торайғырдың  ел  ісіне  араласып,  билік  айтуынан  да  бір 
мысал  келтіре  кеткен  жөн  сияқты:  «Кенет «ей!»  деген  дара  дауыс  ерек- 
ше  саңқ етті.  Торайғыр  ол  сөйлемес  бұрын  бір тізерлеп,  көтеріліп  алды.
-   Би-аға,  Төртұлы  Қарқаралыға  қарау  керек.  Оның  мынадай  мәнісі 
бар:  дуанның  құрамын  Ысқақ  баяғыда  оқып  берді  ғой:  «әр  10-12 
түтіннен -   ауыл,  60-70  ауылдан  болыс,  20-30  болыстан -   дуан.  Енді 
Төртұлы   құрам ы на  ұстап  құрамы н  салы сты ры ңдарш ы ?  Д әл  өз 
үлгілеріңді  өздеріңе  үсынған  кезде  неге  қабыл  алмайсыңдар?  Сөйтіп 
дуанға  неге  кірмейсіңдер?
Билер  арасын  бас  шұлғыс  пен  бей-берекет  сөздер  аралап  кетті.  То- 
райғырдың мьгаа сөзі отырғандарға жыбырсыз су бетіне жел жүріп өткен- 
дей  әсер  етті.  Шоңның  аңғаруы  інісінің  сөзіне  билер  кеңесінің  мүшелері 
де мойын бүрып  қалған сияқты  белдерін жазып,  біріне-бірі  қараса қалып- 
ты.  Торайғырдың  айтқандарын  Шоң  баяғыда-ақ  Ысқақ  аузынан  есті- 
ген.  Бірақ  әліптің  артын  күтіп  оны  тісінен  шығармай  келген.  Сол  әліптің 
арты  хан  тұқымының  аға  сұлтан  деген  атпен  таққа  қайтып  келуі  болып 
шықты.  Осы  отырыстағы  әңгімені  де  содан  бастап  еді  ғой.  Торайғыр 
оған  қалай  түсінбеген?  Шоң  көпке  осыны  айтты  да:
-   Бүл  қара  халықпен  санасудың  әлі  жоқтығы.  Халық  мүраты  өз 
қатарынан  басшы  қойылғанда  ғана  орындалар.  Хан  түқымына  халық 
қамынан  гөрі  өз  қүлқыны  жақын.  Сондықтан  да  біз  Қарқаралы  дуаны- 
на  кірмейміз -   Бөкей  түқымына  кіріптар  болмаймыз.  Осыған  көнгенің 
қаласың,  көнбегенің  жүре  бересің.
Шоң  тоқтап,  алдында  отырғандарды  шолып  шыққанша  Торайғыр 
орнынан  атып  тұрып:
-   «Күлтөбеде  күнде  жиын»  деген,-  деп  мама  ағашқа  қарай  адым- 
дай  жөнелді»  [9].
Міне,  Торайғыр  би  туралы  осындай  деректер  бар.  Ал  ол  туралы  ел 
аузында  жүрген  аңыз  әңгімелер  қаншама  дерсіз.

24
4.  Ә К Е   Ж О Л Ы Н   К,УҒАН  Ү Л
(М үса  Ш орманов)
...Шорман  бидің  төрт  үлы:  Мүса,  Әужан,  Мүстапа,  Иса  және  Зей- 
неп  атты  қызы  болыпты.  Зейнеп  Шыңғыстың  әйелі,  Шоқанның  анасы. 
Біржан  салдың  Мүсаға  арнаған  мынадай  өлеңі  бар:
Ассалаумагалейкүм,  мырза  Мүса,
Жүзіңді  бір  көруге  едім  қүса.
Қуандық,  Сүйіндіктің  қазыгысың,
Кешегі  өтіп  кеткен  әкеге  үқса.
Шорманнан  туган  екен  тәрт  асыл  тас

Дәуірлеп  орнап  отыр  мал  менен  бас.
Мүстапа,  Әужан,  Иса,  Мүса  мырза,
Ыгыңды  паналаган  дос  пенен  қас.
Атың  Мүса  болганда,  әкең -   Шорман,
Артық  қылса  әркімді  тәңірім  қылган.
Өзің  сүлтан  болганда,  інің -   болыс,
Егіз  болып  бар  ма  екен  сендей  туган.
Сіз  шыққан  аргы  атаңнан  шынжыр  балақ, 
Орнаган  Сізге  бақыт  аямай-ақ.
Мүсеке,  сізге  өтірік,  маган  шын,
Тай-қүнан  топтан  озып  болдым  саяқ.
Мүсеке,  біздің  әнге  кенелерсің,
Әнімді  естігенде  бүлбүл  дерсің.
Ән  салсам  даусымды  кәкке  шырқап,
Бүл  үйдің  сындырады  терезесін.

25
Аитса  айтқандай,  Мүса  Шорманүлы  ой-өрісі  кең,  жатпай-түрмай 
елінің  қамын  ойлаған,  орыс  әкімдерімен  тең  дәрежеде  именбей,  қазақ 
халқының  атынан  сөйлесе  білген  қоғам  қайраткері  болған.  Баянауыл- 
дың  аға  сүлтаны  боп  сайланды.  Мүса  мырза  атанды.  Атақты  күйші 
Тәттімбеттің  «Бес  төре»  деген  күйі  бар.  Төрелер  болғанда  «қарадан 
шығып  хан  атанған»  Қүнанбайға,  Ыбырайға,  Ерденге  арналған  ішінде 
Мүса  мен  Шыңғыс  та  бар  [10].
Мүса  мырза  қазақ  өмірін,  түрмысын,  салт-санасын  өте  жақсы 
білген.  Этнография,  тарих  саласында  көптеген  мақалалар  жазып  қал- 
дырған:  «Павлодар  уезінің  қазақтары  туралы»  (1861),  «Қазақтың  ха- 
лық  дәстүрі»  (1871),  «Батыс  Сібір  қазақтарының  мал  шаруашылығы» 
(1883)  және тағы да  басқа  еңбектер.  Бас  штабтың офицері  А.К.Гейнстің 
айтуынша,  Баянауылға  1865  жылы  келген  оған  Мүса  мырза  саятшы- 
лық,  қойды  күзеу,  соғым  сою,  мал  терісін  өңдеу,  жүнді  түту,  иіру,  жер 
ерекшелігін  ескере  отырып,  қыстау  салу,  жүлдызға  қарап  ауа  райын 
болжау,  көшу-қону  туралы  сүзілтіп  әңгіме  айтып,  іздесе  таппайтын 
мәліметтер  берген  екен.
«Соңғы  қазақ  ханзаданың  үйінде»  деген  мақаласында  Г.Н.Пота- 
нин  Мүса  мырза  туралы  былай  деп  жазады:  «Омбы  шаһарында  ол  та- 
биғатынан  ақылды,  қазақ  өмірін  терең  білетін  адам  болып  саналушы 
еді.  Жарты  ғасырдың шамасында,  Омбы  әкімшілігі дала халқына  ықпал 
жасауда  үш  адамның  ақыл-кеңесін  тыңдады:  дала  дәстүрін  мейілінше 
жетік  білетін  Шыңғыс  сүлтанның,  оның  үлы  Шоқанның,  туысы  Мүса 
Шорманүлының.  Омбы  кеңесінің  архивінен  Шоқан  жинаған  деректер 
мен  Мүсаның  айтуымен  жазылған  қазақтардың  шаруашылығы,  сот 
мәселелері  сияқты  тақырыптағы  нелер  трактаттар  мен  үсыныстарды 
табуға  болар  еді».
Ол  рас.  Шоқан  шығармаларының  ішінде  «Қазақтың  Үлы  жүзін 
басқару  туралы»  деген  Мүса  мырзаның  да  қолының  үшы  тиген  мақала 
бар.  Мақалада  Қоқан  хандығының  ықпалын  азайтып,  Үлы  жүздің  жа- 
лайыр,  дулат  руларының  түрмыс-салтының  қаймағын  бүзбай,  жайы- 
лымдарына  қол  сүқпай,  тарылтпай  өздеріне  сүйене  отырып  билеу  ке- 
ректігі  айтылады.  Әскери  үкіметтен  гөрі,  азаматтық  билікке  қарай 
көшіру  үсынылады.  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  Г.К.Гасфорттың 
атынан  жазылған  бүл  қағазға  1856  жылдың  23-қазанында  ІІ-Александр 
император  былай деп  қарындашпен  бүрыштама  соғады:  «Әскери  үкімет 
туралы  үсыныс  маған  қалдырылып,  азаматтық  басқару  жайлы  үсыныс 
Сібір  комитетінің  талқысына  берілсін».

26
Мұса  мырзаның  тепкен  тасы  үнемі  өрге  домалай  бермеген.  Әсіре- 
се,  Сібірде  бармағын  майға  малып  байыған  неміс  билеушілері,  Сібір 
облысы  қазақтарының  соғыс  губернаторы  Г.К.  Фридрихс,  оның  кең- 
сесін  басқарушы -   Г.К.Кури,  Сібірдің  жеке  корпусының  штаб  бас- 
тығы -   А.С.Кроериус  т.с.с.  Мүса  мен  Шыңғысқа,  Шоқанға  оң  көзімен 
қарамаған.  Шоқан  генерал-губернатор  Г.К.Гасфорттың  кетуіне  орай 
1864  жылы  24-наурызда  К.К.  Гутковскийге  жазған  хатында:  «Бәрі  жаңа 
тәртіпті  күтуде  және  басқарушының  жоқтығын  пайдаланып  жатыр. 
Көзді  бақырайтып  қойып  пара  алуда.  Бүгін  қызметтен  босатса,  ертеңіне 
ақшаның  күшімен  бүрынғы  жарлық  өзгертіле  салынады.  Менің  әкем 
Омбыға  келуден  қалды.  Мүса  мырза  жарға  соғылған  шабақтай  кімге 
жақындарын  білмей  ж үр»,-  дейді.
1860  жылы  1-маусымда  Лондонда  шыққан  А.И.Герценнің  «Коло- 
кол»  газетінің  72  парағында  қызық  мәлімет  берілген:  «ІІ-Александр 
таққа  отыруына  байланысты  келген  әртүрлі  халықтар  өкілі  ішінде -  
Батыс  Сібірден  келген  ақылды,  әр  нәрсені  жеңіл  аңғарғыш  адам -  Мүса 
Шорманүлы  атты  қазақ  та  бар  еді.  Москвада  жүргенде  қызықты  әңгіме 
айтып,  коғамды  қарық қылған жас  неміс  жігітін  көріп:  «Ақылды  немісті 
көріп  түрғаным  осы», -   деп  мақтау  сөз  айтқан  екен.  Ауыздан  шығып 
кеткен  осы  сөз  Сібірде  немістің  іскер  сирек  кездесетіндігінің  айғағы 
сияқты»,-  деп  қорытады  газет.
Жиені  Шоқанды  мейілінше  жақсы  көрген  Мүса  мырза  оның  өсіп 
жетілуіне,  азамат  болуына  үлкен  үлес  қосқан.  Бертін  қартайған  ша- 
ғында  да,  Шоқанның  атын  айтқанда  екі  көзінен  жас  парлап  орыратын- 
дығын  Г.Н.  Потанин  жазады.
Жастардың  оқуына,  білім  алуына  Мүса  мырза  қатты  көңіл  бөлген. 
1881  жылы  желтоқсанның  жетісінде  Ақкелін  елді  мекенінен  Г.Н  Пота- 
нинге  жазған  хатында:  «Көшпелі  гимназия  туралы  ойларыңызды  бір 
жүйеге  келтіремін  деген  ниетіңізді  қүптай  отырып,  Сізден  сүрайтыны- 
мыз:  сол  жазғандарыңызды  бізге  жіберсеңіз  екен.  Өйтпеген  күнде  хал- 
қы  надандықтан  азып  барады» -   деп  түйеді.
1884  жылдың  26  желтоқсанында  алпыс  алты  жасында  Омбы  қала- 
сында  Мүса  мырза  Шорманүлы  дүние  салады.  Ақан  сері:
«Қаржаста  Шорманулы  асты  Мүса, 
Бақ-дәулет  сондай-ақ  қой  дүние  жиса. 
Омбының  қаласында  опат  болды 
Ғажап  емес  жігіттер,  тәңірім  қылса»,  -
деп  өкінсе,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев:

27
«Муса  бала  атанып,
Он  үште  орын  сайлаган.
Бас  қосылса  жиында 
Бүлбүлдай  болып  сайраган.
Бүлақтай  агып  қайнаган,
Сөйлеген  шақта  көздері 
Шамшырақтай  жайнаган.
Дүниеден  қашан  өткенше 
Басынан  багы  таймаган.
Көп  мақсүты  бар  еді 
Халқы  үшін  ойлаган.
Баяны  жоқ  сүм  дүние,
Кімдерге  опа  ойлаган»,
  -
деп күңіренеді,  азалы  халықтың ойындағысын  айтады,  көңілін білдіреді.
5.  Ж А К С Ы Д А Н   Ғ И Б Р А Т  
(Сәдуаңас  Ш орманов)
Шорманов  Сәдуақас  Мүсаүлы -  алғашқы  қазақ  зиялыларының  бірі. 
Қазақ  қолжазбалары,  оқу  ағарту,  шаруашылық  туралы  және  Шоқан 
Уәлихановтың  портреті  жайында  Г.Н.  Потанинге  жазған  хаттары  сақ- 
талған.
Сәдуақас  Шорманов  қазақ  қолжазбаларын  жинаушы,  солардың 
ішінде  Абай  өлеңдерінің  қолжазбасын  П.М.  Мелиоранскийге  тапсыр-

28
ған.  Оның  «Дала  уалаятының  газетінде»,  «Айқапта»  қазақ  елінщ  ша- 
руашылығы,  оқу  ағарту,  мәдениет,  тарих,  этнография  туралы  мақала- 
лары  басылған  [11].
Бүгінгі  таңда  жерлесіміз  Ү.Сүбханбердинаның  үзақ  жылғы  ізде- 
нушілік  жүмыстарының  арқасында  1989-1996-жылдар  аралығында  бас- 
падан  шыққан  «Дала  уалаятының  газеті»  кітабының  бес  томдығымен 
таныс  емес  оқырмандар  кемде-кем  болар.  Оның  шығу  тарихына  қысқа- 
ша  тоқталып  өтейік.
«Дала  уалаятының  газеті»  1888  жылдан  1902  жылға  дейін  Омбыда 
шығып  түрған  «Акмолинские  областные  ведомости»  газетіне  қосымша 
ретінде  орыс  және  қазақ  тілдерінде  жарық  көрген.  Бүл  газет  халқымыз- 
дың  әдебиеті  мен  мәдениетін,  түрмыс-тіршілігін  қалың  жүртқа  таныту- 
дағы  бірден-бір  басылым  болды.  Ол  аптасына  бір  рет  шығып  түрған. 
Газеттің  соңғы  саны  1902  жылдың  наурыз  айында  басылып,  содан  кейін 
«Сельскохозяйственный  листокқа»  айналған.  Газетте  әр  жылдары  ре- 
дактор  болғандар  И.Козлов,  К.Михаилов,  Г.Абаза,  А.Панов,  Д.Лавров 
газетті  қазақша  шығару  ісін  басқарушылар:  Ешмүхамед  Абылайханов, 
Дінмүхамет  Сүлтанғазин,  Рахымжан  Дүйсенбаевтар  болды.
Төл  тарихымызды  танып  түсінуге  себін  тигізетін  түпнүсқа  еңбек- 
тердің  ішінде  Дала  уалаяты  газетінің  алар  орны  ерекше.  Осы  газетпен 
хат  алысып,  мақалаларын  жариялап,  араласып  жүмыс  істеген  есімі 
белгісіз  қаншама  азаматтарымыздың  атын  жаңғыртуға  болады.  Мәсе- 
лен,  Асылқожа  Қүрманбаев,  Отыншы  Әлжанов,  Сәдуақас  Мүсаүлы 
Шорманов,  Мейрам  Жанайдаров,  Қорабай  Жапанов,  Барлыбек  Сырт- 
танов,  Жақып  Ақпаев,  Зүқарнайым  Шөкеүлы  Нүралыханов,  Жағыпар 
Айман  және  т.б. 
;  " ' 
-  ^  ;
Осылардың  ішінде  Баянауылдағы  тілшілердің  бірі  Сәдуақас  Мүса- 
үлы  Шорманов.  Бүл  газетке  жарияланған  С.Шормановтың  мақала  ха- 
барларында  қазақ  елінің  шаруашылығы,  оқу-ағарту  ісі,  мәдени  өмірі, 
әдет-ғүрпы,  салт-санасы  туралы  мағлүматтар  аз  емес.  Мәселен,  оның 
газет  беттерінде  «Баянауылдан.  Түрмыс  жайында  болған  хабарлар» 
[12],  «Қазақ  халқының  түрақты  мекендері»  [13],  «Петерборға  барған 
турасынан»  [14]  деген  мақалалары  жарияланған.  С.Шорманов  алғашқы 
«Баянауылдан.  Түрмыс  жайында  болған  хабарларында»:  «Дәулетті 
айтылмыш  орындарға  бекер  жібергенше  Томскідегі  ашылған  медресе- 
де  оқуға  екі-үш  жігітке  қаражат  шығарып,  орын  ашылса,  Омскідегі 
гимназияда  ғылым  бітіргендерден  барып  оқып  шығуға  халыққа да,  пра- 
вительствоға  да  көмек,  зор  пайда  тигізуге  себепші  болар  еді.  Біздер

29
керек  қылмасақ та  замана  керек  қылғандай  оңданады.  Заманның  мұны- 
сына  қарауға  тиістіміз.
Мырзалар,  ілгері  айтылмыш  медреселерде  оқудың  жөніне  келме- 
гендеріміз  аз  да  болса  шариғат  низам.  Ол  рәсім  халықтан  білуге  ғиб- 
рат  ету  лайық.  Мәзкәрларни  фил-жұмыла  білсек,  өзімізге  һәм,  хал- 
қымызға да пайда тигізуге  мына себепті  болармыз.  Болысынай  ол  билік 
не  атақтан,  санасақ  ғадетлі.  Ғылым,  білім  дегенді  қоссақ,  онан  гөрі 
атақтырақ  болармыз.  Фаһимменен  пікір  айтып  қарағанда  білімді, 
ғылымды  болғанымыз  бек  керек», — деп  оқу-білім  туралы  мәселелерді 
қозғайды.
Ал  екінші  бір  «Қазақ  халқының  тұрақ  мекендері»  деген  материа- 
лында  автор:  «Бұ  кұнгі  қазақ  халқының үш түрлі  мекені  болады.  Жай- 
лау,  күзеу  һәм  қыстау.  Жайлау -   жаз  күндерінде,  мамыр  айының  ба- 
сынан  шілденің  жиырмасына  дейін  көшіп  жүретұғын  мекен.  Бү  ме- 
кендер  баршаға  бірдей,  біреуге  меншікті  болмайды.  Бүрынғы  уақыт- 
тарда  наурыз  басынан  желтоқсанда  ауылына  қатар  көшіп  жүреді  екен. 
Бұ  заманда  неше  себептен  одан  аз  жүре  бастады.  Оған  басты  себеп- 
тер  мыналар:  халықтарының  өсуінен  қысқы  мекендеріне  сыймаған- 
дар  жайлауларға  қыстау  салып  һәм  границаны  сылтау  қылып  бағзы 
елдер,  ілгері  ғасырларша  еркімен  жүргізбей  кейбір  жерлерге  қала  са- 
лынып,  онан  қаймығып,  біртүрлі  теңсіздік  болған.  Жаһұдтарын  және 
де  пішендік,  егіндерді  қыстау  тарапында  болғандықтан  шілденің  20- 
нан  былай  күзеулеріне  қайтаты н  болды.  Бүл  күзеу  деген  мекен 
әркімнің  меншігі.  Үзақ  болады.  Тамыз,  қыркүйек  айларында  отыра- 
ды.  Қыстаудан  үзақ  жерлерде  болмайды.  Ең  алыс  болғаны  10-20  ша- 
қырымдай  болады.  «Шаруа  көшсе,  дұрыс  көшсе  байыпты»  деген  ма- 
қал  бар.  Ол  уақыттарда  қыстау  да  меншікті  болмай,  қыс  күндерінде 
қары жүқа, мал өзіменен жеткілікті болып, өнімін таба алғандай бүталы 
тау  кез  болса,  малының  жайына  қыстау  қылады  екен.  Бү  дәуірлерде 
өзенді,  қопалы  көл  сияқты  ағашты  барып,  сол  жерлерін  артық  көріп 
барады», -   деп  жазады.
Мұнда  автор  көшпелі  қазақ  халқының  тұрақты  мекендері  жайлы 
айтады және  қазақ жерінің тарыла бастағанын, түрмысы,  жайлау,  күзеу, 
қыстау  туралы  мәліметтер  береді.
Ал,  соңғы  материал  «Петерборға  барған  турасынан»  деген  мақа- 
ласында  Нүрекенов  Темірғалидың  жолсапар  әңгімесінде  депутаттар- 
мен  бірге  Петербургке  барған  кезінде  көрген-білгендері  айтылған.  Со- 
ңында  Петербор  туралы  автордың  өз  ой-пікірі  жазылған.

30
С.Шорманов  қатысқан  екінші  бір  «Айқап»  журналы  XX  ғасырдың 
бас  кезінде,  яғни  1911  жылдың  қаңтарынан  бастап,  1915  жылдың  қыр- 
күйек  айына  дейін  Троицк  қаласындағы  «Энергия»  баспаханасында 
шығып  түрған.  Араб  әрпімен  теріліп,  басында  айына  бір  рет,  кейін  екі 
рет  шығарылған.  «Айқап»  журналы  кезінде  халқымыздың  әлеуметтік, 
саяси  өмірінде,  әдебиетіміз  бен  мәдениетімізді  насихаттап  таратуда 
елеулі  рөл  атқарған  басылым.  Журналдың  шығарушысы  да,  редакто- 
ры  да  белгілі  жазушы,  журналист  М.Сералин  болған.
«Айқап»  журналы  осылай  аталуының  себебі  мен  алдағы  мақсаты 
туралы  1911  жылғы  ІІ-санында  бастырушылар  алқасының  атынан  бы- 
лайша  түсінік  береді:  «Айқап»  деген  сөз  қазақтың  төл  сөзі,  ол  ғасыр 
бойы  мәдениеттен,  білімнен кенже қалған бүкіл  қазақ халқынын өкініші 
ретінде  алынды.  «Ай-қап!»  деп  санымызды  соктық,  енді  ел  қатарына 
қосылайық  деген  үнді  білдіреді.
Бір  сөзбен  айтсақ,  «Айқап»  журналы  шаруашылық  мәселесі,  ша- 
руашылық хабарлары, мемлекет және право, сайлау хабары, әйел теңдігі 
туралы,  жер,  оқу-ағарту,  тіл  мен  әдебиет,  көркем  әдебиет,  оқу-оқыту 
және  емле,  ішкі-сыртқы  хабарлар,  бостандық,  теңдік  сияқты  басқа  да 
маңызды  деген  мәселелерді  қара  халыққа  таныстыруға  тырысты.
Бүл  журналда  Сәдуақас  Шормановтың  да  «Шаруашылық  жайы- 
нан  хабарлар»  деген  айдар  бойынша  біраз  мақала,  хабарлары  жария- 
ланды.  Мәселен,  «Баянауыл  жайы»  [15]  мақаласында  Павлодар  уезі, 
Баянауыл  жерінің  халқы,  шаруашылығы,  оқу-ағарту  мәселесі  сөз  бо- 
лады.  С.Шормановтың келесі  бір  еңбектері  «Баянауылдан»  [16],  «Шөлді 
сулау»  [17]  деп  аталады.  Алғашқысында  елдің  түрмыс-халі,  шаруа- 
шылығы  туралы  жазылса,  соңғысында  Ферғана  маңындағы  сусыз  жер- 
лерге  арық  қазып,  суландырып,  мақта  егісіне  пайдаланғаны  мысалға 
келтіріліп,  қазақтың  шөлді  жерлерін  пайдалану  мәселесі  көтерілген.
Сондай-ақ  оның  журнал  беттерінде  «Ішкі  хабарлар»  айдарымен 
де  біраз  материалдары  басылған.  Осылардың  бірі  «Баянауыл  жайынан» 
деп  аталады.  Мүнда  жер,  отырықшылық,  оку-ағарту  мәселелері  сөз 
болады.  Автор  осы  мақаласында  жер  мәселесі  туралы:  «Павлодар  уезі 
бүрын  екі  учаскеге  бөлініп,  бірінші  учаскесі  уақ,  бәсентиін,  найман 
елдері  еді.  Кейбіреулері  бүрыннан  екі  жақ,  арнасында,  Баянауыл  стан- 
циясы  маңайындағы  бүрынғы  екінші  учаске  аталған  Мейрамсопы  ба- 
лаларының  бірі  Сүйіндік  елі  бүл  жолы  бесінші  учаске  аталып  қалды», -  
деп  жазса,  ал  отырықшылық  туралы:  «Бүл  елдердің  қыс  болса  Баянау- 
ыл,  Далба  тауларында  қыстап,  жаз  болса  Ащы,  Шідерті,  Өлеңті  басып,

Аюлы,  Нияз,  Ереймен  тауларынан  асып,  Есіл  өзенін  жайлап,  сол  тау- 
лардың  қүбыла  жағына  биелерін  байлап,  дүние-ақиреттен  хабарсыз 
көшіп-қонып  жүргеніне  үзақ  уақыт  озған  жоқ.  Көшіп  жүру  қанына, 
жанына  сіңіп  қалған  жүрт  қанша  көшіп-қонуды  қалдырайын  десе  де 
қалу  белгілері  көріне  бастады.  Жерлері  отырықшылыққа үнамсыз  болса 
да  отырмай  шара  жоқ  деп  ойлаушылардан  қала  болып  отыруға  арыз 
бергендер  де  болды.  Қазақтың  қимайтыны  көкорай  шалғын,  түнық  су 
еді.  Енді  оларды  түсінде  көрмесе,  өңінде  көру  мерзімі  озған.  Жасаған 
бау-бақшаны  көруге жазсын.  Тарих  кітаптарына коз салынса көрінбейді, 
жүрт  өспек,  жер  тарылмақ,  қыстақ  салмақ,  сонан  соң  қала  Шәһар  бол- 
мақ.  Бізге  де  осы  қүдайдың  бүйрығына  бойсүнып,  көшпенділікті  тас- 
тап,  отырықшы  болу  мезгілі  жеткен  жоқ  па?!
Отырықшы  жүрттардың  тіршілігіне  қарасақ,  олар  бізден  әлде- 
неше  қабат  жоғары.  Енді  біздің  отырыкшылықтан  бүл  қорқуымыз, 
өнерден-білімнен  қорқу  болмай  ма?!», -   дей  келе  Сәдуақас  Шорма- 
нов  одан  әрі  оқу  туралы:  «Біздің  кейбір  ескі  ойлы  адамдарымыз  төте 
оқудан  қорқады.  Бір  шәһарға  екі  жол  болса,  қай  төтесімен  барамыз. 
Бүл  үйрену  жолы  да  «білім»  жеріне  баратүғын  жолдар.  Не  үшін  төте- 
сімен  бармаймыз», -   деп  жазады  да  одан  әрі:  «Бір  қазақ  мырзасына 
айттым:  «Мына  қазақша  журнал  шықты.  Жүрт  пайдасын  ойлағандар 
сіз  бен  біз  оқып,  білімді  болсын,  жақсы  іске  кіріссін  дейді.  Біз  екі-үш 
теңгені  ауырлаймыз,  бір  оліп  қалған  малдың  терісі.  Олар  біз  үшін, 
жүрт үшін  барлық байлығын  салады.  Бізге  оның қадірін  біліп, жәрдем- 
дес  дейді  емес  пе? -   деп.  Бүл  мырза  озі  сайлау  жолына  20-30  мың 
жүмсаған  еді.  Ол  маған  «Ақша  жоқ  қой,  болса,  сіз  айтқан  соң  аяймыз 
ба?» -   деп  жауап  берді.  Міне,  партия  үшін  отыз  мың  ауыр  емес,  жур- 
нал  үшін  үш  теңге  үлкен  ауыр.  Міне,  қандай  біздерді  қаптап  түрған 
қараңғылық»  деп  өз  басынан  әткен  оқиғаны  да  баяндайды.

32
6.  Ж Е Р   К О И Н А У Ы Н Ы Ң   Б І Л Г І Р Л Е Р І
(Крсым  Пішенбаев  пен  Бүңарбай  Тәшімовтер)  [18]
Басылым  атаулы  қанша  ескі  дегенмен  бетін  бүрын  ашпаған  адамға 
бір  ғасырдан  кейін  де  «жаңа»  болып  көрінеді  екен.  Ескі  журналдардың 
бірі -   «Геолологические  исследования  и  разведочные  работы  по  ли- 
нии  Сибирской  железной  дороги»  басылымының  1898  жылғы  9-шы 
санында  А.Мейстер  деген  инженердің  «Екібастүз  көмір  кені»  деген 
еңбегі  басылыпты.  А.Мейстер -   қүрылысы  сол  кезде  Омбы  төңірегін- 
де  жүріп  жатқан  Сібір  темір  жолының  бас  геологы.  Ол  кезде  бүл  қүры- 
лыстың  геологтары  болашақ  темір  жолмен  зымырайтын  поездар  паро- 
возына  отын  іздеп  шартарапты  шарлап  жүреді  екен.  Ал  Мейстердің 
өзі  осы  мақсатпен  1895  жылы  Екібастүзға  келіпті.  «Қосым  разносы -  
Артем  шахтасының  солтүстік  батыс  жағында  135  сажень  ж е р д е -   өте 
кең  түрде  қазылған  болатын  және  қалың  пластаның  барлығы  осы  жер- 
де дәлелденіп  еді.  Мүны  қазған  уақытта,  әуелі  оңтүстік -  батысқа қарай 
қүлай  біткен  қоқысқа  кездеседі:  алайда  тек  Қосымның  табандылығы- 
ның  арқасында  ғана  қоқыстан  өтіп,  нағыз  көмірге  кездескен.  Осыдан 
кейін  барып,  Артем  және  басқа  шахталардың  беті  ашыла  бастаған». 
Біз  келтірген  жолдар  мақалада  «Қосым  разносы»  деген  тақырыппен 
жеке  берілген  екен  де,  осы  беттің  аяғында  «Оны  қазған  Қосымның  есі- 
мімен  осылай  аталған»  деген  түсіндірмесі  де  бар.
«Золотопромыш ленность  и  горное  дело»  хабарш ысының  1900 
жылғы  10-шы  санында  Екібастүз  кен  орнының  А.Мейстер  сызған  сыз- 
банүсқасының  жобасы  келтірілген.  Онда 
 
Екібастүз  көлі,  және 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал