Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



жүктеу 4.75 Mb.

бет16/33
Дата08.01.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

тын  ғана  көріп,  соған  қарсы  үн  қатса,  бүл  жерде  оқу-білім  тарататын 
демократтық  бағыттағы  Ресейді  көріп  отыр.  Көзқарасының өзгеруі  сірә, 
Мәшһүрдің  осы  жылдары  орыс  демократтарымен  көптеп  араласуы- 
нан  болса  керек.  Өзі  діни  білім  алса  да,  татар  молдаларының  қазақ  да- 
ласына  тарататын  жалған  үлгі-насихатына  қарсы  шықты.
Мәшһүр  Жүсіп  татар  молдаларының  таратып  жүрген  білімдері 
қазақ  топырағына  лайықты  емес,  күні  өткен  ескі  оқу  үлгісі  деп  түжыр- 
ымдайды.  Соған  байланысты  қазақ жерінде  жаңа бағдарламамен  оқыта- 
тын  медреселер  ашу  керек.  Әрі  бүл  медреселерге  үстаздарды  қашып 
жүрген  ноғай  молдаларының  арасынан  емес,  жаңа  оқу  негіздерімен 
оқытатын  молдалар  арасынан  іздеу  керек.  Мөшһүр  Жүсіп  орысша 
оқыту  керектігін  күн  тәртібіне  қойды.  Себебі,  заман  өзгерді.  Жаңа  за- 
манға  жаңаша  ойлайтын,  жаңа  ғылым-біліммен  ойлайтын  адамдар  ке- 
рек.  Сондықтан  да  қазақ  өз  балаларын  жаңаша  үлгімен  оқытатын  мек- 
тепке  беру  керектігін  айтады.

Мәшһүр  Жүсіп  бүл 
мақаласында  қазақ 
жүртынын  арасында  мүсыл- 
ман  дінінін 
толық 
негізінде  таралмаганын  айтады.  Қазақ  ораза  үстап, 
иамаз  окымайды.  Соған 
қарамастан 
өздерін-ездері  мүсылмандык  жо- 
лын  үстаймыз  дел  сендіретіндігін  айтады.  Бүл  жерде  Мәшһүр  Жүсіп 
мүсылмаи  дінінін торбие,  жаксы  үлгі  берер  жактарын 
коріп 
отыр.  Дін -  
жаксы  үлгіні, адамгершілік 
пен 
өділеттікті  насихаттайды. Осы үлгі  казак
арасына  таралу  керек,
Қазак  қүдайға,  мүсылман  дініне  онша  сене  бермейді.  Дін  көп  та-
ралмағандықтан  да  казак  дінді  окыту  жагдайын  біле  бермейді.  Мүсыл- 
ман  дінін  үйренуге  ьікыластанғанымен  үйрететін  үстаздары  аз.  Ілгері- 
де  айтылган  шала  сауатты  татар  молдалары  осыны  пайдаланып,  казак- 
ты  алдап-арбайды.  Сол  молдалар  окыткан  шөкірттерін  де  шала  сауат- 
ты  етіп  шығарады.  Шег  жүрттан  кашып  келіп  паналағандар  казакты 
былай  деп  өтірік  мақтайды:  «Ноғайдан  келді,  казактын  өзін  мақтады, 
өзгенін  бәрін  жаманға  қойды.  Сарттан  келді,  ол  да  осыны  айтты.  Со- 
нан  соң  бүл  казак  ойлады:  біз  болған  екенбіз,  жетілгеи  екенбіз.  Дүние 
де  бізде  екен.  Әулиелік  те  бізде  екен.  Дүниеде  не  жаксылык,  бәрі  бізде 
екен  деп.  Дөнеңені  ксрек  қылмайтын  мүңсыз  болды.  Қүдай  озі  бізден 
аямаған  дәнеңесі  жоқ  екен.  Осы  келіп  жүргеннің  бврі  судырап-суды- 
рап  түрған  мол  ғой,  әулиелікке  жеткен  ойшылдар  ғой.  Қүдай  жаман 
болса,  сонша  жерден  осындай  жаксы  жетілген  кісілер  неге  келеді? 
Дүниеде  төрт  түлік  малдан  асқан  қүдай  жараткан 
жоқ 
екен,  казақтай 
асыл  жүртты  жасаған 
жоқ 
екен  деп,  Сарыарқадай  жер  кайда  барсаң 
жоқ  екен.  Қыс  болса  халқының  казы-қартасындай  тамақ  қайда,  жаз 
болса  қымыздан  артық  шарап  қайда  деп  шалқасынан  түсіп  жаттык  да
қалдық».  [100}
Келімсектердің  келген  мақсаты  біреу:  қазак  жерінің  кеңдігін  пай- 
даланып,  үкіметтен  жасырыну,  жергілікті  халыкқа  қалайша  сіңіп  кету
керек?
Көзге  түсіп  қалмау  үшін  молдалардың  атын  жамылып,  үстаздық 
етуге  тырысқан.  Қазақтардың  аңқаулығы  сонша,  айтылғандардың 
бөріне  сеніп  калады.  Қашкындарды  қатты  қүрметтеп,  олардан  дәріс 
алады.  Одан  келімсектер  екі  түрлі  пайда  көреді.  Әрі  молдалык  жүмыс 
үкімет  қүрығынан  қүтылуға  көмектессе,  өрі  бала  окыттым  деген  сыл- 
таумен  қараңғы  халыктан  пайда  т ү сір ед і.  Олардан  дөр іс  алған 
шөкірттер  сауатты  білім  ала  алмаса  да  қараңғы  қазақ  оларды  күрақ 
үшып  қарсы  алып,  қүрмет  түтады.  Молдасымақтар  алдағанымен  қой- 
май,  елді  теріс  жолға  үгіттейді.  Олар  орыс  мектептерінің  оқыту  үлгісін

170
жамандап,  соған  балаларды  оқытпау  керектігін  айтып,  бар  жанын  сала 
теріс  жолға  бастайды. 

Мәшһүр  Жүсіп  осы  бір  теріс  қүбылысты  көре  біліп,  жалған  молда- 
ларды  қазақ  арасынан  қуу  керектігін  айтады.  «Айқап»  журналы  арқы- 
лы  оқырмандарға  мүсылман  дінін  көркейту туралы  үран тастайды.  Пат- 
ша  дінге  бостандық  берді.  Енді  осы  мүсыяман  дінін  қазақ  арасына 
тарату  арқылы  елді  дүрыс  жолға  бағыттайды.  Адамдар  арасындағы 
сыйластық  қарым-қатынасты  қалпына  келтіріп,  адамгершілік  пен 
әділдікті  насихаттау  керектігін  баса  айтады.  Мақала  үгіт-насихат 
үлгісімен  жазылған. 
?
«Дала  уалаяты  газетінің»  1890  жылғы  18  санында  М.Ж.Көпеевтің 
«Ғажайып  бір  қүс  заманымызда»  атты  мақаласы  жарық  көрген.  Бүл 
мақалада  қазақ  халқының  аңшылық  кәсібі  туралы  баяндалған.  Аңшы- 
лық  өнер  қүралы 1   бүркіт.  Қазақтардың  бүркітті  қолда  үстауы,  бап- 
тауы  жайында  қызықты  мәліметтер  келтірілген.  Жәрмеңкелерде  қазақ 
бүркіті  көрушілерді  алып  түлғасымен  таңдандырады.  Басқа  мақалала- 
рынан  ерекшелігі -   оқиға  нақты  фактіге  қүрылған.  Мақаланы  Павло- 
дар  уезі,  Ақкелін  еліндегі  Т.М.Шормановтың  бүркіті  жайында  бастай 
отырып,  аңшылық  өнердің  қырларына  бойлап  кетеді.  Аңшылық  тек 
өнер  емес,  кәсіп,  табыс  көзі.  Егер  бүркіт  алған  аңдарды  жәрмеңкеде 
өтк ізіп ,  көпестерге  түрақты  сатып  отырса,  қазаққа  біраз  пайда 
түсетіндігін  айтады.  Алайда,  «...оның  бүл  пайдасынан  бөлек  алған 
қызықтығы,  мехнат  иә  машақатын  таза  біле  түрып,  біздің  қазақ  халқы 
бүркітті  пайда  үшін  салмайды,  қызығына  қүмарланып,  сол  үшін  ма- 
шық  қылып  үстайды»  [101].
М.Ж.Көпеев  мақаласында  бүркіт  үстау  қазақтың  ежелден  келе 
жатқан  аңшылық  өнері,  дәстүрлерінің  бірі  екендігін,  оны  жалғастыру 
қажеттігін  айтады.  Бүл  мақала  ата  кәсіпті  жойып  алмай  жалғастыру 
қажеттігіне  үндейтіндігімен  қүнды.
«Дала  уалаяты  газетінің»  1890  жылғы  14  санында  жариаланған 
«Жақсы  молда»  атты  мақаласында  М.Ж.Көпеев  қазақтың  ел  билеу 
тәсілі,  молдалары  жайында  жазады.  Халыққа  үлгі  көрсететін  билеуші- 
лер  қандай  болу  керек?  «Егер  билеп  түрған  үлық  жақсы  жолда  болса, 
халық  та  соған  еліктеп  жақсылыққа  тырысады.  Егер  үлық  жаман  бол- 
са,  халық  һәм  жамандыққа  айнала  береді.  Халық  басшысынан  ғибрат
алады», -   дейді  [102].
Мәшһүр  Жүсіптің  мақалада  айтпақ  негізгі  ойы -   халықтың  жақ- 
сы,  жаман  болуы  елді  басқарып  түрған  үлықтарға  байланыстылығы.

Бүл  макалалағы  сол  ксздсгі  билеу  жүйесін  талдап  көрссткен  пікірлер 
жок.  Мақалада  жалпылама  деректер  ғана  бсрілгсн.  Әдетте,  Мөшһүр 
Жүсіп  макалаларында  айтпак  болған  қүбылыстар  мен  оқиғаларға өзініц 
катысы  анғарылатын  жөнс  корытынды  түжырым  жасалатын.
Ал,  «Жақсы  молда»  атты  макалада  нс  молдалар,  нс  үлыктар  жайын- 
да  толык  мөліметтер  жок.  Макаланың  такырыбы  «Жаксы  молда»  деп 
қойылғанмен,  оқыған  кезде  оның  мазмүнына  сәйкес  смсстігін  аңғара- 
сыз.  Соған  қарамастан  «Дала  уалаяты  газстіндс»  жарык  көрген  матсри- 
алдарында  халыктың  шсшсндік  сөздері,  фольклор  үлгілсрінен  мол 
мәлімсттер  келтірілген.  Осы  газеттсгі  мақала,  өлендср  М.Ж.Көпеевтің 
халык  ауыз  әдсбиетін  жинаумен  шүғылданған  кезеңіне  сөйксс  келеді.
5.  К Д Р А Ң Ғ Ы   Ң А З А К ,   К Ө Г І Н Е ,  
Ө Р М Е Л Е П   Ш Ы Ғ Ы П   К Ү Н   Б О Л Ғ А Н
(Сүлтанмахмүт  Торайгыров)
«Зор  ақылды,  талантты,  өмірбаяны  өте  қызық  жазушы»  [103] 
Сүлтанмахмүт  Торайғыров  1893  жылы,  29  қазан  күні  қазіргі  Көкше- 
тау  облысының  Қызылту  ауданында  туып,  4 -5   жасынан  Павлодар  об- 
лысының  Баянауыл  ауданында  өседі.  Осы  арада  ақынның  туған  жері 
туралы  әлі  күнге  дейін  екіүшты  пікір  айтылып  келе  жатқандығын  еске 
сала  кеткіміз  келеді.  Мәселен,  белгілі  зерттеуші,  жазушы  Қ.Исабаев: 
«Бүрынғы  Омбы  уезіне  карасты  Шағырай  болысы  сол  кездегі  Семей 
губерниясы  Кереку  уезінің  жайлауы  болатын.  Сүлтанмахмүт  жайлау-

дан  күзеуге,  яғни  Баянауылға  көшейін  деп  жатқанда  туған,  сондықтан 
оған  дау  болмауға  тиіс», -   дейді  [104].
Сүлтанмахмүттың  хат  танып,  көңіл  сарайының  ашылуына  ең  ал- 
дымен  әкесі  Шоқпыт  себепші  болады.  Өйткені,  ол  қазақша  қара  тани- 
тын  көзі  ашық  адам  болған.  Баласын  алты  жастан  бастап  өзі  оқытып, 
қашан  молданың  алдына  барғанша  бар  білгенін  үйретуге  тырысады. 
Сөйтіп,  ақын  1902-1903  жылдары  Әлі  деген  молданың,  1904-1905 
жылдары  Торғай  деген  молданың  алдынан  өтеді.  Әсіресе,  бүлардың 
арасынан  Мүқан  молданың  оқыған-тоқығаны  көп,  шәкірттеріне  деген 
сүйіспеншілік,  махаббаты  байқалады.
Осы  Мүқан  молданың  тікелей  әсер  етуімен  С.Торайғыров  та  13 
жасынан  қолына  қалам  алып,  өлең  жаза  бастайды.  Оның  түңғыш  өлеңі 
«Секілді  өмір  қысқа,  жарты  түтам»  деп  аталады.  Ақын:
Лепес  қып  түкірген  соң  молда  Муқан,
Қаламды  шын  беріліп  алдым  берік,
  -
деп  өзінің  ақындыққа  біржолата  бет  бүрғандығын,  енді  білім  іздеумен 
қатар,  қысқа  өмірінде  өлеңді  де  серік  қып  өтетінін  айтады.
Осы  кезден  бастап  Сүлтанмахмүт  өнер-білімге  біржолата  ден  қой- 
ып,  өлең,  әңгіме  жазуға  белсене  кіріседі.  Бүл  кезеңде  ол  «Дін»,  «Сары- 
бас»,  «Соқыр  Сопы»,  «Оқу»,  «Кезек  қашан  келеді»  деген  сияқты  бірта- 
лай  өлеңдерін  :казады.  Оларда  Сүлтанмахмүт  ескі  оқу  мен  жаңа  оқудың 
айырмашылығын,  оқудың,  өнер-білімнің  пайдасы  туралы,  дін,  байлық, 
кедейлік,  еңбек  туралы  әңгіме  етеді.
1912  жыдцың  қараша  айында  С.Торайғыров  Троицк  қаласына  ба- 
рып  оқуға  түседі.  Оқуға  түстім,  енді  бар  арманыма  жетем,  халқыма 
ай  емес,  күн  болам  деп  шаттанған  ақын  «Шәкірт  ойы»  деген  өлеңін 
жазады:
Қараңгы  қазақ  көгіне,
Өрмелеп  шыгып  күн  болам!
Қараңгылықтың  кәгіне,
Күн  болмаганда  кім  болам?
Оның  бүдан  басқа  «Оқудағы  мақсатым  не?»,  «Анау-мынау»,  «Қан- 
дай»,  «Зарлау»  деген  сияқты  бір  топ  көлемді,  мәнді  өлеңдері  де  осы 
кезде  жазылған.  Бүл  өлеңдерінде  ақын  мақсаты  молда  болып,  підия, 
зекет,  бітір  жинау  емес,  тілмаш  болып  жем  табу  емес,  мақсат -   өнер, 
білім  алып,  жарыққа  талпыну,  отанға  пайдалы  азамат  болу  екендігін 
сан  қайталап  еске  салады.

Сүлтанмахмұттың  бүл  медреседе  көп  оқи  алмағаны  белгілі.  Ал- 
дымен  ол  көз  ауруына  ұшырайды  да,  одан  соң  өкпесіне  суық  тигізеді. 
Көзі  жазылған  соң  сол  қала  маңындағы  бір  елге  бала  оқытуға  барады. 
Онда  жүріп  ақын  қолының  бос  уақыттарында  «Арыстан  һәм  тышқан», 
«Екі  тышқан»,  «Көк  өгіз»  сияқты  бірді-екілі  мысал  өлеңмен,  «Бір  ба- 
ланың  тілек  батасы»  деген  жыр  жолдарын  жазады:
Оқыт  бізді,  әкетай,
Қош  көңілім  болсын  жай.
Надандықтан  қутқарып,
Қуанта  гөр,  қудай-ай!..
  —
деп  білім  іздеп  шарқ  үрған  жас  ақын  1913  жылдың  күзінде  Троицк 
қаласына  қайтып  оралады.  Осы  кезінде  Сүлтанмахмүт  қазақ  зиялы- 
ларының бірі -  М.Сералинмен  кездесіп,  оның көмегімен  «Айқап» жур- 
налының  хатшылық  қызметіне  орналасады.  Сөйтіп,  қашан  ол  жүмыс- 
тан  қол  үзгенше,  1914  жылдың  жазына  дейін  көптеген  өлең,  әңгіме, 
мақалаларын  жазып,  өнімді  еңбек  етеді.  Оны  ақынның  «Досыма  хат» 
деген  арнау  өлеңінің  мына  бір  шумақтарынан  көруге  болады:
Бөлініп  ақылым
 — 
алты,  ойым
 -  
онга,
Қол  сермеп,  қүр  жүгіріп,  әрбір  жолга.
Надандықтан  қалсын  деп  жаным  тыныіи,
Редакция  қызметін  алдым  қолга.
Осы  жылға  толар-толмас  «Айқап»  журналының  редакциясында 
қызмет  істеген  уақытында  Сүлтанмахмүт  бір  роман  («Қамар  сүлу»), 
екі  кітап  («Тентектің  жинаған  шоқпары»,  «Тамшы»),  бес-алты  мақала 
және  оннан  астам  өлең  жазған.  Оның  бүл  өлеңдерінің  арасынан  «Ендігі 
беталыс»,  «Айт»,  «Көш»  сияқты  қазақ  халқының  өміріне,  түрмысы 
мен  салт-санасына  арналған  жыр  жолдарына  арнайы  тоқталуға  бола- 
ды.  Мысалы,  ақын  «Ендігі  беталыста»:
Достарым,  оган  іиейін  асықпандар,
Алдыңда  жиі  ататын  жарық  таң  бар.
Тез уақыт  жердің  жүзі  бір  түрге  енер,
Түбінде  замандастар  осымды  аңгар,  -
деп,  қарапайым  халқы  үшін  жақсылық  таңның  ататынын,  оған  көп
уақыт  қалмағанын  айтады.
Ал,  бұған  қарама-карсы  қазақ  халқының  сол  кездегі  кедей  табы-
ның  қиын  өмірін  көрсетуге  арналған  «Айт»  өлеңінде:

174
Жалгыз-ақ  дорба  асынган  кедей  кәріп,
Аіитықтан  өңі  кеткен  беті  де  арып.
Әркімдер  тиын-тебен  беріп  жатыр,
Дегенге:  «Қутты  болсын,  айт  Ш әріп!»,  -  
деп  толғанады. 

#г  ^
«Көш»  өлеңінде  де  Сұлтанмахмұт 
қазвқты ң  
табиғатына  тән  бей-
қамдықты,  жалқаулықты:
Қыстайгы  малдың  б...  қора  сасық,
Қалпында  тазартылмай  қалды  сасып.
Ілдебаймен  «көш  журе  тузелер» — деп,
Қорадан  көшті  қазақ  жабырласып,  -
деп  көрсете  отырып,  көштің  болмысын  былай  деп  суреттейді:
Болганда  туйдек-туйдек  жолдың  шаңы,
Сарсытар  қулагыңды  арба  маңы.
Ит  улып,  сиыр  мөңіреп,  бота  боздап,
Қонганда  арба  шиқ-шиқ  айқай  даңы.
Қаржыдан  қысым  көрген  С.Торайғыров  1914 жылдың жазында  бала 
оқытып,  жағдайын  түзеп  алмақ  үшін  елі  Баянауылға  қайтып  оралады. 
Онда  «Шоң  серіктігі»  деген  мәдени-ағарту  ұйым  ашып,  жастарға:
Мынау  жол,  Шоң  баласы,  адамдыққа!
Сіздерді  бастамайды  жамандыққа.
Кел,  кіріс,  көтеруге  муны  тырыс,
Пайда  жоқ,  қурып  қалгыр  надандықта!
 -
деп  жөн  сілтейді.  Бірақ,  алға  қойған  мақсаты  жүзеге  аспайды.  Сенген 
адамдары  ауыл  байлары  мен  жақсылары  оған  қаражатпен  де,  іспен  де 
көмек  көрсетуге  құлықтары  болмайды.  Содан  Сұлтанмахмүт  сол  1914 
жылдың  күзінде  Семейге  оқу  іздеп  барады.  Алайда,  орысша  оқимын 
ба  деген  ниеті  қаражаты  болмағандықтан  тағы  да  орындалмай  қалады. 
Бұдан  соң  тағдырдың  талқысына  түсіп,  көңілі  қүлазыған  ақын  Қатон- 
қарағай  жағына  бала  оқытуға  кетеді.  Бұл  жөнінде  кезінде  Сұлтанмах- 
мұттың  өзі:  «Қатонқарағайға  кеткенім  ызаға  шыдамадым,  ең  шыны -  
күн  көру  үшін  кеттім:  қолымдағы  қаражатым  Семейде  бір-ақ  ай  түруға 
жететін  болды.  Семей  қанша  айтқанмен  қалалы,  сынды  жер  ғой,  онда 
кем  көрініп жүргенше,  парықсыз  қазақ арасына кетейін деп ойладым», -  
деп  жазған.
Осы  кезден бастап  Сұлтанмахмұт өз ғүмырының екі  жылын  Қатон- 
қарағай  мен  Зайсанда  бала  оқытумен  өткізеді.  Көп  шығармалар  жа-

зады.  Оның  ішінде  басты-басты  дегендері  мыналар:  «Кім  жазықты?», 
өлеңмен  жазған  романы,  «Жаңғырып  Алтай  тауы  саласы нан», 
«Ө м ірдің  у ә д е с і» ,  «Алтын  аяқ»,  «М аңайымнан  әр і  кет»  ж ән е 
сүйіспеншілік,  махаббат  тақырыбына  жазылған  «Жан  қалқа»,  «Гүл»,
«Орамалға»  т.б.  өлеңдері.
Сүлтанмахмүт  1916  жылдың  күзінен  1917  жылдың  көктеміне  дейін 
Томск  қаласында  қысқа  курста  оқып,  білімін  жетілдіреді.  Осы  кезде  ол 
орыстың  классик  ақын,  жазушыларының  таңдаулы  шығармаларымен 
қатар  тарих,  философия,  география  ілімдерімен  де  жақынырақ  таны- 
сады.  Ақын  өмірінің  бүл  түсын:  «...Жүмасына  екі  ғана  обед  (ет  татам), 
қүр  шай  мен  нан.  Киім  алғаным  жоқ.  Киноға,  вечерлерге  бір  мәрте 
болсын  барғаным  жоқ.  Күні-түні  айналдырғаным  ала  қағаздың  беті...- 
Халім  осы.  Сонда  да  қайғырмаймын.  Бір  тиыным  қалғанша  оқимын. 
Сонан  соң  түрмыс  қандай  жүк  салса  да  көтерем.  Бірақ,  көңілім  оқуда 
болмақ...», -   деп  хатқа  түсірген.  Ақынның  өзі  айтып  отырғандай,  шы- 
нында  бүл  кезең  ол  үшін  оқу  мен  білімнің  соңына  шам  алып  түскен 
сәттері  болған  сияқты.  Себебі,  біз  С.Торайғыровтың  1916  жылғы  жаз- 
ған  өлеңдерін  оның  ешбір  еңбектерімен,  шығармаларынан  не  кейін 
табылып  жатқан  мүраларынан  да  кезіктіре  алмадық.  Тек:
Бүгіндегі  жастарга  оқу  міндет,
Тек  қана  оқуменен  өнер  білмек.
Өнер-білім,  адалдық,  ар-намысты,
Жоятын  надандық  қой  емсіз  індет, —
деп  басталатын  «Оқу»  деп  аталатын  үзақ  өлеңі  болмаса.
Ақынның  өмір  жолын,  шығармаларын  алпысыншы  жылдары 
біржақты  зерттеген  ғалым  Ысқақ  Дүйсенбаев  та  (біржақты  зерттеген 
деу  себебіміз  Б.Кенжебаев  өзінің  «Сүлтанмахмүт  Торайғыровты  зерт- 
теу,  тану  мәселесі»  [105]  атты  еңбегінде:  «Ы.Дүйсенбаев  өз  еңбек- 
терінде  Сүлтанмахмүт  Торайғыров  шығармаларына  түтас  жан-жақ- 
ты,  дәл,  терең  әдебиеттік  талдау  жасай  алмады.  Тек  кейбір  шығарма- 
лары  жөнінде  жалаң  түжырым  айтты.  Онысы  көп  ретте  әділ,  ғылыми 
болмады», -   деп  сынады.  Расында,  ақынның  шығармаларыман  таны- 
су,  салыстыру,  зерттеу  барысында  біздер  де  Ы.Дүйсенбаевтың  зерт- 
теулеріндегі  кейбір  кемшіліктерге  көз  жеткізгендей  болдық.  Мыса- 
лы,  ғалым  С.Торайғыров  туралы  бас-аяғы  алты-жеті  мақала  жарияла- 
ған.  Бір  қызығы  осының  барлығы  да  бір-ақ  жүмыс,  яғни,  қазақ  әде- 
биеті  тарихының  екінші  кітабына  арнайы  жазылған  «С.Торайғыров» 
деген  бөлім.  Ал,  автор  болса  мүны  бөліп-бөліп  бірде  «алғы  сөз»,  бірде

«соңғы  сөз»,  бірде  «кіріспе»,  бірде  мақала  етіп,  диссертациясына 
енгізіп,  тіпті  жеке  кітап  етіп  те  шығарған.  Бұл  кезең  туралы  ойын: 
«Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  1916  жыл  бойында  жазған  өлеңдері 
бізге  келіп  жетпеген.  Қазақ  халқының  тарихындағы  зор  оқиғаның  бірі 
қазақ  еңбекш ілерінің  1916  жылғы  әйгілі  көтерілісіне  байланысты 
Сұлтанмахмұт  т әр ізд і  жалынды  ақыннытг үндем ей,  қалыс  қалуы 
мүмкін  емес.  Дегенмен,  ақынның  сол  жылғы  өмір-тіршілігіне  бақсақ, 
ол  өзінің  негізгі  мақсаты -   білім  алуды  жүзеге  асыру  үшін  қаражат 
жинаудың  соңына  түсіп,  уақытының  көбін  бала  оқытумен  өткізгенін 
көреміз.  Демек,  ақын  Тарбағатайдан  Семейге,  одан  Томскіге  жол  са- 
парда,  оқу  іздеу  қамында  көп  жүріп,  өнерпаздық  жүмыспен  шүғыл- 
дануға  жағдайы  бола  бермеген  сияқты», -   деп  түйіндейді  [106].
С.Торайғыров  1917  жылдың  қысында  Ресейде  болып  өткен  бур- 
жуазиялық-демократиялық  төңкерістен  соң  уақытша  үкімет  түсында 
Томбыда  оқып  жүрген  жерінен  ел  ішіне,  Семей  қаласына  келеді.  Онда 
Сүлтанмахмүт  қазақтың  сондағы  алашордашыл  бағыттағы  оқырман- 
дарының  арасына  кіріп,  олардың  қазақ  комитеті  деп  аталатын  үйымы- 
на  кіші  хатшы  болып  қызметке  алынады.  Күні  кешеге  дейін  «үлтшыл» 
деген  «күнәдан»  арыла  алмай  келген  «Сарыарқа»  газетіне  өлең,  мақа- 
ла  жазып  түрады.
Осыған  бола  көптеген  зертеушілер  оны  үзақ  жылдар  бойы  қазақ 
халқына,  болыневиктерге,  кеңес  үкіметіне  қарсы  үгіт-насихат  жүмыс- 
тарын  жүргізген,  алашорданың  аса  белсенді  басшыларының  бірі  бол- 
ды  деп  нақақтан  айыптап  келді.
Бүл  жөнінде  Б.Кенжебаев:  «Бүл  бекер.  Өйткені,  бірінші  қазақ  ко- 
митетінің  хатшысы  болып  жүргенде  Сүлтанмахмүт  қатты  ауырып  та 
жүрді.  Бір  жылдай  уақыт  ішінде  екі  рет  үзақ  демалыста  болды.  Бір  рет 
Томскіде,  екінші  рет  Абай  ауылында  емделіп  жатты.  Басқасы  былай 
түрсын  комитет  жүмысын  да  істей  алмады.  Екінші,  архивтерде,  сол 
кездегі  баспасөздерде  Сұлтанмахмүттың  кеңес  үкіметіне  қарсы  айт- 
қан  ешбір  сөзі,  жазуы,  бірде-бір  шығармасы  жоқ», -   деп  жазды  [107].
Ақын  үшін  1917  жыл  онша  жемісті  бола  қоймаған  сияқты.  Олай 
деуім іздің  себебі  С.Торайғыров  осы  аралықта  небәрі  6-7  ғана  өлең 
жазған.  Ол  өлеңдері:  «Шал  алған  қызға»,  «О,  дүние»,  «Жас  жүрек», 
«Сарыарқаның  жаңбыры»,  «Алаш  үраны»  т.б.
С.Торайғыровтың  өнерпаздығын  зерттеуші  көптеген  ғалымдар, 
мысалы,  Ы.Дүйсенбаев  Сүлтанмахмүттың  «Сарыарқаның  жаңбыры» 
атты  өлеңі  туралы:  «Бүл  жерде  ақын  бостандықтың  кімге  келгенін,  кім

үшін  қажет  екендігін  ашып  айтпайды.  Тек,  ол  жерді  гүлдендіретін  жаң- 
бырға теңеп,  соның  күші  арқылы  ел  көгереді  деген  сенім  білдіреді.  Бүл 
өлеңнен  үлкен  қорытынды  жасап,  революциялардың  бірі  болмаса  бірін 
қабылдап,  сөз  етіп  отыр  деу  өте  қиын», -   деп  жазса,  ал  «Жас  жүрек»- 
деген  өлеңіне:  «Кейбір  зертеушілер  ақын  осы  өлеңінде  өз  қатесін  мой- 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал