Шілде айының 18 күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамы



жүктеу 0.52 Mb.

бет2/7
Дата10.03.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Шебердің ұстанымы

Шеберлік-сыныбын дайындау мен өткізуде 

маңыздысы жоғарыда сипатталған алгоритмге 

сүйену ғана емес, сонымен қатар Шебердің өзіндік 

ұстанымын дұрыс анықтап алу да қажет. Шебердің 

ұстанымы – бұл, бәрінен бұрын, әрекет ету амал-

дарын игерудегі ілгерілеушіліктің болуын сезіне 

отырып, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға 

көмектесетін жаттықтырушы мен кеңес берушінің 

ұстанымы. 

Шеберлік-сыныбын өткізу барысында Шебер 

ешқашан жай ғана білім беруге ұмтылмайды. Ол 

қатысушыларды үдеріске тарта отырып, олардың 

белсенділіктерін арттыруға, олардың өздеріне 

де беймәлім болып келген қабілеттерін оятуға, 

олардың өзін-өзі дамытуларындағы кедергілерді 

анықтауға және жоюға тырысады.

Шебердің барлық тапсырмалары мен әрекеті 

қатысушылардың білім-білік, түсініктерін біріктіре 

отырып, олардың жаңа білім қалыптастыруларына 

ықпал ететін атмосфера жасауға бағытталады. 

Бұл олардың әрекеттерін жұмсақ, демократиялы, 

елеусіз түрде басқару болып табылады. 

Шебер 


қарым-қатынастың 

ашық, 


мейірімділікке толы, бірлескен шығармашылық 

атмосферасын құрады. 

Білімге қол жеткізу мен әрекет ету жолда-

рын іздестіруде шебердің өзі шеберлік- сыныбына 

қатысушылармен бірдей болып табылады, олар-

мен бірге жұмыстанады.

Әріптестермен қарым-қатынас жасау бары-

сында Шебер коммуникативтілігін, жалпы мәдени 

дамуын, зиялылығын, көзқарасын, дүниетанымын, 

мінезін, ерік- жігерін, темпераментін, тағы да 

басқа өзінің тұлғалық қасиеттерін байқататын 

белгілі бір стильді қолдануы тиіс.

Шеберлік сыныбы шеңберінде ұсынылатын 

авторлық әдіс-тәсілдердің әрқайсысы ұстаздық 

шеберлік элементтерін, тәсілдерін, тың идеяла-

рын ұсынады. Авторлық әдіс-тәсілдердің бұл 

тұлғалық-үдерістің, аффектілік инфрақұрылымын 

қағазға түсіру өте қиын, бірақ ол төмендегіше 

жолдармен беріледі:

- Сөз бен дауыс (үн, күш, мәнерлілік, дикция, 

интонация, сөйлеу шеберлігі)

- Мимика, ишара, эмоцияны басқару, бет-

жүзінен эмоциялық күйді оқи білу

- Пантомимика (тұрысы, тұра, отыра білу, 

қатысушылардың тәртібін қадағалау)

- Әңгіме барысында қорытынды жасай білуі, 

мнемотехниканы, аутогендік жаттығуды игеруі, 

бұйығылықтың болмауы

-  Қарым-қатынас  жасау  шеберлігі: 

психологиялық таңдау жасау, педагогикалық ынта 

қабілеттілігі, эмпатия

- Педагогикалық суырып салу: ойға кел-

ген шұғыл жоспар бойынша жұмыс істей білу

жеке  тәжірибесін  қолдану,  жоспарланбаған 

жағдаяттардан шыға білу

- Психологиялық көрегенділік, «озық ойлы-

ларды» тани білу және «артта қалғандарға» қолдау 

көрсету


-  Коммуникативтік  мәдениет,  диалог, 

пікірталас жүргізе білу.

- Уақытты сезіну.

Шеберлік сыныбын дайындау 

мен өткізу сапасының критерийлері

Шеберлік сыныбын дайындау мен өткізудің 

тиімділігін анықтау үшін біз келесі критерийлерді 

қолдануды ұсынамыз.

Таныстырылымдық. 

Инновациялық идеялардың нақтылығы, оның 

танымалдылық деңгейі, идеяларды таныстыры-

лымдау мәдениеті, идеялардың педагогикадағы, 

білім беру әдістемесі мен практикасындағы 

танымалдылығы.

Эксклюзивтілік.

Анық байқалатын жеке өзгешелік (идеяларды 

тарату көлемі мен деңгейі). Инновациялық идея-

ларды жүзеге асыру ерекшелігі мен таңдау.

Прогрессивтілік.

Оқыту әдістері мен мазмұнының өзектілігі 

мен ғылымилығы, стандарт көлемінен тыс және 

пәнді оқыту әдістемесі мен қазіргі білім беру тен-

денциясына сәйкес келетін жаңа идеялардың бо-

луы. Тәжірибені әдістемелік тұрғыдан ғана емес, 

ғылыми тұрғыда байытуға қабілеттілік.

Серпінділік.

Күш-қуат  беру,  сергіту  шарттары  мен 

әдістерінің болуы, сабақтағы әрекет етудің жаңа 

өнімін алу барысында әр қатысушыны белсенді 

шығармашылық әрекетке итермелеу.

Оңтайлылық

Сабақта  қолданылатын  құралдардың 

жеткіліктілігі, олардың үйлесімділігі, сабақтың 

мақсаты және нәтижесімен байланысы. (аралық 

және соңғы).

Тиімділік.

Шеберлік-сыныбының  әр  қатысушысы 

үшін нәтижелілігі. Даму тиімділігі қандай? Бұл 

қатысушыға  нақты  не  береді?  Өз  әрекетінің 

нәтижесін сараптай білу.

Әдіс-тәсілділік

Сабақтың шебер құрылымы (фазалар, кезеңдер, 

процедуралар), өзектілік, мәселелілік, ізденіс пен 

жаңалық ашу, таңырқау, рефлексия, (өзіндік сарап-

тау, өзіндік түзету) әдістерінің болуы.

Әртістік.

Көтеріңкі стиль, педагогикалық харизма, су-

ырып салушылық қабілет, аудиторияға әсер ету 

деңгейі, өз тәжірибесін таратуға дайындық деңгейі.

Жалпы мәдениет.

Эрудиция, ойлау өзгешелігі, қарым-қатынас 

жасау стилі, өз тәжірибесін интерпретациялау 

мәдениеті.

Осы  бір  қызықты  ұйымдастырушылық-

педагогикалық шара – Шеберлік- сыныбының 

өткізілу түрі мұғалімнің өзіндік кәсіби әрекеті 

барысында қалыптасқан стиліне байланысты 

болмақ. Ал шебер педагогтің аталған шарадағы 

өз тәжірибесін ұсынуға деген бастамасы, тілегі 

мен мақсаты әрбір өз ісінің шебері болғысы кел-

ген жанды шығармашылық ойлауға, білім беру 

мен тәрбиелеу шеберлігінің шыңына жетелейтін, 

үздіксіз кәсіби өсу мен өзін- өзі жетілдіруге бағыт 

берер материал болуы керек.

Берілген әдістемелік ұсынбаны қолдану, 

менің ойымша, облыстық білім беру жүйесі 

қызметкерлерінің педагогикалық тәжірибесін та-

рату аясындағы шеберлік- сыныптарын сапалы да-



ярлау мен тиімді өткізуді қамтамасыз етеді. 

М ұ ғ а л і м   м ұ ғ а л і м д і   о қ ы т а д ы :

 

оқыту үдерісіндегі шеберлік-сыныбының маңызы және жүргізілу жолдары

Л.Е.Абакиева, 

«Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» АҚ Орал 

қаласындағы педагогикалық 

шеберлік орталығы филиалының 

аға менеджері, тренер, 

Педагогика ғылымдарының 

магистрі

Биыл  11-ші   рет  ҰБТ  өтті. 

Жылдар   тізбегіне   көз  жіберсек,  

жинақталған  тәжірибе  мен   нақты  

іс-әрекеттерді  көреміз.

Алғашқы  жылды  ұстаздар  да  

анық  сезіне алмадық.ҰБТ нәтижесі 

сарапталғанда, оқытудың сапасын  

арттыру  уақыт талабына  айналды.

ҰБТ-ға  дайындау барысында түрлі 

тәжірибелер  жинақтадым. Алғашқы 

жылдарда  әдеттегідей  тақтада 

жұмыс  көп  болды,  кейін  оның 

нәтижесі аз екенін байқадым. Содан  

кейін  топтарға бөліп, қажетіне орай 

жеке оқушымен жұмыс істеу баста-

лып кетті. Нәтиже мүлде басқа бол-

ды, оқушыларда сенімділік пайда бол-

ды. Әрбір оқушыға нақты тапсыр-

малар беріп, оны жүйелі тексерудің 

маңызы  бар  және  оқушылардың 

жетістіктерін  бақылап  оты-

ру керек. Тақырыптық тестілерге 

жаттықтыру арқылы барлық 

курсты қайталатып, содан кейін 

сұрақ кітапшаларымен жұмыс 

істеген қолайлы. Негізгі теориялық 

материалдар мен формулаларды 

жақсы меңгерулерін қадағалаймын. 

Уақытқа жұмыс істетіп үйрету, 

өздерінің  қателерін  саралай 

білу, барлық оқушылардың ортақ 

қателерін талдап көрсету, жарыса 

есеп шығару, т.с.с. әрекеттер ҰБТ-

ға дайындаудың нәтижелі болуына 

ықпал етеді.

Жалпы  ҰБТ  туралы  көптеген 

пікірлер айтылуда. Өзімнің көзқарасым 

бойынша, ҰБТ оқушылардың нақты 

білімін көрсетудің сенімді құралы. 

Адамдар тарапынан болатын жа-

нама факторларды ескермесек, ҰБТ 

кезінде шәкірттер білім дағдыларын 

іске асырып, мемлекеттік грант жеңіп 

алу құқығына ие болады. Барлық ба-

лалар тең құқылы және жетім бала-

лар мемлекеттік тұрғыдан қорғалған. 

Жылдар  тәжірибесін  зерделесек, 

оқушылардың білім алу формалары 

дұрыс қалыптаса бастады. Оқушылар 

өздерінің нені қалайтынын түсінді, 

біреулері орта оқу орындарында негізгі 

білімдерін жалғастырса, басқалары 

жұмысшы мамандықтарын игеруді 

жөн көрді. Сөйтіп, 10-11-сыныптарды 

оқуға өздеріне сенімді, жоғарғы білім 

алуды мақсат еткен қажырлы ды та-

банды балалар қалды.

Математика  пәнінен  алғашқы 

жылғы орташа балл 10-ға жетпейтін, 

ал  соңғы  жылдары  18  балға  дейін 

көтеріліп, пәндік көрсеткіш шама-

мен 80 пайызға өсті. Соңғы үш жыл-

да мектебіміздің орташа балы 90-ға 

жетті және аудан бойынша тұрақты 

үштікте болдық. 2014 жылдың 2 мау-

сымында өткен ҰБТ-да орташа балы-

мыз 89,75 болып, жалпы мектептер 

бойынша 1 орынды иелендік. Теректі 

ауданы облыс бойынша 1 орын алды. 

Бұған мектеп мұғалімдері С.Жұматаева, 

С.Бегалиева, Г,Сағиденова, Г.Избасарова, 

Е.Құрманов еңбектері зор.

Еңбектері  жемісті  болған 

барлық ұстаздарға денсаулық және 

шығармашылық табыстар тілеймін.

Клара МЕҢДІҒАЛИЕВА,

Ақсуат  ЖББОМ,

Теректі ауданы

3

Жайық ұстазы

24 қыркүйек, 2014 ж.

Ұ л а ғ а т т ы   ұ с т а з , 

б і л і к т і   ж е т е к ш і

Ж

ы

л

д

а

р

ж

ә

н

е

Ұ

Б

Т

*** Сәкен мектебінің 90 жылдығы қарсаңында***

*** Жаныңда жүр жақсы адам ***

Білімі: Кәсіптік, №25 ТУ, 

тігінші-пішуші, 1977- 1980 ж; 

жоғары, ОПИ, жаратылыстану 

–география факультеті, 1993 ж.



Жұмыс  тәжірибесі:  1979 

ж. - №25 ТУ, «Әмбебап тігінші»  

мамандығы бойынша өндірістік 

оқыту  шебері;  2006  ж.  -  №2 

КЛ, аға шебер. 2009 ж.- №2 КЛ 

директордың  оқу-өндірістік 

жұмысы жөніндегі орынбасары.

Біліктілікті арттыру курста-

ры туралы мәлімет: Б.А.Исмаилов 

атындағы «Любакс» кеңес беру 

орталығының №277 дипломы, 

2002 ж., Орал қаласы; БҚО 

педагогикалық кадрлардың 

біліктілігін  арттыру  және 

қайта  даярлау  институты, 

өндірістік оқыту шеберлерінің 

курсы, 2008 ж., №0085035.

Дипломдар, наградалар, 

грамоталар: «Мамандығы бойынша үздік» 

Республикалық байқауында І орын алғаны үшін 

ҚР Құрмет грамотасы, 2002 ж.; 

Облыс әкімінің  алғыс хаты - 2009 ж., «Фо-

лиант» баспасымен жемісті ынтымақтастығы 

үшін арнайы диплом – 2010 ж. «Ы.Алтынсарин» 

белгісі – 2014 ж.

Жарияланымдары:  «Профессионал»  

ғылыми-әдістемелік  журналы,  тақырыбы 

«Мамандыққа кіріспе» (2005 ж., №8).

«Тігіншілерді өндірістік оқыту негіздері»; 

«Калькуляция  және  есеп»;  «Қоғамдық 

тамақтануды ұйымдастыру» (әдістемелік құрал, 



2010 ж.)

Дариға Сәлімқызы - іс-тәжірибесі мол

білікті жетекші, ұйымдастырушылық қабілеті 

өте жоғары маман. Ол үнемі алға ұмтылады, 

қызметте алдына нақты мақсаттар қоя біледі, 

жұмыс нәтижесін болжап, біліп отырады. 

Дәстүрден тыс шешімдер қабылдап, ерек-

ше әдістерді ойлап табады. Мақсатты дәл 

қоя білуі арқылы инженерлік-педагогикалық 

ұжымды іске жұмылдыра біледі.

2009  жылдан  бері  директордың  оқу-

өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарының 

қызметін атқаруда. 

Дариға Сәлімқызы республикалық «Үздік 

кәсіби  мектеп»  байқауына  материалдар 

дайындауға қатысып, одан жүлделі ІІІ орын-

ды иемденді; «Тігінші», «Үлгілеуші-пішуші» 

мамандығы  бойынша  Стандарттау,  ме-

трология және сертификаттау комитеті 

бекіткен бастауыш кәсіптік білім берудің 

жалпыға міндетті мемлекеттік стандар-

тын дайындауға қатысты.  Авторлық ұжым 

құрамында  «Тігінші»,  «Үлгілеуші-пішуші» 

мамандықтары бойынша типтік 

оқу бағдарламаларының жинағын, 

сондай-ақ «Тігіншілерді өндірістік 

оқыту негізі» атты оқу әдістемелік 

құралын дайындады. 

Дариға  Сәлімқызы  модульдік 

технологияларды қолдана отырып, 

сабақтар сериясын дайындады: № 

7 модуль «Мақта матадан тігілген 

әйелдер халатын өңдеу». Модульге 7 

сабақ кіреді, оның ішінде «Бейнелеп 

еске түсір», «Сен-маған, мен-саған», 

«Ой-қиял самғауы» танымдық ойын-

дары, «Басқатырғы базасы» үй тап-

сырмасы, «Өнім бойынша саяхат» 

карточкамен жұмыстары бар. 

Барлық сабақтар интерактивті 

тақта мен АКТ қолдану арқылы  

өткізілді. Модуль облыстық 

секция отырысында қаралды 

және  өндірістік  оқыту  

сабақтарында  практикада 

қолдануға ұсынылды.

«Фолиант» баспасының сұранысы бойынша 

Дариға Сәлімқызының колледж жетістіктері 

туралы материалы «Білім беру  элитасы» 

оқулығына енгізілді.

Дариға  Сәлімқызы  кәсіптік  және 

техникалық білім беру жүйесінде оқулықтар

әдістемелік кешен, оқу-әдістемелік оқулықтар 

дайындайтын авторлар ұжымының құрамына 

енгізілді. «Фолиант» баспасынан 3 оқулық 

жарыққа шықты: «Тігіншілерді өндірістік 

оқыту негіздері» (әдістемелік құралы); «Каль-

куляция және есеп»; «Қоғамдық тамақтануды 

ұйымдастыру».

2010 жылы техникалық және кәсіптік білім 

беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 

іске асыруда «Фолиант» баспасымен жемісті 

ынтымақтастығы үшін Дариға Сәлімқызы 

баспаның арнайы дипломымен марапатталды. 

«Профессионал»  ғылыми-әдістемелік 

журналында оның «Мамандыққа кіріспе» 

тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Дариға Сәлімқызының тобында оқыған Лу-

кашова Ирина Григорьевна қазір біздің лицейде 

жоғары санатты жетекші өндірістік оқыту 

шебері болып жұмыс жасайды. Түлектерді 

жұмысқа орналастыру рейтингі бойынша кол-

ледж жүлделі  орындар алады.

Дариға Сәлімқызының түлектері Жол-

дыбаева Зәру, Амангалиева Әсел   «Ақкенже» 

Сән үйінде, Құбаева Айзада, Қаженова Жа-

дыра,  Нұралиева  Лунара  грант  бойын-

ша, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ға «Киім 

сәнгері» мамандығы бойынша оқуға түсті.

«Орал «Сервис» технологиялық 

колледжінің ұжымы

Жиналеева Дариға 

Сәлімқызы, Орал “Сервис” 

технологиялық колледжі  

директорының оқу-өндірістік 

жұмыс жөніндегі директоры

Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған 

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-

интернаты кешенінің директоры, «Ерен  еңбегі 

үшін» және Ы.Алтынсарин атындағы медальдар мен 

«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», 

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Білім 

және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген 

еңбегі үшін» белгілерінің иегері Ерсайын Қадырұлы 

Сапаровпен сұхбат.

-  Республикадағы  таңдаулы  білім 

ордаларының қатарынан үзбей орын алып келе 

жатқан Сәкен мектебі өткен оқу жылын да өте 

жақсы қорытындылағанын білеміз. Осы жөнінде 

толығырақ айта кетсеңіз.

Биыл  мектебімізді  842  оқушы  аяқтап 

шықты. Оның ішіндегі 200-і интернат балала-

ры, 11-сыныпты 58 оқушы бітіріп шықты. Бұл 

балалардың барлығы да  ҰБТ-ға түгел қатысты. 

«Сен қатыспайсың», деп бірде-бір баланың бетінен 

қаққан жоқпыз. Ғылыми жобаға қатысып жүлде 

алған екі бала ҰБТ-ға қатысқан жоқ. «Алтын 

белгіге» үміткер 11 баланың 9-ы біздің үмітімізді 

ақтап шықты. Үш бала «Ерекше аттестатқа» 

бітірді. Қорытындысында 36 бала грантқа оқуға 

түссе, 3 бала шетелде оқуда. Атап айтсақ: Ресей, 

Америка, Шотландия елдері. 

- Көптеген мектептер өз мектебінің ста-

тусын жоғалтпас үшін 9-сыныпта «тазарту» 

жұмыстарын жүргізеді. Бұл психологиялық 

тұрғыда балаларға қатты әсер ететіні сөзсіз. Бұл 

жұмыс сізде қалай жүреді?

- Біз 9-сынып оқушысына «кет» демейміз. 

Баланың жолын кесуге құқымыз жоқ. Балалар өздері 

біледі, төмен балл алған оқушылар өздері шешім 

қабылдайды. Сондықтанда 9-сынып бітірген 

балаға аттестаты қолына беріледі. Өз шама-

шарқын сезінбей, тіресіп жүріп алатын балалар 

кездеспейді. Жалпы бізден 9-сыныпты бітірген ба-

лаларды қала мектептері өздері шақырып алады. 

- Сәкен мектебіндегі сапалы оқытудың техно-

логиясы туралы не айтасыз?

- Мектепте 35 сынып бар. 26 интерактивті 

тақта, компьютерлер мен көшірме аппаратта-

ры, 3 лингафон залы, химия, физика, биология, т.б. 

пәндердің арнайы кабинеттері бар. Оқулықтар 

да жеткілікті, ол жөнінде бізде әңгіме болмайды, 

облыстық білім басқармасы қашанда сұранысты 

қанағаттандырып отырады. Биылғы оқу жылында 

3-11 сыныптар түгел жаңа оқулықпен қамтылды. 

Мектептегі ұйымдастыру жұмыстарының барлығы 

мұғалімнің жұмысын сабақ дайындауда жеңілдетуге 

бағытталған. Ал сапалы оқытудың технология-

сы пән мұғалімінің күнделікті сабаққа дайындығы 

мен ынтасына байланысты. Ынтасы жоқ мұғалім 

алдындағы баланың да сабаққа ықыласы болмайды. 

Бізде оқушының сабаққа келмей қалуы, бұзақылық 

жасауы деген болмайды. Аракідік кешігіп қалу жағы 

болады. Біз ол кезде де балаға ұрыспаймыз. Себебі 

оған бала кінәлі емес, ең бірінші ата-ана кінәлі. Ба-

ланы ерте ояту керек. Біз таңертең радиоторабы 

арқылы жіберілген музыкамен жаттығу жасаймыз. 

Жаттығу физкультура сабағындағыдай иіліп, бүгілу 

емес, би түрінде. Таңертең балаларды өзім қарсылап 

тұрамын. Кезекші мұғалім тұрады. Кешіккен бала-

лар жаттығуға қатыспай, есік алдында тұрады. 

Ұрыспаймыз. Үзіліс кезінде  радиоторабынан қай 

сыныптың баласы кешіккендігі айтылады. Баланың 

аты да, фамилиясы да аталмайды. Сабаққа му-

зыкамен кіреді, үзіліс кезінде де әуен жіберіледі. 

Онда ұлттық музыка – күй мен әндер айтылады. 

Үш үлкен үзіліс бар. Бастауыш сыныптарға тегін 

тамақ беріледі, 5-11 сыныптағы 905 бала да ыстық 

тамақ ішеді, ақылы, соның ішінде 47 бала тегін 

тамақпен қамтылған. Асханада әр оқушының орны 

бар. Оқушы өз орнына ғана отырады. Бір ғажабы, 

оқушы алмасын жеп үлгермей қалдырып кетсе, 

ол сол жерде тұрады, келесі үзілісте келіп жей 

береді. Біреудікін алып кету, жеп кету бізде жоқ. 

Балалардың бәрі оң жақпен жүріп қалыптасқан, 

есіктен кимелемей, үлкенге жол береді. 

Түстен кейін сағат 3-те ата-анамен келісіп, 

қосымша сабақ жүреді. 15 қыркүйектен бастап 

11-сыныптар үшін 5 пәннен қосымша сабақ жүріп 

жатыр. Дүйсенбі гуманитарлық пәндер, сейсенбі 

физика, математика, сәрсенбі химия және биоло-

гия, бейсенбі күндері үйірмелер болады. Мектеп жа-

нында өнер мектебі бар, онда мектепте таңертең 

оқитындар түстен кейін, түстен кейін оқитындар 

таңертең оқиды. 2001 жылы салынған қосымша 

корпустағы интернатта қазір 213 бала бар. Ин-

тернат жанындағы медициналық пунктте фи-

зиомен  емдеу, егу жұмыстары жүргізіледі. Мон-

ша, балалар аяқ киімін жөндейтін орын да бар. 

Бұның барлығы дарынды балалардың уақытын 

жоғалтпас үшін жасалып отырған жағдай. 

- Кешенде критериалды бағалау жүйесі 

енгізіліпті. Бұл жөнінде не айтасыз?

- Жалпы бұл туралы практикалық жағынан 

нұсқаулық жоқ, бізге Назарбаев Зияткерлік 

мектептеріндегі іс-тәжірибені түгел енгізуге бол-

майды. Әзірге экперимент тұрғысында 2 сыныпқа 

ғана енгізіліп отыр. Оны енгізу мұғалімге байла-

нысты. Физика, химия, математика пәндерінен 

осы жүйенің пайдалану өте тиімді деп ойлаймын. 

Ал, бұл жүйенің енгізілгені дұрыс. 


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал