Шығыстың аймақтық хабаршысы



жүктеу 99.99 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі99.99 Kb.

288

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Высш. и сред. пед. учеб. заведений. М.: Издательский центр: 2001. – С. 56.

3.  Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограничен-

ными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. – Алматы, 2001. 

– С. 77.

4.  Коккозева К.Ш. Арнайы педагогика: оқу құралы / К.Ш. Коккозева. – Өскемен: 

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. – 35 б.

REFERENCES

1.  Evladova E.B., Loginova L.G., Mihajlova N.N., Dopolnitel’noe obrazovanie detej. 

M, VLADOS, 2002, 23-24 (in Russ).

2.  Kodzhaspirova  G.M.,  Kodzhaspirov  A.YU.,  Pedagogicheskij  slovar’  dlya  stud. 



Vyssh. i sred. ped. ucheb. zavedenij. M., Izdatel’skij centr, 2001, 56 (in Russ).

3.  Sulejmenova R.A., Sistema rannej korrekcionnoj pomoshchi detyam s ogranichen-



nymi vozmozhnostyami v Kazahstane, problemy sozdaniya i razvitiya. Almaty, 2001, 77 (in 

Russ).

4.  Kokkozeva K.SH., Arnajy pedagogika oqu quraly, Oskemen. S. Amanzholov atyn-



daqy SHQMU baspasy, 2013, 35 (in Kaz).

ӘОЖ 373.3 



А.Б. ҚОЖАЕВА, С.А. НҰРҒАЛИЕВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Өскемен қ., Қазақстан

«ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫН АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕТЕ ОТЫРЫП, 

ҰЛТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ

Мақалада  автор  бастауыш  сыныптардағы  «Өзін-өзі  тану»  пәні  арқылы 

оқушыларды  адами  қарым-қатынас  пен  ұлттық  құндылықтарға  тәрбиелеудегі 

оқулықтағы негізгі бөлімдер талқыланады. Сабақ ұйымдастырудағы ойын әдістерінің 

тиімділері ұсынылады. Өзін-өзі тану бағдарламасының рухани- адамгершілік тәрбие 

жүйесіндегі маңыздылығы қарастырылады.

Түйін  сөздер:  оқушыны  адами  қарым-қатынасқа  үйрету,  ұлттық  құндылық, 

адамгершілікке тәрбиелеу.

ЧЕРЕЗ ПРЕПОДАВАНИЕ ПРЕДМЕТА САМОПОЗНАНИЕ, ОБУЧАЯ 

УЧЕНИКОВ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ ЧЕЛОВЕЧЕСКИМ ВЗАИМООТНОШЕНИЯМ, 

ВОСПИТАТЬ ИХ В НАЦИОНАЛЬНОМ ДУХЕ

В статье автор рассматривает основные разделы учебника «Самопознание» для 

начальной школы о воспитании человеческих отношений и национальных ценностей. 

При  организации  уроков  предлагаются  эффективные  формы  игровой  технологии. 

Рассматривается важность программы самопознания в системе духовно-человеческого 

воспитания.

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ


289

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально



Ключевые  слова:  обучение  школьника  человеческим  взаимоотношениям, 

национальное достояние, воспитать в духе гуманизма.

THROUGH SEIF-TEACHING SUBJECT, TEACHING PRIMARY SCHOOL PU-

PILS TO HUMAN RELATIONSHIPS, TO BRING THEM TO NATIONAL SPIRIT

The main sections of the textbook «self-knowledge» for elementary school about edu-

cation of the human relations and the national of value were discussed. in case of the organiza-

tion of lessons are offered effective a playful way of technologies. It discusses the importance 

of self-knowledge program in the system of spiritual and human education. 



Keywords: training of the school student in human relationship national property, to 

cultivate the spirit of humanism.

XXI  ғасырдың  табалдырығын  аттаған  еліміз  әлемнің  дамыған  50  елінің 

қатарына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, 

адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке 

ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін, 

айқындай  түсетін,  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуына  мүмкіндік  беретін  білім 

ордаларында  жоғары  ізгілік  мұраттардың  ең  құндысы  –  рухани-адамгершілік 

тәрбие берудің ошағы – «Өзін-өзі тану» пәні. Себебі, бұл пән әлемнің ең басты 

құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін жаралғандығына негізделеді. 

Басты  мақсаты  –  мәңгілік  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  негізделген 

кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу. Тәуелсіздігімізді 

алғаннан  кейінгі  отандық  білім  жүйесінде  бүкіләлемдік  өзгерістер  аясында 

адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының 

президенті,  Еліміздің  Бірінші  Ханымы  Сара  Алпысқызы  Назарбаева  «Өзін-

өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  жобасын  ұсынған  еді.  «Өзін-өзі  тану» 

тәжірибелік  жобасы  Қазақстанда  2001  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді.  Сол 

уақыттан  бергі  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  жобасының  білім 

мекемелерінде негізгі пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап 

білім  беру  ісіне  баса  назар  аударылуда.  Білім  беру  барысында  балалардың 

тұлғасын  жан-жақты  жетілдіруге,  олардың  танымдық  әрекетін  дамытуға, 

ой-санасын  қалыптастыруға  ерекше  мән  берілуде.  «Өзін-өзі  тану»  пәнінің 

әр  тарауы,  әр  тақырыбы  болашақ  ұрпақтың  бойында  рухани-адамгершілік 

қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, 

адамгершілік  принциптері  мен  мұраттарды  ғұмыр  бойы  басшылыққа  алатын 

тұлға  қалыптастыруға  негізделген.  Зерттеулерге  қарасақ,  «Өзін-өзі  тану» 

бағдарламасы  бойынша  эксперименттік  жұмыс  Республикамыздың  120-дан 

аса  білім  беру  мекемелерінде:  30  –  жоғары  оқу  орындарында,  43  –  мектепте, 

2  педагогикалық  колледжде  және  интернаттық  мекемелерде  іске  асырылды. 

Қазіргі таңда қазақстандық мектептердің барлығында жүргізіліп келе жатқаны 

А.Б. ҚОЖАЕВА, С.А. НҰРҒАЛИЕВА. 1 (73) 2017. Б. 288-296   

 

 

                ISSN 1683-1667 



290

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

белгілі.


«Өзін-өзі тану» пәні оқушыларға не береді? Оның басты құндылығын неде?

«Өзін-өзі тану» пәні шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, үйлесімді 

дамыған  тұлға  болып  қалыптасу  үшін  оларды  сүйіспеншілік,  бауырмалдық, 

қайырымдылық, төзімділік, ізеттілік сияқты игілікті ең ізгі қасиеттерге үйретеді. 

«Өзін-өзі тану» пәнінің ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы 

жинақтаған адами асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен 

ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін ұрпақ бойына дарыту, сіңіру.

Бастауыш  сыныптың  табалдырығын  алғаш  аттаған  бүлдіршіндер  білім 

ұясы  саналатын  мектептен  көп  қызық  дүние,  үлкен  жаңалық  күтеді.  Мектеп 

жасындағы балалар үшін мұғалімнің айтқанының бәрі заңды, бәрі орындалуға 

тиісті  жағдайлар  болып  саналады.  Бұл  жастағы  балалар  сенгіш,  тіл  алғыш, 

қоршаған  ортадағы  өзін  қызықтыратын  нәрселерге,  іс-әрекетке  еліктеушілігі 

басым және оларға араласуға ынталы болып келетін әсерленгіш қасиеттері мен 

есте сақтау қабілетінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сол себепті бастауыш 

мектеп  оқушыларының  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыру  жұмыстарына 

балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  қабылдау  мүмкіндіктеріне 

сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген жөн. 

«Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш білім сатысынан бастап оқыту өте дұрыс 

жолға  қойылған.  Бала  оң  мен  солын  тани  бастағаннан-ақ  оны  адами  қарым-

қатынастар мен әсемдікке үйрету арқылы саналы, тәрбиелі, иманды, бір-біріне 

қамқор ұрпақ тәрбиелуге болады. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес, оқушыларға 

бүгінгі  таңда  тиянақты  білім  беріп,  танымдық  қабілетін  дамыту,  танымдық 

белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму 

дағдыларын  қалыптастыру,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеу  – 

мектептің басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты дамытып, 

қоғам  құрылысына  белсене  қатысуға  әзірлеу  мектепте  оқыту  және  тәрбиелеу 

арқылы  жүзеге  асады.  Оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекеті  белсенділігін 

қалыптастыруда  олардың  қабілеттерін  дамытуға,  танымдық  жан  қуаттарының 

оянуына  ықпал  етіп,  ізденіс,  талабын  ұштауға  білім  деңгейін  жетілдірудің 

маңызы ерекше. Осы ретте, «Өзін-өзі тану» пәнінің берері мол екені дәлелденіп 

келеді. «Өзін-өзі тану» пәні – адамтану пәні, өмір сүру пәні.

Мектептің  бастауыш  сатысы  (1-4-сыныптар).  «Өзін-өзі»  тану  пәнінің 

базалық  білім  беру  мазмұны  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала 

отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтып жасалынған:

1 Өзін-өзі тану бақыты.

2 Адами қарым-қатынасқа үйренейік.

3 Адам болам десеңіз...

4 Әсемдік әлемінде.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


291

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Осы  бөліктердің  әрбіреуіне  жеке-жеке  тоқтала  кетейік.  «Өзін-өзі  тану 

бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды «Өзін-өзі тану» пәнімен таныстырады. 

Мұнда  оқушылар  мектепке  өзгеше  бейімдеуге  бағытталған  сабақтар 

қарастырылады. Достық, қарым-қатынас, адамгершілік, жақсылық пен жамандық 

ұғымы  туралы  мәлімет  ала  отырып,  сыныптастарымен,  сынып  жетекшісімен, 

айналасындағы өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Өзіндік 

алғашқы көзқарастарын қалыптастырады. Мысалы, 4-сыныптың «Өзін-өзі тану» 

пәніндегі осы бөлімде «Білімге құштарлық» атты тарауша берілген. Оқушылар 

кітап пен білім туралы мақал-мәтелдердің мәнісін түсіне отырып, «Ойлы бала 

озар»  бөліміне  көшеді.  Бірінші  бөлімде  түсінген  ойларын  екінші  бөлімдегі 

әңгіме, өлеңдер арқылы талдап, сұрақтарға жауап беру арқылы, пікір алмасады. 

Мысалы, «Біздің сынып» деген А. Шамкеновтің өлеңінде:

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып – мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз,

Дәйім  тәртіп  сақтауды,  –  деген  жолдардан  олардың  бір  ұжым  екендігін 

мақтан тұта отырып, өнегелі тәртіпті екендіктерін өздеріне ұғындырады. Осыны 

ұққан бала адами қарым-қатынасқа талпынып өспей ме?

«Менің  арманым»  деген  бөлімінде  баланы  армандауға,  еркін  қиялдауға 

талпындырады.  Түрлі  өлең,  әңгімелерді  оқып,  рөлге  кіре  отырып,  оқушылар 

«Арман  –  адамның  қанаты»  деген  халық  даналығының  астарына  үңіледі. 

«Ойлы бала озар» тақырыпшасында берілген шығармалар оқушылардың асқан 

қызығушылығына негізделген. М. Хакімжанованың «Сәби ойы» деген өлеңінде:

Ақ сүтін емген ананың,

Еркелеп өскен баламын.

Балғын үнім тербесін,

Отанымның алаңын.

Ұрпағымын от-жалын,

Абай сынды дананың, – дейді. Өлеңде баланың Отанға керек екендігін, дана 

халықтың ұрпағы екендігін ашық айтады. Оқушы өлеңді оқып, қатарластарымен 

пікір алмастыра отырып, өзіне деген сенімділігі де артады. Өзінің Отанына керек 

екенін ұғады.

Оқушыларды  ұлттық  рухта  сусындатуда  осы  пәннің  берері  мол.  Ата-

баба өнерімен танысуда, ана тілдің әр адам баласына қымбат екендігіне нақты 

мысалдар  арқылы  көз  жеткізіп,  керемет  туындыларды  талдайды.  Мысалы, 

«Тілім  –  менің  тірегім»  атты  бөлімде  тілдің  құдіреттілігін  жеңіл  түсіндіретін 

сахналық  қойылым  бар.  Балалар  рөлде  өздері  ойнай  отырып,  тілдің  қасиетін 

өздері  дәлелдеп  шығады.  Бір-бірімен  мәдениетті  қарым-қатынасқа  үйренеді. 

Халқымыздың  негізгі  ұлттық  құндылығының  бірі  –  ана  тілімізді  қастерлеуге 

А.Б. ҚОЖАЕВА, С.А. НҰРҒАЛИЕВА. 1 (73) 2017. Б. 288-296   

 

 

                ISSN 1683-1667 



292

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

үйренеді. «Ана тілің – арың бұл» деген нақыл сөзді өздеріне ұран етеді. Егер бала 

қазірден бастап ана тілінің құдіретін ұғатын болса, тіл шұбарлығына ешқашан 

жол бермейді. Ал тілі таза баланың ойы да таза болатыны белгілі.

«Мен  елімнің  азаматымын»  атты  бөлімде  жоғарыда  аталған  бөлімдерде 

алған  білімдері  мен  ілімдерін,  тәрбиелерін  нақтылай  түседі.  Пәннің  барлық 

бөлімі бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушыларға: «Сендерге өз елің несімен 

ыстық?»  –  деп  пікір  таластыра  отырып,  «Сендер  өз  еліңді  сүйетіндіктеріңді 

қалай  дәлелдей  аласыңдар?»  –  деп  оқушылардың  өзіндік  көзқарастарын 

қалыптастыруға бағыттауға болады.

Барлық  бөлімде  де  оқушыларға  ұлттық  рухтағы  тәрбие  беруге  арналған 

өлең, шығарма, нақыл сөздер, ертегілер енгізіліп, бекітуге арналған сұрақтар да 

балалардың жас ерекшелігіне сай жасалынған. Осы пәнді оқу арқылы балалар 

өнердің де сан түрлі қырына үйренеді. Мысалы, актерлікке, әнші, биші, күйші 

болуға, ораторлық өнерлерін шыңдауға да талпынады. Пәннің мазмұны арқылы 

бүкіл адамзат болмысына тән рухани құндылықтар алып шығады. Бұдан шығатын 

нәтиже: «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты мен міндеттері дұрыс жолға қойылған. 

Яғни  пән  өзінің  мақсатына  жетті  деп  айтуға  болады.  Бүгінгі  таңда  «Өзін-өзі 

тану» пәні барлық оқушылардың сүйікті пәніне арналған. Әр бөлімдегі берілген 

жұмбақтар  мен  жаңылтпаштар  да  оқушылардың  дүниетанымын,  логикасын 

дамытуға арналған. Барлығында ұлттық сана, ұлттық сезім жатыр. Бүгінгі жас 

ұрпақты  оқытып  қана  қою  аз,  оны  жан-жақты  дамыту,  жаңаша  дағдыларға 

тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең 

білімді,  озық  тәрбиелі  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  рухани-адамгершілік 

тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың 

кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. 

«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білімі  –  ұлттық  құндылықтарды  іске 

асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, 

ана  тілімен,  философиямен,  әдебиетпен,  дәстүрмен,  психологиямен  ұштасқан 

ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және 

азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, 

жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты 

өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. 

Тәрбиенің  басты  мақсаты  –  әр  адамның  ішкі  құндылығын,  тұлғалық  қасиетін 

ашып, бағалауға үйрету.

Сабақты  қорытындылауға  арналған  топтық  жұмыстардың  маңыздылығы 

да жоғары. Балалар топпен жұмыс істей отырып, бір-біріне деген мәдениетті, 

адами қарым-қатынастарын түзу жолға қойып үйренеді. Жағдаяттарды шешуге 

арналған  тапсырмалардың  мазмұны  терең,  астарлы  оймен  үлкен  мән  береді. 

Балалар  өздерінің  уақыттарын  тиімді  жұмсауға,  пайдалы  істерге  арнауға,  ата-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


293

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ана, үлкенге құрмет көрсетудің мәні мен маңыздылығын түйсінеді.

Жалпы алғанда, балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде 

бір-біріне  қамқорлық  жасап,  көңіл  бөлудің  қажеттілігін  түсінуге  мүмкіндік 

береді.  Қалыптасқан  дағдылар  өмірлік  жағдаяттарды  шешуде  мейірімділік, 

сезімталдық,  тілектестік,  ынтымақтастық  дағдыларына  төселуге  ықпал  ететін 

болады. Ұжымда орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, 

яғни  есейген  шақта  жағымды  қасиеттерін  дамытуға  септігін  тигізетіні  осы 

бөлімдер сабақтың, пәннің тағы бір маңыздылығы болып табылады.

Мынадай жағдаяттар пәннің мазмұнында көп берілген.

«Телефонмен сөйлесу»

1-жағдаят: Ғазиз бен Тоғжан күнде мектепке бірге баратын. Бүгін Тоғжан 

күндегі уақытта аулаға шықпады. Ғазиз біраз күтті де, Тоғжанға телефон салды. 

Ғазиз бен Тоғжан қалай сөйлесті?

2-жағдаят: Марат ауырып сабаққа келмей қалды, сыныптасы Анар үзіліс 

кезінде Маратқа телефон соқты. Анар мен Марат телефон арқылы қалай сөйлесті?

3-жағдаят: Шолпан әкесін сағынып телефон соқты, олар қалай сөйлесті? 

Телефон  арқылы  сөйлескенде  алдымен:  «Сәлеметсізбе?!  Мен  –  Әселмін. 

Кешіріңіз,  Сәулемен  сөйлесуге  бола  ма?  Мазалағаныма  кешірім  сұраймын», 

–  деген  сөздермен  бастаған  дұрыс.  Сөйлесу  барысы  көңіл  күйге  жағымды. 

«Рақмет», «Кешіріңіз», «Ғафу етіңіз», «Оқасы жоқ» сөздері айтылады және өз 

мүмкіндігінше қуанышты сезіммен, көтеріңкі көңілмен сөйлеу адамның белгісі. 

Осындай  тапсырмалармен  оқушылардың  адами  қатынасына  көп  көңіл  бөлген 

жөн.

«Адам болам десеңіз...» атты үшінші бөлімде баланың жас ерекшелігіне 



қарай  олардың  психологиялық  дамуын,  яғни  өспелі  мінез-құлықты  түйсінуін 

ескере отырып жасалған. Бұл бөлімде баланың адамгершіліктік құндылықтық 

бағдарларды қабылдау дағдыларын дамытуға септігін тигізетін мәліметтер көп. 

Мысалы, «Мен талапты баламын» деген өлеңді оқып, талдай отырып, балалар 

талаптанған адам арманына, мақсатына жететініне сенеді. Талаптың пайдасын 

түйсінеді. Егер бала бастауыш сыныптан талаптанып, оның өмірге қажеттілігін 

біліп өссе, ертең ол баладан мықты маман немесе ата-бабаның мықты кәсібінің 

біреуін  меңгеріп  шыққан  адам  шығатыны  белгілі.  Сонымен  қатар  оқушылар 

мейірімділік,  борыш,  адалдық,  ұят,  намыс,  батылдық,  әділдік  сияқты  адами 

қасиеттер ұғымымен танысады. «Өзімшілдік пен көпшілдік» деген өлеңде екі 

кереғар  мінездің  айырмасын  ашады.  Жаман  жағын  түсінген  бала  өз  бойына 

жимауға  тырысады.  Ежелгі  батыр  бабаларымыздың  ерлігін  оқи  отырып, 

батылдық, өжеттік ұғымдарының астарын ұғады. Өздері оқыған шығармаларға 

суреттер салдыру да баланың жан-жақты дамуына, қиял әлемінің ашылуына жол 

береді.

А.Б. ҚОЖАЕВА, С.А. НҰРҒАЛИЕВА. 1 (73) 2017. Б. 288-296   



 

 

                ISSN 1683-1667 



294

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

«Әсемдік  әлемінде»  атты  төртінші  тараудың  мазмұны  кіші  жастағы 

оқушылардың  бойында  қоршаған  ортамен  ізгі  қарым-қатынас  тәжірибесін 

қалыптастыруға  бағытталады.  Балалардың  табиғатқа  деген  қатынасын 

қалыптастыруға  бағытталған  және  денсаулықтарын  нығайту  мақсатында 

экологиялық,  шығармашылық  іс-әрекеттер  ұйымдастырылады.  Сабақтың 

эмоционалдық тартымды болуы кіші жастағы оқушылар үшін іс-шаралардың: 

танымдық,  сюжетті-рөлдік  ойындар,  мерекелер,  табиғи  материалдар  мен 

практикалық жұмыстар, жобалық іс-әрекеттер, топтық саяхаттар, осы жастағылар 

үшін шамасы келетін табиғатты қорғау іс-әрекеттерін қолдану сияқты түрлері 

қамтамасыз етіледі.

Ұлттық құндылықтарды оқушының бойына сіңіруде сабақтың құрылымы 

қызықты  құрылу  керек.  Сабақта  міндетті  түрде  орындалатын  сабақтың  әдіс-

тәсілдері:  олар  –  «Шаттық  шеңбері»,  «Әңгімелесейік»,  «Дәйексөз»,  «Жаңа 

ақпарат»,  «Шығармашылық  жұмыс»,  «Өзіммен-өзім»,  «Тыныштық  сәті», 

«Дәптермен  жұмыс»,  «Сергіту  сәті»,  «Жағдаяттарды  талдау»,  «Сахналау», 

«Ойын-Жаттығу», «Жүректен – жүрекке». Сабақтың басталуының өзі ерекше, 

біріншіден, оқушыға еркіндік беріледі.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар 

ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.

«Өзін-өзі  тану»  пәнінде  осындай  рухани  мұраларды  беруде  халық 

даналығынан өте көп мысалдар алып берілген.

«Өзін-өзі тану – өмірді тану», – дейді көне грек философы Сократ. Басты 

мақсат – әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету [2-3].

Өзін-өзі  тану  пәні  әлемнің  ең  басты  құндылығы  –  адам  және  адамның 

өмір  сүруі  үшін,  бақыт  үшін,  қуаныш  үшін  жаралғандығына  негізделеді. 

Өмірдің  осындай  қарапайым  ақиқатына  –  ұлттық  құндылықтарды  меңгере 

отырып,  баланы  халқының  адал  ұлы,  Адам  деген  ардақты  атқа  лайық  болуға 

жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Әр бала өзінің руханилығымен, 

өзінің  тазалығымен  және  өмірді  таза  күйінде  қабылдай  алуымен  талантты. 

Өзін-өзі  тану  сабақтарында  баланың  адамгершілік  сезімдері,  эмоциялары, 

өзара  қарым-қатынастары  туралы  түсініктері  кеңейеді.  Балалар  үлкендермен 

және  құрбыластарымен  жағымды  қарым-қатынас  жасау  мәдениетіне  қол 

жеткізеді,  адамгершілік  құндылықтар  мен  адами  қасиеттердің  мәнін  түсінеді, 

оның  Отанына,  отбасына,  жақын  адамдарына,  қоршаған  табиғатқа,  жалпы 

өмірге  деген  сүйіспеншіліктері  артады.  Біздің  пайымдауымызша,  бастауыш 

мектепте ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті меңгерген мінез-құлық дағдылары 

қалыптасқан,  тәрбиелі  тұлғаны  қалыптастыру  үшін,  оның  рухани  байлығын 

жетілдіру үшін бастауыш мектептен бастап көңіл бөлу керек. Себебі адам өсіп 

кеткен  соң,  оның  бойына  ұлттық  тәлім-тәрбиені  сіңіру,  ұлттық  сана-сезімді, 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


295

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

мәдениетті, тілді қалыптастыру өте қиын. Ал бастауыш мектеп шағында бала 

жарқын эмоционалды өте күшті өмір сүреді. Сондықтан ұлттық тәлім-тәрбиені 

оқушының әртүрлі іс-әрекет барысында қалыптастырылуын қарастырып (ойын, 

еңбек, сабақ), оның негізгі құралы ретінде халық педагогикасы материалдарын 

пайдалану қажеттігі көзделеді.

Қорытындылай  келе,  бұл  пән  жобасының  авторы  Сара  Алпысқызы  атап 

өткендей,  «Әр  баланың  қабілетін  ашуы,  өзіне  жол  табуы,  өзінің  күш-жігеріне 

сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен 

мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен 

жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын 

ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше. Оқушының жас ерекшеліктеріне 

сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, 

отбасында  да  ата-аналардың  көмегімен  жалғасын  тауып,  өзара  ықпалдастық 

бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір 

сүріп,  адам  екенін  терең  сезінуге,  адамдарға  қуаныш  сыйлай  білуге  баулиды. 

Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың 

сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға 

тәрбиелейді.  Артыңда  өшпейтін  ізгілікті  із  қалдыра  білуге  талпындырады. 

Қабілетіңді, бойындағы дарынды, азаматтығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани  мұраға  сүйенбеген  елдің  жұлдызы  жанбайды»  демекші,  заман 

ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, 

халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, 

олардан  қалған  ескірмейтін  көне  сөздерді,  мақалдар  мен  мәтелдерді  бүгінгі 

ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар 

қойнауынан  сыр  шерткен  асыл  мұраларымызды  рухани-адамгершілік  білім 

беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің 

арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес 

деуге  болады.  Сондықтан  да  «Өзін-өзі  тану»  пәні  баланы  өзінің  қадірін  өзі 

білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір 

жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай 

алуына  және  өз  сөзі  мен  әрекеттері  үшін  жауапкершілікті  сезіне  білуіне 

тәрбиелейді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сейтақов А.С. Өзін-өзі тану / А.С. Сейтақов // Өзін-өзі тану. – 2011. – 4-сынып. 

– Б. 11, 17, 27, 39.

2. Қажығалиева Ж. Өзін өзі тану пәнінің ұлттық тағылымдармен сабақтастығы 

[Мәтін] / Ж. Қажығалиева // Самопознание kz. – 2011. – №8. – Б. 25-29. 

3.  Жәйке  Р.  Өзін-өзі  тану  пәні  баланың  рухани  әлемін  байыту  көзі  [Мәтін]  / 

Р. Жәйке // Самопознание kz. – 2011. – №7. – Б. 25-27. 

4.  Әкімбаева  Ж.  Өзін-өзі  тану  рухани  тәуелсіздіктің  қайнар  бастауы  [Мәтін]  / 

А.Б. ҚОЖАЕВА, С.А. НҰРҒАЛИЕВА. 1 (73) 2017. Б. 288-296   

 

 



                ISSN 1683-1667 

296

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Ж. Әкімбаева // Самопознание kz. – 2011. – №3. – Б. 30-32.

5. Есенғабылов Ш. Өзін-өзі тану [Мәтін] / Ш. Есенғабылов // Өзін-өзі тану. – 2014. 

– №5-6. – Б. 2-3.

 

REFERENCES



1. Sejtaqov A.S., Ozіn -ozі tanu. A.S. Sejtaqov. Ozіn-ozі tanu, 2011, 4 synyp, 11, 17, 27, 

39 (in Kaz).

2.  Qazhyqalieva  Zh.,  Ozіn-ozі  tanu  panіnіn  ulttyq  taqylymdarmen  sabaqtastyqy. 

Zh. Qazhyqalieva. Samopoznanie kz., 2011, 8, 25-29 (in Kaz).

3. Zhajke R., Ozіn-ozі tanu panі balanyn ruhani alemіn bajytu kozі [Matіn]. R. Zhajke. 



Samopoznanie kz, 2011, 7, 25-27 (in Kaz).

4. Akіmbaeva Zh., Ozіn-ozі tanu ruhani tauelsіzdіktіn qajnar bastauy. Zh. Akіmbaeva



Samopoznanie kz., 2011, 3, 30-32. (in Kaz).

5. Esengabylov Sh., Ozіn-ozі tanu. Sh. Esenqabylov. Ozіn-ozі tanu, 2014, 5-6, 2-3 (in 



Kaz).

 

ӘОЖ 331. 37.01:347



Н.Н. РАДЧЕНКО, С.Б. КАПЕЗОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Өскемен қ., Қазақстан

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ КӘСІБИ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

Мақалада  мектепке  дейінгі  мекеме  тәрбиешілерінің  кәсіби  құзыреттілігін 

қалыптастырудың мәні мен маңызы, атап айтқанда әр баланың зияткерлік, тұлғалық, 

әлеуметтік,  эмоционалдық  дамуындағы  тәрбиеші  қызметі  жан-жақты  сөз  болған. 

Тақырып  қызықты  және  де  бүгінгі  білім  беру  саласындағы  тәжірибелік  маңызы  бар 

мәселеге арналған.



Түйін  сөздер:  педагог-тәрбиеші,  кәсіби  құзыреттілік,  мектепке  дейінгі  мекеме, 

білім беру. 

РОЛЬ И ЗНАЧЕНИЕ ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 

КОМПЕТЕНТНОСТИ ВОСПИТАТЕЛЯ ДОШКОЛЬНОГО УЧРЕЖДЕНИЯ

В статье рассматриваются роль и значение формирования профессиональной ком-

петентности воспитателя дошкольного учреждения, а именно функции воспитателя: ин-

теллектуальная, личностная, социальная, эмоциональная в развитии ребенка.

Ключевые слова: педагог-воспитатель, профессиональная компетентность, до-

школьная учреждения, образование.

THE ROLE AND IMPORTANCE OF FORMATION 

OF PROFESSIONAL COMPETENCE OF TEACHERS AT PRESCHOOLS

In the article a role and value are examined forming of professional competence of edu-

cator of preschool establishment, namely function of educator in an intellectual, personality, 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал