Шығысы Алтай таулары мен батысы Каспий теңізі аралығын алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ – біздің қасиетті ата қонысымыз



жүктеу 290.27 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі290.27 Kb.
  1   2   3

Шығысы Алтай таулары мен 

батысы Каспий теңізі аралығын 

алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ 

біздің қасиетті ата қонысымыз

қазақ баласы өсіп-өнген киелі 

мекен. Қойнауына құт толған 

осынау байтақ даланы ата-

бабаларымыз қылыштың жүзі, 

найзаның ұшымен жан салып 

қорғады. Осы қасиетті жер үшін 

қаншама кескілескен шайқастар 

өткеніне кәрі тарихтың сарғайған 

парақтары куә. Арғымақ мініп, 

бес қаруын асынған баһадүр 

батыр бабаларымыз қасиетті 

жерімізге көз алартып, бейбіт 

жатқан еліміздің ұйыған 

тыныштығын бұзған алакөз 

дұшпандармен қасық қаны 

қалғанша айқасып, ұлтарақтай 

жерді де жатқа бермегенін тағы 

да тарихтан білеміз. Алайда қазақ 

басқыншы халық емес, әуелден-ақ 

бейбітшілікті жақтаған мәмілегер 

ел. 

Қазақ  елінің  тұтастығын  ойлаған  Керей 

мен  Жәнібек  1465  жылы  Шу  мен  Талас 

өзендері  бойында  алғаш  Қазақ  хандығын 

құрып,  бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетіміздің 

іргесін  қалады.  Олардан  соң  да  қазақ 

мемлекетін қалыптастыру жолында көптеген 

хандар  таққа  отырып,  өздерінің  сара 

жолдарын салды...

Биыл  қазақ  хандығына  550  жыл 

толды.    Осы  мерейтой  аясында  көптеген 

тарихшыларымыз  тың  еңбектер  жазып, 

қазақ  хандығының  тарихы  жайында  көркем 

фильмдер  мен  деректі  фильмдер  түсіріліп 

жатыр.  Бұл  өз  кезегінде  кейінгі  ұрпақтың 

тарихын  танып,  бойларындағы  патриоттық 

рухты оятуға ықпал етері сөзсіз. 

Бүгінде  қоғам  тыныштығын  күзетіп, 

тұрғындар  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 

ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тынымсыз 

жұмысы  сол  кешегі  қасиетті  жерін  қорғаған 

батыр  бабаларымыз  бен  ел  ішінің  бірлігін 

сақтаған  хандарымыздың  ұлы  істерінің 

жалғасындай  көрінеді.  Ендеше,  осы  салада 

еңбек  етіп,  қоғамдық  тәртіпті  қадағалап, 

тәуелсіз  елімнің  өркендеуіне  үлес  қосып 

жүргенімді мақтан етемін. 

Есенғали ДАУТОВ, 

аудандық ІІБ-нің криминалды аға 

жедел уәкілі, полиция капитаны.

№59 

(9132)

29 шілде,    

сәрсенбі, 

2015 жыл

2015 – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖЫЛЫ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ

БАҚШАСЫН ЖАЙҚАЛТЫП,

ҚЫМЫЗ САПЫРҒАН

МАҚСАТ – ҚОҒАМ 

ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТАУ

ОҚУ – ЖАТТЫҒУ

Кездесуді  аудандық  ардагерлер  кеңесінің  

төрағасы  С.Алиев  ашып,    «Тілі  басқа  тілегі  бір,  

жүзі басқа  жүрегі бір» ұлт өкілдерінің  бір мақсатта  

еңбек  етіп,  қазақ    халқының    салт-дәстүрін  

құрметтеп,  еліміздің  өсіп-өркендеуіне  үлестерін 

қосқанын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығы  аясында өтіп жатқан іс шаралармен, 

аудандық  ардагерлер    кеңесінің    атқарып  жатқан  

жұмыстарымен    таныстырып  өтті.  Облыстық, 

ардагерлер  кеңесінің    ұйымдастыруымен  өнер 

фестивалі  өтетінін айтып,  ұлт өкілдерін  осы өнер  

сайысына  қатысып, атсалысуға шақырды.

Кездесуге 

қатысушылар 

ұлт 


өкілдерін 

құрметтеп,  елдің  бірлігі  мен  тыныштығын  

сақтаған тұңғыш Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  

атына  алғыстарын  айтып,  ризашылық  сезімдерін  

жеткізді. Көңілдеріне кірбің салып жүрген  кейбір 

мәселелерді  де  жасырмады.    Ардагер  Сетракова 

С.И. кент орталығындағы  С.Мұқашев  атындағы  

парктің    күтімге  алынбай,  күл-қоқыс    шашылып 

жатқанын жеткізді. Хван Галина  кешегі  жылдары 

зорлықпен жер аударылған ұлттардың балаларына  

мемлекет  тарапынан      қандай  көмек    берілетінін  

сұрады.  Хайрудинова    С.Ш.  Елбасы  Жолдауында  

айтылған  міндеттерді  орындап, жүзеге  асыруға 

баршамыз  болып  үлес    қосуымыз  керектігін  

айтты.  Пак  Лилия    аудан  жаңалықтарын  жазып, 

жеткізіп  жатқан  аудандық  «Жалағаш  жаршысы» 

газеті  ұжымына алғысын айтып, алдағы уақытта 

еңбек    ардагерлері  жайлы  көбірек  жазылса  және  

редакцияға  жаңа  ғимарат  берілсе  деген    ойы 

мен  ұсынысын    ортаға  салды.  Коновалова-менің 

науқас    немерем  бар,  аудандағы    мүмкіндігі 

шектеулі балаларға арналған «Ұмай» балабақшасы 

жылына  7-8  ай    жұмыс  істеп  жабылып  қалады. 

Олардың  тұрақты  баспанасы,  дұрыс  жалақысы 

жоқ. Науқас балалар қайда барарын білмейді.  Осы 

балабақшаның    жыл  бойы  жұмыс  істеуіне  ықпал 

етсеңіздер  десе,    аудандық  «Жалағаш  жаршысы» 

газеті  редакторының  орынбасары  С.Бертаев  

Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылы  ұлт өкілдері 

жайлы  жазылған  материалдар  жинақталып,  кітап 

шықса деген ұсынысын айтты.

«Денсаулық  сақтау  саласының  үздігі», 

«Қазақстанға  еңбегі  сіңген  дәрігер»  аудандық  

медицина  саласы  ардагерлер  кеңесінің    төрағасы 

С.Қалыбаев,  ардагер  Ж.Ағыбаев  ұлт  өкілдерінің  

өмірі,  еңбек    жолдары  жайлы  әңгімелеп,  игі 

тілектерін  жеткізді. Кездесу  барысында  айтылған  

ұсыныс-пікірлері  мен    сауалдарға  аудандық  

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  С.Алиев    жауап 

берді.    Тиісті  орындармен  хабарласып,  айтылған 

мәселелердің    шешімін  табуына    ықпал    ететінін 

айтты. 


Кездесу 

соңынан 


аудандық 

мәдениет 

бөлімінің  әншілері  А.Ерәлиева,  С.Шәріпқұлов 

А.Қоразбаевтың  патриоттық және халық  әндерін 

орындап,  өнер көрсетті. Ардагерлерге сый-сияпат 

жасалып, ескерткіш суретке түсті. 



С.КӘРІБАЕВ.

ТАТУЛЫҚ ТУЫ – ТҰҒЫРДА

Үстіміздегі 

жылы шілде 

айының 27-ші 

жұлдызында 

Қазақстан халқы  

Ассамблеясының  

20 жылдығы  

мерекесі  аясында  

аудандық 

ардагерлер 

кеңесінің 

ұйымдастыруымен  

«Жігер» мәдени 

- сауықтыру  

кешенінің  мәжіліс 

залында өзге 

ұлт өкілдерімен 

«Бірлігіміз 

жарасқан» 

атты  тақырыпта  

кездесу  болып 

өтті.

Оқу-жаттығу 



барысында 

ҰҚК 


өкілдері  терроризмнің  қауіп  қатері 

жөніңде  түсінік  беріп,  бұл  тұрғыда 

құқық  қорғау  органдарының  және  өзге 

де ведомстволардың терроризмге қарсы 

жүргізген  іс-шаралардан  хабардар  етті. 

Сондай-ақ,  аудан  әкімінің  орынбасары 

Қ.Мұстафаева,  төтенше    жағдайлар 

бөлімі  бастығының  міндетін  атқарушы  

Б.Азаматовтар тактикалық оқу-жаттығу 

жұмыстарының 

жүргізу 

тәртібін 

түсіндірді.

Оқу-жаттығу 

барысында 

жасырынған 

террористерге 

қарсы 


Ағымдағы айдың 25 

жұлдызы күні терроризмнің 

алдын-алу, ведомствоаралық 

әрекетті одан әрі нығайту 

мақсатында Қызылорда 

облысы Байқоныр қаласы 

және Қармақшы аудандық 

ҰҚК мен аудандық ішкі істер 

бөлімінің ұйымдастыруымен 

терроризмге қарсы 

күрес жөніңде «БАБАНК 

АНТИТЕРРОР» атты оқу 

жаттығуы болып өтті.

 ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУ 

 ӘР АЗАМАТҚА ПАРЫЗ

операция  ұйымдастырылып,  тұрғындар 

қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілді.  Шараға 

жұмылдырылған  ұлттық  қауіпсіздік 

комитеті  қызметкерлері  мен  тәртіп 

сақшыларының  ширақ  қимылдарының 

нәтижесінде  лаңкестік  іс-әрекеттердің 

жолы  кесіліп,  жарылғыш  заттар  мен 

қару-жарақтар 

залалсыздандырылды. 

Медицина  саласының  қызметкерлері 

аталған  ғимартта  болған  тұрғындарға 

алғашқы көмек көрсетті.

Оқу-жаттығулар аяқталған соң, арнайы 

операцияны  жіті  қадағалаған  басшылар 

кеткен  қателіктер  мен  жетістіктерді 

сарапқа салды.

Осылайша,  жұмылдырылған  күш 

лаңкестікке  қарсы  іс-әрекет  етудің 

амал  тәсілдерін  үйреніп,  тәжірибелік 

машықтарын жетілдірді.

Н.ҚАЗБЕКОВ,

М.АХМЕТОВ (сурет).

ІС – САПАР

Мақсатымыз  –  бірнеше  жылдан 

бері  аяқсу  бармай,  кенезесі  кепкен 

жерде  жайқалып  өскен  бақшалықты 

көру,  кебірсіп  жатқан  жерге  су  апарып, 

егін  салған  еңбеккерлермен  танысу.  

Жаңадария 

ауылының 

солтүстік 

батысында  орналасқан  айдын  көл 

халық  аузында  «Бестам»  аталып  кеткен 

бұл  аймақта  бір  кездері  мал  азығын 

дайындайтын  цех,  10  мың  бас  қой,  300 

бас жылқы малын бордақылайтын үлкен 

кешен болған...

Тоқсаныншы  жылдардың  басында 

Кеңес  одағы  тарап,  балапан  басына, 

тұрымтай тұсына кеткен тұста Жаңадария 

ауылының тұрғыны, сол ауыл құрылған 

жылдан  бастап  зейнет  демалысына 

дейін есепші болып еңбек еткен «Батыр 

ана»  Қазына  Сермаханова  қолдағы 

мал  басын  аман  алып  қалып,  «Қазына» 

шаруа  қожалығын  құрады.  Өмірлік 

жолдасы кенеттен дүние салып, отыз бес 

жасында  жесір  қалған  Қазына  апайдың 

ондағы  мақсаты  –  төрт  түліктің  тұяғын 

көбейтіп,  ата  кәсіпті  қайта  жандандыру 

болыпты. Бертін келе кәсібін ұлғайтып, 

қымызхана  ашуды  көздеген  Қазына 

апай  мемлекеттен  берілетін  қаржылай 

көмектерді  тиімді  пайдаланып,  ірі  қара 

малының басын еселеді. Өйткені жылқы, 

түйе  сүтінен  даярланған  өнімдерді 

тұрғындардың сұранысына сай ұсынып, 

отыз  мыңнан  аса  халықты  қамтамасыз 

ету  керек.  Кәсібін  патенттеп  алған 

Қазына  Сермаханова  бірер  жыл  бұрын 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 млн 

теңге  несие  алып,  ет,  сүт  бағытындағы 

сиыр  мен  асыл  тұқымды  бұқалар  алды. 

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында 

«Сыбағадан» 

сыбағасын 

алған 

кәсіпкердің  бүгінде  мал  тұяғы  басатын 



өрісі кеңейді. 

Қазына 


апай 

балаларының 

барлығын  еңбекке  ерте  араластырып, 

адал  еңбекпен  тапқан  нанның  дәмді 

болатынын  саналарына  құйып  өсірді. 

Бүгінгі күні барлық балалары да жоғары 

оқу  орындарын  бітіріп,  еліміздің 

әр  өңірінде  лауазымды  қызметтер 

атқарып  жүр.  Қазірде  «Қазына»  шаруа 

қожалығының  төрағасы–үлкен  ұлы 

Әскербек  Смайылов.  Ұзақ  жылдардан 

бері  банк  саласында  жемісті  қызмет 

етіп  келе  жатқан  тәжірибелі  білікті 

  Таңертең ертелетіп 

аудан орталығынан біз мініп 

шыққан көлік ой-шұқыры 

көп асфальт жолмен 

шоқырақтатып салып 

келеді. Бет алған бағытымыз 

– «Айнакөл». Жарты 

сағаттан соң жүргізуші 

көліктің жылдамдығын күрт 

төмендетіп, оң қапталға 

бұрылып, жайдақ жолға түсті. 

Борпылдақ қара жолдан 

көтерілген қою шаңды жарма 

жағасында жайқалған қамыс, 

құрақтар тұтып алып қалып 

жатыр. Жарманы жағалап 

отырып діттеген жерімізге де 

жеттік.

маман  Әскербек  өткен  жылы 



жоғарыда  айтқан  «Айнакөлден» 

100  гектар  бақшалық  жер  ашып, 

қауын-қарбыз  егуді  жоспарлайды. 

Алайда,  бірнеше  жылдан  бері 

аяқсу  бармаған  жерге  тұқым 

тастағанмен  өнім  бермейтіні 

белгілі.  «Байқоңыр»  әлеуметтік 

кәсіпкерлік 

коорпорациясының 

қаржыландыруымен 

19 

млн 


теңгеге  «Жаңа  арна»  каналынан 

бір  құлақ  тартып  жеті  шақырым 

жердегі  бақшалық  жеріне  аяқсу 

алып  барады.  Сонымен  бірге 

шаруашылыққа  қажетті  жаңа 

техникалар  алады.  Нәтижесі  жоқ 

емес, сағым ойнаған иен даладағы 

бақшалық алқап көкпеңбек болып 

сонадайдан  көзге  түседі.  Пәлек 

арасынан 

қауын-қарбыздың 

«ница»,  «климсон  свит»  секілді 

жаңа  сорттары  жақын  арада 

уылжып  пісетінінен  хабар  беріп, 

домаланып  көрініп  жатыр.  Бұлар 

келісім-шарт  бойынша  сабағынан 

үзілген  бойда  көліктерге  тиеліп, 

батыстағы  көрші  мемлекетке 

жол  тартады.  Қожалық  төрағасы 

Ресейге  2800  тонна  көкөніс 

жөнелтуге «Байқоңыр» әлеуметтік 

кәсіпкерлік 

коорпорациясына 

қарасты  «Қазына»  ЖШС-мен 

келісім-шартқа 

отырыпты. 

Сондай-ақ,  қазірде  қыстық  мал 

азығын  дайындау  мақсатында  15 

гектер жерге егілген жоңышқаның 

үшінші орымы басталып жатыр.

  

Жалғасы 4 бетте.


Ұрпақтар  бірлігі мен 

сабақтастығы-болашаққа 

бағдарланған  жаңа құндылық  

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасы Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы «Қазақстан 2050» стратегиясы  

осынау  мәңгілік    жолдағы  буындар 

бірлігінің,  ұрпақтар  сабақтастығының 

көрінісі.  Осы  Жолдауда  “Бабалардың 

ерлігі бүгінгі  буынның  ерен істері және 

жас  ұрпақтың жасампаздығы  арқасында 

сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәңгілік 

Ел» боламыз. Сіздердің  көргендіктеріңіз  

бен  өмірлік    тәжірибелеріңіз  кейінгі 

буынның ерен істері және жас ұрпақтың 

жасампаздығы арқасында  сабақтастық 

болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. 

Сіздердің  көргендіктеріңіз  бен  өмірлік 

тәжірибелеріңіз  кейінгі    буынның 

ақиқат жолынан  адаспай, алға басуына 

септігін тигізеді. Мен барша халқымды  

болашаққа  жол  бастайтын    адамзат 

баласын  мәңгілік  құндылықтары–ерік-

жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік 

қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын”-

деп  көрегенді  ой  түйіндеген  болатын.  

Елбасы  айтқандай    Отанды  сүю-

бабалардан  мирас  болған  ұлы  мұраны 

қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай 

сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және 

кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау 

деген сөз. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 

қазақ    әйелдерінің    тылдағы  ерлігі, 

ерлікке  толы    даңқты    істерін    өткен 

күндер өшіре алмайды, қайта ол  уақыт 

өткен  сайын  ерекшеленіп    құндылығы 

арта  түспек.  Ғасырлар    тоғысындағы  

соңғы  жүз  жылдың  өзінде  әлемде, 

елімізде және туған өлкемізде әрбір күні, 

әрбір  сәті  мың    жылдыққа    татырлық 

орасан  зор  оқиғалар    орын  алды.  Осы 

орайда  мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ 

халқының талай тар жол, тайғақ кешуден 

өткені анық. Мұның бәрі де күні  кешегі 

уақыттың  риясыз  шындығы.  Оның 

бәрін де даланың иісі бұрқырап, бүгінде 

арамызда  аман  сау  жүрген  қадірлі 

қарттарымыз  тікелей  бастан  өткерді. 

Сондықтан  да,  олардың  кешегі  және 

қазіргі  кезең,  ертеңгі  болашақ  жайлы, 

адамдық құндылықтар туралы өміршең 

ой-толғамдары, туған Отанымыз, егемен 

еліміздің  тәуелсіздік  тұғырын  берік 

бекіту,  әлемдік  өркениеттің  алдыңғы 

қатарына қосу, ұлтымызды ұлағатты ету 

хақындағы  жанашыр    аманат-лебіздері 

баршамыз  үшін  зор  ғибрат.  Қырық 

жылдан  астам  саналы  ғұмырын  жас 

ұрпақ  тәрбиесіне  арнаған    Қазақ  ССР 

Республикасы    білім  беру  ісінің    озық 

қызметкері,    еңбек  ардагері,  Жеңісті 

жақындатуға  үлесін қосқан аяулы ана, 

ұлағатты  ұстаз  Оразымбетова    Бейбіт 

апайымның  тылдағы еңбегі мен ерлігі 

жайлы айтпақшымын.

Бейбіт  апай    1917  жылы  Арал 

қаласында  туылған.  1937  жылы 

Қызылорда қаласындағы педагогикалық 

училищесін    бітірген.  Бұл  кезде 

училище  1937  жылы  қысқа  мерзімді 

факультативтік    курстарда    бастауыш  

мектеп және жетіжылдық  мектептерге 

әдебиет,  физика-математика,  тарих, 

география    пәндерінен    мұғалімдер 

даярлады.    1939  жылдан  бастап  Арал 

қаласындағы  қазақ  орта  мектебінде 

бастауыш  мектеп    мұғалімі  қызметін 

атқарды.  1942  жылдың 20 тамызында  

Жалағаш ауданындағы 1 май мектебіне 

география  пәнінің  мұғалімі  болып 

ауысты.  1943-1947  жылы  мектепте 

оқу  ісінің    меңгерушісі  қызметін 

атқарған.  1945 жылы партия мүшесіне 

қабылданып, 

1947-1960 

жылдар 

арасында  бастауыш  партия  ұйымының 



секретары  болып  жұмыс  жасап, 

жас  ұрпаққа  сапалы    білім,  саналы 

тәрбие  берді.  Қазіргі    «Мәдениет» 

ауылына    келгенде  ауыл  үйлері  әр 

жердегі  қыстаудан  көшіп  келіп, 

орталықтандырылып  жатқан  кез  еді.  

Бірен-сараң  мал ұстаған үйлер, биік-биік 

жота  құмның  арасында  3-4  үй  «Қызыл 

жұлдыз»    колхозы  болып  құрылып 

жатқан  еді. Ол кезде ауылда мектеп жоқ 

екен.  Бір  байдың  қозы  қорасын  алып, 

құм төсетіп, колхоз 1-2 адам беріп, сол 

кісілер  көмектесіп,  4-5  парта  алдырып 

қозы қораны шағын класқа айналдырып, 

сабақ оқытты. Көп қиындықтар болды. 

Еңбек-ер  атандырады  дегендей,  Бейбіт 

Оразымбетова  өзінің  еңбексүйгіштігі, 

адамгершілігі,  білімділігімен    жана-

шырлығының  арқасында    құрметке 

бөленген  жан.  Ұстаз  еңбегі  еленіп, 

«Еңбек  ардагері»  мерекелік  медалі 

мен 


«Құрмет 

грамоталарымен» 

марапатталды. 

-Дерек көздерін өзінің көзі тірісінде 

қағазға  түсіріп,  көп  тыңдап  өстім. 

Еңбек  ете    жүріп  соғыстың  зардабын 

Бейбіт  әжем  де  тартты.  Әжемнің  өз 

аузынан    естіген    әңгімелерім:  “1942 

жылы  партия  мүшесіне  қабылдандым. 

Тапсырма  өте көп, талап қатал. Соғысқа 

бармаған  ерлермен  бірдей  күріш 

масағын  жинаймыз.  Бұғанасы  қатып, 

буыны    бекімеген  жас  балалармен 

түске  шейін  оқу,  түстен  кейін  масақ 

теру.  Балалардың    маңдайынан  тері 

төгіліп,  әбден  шаршайды.  Егістікте  бір 

дән  қалмау  керек.  Масақ  тере  жүріп  

барлығымыздың  девизіміз  «бір  дән 

жауға  атылған  оқ».  Соғыстың  салдары 

балалардың  көңіліне қаяу түсіре қойған 

жоқ,  сонда  да  дән  тере  жүріп  атыз 

тазалап,  әндетіп  түнді болдыратын. Әлі 

күнге дейін Ибаш деген  қыздың дауысы 

құлағымда,  керемет  әнші  еді,  дауысы 

алысқа  жететін.  Масақ  тере    жүріп  

айтылған    әннің    құлағымда  әлі  күнге 

әуендеп  келіп    отыр.  Күнде  осы  тірлік 

қайталана келіп отырады. Бір күні тағы 

бір жүріп өтіңдер, масақ  қалмасын, деп 

едім,  балалар  шаршағанын    білдірмей 

кеш қарайса да қайта атызға түсе кетті.  

Барлық бала бір уыстай масақ  жинады. 

Қаптың  аузын    ашқан  жоқпын,  тез-тез 

үйлеріне  барыңдар дедім. Қуанғандарын  

көрсең.    Өзім  отыра    қалып  жыладым. 

Биік төбеге шығып  арттарынан  қарап 

тұрдым, біреу-міреу ұстаса  мен кеттім  

жауапқа  тартылып  деп...    Соғысқа 

кеткен    азаматтарға  күріш,  ет,  тоқыма 

жіберу керек. Партияның тапсырмасын 

мүлтіксіз    орындау    мақсат.  Қиналып 

жүріп  от  пен  өрттің  ортасындағы 

қиналған  бауырларға    көмек  беру 

керек. Біз іске барлығымыз бір адамдай 

жұмылдық”.  “Майданға  аттанған  ер 

азаматтардың  орнын жоқтатпай, өздері 

аш құрсақ жүрсе де жеңіске  деген үмітін 

жоғалтпай  барлық    ауыртпалықты  

көтере  білген    әжемді  мақтан  етемін”-

дейді  ұстаз  ананың    немересі, 

М.Мәметова    атындағы  Қызылорда 

гуманитарлық    колледжінің    тарих 

пәнінің мұғалімі Ләззат Ахметова.

Тыл  ардагері,  ұлағатты  ұстаз  

Б.Оразымбетованың отбасы тәрбиесінің  

тереңдігінен    еңбекқор,  адамгершілік 

қасиеттері  жетерлік    ұрпағы  елжанды  

болып өсіп келеді. Үлкен ұлы Қуандық 

43  жыл  еңбек  етіп,  1  Май    ауылдық  

совет  председателі,  ауылдық  кеңестің 

төрағасы,  Мәдениет  ауыл  әкімі, 

жасөспірімдер 

спорт 

мектебінің  



директоры    қызметін  атқарды.  Қазір 

зейнеткер.  Қызы  Тұраш  ана  жолын 

қуып ұстаздық  қызмет атқарады. Кіші 

ұлы  инженер  –механик  болып  жұмыс  

жасап келеді.

Ұлы  Жеңіс  күні  тарихымызға  

тереңдеп  алыстаған  сайын  оның 

ұлылығы  мен    құндылығы  дараланып, 

арта  түседі.  Қан  майданда    ажалмен 

арпалысып  жүріп,  ғажайып    ерлік  

жасаған    аға  ұрпаққа    көрсетілетін 

құрмет  ерекше  болмақ.  Ел  қорғауға 

Қазақстанның    ұл-қыздары    жан  аямай  

белсене қатысты. Олар майданда, тылда 

небір  тамаша  ерліктің,  ерен  еңбектің, 

қайрат-жігердің  үлгісін  көрсетті.    Жау 

өтіндегі жауынгер  оққа денесін төсеп,  

көзсіз  ерлік  көрсетсе,  тылдағы  елдің  

жанкештілері    арыстанша    аласұрып, 

«Бәрі  майдан  үшін»  ұранымен  күнді 

түнге  ұрды.  Қан  кешіп  жүргені  де, 

ұйқы-күлкісіз еңбек көрігін  қыздырып,  

Жеңісті  жақындатты.  Солардың  бірі 

Бейбіт 


Оразымбетованың 

ерлігі, 


ұстаздық    еңбек  жолы  кейінгі  ұрпаққа 

үлгі-өнеге  болып қала бермек.



Серік БЕРТАЕВ.

№59   (9132)   29.07.2015

2

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ!

ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ

2015 жылдың 23 маусымындағы  Қызылорда облысы  

әкімінің  орынбасары    Н.Әлібаевтың  төрағалығымен 

өткен    облыстық  төтенше  жағдайлардың    алдын 

алу    және  оларды  жою  жөніндегі    комиссиясының   

кезектен  тыс  отырысының  №15-5/4218  хаттамасында 

«Облыс  аумағындағы    өрт  қауіпсіздігі  мәселесі 

туралы»  тапсырмалар  берілген  болатын.  Соған  орай, 

Жалағаш    ауданының  Төтенше  жағдайлар  бөлімінің 

ұйымдастыруымен  ағымдағы  жылдың  шілде  айының 

16-17  күндері    аудан  әкімшілігі    мен  кент  әкімшілігі  

ғимараттарына  өрт  және  төтенше  жағдайлардың 

алдын алу, адам қазасын болдырмау мақсатында   өрт 

тактикалық жаттығу өткізілді. 

Жаттығу  барысында  №6  өрт  сөндіру  бөлімі, 

Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі, “Жедел жәрдем” 

бөлімшесі,    «КРЭК»  АҚ  Жалағаш  филиалы  және 

«Жалағаш  орман  және  жануарлар  дүниесін  қорғау» 

ММ-нің  өрт  сөндіру  бөлімшелері  қатысты.  Жаттығу 

кезінде  өзара  бірлесіп  әрекет  ету  жоспарына  сәйкес 

«Дабыл»  белгісі  бойынша  өздеріне  бекітілген 

міндеттерін орындады.

Бұндай  тактикалық  жаттығу  жұмыстары  алдағы 

уақытта да жалғасын табатын болады.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал