Шығыс беттегі терезеден енген күзгі таңның көмескі сәулесі біртіндеп бөлме



жүктеу 30.22 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі30.22 Kb.

62

www.irs-az.com



TAҢҒЫ ТҰМАН

әңгіме


Шығыс беттегі терезеден енген күзгі 

таңның көмескі сәулесі біртіндеп бөлме 

қараңғылығын сейілте бастады. Ол өзін 

күнделікті ұйықтап жүрген керуетінде емес, 

көзге бұлттан, жерден, күннен өзге ешнәрсе 

шалынбас, ұшы-қиыры жоқ, шеті-шегі 

жоқ белгісіз әлдебір таңғажайып әлемде 

жүргендей сезінді.

Ол жанарын таңғы көмескі сәуледен 

айыра алмады. Көрген түсін есіне түсірмек 

боп әуреленіп төсекте ары-бері дөңбекшіді

бірақ таң сәулесі бетінде ойнап, көзін шағып, 

түс одан әрмен ұмытыла бастады. 

Тұрғысы келгенмен дәрмен жоқ. Денесін 

жаншыған кәріліктен қашып құтыла алмасын 

барлық болмысымен түсінді. Бұл салмақты 

ол бүкіл жан-жүрегімен сезінді. Қарттық 

деген белгісіз бір күштің ырқына көне 

отырып, ауыр күрсінді. 

Азим-киши аурулы екенін бұрынан 

білетін, денесіндегі аурудан қашып 

құтылудың өз-өзінен қашып құтылу екенін 

де жақсы білетін. Қанша тырысқанымен 

Азим-киши өлімнен қашып құтыла алмады, 

себебі, өлім оның ішкі жан-дүниесіне мықтап 

орныққанды, дерт, ауру шаршау түрінде 

қанына сіңді, барлық болмысы өлімнің иісін 

анық сезінді. Не істесе де өлім тырнағы 

оны босата қоймады, күнен-күнге ұлғайып, 

Азим-кишинің оны өзімен бірге алып 

жүрерліктей күші қалмады. Азим-кишинің 

жанын жегі құрттай жеген тағы бір мұңы – 

өзін балаларының иығындағы артық жүктей 

сезінуі, масылмын деп түсінуі. 

Осы үйдің ақсақалы бола тұра, бүкіл 

отбасылық, үй-ішілік мәселелердің өзінің 

қатысынсыз шешілуі қапаландырды. Ыстығы 

көтеріліп, тәбетін жоғалтып, күнімен төсекте 

жатуының себебін кәріліктен көрді. Ауру 

екені рас, дегенмен, оны мазалаған жағдай 

басқа. Ең үлкен қайғы – өз үйінде өзгенің 

күйін кешуі еді. 

Зіл басқан денесін көтеріп аулаға шықты. 

Таңғы салқын ауа денесін тітіркендірді

қалтыраған қолдарымен жейдесінің 

түймелерін салды.

Бұрын да ерте тұратын. Таң атар-

атпастан бау-бақшаны суғарып, малды 

өріске айдап, тауықтарын қорасынан 

шығарып үлгеретін. 

Елу жылдан бері тура осы әрекет 

күнбе-күн қайталанатын. Тірі кезінде әйелі 

қанша ерте тұрғанымен, ол бұл кезде 

аулада жүретін. Ал енді келіні мен ұлы әлі 

ұйықтап жатыр. Оларды оятуға батылы 

бармайды, тіпті ол туралы ойлауға да жүрегі 

дауаламайды. Мейлі, өз ақылдары өздеріне 

жетеді, қалай өмір сүрем десе де өз еріктері 

өздерінде. 

Немерелері таңға дейін көз ілмейді, 

әсіресе, кішісі – көзінде бір тамшы ұйқы 

жоқ. Солардың кесірінен не дұрыс ұйқы 

жоқ, не дұрыс демалыс жоқ. Бірақ бұл 

жүйкесіне тимейді де, мазаламайды да. 

Керісінше, ұйқысыз түндерде олардың 

дауысы жалғыздығын ұмыттыратын тірек, 

қорғаныш. Мұндай түндерде немерелерінің 

айғай-шуы, даусы естіліп тұрса болғаны, 

басқа еш нәрсенің қажеті жоқ. Бұл жасында 

жалғыздықтан өзге еш нәрсе жанын шошыта 

алмайды. 

Өскін шөпті баса ақсақал бақтың алыс 

шетіндегі қақпаға шықты. Қорым жаққа көзін 

тікті. Көмескі сәуледен мазардың күміс 

күмбезін көру мүмкін болмады. Сәл кейін 

тұман тарқап, күн көтерілгенде күнмен 

шағылысқан күмбез таңғажайып сәулемен 

сонау ауыл шетінен жусан басқан даланы 

нұрландырады. Даланың о шеті мен бұ 

шетіне дейін жеткен таңғы сәулелі салқын 



Вагиф СулТАНлЫ, 

Азербайжан жазушысы.



63

ауасы қартты тітіркендіріп жіберді.

Таңғы тұманда көк шалғынмен 

көмкерілген жусанды дала алыстан 

мұнартып көрінеді. Тұман күнмен бірге көк 

шалғынға дейін созылып жатыр. Жанының 

бір бөлегі тұманмен араласып жусанды, 

көк шалғынның үстімен бейне бір қалықтап 

бара жатқандай. Соңғы күндерде биік жарда 

тұрып тұман тарқағанша ойға шоматынды 

шығарды. 

– Қайырлы таң, Азим-киши!

Қарт селк етті, бірақ дауыстың қайдан 

шыққанын ұқпады.

– Қайырлы таң, ұлым!

Тұманды далада алыстап бара жатқан 

аяқ дыбысы біразға дейін естіліп тұрды. 

Бір кездері таң атқаннан кеш батқанға 

дейін ат үстінде жайылым іздеумен күн 

өткізетін. Өмірі осылай ат үстінде өтті. Міне 

қазір біршама уақыт болды атын қоя берді. 

Мұндай еркіндікке үйренбеген аты алысқа 

ұзамай үй жанындағы шалғында жайылады. 

Кей сәттерде атының пысқырған дыбысын 

естиді. Әлде иесінің басындағы қайғыны 

сезіне ме, әлде басқа себебі барма әр түн 

сайын үйге қарап, ұзақ кісінейтінді шығарды. 

Мұндай сәттерде қарт атының шақырған 

дыбысын естиді, бірақ бақ артындағы 

шалғында жүрген атына баруға кәріліктің 

мейірімсіз уысынан бұлқынып шығар күші 

жоқ, шарасыз бір хал кешетін. 

Таңғы тыныштықты судың сылдыры 

бұзды, бірақ мына бір дыбыс сумен 

үндеспей, ауада із тастап әлдеқайда кетіп 

барады.


Енді бір сәтте бау-бақшаның бәрі, тіпті, 

кішкентай өскінге дейін бұдан алыстап бара 

жатты. Таңғы салқында тұманға шомылған 

ағаштарға қараса өне бойын бір аяныш 

сезімі билеп алады. Олар неге мұнша 

жылайды? Күн шығар, ағаштардың көз 

жасын құрғатар, олар қайтадан ешнәрсе 

болмағандай бақытты кейпіне енер. 

Таңғы тұман өзенге асылып барып, 

бірте-бірте ағаш жапырақтарына, бақшаға 

көк шалғынға жайыла бастады. Адам өмірі 

де тұман сияқты өзі өмірден өткен соң 

орнында жалғыздық, бос кеңістік қалады. 

Осы шындықты барлық жанымен сезіне 

тұра, өмірдің өтеріне сенбейді, адамзатты 

мәңгілікке алып кетер бұл шарасыз 

шындықпен келісе алмайды. 

Бір кездері бақ пен жусанды далаға, 

көк шалғынға жайылған таңғы тұманмен 

араласып алар өз демінің мәңгілікке 

тоқтары қарттың қаперіне де келмепті. 

«Егер адам баласының барар жері 

жер болса, өлімнен қашып құтылар жол 

болмаса, денеміз күндердің күнінде 

топыраққа айналатын болса, өмірдің 

соңы өлім болса, кәне сонда мәңгілік, 

кәне сонда шексіздік? Неге адам баласы 

осындай заттардан жұбаныш іздейді, неге 

ол өзін мұндай болмашы жұбаныштармен 

алдайды....»

Тұманмен араласып атының кісінеген 

даусы естілді. Жүрегінің атқақтағаны 

сондай, есін жоғалта жаздады. Аяғына әрең 

тұрып, қақпадан ұстай алды. «Беймезгіл 

уақытта аттың кісінегені несі? Мүмкін 

иесінің жақын тұрғанын сезетін болар? Таң 

атар-атпастан бұл не шақыру? Дыбыстың 

жақыннан естілгені сондай, өкініштісі, 

тұманның кесірінен ешнәрсе көзіне 

шалынбады. 

Атын шақырғысы келген, даусы 

шықпады. Құдды даусы ішінде түйін боп 

байланып қалғандай.

Құстар шықылықтап, төбесін айнала 

ұшты. Әр түрлі дыбыстардан сүйегіне дейін 

тітіркенді. Шалқайып аспанға қарағанмен де 

тұманнан көзіне еш нәрсе көрінбеді. Жан-

дүниесінің бір бөлегі тұманмен араласып, 

құс дауысына қосылып, әлде бір алыс-алыс 

жаққа ұшып бара жатты. «Мейлі, кішкене 

жазылып алайын, қоршауды жөндеуім 

керек, ..... әйтпесе иесіз үйдей көршілерден 

ұят. Анар бұтақтарын, жүзімдікті кесу керек. 

Әне-міне дегенше қыста қыр астында. 

Жаңбырлы маусым басталмай тұрып, 

бақшаның төменгі жағындағы шөпті шауып 

маялап қоюым керек. Тек қана ауруым сәл 

жеңілдесін...» Осының бәрін ойлай тұра ол 

артына мөп-мөлдір әлемін қалдырып бара 

жатқан таңғы тұманнан көзін айырмай ұзақ 

тұрды. 

Бақ үстінде көк шалғынға сіңіп бара 



жатқан тұманның өміріндегі соңғы тұман 

екені қарттың қаперіне де кірген жоқ.



Бақытгүл  ҚҰлЖАНОВА,

аударған




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал