«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм ақпараттық–библиографиялық бөлімше



жүктеу 401.03 Kb.

бет4/4
Дата08.01.2017
өлшемі401.03 Kb.
1   2   3   4

 

4 ТАМЫЗ 

 

Марқакөл 

мемлекеттік 

табиғи қорығы 

 

құрылғанына 40 жыл 

(1976) 

 

 

 

41 


орналасқан. Көл сопақша созылған пішінді және  солтүстік 

шығыстан  оңтүстік  батысқа  қарай    созылып  жатыр.  Оның 

ұзындығы    38  шақырым,  енінің  ең  кең  жері  19  шақырым, 

жаға сызығының ұзындығы 106 шақырым, тереңдігі 24 – 27 

м    (орташа  14,3  м).  көл  шұңқыры  қоршаған  жоталардан: 

Күршім  –  солтүстік  пен  батыстан,  Азатау  –  оңтүстік  пен 

шығыстан,  Сорвенковский  –  солтүстік-шығыстан  пайда 

болған. Жоталардың теңіз деңгейінен биіктігі 2000-3000 м. 

Ең биік жер – Ақсу – Бас (3304.5м). 

Марқакөл көліне су 95 әр түрлі су көзінен келіп құяды. 

Едәуір ірі өзендер  –  Тополевка,  Төменгі  Еловка,  Матабай, 

Жиренька  Шалғай  және  Жоғары  Еловка,  Тихушка, 

Матабайка  мен  Тығыз  кілт.  Бұлар  кәдімгі  тау  өзендері, 

салыстырмалы жіңішке тасы арналы, ені 2-5 м, тереңдігі 2-

3м  және  өз  сағасында  атырауға  ұқсас  қиякөлең  – 

қырықбуынды  салдар  түзеді.  Қара  ертіске  құйылатын,  тек 

бір  ғана  өзен  –  Қалжыр  (ұзындығы  128  шақырым) 

Марқакөлден басталады. 

Ауа  райы  қатаң  континентальды,  қысы  қары  көп  әрі 

қатаң және жазы қоңыржай, әрі ылғалды. Марқакөл ауданы 

Қазақстан мен Алтайдың ең салқын жері. Тәуліктік орташа 

температура    0º-тан  жоғары  162  күнге,  0º-тан  төмен  203 

күнге  созылады.  Аязсыз  кезең  ұзақтығы  –  60-70  тәулік. 

Жазда температура  +29º-қа дейін көтеріледі. Қыста қатты 

аяздар болып, температура - 45º-қа төмендейді, кейде тіпті 

-  53º  болады.  Желтоқсан,  ақпанда  бірнеше  апта  бойы 

температура – 35-40º-тан түспей тұрып алады. 

Марқакөл  өлкесі  ежелден  дәрілік  өсімдіктердің  алуан 

түрлілігімен аты шыққан. «Қызыл тамыр» - шай тиынтағы, 

«марал  тамыры»  -  мақсыр  маралтамыры,  аты  аңызға 

айналған «алтын тамыр» - қызғылт семізот және т.б. емдік 

өсімдіктері  көпке  танымал.  Таудың  орманды  баурайлары 

жидекті  бұталарға:  қызыл  қарақат  –  атақты  «саумалдық», 

қара  қарақат,  таңқурай,  «бөріқарақаттар»  -  алтай  үшқаты, 



 

42 


алтай  рауғашы  бай.  Бұлардан  жергілікті  халық  ғажайып 

әсерімен аты шыққан керемет тосаптар дайындайды. Басқа 

да  тамақтық  өсімдіктерден  алтай  жуасы    кеңінен 

пайдаланылады.. 

Қорықтың 

жануарлар 

әлемі 

алуан 


түрлі. 

Омыртқасыздардан  көл  мекендеушілер  құрамы  жақсы 

зерттелген.  Зоопланктонның  60  түрі,  макрозообентостың 

136 түрі, тұщы су моллюскаларының 11 түрі белгілі. 

Омыртқалы  жануарлардың  қазіргі  фаунасы  негізінен 

тайгалы бірлестікке жатады, онда 325 түр бар. 

Көлдерде  балықтың  6  түрі  –  майқап,  сібір  хариусы, 

көлталма, теңгебалық, талма балық бар. 

Марқакөл қорығы құрылғаннан бергі 35 жылда бірегей 

табиғат  бірлестігін  зерттеу  мен  қорғау  жөнінде  елеулі 

жұмыстар  атқарылды.  Осы  уақыт  аралығында  қорық 

қызметкерлері омыртқалы жануарлар фаунасы есебін алды, 

жоғарғы  өзекті  өсімдіктер  есебі    аяқталуға  жақын,  көл 

гидробиологиясы  едәуір  жақсы  зерттелді.  140–тан  астам 

ғылыми  еңбектер  жарық  көрді,  оның  ішінде  бір 

монография    бар.  Зерттеу  материалдарынан  екі 

кандидаттық    жұмыс  қорғалды.  Көпжылдық  қорғау 

шаралары  нәтижесінде    марқакөл  майқабы    мен  хариусы, 

марал, бұлан, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық су 

бүркіті  мен  басқа  жануарлар  популяциялары  қалпына 

келді.  Шаруашылық  пайдаланатын  аймақта  өсетін 

үшжапырақ  субеде,  жапырақсыз орашық, жатаған ақүрпек 

пен  балтық  сүйсіні  түрлеріне  қарағанда,  қорық  жеріндегі 

сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлері 

жағдайы  енді  қауіп  тудырмайды.  2005  жылы  қорық 

шекарасын  кеңейту  жөніндегі    көптен  күткен    жоба 

жұмысы  жүргізілді,  оған  Тихушка  мен  Қалжыр  өзендері 

аңғары арасындағы Күршім жотасына жақын баурайы мен 

Марқакөлдің  солтүстік  және  батыс  жағалауы  кірді.  Жан 

аямай  қорғау  нәтижесінде    қорық    ормандары  өрт  пен 



 

43 


кесуден  сақталды,  шалғындар  өзінің  көп  гүлдері  және 

ашық  бояуларымен  көз  тартады,  ал  Марқакөл  біздің 

жеріміздегі  ең  таза  және  ең  әдемі  көлдердің  бірі  болып 

табылады. 

 

 



Әдебиеттер: 

 

Архабаев Ж.. Марқакөл қорығы – табиғи байлығымыз. 

[Мәтін]  /Ж.  Архабаев  //  Егемен  Қазақстан.  –  2010.  –  22 

маусым. -  Б.6.

  

Байғабылова,  А.  Қазақстан  қорықтары  [Мәтін]  /  А. 



Байғабылова ; ред. А. Жақыпова ; ҚР Білім және ғылым м-

гі. - Алматы : Аруна, 2003. - 11 б. 

 

    


Марқакөл  қорығы    [Мәтін]  //  Қазақстан  қорықтары.  – 

Алматы, 2007. – Б. 42 – 46. 

 

Марқакөл қорығы  [Мәтін] // Қазақстанның қорықтары 



мен  ұлттық  бақтары  /  құраст.  А.А.  Иващенко.  –  Алматы, 

2006. – Б. 139-149. 

 

 

Әдебиеттің  тарихи  мәртебесі  көтеріле  түскен  сайын 



оның  өзекті  қасиеті  –  ақиқат  –  таным  ақиқаты,  таным 

дәйектілігі де айқындала түсуде. Қазіргі рухани  жүгімізді 

тереңдей  тануға  құлшыныс  үрдісінде  әдебиеттің,  әдеби 

деректердің  ерекше  құндылығын  осы  заңдылықтан  деп 



 

15 ТАМЫЗ 

 

Әдебиетші, жазушы 

 

Тұрсын Жұртбайдың 

 

туғанына 65 жыл 

(1951)

 

 

44 


ұққан  орынды  сияқты.  Бұл,  әрине,  әдебиеттің  дара 

қасиеттерін  айқындап,  әлеуметтік  мәртебесін  қанық 

көрсетіп  берді.  Тәуелсіздік  тынысы  ұлттық  әдебиеттің 

елдік  тынысын  ашты.  Ұлттық  әдебиеттің  қымбат 

қасиеттері  бұрынғыдан  әлдеқайда    бедерленіп  көрінетін 

болды.  Ендігі  жерде  оқырман  жұртшылық  әдебиетке  тек 

әдебиет, әдеби шығарма деп қана қарап қоймай, әдебиеттен 

ұлттық  рухани  мәдениеттің  кенішін  іздейтіндей.  Қалың 

оқырманның тарихи мәселелерді деректер арқылы талдауға  

тартып  тұратындығын  осы  тұрғыдан  әбден  түсінуге 

болады.  Деректі  көркем  талдаулар  тарихи  сананы 

жаңғыртып  қалыптастыруда  ұтымды  әлеуметтік  мәнін 

танытты. Әдебиетші, жазушы  Тұрсын Жұртбайдың кейінгі 

жиырма–жиырма  бес  жыл  бойғы  тынымсыз  да,  жігерлі 

ізденістерінен  туындаған  еңбектерін  осы  тарихы  таным 

арнасынан көреміз. 

Тұрсын  Жұртбай  1951  жылы  15  тамыз  күні  Семей 

(қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы)  облысы,  Абай 

ауданының Шаған ауылында дүниеге келген. 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  Ш.Құдайбердіұлы 

атындағы  «Алаш»  және  І.Жансүгіров  атындағы  әдеби 

сыйлықтарының лауреаты. 

Пәкістан  Республикасының  (1996),  ЮНЕСКО–ның 

(1997) 


Құрмет 

Грамотасымен, 

«Қазақстан 

Республикасының ғылымына сіңірген ерекше еңбегі үшін» 

белгісімен марапатталған. 

Поэзияда  да,  прозада  да  қалам  толғаған,  талантты 

қаламгер  тарихи-көркемдік  үрдіс  қойнауларына    ой 

жүгіртіп, зердеге түйген терең барлаулары мен талдаулары 

кенен  қыртысты  кен  қопарғандай  жемісті  болды. 

Жазушының бұрынырақтағы ұлы суреткер Мұхтар Әуезов 

шығармашылығының  құпияларын  зеректікпен  талдап 

ашқан  шығармалары    қалың  қазақтың    көкейіне  қона 

кеткен  еді.  Мұхаңды  жатқа  оқып,  суреткердің  түйінді 


 

45 


сөздерін  жадына  түйген  оқырман  алдында,  қазақ  елінің 

алдында  асыл текті суреткерінің жан қалтарыстары екінші 

бір,  тағдыр  суреттері  арқылы  жарқырай  ашылған-ды. 

Мұхтар Әуезов мұрасы  жайлы зерттеулер де, талдаулар да 

баршылық..  Ұлы  суреткер  шығармаларын  талдап,  тану 

үрдісі  таңсық  іс.  Соған  қарамастан  Тұрсын  Жұртбай 

әуезовтануға  өз  жолымен  келіп,  өз  пікірін  қосты.  Тұрсын 

талдауларынан  кейін  Мұхаңның  ұлы  мұраларының  тағы 

бір  табиғи  қырлары  ашылып,  оқырман  қауым  сүйікті  

жазушысының  көркемдік–эстетикалық  танымының  терең 

ағыстарына  бойлай  жүзетін  болды.  Дүниеге  мәлім 

эпопеяның  тарихи  өзектерін,  прототиптерін  талдау, 

көркемдік  лабораториясын  ашу  Әуезов  оқырмандарын 

роман толғамдарын тағы бір ой елегінен өткізуге бастады. 

Бұл  -  әдеби  үрдісті  байытып,  ұлттық  әдебиетті 

құнарландыратын ізденіс жолы.  

Көпшілік  көкейіндегісін  қозғаған  әдеби  талдаулар 

әлеуметтік  –  тарихи  шындықтың  көпке  мәлім  бола 

қоймаған қалтарыстарын ашып берді. Алты Алаштың сөзін 

сөйлеп, 


ұлттық 

мүдде 


жолында 

құрбан 


болған 

қайраткерлердің  тағдыры    Тұрсын  еңбектерінде  жаңа 

өмірін  жалғастырғандай  еді.  «Талқы»    кітабының 

көпшілікке  тез  танылып,  жұрттың  қызығып  оқитын 

кітабына айналуы да сондықтан. 

«Ұраным  –  Алаш!»  атты  кітабы  «Алаш»  партиясы 

мен  «Алашорда»  үкіметінің  үстінен  1927-1932  және  1937-

1938  жылдары  жүргізілген  тергеу  ісінің  негізінде 

жазылған.  Автор  1988-1991  және  1997  жылдары 

Мемлекеттік  қауіпсіздік  (қазіргі  Ұлттық  қауіпсіздік)  

комитетінің  архивіндегі  жүзден  астам  «мемлекеттік  аса 

құпия  құжаттармен»  танысып  шығуға  мүмкіндік  алған. 

Автор  Алаш  ардагерлерінің  тағдырына  қатысты  жиырма 

жылға  жуық  жинақтаған    тарихи  құжаттарын  тергеу 


 

46 


деректерімен  жан–жақты  салыстыра  отырып,  тың 

пайымдаулар ұсынады.  

Тұрсын Жұртбайдың «Сүре сөз» атты кітабы – толғау-

эсселері  тәуелсіздігіміздің  барлық  шеруі  мен  шерін 

қамтыған,  тұйықталған  өмір  мен  толқыған  көңілдің 

пернесін басып, ой сараланған сүрелі сөз шежіресі  болып 

табылады.  Жазушының  ашық  та,  ащы  пікірі,  саралы  да 

сүрелі  ойлары, жанымыздың жарасын емдеп, жадымызды 

жаңғыртуға  ұмтылған  шынайы  шындықтары  бүгінгі 

тәуелсіз  қоғамымыздың  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға 

белгілі дәрежеде негіз қалады. Бұл жинақ қоғамтану саласы 

мен  көркем  ойдың  даму  жолына  ынталы  жалпы  көпшілік 

қауымға арналған. 

«Дулыға»  -  «түрік»  деген  сөздің  баламасы.  Жазушы 

бұл  кітабында  көшпелі  тайпалар  тарихында  қадым 

заманнан бері  есімдері есте қалған  немесе тасқа  қашалып, 

қағазға хатталған ірі тұлғалардың тағдырына сана сәулесін 

түсіру арқылы арғы тегімізді түгендеп, баба мен ұрпақтың, 

ұлыс  пен  ұлттың  арасындағы  алтын  өзекті  жалғап, 

тамырымызды  тануды  мұрат  тұтқан.  Ал,  кітаптың  екінші 

томында  түркі  және  оғыз–қыпшақ  дәуірлері  қамтылған. 

Сол  кездерде  өмір  сүрген  бабаларымыз  Қоқаннан  бастап, 

әйгілі  Бейбарысқа  дейінгі  баһадүрлердің  тағдыры  сөз 

болады. 

 

 



 

Ол туралы: 

Еспенбетов, А. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Зерттеулер, 

мақалалар  /  А.  С.  Еспенбетов.  -  Астана  :  Фолиант,  2014.  - 

472 б. 


Қирабаев,  Серік.    Зерде  зері  [Мәтін]    //  Қирабаев  С.  

Тәуелсіздік рухымен. – Астана,  2002. – Б. 381-385. 

       Оразбек  М.  Рухани  ізденіс  [Мәтін]  /  М.  Оразбек  // 

Жұлдыз. – 2005. – №7. -  Б.143-154. 



 

47 


      Жұртбай  Тұрсын  [Мәтін]:    //  Шығыс  жұлдыздары 

энциклопедиялық  анықтамалық.  1-т.    Сөз  зергерлері. 

Мәдениет майталмандары. - Астана: Фолиант, 2011.- 78 б. 

 

Шығармалары: 

Жұртбай  Т.  Абай  алдында  [Мәтін]  /  Т.  Жұртбай.  - 

Алматы: Жалын, 1987. – 12 б. 

Жұртбай Т. «Бесігіңді аяла!..» [Мәтін] / Т. Жұртбай. - 

Астана: Фолиант, 2003. – 504 б. 

Жұртбай  Т. Болашақтың бәйтерегі [Текст]: әңгімелер, 

хикаяттар,  роман  –  новелла  /  Т.  Жұртбай.  -  Алматы: 

Қайнар, 2007. – 368 б. 

Жұртбай Т. Сүре сөз [Мәтін] / Т. Жұртбай. - Алматы: 

Экономика, 2005. – 400 б. 

Жұртбай  Т.  Талқы  [Мәтін]  /  Т.  Жұртбай.  -  Алматы: 

Қазақстан, 1997. – 368 б. 

Жұртбай Т. «Ұраным – Алаш!..» [Мәтін] / Т. Жұртбай. 

- Алматы: Ел - шежіре, 2008. – 472 б. 

 

 

Халқым болып келші Сен

Бекер ғұмыр кешпейтін. 

 

 

23 ЖЕЛТОҚСАН 

 

Есет Әукебаевтың 

 

туғанына 95 жыл 

(1921 - 2008) 

 


 

48 


Салтым балып келші Сен

Салған ізі өшпейтін, - 

деп  жырлаған  қазақтың  белгілі  ақыны  Есет  Әукебаев  осы 

шумақты  өлеңге  қаратып  айтады.  Өмірін  өлеңмен 

өрнектеп,  жырмен  жайнатқан,  жүрек  қазанында  сезімін 

сірнедей  қайнатқан  ардақты  ағамыз  сонау  шекарашы 

ғұмырдан  басталған  ақындықтың  арқау  жібін  жібектей 

жайнатып, сәбидей ойнатты. 

Нұр Зайсанның айдынына құлаш ұрып, алтын құмына 

қыздырынып,  Сауырдың  самалына  сусындап  өскен  Есет 

ағамыздың  өмір  жолы  да  өрнекті,  өткен  күндері  де 

көрнекті. Әсіресе, ел шебінде күзетте жүріп, арайлап атқан 

таңмен,  балқып  батқан  күнмен,  барқыт  жамылған  түнмен, 

сылдыраған  жапырақпен,  сыр  ұрлаған  атыраппен  іштей 

қабысып,  үнсіз  табысқан  шақтар  әр  ақынның  еншісіне 

тимеген  жұлдызды  сәттер.  Содан  сыр  жинаған,  жыр 

құраған ақын  көңілі  күңгірт  тартпай,  көлеңке түспей, сол 

балалықтың базары даналықтың назарында келді.  

Әукебаев  Есет  1921  жылы  23  желтоқсанда  Шығыс 

Қазақстан  облысы,  Зайсан  ауданының    Теректі  ауылында 

туған.  1940  жылы  қазан  айында  Қызыл  Армия  қатарына 

шақырылған.  Байкал  майданының    Халхын  Гол  (Монғол 

Халық  Республикасы)  аумағындағы  кеңес  әскерлерінің 

құрамында  моторлы  атқыштар  полкының  рота  саяси 

жетекшісі,  осы  полктің  комсоргі  болған.  1944  жылы 

мамырда шекара әскеріне ауысқан. 1956 жылдың шілдесіне 

дейін  Байкал,  Шығыс  шекара  округтерінің  шекара 

отрядтарында қызмет атқарған. 

Әскери  атағы  –  полковник.  Әскерден  босаған  соң 

«Социалистік  Қазақстан»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан») 

газетінде  (1956-1969)  әдеби  қызметкер,  әдебиет  пен  өнер 

бөлімінің  меңгерушісі,  редакциялық  алқа  мүшесі, 

республикалық  «Жазушы»  баспасында  Бас  редактор 

(желтоқсан 1969 – қараша 1984) болып істеген. 1963 жылы 


 

49 


Қазақ 

мемлекеттік 

университетінің 

журналистика 

факультетін  бітірген.  Алғашқы  өлеңі  1937  жылы  Зайсан 

аудандық «Социалды жол» газетінде жарияланған. 

Алғашқы  кітабы  –  «Сақшы  сыры»  (1954).  Бұдан 

кейінгі  кітаптары.  «Таң  шапағы»  (1966),  «Досыма  хат» 

(орыс  тілінде,  1968),  «Асқар  таулар»  (1973);  «Бірлік 

бәйтерегі» (орыс тілінде, 1977), «Кеңшілік» (1980), «өмір - 

бақыт» (1983), «Күн мен көлеңке». Сонеттер (2000). 

Екінші  дәрежелі  ұлы  Отан  соғысы  орденімен  «За 

боевые  заслуги»,  «За  безупречную  службу»,  «За 

доблестный  труд»  медалімен,  басқа  да  көптеген 

медальдармен,  «Халхын  Голдегі  жеңіс»  (монғол  Халық 

Республикасы)  медалімен,  екі  рет  Қазақ  КСР  жоғарғы 

Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан 

республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.  

2008 ж. 3 қарашада Есет Әукебаев дүниеден өтті. 

 

 



 

Ол туралы: 

Әукебаев  Е.    [Мәтін]:  [қысқаша  өмірбаяны]  // 

Қазақстан  жазушылары:  XX  ғасыр:  анықтамалық.  – 

Алматы, 2004. – Б. 62. 

Ғабдуллаұлы С.  Салған  ізі  өшпейді  [Мәтін]    / С. Ғаб-

дуллаұлы // Дидар. – 2001. - 25 желтоқсан. -  Б.4. 

Мырзабеков  К.  Қазақ  поэзиясы.  1981  жыл  [Мәтін]  // 

Жұлдыз.- 2002.- № 7.- Б.183-199. 

 

    


Әукебаев 

Есет 


[Мәтін]: 

Советтік 

Қазақстан 

жазушылары  био-библиогр.  анықтамалық  /  ред.  Т. 

Рахимов;  құраст.  С.  Ахметов.  -  Алматы:  Жазушы,  1987.  - 

736 б.  

     Әукебаев  Есет  [Мәтін]:    //  Шығыс  жұлдыздары 

энциклопедиялық  анықтамалық.  1-т.    Сөз  зергерлері. 

Мәдениет майталмандары. - Астана: Фолиант, 2011.- 39 б. 


 

50 


 

Шығармалары: 

Әукебаев  Е.  От  жұтқан  жүрек,  өшпес  ерлік  [Мәтін]  // 

Қазақ әдебиетi.- 2005. – 22 сәуір. - Б.7. 

Әукебаев  Е.  Сен  айтпасаң,  мен  айтпасам  [Мәтін]  // 

Қазақ әдебиетi.- 1998. - 8 мамыр. - Б.10. 

Қазақ совет поэзиясының антологиясы [Мәтін]: 

өлеңдер. 2 т. / - Алматы: Жазушы, 1977. - 568 б. 


 

51 


Аталып өтілетін есімдердің алфавиттік көрсеткіштері 

 

Абдуллин М. М. 



7; 26 

Абдуллин Р. М. 

Абылқасымов А. 

7; 26 


13 

Айқымбаев М. А. 

16 

Ақылбайұлы Ә. 



17 

Анисимов С. М. 

10 

Анов Н. И. 



16 

Асқаров Ә. А. 

Ахметжан Т. 



15 

Әбдірахманов Т. 

14 

Әбенов Ш. 



5;23 

Әбішев О. 

9;31 

Әкбаров Ә. А. 



Әскербекқызы Ж. 



Әукебаев Е. 

15;46 


Бөкейханов Ә. Н. 

7;27 


Волков А. М. 

10 


Егоров А. И. 

Ермаков П. А. 



Жанатайұлы К. 

Жолжақсынов Д. 

19 

20 


13 

Жүнісов А. 

11 

Журба П. П. 



Жұмаділов Қ. 



Жұртбай Т. 

12;42 


Исса С. 

Кеңес Ю. 

12 

11 


Кеңесбаев Т. 

18 


Көпенұлы Б. (Ағашаяқ) 

19 


Көшімбайқызы А 

18 


Крахмаль А. С. 

Қуантайұлы Н.   





 

52 


Құнанбаев А. А. 

Құрбанғали Х. 

17 

20 


Лекеров Ә. 

17 


Машақов С. 

14 


Меньшиков В. С. 

18 


Михаэлис Е. П. 

13 


Мұқамедханов Қ. 

Немцев М. С. 



10 

Обручев В. А.  

18 

Оразалинов С. Ш. 



Павел Ж. 

Палас П. С. 

19 


19 

Пермитин Е. Н. 

Полынин Ф. 

20 



Потанин В. П. 

Сапаев Ғ. 



 

13 


Сапожников В. В. 

15 


Сегізбаев К. 

Седельников А. Н. 



12 

Сейсенбаев Р. 

13 

Сәрсекеев. М. 



4;21 

Табеев Қ.   

Тәңірбергенұлы Ә. 



Тұрысбеков С. 

17 


Ұзақбаева К. 

Фонов Н. 

16 


20 

Французов Б. И. 

17 

Шишов П. Б. 



Шынқожа батыр 

Ысқақов Қ. 

Ілиясова М. 

Черепанов С. 

17 

19 


20 

20 


Яроцких И. М. 

11 

 


 

53 


 

Мазмұны 

 

 

Құрастырушыдан......................................................... 

3 

2016  жылы  аталып  өтілетін  және  еске  алынатын 

күндердің тізбегі.......................................................... 

 



Айы 

мен 


күні 

белгісіз 

тарихи 

оқиға-


лар................................................................................. 

 

17 



Аталып  өтілетін  мерейтой    иелеріне  қысқаша 

анықтама және  әдебиеттер тізімі.............................. 

 

21 



Аталып 

өтілетін 

есімдердің 

алфавиттік 

көрсеткіші..................................................................... 

 

51 



 

54 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

Құрастырушы:                      Нұрғалиева Ш. М. 

Редактор:                                Мукашева К. Б.  

Шығаруға жауапты:           Карчалова К. Қ.    

 


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал