«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм ақпараттық–библиографиялық бөлімше



жүктеу 401.03 Kb.

бет3/4
Дата08.01.2017
өлшемі401.03 Kb.
1   2   3   4

 

14 НАУРЫЗ 

 

Ағайынды 

Абдуллиндер 

 

туғандарына 100 

жыл 

 

 

28 


орындаушылардың бірі. Осыдан 60 жыл бұрын Мәскеудегі 

қазақ өнерінің онкүндігіне  ағайынды екеуі бірге қатысты. 

Ришат  «Сандуғашты»  салғанда  бұл  дүниеде  татардың 

әнінен артық әуен жоқтай болған күндерді сағындық–ау.  

 

 



Олар туралы: 

Боранғалиұлы,  Тілекқабыл.  Абдуллиндер  салған  ән  

[Мәтін]    //  Боранғалиұлы,  Тілекқабыл.    Ғасырға  сыр.  – 

Астана,  2001. – Б. 266 – 267. 

Қазақ 

мәдениеті 



[Мәтін]: 

энциклопедиялық 

анықтамалық  /  ҚР  Мәдениет,  ақпарат  және  спорт 

министрлігі; ред. М. Жақсылықова. - Алматы: Аруна, 2005. 

- 655 б.  

Мұқанов  А.  Ағайынды  Абдуллиндер  [Мәтін]  /А. 

Мұқанов  //  Қазақ  әдебиеті.  –  1996.  –  20  ақпан  (№12).  -  

Б.12. 


                                           

 

25 НАУРЫЗ 

 

Әлихан 

Бөкейханов 

 

туғанына 150 жыл 

(1866-1937) 

 

Орынборда  Алашорда  деген 



атпен  алғаш  құрылған  қазақ 

өкілдерінің  (халық  кеңесінің) 

тұңғыш  төрағасы;  «Коммунистер  манифесін»  тұңғыш 

қазақшаға  аударған  Алаш  көсемі  Бөкейханов  Әлихан 



 

29 


Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей  облысы Қарқаралы уезі 

Тоқырауын  болысында  (қазіргі  Қарағанды  облысының 

Ақтоғай  ауданында)  дүниеге  келген.  Шыңғыс  ханның 

үлкен  ұлы  Жошыдан  тарағаны  тағы  анық.  Бөкей  хан  – 

атақты  Көкжал  Барақтың  баласы.  Әкесі  –  Нұрмұхамед. 

Ауыл  баласы  –  ойын  баласы.  Алайда,  «болар  бала…»  - 

тоғыз жасында барған Әлихан Қарқаралыдағы 3 сыныптық 

мектепке өз еркімен ауысып алды. Артынша, сол қаладағы 

үш  жылдық  училищеге  түсіп,  оны  «өте  жақсы»  деген 

бағамен  аяқтап,  он  алты  жасар  Әлихан  Омбының 

техникалық  училищесіне  қабылданады,  «Үздік  оқыған 

баланы ұстазы да қолдайды» демекші, мектеп  мұғалімдері 

оның  ары  қарай  оқуын  жалғастыруға  көмек  жасады.  Дала 

генерал–губернаторының 

ұсынысымен 

қазақ 


қауымдастығының  200  сом  стипендиясын  алған  Әлихан 

Санкт–Пертербургтің Орман шаруашылығы институтының 

экономика факультетінде оқыды. 

Осы  бір  орта  оның  көзін  ашып,  оң–солын  аңғартуға 

көп  көмек  жасады.  Ұлтының  ауыр  тағдырын  ойлап, 

мазасыздана  бастады,  жол  іздеді.  Халықтың  ой–санасын 

оятып,  саясатты  түсінерліктей    дәрежеге  жеткізу  үшін 

ұлтының білім алуы керектігін түсінді. 

Омбыға оралғанда кешегі жас бала Әлихан жан–жақты 

көзқарасы  бар,  ұлттық  рух  пен  намыспен  қаруланған  аса 

зерделі  саясаткер  еді.  Ол  құлдық  санадан  құтылу  үшін 

көптеген  әрекеттерге  барады.  Елге    насихат  жүргізіп, 

отаршылдық  не  екенін  түсіндіреді.  Қазақ  басылымы  

беттеріне азаттық, тәуелсіздік жайында көптеген мақалалар 

жариялайды.  Алайда,  патша  жансыздарының  қақпанына 

түсіп,  Семей    түрмесіне  жабылып,  Самар  қаласына  жер 

аударылады. Бұғаудан босағанан кейін де ол азаттық үшін 

күресін  тоқтатпайды.  Қазақ  автономиясын  құруға  ат 

салысады.  Ол  үшін  алаш  партиясын  ұйымдастырады. 

Түптің  түбінде  1917  жылдың  желтоқсанында  Қазақ 



 

30 


автономиялы  республикасын  құрып,  оның  тұңғыш 

төрағасы болып сайланады. Алайда, жеңіске жеткен қызыл 

үкімет  олардың  жұмысын  тоқтатып,  басшыларын 

қудалады.  Әлихан  Мәскеуге  жер  аударылып,  Алашорда 

үкіметі жыл жарымдай ғана өмір сүрді. 

Кеңес  үкіметі  Алашорда  басшыларына  1919  жылы 

кешірім  жасады.  Оның  көcемдері  әртүрлі  жұмыстар  істеп, 

«Коммунистер  манифесін»  тұңғыш  рет  қазақ  тіліне  

аударды.  Міржақып  Дулатов  жоғары  оқу  орнында    сабақ 

берді, оқулықтар жазды. 

Негізінде, 

алашорда 

үкіметінің 

қабылдамағаны 

«Қызылдар»  ұсынған  қоғамдық  меншік  туралы  еді,  яғни 

мал да, жан да тек өкіметтікі деген болатын. Расында, қазақ 

жұрты  мұндай  меншікке  дайын  емес-тін.  Ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  жүйені    бір  күнде  аз  ғана  уақыттың  ішінде  

өзгерте  салу  қиынның  қиыны  еді.  Сол  себептен  бе,  біз 

Алаш партиясын  құрып, оның өкіметін сайлау үшін еңбек 

етіп,  бір  жарым  жыл  болса  да  қазақ  мемлекетін  жасаған 

Әлихан Бөкейханов сынды азаматтардың бұл тірлігін - ұлт 

азаттық қозғалысы деп тану қажет. 

Қызыл  репрессияның  қанды  қылышы  аспанға 

көтеріліп,  большевиктер  жан-жағынан  жау  іздеген  шақта, 

алғашқылардың  бірі  болып,  Әлиханның  «халық  жауы» 

атануы  анық  еді.  Ол  1937  жылы  Мәскеуде  ұсталып,  1938 

жылдың мамыр айында  71 жасында

 

атылды. 


Ғұлама  ғалым,  ормантанушы,  этнограф,  экономист, 

мал  шаруашылығын  зерттеуші,  ғылыми  жолға  қоюшы, 

тарихшы,  әдебиеттанушы,  аудармашы  әрі  публицист, 

Ресейдің I – Думасының және мұсылман съезінің депутаты, 

IV  мемлекеттік  Думаның  мұсылмандар  фракциясының 

бюро  мүшесі  Әлихан  Бөкейханов  мәңгілікке  тірі.  Өлді 

деуге  бола  ма,  айтыңдаршы,  өлмейтұғын  артына  сөз 

қалдырған. 

 


 

31 


 

Ол туралы: 

 

Бөкейханов Ә.  [Мәтін]: [қысқаша өмірбаяны] // Жүз 

тұңғыш: жинақ / құраст. Б.Нұржекеұлы – Алматы, 2005. 

– Б. 11-18. 

Бөкейханов  Ә.  [Мәтін]:  [қысқаша  өмірбаяны]  // 

Тұңғыштар  /  құраст.  Ш.  Күмісбаев  –  Алматы,  2007.  –                  

Б. 122-124. 

Бөкейханов  С.  Өткен  күнде  белгі  бар  [Мәтін]  /  С. 

Бөкейханов. - Алматы: Жібек жолы, 2008. – 160 б. 

Бұқар  жырау  [Мәтін]:  энциклопедия.  -  Астана: 

Фолиант, 2013. - 632 б. 

Қазақстан ғылымы [Мәтін]: энцикл. 1-т. А-К / ред. Б. 

Ө. Жақып. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 544 

б.

  



Қазақтың  тәлімдік  ойлар  антологиясы  [Мәтін]:  10 

томдық.  6-т.  Ұлттық  тәлім-тәрбиелік  ғылымдардың 

дамып, қалыптасу тарихынан (1920 - 2000 жылдар) / ред. 

Б. Егембердіқызы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2009. - 400 

б. 

Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры [Мәтін]:  



/  Р. Нұрғали. - Астана: Күлтегін, 2002. – 528 б. 

Тілешов 


Е. 

Алаш 


қозғалысы 

[Мәтін]: 

энциклопедиялық  анықтамалық  /  Е.  Тілешов,  Д. 

Қамзабекұлы. - Алматы : Сардар, 2014. - 528 б. 



 

Шығармалары: 

Бөкейханов  Ә.  Таңдамалы  [Мәтін]:  2  кітап  /Ә. 

Бөкейханов. - Алматы: Өлке, 2003. – 244 б. 

 


 

32 


Қазақстан деректі киносының ірге тасын қалап, негізін 

салған,  Қазақ  ССР-нің  Халық  әртісі,  Қазақ  ССР 

Мемлекеттік  сыйлығының  иегері  Ораз  Әбішұлы  Әбішев 

өзінің бүкіл  ғұмырын, саналы өмірін  деректі  кино өнеріне 

арнады.  Бүкіл  шығармашылық  жолын  республикадағы 

киноөнерінің  дүниеге  келу  және  даму  тарихымен  тығыз 

байланыстырған 

режиссер 

өзінің 

елу 


жылдық 

шығармашылық  ғұмырында  жетпіске  жуық деректі фильм 

және  үш  жүзден  астам  киножурналдар  шығарды.  Ол  1916 

жылы  бірінші  мамырда  Семей  облысы  (Қазіргі  Шығыс 

Қазақстан 

облысы), 

Абыралы 

ауданының 

Қайнар 

ауылында дүниеге келді. Әкесі Әбіш кезінде Абыралы, Қу 



аудандарында болыс, Кеңес өкіметі жылдары Қарқаралыда 

уездік  сот  қызметтерін  атқарады.  Кейін,  Семей  қаласында 

қорғаушы  (адвокат)  қызметінде  жүріп,  1944  жылы 

дүниеден  қайтты.  Анасы  Зағипа  домбыра  мен  сырнайда 

бірдей  ойнап,  сызылта  ән  салатын.  Сондай-ақ,  он 

саусағынан  өнер  тамған,  қолөнер  жұмысына  шебер  адам 

болыпты. Анасының  Мұқатай  деген  бауыры да  тамаша ән 

салып, Әміре Қашаубаевтың шәкірті атанады. 



 

1 МАМЫР 

 

Кинорежиссер, 

Қазақстанның 

халық әртісі 

 

Ораз Әбішұлы 

Әбішевтің 

 

туғанына  100 жыл. 

(1916) 

 

 

33 


Бала  кезінен  Ораз  Әбішевтің  тұла  бойына  жақсы 

әкеден  азаматтық,  мейірімділік,  адалдық,  парасаттылық 

қасиеттері, ал ана сүтімен әншілік өнері дарыды. 

Жастайынан  өнер  бұлағынан  сусындап  өскен  Ораз 

ағаның  бойындағы  таланты  мен  талабын  байқаған,  жер-

жерден  талантты  жастарды  жинап  жүрген  Әди  Шәріпов 

1935  жылы  оны  Семейден  Алматыға  оқуға  алып  келеді. 

Сөйтіп,  ол  1936  жылы  Қазақ  Музыка  театрының 

жанындағы екі жылдық актер мектебіне қабылданады. Бұл 

кезең 


– 

республикамыздағы 

музыка 

өнерінің 



профессионалдық  биік  деңгейге  көтеріліп  келе  жатқан 

тұсы  болатын.  Соның  айқын  дәлелі  –  опералық 

шығармалардың сахнаға батыл қадам басуы еді. 

Алматыдағы  Қазақ  музыка  театрында  әнші  болған 

Ораз Әбішев Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, 

Ғарифолла  Құрманғалиев,  Қанабек  Байсейітов  сынды 

қазақтың  біртума  талантты  перзенттерімен  бірге  сахнаға 

шығып,  үлкен  өнер  мектебінен  өтеді.  «Жалбыр» 

операсында  Қанабек  Байсейітовтың  дублері  ретінде 

Міржақып  Дулатовтың,  «Ер  Тарғында»  –  Сыпыра 

жыраудың,  «Айман-Шолпанда»  –  Өзбектің,  «Қыз  Жібек» 

операсында – Сансызбайдың рольдерінде ойнаған болашақ 

кино  шебері  1936  жылы  Москвада  өткен  қазақ  мәдениеті 

мен өнерінің онкүндігіне қатысады. 

Ораз  Әбішевтің  кино  өнеріне  келіп,  көрнекті  деректі 

кино  режиссеры  болып  қалыптасуы  кездейсоқ  құбылыс 

емес  еді.  1939  жылы  Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің 

«қазақтың  ұлттық  киномамандарын  дайындау  туралы» 

арнайы  қаулысы  шығады  да,  Мәскеудегі  Бүкілодақтық 

Кинематографистер 

институтына 

(ВГИК) 


бірнеше 

талантты қазақ жастарын оқуға жіберу керек деген шешім 

қабылданады.  Көп  ұзамай  Ораз  Әбішев  оқуға  аттанады. 

Бүкілодақтық 

Кинематографистер 

институтының 

режиссерлік  факультетінде  оқи  жүріп,  «Ленфильм» 


 

34 


киностудиясында  түсіріліп  жатқан  «Райхан»  фильмінің 

режиссеры Моисей Левиннің ассистенті болады. Сонымен 

бірге,  Г.  Рошаль,  А.  Медведкин  сынды  белгілі 

режиссерлерден  тағылым  алған  жас  Ораз  Әбішев 

«Ленфильм»,  «Мосфильм»  киностудияларында  үлкен 

тәжірибе  мектебінен  өтеді.  Әсіресе,  деректі  кино  өнерінің 

құпиясы  мол,  белгісіз  қыр-сырын  игеруге  бел  буған  Ораз 

Әбішевтің  кейінгі  шығармашылық  тағдырына  совет 

деректі  киносының  көрнекті  режиссерлерінің  әсері  мол 

болды. 


Кеңес Одағына қарсы басталған неміс басқыншылығы 

елдің  кинематографиялық  өмірін  күрт  өзгертеді.  Ораз 

Әбішев  1942  жылдың  басында  Алматыға  уақытша  көшіп 

келген  «Ленфильм»  студиясының  ұжымымен  бірге  туған 

жеріне  қайта  оралады.  Осындағы  Біріккен  Киностудиялар 

Орталығында  (ЦОКС)  жұмыс  істей  жүріп,  совет 

киносының белгілі режиссерлерімен қызметтес болады.  

Соғыс  жылдары  Біріккен  Киностудиялар  Орталығы 

жанынан 

киноактерлар 

мектебі 

ашылып, 


С. 

М. 


Эйзенштейн,  В.  И.  Пудовкин,  С.  Д.  Васильев,  И.  А. 

Пырьев, Л. З. Трауберг сияқты кеңес кино өнерінің атақты 

шеберлерімен  қатар  жүріп,  Ораз  Әбішев  осы  мектепте 

оқыған К. Қожабеков, Н. Жантөрин, Ш. Жандарбекова, Ә. 

Өмірзақова,  Т.  Қосыбаева  т.  б.  сияқты  қазақ  сахна  және 

кино өнерінің болашақ қайраткерлеріне «Актер шеберлігі» 

пәнінен дәріс береді. 

1946  жылы  Ораз  Әбішевтің  «Біздің  колхоз  «Қызыл 

Ту»  атты  бірінші  деректі  фильмі  экранға  шығады.  1947 

жылы  режиссердің  екі  бірдей:  республиканың  соңғы  отыз 

жыл  ішіндегі  жетістіктері  туралы  «Біздің  рапорт»  және 

атақты күйші Дина Нүрпейісоваға арналып, биографиялық 

фильмдердің  алғашқы  бастамасы  болған  «Дина»,  1948-50 

жылдары «Алыс жайлауда», «Қазақстан әндері» фильмдері 

түсіріледі.   


 

35 


Өнеркәсіп орындары мен жаңа қалалар құрылысының 

қарқынды  даму  барысының  әсері  республика  өміріне 

түбегейлі  өзгерістер  алып  келуі  «Біздің  қалада»,  «Қазақ 

жерінде»,  «Жұмысшы  қыздар»,  «Шахтерлар  әулеті» 

фильмдерінде,  ауыл  шаруашылығы  тақырыбындағы 

«Біздің  колхоз  «Қызыл  Ту»,  «Біздің  рапорт»,  «Алыс 

жайлауда»,  «Гүлденген  дала»,  «Екінші  тың  шақырады», 

«Арман  аралы»,  «Желден  жүйрік»,  «Мәукеннің  ата-

мекені»,  «Қалыбайдың  бағы»,  «Сатан  Ысқақовтың  он 

екінші  биігі»  фильмдерінде  көрініс  табады.  «Қазақстан 

әндері»,  «Халық  таланттары»,  «Құрманғазы  атындағы 

оркестр»,  «Сәлем,  Москва»,  «Жыраулар»  фильмдері 

өркендеп,  кең  қанат  жая  бастаған  қазақ  өнері  мен 

мәдениетіне 

арналса, 

ал, 


«Баянауыл», 

«Бурабай», 

«Денсаулық 

аралы», 


«Алматы» 

фильмдерінде 

Қазақстанның көрікті сұлу табиғаты жырланады. 

Сондай-ақ, Ораз Әбішевтің шығармашылығында жеке 

тұлғалардың  өмір  жолына  арналған  «Дина  Нүрпейісова», 

«Абай», «Апа», «Мұқан Төлебаев», «Ән мен жыр дүлдүлі», 

«Қажымұқан»,  «Талғаттың  биік  аспаны»,  «Рәпия»  сияқты 

фильмдер көптеп орын алады.  

 

 



Ол туралы: 

Алладан  иман  тілейміз  [Мәтін]:  дерек  //  Дарабоз.  - 

2013. - №3. - Б. 52-53. 

Н. Рахманқызы.  Деректі  кино  өнерінің  көш  басында 

[Мәтін] / Н. Рахманқызы  // http://kz.nomad-kazakhstan.kz   

 

 



 

36 


 

Мың  жылдық  қарағайы,  самырсыны,  балқарағайы 

жайқалып өскен нулы мекен, қаз қаңқылдап, сансыз құстар 

сайрап  ұшқан  осынау  бір ғажап жерде  Үкіметтің  қаулысы 

бойынша  2001  жылдың  17  шілдесінде  Катонқарағай 

мемлекеттік табиғи ұлттық паркі дүниеге келді.  

Табиғи  ұлттық  парктің  мақсаты  –  құрып  бара  жатқан 

орман  байлығын  Қызыл  кітапқа  енген  қара  дегелек,  алтай 

ұлары,  қызыл  қасқыр,  сары  тышқан,  бұлғын,  бұлан, 

құндыз, бүркіт, таутеке, күдір, елік, аю, қоңыр аю, ұшатын 

тиін, басқа да құстар мен жануарларды қанатының астына 

алып  қорғау,  әлпештеу,  жат  пиғылдылардың  қанды 

шеңгелінен құтқарып қалу, тіпті, өлшеусіз кесіліп, ұрланып 

жатқан  ағаштарды  күзету,  қысқасы  мемлекет  байлығын  

көздің  қарашығындай  қорғау.  Бұл  Қазақстандағы  үлкен 

ерекше  қорғалатын  табиғи  территория,  оның  көлемі  

643477  га.  Оның  құрамына  Алтайдың  (теңіз  деңгейінен 

4506  м  биік),  одан  кететін  Листвяга  жотасы  тізбегі    мен 

Бұқтырма    мен  Берел  өзенаралық  биік  тауы  кіреді, 

Бұқырма  аңғарынан  кейін  оңтүстік  алтай  таулары  тізбегі: 

Оңтүстік Алтай (ең биік нүктесі Жағыртау

 

тауы – 3871 м), 



Тарбағатай (Хрустальная тауы – 3094 м) және  Сарымсақты 

(Бүркітауыл  тауы  –  3373  м)  көтеріліп  тұр.  Барлық  тау 

жоталары  субендік  бағытта  созылып  жатыр  және  анық 

 

17 ШІЛДЕ 

 

Катонқарағай 

Мемлекеттік 

табиғи ұлттық 

паркінің 

 

құрылғанына 15 жыл 

(2001)

 


 

37 


асимметриялы  беткейлер  болып  табылады,  солтүстік 

беткейлері  өзен  аңғарларына  тік  жар  болып  түседі,  ал 

оңтүстік беткейлері едәуір жайпақ және созылмалы. 

 

 



 

 

Катон-Қарағай  бағының  үлкен  континент  Еуразия 



орталығында  орналасқандығы  оның  территориясында 

қатаң 


континентальды 

батыс-сібір 

ауа 

райының 


құбылмалы өзгерісте болуына әкеледі. Жазықтық жерлерде 

мұндай  көрсеткіштер  жүздеген,  ал  кейде  тіпті  мыңдаған 

шақырым  қашықтыққа  сәйкес  болар  еді.  Жылдық  жауын-

шашын  мөлшері  әр  ауданда  600-ден  1800  мм  аралығында 

ауытқиды. Олар шілдеде көп, тамызда өте аз түседі. 

Батыс  аймақтық  ауа  алмасуы  нәтижесінде  түсетін 

жауын-шашынның көп мөлшері едәуір ылғал қоры, күрделі 

әрі    тармақты  өзен  жүйесі  болуына  жағдай  жасайды.  Бақ 

жерінің  көп  бөлігін  Бұқтырма  өзені  алады,  ол  бақ 

шекарасында 200 шақырымға созылып ағып жатыр (жалпы 

ұзындығы 405 шақырым). 

Бақтың  оңтүстік  бөлігін    Қара-Қаба  өзені  алабы  алып 

жатыр, ол – Қара Ертістің оң жағалаулық арнасы. Листвяга 

жотасының  солтүстік  беткейлерінде    Катун  өзенінің 

арнасы Тихая өзенінің жоғары ағысы орналасқан. 

.

 Жаздың бірінші жартысында олардың суы өте көп, ал 



қыста  сусыз  болады.  Мұздықтарға  жақын  жерде  тәулік 

ішінде су деңгейі қатты өзгеріп отырады: таңертең өзеннен 

шәркеймен  аяғыңды  су  қылмай  өтуге  болады,  ал  кешке 

қарай  осы  жерден  мұздықтан  шыққан  тасқынды  ағыстан 

тіпті  арғы  бетке  өту  туралы  ой  да  болмайды.  Барлық  


 

38 


өзендердің  жоғары  ағысы  өте  биіктен  сарқырап  ағады, 

сондықтан  ағыс  жылдамдығы    да  жоғары  болып  келеді. 

Үлкен  Көккөл  өзені  сайында  сұлулығы  мен  көлемі 

жағынан керемет  Көккөл сарқырамасы бар. Мұнда кең су 

арнасы 80 м биіктіктен құлайды, сөйтіп, үлкен тастары көп 

сайға    қатты  шумен  шығады  және  бірнеше  тарамдарға 

бөлінеді. Басқа өзендер – Язевка, Арасанка, Қара Берел мен 

Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары өте әдемі. 

Бақта 400-ге тарта көл бар. Олардың көбі – шағын, су 

айдыны көлемі бір шаршы шақырым (1 км ² ). Ең үлкен көл 

– Бұқтырма, ол ормандағы алқаптың жоғары шекарасында  

Бұқтырма  өзенінің  қайнар  көзіне  жақын  орналасқан.Дәл 

түбінде Үлкен Рахман көлі орналасқан. Мұнда көп жылдан 

бері  ыстық  радонды  бұлақ  көзінде  «Рахман  бұлақтары» 

санаториі  жұмыс  істейді,  тірек  –  қозғалыс  мүшелері 

ауыратын  адамдар  үшін  баға  жетпес  табиғи  емдік  болып 

табылады. 

Бақтың 


фауна 

мен 


флорасы 

құрамында әр түрлі табиғи аймақтар мен 

ірі    географиялық  аймақтар  белгілері: 

тундра  мен  сібір  тайгасы,  орта  азиялық 

далалар  мен шөлейттер, Орта  Азия мен 

Тянь–Шань 

таулары 

бар.


 

Осы 


белгілердің көбі бұрынғы геологиялық 

дәуір  қалдықтары,  Алтай  эндемиктері  

болып  табылады  немесе  өз  таралу 

аймағының 

шетінде 

кездеседі. 

Мұндағы мәліметтер бойынша жоғары 

өсімдіктердің  1000–ға  тарта  түрі  өседі.  Олардың  30–дан 

астамы Қазақстан Қызыл кітабына ірі гүлді, кәдімгі, сепкіл 

шолпанкебістер, 

Верещагин 

саздақшөбі, 

алтай 

қасқыржидегі,  қарғакөз,  Людовиг  құртқашашы,  сібір 



қандығы,  бұйра  лалагүл,  ледебур  бадамы,  жапырақсыз 

орашық, дала тау шымылдығы, мақсыр маралтамыр, алиай 



 

39 


рауғашы,  қызғылт  семізот,  еңге    жапырақ  шықшөп,  алтай 

тау  тобылғысы,  аюқұлақ,  ала  күлте  қызғалдақ  және 

басқалар  енгізілген.  Көптеген  өсімдіктердің  әр  түрлі 

пайдалы  қасиеттері  бар.  Дәрілік  өсімдіктер  –  етжапырақ 

бадан,  шай  теңгетағы,  шілтер  жапырақ    шайқурай, 

мыңжапырақ акониттер және т.б. кең таралған. 

Омыртқалы  жануарлар  фаунасына  400  түр  жатады. 

Олар  дөңгелек  ауыздылар  (1  түр),  балықтар  (15  түрден 

аса),  қосмекенділер  (3),  бауырмен  жорғалаушылар  (6), 

құстар  (шамамен  280),  сүтқоректілер  (60  түрден  аса). 

Қызыл  кітап  тізіміне  15  түр  енгізілген:  балықтардан  – 

таймен,  ұялайтын  құстардан  –  қара  дегелек,  төңтұмсық 

тұрпан,  балықшы    тұйғұн,  қарақұс,  бүркіт,  ителгі,  лашын, 

алатай  ұлары,  ақба  тырна,  үкі;  сүтқоректілерден  –  барыс, 

тас  сусары  мен  алтай  тау  қойы  (арқар).  Ұлттық  бақ 

территориясының 

тарихи-мәдени 

және 


табиғи 

ерекшеліктерін  есепке  алу  негізінде  сәйкес  аймақтар  мен 

аймақ  тармақтарына  бөлінген.  Қорықтық  тәртіптегі  

аймақтың  көлемі  151236  га,  оның  құрамына    Бұқтарма, 

Қара  Берели,  Қара  Қаба  мен  Ақ  Қаба  өзендірінің  жоғары 

ағысы аймақтары кіреді. 

 

 

 



Әдебиеттер: 

Асқаров  Ә.  Жерұйық  [Мәтін]    /  Ә.  Асқаров  //  Егемен 

Қазақстан. – 2008. – 27 тамыз. - Б. 10-11. 

Елубай  О. Ағажай, алтайдай жер  қайда?...  [Мәтін]  /О. 

Елубай // Егемен Қазақстан. – 2010. – 20 ақпан. -  Б.10. 

Катон – Қарағай ұлттық бағы  [Мәтін] // Қазақстанның 

қорықтары мен ұлттық бақтары / құраст. А.А. Иващенко. – 

Алматы, 2006. – Б. 241-251. 

Назырбаев, Қ. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев ; - 

Астана : Фолиант , 2011. - 280 б. 



 

40 


Марқакөл  мемлекеттік  табиғи  қорығы  1976  жылы  4 

тамызда  Шығыс  Қазақстан  облысының  Күршім  ауданы 

территориясында бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған 

ландшафтын  қорғау  мақсатында  құрылды.Қорықтың 

қазіргі  көлемі  75048га,  оның  едәуір  бөлігін  (46045га) 

Марқакөл  көлі  су  айдыны  алып  жатыр.  Құрғақ  жері  екі 

бөлімге: оңтүстік шығыс жағалауы мен Азутау жотасының 

солтүстік  баурайы,  Тополевка  өзені  аңғары  мен  Күршім 

жотасының су айрығы бөлігі бөлінген. Қорық көлемі 2221 

га    қорғалатын  аймақпен  қоршалған.  Демалу  шараларын 

іске  асыру  үшін  көл  айдынының  шығыс  бөлігінен  көлемі 

1500  га  аймақ    спорттық    және  әуесқой  балық  аулауына  

бөлінген.  Қорықтың  орталық  бөлігінің  географиялық 

кординаты  -  49º16  солтүстк  ендік  және  86º37  шығыс 

бойлық.  Орталық  үй-жайы  Урунхайка  елді  мекенінде 

орналасқан. 

Қорық  жері  Оңтүстік  Алтай  тауында  орналасқан,  ол 

оңтүстік  Сібірдің  таулы  -  тайгалы  ландшафтысының 

оңтүстік  батыс  шеті  болып  табылады.  Физикалық–

географиялық  аудандастыруға  сәйкес  Алтай  таулы 

облысының Оңтүстк Алтай провинциясына жатады. 

Марқакөл  Алтайдың  ең  ірі  су  қоймасы,  ол  теңіз 

деңгейінен 1500 метр биіктікте әдемі тауаралық шұңқырда 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал