«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм ақпараттық–библиографиялық бөлімше



жүктеу 401.03 Kb.

бет2/4
Дата08.01.2017
өлшемі401.03 Kb.
1   2   3   4

 

16 - 

Өскемен  автоматика  құралдары  зауытының 

(қазір  «Казпромприбор»  ЖШС)  алғашқы  өнімін 

шығарғанына 50 жыл (1961). 

 

23 - 

Шемонаиха кентінің қала болып құрылғанына 55 

жыл (1961).



 

ҚАРАША 

 

1 - 

Серебрянск 

қаласындағы 

«Первомайский» 

совхозының құрылғанына 60 жыл (1956). 

 

5 - 

Ақын,  әдебиеттанушы,  ҚКСР  Халық  жазушысы 



Тұрсынхан  Әбдірахманованың  туғанына  95 

жыл  (1921-2003).    «Әннен    әнге»,  «Танисыз  ба 

бұларды?»,  «Шырқау»,    «Кілт»,  «Мерей»,  «Наз 

көңіл» атты өлеңдер мен поэмалардың, сондай-ақ 

«Ақын 

сыры», 


«Қасым 

Аманжоловтың 

поэтикасы» 

монографияларының 

авторы.  

«Құрмет  Белгісі»  орденімен  және  медалдармен 

марапатталған.  1985  жылы  Қазақ  КСР  Ғылым 

академиясының 

Ш. 

Уәлиханов 



атындағы 

сыйлығы  берілді.  ҚР  Гуманитарлық  ғылымдар 

академиясының 

толық 


мүшесі. 

«Парасат» 

орденінің иесі. 

 

27 - 

Ақын  Сәду  Машақовтың  туғанына  110  жыл 

(1906-1995).  Алғашқы  жыр  жинағы  «Колхоз 

жыры»  деген  атпен  1932  жылы  жарық  көрген. 

Одан  кейін  «Балға  жыры»,  «Жартас»,  «Отан 

үшін»,  «Кезеңдер»,  «Жылдар  мен  жолдар», 



 

16 


«Сапарда», т.б. кітаптары, 1986 жылы «Ақ көңіл» 

деген  атпен  таңдамалы  өлеңдері  мен  поэмалар 

жинағы    шыққан.  «Қызыл  Жұлдыз»  орденімен, 

бірнеше медальдармен марапатталған. 



 

ЖЕЛТОҚСАН 

 

9 - 

Алтайды 


зерттеген 

саяхатшы, 

бірқатар 

жағрафиялық 

ашулар 

жасаған 


Василий 

Васильевич Сапожниковтың туғанына 155 жыл. 

(1861-1924), 



 

11 - 

Ұлан  ауданыңдағы  «Никитинский»  совхозының 

құрылғанына 55 жыл (1961). 1997 жылдан бастап 

атауы  «Бозанбай»  деп  ауыстырылды  және 

ауылдық әкімшілік округінің орталығы. 

 

16 - 

Жазушы  Талаптан  Ахметжанның  туғанына  55 

жыл (1961-2009). «Тұма», «Сұлу мен суретші», «О 

дүниенің  қонағы»,  «Ақиқат  жолы»,  «Мұң»  атты 

прозалық  кітаптары  жарық  көрген.  «Жігер» 

фестивалінің,  Қазақстан  Жазушылар  одағының 

Оралхан  Бөкей  атындағы  сыйлығының  иегері. 

1996 жылы «Тұма» атты әңгімелер мен хикаяттар 

жинағы 

үшін 


Қазақстан 

Жастар 


одағы 

сыйлығының,  2002  жылы  «О  дүниенің  қонағы» 

атты прозалық жинағы үшін халықаралық «Алаш» 

әдеби сыйлығының лауреаты атанды

 

 

     -  



Желтоқсан оқиғасына 30 жыл (1986).

 

23 - 

Ақын,  жазушы,  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушы 

Есет  Әукебаевтің  туғанына  90  жыл  (1921). 

«Сақшы  сыры»,  «Таң  шапағы»,  «Асқар  таулар», 

«Бірлік  бәйтерегі»,  «Кеңшілік»,  «Өмір  –  бақыт», 

«Күн  мен  көлеңке»  атты  өлеңдер  жинақтарының 

авторы.  Әскери-патриоттық  мәндегі  өлеңдер 

циклі үшін А.А.Фадеев атындағы күміс медалмен 



 

17 


марапатталды. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы 

орденімен, «За боевые заслуги», «За безупречную 

службу»,  «За  доблесный  труд»  медалімен,  басқа 

да көптеген медальдармен марапатталған.* 

 

    -  

Майдан  және  еңбек  ардагері  -  Ұзақбаева 



Күләнданың  туғанына  90  жыл  (1926).  Көркем 

аударма  саласында    еңбек  еткен,  Ш.Перроның 

«Ғажайып ертегілері» Л. Воронкованың  «Қаладан 

келген  қыз»  повесін,  Д.  Родаридің  «Телефонмен 

айтылған  ертегілерін»,  С.  Алексеевтің  «Суворов 

және  орыс  солдаттары  туралы»  әңгімелерін, 

сондай-ақ үш көркем фильмді қазақшаға аударған, 

1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысының  жеңісіне 

арналған  медальмен,  «Баспа  үздігі»  белгісімен 

марапатталған. 

 

28 - 

Өскемен  өзен  кемежайының  пайдалануға 

берілгеніне 50 жыл (1966). 

 

30 - 

Жазушы, 


драматург 

Николай 

Иванович 

Ановтың  туғанына 125 жыл (1891-1980). 2 мәрте 

Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  және  медальдармен  

марапатталған. 

Қазақ 


КСР 

мемлекеттік 

сыйлығының 

лауреаты. 

Абай 

атындағы 



Мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. 

 

31 - 

Медицина 

ғылымының 

докторы, 

ғалым, 


профессор,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  дәрігері 

– Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлының (1916-

1992)  туғанына  100  жыл.  1-дәрежелі    Отан 

соғысы,  Қызыл  жұлдыз,  «Құрмет  белгісі» 

ордендерімен және медальдармен  марапатталған. 

 


 

18 


 

Айы мен күндері белгісіз даталар 

 



 

 

Көрнекті  мемлекет  қайраткері,  ғалым-экономист 



Әзімбай  Лекеровтің  туғанына  115жыл  (1901-

1938).  1938  жылы  26  ақпанда  жазықсыз  ату 

жазасына кесілген. 1957 жылы ақталды.

 

 



 

 



Ақын,  әнші,  сазгер,  Абайдың  Ақылбайдан  туған 

немересі  -  Әубәкір  Ақылбайұлының  туғанына 

135 жыл (1881 - 1934). 

 

 



 

 



Ақын,  Абайдың  үлкен  ұлы  –  Ақылбай  Абайұлы 

Құнанбаевтың    туғанына    155  жыл.  Ол 

ақындығымен 

қоса, 

белгілі 


домбырашы, 

скрипкашы 

атанған, 

сазгерлік 

талантымен 

танылған (1861-1904).

 

 



 

 

Ақын,  Абайдың  талантты  шәкірттерінің  бірі  - 



Әріп  Тәңірбергенұлының  (1856-1924)  туғанына 

160 жыл.


 

 



 

 

Мүсінші  Петр  Борисович  Шишовтың  (1926-



1996) туғанына 90 жыл. 

 



 

 

Суретші  Борис  Иванович  Французовтың  (1911-



1987) туғанына 105 жыл. 

 

 

 

 



Аягөз  қаласының  іргесі  қаланғанына  –  185  жыл 

(1831).


 

 



 

 

Ұлан  ауданының  Асубұлақ  кентінің  негізі 



қаланғанына 75 жыл (1941).

 

 



 

 



Кеңес  Одағының  Батыры  Василий  Васильевич 

Бунтовскихтің  (1921-1945)  туғанына  95  жыл. 

Майданда  көрсеткен  ерлігі  үшін  Қызыл  Жұлдыз, 

Ленин орденімен,  медальдармен марапатталған. 

 

 



 

19 


 

 



Жазушы Талғат Кеңесбаевқа 55 жыл (1961). 1988 

жылы  республикалық  «Жігер»  фестивалінің 

лауреаты  атанды.  1990  жылы  «Француз  әтірінің 

иісі» атты тұнғыш кітабы жарық көрді.

 

 



 

 

Азамат 



соғысының 

қаһарманы 

– 

Айғыз 

Көшімбайқызының  (1876-1918)  туғанына  140 

жыл.    Сергиопольдегі  (Аягөз)  қазақ  эскадронын 

қарусыздандыруға  және  қорғаныс  күндері  окопқа 

тамақ 


жеткізуге 

көмектесіп, 

жаралыларды 

емдейтін пункт ұйымдастырған.

 

 



 

 

Суретші  Виктор  Сергеевич  Меньшиковтің 



(1926) туғанына 90 жыл.

 

 



 

 



Өскемен теміржол вокзалына 80 жыл (1936). 

 



 

 

Өскемен  қаласында  алғашқы  радиохабар  тарату 



қондырғысының  іске  қосылғанына  80  жыл 

(1936). 


 

 



 

 

Шығыс  Қазақстан  аумағын  белгілі  орыс  ғалымы 



Владимир 

Афанасьевич 

Обручевтің 

зерттегеніне 105 жыл (1911).

 

 



 

 

Зыряновск  кен  орнының  ашылғанына  225  жыл 

(1791).

 

 



 

 



Зыряновск  қаласының  негізі  қаланғанына  225 

жыл (1791).

 

 

 



 

Өскемен  құрылыс  жол  институтының  негізіндегі 



Шығыс 

Қазақстан 

Мемлекеттік 

Университетінің  құрылғанына  20  жыл  (1996). 

1997    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  арнайы 

қаулысымен  университетке  ЖОО-ң    алғашқы 

ректоры Дәулет Серікбаевтың аты берілді. 

 

 



 

 

«Эхо» кинотеатрінің пайдалануға берілгеніне 105 



 

20 


жыл (1911).

 

 



 

 



Алтай  Ботаникалық  бағының  негізін  салған  Петр 

Александрович 

Ермаковтің 

(1886-1944) 

туғанына 130 жыл.

 

 

 

 



Бұқтырма  өзенінің  құйылысына 

Бұқтырма 

бекінісінің негізі қаланғанына 255 жыл (1761).

 

 

 

 



Никольск кенішінің ашылғанына 255 жыл (1761).

 

 

 

 



Кенді  Алтай  аумағын  белгілі  ғалым  Петр  Симон 

Паллас зерттеген уақыттан бері 245 жыл (1771).

 

 



 

 



Полиметалл  кендерінің  Зыряновск  кен  орнында 

Васильевск  шахтасының  ашылғанына  205  жыл 

(1811).


 

 

 



 

Сугатовск  кен  орнының  ашылғанына  165  жыл 

(1851) .


 

 



 

 

Қаракерей  Қабанбай  батырдың  туғанына  325 

жыл  (1691-1769)  басқа  мәліметтерде  (1692-1770). 

Қазақ халқының  жоңғар шапқыншылығына  қарсы 

күресінде  ерекше  ерлік  көрсетіп,  талантты  қол 

басшы ретінде аты шыққан.

 

 



 

 

Әнші-күйші,  ақын,  өнерпаз  -  Ағашаяқтың 



(Берікбол  Көпенұлы)  (1861-1932)  туғанына  155 

жыл. 


 

 

 

         



Шынқожа  батырдың  туғанына  310  жыл  (1706-

1770).  Қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына 

қарсы  күресінде  ерекше  ерлік  көрсетіп,  талантты 

қол басшы ретінде аты шыққан. 

 

 

Кеңес  Одағының  Батыры  Журба  Павелдің  (1916-



1989) туғанына 100 жыл. 

 

     



 

21 


 

Кеңес  Одағының  Батыры  Фонов  Николайдың 

(1911-1950)  туғанына  105  жыл.  30-атқыштар 

дивизиясы 

59-артиллериялық 

полкінің 

зеңбірекшілер командирі. 

 

Кеңес  Одағының  Батыры  Ысқақов  Қапайдың 



(1906  -1973)  туғанына  110  жыл.  Ленин  орденімен 

марапатталған. 

 

Кеңес  Одағының  Батыры  Полынин  Феодордың 



(1906-1981)  туғанына  110  жыл.  Қызыл  Ту 

орденімен марапатталған. Польша әскерінің әскери 

әуе күштерін басқарды. 

 

Жазушы  Құрбанғали  Халидидің  (1846-1913) 



туғанына 170 жыл. «Новые исторические записки» 

(1889), «Очерки истории пяти восточных народов» 

(1910)  атты  екі  құнды  еңбектің  авторы.  Бұл 

еңбектері 

тарихи-танымдық, 

этнографиялық 

мәліметтерге бай. 

 

Ақын  Бүркітбайұлы  Жүнісқанның  (1896-1926) 



туғанына  120  жыл.  «Бай  кеткен  соң  бәйбіше», 

«Сақып  байға»,  «Құнанбай  атаң  болса  Құдай 

емес», «Қамауда», «Қайран елім» өлеңдері бар. 

 

Ақын,  ағартушы  Жанатайұлы  Көкбайдың 



(1861—1925)  туғанына  155  жыл.  «Семейге  Абай 

келсе  бізге  думан»,  «Абайдай  ұлы  тумағы  болар 

ғайып», «Абайдан сабақ алдым бала жастан» атты 

өлеңдері,  «Сабалақ»,  «Құлынды»,  «Қандыжап»,  

«Ғаділ  патша  қиссасы»,  «Арон  Рашид  қиссасы» 

дастандары белгілі. 

 

Әнші,  продюсер,  Қазақстанның  еңбек  сіңрген 



қайраткері,  «Құрмет»  орденінің  иегері  Ілиясова 

Майраның туғанына 60 жыл (1956). 

 

22 


 

Аталып өтілетін мерейтой иелеріне 

қысқаша анықтама және әдебиеттер тізімі 

 

1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай 

ауданының Қайнар ауылында туған. 1958 жылы Қазақстан 

кен–металлургия 

институтын 

тәмәмдап, 

инженер–

металлург мамандығын алып шыққан соң, «Лениншіл жас» 

газетінің  редакциясында  жұмыс  істеп,  біраз  уақыт 

жұмысшы  жастар  бөлімін  басқарған.  1959  жылы  Семей 

цемент заводына ауысып, біраз жыл қатардағы инженерден 

техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 

1963  жылы  Өскеменде  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің 

меншікті тілшісі болып істеді. Ал 1965 жылдан бері әдеби 

жұмысқа  біржола  ауысып,  Қазақстан  Жазушылар 

одағының  Семей  облысаралық  бөлімшесінің  жауапты 

хатшысы міндетін атқарды. 

Ең  алғашқы ғылыми  фантастикалық повесі «Ғажайып 

сәуле»  1959  жылы  жарық  көрген.  Содан  бергі  уақыттарда 

«Жетінші  толқын»  (1964-1977),  «От  және  атом»  (1965), 

«Айшықты мезет»  (1968) повестері мен әңгімелері, «Туған 

жердің  асылы»  (1974)  новеллалары,  «Жаңғырық»  (1979), 

«Көмбе»  (1983)  романдары,  орыс  тілінде  «Взрыв»  және 

 

2 ҚАҢТАР 

 

Медеу  

Сәрсекеев (Сәрсеке) 

 

туғанына 80 жыл 

(1936 )

 


 

23 


«ЖЗЛ»  сериясымен  «Қаныш  Сәтбаев»  атты  деректі 

ғұмырнамалық  кітабы  т.б.  жинақтары  шыққан.                    А. 

Беляевтің  «Қос  мекенді  адам»  романын  қазақ  тіліне 

аударған. Драматургия жанрында да еңбек етті. 

«Құрмет»  орденімен  (2001),  «Еңбектегі  ерлігі  үшін» 

медалімен,  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінің  Құрмет 

грамотасымен марапатталған.   

 

 



 

Ол туралы: 

Нәсенов Б. Абыралы - Сарыарқаның Кіндігі [Мәтін]. 5 

том, 7- 8 кітаптар. Қазақтың 200 жылғы тарихы. Достар / Б. 

Нәсенов. – Новосибирск, 2005. - 305 б.  

Сәрсекеев  М.  [Мәтін]:  [қысқаша  өмірбаяны]  // 

Қазақстан  жазушылары:  XX  ғасыр:  анықтамалық.  – 

Алматы, 2004. – Б. 273. 

Салықов  К.  Ақиқатқа  араша  [Мәтін]  /  К.  Салықов  // 

Қазақ әдебиеті. – 1996. – № 7-8. -  Б.12. 

Сәрсекеев  Медеу  //  Шығыс  жұлдыздары  [Мәтін]: 

энциклопедиялық  анықтамалық.  1-т.    Сөз  зергерлері. 

Мәдениет майталмандары. - Астана: Фолиант, 2011.- 147 б. 



 

Шығармалары: 

Еспенбетов А. Шығармалары [Мәтін]: 2-т. Зерттеулер, 

мақалалар /А. Еспенбетов. - Астана: Фолиант, 2014. - 472 б. 

Сәрсекеев М. Жетінші толқын [Мәтін]: ғылыми - 

фантастикалық хикаяттар мен әңгімелер / М. Сәрсеке; ред. 

А. Хасенова. - Алматы: Атамұра, 2004. - 312 б. 

 

Сәрсекеев М. Таңдамалы шығармалары [Мәтін]: 6 



томдық  / М. Сәрсекеев. - Астана: Фолиант, 2006.  

Т. 1:  Ғылыми-фантастикалық және өзге  де  хикаяттар 

мен әңгімелер. – 468 б. 

         Т. 2: Жарылыс: роман. – 460 б. 

Т. 3: Көмбе: роман, таңдамалы шығармалары. – 432 б. 


 

24 


         Т. 4: Ғұмырнама: роман, таңдамалы шығармалары.             

424 б. 

         Т.5:  Қайран Бөкетов: роман, таңдамалы 

шығармалары. – 474 б. 

         Т. 6: Естелік-эсселері.  – 524 б. 

 

Сәрсекеев М. Қаныш Сәтпаев [Мәтін] / М. Сәрсекеев. - 

Астана: Фолиант, 2008. – 648 б. 

 

 



Сәрсекеев  М.  Қуғындалған  «Сәтпаев»  [Мәтін]    /  М. 

Сәрсекеев. - Алматы: Шабыт, 1994. – 244 б. 

   

Сәрсекеев М. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Нашар пьеса 



500 рет қойылмайды: 7 драма, солар төңірегіндегі қитұрқы 

оқиғалар / М. Сәрсеке. - Астана : Фолиант, 2013. - 512 б. 

 

 

 



Абай 

мен 


Шәкәрімді, 

Мұхтарды 

тудырған 

Шыңғыстаудың  қасиетті  топырағы  талантқа  кенде  болып 

көрген  емес.  Әсіресе,  бұл  өңірде  талантты  ақын-

жазушылар өте көп. 

Солардың  бірі  –  бірегей  талант  иесі,  халық  ақыны 

ШӘКІР  ӘБЕНОВ.  Өмірдің  талай  қиын  соқпақтарын 

көрген, талайлы тағдырын отқа да, суға да  салған, сүңгілі 

көк мұзға лақтырған, бірақ мойыта алмаған ақынның биыл 

115 жылдығы. 

 

 

 

10 ҚАҢТАР 

 

Шәкір Әбенов 

 

туғанына 115 жыл 

(1901 - 1994) 

 


 

25 


Шығыс  Қазақстан  облысы,  Абай  ауданы,  Құндызды 

ауылында  туған.  Ауыл  молдасынан,  Семейдегі  приход 

мектебінде,  Уфадағы  Ғалия  медресесінде  оқыған.  1916 

жылы  Семейдегі  ер  балалар  гимназиясына  оқуға 

қабылданады.  

Алапат  құдіреті  мен  қасіреті  таразыға  тең  түскен 

ғасырымызда  дүниеге  келген,  өзі  сол  ғасырмен  түйдей 

құрдас  болған,  тағдырдың  талай  сынына  шыдаған, 

заманымыздың    шежіресі,  ғажап  туындылар  дүниеге 

келтірген, әрі ақын,  әрі композитор Шәкір Әбенов  туралы 

шындық  бүгінге  дейін  айтылған  жоқ.  Ол  ұрпақтар 

құлағына тек аңыз-әңгімелер күйінде еміс-еміс келіп жетті. 

Олай  болуының  басты  себебі  –  қай  жерде,  қашан  болсын 

ақынның  өз  жүрегінің  сөзін  сөйлегені,    қара  қылды  қақ 

жарып  әділдігін  айтқандығы  еді.  Бірақ  бұл  жеке  адамның 

басына тәу еткен  сталинизм заманына,одан кейінгі әкімші-

әміршіл  тоқырау  дәуіріне  ұнай  қоймады.  Сөйтіп,  ақын 

жазықсыздан  жазықсыз  бір  емес,  екі  рет  репрессияға 

ұшырады. 

Алайда, ақын осындай  тар жол, тайғақ кешуде жүріп, 

тағдырдың салғанына тамыры терең  емендей қасқая қарсы 

тұрып,


 

өз  нұсқасындағы  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу» 

жырын,  «Кейкі  батыр»,  «Шыңғыстау»,    тағы  басқа 

көптеген  жыр–дастандарды  дүниеге  келтірді.  Бірнеше 

әндер  жазды.  Үш  ішекті  домбырада  ешкім  білмейтін 

күйлерді орындады. Сондай-ақ, Дулат жыраудың көптеген 

мұрасын алғаш жинап, тапсырған да осы кісі болатын.     

Ер туады ел үшін, 

Ер – елінің қорғаны. 

Маңайына ел жиса, 

Ұялы терек ордалы... 

Шәкір Әбенов 



 

26 


Ғасырға жуық ғұмыр жасап, ғасырдай мағыналы өмір 

кешкен  ақын  тағдыры  аяулы  да  қастерлі,  үлкен  құрметке 

лайық. 

 



 

Ол туралы: 

Әбенов, Шәкір. Ер еңсесін ерлер биіктетер [Мәтін]  // 

Байжан-Ата,  Сапар.    Өткеннен-мұрағат,  өркенге-ұлағат: 

зерттеулер, толғаулар, эсселер. – Алматы, 1998. – Б. 167. 

 

      


Әбенұлы Ш.  [Мәтін]: [қысқаша өмірбаяны] // Қазақстан 

жазушылары:  XX  ғасыр:  анықтамалық.  –  Алматы,  2004.  – 

Б. 45.

 

    Жанғалиев,  Төлеген.  Елбасыға  бата  берген  абыз 



ақынның ақиқаты әлі айтылған жоқ [Мәтін] / Т. Жанғалиев 

// Дидар. - 2011. - 15 қыркүйек (№108). - Б. 7. 

Құсанбек,  Бейбіт.    Халық  ақыны  –  Шәкір  Әбенов 

[Мәтін]  //  Құсанбек,  Бейбіт.    Ғұмыр-дария.  –  Aлматы,  

2008. – Б. 6-7. 

Тоқанұлы,  Бодаухан.  Ол  кісі  Хамиттің  өкіл  әкесі 

болған [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2011. - 22 қараша 

(№137). - Б. 137. 

Түңлікбаев,  Марат.  "Абай  жолының"  жазылуына 

ауқымды  үлес  қосқан  [Мәтін]  /  М.  Түңлікбаев  //  Дидар.  - 

2011. - 15 қыркүйек (№108). - Б. 7. 

 

Шығармалары: 

Әбенов, Шәкір. Шыңғыстау [Мәтін] : толғау-термелер, 

өлең-дастандар,  аңыздар,  мысалдар  мен  әңгімелер  /  Ш. 

Әбенов. - Астана : Фолиант, 2011. - 504 б. 

    Байжан-Ата,  Сапар.  Өткеннен-мұрағат,  өркенге-ұлағат 

[Мәтін] : зерттеулер, толғаулар, эсселер / С. Байжан-Ата. - 

Алматы : Қазақстан, 1998. - 480 б. 


 

27 


 

 

Ришат Абдуллин  

(1916-1988

 

 



Мүсілім Абдуллин  

(1916-1996)

 

 

Екі  адам  қосылып,  келістіріп  ән  салса  қазақ:  «Оу, 

мыналар  ағайынды  Абдуллиндер  ғой!» дейтін  бұрындары. 

Абдуллиндер әншілігін қосылып ән салудың ең шеберлігі, 

биік шыңы деп санаудан жұрт аузында мәтел болып кеткен 

теңеу  еді.  Әуесқойлар  «Әйтеуір  сол  қыз  бір  сұлуды» 

«Абдуллиндер болып»  шырқауға талпынатын. 

Әрине,  театрға  бармаған  40-60  жылдардың  қырдағы 

халқы  Мүсілім  мен  Ришат  Абдуллиндердің  ең  алдымен 

қазақтың  опера  жанрын  өркендетуге    үлес  қосып  жүрген 

саңлақтар  екенін  ол  кезде    білмеуі  де  мүмкін.  Екеуі  де 

отызыншы жылдары Алматы музыка техникумын, Мәскеу 

консерваториясын  бітірді.  Екеуі  де  Абай  атындағы  опера 

және  балет  театрында  солист  болды.  Мүсілім  «Ер 

Тарғында»,  «Абайда»,  «Онегинде»  -  Төлеген,  Әзім, 

Ленский  болып  ән  салды.  Ришат  Абай  рөлін  алғашқы 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал