Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы


"Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау" тесті



жүктеу 0.67 Mb.
бет7/26
Дата04.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Тест жинағы "Әдістемелік құрал психологиядан"
ББӘПҚ СРС4(2)
"Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау" тесті

Сізге түрлі психикалық көңіл-күйдің сипаттамаларын ұсынып отырмыз. Егер ол ахуал басыңыздан жиі өткен болса 2 ұпай, нақ осы жай-күй анда-санда кездессе 1 ұпай, егер мүлдем келіспесе 0 ұпай қоясыз.


I
1) Өзіме сенімді екенімді сезінбеймін.
2) Болмашы нәрсе үшін жиі қызараңдаймын.
3) Ұйқым тынышсыз.
4) Тез мұңаямын.
5) Қиялдағы келеңсіздіктер үшін де уайымдаймын.
6) Мен қиындықтардан қорқамын.
7) Өзімнің кемшіліктерімді қазбалағанды ұнатамын.
8) Сені иландыру оңай.
9) Мен күмәншілмін.
10) Мен тосқанды ұнатпаймын.

II


11) Туындаған ахуалдардан шығу жолы болса да, мен үшін олар шешілмейтін тәрізді көрінеді.
12) Келеңсіздіктердің мені уайымға салатындығы сонша, мүлдем рухым басылып қалады.
13) Үлкен келеңсіздіктерге ұшырағанда, еш себепсіз өзімді кінәлауға дайынмын.
14) Бақытсыздықтар мен сәтсіздіктер маған сабақ болған емес.
15) Мен еш нәтиже бермейді деп санағандықтан, күресуден жиі бастартамын.
16) Өзімді жиі қорғансыз сезінемін.
17) Кейде торығамын.
18) Қиындықтарға кезіккенде абдырап қаламын.
19) Мені біреу мүсіркесін деп, кейде өзімді өмірдің қиын кезеңдерінде бала тәрізді ұстаймын.
20) Мінез-құлқымның кемшіліктері ешқашанда жөнделмейді деп санаймын.


III

21) Соңғы сөзді мен айтуым қажет.


22) Сұхбаттасушының сөзін бөлетін кездерім жиі болады.
23) Мені ашуландыру оңай.
24) Басқаларға ескерту айтқаиды жақсы көремін.
25) Басқаларға беделді болғым келеді.
26) Менің барға қанағаттанғым келмейді.
27) Ашуланғанда өзімді әрең тежеймін.
28) Бағынышты болғаннан гөрі, басқарғанды ұнатамын.
29) Менің ым-ишараларым дөрекілеу.
30) Мен кекшілмін.
ІV
31) Маған әдеттерімді өзгерту қиын
32) Назарымды басқа нәрсеге ауыстыруым оңайға соқпады
33) Кез-келген жаңа дүниеге сақтана қараймын
34) Мені өз ойымнан бас тартқызу қиын
35) Басыма келген ойдан арыла алмайтын кездерім жиі болады
36) Адамдар мен жақындасуым қиын
37) Мені жоспардың болмышы өзгерістері де ашуландырады
38) Жиі қыңырлық танытамын
39) Тәуекелге әрең барамын
40) Өзімнің үйреншікті күн тәртібімнің бұзылуы маған қатты әсер етеді


Нәтижені өңдеу
Әрбір сұрақ топтарының жеке ұпайлар санын есептеңіз:
І. 1-10 сұрақтар – мазасыздық, үрейшілдік;
ІІ. 11-20 сұрақтар – фрустрация;
ІІІ. 21-30 сұрақтар – агрессивтілік;
ІV. 31-40 сұрақтар – ебедейсіздік.



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет