Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы


Шешім қабылдай алуды зерттеу



жүктеу 0.67 Mb.
бет25/26
Дата04.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23288
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Тест жинағы "Әдістемелік құрал психологиядан"
ББӘПҚ СРС4(2)
Шешім қабылдай алуды зерттеу

Шешім қабылдай алу жеке тұлғаның ерекше қасиеттерінің бірі. Оны анықтау үшін 12 сұрақтан тұратын тест қолдану аса ыңғайлы. Тестің әрбір сұрағына "иә" немесе "жок" деп жауап беріледі.



  1. Сіз ұжымда бұрын өзіңізге үйреншікті болғаннан мүлде басқаша, жаңа ережелерге, жана стильге жеңіл бейімделе алар ма едіңіз?

  2. Жаңа ұжымда тез бейімделе аласыз ба?

  3. Басшылардың көзқарасына қайшы келсе де, көптің алдында өз пікіріңізді айтуға қабілетгісіз бе?

  4. Егер сізге басқа мекемеде жалақысы әлдеқайда жоғары қызмет ұсынса, ойланбай-ақ жаңа жұмысқа келісер ме едіңіз?

  5. Жіберілген қате бойынша өз кінәңізді мойындамауға және бұған сылтау табуға бейімсіз бе?

  6. Бір нәрселерге өзіңіз қарсы болсаңыз, оның себептерін ашық түрде, әр түрлі жұмсартатын себептермен және жағдайлармен бүркемей-ақ түсіндіре аласыз ба?

  7. Пікірталас нәтижесі бойынша қандай да бір мәселелерге қатысты өзініздің бұрынғы көзқарасыңызды өзгерте алар ма едіңіз?

  8. Сіз біреудің жұмысын оқыдыңыз (қызмет бабымен немесе өтініш бойынша), ойы дұрыс, бірақ баяндау стилі сізге ұнамады - сіз басқаша жазар едініз. Сіз мәтінді жөндейсіз бе? Оны өз пікіріңізге сәйкес өзгертуді талап етесіз бе?

  9. Дүкенде өзіңізге өте ұнап қалған затты сондай тіпті қажет болмаса да сатып алар ма едіңіз?

  10. Өз шешіміңізді тартымды, сүйкімді адамның үгіттеуінің әсерінен өзгерте аласыз ба?

  11. Өз демалысыңызды "артынан көретін шығармыз" демей, алдын-ала жоспарлайсыз ба?

  12. Әрқашан берген уәдеңізде тұрасыз ба?

Әрбір сұрақтың жауабына орай тест кілті бойынша келетін ұпай сәйкес болады. Басқаша айтқанда, жиналған ұпайларды әдістеменің кілті көрсетілген 16-кесте бойынша анықтайды. Ұпайлардың жалпы қосындысы шешім қабылдай алу дәрежесін сипатгайды.


16-кесте
0-9 ұпай. Шешім қабылдай алмау. Қорқақ. Сенім білдіруге болмайды.
10-18 ұпай. Шешім қабылдаудағы аса сақтық. Сын сағаттарда мәселені шешуден тайқы қоймау. Уақыт бар болғанда ғана күмәндану.
19-28 ұпай. Жеткілікті дәрежеде шешім қабылдай алу. Мәселелерді логикалы, бірізді тез және дұрыс шешу. Қабылданған шешімді нық ұстанады. Бірақ бірбеткейлік орын алады.
29 және одан артық ұпай. Шешім қабылдай алмау - беймәлім қасиет. Өзін бар істе компетенттімін деп бағалау. Басқалардың пікірін ескермеу. Сынға төзбеу.



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет