Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы



жүктеу 0.67 Mb.
бет11/26
Дата04.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Тест жинағы "Әдістемелік құрал психологиядан"
ББӘПҚ СРС4(2)
Коммуникативтілік. Бұл термин іскерлік және тұлғааралық байланыстардың құрылымын сипаттауда қолданылады (мысалы, топішілік қарым-қатынас құрылымы).
Коммуникативтілік — топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекет барысында пікір, сезім, көңіл-күй, қызығушылықтармен алмасу. Коммуникативтілік көрсеткіші 1-ге жақын болған сайын топты жағымды жағынан көбірек сипаттауға болады. Егер бұл көрсеткіш 0,2-ден төмен, не тең болса, топ мүшелерінің арасындағы қайшылықты қарым-қатынас нәтижесінде коммуникативті кедергінің болу мүмкіндігін көрсетеді.
Психологиялық климат. Топтағы психологиялық құбылыстарды сипаттайтын эмоционалды-бағалаушы және әлеуметтік-бағалаушы тұрғыдағы әлеуметтік-психологиялық түсінік.
Психологиялық климат — адамдардың көңіл-күйі, рухани толғаныстары, бір-біріне, жұмысқа және болып жатқан құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін, топта басым болатын салыстырмалы тұрақты эмоционалды жағдай. Ол қолайлы және қолайсыз, қалыпты және қалыпсыз болуы мүмкін. Егер психологиялық климаттың қолайлылык коэффициенті 0,65-тен жоғары болса, топта өзара түсінушілік, сыйластық, достық атмосферасы, ішкі тәртіп пен жауапкершіліктің, өзіне және басқаға деген талаптың жоғары екенін көрсетеді.
Сьюзен Деллингер әдісі
«Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеу


Кіші буын оқушыларына арналған.
Жургізілу барысы: Мыны төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл — мен!» - деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны тандап белгілеуге болады.




Геометриялық фигуралардын ерекшеліктері
Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, маманданған эрудициясы басым, бас саясаткер, достары және таныстары шағын, еңбекқор адам.
Үшбұрыш - көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөзтапқыш, ортадағы қарым - қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер - қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көніл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зиг - заг - көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет