Шығатын сараптамалық, публицистикалық және әдеби-көркем журналы



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/7
Дата25.02.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

шекарашы

  № 5 (86) -2016                                                                                                         қыркүйек - қазан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің екі айда бір 

шығатын сараптамалық, публицистикалық және әдеби-көркем журналы

Бас редактор Н.Сағымбаев

Жауапты хатшы Н.Досмұхаметова

Редакцияның  мекен-жайы:

Алматы қаласы, Наурызбай батыр 

көшесі, 77-ші үй

Тел. 261-17-88, 261-98-80, 

261-98-62. 

Жарияланған материалдардың 

дұрыстығы үшін автор жауапты.

Қолжазбалар рецензияланбайды 

және қайтарылмайды.

 РПБК ЖШС «Дәуір» 

баспаханасында басылған

Теруге жіберілген күні 03.09.2016.

Басуға қол қойылған күні 

05.10.2016

Қалпы   60X84  1/8 

Офсеттік басылым  

Есепті баспа, табағы 7,5 

Таралымы  1650 дана  

Тапсырыс №

Меншік иесі:

 

Қазақстан 



Республикасы Ұлттық қауіпсіздік 

комитетінің Шекара қызметі.  

Журнал Қазақстан Республикасы 

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2002 жылдың 

22 сәуірінде тіркеліп, № 2877 – Ж. 

куәлігі берілген. 2002 жылдың 

мамыр айынан бастап қазақ және 

орыс тілдерінде шығады. 

Индексі 75984



2

МЕРЕЙ


Тәуелсіздік ғибраты

Подполковник

М.Қозықанов

М А З М Ұ Н Ы



10

32

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

СПЕЦИАЛИСТ

ТВОИ ЛЮДИ, ГРАНИЦА



34

66

ТОМИРИС


Жетістіктеріміз жетерлік 

Полковник 

К.Сейтмухаммедов

Эксперт спецсвязи

Старший сержант

Б.Молдахметова

Оправдать высокое 

доверие

Майор 

К.Турапов

Теңізшінің жары

Т.Қуанышбекқызы

МЕРЕЙ

«Уақыт  қарқыны  зымыран.  Күні 

кеше  өткен  сияқты  уақиғалар  бүгінде 

тарих  беттеріне  айналып  та  үлгерді. 

Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның 

дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, 

сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт 

әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белес­

терден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл 

қазір артымызда қалды, сондықтан да 

мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне 

сенемін».                         

Н.Назарбаев,

Қазақстан Республикасының 

Президенті

Тәуелсіздік         ғибраты

2

Шекарашы 



№5-2016

МЕРЕЙ


Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақта-

ныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін 

ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын 

жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал 

қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. 

Олардың  қатарына:  қазақтың  ұлт  болып 

ұйысуы мен оның ұлан-ғайыр ата-қонысы-

ның қалыптасуын, ұлттық мемлекеттігіміздің 

бастауы  –  Қазақ  хандығының  құрылуы 

мен дамуын, өзі отырған тағы емес, билеп 

отырған халқының бағын ойлап, жау қолына 

тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен 

мемлекет  тұрғысынан  ақыл-кеңес  берген, 

кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін, 

ата-бабаларымыздың елімізге, халқымызға 

тән  өзіндік  шаруашылық  жүргізу  жүйесін 

қалыптастыруын,  таңғажайып  этномәдени 

үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке 

қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер 

мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын 

сыртқы,  тіпті  қала  берді  ішкі  жаулардан 

қорғаған үлгісін жатқызуға болады. 

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі 

бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел 

азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы 

тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп 

болды.  Қазақтың  соңғы  ханы  Кенесары 

азаттық үшін күресте айрықша қылыш серме-

ді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. 

Ханның  басы  қанжығада  кете  барды…  

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық 

са бырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кене-

сары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан 

кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің 



Тәуелсіздік         ғибраты

3

Шекарашы 



№5-2016

МЕРЕЙ

қадірін  бағалай  біліп,  ұранға  айналдырға-

ны  мәлім.  Әруақтарын  ұран  қылғанда  ол 

есімдерге  Алланың ерекше нұры түскенін 

мой ындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани 

күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін 

қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, 

адалдықтың, отансүйгіштіктің мысалдары өт-

кен тарихи оқиғаларымызда жатыр. 

Ел басына күн туғанда даналығымен, ба-

тырлығымен,  парасаттылығымен  ел  мұң-

ын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, 

халықтың басын қосқан, халық мүддесі жо-

лында табандылығын да, тапқырлығын да 

таныта білген хан Абылай Қазақ халқының 

күшін  тасытты,  мәртебесін  көтерді,  Қазақ 

елін аса іргелі елге айналдырды. Батырла-

рын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнер-

паздарын достық - бірлікте ұстап, оларды 

жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоз-

дырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, 

қоқыңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың 

қара Қытаймен де, ормандай орыспен де 

тіл  табысқан  бабамыздың  даналығының 

арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы 

Отан - Қазақстан жері сол бабалардың сақтап 

қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені 

сөзсіз. 


Халық  басына  қиын-қыстау  заман  зары 

туған  шақта,  Қазақ  қауымының  бас  кө-

терген  батыр  да  ержүрек  перзенттері  ел-

дің  елдігін,  ердің  ерлігін  сақтап  қалды.  

Абай,  Шоқан,  Ыбырай  дәуірін  қылыштан 

гөрі  қаламның  қуатты  екенін  дәлелдейді. 

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала 

бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары 

шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең 

орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдары ның 

екінші  жартысында  күшейген  Сталиндік 

әміршіл-әкімшіл  жүйе  қоғамның  тарихи 

заңдылықтарына  қайшы  келетін  экспери-

менттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. 

Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстан ды 

да қамтыды. Бұл эксперименттердің басты 

бағыттары  мынадай  болды:  ауыл  шаруа-

шылығын күштеп ұжымдастыру және соның 

негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды 

тап  ретінде  жою,  аса  тез  қарқынмен  елді 

индустрияландыру, мәдени-рухани салада, 

демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде 

жергілікті халықтарды орыстандыру, қоғамдық 

саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана 

4

Шекарашы 



№5-2016

МЕРЕЙ


артық бақыт жоқ», - деп Ислам Жеменей 

айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-1945-ші 

жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары 

еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 мил-

лион 196 мың адам қару асынып, майданға 

аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының 

сапында  болды.  Соғыстан  тек  410  мың 

Қазақстандық жауынгер ғана оралды. 

Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы 

– 1949 жылдан қазақ жерінде атом полигоны 

салынды. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір 

ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы От-

аным - Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін 

әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай 

ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың 

басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің 

жасын  тыя  алмаспыз.  Қазақстан  ядролық 

инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ ет-

кен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін 

ел ретінде танытқан, еліме Тәуелсіздіктің туын 

желбіреткен  Елбасы  Нұрсұлтан  ағамызға 

алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман 

өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным - 

коммунистік идеологиялық үстемдігін орнату.  

Осылардан  туындайтын  және  басқа  да 

ірілі-ұсақты шаралар болды. Тоталитарлық 

тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат 

аса  зор,  қасіретті  зардаптар  әкелді.  Жап-

пай  отаршылдықтың  салдарынан  Қазақ 

халқының  жартысына  жуығы  қырылды, 

өзінің  атамекенінен  басқа  елдерге  ауа 

көшті,  тіл  мен  діл,  дін  мен  ұлттық  сезім, 

таным  жойыла  бастады.  Қазақ  халқы  өз 

жерінде  ұлттық  азшылыққа  айналды.  

Ах мет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, 

Сма ғұлдар  алаш  туы  астында  ел  болуға, 

мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың 

«Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік 

біз» деп жаһанға жар салатын кезінде ұлт 

зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел 

боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық 

саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан 

«Автономия, бізге керегі – автономия!» деп 

қайта-қайта шырылдап, телеграмма салу-

мен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып 

алайық,  мемлекетіміз  болса,  қалғанының 

бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ 

автономиясын жариялағанда алаштың ары-

стары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға 

тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл 

қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен 

қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы 

астына біріккендердің бәрін біртіндеп құртты. 

Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. 

Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап 

қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды.  

Алашорда партиясына мүше болғандардан 

жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… 

Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті 

басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге 

айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая 

кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш 

дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі 

өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай 

қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған  

жоқ. 


1937-1938  жылдары  яғни,  бір  жылдың 

ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. 

Жоғары  білімді  қазақтың  бетке  ұстайтын 

азаматтарының бар кінәсі - көзі ашық болғаны, 

өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. 

Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осынша-

ма құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз 

жөн  болар  еді.  Осы  асыл  азаматтардың 

үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған 

үміттері, армандары бізге аманат сияқты бо-

лып көрінеді. 

«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан 

5

Шекарашы 



№5-2016

МЕРЕЙ

Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап 

бізге  қалдырған,  кейінгі  ұрпағыма  «Асыл 

мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас 

уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, 

ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастары-

нан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан 

бері-ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақ-

тап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, 

шешен де білгір азаматтарының бастауымен 

«Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның 

қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» 

деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ 

жолы»,  «Нұрсұлтан  Назарбаевтың  нұрлы 

шапағатына» ұласып отырғанын көріп отыр-

мыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-

өзі  асырап  отырғаны,  ұрпағын  қалдырып, 

дамып жатқаны осы Отанның арқасында. 

Отансүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, 

білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің 

игілігіне, кір жуып кіндік кескен жеріне деген 

ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын 

ерекше асқақ сезім. 

Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі 

жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жыл-

дары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға 

қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі 

деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар 

ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан рево-

люциясына дейін халқымыз отарлық езгіге 

қарсы 400-ден астам көтерілістерге шығып, 

наразылықтар  көрсетті.  Осындай  азаттық 

күрестің басында халқымыздың ортасынан 

қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар 

көрсеткен үлгі, сепкен ұрық бір ұрпақтан екінші 

ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы 

желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан 

көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын 

түрде дәлелдеді. 

1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген 

қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. 

Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, 

6

Шекарашы 



№5-2016

МЕРЕЙ


Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяла-

рымен жігерленген қазақ жастары орталықтың 

бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіру-

ге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. 

Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп 

тұрған қызыл империя кеңестік коммунис тік 

партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық 

намысын  ту  етіп,  отаршылдыққа  қарсы 

алғаш  жойқын  бұлқыныс  танытуы  Мәс-

кеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай 

түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы 

қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-

өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің 

мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар ал-

дын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, 

фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма 

барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған 

жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне 

құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі 

жүректері  тітіркенбестен  мұздай  қарулан-

ған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз 

жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып 

соқты.  Кремльден  кесепатты  бұйрықтың 

пәрмені  солай  аласапыран  құбылды.  

Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, 

Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше 

елді  мекендерінде  тоталитарлық  билік 

жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси та-

лаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі 

Кеңес Одағының керегесін шайқалтып, КСРО-

дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін 

қалаушы  оқиғалардың  бірі  болды.  Белгілі 

ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді 

солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды 

із  қалдырып»  қана  қойған  жоқ,  сонымен 

бірге және ең маңыздысы – халқымыздың 

ең  алдымен  жас  буынның  ұлттық  сана-

сын  оятумен,  ұлттық  намысын  көтеруінде 

болды.  Ол  еліміздің  тәуелсіздік  алуының 

алғышарттарын  дайындауға  қызмет  етті. 

Қатыгездігі  мың  батпан  солақай  саясат 

орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған 

ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын 

асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге 

ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді 

қарсылықтың болуы тиіс емес деп есептейтін 

кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік 

тұрып, «бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы» деп 

апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, 

әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық 

намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия 

комитетіндегілер Қазақ жастарының Респу-

блика  алаңына  шығуын  нашақорлардың, 

маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа 

жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш 

қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. 

Бұл үлкен оқиғаны тентектік әрекетке балауы 

көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың 

бет  пердесі  ашылды.  Оған  көзі  жеткен 

Кеңес Одағының тізгінін ұстаған серкелер 

«қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған 

қаулының, яғни, Қазақ халқына жабылған 

жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. 

Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орында-

рынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған 

қыз-жігіттер  кейін  ресми  ақталды.  Бірақ, 

олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-

дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын 

шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей 

жас  өспірімдер қанаты қайырылса да намысын 

жер ге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, 

сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай 

7

Шекарашы 



№5-2016

іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991 

жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз 

алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Туған Ота-

нымыз дүние жүзілік қауымдастықтың терезесі 

тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті 

даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-

бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған 

өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз 

қуаныш. Отанымыз Қазақстанымыз туралы 

айтарымыз да, мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі 

жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға 

бағыт  алған  егемен  еліміз  –  Қазақстанды 

көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, 

абыройын асырып, өз бақытының иесі болуы-

на қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын 

таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла 

еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың 

қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! 

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, 

ежелгі  қонысы.  Бұл  жерде  ата-бабамыз 

туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында 

ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира 

жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен 

отырықшылардың  бір-бірімен  шендескен 

әлемі  ғасырлар  қойнауында  талай-талай 

ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, 

мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре 

жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс 

пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. 

Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен 

Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан 

«Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан 

кіндік Азияны басып өтетін қазақстандық телімі 

болған. 


Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде 

дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғи 

байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі 

ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен 

аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан 

аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблема-

ларды талқылауда және шешуде ықпалды 

рөл  атқаратын  ел.  Қазақстан  Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне 

әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. 

Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән 

барлық институттары бар, әлемдік қауым-

МЕРЕЙ

8

Шекарашы 



№5-2016

мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да 

біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. 

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мем-

лекет ретінде әлемге танылды. Елбасының 

«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан 

тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде 

қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен 

өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы 

бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән 

келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен 

мағына жатыр. 



Дайындаған Мәуітбек ҚОЗЫҚАНОВ.

дастықтың ықпалды мүшесі болып 

табылатын  мемлекет  құрылды, 

оның  қауіпсіздігі  мен  тәуелсіздігі 

қамтамасыз етілді. Конституциялық 

жолмен  мемлекеттік  және  сая-

си  билік  құрылымдарын  жаңарту 

негізінде елдің демократиялық жол-

мен  дамуының  берік  іргетасы  қа-

ланды.  Елдің  ішкі  экономикалық 

жүйесі  түбірімен  өзгеріп,  дамыған 

өркениетті елдердің ешқайсысынан 

кем түспейтін нарықтық қатынастар 

мен  институттар  құрылды.  Соның 

негізінде Қазақстан дүние жүзілік эко-

номикада өз орны бар елге айналды.  

Он бес жыл ішінде Қазақ халқының 

ұлттық  санасы  жаңғырып,  өзін-өзі 

тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан 

тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы 

тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани 

қазы насын әлемдік өркениетпен ұластыру 

бағы тында қыруар шаруалар атқарылды. 

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі 

этностардың  да  отаны  болып  табылатын 

біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық 

пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі 

ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді 

дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін 

көрсетіп берді. 

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының 

бостандыққа  ұмтылған  асқақ  армандары 

МЕРЕЙ

9

Шекарашы 



№5-2016

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

Жетістіктеріміз 

жетерлік

КЕНЖЕБЕК СЕЙТМУХАММЕДОВ 

полковник 

Осы мақаланы жазуға даярлық барысында біраз 

ойлануға тура келді. Неге? Қаламым бұрындары 

жосылып-ақ кететін еді, осы жолы кібіртіктеді. Иә, 

редакцияның табалдырығын аттағанымыз кеше 

еді. 1996 жылдың қаңтар айының соңғы күндері 

болатын.Мемлекеттік емтиханға даярланып жүр 

едік. Әрі республикалық «Халық Кеңесі» газетінің 

жарты ставкадағы тілшілеріміз. Шапқылап мақала 

жазғаннан басқа жұмысымыз жоқ. Сөйтіп жүргенде 

білдей бір республикалық газет бізге белгісіз себеп-

термен жабылып тынды. Тағдырдың жазуы болар, 

сол кезден бастап шекарашылар басылымының 

шаңын қағып келеміз. 

1 0


Шекарашы 

№5-2016


ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

Көп уақыт өтіпті. Көп өзгерістерге куә 

болдық. Ең бастысы – адамдардың са-

насы өзгерді. Олардың ел мен жерге 

деген патриоттық сезімі өзгерді, әрине 

жақсы жағына. Әскери қызметіміз жаңа 

басталған кезде іссапарларға жиі ба-

ратынбыз. Сондай бір кезекті іссапар 

тәжік-ауған шекарасында өздерінің 

интернационалдық борышын атқарып 

жүрген қазақстандық батальонға барып

олардың тыныс-тірішілігі жайлы мақала 

жазу болды. Душанбе әуежайында отыр-

мыз. Күннің ыстықтығынан ұшақтар 

межелі жерге ұшып бара алмайтын бол-

ды. Ұшу қауіпсіздігі ережесінің баптары 

осыны талап етеді екен. Уақытты босқа 

өткізбейінші деген ниетпен аға лейтенант 

шеніндегі жас офицермен сұхбат құрдық. 

Үшаралдық сарбаздарды отты нүктеге 

алып бара жатыр екен. Өзін Жеңісбек 

Сүлейменовпін деп таныстырды. Сол 

жолы асықпай әңгіме-дүкен құрғанбыз. 

Маған оның ерекше ұнаған қасиеті – өзі 

таңдап алған мамандығын айрықша 

қастер тұтады екен. Мәскеудегі шекара-

шылар даярлайтын арнайы жоғары оқу 

орнын бітірген. Кезінде Ауған топырағын 

да басып, өзінің интернационалдық бо-

рышын өтепті. Бірнеше жауынгерлік ма-

рапаттары да бар. Кейін төл басылым 

бетінде ол офицер туралы көлемді мақала 

да жарияладық. Өмір өз ағысымен өтіп 

жатты. Арада жылдар жылжып өтті. Кейін 

полковник Ж.Сүлейменовпен дербес бай-

ланысшылар полкіне басшылық жасаған 

кезде кездескенбіз. Самай шашы ағарған, 

біліктілігіне, тәжірибесі толысқан беделді 

командирдің бірі болған. «Мен өз басым 

шекарашы атанып, өзгеше тағдыр жолына 

түскеніме ешқашан өкінген емеспін. Қайта 

әскери қызметтің қатал талаптары мен 

темірдей тәртібіне үйреніп, өзіңді үнемі 

жараған бәйге атындай сезініп жүресің. 

Заң талаптары аясында материалдық 

жағдайым да жақсарды. Пәтерлі болдым. 

Өзімнің бай тәжірибемді кейінгі жастарға 

үйретудей-ақ үйреттім. Бірақ, өмірді бір 

орнында тұра береді деп ойламау керек. 

Сол себепті зейнетке даярланып жатыр-

мын. Әскери өмірдегі жинаған тәжірибемді 

азаматтық өмірде жүзеге асыруға талапта-

нып көрсем», - дейді ол. 

Айтпақшы, сол тәжік-ауған шекарасын-

да қызмет атқару кезінде асқан ерлігімен 

көзге түскен Раджан Батырхановты көзі 

қарақты оқырман жақсы біледі. Оның 

ерлігі туралы талай мәрте жаздық. 1999 

жылдың қоңыр күзінің қысқа ұласар 

шағында Күршім шекара отрядының «Чин-

дагатуй» заставасына батырдың есімін 

беру туралы Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің Қаулысы шықты. Республикалық 

беделді басылымдар мен телеканал 

журналистеріне бас болып, тікұшақпен 

Күршімге ұшқанбыз. Бір-екі тәулік За-

йсанда аялдадық. Қыс Алтай өңіріне ерте 

түседі. Соның әсерінен Зайсан шекара 

отрядының тыныс-тіршілігімен таныса 

тұруға тура келді. Содан сәтін салғанда 

Күршімге жеттік. Одан әрмен тауларын мұз 

басқан Алтай төріне қарай бағыт алғанбыз. 

Ашылу салтанаты ойдағыдай өтті. Раджан 

Батырхановтың тас мүсіні шекара заста-

васы аумағына орнатылыпты. Осыдан екі 

жылдай бұрын Р.Батырханов атындағы 

заставаның топырағын қайта басуға тура 

келді. Тағы да іссапармен жеттік. Заста-

ва сол қалпы. Өзгерген ештеңе жоқ. Тек 

застава сарбаздары Раджан марқұмның 

өмірін, ерлігін жатқа айтады десе де бо-

лады. Жауынгерлік кезекшілікке аттанып 

бара жатқан  әр сарбаз бір сәтке болса 

да, Раджанның рухына тағзым етеді. 

Арада қаншама жыл өтсе де, осы дәстүр 

әрмен қарай жалғаса береді, жалғаса 

береді... 2001 жылдың сарша тамызын-

да Р.Батырханов оқыған орта мектептің 

табалдырығын аттадық. Ұстаздарыммен 

тілдестік. Аяулы анасының қолын 

1 1

Шекарашы 



№5-2016

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

алғанбыз. Барлығы да Раджанның ара-

мыздан ерте кеткенін бір Алланың ісі деп 

қабылдайды. Әр пенде өмірге келгенде 

өзінің тағдыр-талайы маңдайына жазылып 

қояды дейді. Раджанға туған жері үшін 

жан пида ету жазылған болар. Тәуелсіз 

Қазақстанның шекара тарихына оның есімі 

алтын әріптермен жазылды. 

Біз қызметке келген кезде Тәуелсіз 

еліміздің шекарасын бар болғаны 

бүгінгі «Шығыс» өңірлік басқармасына 

қарасты алты шекара отряды ғана 

күзететін. Айналып келіп, осы әскери 

бөлімдерге іссапарға бара беретінбіз. Екі 

мыңыншы жылдардың басынан бастап, 

оңтүстік шебіміз шегенделе бастады. 

Қазір мемлекеттік шекарамыз барлық 

ендіктері бойынша толығымен күзетілуде. 

Қандай экономикалық қиындықтарға 

қарамастан Мемлекеттік шекарамыздың 

күзетілетіндігін Елбасымыз биік 

мінберлерден талай рет айтты. Арғы-бергі 

тарихымызда көршілерімізбен арадағы 

шекарамызды тұңғыш мәрте халықаралық 

талапқа сай мөрлеп, бекіттік. Біздің заман-

дастарымыз осынау тарихи сәттің куәсі бо-

лып, осы мезгілді қызмет атқарғандықтары 

үшін де өздерін шынайы бақытты сезінер. 

Шекарашылар болса өз кезегінде елдің 

қасиетті шебін берік күзетіп келеді. 

Жоғарыда екі мысалды неге біз тілге 

тиек еттік. Екі азаматтың өмірін мысалға 

келтірдік. Біреуі бар ғұмырын шекара 

шебін күзетуге арнады. Соған сәйкес 

құрметке бөленді. Екінші азамат дер 

шағында Отаны үшін қасықтай қанын 

қиды. Бірақ, ұрпақтар есінде мәңгілікке 

жатталып қалды. Адам баласы үшін 

ғасырлар бойы жасап келе жатқан 

құндылықтар баршылық. Олардың аты 

аталғанда барлығымыз да айрықша әсерге 

бөленеміз. Соның бірегейі – қасиетті жер. 

Ата-бабамыздан мұра ретінде қалған 

жеріміз үшін көптеген апайтөс батырлар 

өмірден озды. Олардың да аты мәңгілік 

ұрпақтар жадында. Қазақтың шекарада 

орналасқан ауылдарына бара қалсаңыз, 

төмпешік болып жатқан бейіттерді көзіңіз 

шалады. Мүмкін олар осы жерімізді күзету 

жолында шейіт кеткен баһадүрлердікі 

болар. Мәселен, Бейнеу шекара отрядына 

қарасты «Төлеп» шекара заставасы бар. 

Оның тарихын біз бұған дейін де талай 

рет айтқанбыз. Осы Төлеп батыр жерімізді 

басқыншылардан қорғаймыз деп шейіт 

кетті. Талай ақындар оның ерлігін жалын-

ды жырларына арқау етті. Міне, ел мен 

жерді қорғаудың, ол үшін қажет кезде шы-

бын жанды қиюдың абыройы. Ол абырой 

мәңгілікке кетеді. 

Адам баласына өмір сүруі үшін көп 

жайттар қажет. Бірақ, абыройға ештеңе 

жетпейді. Шекара шебінде, жел өтінде 

жүрген сарбаз осы айтылғандарды бір сәт 

ой елегінен өткізіп көрші...  

1 2

Шекарашы 



№5-2016

СКРИПИТ ПОТЕРТОЕ СЕДЛО

не испортит



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал