Шы армалары



жүктеу 7.92 Kb.

бет1/21
Дата19.01.2017
өлшемі7.92 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Шы армалары. Т ртінші том
1
Алматы
2014
ЕРБОЛ
ШАЙМЕРДЕН°ЛЫ
ШЫ АРМАЛАРЫ
 
Т ртінші том

УДК 821.512.122
ББК 84(5Қаз)
Ш 34
ISBN 978-601-7472-66-5 – (Т. 4)
ISBN 978-601-7472-19-1
УДК 821.512.122
ББК 84(5Қаз)
© Шаймерденұлы Е., 2014 
© «Қазақ энциклопедиясы», 2014
Ербол  Шаймерденұлы.  Шығармалары. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 2014. 
ISBN 978-601-7472-19-1
Т. 4. – 320 бет. 
ISBN 978-601-7472-66-5
Ш 34
Қазақстан Республикасы 
Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Ербол  Шаймерденұлы  шығармалар  жинағының  төртінші  томына 2004 
жылы шыққан «Ақиқат айнасы» кітабы, 1989 жылы шыққан «Тыңда тоғысқан 
тағдырлар»  атты  очерктер  жинағы  жəне 1999 жылы  шыққан  «Əз  Астана» 
кітапшасы  еніп  отыр.  Бұл  том  автор  шығармашылығының  санқырлылығын, 
оның терең зерттеулер мен өмірге етене араласуының нəтижесінде көтерілген 
тақырыптарының  саналуандығын  айшықты  танытады.  Тың  игерудің 35 
жылдығы  қарсаңында  жарық  көрген  очерктер  жинағынан  уақыт  табы  бай-
қалғанымен,  еліміздің  өсу,  өрлеу  кезеңі  тартымдылықпен  əрі  шынайлықпен  су-
реттелген. «Əз  Астана»  еңбегі  еліміздің  жаңа  байтағына  арналған  тұңғыш 
дүниелердің бірі болып табылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

3
ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА
Даналыққа  жүгіну,  тапқырлыққа  сүйіну,  көркемдікке  лəззату – 
рухани жетілудің əрі жетілдірудің басты шарты. Даналық ой-пікірлер 
–  өмір  оқулығы  іспетті.  Жəне  олардың  тағдыранықтағыштық  мəні 
мен көркемдік қызметі орасан. Сондықтан да өркениет тарихындағы 
ұлы  ойшылдардың  даналық  мəйектерін  Ербол  Шаймерденұлының 
қазақ тіліне жатық, жетік сөйлетуі – ерлікпен пара-пар абыройлы іс. 
Екіншіден,  ол  философиялық  афористика  жанрының  негіздемесін 
жасаушы санаткер. Иə, автор оқырманын даналық пен рух бесігінде 
тербетіп, ой-санасын, қиял-сезім дүниесін нұрландырады, жасампаз, 
жалынды  істерге  ұмтылдырады.  Сан  замандар  мен  ғасырлар  бойы 
екшелген, сараланған тəжірибелері мен пайымдауларын пайдалануға 
мүмкіндік  алады.  Мағыналық  қырлары  мен  сұлулық  сырларына, 
ғылыми  ұстанымдары  мен  дүниетанымдық,  философиялық  бағыт-
бағдарына ден қояды. 
Бұл орайда «Ақиқат айнасы» атты еңбегі (2004) күрделі көркемдік-
лингвистикалық  құрылымымен,  символикалық  астарларымен,  ой-
тұжырымдарымен,  мазмұндық-интеллектуалдық  құндылықтарымен 
қызықтырады.  Кітаптың  қандай  ойлардан  түзілгендігін  мынадай 
тараушалардан табуға болады. Олар: «Із – тəннің бір бөлігі» (Ж.Дер-
рида), «Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі» (Ж.Бодрийар), 
«Өткенді аңсағаннан гөрі – ертеңге көз жіберген жақсы» (Р.Вальзер), 
«Адамның даңқын шығаратын – дарын ғана» (Ж.Батай), «Жер кездейсоқ 
жаратылған  болуы  керек» (П.Т-де  Шарден), «Тəжірибенің  мақсаты 
–  қанағаттану» (Ж.Делез), «Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың  əп-
кесі» (А.Адлер), «Өмір  сүру  дегеніміз – өз  мүмкіндіктеріңді  жүзеге 
асыру» (О.Шпенглер), «Мойындаудың  көз  жасында  арсыздық  бар» 
(Л.Шестов) жəне т.с.с. 
Ойлар  алуандығы,  пікірлердің  санқилылығы,  тілдік  нақыштары 
жеткілікті. Адам – құдіретті тұлға! Тегінде, оның ойында, қиялында, 
көңілінде,  санасында,  сезімінде,  жалпы  алғанда,  жаратылысында, 
тілінде мың-миллион əрекет пен сыр, буырқанысқа толы құбылыстар 
бар.  Адам  баласының  асқар  биіктерге,  белестерге  ұмтылуы,  асыл 

Ербол ШАЙМЕРДЕН ЛЫ
4
мұратқа  қызмет  етуі  тəжірибесіне  байланысты.  Майталманның 
тəжірибесі – тасбақаның сауытынан да берік, бекем. «Тəжірибе – адам 
мүмкіндіктерінің шегіне сапар шегу» – дейді «Францияның ең тама-
ша ойлайтын басы» (Мартин Хайдеггер бағасы) философ Жорж Ба-
тай.  Оның  «Үйлесімділікке  құштарлық – ұлы  құлшылық», «Адам – 
тұрақсыз  əрі  бірімен  бірі  терең  өріліп  жататын  қосылыстардың  бір 
бөлшегі»  дейтін  даналыққа,  кемелділікке  бастайтын  сөз  серкелері 
болмысыңды, ар-намысыңды жаниды.
Парасатты,  терең  ойлауға,  құштарлықпен  оқуға, «сөз  мəнісін  ұқ-
қанынша тыңдауға» (Абайша айтқанда), мəдениетті, əдепті сөйлеуге, 
өнімді еңбектенуге, бір сөзбен түйіндегенде, елге тұтқа, елге қорған 
болуға философтың афоризмдерінің көркемдік əсері мейлінше мол. 
Адамның  мінез-құлқындағы  өрескелдіктерді,  көзге  жылпың, 
сыртқа  қылпың  құбақандарды  былайша  суреттейді: «Бөспебайлық 
пен  атаққұмарлықта  шекара  деген  болмайды», «Баққұмар  кісі 
қашан  да  алдына  осы  өмірде  орындалуы  мүмкін  емес  мақсаттар 
қойып жүреді», «Атаққұмар өзі жіберген қателіктердің қай-қайсысы 
үшін  де  жауапкершілікті  басқаларға  аудара  салуға  шебер  келеді», 
«Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың  əпкесі», «Біз  барлық  ашушаң, 
кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен 
қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!» (Альфред Адлер)
Француз философы Пьер Тейяр де Шарден (1881-1955) мынадай 
көшелі  пікір  ұсынады: «Дүниені  сенім  нұрландырады,  ал  адалдық 
соған жақындастыра түседі», «Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол – 
өсіп-өнуге деген құштарлық!»
Адамның  болмысы  толық  сипатталмағаны  мəлім: «Адам – көп 
қырлы, мың түрлі: бұл – оның ең үлкен бақыты», «Адам өз бойына бүкіл 
ата-бабасының ақыл-ой даналығын жинап жүрсе де, ақымақтығынан 
арыла алған емес» (Элиас Канетти).
Француз  философы  əрі  мəдениеттанушысы  Гастон  Башлярдың 
(1884-1962) зат, ой, қиял, тереңдік, ақиқат, махаббат, ақыл, ғылым ту-
ралы  таңдамалы  ой-маржандарын  Ербол  Шаймерденұлы  жүзіктің 
көзінен өткендей ғып тəржімалаған. 
Антика  заманының  білімдары,  философ,  өнертанушы,  филолог 
А.Ф.Лосев (1893-1988) ой-толғаныстары  Ербол  Шаймерденұлының 
шығармашылық  əлемін  билегендей,  бейне  бір  қазақы  күйге  ен-
гендей.  Атақты  оқымыстының: «Жанды  ойдан  күшті,  жанды  ой-
дан  сұлу  ештеңе  жоқ», «Стиль – шығарманың  көркемдік  қуатының 

Шы армалары. Т ртінші том
5
белгісі», «Тұңғиық  тереңінен  мəңгі  тоқтамас  өмір  бұлағы  атқылап 
шығып, мөлдіреп ағып жатқан ой, саф таза ой, таза ақыл қандай ғажап 
десеңізші, шіркін!» – дейтін сапалық сипаты, сұлулық сыры тамаша 
сара сөздері ұсынылған. 
Мəселенің  мəнісін,  түпнұсқаның  рухын,  сөз  асылын,  ой  асылын 
ардақтайтын  алуан  қырлы  қаламгердің  аудармашылық  өнегесі  мен 
шеберлігі айқын танылған.
Қайраткер  Ербол  Шаймерденұлы – өз  ел-жұртының  шы-
найы  перзенті.  Бұған  елшілдік,  мемлекетшілдік  істері,  жалын-
ды  ой-толғаныстары  дəлел.  Ол  Тəуелсіздік  идеясын,  қазақтың  ай-
бары  Əз  Астанасын  жаңаша  көзқарас,  жаңаша  таным,  жаңаша  пай-
ым тұрғысынан құштарлықпен жырлады. Оның «Əз Астана» дейтін 
қастерлі  жинағының (1999) беломыртқасы – «Жаңа  Астана  жай-
лы ұйғарым – мемлекеттік мұраттармен, ұлттық мүдделермен үндес 
ұлы  идея», «жаңа  реформаторлық  қадам», «мемлекеттік  басқару 
жүйесінің күретамыры», «жаңа рухани сілкініс, жаңа болмысқа өтуді 
жеделдету,  мəдени  жəне  өркениеттілік  байланыстың  жаңа  сапалық 
сатысына  көтерілу  тегершігі», «ең  жоғары  билік  мекені», «жаңа 
елдік  болмысымыздың  рухы  мен  бейне-бедерін  қалыптастырушы» 
екендігін  тебіреніспен  толғады.  Елбасының  тарихи-саяси  таңдауын 
жан-тəнімен қуаттап қолдады.
Астана  туралы  ой-пікірлерін  қара  сөзбен  ғана  емес,  өлең  сөзбен 
де  құйқылжыта  өрнектеді. «Сен  болып  соғады  енді  жүрегі  елдің» 
өлеңінде:
 
Айтуға қысылмайық, тарылмайық,
 
Атайық қырандарға тауын лайық.
 
Ақмола – Нұрсұлтанның Ақордасы,
 
Қондырған алақандай жанын жайып – 
дегені əділеттілік қой.
Ал  «Арман  қала – Астана» (Əнін  жазған  Марат  Омаров), «Биік 
болсын мəртебең» (Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев) тəрізді 
өлеңдері əн болып қалықтады.
Əрбір  істің,  нəрсенің,  құбылыстың  барша  қырлары  жөнінде  ба-
рынша  қадағалап  тұжырымдап  ой  түю,  түбір-тамырына  дейін  мүм-
кіндігінше  тереңдеу,  көз  жеткізу,  көңіл  сендіру,  сөйтіп  оймақтай 
ғып жұтынтып, құлпыртып беру – Ербол Шаймерденұлы шығарма-
шылығының басты сипаты, зерттемпаздық қасиеті деу лайық. 

Ербол ШАЙМЕРДЕН ЛЫ
6
Бұған  тыңгерлер  туралы  көрікті  толғаныстары  жинақталған 
«Тыңда тоғысқан тағдырлар» атты кітабы (1989) айғақ.
Əн мен жырдың көрігін қыздырған дүлдүлдердің пірі, қазақтың ал-
тын жамбысы Үкілі Ыбырайдың жұртынан дүрілдеп шыққан егінжай 
ерлері Тəттібаевтар əулеті жайлы «Жалғызтау куə» дейтін очеркінде 
əдемі  сыр  сабақтайды.  Бастамасының  өзі  қандай  əсерлі! «Жарық 
дүниеге жотасын тосып Жалғызтау жатыр. Көкше мен Қызылжардың 
кіндіктесер  тұсында  одан  асар  биік,  оған  жетер  шоқы  жоқ.  Айна-
ла қайыңды, қарағайлы жолдар қаумалаған ол осы өңірдің төре тауы 
іспетті. Төре таудың тамырын иіп, төсінен құлаған бұлақтар бар». 
Осынау  бұлақты  өңірде  диқаншылық  шеберлігі  (топырақ  өңдеу, 
тұқым  себу),  ұйымдастырушылық  қабілеті,  тəлімгерлік  болмысы 
бөлекше, «дүниедегі  ең  ізгі  мамандықтың  хас  шебері»,  тəжірибелі 
даңқты механизатор Орал Тəттібаев тұлғасы кемел сипатталады. Орал 
мен  Зұлфияның  отбасында  он  екі  перзент  бар.  Əулеттің  тұңғышы 
«ат ұстар» Əділ мен одан кейінгі «ине сабақтар» Майра да диқандық 
өнерді  өрге  өркендетіп,  өрелі  қасиеттерімен  өзгешеленген  өрендер 
дəрежесіне жеткендігі дəйекті баяндалады. 
Ербол Шаймерденұлының ой тербеу мəнерінде тұтастық, жинақтап 
қорытушылық бар. Өз кейіпкерлерінің іс-əрекеттерін жан-жақты су-
реттей отырып, ортасымен, топырағымен, сəулелі сəттерімен, жараты-
лыс аясымен бірлікте шеберлікпен шынайы көрсетеді. Мəселен, əйгілі 
Біржан сал мен Үкілі Ыбырай өміріндегі ғажайып хикаяларды жатқа 
заулататын,  тоқсан  жасында  тұйғындай  ширақ,  теңіздей  толқыған 
Төлебай қарттың аталық ұлағаты, сондай-ақ ауыл бойжеткендері Паша 
Ангелина  атындағы  Бүкілодақтық  жүлденің  иесі  Гүлнəр  Төлебаева, 
съезд делегаты шопан Əйбат Кəкенова, я болмаса «қан қызыл ДТ-54 
тракторын  қалыңдығындай  күтетін»  жайсаң  мінезді  Жəмет  Кəкімов 
бейнелері оқырманды сұлулығымен, еңбеккерлігімен қызықтырады.
Жер  тағдырын  елдің  тағдыры  деп  таныған,  ауылшаруашылық 
ғылымының  əлемге  мəшһүр  дарабозы,  ғылымның  талантты  ұйым-
дастырушысы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде жетік сөйлейтін, 
қазақ жəне шетел əндерін балбырата, тамылжыта орындаушы өнерпаз 
Мехлис Қасымұлы Сүлейменов тұлғасы «Қыранқия» дейтін жазбасын-
да жарқырап көрінген. Журналист Е. Шаймерденұлы ғұлама келбетін 
жəне оның рухани сұлулығын былайша мөлдірете бедерлейді: «... Осы-
нау орта бойлы, келбетті жігіт ағасының бойынан алғаш кездескенде-
ақ  аңғарылатын  айрықша  адамдық  қасиет – қарапайымдылық  дер 
едім».

Шы армалары. Т ртінші том
7
Академик  М.Қ.Сүлейменовтің  ұстаздық,  ғалымдық  өнегесі, 
қайраткерлік, елшілдік, мемлекетшілдік көзқарасы былайша кестелен-
ген: «Нағыз ғалым ұстаз қайнар бұлақтың көзін ашуды мұрат тұтқан 
қайырымды  кетпенші  тəрізді».  Немесе: «Ғылымдағы  төрешілдік  те 
əртүрлі. Соның бірі – атақ-абыройы асқан белгілі ғалымдардың аузы-
нан шыққан сөздің бəріне бас шұлғып, олардың шашбауын көтеруді 
салтқа айналдыру».
Тегінде, ғылыми атаққа жетудің түзу, дұрыс жолын көрсетуі көсем-
дік  дерсің.  Ұшқыр  зейінді  кəнігі  журналист  Е.Шаймерденұлы  өзінің 
эссесінде бас кейіпкердің өнімді ойлары мен тұжырымдарын ұсынады. 
Егіншілік мəдениетін жетілдіру, астық өсірудің интенсивті техно-
логиясын  толық  меңгеру  жəне  жер  өңдеу,  гербицид  қолдану,  тұқым 
себу  мерзімін  дұрыс  таңдау – академик  М.Қ.Сүлейменовтің  негізгі 
ұстанымы  екендігін  Е.Шаймерденұлы  бажайлап  түсіндіреді.  Бұл 
–  журналистің  көрегендік  пен  зерттемпаздық  қабілетін  айрықша 
айшықты танытады. 
Ербол  Шаймерденұлының  осы  шығармасына  деректілік  пен 
тарихилық  тəн.  Мұның  күллісін  шынайы  жан-сезім,  көңіл-күй  тол-
қындарына бөлеп сөйлетеді.
Əртүрлі этностардың тату-тəтті тірлігі, ынтымақ-бірлігін («Ауыл-
дастар-бауырластар»), халықтық ерліктің жасампаздық рухын бойы-
на жинаған «түлеген тыңның Тəттібаласы» атанған Бейсенбекованың 
диханшылық  еңбегі («Намыс»),  достық  планетасындай 15 ұлттың 
ой-парасаты  биік  өкілдерінің  ұясы  «Украина»  кеңшарының  тыны-
сы («Нұрлы шақ»), Петр Балдесконың отбасы (жанұяның бірі – құр-
лылысшы, екіншісі – механик, үшіншісі – ұстаз, төртіншісі – теңізші), 
халық дастарханын байытудағы молшылық-тоқшылық жорығындағы 
алапат іс-қимылдары суреттеледі.
Сөз зергері, көсемсөзші, журналист Е. Шаймерденұлының деректі 
очерктерінде  көркемдік  сезіміңді  тудырып,  қиялыңды  қозғайтын 
қымбат  суреттер  де  бар.  Мəселен: «Пай-пай,  сұлулық-ай!  Сен  тау 
бол,  мейлі  көл  бол – сезіне  білген  жүректі  селт  еткізіп,  бар  ерікті 
өзіңе баурап, сілтідей тындырмай тоймайсың-ау, шіркін! Төңкеріп бір 
тастағаныңда-ақ  тыныштығыңнан  айырар  қаракөз  қалқаның  жана-
рындай  жалт-жұлт  еткен  жақұт  жағалау  төңірегіне  жан  лəззатының 
рахман нұрын төгіп жайбарақат жатыр» («Қолтаңба»). 
«Шилідегі таныстар» очеркі «Парторг жəне поэзия» жəне «Депу-
тат жігіттің домбырасы» дейтін сыртқы сымбаты келісті тараушалар-

Ербол ШАЙМЕРДЕН ЛЫ
дан тұрады. Отыздың бел ортасына жеткен жарқын мінезді Қайыркеш 
Көпеев  мамандығы  бойынша  инженер,  қызметі  жөнінен  партия 
қызметкері. Қанатты жанның серігі – əдебиет, өнер, домбыра. 
Шилі аулының бесаспап механизаторы Жанат Мусин Біржан сал, 
Ақан сері, Ғазиз, Қайып əндерін шырқайтындығы, «еңбек пен өнерге 
деген сүйіспеншілік сезімі» сүйсініспен əңігімеленеді.
Ақын Төлеген Айбергенов:
 
 – 
Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа,
 
Жарқылдаған алмас па!
 ... 
Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес,
 
Тұра да алмас шың бұлай!
 
Қасқайып олар тұрғанда,
 
Биіктер сенің тұлғаң да,
 
Миллион  мəрте,  құрбым-ай! – деген  əсерлі  лебізіне  жүгін-
сек,  Е.Шаймерденұлының  əңгіме-очерктерінде  аққудай  тізілген 
еңбекші  елдің  ерлері,  барша  ұлылығымен,  өмір  майданындағы 
ұшан-теңіз  игіліктерімен,  рухани  ізгі  қасиеттерімен  бірлікте  көр-
сетілген.  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  иеленген  Баян  Жанғалов, 
Я.Корабельников,  Есім  Шайкин,  Байман  Тұрғынов,  В.Трененков, 
КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Т.Сыздықов,  мемлекет 
жəне қоғам қайраткері Қасым аға Тəукенов – сондай тұлғалар.
Журналистикадан  афористика  айдынына,  ойшылдық  əлемінен 
сыршылдық  өнерге  ден  қойған  қанатты  дарын  Ербол  Шаймерден-
ұлының суреткерлік қолтаңбасы осындай.
Серік НЕГИМОВ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің профессоры, филология 
ғылымдарының докторы.

Шы армалары. Т ртінші том
9
АҚИҚАТ 
АЙНАСЫ 
(ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АФОРИЗМДЕР)
БІРІНШІ Б ЛІМ

Ербол ШАЙМЕРДЕН ЛЫ
10
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АФОРИСТИКА
(Алғысөз орнына)
Ел  тəуелсіздігі  еркін  ойға  қанат  бітіріп,  рухани  кеңістік 
көкжиегін  кеңейте  түседі.  Жаңаша  ойлау  жүйесі  терең  орнығу 
үшін  адамзат  тəжірибесінде  жинақталған  сан  салалы  қымбат  ой 
қазынасымен кең таныс болу шарт. Өкінішке орай, тоталитарлық 
жүйе жағдайында «дұрыс ойлау – бұрыс ойлау», «пайдалы – зиян-
ды» таразысы қатал идеологиялық қаруға айналғаны соншалық – 
бізден басқа жұрттың бəрі таныс, тіпті, белгілі бір деңгейде ортақ 
дүниетанымдық  көзқарастар  өзегіне  айналған  ой  ағымдарынан 
беймəлім қалып келгеніміз белгілі. Өркениет өрісіне өз көзіміз жет-
кенше  емес,  біреулер  таңдап  кигізген  «идеологиялық  көзəйнек» 
арқылы ғана қарауға дағдыланғанымыз сондай – басқаны іздеп те 
əуре болмайтынбыз.
Марксистік  дүниетанымнан  тыс  деп  есептелгеннің  бəрі  «кер-
тартпалық», «буржуазиялық  тоғышарлықтың  сойылын  соғушы» 
деген  адамның  зəресін  ұшыратын  əлем-жəлем  айдарлармен 
соңына  ит  қосылып  қуылатын.  Соның  салдарынан  Мартин  Хай-
деггер, Людвиг Витгенштейн, Жак Деррида, Карл Поппер, Жан Бо-
дрийар жəне басқа ойшылдардың еңбектері қазақ тілі түгіл, орыс 
тілінде де арнайы аударылып, жария етіле қойған жоқ.
Олардың көзқарастары – біз қаласақ та, қаламасақ та, өркениет 
дамуының  рухани  қозғаушы  күштерінің  қатарына  қосылғаны 
ешкімнің де қаперіне кірмесе керек. Кірсе де, «білгіміз келмеген 
соң – білмейміз» деген ұсқынсыз ұстанымының ұңғысынан шыға 
алмаған тəрізді. Оның ар жағындағысы – «пəлесінен аулақ» деген 
үрей, əрине.
Осы  үрей  философияны  ең  бір  күдікті  һəм  қауіпті  білімдер 
қатарына  қосуға  мəжбүр  етті.  Ортақ  ой  қазанынан  алынбаған 
өзінше көзқарастары бар ойшылдар қуғынға ұшырады. Осы орайда 
қазір бұрынғы кеңестік философияның ғылыми феномен ретіндегі 
тұрлаусыздығы туралы пікір ашық айтыла бастады.
Ресей  ғалымдары  Н.А.Бердяев,  В.С.Соловьев,  С.Н.Булгаков 
есімдерімен  тығыз  байланысты  орыс  философиясының  дəстүрлі 
тамырларына балта шабылғанына қынжылады. 1922 жылы эмигра-
цияға  аттандырылған  атышулы  «философия  пароходында»  озық 

Шы армалары. Т ртінші том
11
жаңа ой ұшқындары «жер ауған» болса керек. Оған ілікпей, туған 
топырағында қалған Павел Флоренский мен Лев Карсавин сияқты 
ғұламаларға  да  рухани  танапта  диқаншылық  ету  бұйырмады. 
Жазықсыз жазаға ұшырап кете барған.
Кешегі  кеңестік  кеңістіктің  локомотиві  атанған  Ресейдегі  бұл 
ахуал – басқа республикалардағы жағдайды да жақсы көзге елес-
тетуге мүкіндік береді. Президент Н.Ə.Назарбаев «Мəдени мұра» 
мемлекеттік бағдарламасының тұсауын кесерде осы уақытқа шейін 
бір де-бір шетел философының еңбегі толық қазақшаланбағанын 
орынды  сынға  алды.  Тіпті,  жерлесіміз  екендігі  жөнінде  бүкіл 
əлемге  жар  салған  Əл-Фараби  шығармаларының  өзі  əлі  түгел 
тəржімаланбағандығына назар аударды.
Əлемдік  ақыл-ой  қазынасын  əр  қырынан  игеру – өркениет 
көшіне  ерудің  бірден-бір  дара  жолы.  Өйткені,  көңіл  көкжиегі 
кеңейген сайын ұлт рухының сапалық сипаты жетіле түседі. Адам-
зат тəжірибесінің рухани бағыт-бағдарын жіті қадағалап, жете пай-
далана білу – материалдық болмыс бітімін де бедерлендіре түседі.
Ұлттық рухани өрлеудің одан басқа жолы жоқ. Тартыншақтық 
пен  шектелушіліктің  кез-келген  түрі  тұйыққа  тірейді.  Өзіндік 
даму  адамзаттық  даму  көшінен  бөлек  жүріп,  пұшпаққа  шыға 
қоймайтынына көне тарих куə. Қазақ философы Абай Құнанбаев 
көзқарастарының өзегінен де осы ақиқат айқын аңғарылады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған жинақтың дүниеге келу 
себебінің басты сыры осы айтылған ойлармен өзектес. Мақсат – 
қал-қадірімізше  қазақ  оқырмандарын XX ғасыр  ойшылдарының 
бір тобының философиялық көзқарастарының кейбір қырларымен, 
өмір  жайлы,  адамзаттық  құндылықтар  туралы  һəм  қоғам  жайлы 
ұстанымдарымен  таныстыруға  қолғабыс  жасау.  Өткен  ғасырда 
əлемдік өркениет дамуының өзекті күшіне айналған еуропалық ой 
ағымдарының бір парасының қазақ жүрегіне жол табуына қызмет 
ету.
Əрине, тура тəржіма емес, екінші тілден – үшінші тілге аудару 
болғандықтан көрнекті философтар ғана емес, айтулы стилистер 
де болған ғұламалардың тілдік бояулары қанық жеткізілмейтіндігі, 
тіпті,  мағыналық  реңктерінде  де  кейбір  дəлсіздіктер  жіберіліп 
қойылуы  мүмкін  екендігі  көзқарақты  оқырманға  түсінікті  болса 
керек.  Оның  үстіне  ғылыми  термин  проблемалары  мен  қысқа 
жанрларда үлкен ой орамдарының үзіліп түсіп жататындығы тағы 
бар.

Ербол ШАЙМЕРДЕН ЛЫ
12
Осындай  объективті  жəне  басқа  да  субъективті  себептерге 
қарамастан  жиналған  қазына  ынталы  оқырманның  кəдесіне  жа-
рар деген үміттеміз. «Теңіздің дəмі – тамшысынан» деген нақыл 
бар емес пе?! Қысқа қайырымдарды қанағат тұтпай, кеңге құлаш 
сермеуді  қалап  жатқандар  болса – құба-құп,  нұр  үстіне – нұр 
дейміз.  Афористика  жанрындағы  аудармаларымыз  жинаққа  ен-
ген  ойшылдардың  шығармашылық  əлеміне  жол  ашып,  олардың 
ғылыми концепциялары мен ұстанған философиялық ағымдарын 
кеңірек танып-білуге қызықтырып жатса ғанибет, əрине.
Афористикалық  стиль – философиялық  шығармаларға  етене 
нақыш  саналады.  Дегенмен,  оны  кез-келген  ойшыл  шығарма-
шылығының  оңқай  асығы  деуге  болмас.  Мысалы,  кітаптағы 
авторлар  арасынан  Э.Канетти,  Л.Витгенштейн  жəне  Л.Шестов 
жазуларында  айшықтырақ  көрінеді.  Кей  тұстарда  стильдік 
машық дəлдігінен гөрі мазмұндық құндылық үстем түсіп жатады. 
Бұл – аударма  нұсқаларға  (əсіресе,  екінші  тілден – үшінші  тілге 
тəржімалаған  кезде)  тəн  ерекшеліктердің  бірі  десе  де  болады. 
Жалпы,  афористик  стиль – басқа  тілге  ең  қиын  аударылатын 
жазу  мəнері.  Бір  назар  аударатын  жəй – мұнда  тыныс  белгілерін 
пайдаланудың да ерекшеліктері бар.
Əлемдік афористика дəстүрінің түрлі-түрлі танымал мектептері 
бар.  Солардың  бірегейлерінің  бірі – Еуропа  мектебі.  Көнеден 
бастау  алатын  бұл  бағыт XX ғасырда  лайықты  жалғасын  тапты. 
Соның  бір  дəлелі – алдарыңыздағы  жиырмасыншы  ғасырдың 
жиырма ғұламасының афоризмдерінен құралған жинақ.
Кітаптағы  қанатты  ойлар  дүниетанымдық  əр  алуандығымен 
жəне ой мен сезім фактісі ретіндегі айқындығымен, нақтылығымен 
һəм  ортағасырлық  схолостикалық  пайымдаулардың  адалығымен 
дараланады.  Олар – өмірдің  көшірмесі  емес,  рухани  болмыс 
бедері. Яғни, құбылыстың немесе ситуацияның суреті емес, солар 
туралы  ойдың  квитэссенциясы.  Сондықтан  да  терең  зерделеуді 
қажет етеді. Эстетикалық лəззатынан гөрі, қисындық (логикалық) 
қанағат берер күші басымдау. Роман мен повеске қойылар талаптың 
афоризмге қойылмайтыны белгілі.
Ана  тілімізде  шыққан  тұңғыш  философиялық  афоризмдер 
жинағы ретіндегі бұл ізашар басылым өз оқырманын табады деп 
сенеміз. Əсіресе, жас ойшылдардың рухани сұраныстарын белгілі 
бір  дəрежеде  қанағаттандырып  жатса – азды-көпті  еңбегіміздің 
қайтқаны болар еді.

Шы армалары. Т ртінші том
13


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал