Шетелден келген кәсіпкерлер 10 жылға дейін барлық салықтан босаты



жүктеу 260.29 Kb.

бет3/3
Дата09.04.2017
өлшемі260.29 Kb.
1   2   3

Жұрт банкты жекешелендіруден қауіптенеді 

Елімізде  үй  алғысы  келген  азаматтар  қолындағы  бар  ақшасын 

«Қазақстанның  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкіне»  жинап  жа-

тыр.  Алайда,    салымшылар  жиналған  ақшасына  алаңдаулы.  Себебі, 

үкіметтің қарауындағы аталған банк жекеменшікке сатылуы мүмкін.

Себебі,  қарапайым  халық  тапқан-таянған 

ақшасын  аталған  банкке  салып,  «пәтер 

аламын»  деп  сенім  артып  отыр.  Ал 

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ 

банкі» үкіметтің құзырынан жекеменшікке 

сатылса, онда салымшылардың қаржысына 

кім  бақылау  жасайды?  Дәл  осы  мәселеге 

астаналық  Эльмира  Рахымжанова  сынды 

мыңдаған салымшы алаңдап отыр.

«Күйеуім екеуміз 3 жылдан бері ішпей-

жемей  «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс 

жинақ  банкіне»  сенім  артып  ақша  жи-

нап  жатырмыз.  Алайда  аталған  банкте 

жинаған  ақшамыз  үкіметтің  бақылауынан 

жекеменшікке өтсе, ертең күні ақшамызды 

кімнен  сұраймыз?  Өйткені,  жекеменшікке 

өткеннен  кейін  банк  өзім  білемдікке  са-

лып,  ақшамызды  талан-таражға  салуы 

әбден  мүмкін.  Мәселен,  қазір  зейнетақы 

қорындағы  ақшамыздың  қайда  қалғанын 

білмей  де  қалдық  қой.  Сол  сияқты 

«Қазақстанның  Тұрғын  үй  құрылыс 

жинақ  банкіде»  ақшамызды  құрдымға 

кетіреді.  Сондықтан  да  аталған  банктің 

жекеменшікке 

сатылуына 

қарсымын. 

Егер  де  жекеменшікке  сатылатын  болса, 

ақшамызды  банктен  қайтарып  алып  басқа 

амал  жасаймыз.  Жалғыз  мен  ғана  емес, 

көптеген  салымшылар  банктен  ақшасын 

Жуырда  үкімет  басшысының  бірінші 

орынбасары 

Бақытжан 

Сағынтаев 

жекешелендіру науқанының екінші кезеңін 

бастағанын 

мәлімдеді. 

Министрлер 

кабинетінің  мұндай  шешім  қабылдауына 

қаржылық  қиыншылықтар  себеп  болған 

көрінеді. Өйткені, үкімет жекешелендіруге 

бекітілген нысандарға қосымша тағы да 60 

кәсіпорынды қосып отыр.

Өкінішке 

қарай, 

жекеменшік 



сатылымға  Шәкен  Айманов  атындағы 

«Қазақфильм» 

киностудиясы 

да 


шығарылып отыр екен. Әйтсе де, аталған 

киностудияны  сатып  алуға  әзірге  ешбір 

кәсіпкер ниет танытып жатқан жоқ. Себебі, 

үкіметке  керек  болмаған  «Қазақфильм» 

киностудиясының  жеке  кәсіпкерлерге  де 

қажеті жоқ.

Күйеуім  екеуміз  3  жылдан  бері  ішпей-

жемей «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс 

жинақ  банкіне»  сенім  артып  ақша  жи-

нап  жатырмыз.  Алайда  аталған  банкте 

жинаған  ақшамыз  үкіметтің  бақылауынан 

жекеменшікке өтсе, ертең күні ақшамызды 

кімнен сұраймыз?

Шыны 


керек 

былайғы 


жұртты 

киностудияның 

тағдырынан 

гөрі 


«Қазақстанның  Тұрғын  үй  құрылыс 

жинақ  банкінің»  жекеменшікке  берілетіні 

алаңдатып  отыр.  Өйткені,  Ұлттық  эконо-

мика  министрі  Ерболат  Досаев  аталған 

банктің сатылымға шығатынын мәлімдеді. 

Оның  айтуынша  банк  сатылғаннан  кейін 

оның  бастапқы  жарнасының  пайызы 

төмендеуі  мүмкін.

Алайда 

бұған 


былайғы 

жұрт 


«бәрекелді»  деп  қуанып  отырған  жоқ. 

№11(152), қараша 2015

www.nap.kz

қайтарып  алады.  Өйткені  жекеменшік 

банкке  сенім  жоқ»,  –  дейді  Эльмира  Ра-

хымжанова.

Эльмира  Рахымжанованың  дәл  бұлай 

алаңдауына  негіз  жоқ  емес.  Өйткені, 

бұған  дейін  құрылыс  банкіне  қатысты 

бірнеше  рет  заңсыздықтар  анықталып, 

әшкереленді.  Тіпті,  аталған  мәселеге 

анша-мұншаға  селт  ете  қоймайтын 

депутаттардың  өздері  мән  берген  бола-

тын.

Мысалы, 


мәжіліс 

депутаты 

Тұрсынбек  Өмірзақовтың  айтуынша 

«Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкінің» 

өзге  коммерциялық  банктерден  еш 

айырмашылығы  жоқ.  Өйткені,  аталған 

банк қарапайым халықтан пәтер құнының  

50  пайызын  талап  етеді.  Депутаттың  ой-

ынша пәтер құнының 50 пайызын жинап 

біткенше салымшылар қартайып, не бол-

маса өліп кетуі мүмкін. Сондықтан да ол 

өркениетті елдердегідей пәтердің 10 пай-

ызын жинап баспанаға ие болу керек де-

ген пікірде.

Сондай-ақ, «Қазақстанның Тұрғын үй 

құрылыс жинақ банкіне» қатысты тағы бір 

былыққа  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  өзі  араласқаны  белгілі. 

Нақтырақ  айтсақ,  бір  топ  депутаттар 

премьер-министр  мен  Бас  прокурордың 

атына  сауал  жолдап,  құзырлы  органнан 

банктің  Алматы  облыстық  филиалының 

жетекшілігіне  қатысты  жемқорлықты 

тексеруді сұраған болатын.

Тексеру 

барысында 

банк 

қызметкерлерінің  “Қолжетімді  баспа-



на”  бағдарламасы  бойынша  Алматыдағы 

“Әйгерім”  тұрғын  үй  кешенінен  пәтер 

алғаны  анықталды.  Міне  осыдан  кейін 

президент банк басшыларының “Әйгерім” 

кешенінен  алған  пәтерлерін  қайтаруды 

қатаң тапсырған болатын. Алайда аталған 

банкт  басшылары  Мәулен  Өтеғұлов  пен 

Мамила  Мұсабекова  президенттің  тап-

сырмасына  пысқырып  та  қарамастан, 

соттасуға дейін барды.

Нәтижесінде  “Қазақстанның  тұрғын 

үй  құрылыс  жинақ  банкі”  АҚ  Алматы 

облыстық  филиалының  жетекшісі  Ма-

мила  Мұсабекова  сотта  жеңіп  шықты. 

Осы  ретте  Мамила  Мұсабекованың  күні 

әлеуметтік пәтерге қарап қалды ма деген 

орынды сауал туындайды. Себебі, білдей 

бір  басшының  осы  уақытқа  дейін  үй-

күйсіз жүргеніне ешкім де сенбейді.

Президенттен  бастап,  депутаттардың 

назарында  болған  атышулы  мәселе  банк 

қызметкерлерінің  пайдасына  шешілді. 

Ал  үкіметтің  қарауынан  жекеменшікке 

сатылғаннан 

кейін 

«Қазақстанның 



Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкінің» 

су  жаңа  басшылары  белден  басып, 

заңсыздықты  заңдылыққа  айналдырмай-

ды дегенге салымшылар сенер емес.



nur.kz

Мұнай бағасының құлдырауы ризық-несібесін қара алтыннан та-

уып  отырған  мемлекеттердің  уайымын  үдете  түсті.  Иранның  мұнай 

өндірісіне белсенді кірісуі, онсыз да шикізатқа лық толы нарықты бере-

кеден айыра бастады. Экономикасы негізінен мұнай мен газға сүйенген 

біздің еліміз үшін бұл жақсы жаңалық емес. Әйтсе де, мамандар қара 

алтыннан түсетін табыстың орнын жаңа автобандардан түсетін қаржы 

толтырады деп сендіруде. Барлығы жоспарлағандай болса, жақын ара-

да пайдалануға берілетін көлік жолдары қазынаға миллиардтаған дол-

лар пайда әкелуі тиіс.

Дәліздің  құрылысы  келер  жылдың  ба-

сында  салынып  бітеді  деп  жоспарланған. 

Егер сарапшылардың Қытай мен Еуропалық 

Одақ  арасындағы  сауда  айналымы  трил-

лион  долларға  жетеді  деген  болжамы  рас-

талар  болса,  алпауыттардың  арасындағы 

жүк тасымалын өз жеріміз арқылы өткізіп, 

кірісті  еселеуге  мүмкіндік  алар  едік.  Үш 

басты  бағыт:  Қытай  –  Қазақстан,  Қытай 

–  Орталық  Азия,  Қытай  –  Ресей  –  Батыс 

Еуропа  бойынша  алыс-берісті  жүзеге 

асыратын  жоба  арқылы  2020  жылы  жүк 

тасымалдарының  көлемі  33  млн.  тоннаға 

жетеді деп болжануда.

Еліміздегі  бес  ірі  аймақ  –  Ақтөбе, 

Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жам-

был  және  Алматы  облыстарының  эконо-

микасында  серпіліс  болатыны  айтпаса  да 

түсінікті.  Жоғары  деңгейде  жүк  өткізуге 

қабілетті  автокөлік  жолдары,  жүк  пойыз-

дары  кесіп  өтетін  шойын  жол  желілері, 

жанар-жағармай  құю  бекеттері,  зама-

науи  құралдармен  жабдықталған  кеден 

бекеттері, тағы басқа да инфрақұрылымдар 

қытай  тауарларын  Еуропа  елдеріне 

кідіріссіз жеткізуді қамтамасыз ететін бола-

ды. Ал Еуропа жақтан Қытайға жаңа техно-

логиялар  мен  машина  құрал-жабдықтары, 

сондай-ақ  шикізат  жеткізіледі.  Батыс 

Қытайдан  шығатын  тауарды  аз  қаржы 

жұмсап,  тез  жеткізу  үшін  Алматы, 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  арқылы 

өтетін төте жол таңдалатыны күмәнсіз. Жол 

құрылысын жүргізіп жатқан мамандардың 

сөзіне  қарағанда,  «Батыс  Еуропа  –  Батыс 

Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі екі 

ортаны үш жарым есеге қысқартады екен.

Көлік  дәлізі  бірінші  бағыт  бойынша 

Қазақстан  аумағы  арқылы  Ресей  Феде-

рациясына  және  одан  әрі  Еуропаға  өтеді. 

Екінші бағыты – Қазақстан аумағы арқылы 

Қорғастан  Ақтау  портына  дейін,  одан  әрі 

Каспий теңізі мен Әзірбайжанға жетіп, әрі 

қарай  Грузия  асады.  Жобаға  былтыр  ғана 

құрылған  «Азия  инфрақұрылымдық  инве-

стициялар банкін» тарту көзделуде.

Сонымен  қатар,  «Ұлы  Жібек  жолын 

қайта  жаңғырту»  кластерін  құру  жоспар-

ланып отыр. Қазіргі кезде Қытайдан, не Еу-

ропадан  тауарларды  тек  компаниялар  ғана 

емес,  жекелеген  адамдар  да  тапсырыспен 

алдыртады.  Алыс-беріс  ғаламтор  арқылы 

жүзеге  асады.  Қытайлық  не  еуропалық 

интернет-дүкеннен  шыққан  тауардың  қай 

бағыт  бойынша  жеткізілетінін,  дәл  қазір 

жолдың  қай  бөлігінде  келе  жатқанын 

тұтынушы  интернет  арқылы  бақылап 

отыру  мүмкіндігіне  ие.  Осы  байланы-

стар  кезінде  транзиттік  мемлекет  ретінде 

Қазақстанның  аты  ауызға  жиі  алына-

тын  болса,  бұл  еліміздің  әлемнің  түкпір-

түкпіріне  танылуына  жол  ашпақ.    «Ұлы 

Жібек жолын қайта жаңғырту» кластерінің 

инвестициялық 

һәм 


индустриялық 

әлеуеті  тіпті  мол.  Жоба  Қазақстанның 

халықаралық нарықтағы белсенділігін арт-

орайына  пайдаланып  қалуымыз  ке-

рек.  Осы  аймақта  көліктік  хабқа  айна-

лу  –  біздің  стратегиялық  мақсатымыз. 

Орталық  Азия  арқылы  өтетін  кез  кел-

ген  көлік  дәліздерінің,  транзиттік  және 

логистикалық  үдерістердің  орталығы 

– 

Қазақстан 



болады. 

Бұл 


үлкен 

экономикалық жетістіктерге қол жеткізуге 

мүмкіндік  береді.  Қазіргі  заманғы 

жағдайда  Қазақстан  әлемдік  нарықтарға 

шығудың  сан  алуан  жолын  ашуы  керек, 

бұл  өмірлік  маңызды  мәселелер,    –  дейді 

С.Әкімбеков.

Халықтың жолдардың болашағына де-

ген үміті мен сенімін еселеуге  «Қазақстан 

темір жолы» ұлттық компаниясының бас-

шысы Асқар Маминнің сөзі де айтарлықтай 

әсер 


етті. 

«Ішкі 


континенталдық 

дәліздердің  мүмкіндіктерін  есепке  ала 

отырып,  біз  2020  жылға  дейін  Шығыс 

пен  Батыс  арасындағы  бағыт  бойынша 

транзит  көлемін  екі  есе  өсіру  мақсатын 

белгіледік.  Қытайдың  орталық  және 

батыс  провинцияларының  үдемелі  да-

муы  және  сыртқа  сататын  экспорты 

көлемінің  ұлғаюы  біздің  осы  мақсатқа 

жетуімізге  ықпалын  тигізеді»,  –  деді 

ол.    Мамин  мырза  БҰҰ-ның  Сауда  және 

даму  конференциясының  эксперттік 

бағаларын  тілге  тиек  еткен  болатын. 

Ұйымның  мәліметіне  сүйенсек,  Еура-

зия  құрлығындағы  негізгі  нарықтар 

арасындағы  сауда  айналымы  алдағы  5 

жылда 1,5 есеге артады. Яғни былтырғы 

2014 жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 

800  миллиард  долларды  құраса,  2020 

жылы  1,2  триллион  долларға  жетпек. 

Егер  осы  қаржының  бес-он  пайызы 

Қазақстанның  қазынасына  түссе,  небәрі 

бір  жылдың  ішінде  жолдардан  тапқан 

несібеміз соңғы он жылда мұнай сатудан 

түскен пайдадан асып түсетіні кәнік.

Күншығыстағы  көршіміз  Қытайдың 

Еуропалық  одақ  елдерімен  сауда-саттығы 

артатыны  көңілге  медеу.  Екі  алпауыттың 

алыс-берісі  2020  жылға  қарай  қазіргі 

800  миллиардқа,  ал  ҚХР  мен  Үндістан 

арасындағы тауар айналымының көлемі 66 

миллиардтан  92  миллиард  долларға  дейін 

ұлғаяды деген болжам біздің ғана емес, өзге 

де транзиттік мемлекеттердің үкілі үміті.

тырады. Сондай-ақ, тек өз еліміз емес,  Орта 

Азиядағы өзге мемлекеттердің де экономи-

касына  оң  ықпал  ете  аламыз.    Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

қоры жанындағы Әлемдік экономика және 

саясат  институтының  директоры  Сұлтан 

Әкімбековтің айтуынша, жаңа Жібек жолы 

көлік  дәлізін  салу  туралы  стратегиялық 

бастама 

қазақстандық 

тауарлардың 

жаһандық нарыққа шығуына септеседі, әрі 

экономикалық мол пайда әкеледі.

–  Біз  инфрақұрылымдық  жобаларға 

өте  көп  қаржы  салудамыз.  Демек,  ҚХР 

төрағасының «Жібек жолы экономикалық 

белдеуін»  құру  туралы  идеясын  өз 

Меценаттар салығы азайтылады

Балаларға  мектеп  немесе  балабақша  салуға  ниет  білдірген  меценат-

тар мен демеушілер үшін төленетін салық көлемі енді 4%-ға дейін азай-

тылады. Ал жер қойнауын пайдаланушылар үшін 3%-дық мөлшерлеме 

сақталады. 

Сенат  депутаттары  «Қайырымдылық 

туралы»  заң  жобасын  талқылады.  Жаңа 

құжатқа  «меценат»,  «демеуші»  және  «фи-

лантроп»  ұғымдары  енгізілді.  Депутат 

Николай  Кузьминнің  айтуынша,  бұл  заң 

меценаттарды  қайырымдылық  жасауға  ын-

таландырады.  Айта  кетсек,  бүгінге  дейін 

қазақстандықтардың  тек  1%-ы  ғана  мұқтаж 

адамдарға  материалдық  көмек  көрсетіпті. 

Ал  әлемдік  қайырымдылық  рейтингінде 

Қазақстан  135  елдің  ішінде  101-ші  орынды 

иеленіп  отыр.  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаты  Николай  Кузь-

мин: 

– 

Заң 



жобасын 

әзірлегенде  біз  шағын 

және  орта  бизнеспен 

а й н а л ы с а т ы н д а р ғ а 

6,  ал  ірі  компания 

иелеріне 

4%-дық 

жеңілдік сұрадық. Алай-



да  қазір  қалыптасып 

отырған  экономикалық 

жағдайды  ескере  оты-

рып,  барлығына  салық 

көлемін  4%-ға  азайту-

ды  жөн  көрдік.  Менің 

ойымша,  енді  елімізде 

қайырымдылық  жасай-

тын  кәсіпкерлер  саны 

едәуір көбейеді.




1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал