Шетелден келген кәсіпкерлер 10 жылға дейін барлық салықтан босаты



жүктеу 260.29 Kb.

бет2/3
Дата09.04.2017
өлшемі260.29 Kb.
1   2   3

Жарас Ахметов, экономист:

Жоқ, 

Құдайбергенов 

лайықты

–  Ұлттық  банк  төрағасы 

Қайрат  Келімбетовтің  шешім 

қабылдауға  келгендегі  құзыры 

белгілі  бір  дәрежеде  шектеулі 

екенін  түсіну  керек.  Яғни, 

барлығын  Келімбетовтің  қолы 

немесе 


Келімбетовтің 

сөзі 


шешпейді. Соған қарамай, біз оны 

жиі сынға аламыз. 

Бірінші  кезекте  ол  жүргізіп 

отырған 


несиелік-қаржылық 

саясатқа  көңіліміз  толмайды. 

Ол да біз сияқты адам баласы. 

Бақытты  болашаққа  сеніп  жүрді. 

«Қазақстан Орта Азияның Синга-

пуры» деген де осы Қайрат бола-

тын. Иә, дәл солай айтқан. «Орта 

Азияның Сингапуры атануға ты-

рысып,  тырмысып  жүрміз»  десе, 

басқаша естілер ме еді, түсінер ме 

едік, бәлкім. 

Мәселе Сингапурда емес. 

Теңгеден 

құн 


кеткелі 

экономиканың  тілін  түсінетіндер 

де, 

түсінбейтіндер 



де 

Келімбетовті  сөгетінді  шығарды. 

Келімбетовтің  не  үшін  кетуі 

керектігін  біліп  айтқандар  да, 

білмей айтқандар да бір жағдайда 

қателескен  жоқ:  ол  жұрттың 

сенімінен шықты. Сөзімен, ісімен, 

әрекетімен,  орынсыз  күлкісімен, 

өтірік уәдесімен...

Өткен 


жолы 

үкіметбасы 

Мәсімовті қабылдаған Президент 

Назарбаев  халіміздің  өте  нашар 

екенін  айтқан.  Мұндай  жағдайда 

халықтың  сенімінен  шыққан  жа-

ман.  Жоқ,  бұл  дәл  теңеу  емес, 

қауіпті деген дұрыс шығар. Және 

бұл  жалғыз  Келімбетовке  ғана 

қатысты емес...

Сенімнен шығу. Бұл биліктегі 

адамның имиджіне үлкен нұқсан. 

Жыл  аяғына  жақын  үлкен 

өзгерістер  болады  деген  сыбыс 



Қазақстанда бөлшек сауда 

салығы енгізілмек

Қосымша  құн  және  ұжымдық  табыс 

салығының  орнына  бөлшек  сауда  салығы 

енгізілмек.  Нақтырақ  айтсақ,  бұл  жоспар  2017 

жылы іске асуы мүмкін. Келесі айдан бастап ар-

найы жұмыс тобы құрылады.

Ал  заң  жобасы  Мәжіліс  қарауына  2016  жылдың  күзінде 

түседі деп күтілуде. Бұл салықтық тәртіп – жеке тұлғаларға, 

бөлшек  саудамен  айналысатын  кәсіпорындарға,  қоғамдық 

тамақтану  мен  қызмет  көрсету  саласына  тікелей  қатысты 

болмақ.  Мамандар  бөлшек  салығын  енгізу  елдегі  қолма-қол 

ақша  көлемінің  ауқымын  азайтуға  мүмкіндік  береді  дейді. 

Сондай-ақ көлеңкелі бизнеске айтарлықтай тосқауыл қояды. 

Бастысы  –  бұл  бастама  бюджеттегі  салықтық  түсімге  оң 

әсерін тигізбек.



Ақ орыс пен сары орыс қазақты қалай алдап жүр

Көршілеріміз  қалай  алдап  жүр?  Одақтас  елдер  Қазақстанда  өз  өнімдерін  өткізу  үшін, 

қулыққа көше бастаған. Дүкен сөрелеріндегі ою-өрнек пен киіз үй суреттері жапсырылған 

сүт өнімдер Беларусьтікі болып шықты.

Сол  жағында  белоруссиялық  өнім,  оң  жағында 

қазақстандық.  Скриншот:  Астана  арнасы  Мұны 

Еуразиялық  экономикалық  комиссиядағылар  анықтап 

отыр. Тиісті суреттерді де таратты деп хабарлайды Астана 

арнасы. «Атамекен» және «Казахстан» деп ат қойып, айдар 

тағылған  қалбырдағы  қою  сүт  өнімдері 

Беларусьте  шығарылады.  Көпшілік  мұны 

отандық  өніммен  шатыстырады.  Әрі  өз 

елімізде әзірленген экологиялық таза өнім 

деген түсінікпен сатып алатындар да көп. 

Бұдан  былай  жоғары  комиссия  мұндай 

көзбояушылққа қарсы шара қолданбақшы. 

Алдымен тұтынышар арасында әлеуметтік 

сауалнама жүргізіледі. Көршілердің тауа-

рын отандық өнімге балап сатып алатын-

дар  басым  шықса,  маркетингтік  қулыққа 

көшкен кәсіпорындар әжептәуір айыппұл 

арқалайды.  Тіпті  жылдық  табысының  3 

пайызынан  қағылуы  мүмкін.  Және  ре-

брендинг  жасайды.  Бүгінге  дейін  бела-

русьтер  қаймақ,  сүт  және  қант  өнімдерін 

қазақы  бейнеде  саудалап  келсе,  Ресей 

қазақша  атаумен  «Кеспе»  кесіп  жатқан 

көрінеді.  Сыртынан  қарағанда  Қазақстан 

деп  жазылып  тұр.  Суреттеріне  қарасаң 

өзіміздің  киіз  үйлеріміз,  тауларымыз.  Бәрін  қазақшалап 

жазып  тұр.  Халық  өзіміздің  кәсіпкерлер  шығарып  отыр 

дейді ғой. Бірақ ақша басқа мемлекетке кетеді, дейді ЕЭК 

Бәсекелестік  және  монополияға  қарсы  реттеу  бойынша 

алқа мүшесі және министрі Нұрлан Алдабергенов.


№11(152), қараша 2015

www.nap.kz

Бірақ,  тереңіне  үңілу  ке-

рек.  Бүгінгі  хаосқа  әсте 

Келімбетов  емес,  мемлекет 

өз  қолымен  жүргізіп  отырған 

экономикалық саясат кінәлі. 

Біздің 


экономикалық 

саясаттың  өзегі  –  қолмен 

басқару.  Мемлекет  адамдарға 

ненің  жақсы,  ненің  жаман 

боларын  білемін  және  өзім 

жол  көрсетемін  дейді.  Бірақ, 

бәрін  өзі  шешетіндей  қазіргі 

Қазақстан үкіметінің қолында 

қажетті  құрал-жабдық  жоқ. 

Иә,  бірен-саран  әсері  бар  да 

шығар. Ол теңгенің бағамына 

әсер ету (аз да болса), ақшаның 

ағымын  бақылау  және  жеке 

салаларға, оның ішінде кейбір 

кәсіпорындарға  мемлекеттік 

көмек  көрсету.  Болды.  Одан 

аспайды.

Мұндай  жағдайда  Ұлттық 

банк  төрағасын  ауыстырсақ, 

оның  орнына  басқа  біреу 

келсе,  «бәрі  жақсы  болады» 

деп  ойлау  аңғалдық.  Бізге 

тұтас экономикалық саясатты 

өзгерту қажет. Бұл ұзақ әңгіме 

және ұзақ жол. 

Иә,  Келімбетов  кетеді. 

Бүгін болмаса да ертең. Ауыс-

түйістің болары анық. Ал оның 

орнына  кім  лайық?  Бірнеше 

адамның  атын  атар  едім, 

бірақ Олжас Құдайбергеновке 

тоқтайын.  Жақын  таныспын. 

Мінезді,  керек  кезде  «иә»  не-

месе  «жоқ»  деп  айта  алатын 

азамат. Кез келген мәселеде өз 

көзқарасы  және  өз  позициясы 

бар. 

Олжас  Ұлттық  банктің 



төрағасы  қызметін  атқарып 

кете  алар  еді.  Алайда...оның 

принципшілдігі,  мінезділігі 

өзінің  түбіне  жетуі  мүмкін. 

Теріс  түсініп  қалмаңыздар, 

егер ол Ұлттық банк төрағасы 

қызметіне 

тағайындалған 

жағдайда  таңдау  жасауына 

тура  келеді.  Егер  принциптік 

позициясынан  таймаса,  бұл 

қызметте  ұзақ  аялдай  алмай-

ды.  Ал  егер  компромиске 

келсе,  ендеше  бүгінгі  жағдай 

баяғы  жартас  күйінде  қала 

береді.  Демек,  «Келімбетов 

қалды  не,  кетті  не  ештеңе 

өзгермейді» деген сөз. 

Өзектісі  де  осы.  Өзгеріс 

керек.  Ұлттық  банкте  не  бо-

лып  жатыр,  білесіз  бе?  Олар-

ды,  былайша  айтқанда  қоқыс 

қағаздарды 

сатып 


алуға 

мәжбүрлеуде.  Ұлттық  банк-

ке  Құдайбергенов  келген 

жағдайда оған осы мәселелерді 

шешуге  тура  келеді.  Айттым 

ғой,  ол  өз  дегенінде  тұратын 

адам.  Бір-екі  рет  бас  тартып, 

«жоқ»  деп  айтты  екен,  орны-

нан алып тастайды. Өкінішті, 

бірақ  біздің  жүйе  осын-

дай.  Мінез  танытқандарды 

көтермейді...



Ғалым Байтұқ, блогер: 

Келіспеймін, 

Жәмішев 

лайықты


– Жақында бір басылымға 

сұхбат  бердім.  Журналист 

қызық  сауал  қойды:  «Біздің 

биліктің арасында арлы, ұятты 

азаматтар бар ма?» дейді. Бар. 

Болған...Соның  бір  мыса-

лы  Шәймерденов,  Тәшенов, 

Әуелбеков  және  Қонаевтар. 

Бұлардың  артынан  жақсы  сөз 

және  жақсы  іс  қалды.  Бұлар 

өз  артына  ешқандай  байлық 

(қазір  «материалды  мұра» 

деп айту трендке айналыпты), 

ешқандай  зауыт  немесе  паро-

ход қалдырған жоқ. 

Бірақ,  бұлар  бұрынғының 

адамдары.  Қазіргі  биліктің 

арасында  дәл  осындай  адам-

дар бар ма? Арлы, ұятты... Бар. 

Ол – Болат Жәмішев. Сыпайы, 

адал (анығы – таза), еңбекқор 

және  ең  бастысы  патриот. 

Жақын  таныспын.  Меніңше, 

бұл  кісіге  Ұлттық  банктің 

тізгінін сеніп тапсыруға болар 

еді. Жалпы Ұлттық банк қана 

емес,  елімізде  жұмысы  ақсап 

отырған  басқа  да  салаларға 

осындай  таза  адамдар  көптеп 

керек. Аса қажет. Бірақ, олар-

ды қайдан табамыз? 

Біздің 


биліктегі 

таза 


адамдардың  санын  саусақпен 

санап алуға болады. 



Жұт жеті ағайынды. Оған дағдарысты тағы қосыңыз. Демек біз өмір сүріп жатқан дәуірде 

жұтқа тағы бір ағайын келіп қосылған. Бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс 

біздің елді де айналып өтпесі анық. Айналып өтпеді, тура келді. Әсіресе, біздің көршіміз 

әрі одақтасымыз Ресейге жан-жақтан санкциялар салып жатқанда бізге дағдарыс толқыны 

жеңіл  тимесі  белгілі.  Бірден  оңдырмады,  төл  теңгеміз  айналасы  бір  жыл  ішінде  50%-ға 

жуық құнын жоғалтты, зат бағасы күн санап қымбаттады. 

«Жау  жағадан  алғанда,  бөрі  етектен»  дегендей 

дағдарыспен  бірге  үкімет  те  жекешелендірудің  екінші 

кезегіндегі  нысандарды  жария  етті.  «Қазмұнайгаз», 

«Қазақфильм»,  «KEGOK»,  «Тұрғын  үй  жинақ  банкі» 

сияқты  өндіріс,  мәдениет,  коммуналдық  қызметтердің 

бәрін қамтыған 278 нысан өзіне жаңа қожайын іздеуде. 

Сатылымға  шықты,  енді  кім  сатып  алып,  кімнің 

қанжығасында  кетіп,  кімге  жем  болып,  болашақта 

не  күй  кешеміз  деген  сұрақ  бәрімізді  мазалайды. 

Қарағандының көмірі, Жезқазғанның мысы сияқты тағы 

да шетелдіктердің қолына кетіп, бір елдің салып берген 

үйінде, бір елдің жарығын жағып, бір елдің сарайына ба-

рып концерт көреміз бе?

Осы  жылдың  нақты  мәліметтеріне  сүйенсек, 

қазақстандықтардың тәуелсіздіктен бері түрлі жолдармен 

шетелде тыққан ақшалары 138 миллиард доллардан асқан 

екен. Бұл бізге мәлім болғаны ғана. Тағы да қанша қаржы 

сыртқа  шыққаны  бір  Аллаға  ғана  аян.  Ал,  қарапайым 

қазақ  өз  жерінде  бір  баспанаға  зар  болып  жүрсе,  500 

мыңнан астам қазақстандықтың шетелде жеке үйлері бар 

екен.  Еліміздегі  бай  мен  кедейдің  алшақтығы  соншама 

миллионға жуық халық нанын әрең тауып жеп отырса, 

ең  бай  50  адамының  байлығы  үш  облыстың  (Ақмола, 

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан) ішкі өнімінен асып 

түседі екен. Біздің ел байлығын сыртқа таситын осынша-

ма  байларымыздың  ішінен  қазаққа  қорған  болар  біреуі 

табылмай ма? Дағдарыс кезінде үкімет те біздің осынай 

кәсіпкерлемізге  сенгендіктен,  өздері  иелік  ете  алмаған 

нысандарды көтеру үшін олардан көмек сұрау қадамына 

көшкен  болар.  Үкімет  көмек  сұраса,  олар  іске  кірісетін 

уақыты келді. Өйткені, сіз бен біз және қазақтың өткені 

мен  бүгіні  болмаса,  олар  бұл  байлыққа  жеке-дара  қол 

жеткізе алмас еді. Демек, олар ел қаржысын шетке тыға 

бермей, өз халықының қалай күн көріп жатқанына мән 

беріп,  халықтан  алғанын  халыққа  қайта  қайтаратын, 

ел  ертеңін  түзейтін,  ұрпаққа  алаңсыз  өмір  сыйлайтын 

ұлттың азаматына айналуы керек.

Далалық көшпендіден қалалық көшпендіге айналған 

қазақты үкімет баспаналы етуге қауқарсыздық танытып, 

ақыры бұл жауапкершілікті өзгенің мойынына жүктеуге 

ниет  етуде.  Біздің  елде  бұл  жауапкершілікті  мойынына 

ала  алатын  адамдардың  қаржылық  жағдайының  әбден 

жететінін  жоғары  да  айтып  кеттім.  Енді  тек,  солардың 

ішінен ұлтқа деген махаббаты бұл жауапкершілікті мой-

ынына алуға жететін қазақ табылса деген тілек қана бар. 

Баспана  мәселесі  қазақтың  өсіп-  өнуіне  тіке  қатысты, 

өзекті  мәселе.  «Тұрғын  үй  жинақ  банкін»  өз  иелегіне 

алып, банк секторын дамытып, халықты бағасы лайықты 

баспанамен қамтасыз етер болса, бұндай жаупкершілікті 

алған адамның ұлт алдында абройы асқақ болар еді.

Қазір біздің үкімет дегеніне жетпей қоймайтын болды 

ғой, сатам дегенін сатады. Сондықтан, жоғарыдағы ны-

сандар  ұстағанның  қолында,  тістегеннің  ауызында  кет-

пес үшін біздің қалталы азаматтар ұлттық буржуазияға 

айналуы  тиіс.  Қаржысын  шетелге  тыққанша,  қазақтың 

болашағына жұмсар болса, ұлттың алдында да, Алланың 

алдында да ары таза болумен бірге- құрметі шексіз болар 

еді.

Несиеден неге 

қорықпаймыз?

Наурыз  айында  Алматы  халқының 

тұтынушылық  несие  көлемі  942,5 

млрд  теңгені  құрады.  Бұл  елдегі 

жалпы  қарыздың  шамамен  37,7%-

ы.  Бір  ғана  наурыз  айының  ішінде 

қазақстандықтар  2,5  трлн  теңге 

мөлшерінде тұтынушылық несие алған.

Ranking.kz 

сарапшылары 

халықтың 

тұтынушылық несие алу көрсеткіші бойынша тал-

дау  дайындады.    «Бір  жыл  ішінде  (  2015-2014  на-

урыз)  нарық  бар  болғаны  7%-ға  өсті.  Салыстыру 

үшін айтар болсақ, 2014 және 2013 жылдары нарық 

сәйкесінше  48  және  45%-дан  қосып  отырған»,  – 

делінген талдау материалында. 

«Тұтынушылық  несие  алу  деңгейі  қолайлы 

аймақта қалып отыр. Наурыз айында бір жалдама-

лы жұмысшының банк алдындағы тұтынушылық 

несие бойынша қарыз көлемі 3,4 айлық жалақыны 

–  407  мың  теңгені  құрады.  Қолайлы  несие  алу 

аймағы  –  бір  қызметкер  үшін  5  орташа  айлық 

еңбекақыға дейін. 

Тұтынушылық несиені ең көп алатын еліміздегі 

жалғыз өңір Алматы қаласы болып отыр. Оңтүстік 

шаһарда бір жұмысшының тұтынушылық қарызы 

шамамен 1,2 млн теңгені құрайды екен», – делінген 

есепте. 


Индонезияның астанасы қалай аталады?

Ақтөбе  облысының  әкімі  Бердібек  Сапарбаев 

аймақтағы  мұғалімдерді  састырды.  Бұл  туралы 

NUR.KZ  порталына  сенімді  дереккөз  хабарлай-

ды.

Облысқа әкім болғалы бері аймақтағы басшылардың бәрін 

аяғынан тік тұрғызған Сапарбаев кезекті сапарында Байғанин 

ауданын аралаған.

Ауданға  қарасты  ауылдық  округтердің  біріне  барған  әкім 

мектепке бас сұғады. Сол сәтте мектеп оқушыларына география 

пәнінен сабақ өтіп жатыр екен. Сапарбаев мұғалімнің білімін 

тексермек  болып,  Индонезияның  астанасын  айтуды  сұрайды. 

Алайда мұғалім сол мезетте Индонезия астанасын есіне түсіре 

алмай, білмейтінін айтады.

Әкім сұрақты жанындағы тілшілерге қойса да, Индонезия 

астанасының Джакарта екенін ешкім айта алмаған.

Осыдан соң, әкім «Барлығыңа география пәнін мен үйретуім 

керек пе?» деп, мұғалімдерді састырған.

Өткенде  жаңа  әкім  «Табыс»  базарындағы  жәрмеңкеге 

таңертең  галстуксіз  келіп  жұртты  айран-асыр  қылған  еді. 

Ал Сапарбаевтың серіктерінің бәрі шыттай болып, костюм-

мен  жүрді.  Әкім  базар  бағасымен  танысып,  шаруалардың 

жағдайын  сұрады.Cоңғы  кезде  күрт  қымбаттап  кеткен  қант 

бағасын  біліп,  көмеш  нанның  салмағын  таразыға  тартып, 

өлшеп  те  көрді.Тіпті,  сауда  орындарын  жалға  алу  құнының 

әр  түрлі  болғаны  үшін  базар  басшысын  да  сөкті.  Әсіресе, 

еттің  екі  түрлі  бағамен  сатылып  жатқаны  әкімнің  ашу-

ызасын  келтірді.  Бастапқыда  850  теңгеге  сатылып  жатқан 

ет  бағасына  көңілі  толғандай  болған  ол  күтпеген  жерден 

қағаздың екінші бетіндегі жазуды байқап қалды. Онда еттің 

келісі  900  теңге  деп  жазылыпты.  Ашуланған  әкім  қағазды 

қақ  бөлмек  болған.  Алайда,  скотчталған  жазба  ырыққа 

көнбеді. Ал әкімнің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев болса, 

қапелімде бұл туралы ештеңе айта алмай мүдіріп қалды. Са-

тушы  әйел  «бұл  қағаз  менікі  емес»  деп  ақталғаны  есімізде. 

Базардың бағасы мен санитарлық жағдайына көңілі толмаған 

Бердібек  Сапарбаев  қарамағындағыларға  бұл  мәселені  тез 

арада  шешуді  тапсырды.  Әкімнің  бәрі  Сапарбаевтай  болса 

халықтың жағдайы жақсарар еді. Амал не мұндай әкімдер аз 

болып тұр.



№11(152), ноябрь 2015

www.nap.kz



Қазақстан  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіру  туралы  хаттаманы 

рәсімдеудің  ресми  шараларын  толық  аяқтады:  құжатты  ел  Парламенті 

қабылдап,  Мемлекет  басшысы  қол  қойды.  Ендігі  мәселе,  әлемнің  алпауыт 

сауда ұйымына қосылуға қатысты ішкі нарықты реттеу. Бұнда ең алдымен 

мемлекет мүддесіне жауап беретін қорғау шараларын күшейту қажет. Осыған 

орай, атқарушы билік соңғы уақытта отандық өндірісті Дүниежүзілік сауда 

ұйымы  аясындағы  бәсекелестер  жұтып  жібермес  үшін  алдын-ала  қамдану 

шараларына  көшіріп  жатыр  деуге  келеді.  Соның  ішінде  Үкімет  көлік 

құрастыратын кәсіпорындарды да назардан тыс қалдырған емес.

пайдаланылған,  мінілген  көліктердің  саны 

артып  келе  жатыр  екен.  Мәселен,  бұндай 

үдеріс  сақталған  жағдайда  енді  бір  5  жыл-

дан  кейін  20  жылдан  астам  уақыт  ұсталған 

көліктер  үлесі  Қазақстанда  70  пайызды 

құрайтын болады. «Бүгінгі күні Қазақстанда 

4  млн.  жеңіл  көлік  болса,  олардың  тең 

жартысының орташа пайдаланылған мерзімі 

19  жылдан  асады.  Тағы  5  жылдан  кейін  20 

жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктер 

үлесі 70 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіш Гер-

манияда  шамамен  8  жылды  құрайды.  Жал-

пы, ескі көліктердің жолдағы қауіпсіздігінен 

бөлек,  қоршаған  ортаға  тигізер  зияны  да 

көп. Сондықтан, Қырғызстан Кеден одағына 

кірер  кезде  біз  көрші  елден  ескі  көліктердің 

ағылуына жол бермейтінімізді ашық айттық. 

Қазіргі  уақытта  біз  нақты  шаралар  енгіздік. 

Елге  кіргізілетін  көліктер  ағымдағы  жылы 

іске  қосылған  Кеден  одағының  техникалық 

регламенттеріне сай болуы тиіс. Ендігі күні 

ДСҰ аясында да ескі көліктердің Қазақстанға 

ағылуына  тосқауыл  болатын  екінші  шара  - 

тіркеу алымының қымбаттауы болады», - деп 

түйіндейді министр орынбасары.

Тоқ етері, енді Сенат заң жобасын қандай 

да  бір  өзгертулерсіз  қабылдаса  онла  алдағы 

уақытта  1  жылдан  3  жылға  дейінгі  уақыт 

жүрілген  көліктерді  тіркеу  үшін  алымы  50 

есептік  көрсеткішті,  ал  жүрілген  мерзімі  3 

жылдан  асқан  автокөліктердің  алымы  500 

айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады. 

Құжатты әзірлеген министрлік өкілдерінің ай-

туынша, аталған норма енгізілсе, автокөліктер 

иелері  үшін  жалпы  шығыстар  сомасы  артып 

кетпейді, есесіне мемлекеттік бюджетке түсім 

жылына  8  миллиард  теңгеге  дейін  артуы 

ықтимал.  Оның  үстіне  бұндай  мемлекеттік 

алымнан  түсетін  кіріс  ЕАЭО  елдеріне 

бөлінбей, тікелей ел бюджетіне құйылады.

Ресми  мәліметтерді  алға  тартсақ, 

Қазақстанда  машина  құрастыру  ісімен  ай-

налысатын  «Азия  авто»,  «Сарыарқа  авто-

пром», 

«Агромашхолдинг», 



«Хюндай», 

«СемАЗ»,  «КамАЗ  инжиниринг»  сынды  4 

кәсіпорын қазір жұмыс жасап тұр. Бұл зауыт-

тар  2014  жылы  40  мыңнан  астам  автокөлік 

шығарыпты.  Яғни,  Қазақстанда  2014  жылы 

барлығы  40  мыңнан  астам  автомобиль 

құрастырылған екен. Көліктердің маркалары 

да әртүрлі. Мәселен, жеңіл автомобильдердің 

- 42, жүк тиейтін автомобильдердің - 21, ар-

найы автомобильдердің - 18, тартқыштардың 

3 және автобустардың 3 моделі шығарылған. 

Бұл  зауыттар  биыл  да  осы  қарқынын 

жоғалтпақ  емес.  Бұнымен  қоса  Үкімет 

қолдауы  арқасында  қазақстандық  маши-

на  құрастыру  саласында  алдағы  уақытта 

қосымша  тағы  екі  ауқымды  жоба  көзделеді. 

«Осы  екі  жоба  жүзеге  асырылған  жағдайда 

елімізде  жылына  200  мың  автомобиль 

шығарылатын  болады.  Сонымен  қатар, 

дағдарыстың  салдарынан  осы  кезге  дейін 

өнім көлемі 50 пайызға дейін кеміген зауыт-

тарда қайта өрлеу бар. Ақпаратқа қарағанда, 

тамыз-қыркүйек  айларындағы  көрсеткіштер 

бойынша  машина  жасау  тағы  1,5  есеге 

артқан»,  -  дейді  вице-министр  Альберт  Рау. 

Әлбетте, ДСҰ аясында бұндай қадамдардың 

маңызы  зор  болмақ.  Десе  де,  бәрін  уақыт 

көрсетеді.



Қ

азаҚстан

 

ескі

 

көліктер

 «

Қоймасына

» 

айналмауы

 

керек

Айта кетерлігі, ресми билік ДСҰ әңгімесі 

түгесілер тұста да, ЕАЭО-ға Қырғызстанның 

қосылуы барысында да отандық автоөндірісті, 

ел  нарығын  қорғаудың  жан-жақты  әдіс-

тәсілін  қарастырып  жатқанын  айтып,  оны 

нақты  дәлелдеген.  Қырғызстанға  шекара 

ашылғалы  автонарықта  жағдай  қалыпты. 

Қазір  де  автоөндірісте  жеңілдетілген  салық 

төлеуге  жағдай  жасау,  шетелдерден  ескі 

көліктер  тасымалдауға  тыйым  салу  сын-

ды  шаралар  қолдану  қаралмақ.  Мұның 

бәрі  түптеп  келгенде  қазақстандық  көлік 

құрастыратын  кәсіпорындардың  әрі  қарай 

дамуына көмек болады.

Айта кетерлігі, Қырғызстанмен арада ше-

кара  ашылғанда  жұртшылық  арзан  көліктің 

қаптайтынын  күткен  болатын.  Бірақ  нарық 

бәрін өзі реттеді. Енді сарапшылар «Қазақстан 

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң сырт-

тан  келген  көліктердің  құны  кем  дегенде 

15-30  пайызға  түседі»  деген  болжам  айтып 

жүр.  Сонымен  қатар,  Қазақстанға  Еуропа-

дан,  негізінен  Германиядан  ескі  көліктер 

жеткізілетінін де болжағандар баршылық еді. 

Осыған орай, Үкімет ескі көліктердің ағынын 

бақылауға алуды ойластырып, арнайы заң жо-

басын әзірлеген болатын.

Ал  автоөнеркәсіп  нарығына  келсек, 

бұнда  негізінен  Қазақстанның  ДСҰ-ға 

енуіне  байланысты  туындайтын  жағымсыз 

үдерістің  алдын  алу  тетіктері  қамданылған. 

«Қазақстан  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 

қосылғандықтан  бірқатар  заңдарымызды 

жетілдіріп, қажет жеріне түзетулер енгізу ке-

рек болып жатыр. Соның бірі – ескі көліктерді 

елімізге 

қаптатпау. 

Пайдаланылған 

автокөліктерді  жылына  қарай  тіркеу  ша-

расы  да  осы  себептерге  және  еліміздің 

экологиялық тазалықтарына, сондай-ақ, жол 

қауіпсіздігіне орай жасалып жатыр. Мұндай 

тәжірибе әлемнің бірқатар дамыған елдерінде 

бар», – дейді Инвестициялар және даму вице-

министрі Альберт Рау. Оның айтуынша, заң 

жобасындағы басты жаңалық – Қазақстанда 

3  жылдан  астам  уақыт  жүрілген  көліктерді 

тіркеу алымы 500 айлық есептік көрсеткішті 

құрайтын  болады.  Бұл  бір  жағынан  елімізді 

ескі  көліктер  «қоқысынан»  таза  ұстауға 

септігін  тигізсе,  екінші  жағынан  қоршаған 

ортаны қорғаудың да тиімді тетігі саналмақ. 

«Заң  қабылданған  жағдайда  автокөліктерді 

бастапқы  тіркеу  үшін  алымға  өзгерістер 

енгізу  және  автокөліктерге  экологиялық  та-

лаптарды  бекіту  жоспарланып  отыр.  Бүгінгі 

күнде  елімізде  автокөліктерді  бастапқы 

тіркеу  үшін  алым  0,25  есептік  көрсеткішті 

құрайтыны  белгілі.  Бұл  шамамен  500 

теңгедей  болады.  Жаңа  заң  қабылданған 

соң  жаңа  автокөліктерді  тіркеу  үшін  алына-

тын  алым  бұрынғы  баға,  яғни  0,25  есептік 

көрсеткіш  мөлшерінде  қала  береді.  Ал  1-3 

жыл  аралығында  пайдаланылған  көліктерге 

қойылатын  бір  реттік  алым  50  есептік 

көрсеткіш болса, 3 жылдан асқан көліктерге 

алым 500 есептік көрсеткішке жетеді. Ал ав-

тобустар  мен  жүк  көліктеріне  алым  одан  да 

қымбат  болады.  Бұл  шара  ДСҰ  тарапынан 

рұқсат етілген балама ретінде енгізілмек», - 

деп түсіндіреді Альберт Рау.

Айта  кетерлігі,  Қазақстанда  қазірдің 

өзінде  жыл  санап  шетелден  келетін 




1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал