Шетелден келген кәсіпкерлер 10 жылға дейін барлық салықтан босаты



жүктеу 260.29 Kb.

бет1/3
Дата09.04.2017
өлшемі260.29 Kb.
  1   2   3

№11(152), қараша 2015

www.nap.kz

«Шетелден  келген  кәсіпкерлер  10 

жылға дейін барлық салықтан босаты-

лады. Мысалы, шетелдік азаматтардың 

қасында  біз  бөтен  секілдіміз.  Бізге 

ешқандай  жеңілдік  жоқ.  Біз  сонда  не 

табамыз.  Шетелден  инвесторлар  10 

жылға дейін ештеңе бермесе, бұл жерде 

тараздың екі жағы теңесіп тұрған жоқ», 

– деді Қаһарман Күдер.

Кәсіпкер бағдарлама соңында Ауыл 

шаруашылығы министрі мен Инвести-

циялар  және  даму  министрі  екі  жаққа 

бөлісіп-тартыспай 

бірігіп, 

жұмыс 

істеуге  шақырды.  Түйіні  тарқамай 



жатқан мәселенің барлығын ақылдасып, 

ақылмен  шешсе,  тарқамайтын  түйін, 

шешілмейтін  мәселе  жоқтығында  баса 

айтты.


Қаһарман  Күдердің  айтуынша, 

Қазақстанда  жеңіл  өнеркәсіпке  арна-

лып  шығарылған  бағдарламалар  тек 

«шоу»  жасаумен  шектеледі.  Онда  еш 

нәтиже жоқ.  

–  Біз  жеңіл  өнеркәсіпке  арнап 

шығарған бағдарламаны көрдік. Оның 

ішінде ештеңе жоқ. Бұл бағдарламаны 

дайындағандардан 

да 


сұрадық, 

ішінде  іліп  алар  ештеңе  жоқ.  Олар 

«бұл  бағдарламаны  асығыс  жасадық, 

сіз  қоңырау  шалып  айтсаңыз  қоса 

береміз»  дейді.  Осы  сәтте  біз  бен 

мемлекет  арасындағы  алшақтық 

көргендей  болдық.  Бағдарламаға 

төменннен  жоғары  қарай  бәрін 

жұмылдыру керек. Сонда бағдарлама 

жақсы шығады. Ал, жоғарыдан төмен 

қарай  жоспарланған  дүние  мардым-

сыз  болады.  Бұндай  бағдарламалар 

тек  «шоу»  жасаумен  шектеледі, 

нәтиже жоқ, – деді кәсіпкер.



Таяуда  Сенат  депутаттары,  ұлттық  экономика  және  қаржы 

министрліктері,  сондай-ақ  «Атамекен»  ұлттық  кәсіпкерлер 

палатасының  басшылары  қатысқан  «Салық  саясатының  өзекті 

мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болдып өтті.

Парламент 

Сенатының 

Төрағасы 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде 

мемлекеттің  салық  саясаты:  «Еліміздің 

экономикалық даму стратегиясының басты 

құралдарының бірі болып табылады», – деп 

атап өтті.

Төраға  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

«Қазақстан-2050»  Стратегиялық  даму  жо-

спарында салық саясатын жетілдірудің ба-

сты бағыттарын айқындап бергенін айтты. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында салық 

режимдері  мен  рәсімдерін  оңтайландыру, 

кірістер 

мен 


шығыстарды 

жаппай 


салықтық  декларациялау,  тәуекелдерді 

басқару жүйелерін енгізу, кеден және салық 

жүйелерін  интеграциялау  секілді  шаралар 

көзделген.

Қ.Тоқаевтың  пікірінше,  мемлекеттің 

салық  жүйесі  ұлттық  экономиканың  та-

лаптарына және қазіргі заманғы жаһандық 

сын-қатерлерге  төтеп  беруі  тиіс,  олардың 

қатарында  еліміздің  кірісін  төмендетіп 

отырған  мұнай  бағасының  арзандауы, 

экономикалық  өсімнің  баяулауы,  ұлттық 

валюта  бағамының  төмендеуі,  Ресейге 

қарсы  енгізілген  санкциялардың  ықпалы 

да бар.


Сенат 

Төрағасы 

салық 

жүйесі 


бюджетті 

теңгерімдеумен 

қатар, 

экономиканың  құрылымдық  өзгерістері 



мен  инновациялық  дамуын  қамтамасыз 

етуге,  жоғары  технологиялық  өндірісті 

құруға  және  шикізаттық  емес  экспорт  пен 

өңделген  өнімнің  өсімін  ынталандыруға 

бағытталуы тиіс деп санайды.

«Біздің 


басты 

мақсатымыз 

– 

мемлекеттің  және  салық  төлеушілердің 



мүдделерін үйлестіре отырып, тиімді және 

болжамды  салық  жүйесін  құру»,  –  деді 

жоғарғы Палатаның басшысы.

Шараға  қатысушылардың  сөйлеген 

сөздерінде  Қазақстанның  салық  жүйесін 

жаңғыртудың  түрлі  жолдары  туралы  сөз 

болды.

Атап  айтқанда,  ұлттық  экономи-



ка  министрі  Ерболат  Досаев  Мемлекет 

басшысының  бес  институттық  реформа-

сын іске асыру аясында салық салу жүйесін 

жетілдіруге бағытталған заң жобаларының 

мазмұнына  тоқталды.  Ұсынылған  шара-

лар  көлеңкелі  экономиканы  қысқартуға 

және салық әкімшілендірулерді жақсартуға 

бағытталған.

Мемлекеттік  бюджеттің  атқарылу 

жағ дайы  және  салық  пен  кедендік 

әкімшілендіру  жүйесін  реформалау  ша-

ралары  туралы  қаржы  министрі  Бақыт 

Сұлтанов хабардар етті. Қазіргі кезде Пар-

ламентте  қаралып  жатқан  өзгерістерде 

қосымша  құн  салығын  төлеушілер  ая-

сын  кеңейтуге,  электронды  құжаттарды 

қолдану,  рәсімдерді  оңайлату,  бақылау 

түрлерін жетілдіру де бар.

«Атамекен» 

Ұлттық 


кәсіпкерлер 

палата сының төрағасы Абылай Мырзахме-

тов Қазақстандағы бизнестің инвестиялық 

тартымдылығын  арттыруға  мүмкіндік 

беретін,  қабылданған  ережелерді  жан-

жақты  және  егжей-тегжейлі  талдау 

қажеттігіне назар аударды.

Сенат  депутаттары  баяндамашыларға 

акциздік  постарды  жаңғыртуға,  қосымша 

құн  салығына  және  пайдалы  қазбаларды 

өндіруге салық есептеу тәртібін өзгертуге, 

ЕАЭО туралы шарттың күшіне енуі аясын-

да  бизнесті  жүргізу  келешегі,  заң  шығару 

үдерістеріне  салық  төлеушілердің  пікірін 

ескеруге қатысты сауалдар қойды.

Дөңгелек 

үстел 

отырысын 



қорытындылаған  Қаржы  және  бюд-

жет  комитетінің  төрағасы  Рашит  Ах-

метов  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспа-

рын  іске  асыруға  қатысты  талқыланған 

маңызды  тақырыптарға  тоқталды  және 

бизнесті  жүргізуге  қолайлы  жағдай  жа-

сау  мақсатында  салық  әкімшіліктендіруді 

жетілдіру және алдын ала бақылау шарала-

рын оңтайландыру мәселелерін атап өтті.

Оптимизге толы баяндама

Жалақыдан  ай  сайын  жырылатын 

мемлекеттік қордағы миллиардттар орнын-

да  ма?  Бүгін  еліміздегі  жалғыз  бірыңғай 

жинақтаушы  зейнетақы  қоры  есеп  беріп, 

жетістіктерімен мақтанды.

Баяндамасы оптимизге толы мемлекеттік зейнетақы 

қоры  табыстарының  бірден  9  пайызға  өскенін  айтып 

отыр.  Яғни,  кіріс  тек  9  айдың  өзінде  435  миллиард 

теңгені  құраған.  Ал  ашылған  есепшот  10  миллионнан 

асып,  жинақтың  жалпы  сомасы  5  триллионға  жеткен. 

Қордағы  теңгенің  өсіміне  дағдарыс  та,  инфляция  да 

кедергі келтірмепті. Ал зейнетақы қорында қанша ақша 

жатқанын енді жұрт интернет арқылы да білсе болады. 

Ол үшін арнайы бағдарламаны ұялы телефонға жүктеп, 

азаматтар  маңдай  термен  тапқан  жинағына  қатысты 

ақпаратқа қол жеткізе алады. Осы арқылы мемлекеттік 

зейнетақы қоры жұртқа ашықтығын дәлелдемек. 

Өз елінде бөтеннің күйін кешетін кәсіпкерлер 

«Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында «Қуат» ЛТД компаниясының ди-

ректоры мемлекетте шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, отандық кәсіпкерлерге жеңілдік 

жасамағанын ашына айтты.

Бизнестің екі мәселесі

Елімізде кәсіпкерлердің қолын 

байлайтын  екі  үлкен  проблема 

бар.  Біріншіден,  мемлекет  та-

рапынан  берілетін  қаржылай 

көмекке  кез  келгеннің  қолы 

жете  бермейді.  Сондай-ақ,  дайын 

өнімді сату мен сыртқы нарыққа 

шығаруда қиындық көп. 

Бұл  туралы  Астанада  өткен  іскер 

әйелдер кеңесінде айтылды. Қазақстанның 

әр  қиырынан  келген  нәзік  жанды 

кәсіпкерлер 

саладағы 

түйіткілдерді 

талқылады.  Бүгінде  отандық  экономи-

када  әйелдер  қауымының  үлесі  күн  са-

нап  өсіп  келеді.  Статистикаға  сүйенсек, 

еліміздегі  шағын  және  орта  бизнестің 

40%-ы  қыз-келіншектерге  тиесілі  екен. 

Әсіресе  Астана  мен  Алматы  қалаларында 

іскер  әйелдер  ерекше  белсенді.  Мәселен 

елордада  бизнестің  55%-ын  нәзік  жанды-

лар  басқарып  отыр.  Сондықтан  кәсіпкер 

ханшайымдарды қолдау керек, – дейді ма-

мандар. Осы ретте іскер әйелдер кеңесі мен 

Астана  қалалық  әкімдігі  өзара  әріптестік 

жөніндегі  меморандумға  қол  қойды.  Енді 

тараптар  осы  келісім  аясында  салада 

кездесетін  кедергілерді  бірлесіп  шешетін 

болады.«Атамекен» ҰКП жанындағы іскер 

әйелдер  кеңесінің  төрайымы  Ләззат  Рама-

занова: 

– 

90-жылдардың 



соңына 

қарай 


Қазақстандағы  жұмыссыз  кісілердің  саны 

1  млн-ға  жақындады.  Дәл  сол  кезде  қыз-

келіншектердің үлесі аз. Себебі сол кезде өз 

дипломдарын шетке қойып, қолайлы іспен 

айналысып, іскерлікке батылырақ кіріскен 

сол  қыз-келіншектер  болды.  Мен  ойлай-

мын,  бүгінгі  дағдарыста  біздің  аяулы  аза-

матшаларымыз өзінің үлесін де, білімін де 

қосады.


№11(152), қараша 2015

www.nap.kz



Таяуда Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы 

мен  Халықаралық  Қайта  Құру  және  Даму  Банкі  арасындағы  қарыз 

туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. 

Келісімге сәйкес, халықаралық қаржы институты Қазақстанға шағын 

және  орта  бизнестің  бәсекеге  қабілеттігін  арттыру  бағдарламасын 

жүзеге асыруға 40 млн АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Отырыс 

барысында депутаттар Үкіметті сынға алып, шетелден оңды-солды бе-

решек алуды тоқтатуды талап етті. 

Алаяқтық асқынып тұр

Қазақстанда  жалған  құжатпен 

несие  рәсімдеу  фактілері  жиілеп 

кетті.  Бірінші  несиелік  бюро 

өкілдері мәлімдеді. Күніне елімізде 

7  мыңға  жуық  несие  беріледі.  Ал 

оның  кем  дегенде  екеуі  жалған 

құжатпен  рәсімделіп  отырған 

көрінеді.  ұйымның  дерегінше, 

бүгінде  алаяқтардың  әрекетінен 

бес  жүзге  жуық  азамат  зардап 

шеккен. Ал жыл басынан бері тек 

150-ге  жуық  қазақстандық  бұл 

қарыздан сот арқылы құтылған.

«Бірінші 

несиелік 

бюро» 


Компаниясының бизнесті дамыту бойынша 

директоры  Әсем  Нұрғалиеваның  айтуын-

ша алаяқтар жалған құжат әзірлеп, не бол-

маса жоғалған құжатқа ірі несие алады. Ең 

қызығы  банкілердегі  қарыз  алушылардың 

базадағы  фотоларында  өзге  адамдардың 

суреттері  тіркелген.  Жалпы  осы  жағдайға 

байланысты  біз  клиенттерге  өз  несиелік 

тарихтарын  жарты  жылда  бір  рет  тексеріп 

тұруға кеңес береміз.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз 

екінші  деңгейлі  банктерге  хабарластық. 

Алайда  қаржы  мекемелерінің  көбі  жалған 

несиелерге  қатысты  комментарий  беру-

ден  бас  тартты.  Сұрағымызға  жауап  бер-

ген  «Қазкоммерцбанк»  өкілдері  ғана  биыл 

мұндай фактілер тіркелмегенін айтты.

«Соңғы  кездері  Үкімет  халықаралық 

қаржы  ұйымдарынан  қарыз  алуды  әдетке 

айналдырып  бара  жатыр.  Болашақта  бұл 

жақсылыққа  апармайды.  Өйткені  қарызды 

ертең  қайтару  керек.  Ал  бұл  қаражаттың 

игерілуін кім қамтамасыз етеді?», – деді де-

путат Нұртай Сабильянов.

«Бізде  шағын  және  орта  бизнеске 

қолайлы  жағдай  жасалды,  ұлттық  пала-

та  құрылды,  әкімшілік  кедергілер  жой-

ылды,  кәсіпкерлік  кодексі  қабылданды, 

заңнамалық  тұрғыдан  барлық  жағдай  жа-

салды. Біз енді тағы да 40 млн доллар алып 

отырмыз. Шағын және орта бизнесті дамы-

татын  адамдарды  оқытамыз  дейді,  оқыту 

деген  сөз  кәсіпкерлікті  дамыту  деген  сөз 

емес.  Кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  бірінші, 

4-5 пайызбен кредит беруді қамтамасыз ету 

керек. Екіншіден, инфрақұрылымды жасап 

беру қажет. Осыдан кейін салық мәселесін 

шешу  керек.  Ал  қазір  біз  облыстағы, 

аудандағы  палатаға  40  млн  долларды 

береміз, ал олар болса, 15 адамды оқыттық 

деп,  сертификат  жазып  береді.  Ол  ертең 

жұмыс  істей  ме,  жоқ  па  –  ешкім  де  мұны 

тексермейді», – деген күмәнін жеткізді де-

путат.


Оның  пайымынша,  алдағы  уақытта 

министрліктер  шетелдік  қаржы  инсти-

туттарынан  қарыз  алғанды  тоқтату  ке-

рек.  «Ертең  қарыз  елдің  қаражатынан 

қайтарылады.  Өзіміздегі  бар  қаражатты 

тиімді  пайдалансақ,  соның  өзі  жеткілікті. 

Бюжеттің  қаражатын  ұрламау  керек,  өз 

мүддесіне жұмсамау қажет, сонда бәрі бізде 

жетеді», – деп қадап айтты Н.Сабильянов.

Әріптесінің  бұл  пікірімен  депутат 

Розақұл  Халмұрадов  толық  келісті.  Оның 

сөзінше,  40  млн  АҚШ  доллары  –  бұл 

мемлекеттік  борыш,  үкіметтік  қарыз, 

ертең  ол  республикалық  бюджеттен 

қайтарылады.  «Заң  жобасына  қосып  бер-

ген материал бойынша жобаның түпкілікті 

нәтижесі  –  40  жаттықтырушы  маман 

дайындау,  250  консультантты  оқытудан 

өткізу,  125  мемлекеттік  органдардың 

қызметшілерін  тренингтер,  семинарлар, 

таныстыру  сапарларына  жіберу  және  100 

шағын және орта кәсіпке сертификат беру. 

Міне,  40  млн  доллардың  түпкі  нәтижесі 

осы. Бүгінгі қиын жағдайда осыған баруға 

бола  ма?!  Мемлекеттік  қарызды  экономи-

каны дамыту үшін алса, бұған ешкім қарсы 

болмайды.  Ал  енді  біреулерді  оқытуға, 

дайындауға,  үйретуге  қарыз  алу  бүгінде 

қажет пе?! Үкімет осыны ойластыру керек. 

Келешекте  осы  мәселеге  мән  бергеніміз 

жөн», – деді өз кезегінде Р.Халмұрадов.

Айта  кетейік,  заң  жобасын  Ұлттық 

экономика  министрлігі  ұсынды.  Келісімге 

сәйкес, қарызды өтеу мерзімі – 17 жыл, оның 

бес  жылына  жеңілдіктер  қарастырылған. 

Талқылаудан  кейін  депутаттардың  ба-

сым  бөлігінің  қолдауымен  заң  жобасы 

мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.



Дағдарыс 5 жылға созылады

Әлемдік дәрежеде мұнай бағасының түсіп кетуі дағдарыстың орын алуына себепші болуда. Бұл туралы «Ал-

маты» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында экономист Мақсат Халықов айтты.

«Қазір  көптеген  экономистер 

мұны жүйелі дағдарыс деп атап жа-

тыр.  Яғни,  бұл  нақты  бір  саладан 

шығып  тұрған  жоқ.  Барлық  сала-

да  болып  жатқан  үдеріс.  Сонымен 

қатар,  сарапшылар  арасында  өткен 

дағдарыстармен 

салыстырғанда 

бұл  дағдарыс  күрделі  болады  деп 

болжануда. 

Дағдарыстың 

орын алуы әр түрлі салдарға 

байланысты.  Жалпы  алатын 

болсақ,  негізгі  себеп  әлемдік 

дәрежедегі  тұрақсыздықтың 

орнауы,  екіншіден  -  жаһан 

нарығында мұнай бағасының 

түсіп  кетуі.  2017  жылы 

ЭКСПО-ны  өткізіп  алғаннан 

кейін  өзіміз  де,  экономика-

мыз да да ары қарай ілгерілеу 

болады деп ойлаймын», – деді 

Мақсат Халықов.

Бағдарламаның 

екінші 


қонағы  Алматы  қалалық 

кәсiпкерлер 

палатасының 

экономикалық 

талдау 

бөлiмi  басшысы  Нариман 



Әбілшайықовтың  айтуынша, 

бұл  дағдарыс  5  жылға  созы-

лады.

«Елбасымыз  қазіргі  таңда 



Үкімет алдында үлкен жоспар 

қойып  отыр.  Ол  жоспардың 

басты мақсаты – дағдарыстан 

аман-есен  шығу.  2007-2009 

жылдардағы дағдарыс – ол ло-

кальды түрде болған дағдарыс. 

Қазір елімізде мұнай-газ және 

шикізат  экспорты  40  пайызға 

қысқарған.  Осыған  байланы-

сты  қазір  Қазақстан,  Ресей 

және өзге де шикізат тасымал-

дайтын елдерге осы дағдарыс 

төніп  отыр.  Бұл  дағдарыстан 

аман-есен  шығу  үшін  Елба-

сымыз  Үкіметке,  Премьер-

Министр  Кәрім  Мәсімовке 

тапсырма  берді.  2007  жылғы 

дағдарыс  кезінде  қордан  10 

млрд  доллар  ақша  бөлінген. 

Қазіргі таңда осы дағдарыстан 

шығу  үшін  Ұлттық  қордан 

ақша алу қажет пе немесе бұл 

қаражаттың  көзін  қай  жақтан 

іздейміз деген сауалдарға көп 

көңіл  бөлу  керек  деп  санай-

мын. Жалпы Үкімет басшысы 

Кәрім  Мәсімов  осы  жылдың 

ортасында дағдарыс әлі 5 жыл 

болады деп жоспар берген», - 

деді Әбілшайықов.



Қытай шиналар 

қымбаттайды

Еуразиялық 

экономи-

калық  одақтың  шектеулері 

жүзеге 

асса 

елімізге 

Қытайдан  әкелінетін  жүк 

көліктерінің 

шиналары 

қымбаттауы мүмкін.

Ресей 


мен 

Белорусия 

кәсіпкерлері 

Еуразиялық 

экономикалық  комиссияға  одақ 

аумағына  Қытайдан  кіргізілетін 

жүк  көліктерінің  шиналарына  ке-

ден  салығын  арттыруды  ұсынып 

отыр.  Одақтық  әріптестеріміз  бұл 

ұсынысты  өз  өндірушілерін  қолдау 

үшін  жасауда.  Егер  ұсыныс  жыл 

аяғына  дейін  комиссия  тарапы-

нан  мақұлданса,  Қытайдан  келетін 

дөңгелектерге  салынатын  кедендік 

салық бес жыл мерзімге 44 пайызға 

өсуі мүмкін (қазіргі таңда оларға са-

лынатын кедендік салық 10 пайызды 

құрайды).

Бұған  дейін  Ресей  тарапының 

сұрауы 


бойынша 

қытайлық 

бульдозерлердің 

енуіне 


шектеу 

қойылған еді. 



Бүгінде мемлекет шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жаса-

ды.  Ұлттық палата құрылды, әкімшілік кедергілер жойылды, кәсіпкерлік 

кодексі қабылданды, заңнамалық тұрғыдан барлық жағдай жасалынуда.  

Біз енді тағы да 40 млн доллар алып отырмыз. Шағын және орта бизнесті 

дамытатын  адамдарды  оқытамыз  дейді,  оқыту  деген  сөз  кәсіпкерлікті 

дамыту деген сөз емес. Кәсіпкерлікті дамыту үшін бірінші, 4-5 пайызбен 

кредит беруді қамтамасыз ету керек. Екіншіден, инфрақұрылымды жа-

сап беру қажет. Осыдан кейін салық мәселесін шешу керек. Ал қазір біз 

облыстағы, аудандағы палатаға 40 млн долларды береміз, ал олар болса, 15 

адамды оқыттық деп, сертификат жазып береді. Ол ертең жұмыс істей 

ме, жоқ па – ешкім де мұны тексермейді.

№11(152), қараша 2015

www.nap.kz



Шыны  керек,  болашақты  болжайтын,  бақытты  болашаққа  сенетін  мемлекеттің 

бірі мына біз едік. Бұл да жөн шығар бір жағынан. Бірақ, бүгінгі күнмен де өмір сүру 

керектігін  ұмытып  кетіппіз.  Бүгініміз  емес,  болашағымыз  маңызды  болғандықтан 

бүгін-ертең алдымыздан кесе-көлденең кездесуі мүмкін мәселелерді көрмеген екенбіз. 

Әйтпесе, Келімбетовте не кінә бар? 

бар.  Ауыс-түйістер...Сол  ауыс-

түйістің  арасында  Келімбетовтің 

атын айтып жүр сарапшылар. 

Бірақ,  Келімбетов  кеткен-

мен  не  өзгереді?  Тіпті  кеткеннің 

өзінде  оның  орнына  лайықты 

адам бар ма Қазақстанда?  

«Бар»  дейді  сарапшылардың 

бір тобы. Ендеше олар кім?



Жәмішев, Жандосов 

және... Құдайбергенов. 

Қайсысы лайықты? 

Оның орнына лайықтылардың 

бейресми  тізімі  де  жасақталып 

қойған.  Жәмішев,  Жандосов 

және... Құдайбергенов. 

Ұлттық  банктің  қателіктерін 

жіліктеп  көрсетіп,  әлеуметтік 

желіде әрдайым бөлісіп отыратын 

бір  адам  болса,  ол  осы  тізімнің 

соңында  тұрған  экономист  –  Ол-

жас Құдайбергенов екен.  

Сол  Құдайбергенов  өзінің 

«фейсбуктегі» 

парақшасында 

«Келімбетов  отставкаға  кет-

се,  экономикалық  қателіктері 

үшін ғана кетпейді, мұның саяси 

себептері де бар» деген болатын.



Сонымен...

«Келімбетов 

қыркүйекте 

кетеді»  деген  сыбыс  бар-тын. 

Қыркүйек  өтіп  кетті.  Келімбетов 

әлі отыр. Қазан  аяқталып қалды. 

Халыққа оның отставкаға кеткені 

өз  алдына,  орнына  кім  келері 

қызықты.  Жаңа  төраға  Ұлттық 

банктің 


өңін 

қаншалықты 

өзгертеді,  ақша-несиелік  саясат 

жүргізуде  қаншалықты  тәуелсіз 

болады?  Және  ең  басты  сауал  – 

банкке  деген  халықтың  сенімін 

қалай және қайтіп қайтарады? 

Тағы да сол Құдайбергеновтың 

айтуынша, 

кетсе 


жалғыз 

Келімбетов  емес,  мұның  бәріне 

тікелей  және  жанама  қатысы  бар 

басқалары  да  орнын  босатқаны 

жөн.  Ең  алдымен  өздері  үшін, 

өздерінің имидждері үшін...

Сонымен  Келімбетовтің  ор-

нына  кім  лайық?  Бұған  біз  емес, 

біз сөзге тартқан сарапшылар жа-

уап берсін. 



Оразалы  Сәбденов,  акаде-

мик, экономист: 

Жандосов лайықты

–  Біздің  билікте  Келімбетов 

сияқтылар  өте  көп.  Сондықтан 

ертең  Келімбетов  кетсе,  «Ұлттық 

банктің  ұяты  оянып,  халықтың 

жағдайын  ойлауға  көшеді»  де-

ген  сөз  ақымақшылық.  Былайша 

айтқанда,  бір  Келімбетов  кет-

се,  оның  орнына  дәл  сол  сияқты 

екіншісі келеді. Сіз бұдан «жағдай 

түзеледі, өмір жақсарады» деп ой-

лайсыз ба? Жоқ.

Иә,  Ұлттық  банктің  төрағасы 

орнын  босатып  жатса,  ол  заңды 

болар  еді.  Себебі,  Келімбетов 

ең  алдымен  азамат  ретінде 

күресе алмады. Ұстанымы, пікірі 

тұрақсыз  болды...  Ендігі  жерде 

бұл да маңызды емес, бірақ. Өтті, 

кетті. Айтылды, жазылды.  

Келімбетовтің  орнына  кім 

лайық?  Әншейін  босаған  орынға 

қонжия  салмайтын,  білегін  түре 

сала  іске  кірісетін  азамат  керек. 

Бұл да айтылып жүрген ой. 

Бірақ 


ол 

кім 


болады? 

Кейбір 


сарапшылар 

Олжас 


Құдайбергеновті  назарға  алып-

ты.  Шыны  керек,  білікті  маман 

болғанымен мұндай қызмет үшін 

тәжірибесі әлі де аз деп ойлаймын.  

Жастау... Сосын мұндай қызметке 

отыру  үшін  әншейін  білікті  эко-

номист болу аздық етеді. Ұлттық 

банктің  орынтағына  Үкіметтің 

өзіне, 

депутаттардың 



сөзіне 

қарсы  шығатын  (әрине,  дәйекті 

және  орынды  түрде),  мінезді, 

тәжірибесі  бар,  орысша  айтқанда 

«мощная  политическая  фигура  – 

тяжеловес» қажет. 

  Жоқ,  үміттенбеңіз.  Қазіргі 

биліктің  арасында  мұндай  адам 

жоқ, бар болса да кәсібі келмейді. 

Сырттан  іздеу  керек.  Ол  кім? 

Ол  –  Ораз  Жандосов.  Жақын 

араласқанбыз,  табанының  бүрі 

бар. Меніңше Ораз  Олжас сияқты 

жас та болса талапты мамандарды 

жанына топтастырар еді. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал