Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес å Ġ Ī ĕĝĔ Ė įı ěĖğ ĝĒ ĝē 97 ÎÌ 4



жүктеу 2.34 Mb.

бет1/27
Дата09.09.2017
өлшемі2.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Астана 2013

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы 

Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 

Абдрахманов Сауытбек

Атабаев Қамбарбек 

Аяған Бүркітбай 

Әбжанов Хангелді

Әбусейітова Меруерт 

Әжіғали Серік 

Әлімбай Нұрсан

Байпақов Карл 

Байтанаев Бауыржан

Балықбаев Тахир 

Дүйсембаев Еркін 

Есім Ғарифолла

Жақып Бауыржан

Жұмағалиев Асқар 

Жұмағұлов Бақытжан

Қасқабасов Сейіт

Қозыбаев Ілияс 

Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай

Мұхамадиұлы Арыстанбек

Мыңбай Дархан 

Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара

Самашев Зейнолла

Сұлтанов Қуаныш

Тұяқбаев Қанат 

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС 


å Ġ Ī ĕĝĔ Ė įı ěĖğ ĝĒ ĝē

97

ÎÌ



4

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-44

Б 12

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)

Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., 

Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., 

Қосан С., Мамыраев Б.Б.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:

Әлбеков Т. (жауапты редактор), Алпысбаева Қ., Ақыш Н.,  

Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С., Салтақова Ж.

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:

Әлбеков Т., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы)



Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.

      Т. 97: Ауызекі әңгімелер.—440 бет. 

ISBN 978-601-302-044-0

«Бабалар сөзі» сериясының 97-томына ел арасынан жиналған қу-

лардың әңгімесі, аңшылар, ұрылар, тарихи тұлғалар туралы және түрлі 

тақырыптағы ауызекі әңгімелер енді. 

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-44

ISBN 978-601-302-044-0 (т. 97) 

© Әдебиет және өнер институты, 2013 

ISBN 9965-619-60-3  

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013



4

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде-

ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көре тін 

«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми ба сылымын 

әзірлеуді одан әрі жалғастырады. 

Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан алты 

томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді 

бөлігі болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге, 

шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлеңдер, жұмбақтар 

мен мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер, ауызекі әңгімелер 

т.б. жанрларға арналды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық 

дастандардың»—он үш, «Діни дастандардың»—жеті, «Ға-

шықтық дастандардың»—он бір, «Тарихи жырлардың»—он 

бір, «Батырлар жырының»—жиырма, «Мақал-мәтел дердің»—

бес, «Қара өлеңнің»—екі, «Шежірелік жыр-аңыздардың»—

үш, «Ертегілердің»—бес томы, «Тарихи аңыздардың»—

төрт томы, «Ғұрыптық фольклордың»—екі томы, «Ауызекі 

әңгімелердің», «Жұмбақтардың», «Балалар фольклорының», 

«Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольклорының», 

«Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың», «Аңыздық ше-

жі 


релердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік және мы 

сал-


дардың», «Магиялық фольклордың», «Түс жору және ырым-

дардың», «Хикаяттардың»—бір-бір томы баспаға дайында лып, 

басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы 

қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольк-

лорлық мұралары қамтылды. 


6

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

«Бабалар сөзі» сериясының 96, 97-томдарында қамтылған 

ауызекі әңгімелер бірен-саран жинақтарда, жекелеген басы-

лымдарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көргенмен, 

негізгі бөлігі бүгінгі күнге дейін ғылыми басылым ретінде 

толық жүйеленіп, арнайы жарияланған емес. Сондықтан том-

дарды баспаға дайындау барысында жинақталған мәтіндер 

ішкі жанрларға жүйеленіп, алғашқы томға «Тарихи ауызекі 

әңгімелер» (96-том) топтастырылып, Қарағандының көмір-кен 

орындарының тарихына, қазақ кеншілерінің қалыптасуына 

қатысты халық туындылары, сондай-ақ 1916 жылғы ұлт-

азаттық көтеріліске белсенді түрде қатысқан, ауыр зұлматты 

басынан кешірген адамдардың әңгімелері, Абай және оның 

айналасын, Ақан сері, Балуан Шолақ, Қажымұқан т.б. өмірін, 

халыққа жасаған қайырымды істерін баяндайтын әңгімелер 

қамтылды. 

Қалың оқырмандар мен ғылыми ортаға ұсынылып отырған 

97-томға қай замандарда да тыңдармандарын бірден еліктіріп 

кететін, құлаққа жағымды, қызықты, көңілге ой салып, уақыт 

өткен сайын жаңғырып, жаңа үлгілермен молығып отыратын 

«Новеллалық ауызекі әңгімелер» топтастырылды. 

Новеллалық әңгімелерге негізінен жекелеген адамдардың 

болмыс-бітіміне, тұрмыс-тіршілігіне, кәсіп-мамандығына, көз-

қарас-ұстанымына қатысты туындылар жатады. Мысалы, бағзы 

замандарда да, тіпті бүгінгі күннің өзінде қиыннан қисын та-

бар, ой-қиялы жүйрік қуақы, қу тілді, тапқыр, ділмар адамдар 

көптеп кездеседі. Ұрпақтан ұрпаққа тарап, қазақ қоғамының әр 

кезеңдерінде бой көрсететін түрлі адамдардың саналуан мінез-

құлықтары, ерекше қасиеттері, болмыс-бітімдері, іс-әрекеттері 

Қулардың жиынтық бейнесі ретінде көрініс береді. Қуларға, 

тапқырларға, шешендерге қатысты ауызекі әңгімелер көбінесе 

жиын-тойларда, бас қосуларда, қонақ-кәде үстінде тыңдар-

ман қауымның көңіл-күйін көтеру үшін, болмаса дүниеқор, 

пасық үй иелерін, немесе қарсы адамдардың, билік иелерінің 

қайырымсыздығын, әділетсіздігін, үстемдігін тікелей сынап, 

бетіне басу мақсатында арнайы дайындықсыз, табан астында 

туындап отырған. Айырықша ескере кететін жайт—мұндай 



6

7

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН



әңгімелер орнымен, жүйелі түрде, халықтың қалжыңдасу дәс-

түрімен, қысқа мазмұнда айтылатындықтан, тыңдарман жады-

на жылдам жатталып, ел арасына тез таралған. 

Өзге жұрттар сияқты қазақ халқында да мергендік, аңшы-

лық, құсбегілік, саяткерлік туралы, тұрмысқа, ұрлық-қар-

лыққа т.б. байланысты новеллалық әңгімелер мол сақталған. 

Олардың көпшілігі қызықты оқиғалар желісіне құрылып, 

тыңдаушыны таңдандырып, өзіне еріксіз тартып отырған. 

Әсіресе саяткерлік әңгімелерде қиялға беріліп, әсірелей, асы-

ра айту үрдісі белең алған. Ал тұрмыстық әңгімелерде кәсіп-

мамандық, тарихи жағдайлар, жеке адамдардың басынан 

өткен ауыр жайттар, қилы-қилы тағдырлары баяндалады. 

Топтаманың 97-томының құрылымы «Қулардың әңгімесі», 

«Аңшылар әңгімесі», «Ұрылар туралы әңгімелер» және «Түрлі 

тақырыптағы әңгімелер» атты тақырыптарға жүйеленіп, 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Қолжазба қорында сақталған Е.Құлпейісов, Ғ.Дүйсеков, 

Ш.Дүйсекеев, К.Рахманов, М.Мәжікеев, Қ.Тұңғышбаев, 

Б.Жүнісов, Қ.Қарпықбаев, С.Қатиполлаұлы, Е.Құлпейісов, 

Ғ.Себепов, Ғ.Әбілқасов, А.Ережепқызы, А.Балтабаев, 

Б.Ман 

сұрқожақызы, Ф.Ғатауов, З.Сәрсенбеков, Ә.Тәжиев, 



Ә.Тәңірбергенов, О.Сепешов, М.Баймұханұлы, К.Рахманов, 

С.Зауырбекова, Т. Жексенбаева, І.Әбдуов, Қ. Дүйсенбеков, 

С.Ботабаев, Ж.Тынышбайұлы, Е.Зайров, Ж.Мәдиев, Ә.Нәсіл-

беков, Ә.Ыбырайұлы, Ы.Ермекбаев, С.Төлепов, М.Шол 

тыр-

ұлы сияқты жинаушылардың материалдары, Қ.Саттаров, 



М.Тілеужанов, Н.Төреқұлов, Е.Тұрсынов, Б.Рақымов секілді 

зерттеуші-ғалымдарының халық арасынан жазып алған 

қолжазба мұралары қамтылды. Сондай-ақ «Торғай таңы», 

«Ленин туы», «Ертіс нұры», «Арқалық таңы», «Еңбек туы» 

«Ұран» сынды аудандық-облыстық газеттерде, «Күлдіргілер» 

(Шыңжаң, 2011) тәрізді жинақта жарияланған мәтіндер пайда-

ланылды. 

Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә-

тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік сан-

мен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген 



8

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар және басы-

лымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми 

түсініктеме, сөздік, жер-су, ру атаулары, мәтіндерде кездесе-

тін тарихи тұлғалар туралы деректер, пайдаланылған әдебиет-

тер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған 

түйіндері құрайды.

Томның жалпы көлемі—27,5 б.т.


8

Қулардың әңгімесі

12

12

1. «ЖҮРІП КЕТСЕҢІЗ...»

Сәлмен бай Құлақайды Бекен дейтін шалдан бір атым на-

сыбай сұрап келуге жібереді. Құлақай байдың әмірін орындап 

оралғанда:

—Әй, қу, сөзге келгенде алдыңа жан салмайсың,—деп 

ренжи ді бай,—ал іске келгенде түк білмейсің.

—Ау, не боп қалды, байеке?

—Бір нәрсеге жұмсаған соң, екіншісін өзің-ақ білмес пе едің. 

Темекі неге әкелмедің?—деп жекіреді ғой баяғы.

Бір күні бай қатты науқастанып қалып, Құлақайды молда-

ға жұмсаса, молдамен бірге тағы екі адамды ертіп келіпті. Олар 

есіктен бастарын сұғар-сұқпастан:

—Әй, мыналарың кім тағы?—деп тыжырынады бай.

—Байеке, анада өзіңіз айтпап па едіңіз, бір нәрсеге жұм-

сағанда екі бірдей іс бітіріп қайту керек деп. Сол өсиетіңізді бұл 

жолы бұлжытпай орындадым. «Сақтықта қорлық жоқ» деген 

ғой, қапелімде о дүниеге жүріп кетсеңіз, қабір қазушыға қайта 

барып жүрмейін дедім,—депті Құлақай.



2. ҚАЗАН СЫНАДЫ

Бір күні кешқұрым апақ-сапақ уақытта Құлақай бір бай-

дың үйіне кіріп келеді. Бәйбіше қайнатып болып, бықтыруға 

Құлақай қу



14

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

қойған ірімшікті күзетіп көзін бір ашып, бір жұмып отыр екен. 

Құлақай ірімшікті қазанымен ала жөнеледі. Бәйбіше шошып 

кетіп аттан салады, ауылды басына көтереді.

Құлақайдың соңына түскен қуғыншыға:

—Ей, кейін қайт, қазан сынады,—дейді. Қуғыншы қал-

майды. Құлақай ірімшікті еңсере жеп, қазанды тасқа ұрып быт-

шыт қып:

—Қазан сынады дедім ғой, ақымақ!—деп жайына кетеді.

 

3. ҚАЙРАН САРЫ МАЙ

Баяғыда Құлақай деген кісі өте қу екен. Сол қу қаланы ара-

лап жүріп, сары май сатып тұрған дүкенге келеді де, саудагер-

ден:


—Бұл не?—деп сұрайды.

—Сары май.

—Е, сары май?—деп Құлақай майдан бір асайды. Әні-міне 

дегенше: 

—Сары май, сен мені таныдың ба?—деп тағы бір асайды.

Саудагер ашуланып, ұрсып, май ыдысын ары алып қояды. 

Сонда Қулақай:

—Сары май, кеттім-ау, саған жарымай!—деп дүкеннен шы-

ғып жүре беріпті.

4. ТӘБӘРІГІМ ТАРҒЫЛ ӨГІЗ

Әкесі Қарабатыр дүние салған соң шешесі Құлақайға: 

—Елді арбап, алдағаныңды қой. Өстіп жүріп бір күні 

байлардың қолынан өлесің,—деп жалынады. 

—Қоямын, енді ешкімді алдамаймын,—деп анасының кө-

ңілін жыққысы келмеген Құлақай еріксіз уәде береді. 



14

15

ҚУЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ



—Қарағым, менің ақылыма көнсең, Боқбасар бидің 

ақы лын ал! Өзім ертіп апарайын,—деп анасы сол кездегі 

қалың қауымның сыйлысы болған ел ағасын ауызға ала-

ды. 


—Жарайды,—деп Құлекең оған да көнеді.

—Оның батасын алу үшін бір мал табу керек,—дейді ана-

сы.

—Жарайды, жол-жөнекей бірдеңе табылар,—дейді Құла-



қай. 

—Қарағым-ау, әлгінде қойдым дегенің қайда? Тағы біреуді 

алдап алғың келіп тұр ма?

—Ал, алдамайын, бір жақсы ат таба қойыңызшы.

—Оны қайдан табамын, жарығым-ау!

—Онда менің жолыма көлденең тұрмаңыз. Жүріңіз, кеттік.

—Қайда?

—Бата алуға.



Құлақай анасын ертіп, бидің аулына келе жатса, жол 

жиегінде бір табын сиыр жусап жатыр екен.

—Мынау Боқбасардың сиыры ғой. Анау тарғыл өгізді 

ұста,—дейді Құлақай қасына еріп жүрген інісі Бәйдекке.

—Қой, қарағым, танып қойса, ұят емес пе? Өз малын өзіне 

апарғанымыз,—дейді анасы. 

—Жоқ, шеше, мен ес білгелі мен өз малын өзі таныған бай 

көргем жоқ. 

Бұлар кеш бата тарғыл өгізді жетектеп, бидің үйіне келеді. 

Би: 


—Мына зәлім қайдан келіп еді, бір пәле шығармаса игі еді,- 

—деп, Құлақайды қой сойып, қонақ қылады. Ет желініп бол-

ған соң, Құлақай биден бата сұрайды. Би есік жаққа жал тақ тай 

қарап, бірдеңе дәметкендей болады. 

—Жасаңыз, жасаңыз, биеке, тәбәрігіңіз дайын,—дейді 

Құлақай. Сөйтеді де Бәйдекке «бар, алып кел» дегендей 

ым қағады. Бәйдек өгізді жетелеп әкеп, есіктен басын 

көрсетеді. 



16

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

—Міне, биеке, тәбәрігім—тарғыл өгіз,—деп Құлақай қо лын 

жаяды. 


—Е, бәсе,—деп би жымың-жымың қағады,—бұл қу тағы 

алдап соққалы отыр ма деп ем. 

Ол «бісімилла, раббим» деп батасын шұбыртып жасай бас-

тады. Бата бітіп, бет сипасқан кезде бидің ортаншы ұлы Оспан 

тұрып: 

Мынау өзі біздің өгізден аумайды екен,—десе керек. 



—Ә, солай ма,—дейді Құлақай қуланып,—ол да біреудің 

тәбәрікке бергені шығар. 

—Иә, иә, тәбәрікке келген. Әумин, игілікке ұстасын,—деп 

Боқбасар би сақалын сипапты. 

 

5. ҚҰДАЙ ДА ҚАЛЖЫҢДЫ 

ТҮСІНБЕЙДІ ЕКЕН-АУ

Жолдастарына еріп аң аулауға шыққан Құлақай бір 

кезең нің астында қызыл шеке болып сүзісіп жатқан екі 

арқардың құлжасын көре қойып, қасындағыларға «тоқ-

таңдар» деп ым қақты. Олар тасада тұрып, арқардың сүзіс-

кенін көпке дейін тамашалады. Сүзісе, сүзісе әбден діңкесі 

қатқан қос құлжа бір-бірімен текеше тіресіп, ақыры сілейіп 

тұрып қалды. 

Кенет адамның сыбдырын сезіп қойған арқарлар зыта 

жөнелмек болғанда арбиған мүйіздері айқасып қалып, бірін-

бірі сүйрей қашты. Сол-ақ екен Құлақай тобы тұра қап қуды. 

Қос құлжа бірін-бірі кимелей, сүйрей-сүйрей келіп қарсы ал-

дында тұрған шоқпар тасқа екпінімен кеп соғылады. Сол арада 

біреуі омақаса құлады да, мойыны астына қайырылып, жатқан 

орнынан тұра алмай қалды. 

Салып ұрып жетіп келіп, аттан қарғып түскен Құлақай 

бәкісін қалтасынан суырып алып: 


16

17

ҚУЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ



—Құдай осыны да бердім дер ме екен,—деп түрегеп тұр-

ған арқардың жонын сипап кеп қалды. Жіпсіз байланып, 

қысты ғып тұрған құлжа қатты шошынып, шоршып түскен-

де мүйіз дері бір-бірінен ажырасып-ақ кеткені. Екі арқар екі 

жаққа зыта-зыта жөнеледі. Жігіттер сандарын соғып, дәт деп 

қалды.


—Түу, бұл Құдай да қалжыңды түсінбейді екен-ау!—деп 

мырс етіп. 



6. ПЕРІШТЕЛЕРІМЕ АЙТАЙЫН

Құлақай сексен бір жасқа келіп, о дүниеге аттанар шағында 

бәйбішесі Дәріжан: 

—Құдай қосқан қосағым едің, мені қалай қиып тастап 

кетесің,—деп шалын құшақтап алып, еңіреп жылайды. Сонда 

талаурап жатқан Құлекең көзін ашып алып: 

—Бәйбіше, жылама, жас қалып бара жатқан жоқсың ғой,—

дейді. 


—Бұл Құдай сені алғанша, мені неге алмайды. Тастамай 

бірге ала кетші,—деп одан әрі егіледі Дәріжан бәйбіше. 

—Ей,—дейді Құлақай басын жастықтан жұлып алып,—

жылама. Мен қазір періштелеріме айтайын, егер екі ат 

әкелсе, тастамаймын. Ал бір ат әкелсе, мінгесіп жүре ал-

маймыз ғой,—депті өлім аузында жатса да қулана сөйлеп. 

Сол сәт ағыл-тегіл жылап отырған бәйбішесі мырс етіп күліп 

жібереді. 



7. БҰЛҒАҚ ТЕНТЕК АТАНҒАН СЕБЕБІ

Той-думанда біреулерге тілі тиіп, біреулермен төбелесіп, 

астындағы жалғыз атын айыпқа тартып, жүре береді екен. Ол 

ешкімнен қорқып, қаймықпайды. Өйткені болыс, бидің, стар-

2-0242


18

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

шиналардың тізесі батқан. Жуан таптарға қаны қас. Өзі—

қарақасқа кедей. 

Бір күні Бұлғақтың Сары деген кәрі әкесі қайтыс болыпты. 

Елге хабар айтар кісісі жоқ және бұл кедейге кім келеді. Жаз-

дың күні, ел жайлауда. Бұлғақ қолына сойылын алып, әр ауыл-

дың тұсынан «аттан, аттан, жау шапты, әкетті» деп, әр ауыл-

дың жанынан шауып өтеді. Ол уақ жауынгершілік уақыт. Ел 

аттанып, қолдарына сойыл алып, жиналып, «қайда-қайда лап», 

Бұлғақ: 

—Мұнда, былай кетті,—деп шауып келеді, ел соңынан 

қаптап келеді. Біраз уақыт шапқаннан кейін «жау мұнда» деп 

өзінің аулына, өз үйіне әкеп тоқтады да: 

—Ойбай, жау менің әкемді әкетті. Сендер бір жылқыны жау 

әкетсе, аттандап шабасыңдар, менің әкем бір бас мал құрлы 

жоқ па?—депті. 

Біреулері: 

—Әкеңді кім әкетті?—дегенде,

—Құдайдың өзі әкетті,—депті.

—Ей, мынау неткен сұмдық?! Кісі өлімін «жау шаптылап» 

хабарлап, намазға деп шақырушы еді. Елді бекерге үрейлен-

діріп, әбігер қылғаның не, осынша?—деп тарамақ болған 

жұртқа, бір ақсақал елді тоқтатып: 

—Ау, халайық, бұл Бұлғақ тентекті бәрің де білесіңдер. 

Бұл «менің әкем өлді» деп елге өзі барып хабарлауға бола ма? 

Елге барып хабарлағанда, бұның тілін кім алады? Бұл тентек 

тапқырлығымен, өжеттігімен «аттандап» қанша халықты жи-

на ды. Ал, осы жиналған жұрт, мына өлген қарт өліктің құрметі 

үшін елдік етіп, ортадан қаржы жинап, өлікті қоялық. Сауабы 

тиер. Ертең бәріміздің де басымызға келер уақиға ғой,—деп 

ха лықты көндіріп, тоқтатады. Әлді үйлер бір-бір тоқтыдан бе-

ріп, жалпы көпшілік тиын-тебендеп қаржы жинап, Бұлғақ тың 

басындағы ауыртпалықты көтеріп, әкесін жақсылап қойып 

қайтады.


18

19

ҚУЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ



8. БҰЛҒАҚ ТЕНТЕК ПЕН ҚАМБАР ТӨРЕ

Қамбар төре аңнан қайтып келе жатса, астында шабан торы-

сы бар, бір адам келе жатыр. Ол—Бұлғақ деген тентек еді. Ол 

келіп Қамбар төреге сәлем береді. Екеуі амандасып болған соң 

Қамбар:

—Кімсің?—деді.



—Бұлғақпын. 

—Қайда барасың?

—Қамбар төреге барамын.

—Не жұмыспен?

—Мырза деп естідім, ат мініп, шапан киіп қайтайын деп 

келемін. 

—Қамбар ат, шапан бермесе, қайтер едің?

—Берсе де енесін ұрайын, бермесе де енесін ұрайын,—де-

ді.

—Жарайды, Қамбардың ауылы—анау, бара беріңіз,—деп, 



өзі бұрылып кетіп, басқа жақпен үйіне келіп, аңшылық киімін 

тастап, хан киімін киіп алады. 

Ертеңіне Бұлғақты алдырып, көрмеген кісідей жөн сұрап:

—Не жұмыспен келдің?—деді.

—Қамбар деген атағыңызды естіп, сәлем беріп, ат мініп, ша-

пан киіп қайтайын деп келдім. 

—Ат мінгізіп, шапан кигізсем, қайтер едің, бермесем, қай-

тер едің,—деді.

Бұлғақ: 

—Берсең де кешегім, бермесең де кешегім,—деген екен. 

Сонда Қамбар:

—Шын батыр, ер екенсің,—деп ат-шапан беріп қай 

та-

рыпты. 


 

20

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР



9. БҰЛҒАҚ ТЕНТЕКТІҢ ӨКІНІШІ

Бұлғақ шәлкем-шалыс мінезді жан болған. Оған «тентек» 

деген қосымша атты жұрт ерке де қиқар қылығын қызық көріп 

қана емес, тапқырлығы мен тура іске тоқтамдылығына риза бо-

лып қойған екен. 

Бұлғақ тентек ас пен тойды ешқашан төбелессіз таратпа-

ған екен. Салтанатты той-думанды бай шонжарлар жасайты-

ны белгілі. Ал Бұлғақтың оларға қаны қас жаралған, олардың 

салтанат-сайранын ойрандап кету Бұлғақ үшін үлкен рахат. 

Мейлі шақырсын, шақырмасын сол ауыл жер түбінде болса да, 

жететін көрінеді. 

Аттан түсіп, алты таспа бұзау тіс қамшысын сүйретіп, ақ 

ордаға қарай қойқаңдай бет алған Бұлғақтың алдынан байдың 

жағымпаздары тап сағынысып көріскендей қарсы алған.

—Уа, Бұлғақ, қайырлы қадам, ақ сапар болсын...

—Уа, тентек, ортамыз өзіңмен толсын...

—Армысыңдар, абзал ағайындар. Айтқандарың келсін...—

деп әу баста Бұлғақ та көлгірсіп жауап берген.

Бұлғақ төбелестерде ылғи жеңіске жете бермейді. Туысы 

көптермен төбелес бастағанда сабалып та жүреді. Думанды 

тойды төбелеске айналдырғаны үшін ат-шапан айып та тар-

тады. Өстіп Бұлғақтың қамшысының ұшынан қан тамып 

тұрған шағында атақты бір бай қызын ұзататын ұлы дүбір 

той жасамақшы болады. Бай той жасамас бұрын ат шап-

тырып, Бұлғақты шақыртады. Байдың қалайша қастерлей 

қалғанына қайран қалған ол, атына мініп, оның аулына 

келеді. Ақ ордадан ата қаздай алшаң басып байекеңнің өзі 

шығады. 


—Уа, ассалаумағалейкүм, тентек. 

Шылбырына оралып атын байлайды. Байдың жалпақ-

тауы нан қалай да бір жалынышы барын байқаған Бұлғақ ар-

зандамай, асқақтай түседі. Дырау қамшысын сүйрете ұстап, 

үйге қарай маңғаз аяңдайды. Бай оны өз үйіне кіргізіп, төріне 


20

21

ҚУЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ



төрт қабат көрпе төсеп отырғызады. Бұлғақтың алдына сары 

қымызын сапырып, бағлан қозының басын тартып, асты-үсті не 

түседі. Сый-құрметін жасап болған соң: 

—Құрметтім, сенен сұрайтын бір тілегім бар,—дейді бай.

—Менен қазына қалап, мал сұрамайтын шығарсың. Мәні 

қалай екен айтқын,—дейді Бұлғақ. 

—Айтсам, жалғыз баламды құтты орнына қондырар той 

жасамақшы едім. Саған тілегім—осы тойды ұрыс-жанжалсыз 

тарат, жарқыным!

—Жоқ, болмайды. Бұл тілегіңді орындай алмаймын,—деп 

Бұлғақ біржола бас тартады. 

—Тәңірім-ау, неге, неге... Неге орындалмайды? Орындаған-

да нең кетеді,—деп бай бәйек болады. 

—Неге «нем» кетпейді? Сен қызыңды ұзатады екен деп, мен 

еркімнен айырылмақшымын ба? Менің еркім «әйт» десең өріп, 

«шәйт» десең жататын сенің қоралы қойың емес. Өзіме-өзім ие 

болам деп айта алмаймын. Өзі келіп тиіссе де, үндемеуім керек 

қой. 


—Саған кім тиісуші еді?—деп бай қанша қақсаса да: 

—Айттым, бітті. Мені қинама,—дейді.

Бұлғақты тамағымен-ақ табындырып аламын деген байдың 

амалы құрып ақыры:

—Тойымды аман-есен, у-шусыз өткізсең, астыңа ат мінгі зіп, 

үстіңе шапан кигізейін, көнесің бе?—дегенде Бұлғақ: 

—Көнем,—депті. 

Осылай тоқтамға келген соң төңіректің төрт бұрышын ша-

қырған ұлы дүбір той басталады. Садақ тартқан, қыз қуған, пал-

уан түсіп, ат шапқан, тебен іліп, теңге атқан, жар-жар айтып, 

ән салған алуан-асыр той-думан аптаға созылады. Төбелесті 

жақсы көретін Бұлғақ тентекке талай-талай қанқызды оқиға-

лар тап болып, «сап-сап көңіліме» салып әзер шыдайды. Ақы-

ры той да аяқталады. Бұлғақ байға келіп: 

—Айтқанымды орындадым. Тойың аман-есен аяқталды. Ал 

ат-шапанымды әкел,—дейді. 



22

АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР

Сонда анау: 

—Әй, Бұлғақ, сен той сайын төбелес шығарып, ат-шапан 

айып тартып жүретін Бұлғақ емес пе едің? Осы жолы ондай 

шығыннан аман қалдың. Білсең, менің берген ат-шапаным осы 

емес пе?—дегенде, тура сөзге тоқтамды ер Тентек: 

—Әттегене, кеңірдек келіп еді. Арамза неме алдап соқты-

ау,—деп санын бір салып жүріп кеткен екен.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал