Ұшқан Жүрсін Молдашұлы қазақтың көнеден тамы р тартқан айтыс өнерінің




Дата09.09.2017
өлшемі41 Kb.

Ұ

лытау десек тіл  ұшына 

алдымен  ұлар  құсы 

келетіні тәрізді, айтысты 

Жүрсін Ермансыз елестете 

алмайтын болдық. Өзіміздің 

жерлес ағамыз,  қасиетіңнен 

айналайын  Ұлытаудан түлеп 

ұшқан Жүрсін Молдашұлы 

қазақтың көнеден тамы р 

тартқан айтыс өнерінің 

өшкенін жандырып, өлгенін 

тірілтіп келе жатқанына да 

бәленбай жылдың жүзі болып 

қалыпты. Айтыстың байрағын 

қолына бекем  ұстаған Жүрсін 

ағамыз әлі тың, айтыс жайлы 

біреу-міреу «бірдеңе» дей 

қалса, жағадан ала түсуге бар. 

Өйтпегенде  қайтсін, Жүрсін 

Ерман айтысты алмағайып 

заманның апанынан тартып 

шығарса, айтыс  Ұлытаудың 

ұланын Алатаудың асқарына 

шығарды емес пе?!. 

Жақында Жүрсін ағамыз 

сол айтыстың шаруасымен 

Қарағандыға ат шалдырған 

екен, жолығысып, тілдесіп 

қалудың сәті түсті. 

— Айтыстың маңында сонау 1983 

жылдан бері жүрміз ғой. Оған да 22 

жыл болып қалыпты. Осы соңғы төрт-

бес жылдың мұғдарында  Қарағанды 

облысында бірнеше айтыс өтті. Мы-

салы, Балқашта Ағыбай батырдың 

200 жылдығына арналған айтысты, 

ауыл жылдарының  құрметіне Жез-

қазғанда өткен «Ауылым — алтын 

бесігім» айтысын айтсақ та жеткі-

клікті.Осы шаруалардың бәрі де облыс 

әкімі Камалтин Мұхамеджановтың 

айтысқа деген оң көзқарасының ар-

қасында жүзеге асты десем, қателес-

песпін. Міне, әкімнің айтысқа деген 

осындай оң көзқарасын пайдаланып 

һәм «Отан» республикалық саяси 

партиясының  қолдауы бар, алды-

мыздағы  ш і л д е  а й ы н ы ң  е к і н ш і 



ж ә н е  ү ш і н ш і  ж ұ л д ы з д а р ы н д а 

Қарағандыда айтыс өткізбекшіміз. 

Облыс әкімінің  қамқор  қолдауы өз 

алдына, айтыстың бас демеушісі — 

«Отан» партиясы төрағасының орын-

басары Амангелді Ермегияев  құрған 

«Жарылғап батыр»  қоғамдық  қоры. 

Айтыстың шартты атауы — «Елбасы 

Жолдауы — халықтың  қолдауы». Бұл 

жыр додасының бір ерекшелігі — ай-

тысқа төрт облыстың ақындары қаты-

сып, команда болып сөз  қағыстыра-

ды, жыр жарыстырады. Атап айтсақ, 

олар Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылор-

да, Ақмола және өзіміздің Қарағанды 

облыстары. Ақындар негізінен, өз 

облыстарындағы жетістіктер мен 

кемшіліктерді жіпке тізумен  қатар, 

жергілікті әкім-қаралардың дәл 

бүгінгі күн тұрғысынан  қарағандағы 

іс-әрекетін, жақсысы мен жаманын 

бүкпесіз айтып, жақсы айтыс жасай-

ды деген үміттеміз. Бір айта кететіні, 

айтыста ақындармен бірге күйші, 

жыршы, термешілер де өнер жарыс-

тырмақ. Бұл айтысты «Қазақстан-1» 

телеарнасынан көрсетеміз. Олар-

мен жасасқан келісім-шартымыз 

бар. 

— Жүлдеге не тігіп отырсыз-

дар? 

— «ГАЗель» маркалы микроав-

тобус. Бұл да оңай емес, бағасы 

удай өзінің. Осыдан бес-алты жыл 

бұрын Алматыда үш облыстың ақын-

дары айтысып, бәйгеге тіккен жал-



кіреді екен? 

— Оны әлі шешкен жоқ-

пыз. Әйтеуір, әдебиет пен 

өнердің айналасындағы  қа-

зақтың жақсысы мен жай-

саңы Астана, Алматыдан 

келеді деп сеніммен айта 

аламын. 


— Командада ақындар 

с а н ы  қ а н ш а д а н  б о л а д ы 

деп шешілді? 

— Әр облыстан бес ақын-

нан. Шынын айтқанда, ақын-

дар санын  Қарағанды облы-

сының  қамын ойлап шектеп 

отырмыз. Неге десеңіз, соң-

ғы жылдары  Қарағандыда 

айтысатын ақын азайып ба-

рады. Додаға шыдас берер-

лері саусақпен санарлықтай. 

Ұлытаудан Мұқаш Сейіт-

ғыз «Волга»  қарағандылықтарға 

бұйырған болатын. Соның арты жақ-

сы болмай, газетте сөз болып, біраз 

әңгімеге ұласқан. Сондықтан, ақын-

дар «қырқыспасын» деп, бәріне ор-

тақ көлік тігіп отырмыз. 

—  Қазір айтыстың маңындағы 

шайырлар «ұрттап ішіп, шайқап 

төгетін» болды. Ішіндегі сорпа 

б е т і н е  ш ы қ қ а н д а р ы «Ортақ 

өгізден оңаша бұзау артық» де-

г е н г е  с а л ы п ,  а й т ы с қ а  к е л м е й 

қалуы мүмкін деген күдік жоқ па? 

— Олай бола  қоймас. Неге 

десеңіз, жаңағы микроавтобустан 

басқа да жекелеген жүлделеріміз 

жеткілікті. Мәселен, Ерік Асқаров 

атындағы, Оразалы Досбосынов 

атындағы, т.б. жүлделер болады. 

Ешкімді де  құралақан  қалдырмай-

мыз. 

—  Қазылар алқасына кімдер 

қазинов бар еді, соңғы жылдары 

белгілі де белгісіз себептермен ай-

тысқа шығуды қойды, тіпті, көрінбей 

кетті. Осы келгенімде Рымбала 

Омарбековаға (облыстық мәдениет 

департаментінің директоры. -Қ.Ә.) 

сол кісіге көз қырын салып, шақыр-

тып алсаңыздаршы деген тілек айт-

тым. Мақсат Ақанов деген талапты 

жігіт бар. «Сары тентек»  Қуаныш 

Мақсұтов боса болмаса. Тілеген 

Әділов деген ақын да соңғы кездері 

көзге түсіп, ауызға іліге бастады. 

2001 жылы 9 сыныпта оқитын 

Білімбек деген талантты бала жарқ 

етіп көрініп еді,  қазір сол жоғалды. 

Соны тауып алу керек. Кезінде тап-

тамаша айтысқан Айгүл Түсіпбекова 

деген қыз бала да айтыстың ауылы-

нан алыстап кетті. Осылардың бәрі 

жиналып, елдің намысын  қорғайды 

дегенге сенгім келеді. 

— Соңғы жылдары айтыстың 

беделі мен деңгейі түсіп кеткен 

жоқ па? 

— Жоқ. Бұл өзі  қазақтың төл-

құжаты іспеттес өнер ғой. Тек,  қазір 

дүниенің бәрі қымбаттап кетті. Айтыс 

өткізуге сарай жалдасаң, 400-500 

мың теңге сұрайды. Ашығын айтсақ, 

айтыс біздің  Қарағанды облысында 

ақсап жатыр. Мына Шымкентте Са-

парбаев әкім болып тұрғанында ай-

тыс ақындарының мектебін ашып 

берді.  Қазір сонда 30 бала оқып жа-

тыр. Анау Өскеменде Әбдіжаппаров 

деген ректор Павлодардан белгілі 

айтыс ақыны Серік Құсанбаевты ал-

дырып, ол да ақындар мектебін 

ашты. Ал біздегілердің сайда саны, 

құмда ізі жоқ. 

— Айтыс  қай жерде өтеді, би-

лет бағасы  қанша болмақ? 

— Әзірше Сәкен атындағы театр 

деп отырмыз. Ал билеттің бағасын 

әлі бекіткен жоқпыз. Айтысқа дейін 

біраз уақыт бар, қосымша хабарлай-

мыз ғой. 



— Аға, елге  с и р е к  к е л е с і з , 

қазір өзіңіз  қайда жүрсіз? 

— Алматыда тұрып жатырмын. 

Құдайға шүкір, отбасы, бала-шаға 

дін аман.  Қызметімнің атауы тым 

ұзын, егер жаңылыспасам айтып 

көрейін: Гумилев атындағы Еуразия 

университетінің ғылыми зерттеу ор-

талығындағы айтыс ақындарының 

мұрасын зерттеу лабораториясы-

ның ғылыми  қызметкерімін. Айтыс 

бар, тірлік дейтін тартыс бар. Бір 

сөзбен айтқанда, жұмыс бастан аса-

ды, сирек келетін себебімнің бірі 

осы. 


— Әңгімеңізге рахмет, аға! Ай-

т ы с т ы ң  ш а ш б а у ы н  ш а р ш а м а й 

көтеріп жүрген еңбегіңіздің же-

місі  ұзағынан сүйіндірсін. 

Р.S. Жүрсін аға Ерман айтса 

айтқандай, шайырларымыздың 

жыр додасында бауыр жазып ша-

барына сене алмай, бізде  қыпы-

лықтап отырмыз. Баяғыда айты-

сқа Аманжол бастап, 

Қуаныш 

қоштап, 

Қойлыбайы бар, тағы 

басқасы бар, кәдімгідей жалауы-

мыз желбіреп барушы ек, бүгінгі 

күнімізді «итке берсін». Аманжол 

Астанаға  қоныс тепті, «Сары тен-

тек» сыртқа ғана шығып,  Қойлы-

бай айтысты  қойды деп жүр біле-

тіндер. Ендігі үміт тек жастарда 

сияқты. Бірді-екілі болмаса, 

Тілеген (Әділов) топ жарыпты, 

Айтбай (Жұмағұлов) бәйгі алыпты 

дегенді жиі ести  қойған жоқпыз. 

Жас пері Мақсаттың (Ақанов) 

біраз айтыста маңдайы жарқы-

рап,  қара үзгені бар. Алайда, жа-

лғыз шауып не тындырары бел-

гісіз. Бұл — бірдің сүрінгені топқа 

сор боп тиюі мүмкін командалық 

айтыс  қой. Біздегі бар  қауіп, мас-

қара  қылғанда өз тер, өз жері-

мізде, елдің кезінше айтыстың 

жутынып келген «жайындарына» 

жутылып кетіп жүрмесек деңіз. 

Неге десеңіз, Шымкент жақтан 

Ақмарал, Бекарыс, 

Қызылорда-

дан Әбілқайыр, Мухтар, мына 

турған Астанадан Аманжол баста-

ған Балғымбек, Дәулеткерей 

сынды «ертеден салса кешке оз-

ған» шын жүйрік шайырлар ке-

леді-дүр дейді біздің шаһарға. 

Дегенмен, айтыстың айдынында 

кейіндері желкен керген оғлан-

дар Тілеген, Айтбай һәм Мақсат 

облыстың намысын  қолдан бере 

қоймас деген дәмеміз де зор. 

Қайрат ӘБІЛДИНОВ. 

Суретті түсірген 



Ж.ИМАНӘЛІҰЛЫ. 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 маусым. - 5 б. 



Орайы келген әңгіме 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал