Шалқыма – шалқар шабыт жемісі (Қанеш Қанафиннің шығармашылығынан) Амандықов О



жүктеу 49.4 Kb.

Дата02.03.2017
өлшемі49.4 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



ШАЛҚЫМА – ШАЛҚАР ШАБЫТ ЖЕМІСІ  

(Қанеш Қанафиннің шығармашылығынан) 

 

Амандықов О.  

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Л.А.Серғазы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы  

 

Осыдан  5  жыл  бұрын  жерлес  қаламгер  Қанеш  Қанафиннің  табиғат 



жайында жазылған  туындыларын зерттеп, ғылыми жұмыстарыма ӛзек еткен 

болатынмын.Ағайдың  туған  табиғат  туралы  жазған  шығармаларын  іздеп, 

осыдан 30 жыл бұрынғы қаламгердің жеке мұрағатымен, газет тігінділерімен 

танысу  барысында  сарғайған  басылым  беттерінен  «Шалқыма»  деген 

айдарымен берілген ақ ӛлең түрінде қамшының ӛріміндей жымдасқан, бұлақ 

суының  сылдырындай  бірыңғай  ақпа  ұйқасқа  құрылған  ӛзгеше  жанр  дейміз 

бе,  әйтеуір  тосын,  ӛзгеде  жоқ  машықпен  жазылған  кӛркем  дүниелерді  кӛп 

кездестірдім.  Амалсыз,еркімнен  тыс  оқуға  мәжбүр  болдым.  Әлгі 

шалқыманың  басынан  бастап  оқи  бастадым.  Сол  сол-ақ  екен  ерекше 

екпін,ӛзгеше  ӛзгеріс,  бауырмал  буын  құлперен  кӛңілді  қунақ  етер  бунақтар 

ӛз тереңіне қарай тартып ала жӛнелді. 

Мерзімді  баспасӛз  бетінде  шалқыма  жазған  қаламгер  жоқ.  Бұл  менің 

ӛзіндік жеке пікірім. 

Біздің  байқағанымыз,  Қ.Қанафиннің  жазған  шалқымасын  халықтың 

ерекше  бағалайтындығы,  тәнті  екендігі.  Қазақы  сӛздің  шырайын  шығарып, 

барынша  шалқытып,  оқырманын  бей-жай  қалдырмайтын,  буын,  бунағы 

ерекше  дүние  туғыза  білген  қаламгер  Қ.Қанафиннің  «шалқыма»  атты 

айдарымен жазылған шығармаларын, журналистің жеке мұрағатында кӛмулі 

жатқан  осы  кӛмбе-шалқыманы  кӛпшілікке  таныту  мақсатында  зерттеу 

жұмысымызды «Шалқыма – шалқар шабыт жемісі » деген тақырыпта алдық. 

Шалқыма...  Бұл  ӛте  ырғақты,  айтылуы  мен  естілуі  адамды  ӛзіне  баурап, 

ынтасын ынтықтырып, кӛнеден қалған ата тәбәрігіндей тәнті етіп, бара-бара 

бауырмал  бауырына  еріксіз  тартып,  әлдилеп  әкететін  әдеби  әсем  әлем.Ана 

тілінің байлығын кеңінен пайдаланған қаламгердің тек ӛзіне тән бейнелі сӛз 

ӛрнегі, бедерлі жазу мәнері бар, ӛзгеден ӛзгеше жазу машығы бар. Қаламгер 

ӛнері  қашан  да  ӛмірлік  тәжірибесі  мол,  ел  ӛмірі  білгірінің  биік  тұлғасын 

байқатады.  Құдіретті  сӛздер  тізбегі  жан  әлемін  арбап,  баурап  алады.Бейнелі 

сӛз  ӛрнектері  әрі  сұлу,  жан  сүйсіндірер  жалыны  жанды  балқытып,  сезімін 

қамшылаған, қан тамырына ыстық, жалынды от жүгіртіп, ой ӛрнегін қапысыз 

жеткізіп отырады.  Қ.Қанафиннің  қай  тақырыпқа  жазылған  шалқымасын  оқи 

бастаған  сәтте  кӛңілің  кӛк  дӛненге  мінгендей  ӛзінен-ӛзі  кӛтеріліп, 

шығарманың  аяғына  жеткенше  ынтызарлықпен  ынтығып  боласың.  Ішкі 

дүниең «бітіп қалмаса екен, аяғы жалғаса түссе екен» деген қылпыл-дәмемен 

отыратыны  сӛзсіз.  Әр  шалқыманың  басын  оқығаннан  бастап  ӛзіңді  желмен 

жарысқан  дүлдүлге  мінгендей  дүрілдетіп  ала  жӛнеледі.  Кӛңілің  аспанда 


WWW.ENU.KZ

 

 



болса  да  айтары  бар  шығарма  ойлантпай,  оймақтай  ойдан  сыр  түйгізбей 

қоймайды.  Бұл  да  қаламгердің  қаламы  тӛселген  шеберлігін  байқатса  керек. 

Қ.Қанафиннің  бұл  саладағы  шығармаларынан  үздік  шебер  екенін,сӛз 

маржанын эстетикалық мұратына жарата білген суреткер екенін байқау қиын 

емес. Ол прозада да ақынша сӛйлеп кетеді. Жазбаларынан ешбір бүкпесі мен 

қалтарысы  жоқ  адамның  ағынан  жарыла  айтылған  сыры,  ішкі  сезімі 

танылады. Ол жарты  жолда қалмай, ойындағысын жеткізіп тауысып айтуды 

қалайды.Сӛз  ӛнерінің  бар  асылын,  ең  шұрайлысын  таңдап    алып,керегінше 

ойнатып,жаратып,оны  дамыта  білген.  Әдеттегі  прозадан  ӛзгеше  ырғаққа 

құрылған  сӛйлемдер  автордың  ақындық    қабілетінің  молдығының  белгісі. 

Прозада  да  ақындық  үлгіні  сақтайды.  Ол  қарасӛздің  ӛзін  желдірмелете, 

ырғақты әуенге құрады. 

Қанеш  Қанафиннің  қаламынан  туындаған  шалқыма,  қазақы  әңгіме,  ақ 

ӛлең  түріндегі  ой-толғаулары  ӛзгеге  ұқсамайтын,  не  жазса  да,  нені  жазғысы 

келсе де сол тақырыптың небір құпиясы мол сырларын барынша нанымды да 

шынайы жеткізетін жергілікті журналисттердің бірі, ӛзіндік қол таңбасы бар 

суреткер. 

Ӛзінің  ағыл-тегіл  шалқымасымен  туған  жерге  деген,  оның  жалпы  ақ 

кӛңіл  адамдары  мен  таңғажайып  табиғатына  деген  сүйіспеншілігін  жан-

жақты  жазып,  облыс,  республика  кӛлемінде  шығатын  баспасӛз  беттерінде 

үзбей  кӛрініп  келеді.  Біз  бұл  зерттеу  еңбегімізде  қаламгердің  әр  жылдары 

баспасӛз  беттерінде  жарық  кӛрген  шалқымаларын  жинақтап,  ӛзінше  ӛзгеше 

жанр  –  әдеби  дүние  жазып  жүрген  қаламгерді  кӛпшілікке  танытып,  азды-

кӛпті еңбегін бағалауды мақсат етеміз. 

Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жалғыз  тӛл  мерекесі  Наурыз  кӛп 

жылдан  соң  ортамызға  оралып,  жаппай  тойлауға  кіріскен  күні ұлтжанды  да 

ақынжанды Қанеш ағай бӛркін аспанға атып қуанады. Шалқайып тұрып ағыл 

да  тегіл  шалқыма  жазады.  Оқығанда  жан  дүниең  босап,  осындай 

халқымыздың  кӛл-кӛсір  даладай  кӛңіліне  бола  біткен  Наурыз  мейрамының 

қадір-қасиетіне  тәнті  боласың.  Журналист  шеберлігіне  риза  боласың. 

Шынымды  айтсам,  алғаш  оқығанда  ерекше  тебіреніп  кеткендігімді  айтып 

ӛткім келеді. Ӛздеріңіз куә болыңыздар, бір-екі абзацын оқып кӛрелік. 

«Наурыздың  есіп  жылы  самалы,  таусылып  қыстың  амалы,  қақырап 

қаһарлы  қамалы,  алтай  қыс  ақ  кебін  жамылып,  қаталдық үлесінен  табылып, 

мынау бүгінгі жайнаған табиғат кеше міне, ӛкпек жел есерінде, жатқан ӛлім 

тӛсегінде сілкініп, тіріліп, жасады ірілік, нұр-шуақ тӛгіліп, ақ қардың кӛбесі 

сӛгіліп,  бу  шыққан  боз  қырдың  тӛбесі  кӛрініп,  ашылып  қалыпты  не  дейін, 

әнекей,  жасарып  шаруа-кедейің,  дегендей  қам  жасап  бірдеңе  егейін,  келіге 

түйіп  ап  талқанын,  дайындап  егістік  алқабын,  бастады  ізгілік  бір  істі, 

молшылық жасауға кірісті, осылай болуға тиісті. 

Кӛп  күткен  сарылып,  Наурыз  кеп  жарыдық,  бұл  күннің  ерекше  жылуы 

барын  ұқ,  бәледен-бақастан,  сойыл  ап  тақасқан  мінезден  арылып,  ақ  түйе 

қарыны жарылып, мәз мәйрәм Қазағым, ӛмірі кӛрмеген тарылып...» [1; 5]. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Қарымды қаламгер шалқыма жазудың нағыз хас шеберіне айналған деуге 

болады.  Сол  ысылған  шеберлігін  қазақ  халқының  біртуар  батырларына 

арнаған  шалқымаларынан  да  айқын  аңғаруға  болады.  Аманкелді  батырдың 

қанды  кӛйлек  серігі,  атақты  қол  мерген  Құлан  Кейкі  туралы  жазылған 

шалқымасын  тебіренбей  оқу  мүмкін  емес.  Әр  жолы  мен  ұтымды  ұйқасынан 

қаның  қызып,  бір  орныңда  тыныш  отырып  тыңдауға  асқан  шыдамдылық 

керек. Қазақы намысың оянып, Кейкі атамыз сияқты күн туса халық жауына 

ат  ойнатып,  атой  салғың  келеді.  Бұл  әрине,  қаламгердің  сӛз  маржанын  тере 

білгендігі, батырдың кӛзсіз ерлігін кӛре білгендігі екендігі даусыз. 

«Менің  Кейкі  бабамды,  бір-ақ  туар  адамды,  кеңеске  қарсы  шықты  деп, 

қызылдың басын кӛрге тықты деп, опасыз ақты ойрандып жықты деп, қызыл 

империяның  «ғаламат»  жақсылығын  теріс  ұқты  деп,  Кейкінің  ызғарынан 

ормандай  орыс  ықты  деп  қуғындады,  мәрт  мінезді  батыр  қашан  елдігін  ту 

қылмады,  ӛз  елінде,  ӛлең  тӛсегінде  тыныш  жатқызбай,  таңын  атқызбай, 

малын  баққызбай,  шамын  жаққызбай,  түрткілеп  болмаған  соң  бекіп,  беркіп, 

күші бойында тертіп, сарбазын соңына ертіп, шар болаттай соғылғаны, сосын 

ел  үшін  қол  бастап,  астында  күрең  қасқа  ойқастап,  жауын  байқастап,  бізге 

белгілі хас жауы – кәпірді шу қылғаны... 

Кейкі бабам қазақтың қамы  үшін қара  басты талай тігіп бәйгеге, жалғыз 

ӛзі  жүз  кәпірге  тең  келіп,  жаугершілік  ӛнерін  бір  адамдай  меңгеріп,  бір 

қазағын  мың  кәпірге  теңгеріп,  оларыңның  талайын  ат  артына  ӛңгеріп,  ӛз 

ұлтының  жауына  салған  солай  шеңгелін,  Кейкі  орнатқан  заман  ептеп 

жӛнделіп, соны енді жырлап тұрмын мен келіп... 

Қайран ӛмірі қайталанбас Кейкі баба еліңе, ӛзіңе, отбасыңа ақтар салған 

ойран  мен  қызылдар  салған  қырғын  ӛртеп  ӛзегіңді,  дұшпанға  жібермей 

кезегіңді,  кәпірге  тергіздің  тезегіңді,  қазақ  үшін  ерлігің  ұшан-теңіз  бақсам 

сені, кекке ұстаған халқыңның ақ семсері, туа біткен бақ дарып, қалың жауды 

қақ  жарып,  ұсынғанын  құлатып,  ұзыннан  сұлатып  ұтқан,  жауы  кӛлденең 

кӛлеңкесінен  ыққан,  батыр  осы  біздің  аруақ  қонып,  нар  шӛккен  жерден 

шыққан...!» [2; 3]. 

Бұл  шығармасында  туған  жердің  келісті  келбетін  оның  біртуар,  халық 

үшін  жаратылған  батырларының  әсем  сӛз  маржандарымен  кестелеп,  туған 

жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімге  бӛлейді,  оқушыны  сұлулық  әлеміне 

ендіріп, жанын әлдилейді. Сондай-ақ жазып отырған кейіпкерінің мәртебесін 

кӛтеру үшін дыбыстарды еркінше ойнатып, керемет ӛрнек, сурет жасаған. 

Қанеш Қанафин -  қазақ тілінің мол байлығын барынша сіңірген қаламы 

қарымды  қаламгер.  Оның  қай  туындысы  болса  да  жан  тербетеді,адамды 

нәзік, сұлу сезімдерге бӛлейді. Айтайын деген ойын жеткізуде бәйге атындай 

кӛсіле  тартады,  бір  сӛз  бір  сӛзден,  бір  ой  бір  ойдан  туындап,  ұшқындап, 

ӛрлеп,  шырқай  береді.  Шын  жүйріктің  шабысына,  үдей  ӛрлеген  асқақ  ақын 

ӛнеріне  сүйсінесің.  Шынайы  ақ  жүректен  сӛз  түйдек–түйдек  ағылады.Сӛз 

ӛнерінің асқан құдіреті осылайша ӛрнек тапқан. 

Қаламгердің  кӛркемдік  әлемі  ӛмірді  жете  танып,  оны  құнарлы  оймен, 

құнды сӛзбен жеткізе білуден басталады. Бір мазмұнды күрделі ойды әртүрлі 



WWW.ENU.KZ

 

 



кӛркем  бейнелі  сӛз  қолданысымен  әсерлі  құбылтады,  біріңғай  теңеулермен 

қиыстыра  отырып,кӛркем  сӛздің  адам  жанын  баурап  алар  эстетикалық 

қасиетін кӛркем жеткізеді. 

Қаламгер қиялының, кӛркемдік ойлау дүниесінің күш-қуаты шар тарапқа 

жетелейді. Қазақтың ұлттық тілін терең меңгерген, тілдік қоры бай. 

Сӛз  ӛнерінің  бар  асылын,  ең  шұрайлысын  таңдап  алып,керегінше 

ойнатып,жаратып,оны  дамыта  білген.  Әдеттегі  прозадан  ӛзгеше  ырғаққа 

құрылған  сӛйлемдер  автордың  ақындық    қабілетінің  молдығының  белгісі. 

Прозада  да  ақындық  үлгіні  сақтайды.  Ол  қарасӛздің  ӛзін  желдірмелете, 

ырғақты әуенге құрады. 

Қазақ  сӛз  ӛнерінің  мәуелеу  жолына  ӛзіндік  кӛркем  қолтаңбасын 

қалдырған, сӛз маржанынан ӛшпес ӛрнек ӛрген, жаратылысы бӛлек қаламгер 

деп білемін. 

Жеке дара шалқыма жанрына қалам тербеп, әдеби саны соқпақ салған,бұл 

жолда  оқырмандары  тұщына  оқитын  талай  тұтынған  туынды  туғызған 

қаламгердің  еңбегі  елеуге  тұрарлық.  Арамызда  жүрген  кӛбіміздің 

қолымыздан  келе  бермейтін  шалқыма  жазып,  баршаның  кӛңілінен  шығып 

жүрген қаламгер еңбегін әділ бағалап,оның рухани танымдық туындыларын 

кӛпке лайықты таныстырып, мерейін үстем ету – біздің борышымыз болмақ. 

Сӛз соңында айтып ӛтсек, қаламгердің  сирек жанр  – шалқыма жазудағы 

шеберлігіне,  дыбыс  үндестігі  мен  ұтымды  ұйқас  тізбектерінің  түзілу 

ерекшеліктеріне тағы бір оралуды қажет етеді. 



Ғылыми  зерттеуді  қорытындылай  келіп,  мынадай  тұжырымдар 

жасаймыз: 

 Шалқыма жазу үшін талмай іздену, қалт еткенді сезіп, жан–дүниесімен 

түйсіне білу үшін жан-жақты білімділік қажет екенін аңдадық. Қ.Қанафиннің 

бай  кітапханасы  мен  мұрағаттағы  материалдары  мен  бейнетаспаларымен 

танысып, керегінше пайдаландық.  

-  Бұл  алғашқы  ізденіс  қадамымызға  ел  ішінде  еленбей  жүрген  қаламы 

жүрдек  қаламгеріміздің  жазба  түрде  жарыққа  шығаруға  жақсы  бастама 

боларлық  балғын  талабым  дер  едім.  Қаламгердің  майын  тамыза  жазған,  ақ 

ӛлең  түріндегі  шалқымаларымен  танысып,  оның  әр  біреуін  зор  ынта  қойып 

оқып шыққанда зерттеу жұмысына қажетті біршама деректерге қаныққандай 

болдық.  Кез–келген  шалқымасын  оқи  отырып,  оның  жазылу  тарихы,  стилі 

жайында  автордың  ӛз  аузынан  естіп  білу,  тағы  да  қаныға  түсу  мақсатында 

жиі сұхбаттасып, ӛзімді қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап, қосымша 

материалдар  алып,  ғылыми  жұмысымызды  нақты  деректермен  толықтыра 

түстік. 


 

Пайдаланылған әдебиет  

1. Наурызнама // Ақ жол, №8. 15-31 наурыз 2000. 

2. Иман батырдың ізбасары – Құлан Кейкі // Аманкелді Арайы, №18. 15-

30 қыркүйек, 2000. 



 

WWW.ENU.KZ

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал