Шайтанмен күреске шыққан белгілі тұлғалар туралы сөз болады



жүктеу 132.83 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі132.83 Kb.

Makalenin Dergiye Ulaşma Tarihi:

01.04.2016

 

Yayın Kabul Tarihi:



 02.05.2016 

 

 

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4 •Sayı:

9



Temmuz 

2016•Türkiye 

 

АЛДАР



 

КӨСЕ

 



 

ШАЙТАНДЫ

 

ЖЕҢГЕН

 

БІРІНШІ

 

АДАМ

 

Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ



 

АННОТАЦИЯ

 

Мақалада  адамзаттың  қас  жауы  шайтанның  мақсаты,  адамдар  арасында 

шайтанмен  күреске  шыққан  белгілі  тұлғалар  туралы  сөз  болады.  Батыс  елдерінің  аңыз 

кейіпкері  Доктор  Фауст,  шығыс  аңыз  кейіпкері  Бәрсиса,  Шекспир  кейіпкері  –

 

Макбеттер 



трагедиялық  образдар.  Себебі  олар  қанша  күшті,  ақылды,  білімді  болса  да,  шайтаннан 

жеңілгені  айтылады.  Ал  қазақ    ауыз  әдебиетінде  ертеден  келе  жатқан    аңыз  кейіпкері 

Алдар  Көсенің   шайтанды қалай жеңгендігі баяндалады. Және автор  Алдар  Көсені әлем 

әдебиетінде  шайтанды  жеңген  бірінші  адам  деп  көрсетеді.

 

Аңыз  негізінде  Алдардың 



адамзаттың  қас  жауын  қалай  жеңгендігін  баяндау  тәсіліне  де  баға  береді.  Ауызша 

шығарылған қазақ романы деген қорытынды жасайды.  

 

Түйінді сөздер: тозақ, шайтан, доктор Фауст, Алдар Көсе, сараңдық, қонақ

 

ас



 

ALDAR KÖSE-

ŞEYTANI YENEN İLK İNSAN

 

ÖZ 

Makalede insanoğlunun düşmanı şeytanın amacı, insanlar arasında şeytanla mucadele 

eden  meşhur  şahıslar  hakkında  bilgi  verilir.  Batı’nın  efsane  kahramanları  Doktor  Fayst, 

Doğu’nun  efsane  kahramanları  Barsisa  ve  Şekspir  kahramanı  Makbetler,  trajedik  şahıslardır. 

Çünkü, onlar ne kadar güçlü, akıllı, bilgili olsa bile, şeytandan yenilir. Kazak halk edebiyatındaki 

eskiden  beri  halkı  ağzında  yaşayan  efsane  kahramanı  Aldar  Köse’nin  şeytanı  nasıl  yendiği 

anlatılır. Yazar da Aldar Köse’yi Dünya Edebiyatında şeytanı yenen ilk insan diye değerlendirir. 

Efsane  esasında  Aldar’ın  insanoğlunun  düşmanını  nasıl  yendiği  anlatma  yöntemine  de  değer 

verilir. Sözlü anlatılan Kazak Romanı diye sonuçlandırır. 

 

Anartar Kelimeler: Cehennem, iblis, doktor Faust, Aldar Köse, cimri, mis

afir yemeği

 

 



Әлем

 

әдебиетінде тартыстың сан түрі, сол тартыс оқиғалары үстінде адам 



мінезінің сан алуан қырлары

 

көрсетілген туындылар өте көп.



 

Көркем әдебиеттегі 

жақсылық  пен  жамандық  күресі  мәңгі  тақырып  болса,  жамандықты  жасаушы  –

 

адамзаттың  қас  жауы  –



 

шайтан  бейнесі  де  аз  суреттелмеген.  Ал  өзіне,  біліміне 

сенген,  жаратушыға  деген  сенімі  де  кәміл  болып  көрінген  көптеген  пенделер 

шайтан құрған тордан құтыла алмаған Доктор Фауст, Бәрсиса, Макбет бейнелері 

осындай  жандардың  типтік  бейнесі.  Қазақ  топырағында  шайтанмен  белдескен 

қарапайым  жанның  жеңісі  туралы  аңыз  әңгімелер  топтамасы  бар.  Бірақ  бұл  өз 

дәрежесінде бағасын әлі алмаған. Осы аңыз әңгіменің кейіпкері Алдар Көсе, бұл 

әңгімелердің жанры туралы қорытындыларымызды ортаға салуды мақсат етеміз.



 

Адам  баласын  Алла  сүйіп  жаратқандығы  айтылады  қасиетті  кітаптарда. 

Олай болса,  адамзат үшін  неге тамұқ жаратқан?  –

 

деген сұрақ    көптің  көкейінде 



жүреді.

   


Тамұқ  адамзат  үшін  жаратылмаған.  Ол  –

 

ібілістің,  шайтанның  мәңгілік 



мекені.  Бірақ  шайтан  адамзатты  азғырып,  сол  тамұққа  алып  кетуге  бар  айласы 

мен  білімін,  күшін  жұмсайды  екен.  Адамзат  жаралғалы  осы  тартыс  жалғасып 

келеді  екен.    Адам  баласын  азғырып,  өзі

 

үшін  жаратушы  дайындаған  тамұққа 



жетелейтін  шайтан  туралы  діни  кітаптардың  барлығы  сөз  етеді.  Сонау  ерте 

замандардан  бері  бүкіл  әлем  әдебиетіндегі  көркемшығармалардағы  тартыстың 

көпшілігі  шайтанның  тіліне  еріп  жолдан  тайған  пенделердің  трагедияға  толы 

                                                           

Ahmet 


Yesevi 

Uluslararası 

Türk

-Kazak 


Üniversitesi, 

Kazak 


Filoloji 

Bölümü, 


janimgul.kamalkizi@mail.ru 

 

 

 

 

 

Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

                                                                                                             12 

 

 



тағдырынан  туындап  жатады.  Шайтан  ұлы  жаратушының  өзімен  ерегіске  түсіп, 

адам баласын қайтсем де сенің жолыңнан тайдырып, тамұққа алып кетем

 

дегені 


қай  дінде  болмасын  діни  уағыздардың  бәрінде  айтылады.  Шайтанмен  ерегіске 

түскен  әлем  әдебиетінде  данышпандар,  білімділер  мен  қаһармандар  көптеп 

кездеседі.  Бүкіл  еуропа  халықтарына  мәлім  Доктор  Фаустус,  Шекспир  сомдаған 

Макбет, шығыс әдебиетіндегі Бәрсиса, т.б. бейнелері  осындай тұлғалар қатарын 

тізеді.  Елге  танымал  ірі  ғалым  Доктор  Фаустус  өзге

 

адамдар  сияқты  бақыттың 



дәмін  тату  үшін  жанын  шайтанға  сатыпты  делінеді  аңызда.  Ел  аузындағы 

аңыздарды

 

жинап,  талдаулар  жасаған  неміс  ағартушысы  Лессинг  сол  аңыздың 



негізінде  ұлттық  құндылық  барын  жақсы  түсінген.  Сол  аңыз  негізінде  немістің 

атақты  ағартушысы  И.Гете  «Фауст»  атты  драмалық  шығарма  жазып,  әлем 

әдебиетінде  ерекше  болмысты  туынды  жазды

  (GETE,  1993:  54). 

Сол  туындыны 

оқи  бастағаннан  Фаустың  шайтанды  жеңуін  сонша  күтесің.  Шайтанды  жеңу  үшін 

алдымен, атақты данышпан қаншама қылмысты істерге барады, яғни шайтанның 

айтқанымен  жүреді.  Фаусты  өз  айтқанымен  жүргізу  үшін  еуропа  жұртындағы 

«шайтанның сұйығы» дейтін аса қуатты күші бар сусын ішкізеді. Бұндай сусынның 

жасалу  жолы  туралы,  оны  адам  баласын  ақылынан  адастыратын  теріс  қуаты 

барын  ағылшын  ақыны  У.Шекспир  де  өзінің  «Макбет»  деген  трагедиясында 

суреттейді. 

  

«...Қысылып тасқа шіріген,



 

Отыз күн ісіп іріген,

 

Бақаны сал қазанға!



 

Қоңсы


 

исі мүңкіген,

 

Кір көбігі кілкіген,



 

Қоқысты


 

сал қазанға!

 

Құртып


 

құйрық, құйқасын,

 

Жыланның қыр арқасын,



 

Иттің сулы танауын,

 

Күркілдектің жемсауын,



 

Үкінің


 

қауырсынын,

 

Кесірткенің нәжіс



-

жынын,


 

Көлбақаның жамбасын,

 

Сал қазанға қайнасын!



 

Қасқырдың

 

азу тісін,



 

Айдаһардың желке тұсын,

 

Шор сіңірін жайынның,



 

Сақтаулысын қайыңның.

 

Шоқынбайтын ант атқан



 

Жөйттің бауырын мұздатқан,

 

Нәпсісінен пайда қып,



 

Шатасып басы айналып,

 

Қиналған


 

байғұс анасы

 

Шала туып баласын,



 

Жұртқа өзінше білдірмей,

 

Көміпті ғой тірідей!



 

 

 

 



 

13                                                                                                              



Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

 

 

 



Сол баланы сал кәне!

 

Қайнасын, піссін, пәле!



 

Жолбарыстың шек

-

қарнын


 

Сал үстіне бәрінің! 

(

Ş

ekspir, 1982: 445). 



 

Міне,  дүниедегі  барлық  арам  нәрселерді  араластырып  әбден  қайнатып, 

үстіне

 

маймылдың қанын құйып, жынның биі арқылы оған қарғысты қосып алатын 



сұйық  –

 

шайтанның  сұйығы. 



 

Сұйықтың  бір  тамшысы  адам  жанын  тамұққа 

апаратын әрекеттер істеуіне жетіп жатыр екен. Ренессанстық дәуірде өмір сүрген 

гуманист  ақын  Шекспир  Макбеттің  мыстандардан  (шайтаннан)  жеңілгенін 

суреттейді.  Шекспир  сомдаған  Макбет  трагедиясы  жаныңды  шошындырады. 

Мыстандардың  азғыруынан  Макбеттің  соншалықты  зұлым  жанға  айналуын  ақын 

барынша дәлелді суреттейді. Жоғарыда сөз еткен Гете сомдаған доктор Фауст та 

шайтан


 

әрекетінің

 

зиянын  ажырата  алмай  қалады.  Шайтан  сұйығының 



нәтижесінде  пәк  қыз  Маргаританы  қылмысқа  итермеледі.  Оның  бәрін 

Мефистофель  шайтан  істетіп  отыр  деп  ақтағысы  келетіндер  де  бар.  Бірақ  ол 

ғұлама  данышпан  оның  шайтан  екенін  біле  тұра,  сонымен  келісімге  келеді  де, 

нәпсісін қанағаттандыру үшін пәк қызды да, оның анасын да, ағасын да өлтіреді. 

«Істейтінім 

жақсылық,    ойлайтыным  –



 

жамандық»

  (Gete,  1993:  44)  - 

дейді 


Мефистофельдің өзі.

 

Шығысқа  танымал  қисса



 

кейіпкері  Бәрсиса

   

да 


шайтанның  азғыруымен 

қылмысқа  барған  данышпан.  Данышпан  ғана  емес,  Аллаға  бар  жанымен  сенген 

сопы.  Сол жан да  сонша сенімі  мен  білімі бола тұра, шайтанның  азғыруын жеңе 

алмады. Қылмыс жасап, ол әшкере болып, өзі мәңгілікке азап шегуге бұйырылды.  

Осы  батыс,  шығыс  данышпандары  неге  шайтанды  жеңе  алмады?  Бұл  мәңгілік 

сұрақ.      Осы  тақырыптағы  шығармаларды  оқығанда  үнемі  көзалдыма  қазақтың 

аңыз кейіпкері –

 

Алдар Көсе  келеді. Әлі күнге  өз дәрежесінде бағаланбай жүрген 



Алдар  Көсе  туралы  аңыз  әңгімелер  әлем  әдебиетіндегі  адамзаттың    биік  рухын 

танытатын ерекше әдебиет үлгісі екен.

 

 

Халық  аузында  айтылып,  соңғы  жылдары  «Қазақ  ертегілері»  құрамында 



жүрген бұл әңгімелер әлем әдебиетіндегі үздік туындалар қатарынан орын алуға 

тиіс.  Осыған  шығарманы  талдау  арқылы  дәлел  келтірмекпін.  Және  бұл  аңыз 

әңгімелердің  қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  романдық  ойлаудың  немесе  романның 

бастаулары деп қарастыруға болатынын көреміз. Халық ауыз әдебиетінде роман 

талабына жауап беретін көлемді эпикалық шығармалардың барлығын   М.Әуезов 

өзінің  «Әдебиет  тарихы»  кітабында  түсіндіреді

  (AVEZOV,  1985:  400)

.  Ғалым 

Белгібай  Шалабаев  та    қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  ерекше  кейіпкерлер  Жиренше, 

Алдар,  Қожанасыр  бейнелерін  сөз  еткенде:

 

«Бұл  шығармалар  жеке



-

жеке 


эпизодтардан құралғанымен олардың кейіпкері бір кісі. Батыс әдебиетіндегі шым

-

шытырық оқиғалы романдардың осындай аңыз әңгімелерден туындағаны белгілі. 



Алдар  Көсе  мен  Жиренше  туралы  аңыздар    роман  болып  қалыптаспай  қалған»

 

(



Ş

alabayev,  1967:  192)

.  «Қалыптаспай  қалған»  деген  себебі  сол  кезеңдегі

 

«қазақ 



әдебиеті    орыс  әдебиетінен  үйренген,  жас  әдебиет»  деген  концепцияғка  ешкім 

қарсы тұра алмайтын.

 

Мұны ұлы М.ӘУезов ескерту ретінде айтып кеткен: «Орыс 



жазушыларының  қысқаша  сындарына  қарағанда,  біздің  ескі,  ауызша  әдебиетіміз 

бай,  өрнекті,  түрі,  тарауы  көп  кестелі,  қысқасынан  айтқанда,  қазақтың  даласы 



 

 

 

 

 

Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

                                                                                                             14 

 

 



секілді  кең,  келешегі  көрікті  үлкен,  жалпы  түрік  әдебиетінің  ішінде    үлкен  өріс 

алатын  әдебиет  секілді  көрінеді.    Бірақ,  осы  жазушылардың

 

айтуына  қарағанда, 



жазба  әдебиетіміз    әлі  іргесі    нығаймаған,  беті  анықталып  ашылмаған,  белгілі 

түрге  түсіп  қалыптанбаған  майысқақ,  сынғақ  әдебиет  деп  саналғандай»

  (Auezov, 

2005: 298).  

Академик  Рымғали  Нұрғали    М.Әуезовтің,  Б.Шалабаевтың  пікірлерін 

қолдайды:

 

«Роман  табиғатын  арнайы  зерттеген  ғалымдар    жанрдың  шығуын 



халықтық әдебиеттегі үлгілермен, оның ішінде әртүрлі диалогты материалдардың 

басын  қосатын  нұсқалармен  сабақтастыра  қарайды»

  (N

urğali


,  2005:  209)  - 

деп 


романның  бастауларын  тереңге  сілтейді.  Ал,  мына  сөздері  Шалабаевтың  пікірін 

толық  қуаттап  тұрғандай.  «Тағы  бір  үлкен  арна  –

 

орта  ғасыр  әдебиеттеріндегі 



халықтық әңгімелер. Бір адам төңірегіне топтасқан түрлі аңыздар. Соның бірі 1515 

жылы Германияда «Брауншвейх Тиль Эйленшпигель туралы күлдіргі кітап» деген 

атпен басылды. Бұл жинақтағы барлық оқиғалар неміс Тильдің басынан өткен. Ол 

Дания,  Голландия,  Чехия,  Италия  мемлекеттерін  аралаған.  Қағазға  түспеді 

демесек,  түркі  тілдес  халықтардың  арасында  мұндай  әйгілі  кісіге  байланысты 

хикаялар,  аңыздар  жетіп  жатыр.  Қорқыт,  Алдар  көсе,  Қожанасыр,  Жиренше 

әңгімелері  ауызға  бірден  ілінеді.  Бірақ  осы  іспеттес  дүниелердің  қазақ 

романдарының  тағдырына  әсері  деген  проблема  әлі  зерттеліп,  шешілген  жоқ»

Демек,  ғалымдар  жаңа  концепцияның  дұрыстығын  мойындайды.  Қазақ



 

романының  шығу  тегі  сол  әңгімелерде  жатқанына  шек  келтірмейді.  Бір  адам 

төңірегінде  топтасқан  әңгімелер  жалғыз  немістің  Тиль  Эйленшпигелі  емес, 

осындай  кейіпкерлер  еуропа  әдебиетінде  біраз  көрінеді.  Италияда  Бертольдо, 

Испанияда  Педро  де  Урдемалас

осындай  кейіпкерлер.  Ел  аузындағы  осындай 



әңгімелерді құрастырып кітап етіп жариялаған да, оған роман деп ат берген. Бұл 

ел  аузындағы  әңгімелер  ғой  деп  ешкім  таласпаған.  Еуропа  роман  тарихынан 

осылай орын алған. Мұндай әңгімелер қазақ ауыз әдебиетінде бірнешеу және тілі 

өте көркем, оқиғалары қызықты, бір кейіпкердің басынан кешкен оқиғалары болып 

баяндалады. Бірақ соларды тұтастай алғанда ауызша жасалған қазақ романдары 

деп  әлі  танымай  келеміз.  Себебі,  роман  тек жазба әдебиеттің ғана  мұрасы бола 

алады деген ой әлі де басым түсіп жатады. Орыс  ғалымы М.М.Бахтин мен қазақ

 

ғалымы  А.Байтұрсынов    сөз  өнерін  жазбаша,  ауызша  деп  бөлмеу  керектігін 



дәлелдеген.  «Бүгінгі  көзқарас  бойынша,  әдеби  жанрларды  жіктегенде  негізге 

алынатын  критерийлердің  бірі  –

 

характердің  көрініс  дәрежесі,  характердің  адам 



өмірін  қамту  мөлшері»

  (N


urğali

,  2005:  207)  - 

деп,  Р.Нұрғали  да    А.Байтұрсынов 

салған жолға сілтеме жасайды. Характер адам өмірінің көп бөлігінен хабардар ете 

алса,  ол  роман  жанрының,  «ұлы  әңгіменің»,  талабын  орындағаны  болмақ.  Осы 

концепцияға негіздесек Алдар Көсе туралы қазақ аңыздары ауызша шығарылған 

роман деуге әбден болады. Бұл бірінші қорытынды. 

 

Екінші келер  қорытындымыз:  Алдар Көсе 



шайтанды жеңген, шайтаннан 

жеңілмеген  бірінші  адамзат  өкілі.  Жоғарыда  шайтанмен  күресте  жеңіліс  тапқан 

білімді жандар туралы айттық. Ал, қазақтың Алдар көсесі

 



 



қалың көпшіліктің өкілі. 

Үнемі ауылдан

-

ауылға барып жүретіндей суреттеледі. Дайын фабула жоқ. Сапар 



барысында  әртүрлі  жағдайда  түрлі  жандармен  кездеседі.  Қандай  жағдай  болса 

да,  аяқ астынан жол  тауып,  қарсыласын  күлкіге қалдырып  кетіп  отырады.    Әлем

 

халықтарындағы сияқты қазақ ұғымында, ең қауіпті нәрсе –



 

шайтанның азғыруы. 



 

 

 



 

15                                                                                                              



Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

 

 

 



Шайтанның уәсәсімен небір ақылды жандар күнәһар болғандығы туралы аңыздар 

мен  көркем  шығармалар  сақталған.  Сол  қауіпті  жеңген  бірден

-

бір  жан  –



 

Алдар 


көсе.  Алдар  шайтаннан  алданбайды,  қайта  оларды  алдап  сан  соқтырады,  тіпті 

елден қуып тастапты дейді әңгімеші.  Елдің мазасын алған Құлан, Түлен деген екі 

шайтанның  қазақ  арасына  келгендігімен  әңгіме  басталады.  «Түлен

 

түртті  ме?» 



«Түлен  түртіп  отыр»  деген  тіркестер  әлі  күнге  жиі  айтылады  және  ол  сөздің 

мағынасы бәріне түсінікті. Осы екі шайтанға Алдар Көсе барады. Өздеріне әбден 

сенімді шайтандар Алдармен жолдас болуға келіседі. Үшеуі ел аралауға шығады. 

Шаршаған шайтандар қулық ойлап: Үшеуміз бірден шаршамайық, бірімізді біріміз 

арқалап  жүрейік,

деседі.    Кімді  кім  арқалауын  шешерде:  «Жасымыз  үлкенімізді, 



жасымыз кішіміз арқалап жүрейік» деседі.

 

«Мен туылғанда, аспан алақандай, жер 



тебінгідей  еді»,

деген  шайтан  сөзіне



 

Алдар  жылап  қоя    береді.  Шайтандар 

іштерінен:  «Жасы  кіші  болғанына  жылап  тұр»,

деп  ойлайды.   



Менің  дәл  сол 

жылы үлкен балам қайтыс болып еді,

деп еңірейді олардың ойын түсінген Алдар.  



Шайтандар  Алдардың  жасының  үлкендігін  мойындамасқа  шарасы  жоқ.  Оны

 

айтушы  да,  тыңдаушы  да  мойындайды.  Тыңдаушы  риясыз  жымиып,  Алдардың  



ақылды  ойларын  іштей  мақұлдайды.  Енді,  қанша  уақыт  арқалап  жүру  керектігін 

шешуіне  қарайық.  «Бір  әнді  бастап,  сол  аяқталғанша».  Уақыт  мөлшерін  осылай 

белгілейді.  Алдар оған да айла табады. Өмірі аяқталмайтын ән болуы керек. Ол 

бар  ма?  Бар  екен.  Қазақтың  әләулайы 

мәңгілік  ән.  Шайтанның  арқасына 



жайғасқан  данышпан  Алдар  «Әләулайға»  салады.  Аяқталмайтын  ән. 

Аяқталмайтын өмір. Ызаланған шайтан: 

Ау, сенің әләулайың қашан бітеді? –деп 



сұрағанда: «Әләулайым таусылса, хәләулайым тағы бар»,

деп жауап береді. Ән 



ырғағы  ауысқанмен,  сол  баяғы  аяқталмайтын  өмір  жыры.  Өткен  өмір  емес, 

болашаққа  сілтенген  даналық.  Сонымен  бірге  күлкі.  Күліп  отырып,  Алдардың 

данышпандығына  тәнті  боласың.  Алламен  жағаласқан  әзәзілдің  қадамын 

аштырмай,  өзіне  қызмет  еткізген  биік  парасатқа  бас  иесің.  Неден 

қорқатындарымызды  бір

-

бірімізге  айтайық  дегенде,  Алдардың  «қорқатын» 



заттары  өмірде  адам  үшін  ең  қажетті  азық

-

түлік   



құрт,  қазы,  қарта  болып 

шығады. Достықтан кетісіп, төбелескендегі  қолданған әдісі де қарапайым өмірдегі 

шындықтар.  Тар  бөлменің  ішінде  айлалы  шайтандарға  ұзын  сырық  ұстатып,  ал 

далада  төбелескендерінде 

оларға  қысқа  тоқпақ  ұстатады.  Бүгінгі  өмірдің 



қарапайым  әдістері.  Және  солай  болуға  тиіс  екенін  айтушы  түсіндіреді,  шүбәсіз 

сендіреді.  Тоқпақ  пен  сырықтың  қайсысын  қалайтынын  алдымен  шайтандарға 

таңдатады.  Ұзын  таяқты  таңдаған  соң:  «Анау  үйдің  ішіне  кіріп  төбелесейік,  кеше 

дос боп жүріп, бүгін төбелесіп жатыр деп ел күлер»,

дейді Алдар. Яғни, характер 



жасайтын әрекеттің уәждемесі бар. Ұлттық мінез, кәдімгі қарапайым тұрмыс анық 

көрінеді.  Оған  шайтан  да  сенеді.  Ұзын  таяқтары  қабырғаға  тиіп,  өздері  қысқа 

тоқпақтан

 

әбден таяқ жеген шайтандар енді қаруларын ауыстырады. Алдар бұған 



да  айла  табады. 

Мына  жер  шаң  боп  кетті,  сыртқа  шығайық.  Бұл  да  нанымды 



құбылыс.  Сыртқа  шығып,  қысқа  тоқпақ  ұстаған  шайтандарды  жанына 

жақындатпай  қуып  салады.  Айтушы  қарапайым  адам  Алдардың    жаратушымен 

ерегіскен    шайтаннан  да  айлалы  етіп  көрсетеді.  Оған  ғажайып  күш  дарытпайды, 

кәдімгі  өмірдің    өзінен  алынған  қорытындымен  айласын  асыратын  жай  адамның 

ақылына  қуанады,  бүгінгі  өмірмен  байланысты  әрекет  үстінде  көрсетеді. 

Адамдарды  не  бір  трагедияға  әкелетін  шайтанның  азғыруы

«уәсуәсі»  болса, 



 

 

 

 

 

Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

                                                                                                             16 

 

 



қазақ

 

аңызында  шайтан адам ақылынан жеңіліс табады, білгендерін істеп жүрген 



Құлан,  Түлен  деген  екі  шайтанды  адамдар  арасынан  қуып  тастайтын  Алдар 

идеалданған  бейне  емес.  Алдар  оларды  күлкі  етеді.,  сол  күлкі  өткен  оқиғаны 

бүгінгі өмірге жақындатады. Оның іс

-

әрекеті біздің уақытымызда болып жатқандай 



көрсетіледі.  Уақытты  танытатын  мекендерге  назар  салсақ,  осыны  аңғарамыз. 

Шайтанмен  кездесетін  жерлері  қиял  ғажайып  мекен  емес,  кәдімгі  өзіміз  білетін 

дала. Тікенді шөп өсетін қазақ даласы. Шайтандардың да Алдарды қорқыту үшін 

баратын  жері:    қазақтың  киіз  үйі,  құрт  жаюлы  тұрған  ши,  ет  пен  қазы

 

жайылған 



бақан.  

 

Шығайбайды  алдағанында  да,  кәдімгі  тұрмыстың  өз  шындығын  меңгеріп 



қана

 

жеңеді  емес  пе?    Біз  білетін  тұрмыс,  бәріміздің  өз  айналамыз,  өзімізді 



қоршаған  орта  шындығы.  Бүгін  де,  ертең  де  болуы  мүмкін  өмір  суреттері. 

Болмайтын,  қол  жетпейтін  идеал  өмір  емес.  Алдар  көсе  әңгімелеріндегі  уақыт 

белгісінде    де  бүгіннің  суреттері  танылады.  Адам  характері  де  бүгін  үшін.  Яғни, 

эпостық  суреттеуден  мүлдем  бөлек.  Осы  жерде  эпостық  суреттеудің  негізгі 

ерекшелігін  де  уақыт  және  соған  қатысты  адам  характерінің  суреттелу 

ерекшелігімен  түсіндірген  Бахтин  теориясына  тоқталайық.  «Эпический  мир 

завершен,  сплошь  и  до  конца    не  только  как  реальное  событие  их  отдаленного 

прошлого,  но  и  в  своем  смысле  и  своей  ценности:    его  нельзя  ни  изменить,  ни 

переосмыслить, ни переоценить. Он готов, завершен и неизменен и как реальный 

факт, и как смысл, и как ценность. Этим  и определяется абсолютная эпическая 

дистанция.  ...Эта  дистанция  существует  не  только  в  отношении  эпического 

материала,  то  есть  изображаемых  событий  и  героев,  но  и  в  отношении  точки 

зрения  на  них  и  их  оценок;  точка  зрения    и  оценка  срослись  с  предметом  в 

неразрывное целое;  эпическое слово неотделимо от  своего предмета, ибо для 

его 

семантики 



характерна 

абсолютная 

сращенность 

предметных 

и 

пространственно



-

временных  моментов  с  ценностными  (иерархическими)»

 

(

BATHİN



,  2000:  208-209)

.  Шығайбайды  Алдар  жеңеді,  оның  үйінен  қонақасы  жеп 

қана

 

қоймай,    қызын,  жасауымен  алып  кетеді.  Шығайбайды  сараңдығы  үшін 



жазалаған Алдарды халық сүйсіне тыңдайды, сүйсіне қол соғады. Неге, өтірікшіні 

қолдап  отыр  ма?  Жоқ,  Шығайбайдың

 

өзінде


 

ұлттық  мінезге  сыйыспайтын  

бөлекше  сипат  бар.

 

Сол    мінезді  эпикалық



 

сана  қабылдамайды.  Бұл  мінезді 

ақылды    Алдар  арқылы  жазалайды.  Шығайбай  –

 

сараң.  Бірақ  еуропа 



әдебиетіндегі  сараңдарға  мүлдем  ұқсамайды.  Ол  –

 

қазақ  топырағындағы  сараң 



бейнесі. Өзінің тамағынан, киімінен дүниесін қызғанбайды, Мольердің Гарпагоны, 

Бальзактың  граф  Грандесі,  Гобсек  мырзалары  сияқты  емес.  Оның  сараңдығы  –

 

ұлттық  дәстүр  бойынша,  қонақты  қабылдамауы.  Келген  қонаққа  барын  сыйлап 



күтіп,  соған  риза  болатын  қазақ  мінезіне  жат  мінез  шығарғаны  үшін  оны  күлкіге 

қалдырады.  Келген  қонаққа  «шық

-

әй»  демек



 

түгілі,  бар  жақсысымен  сыйлап 

жіберетін қазақ дәстүрі бұл мінезді қатаң сынға салады. «Шық

-

әй» дегені үшін оны 



Шығай  бай  деп  атайды.  Қонақтан

 

жасырып  тамақ  жеген  келеңсіздік  ұлт  мінезіне 



жат  қылық.  Аңыз  осыны  сынайды.  Өткен  уақыт  өлшемімен  емес,  болашақ    үшін

 

әңгімелейді.  Жат  мінезді  ұрпақ  бойынан  аулақтату  үшін  үйретушілік,  өнеге 



боларлық  сипаты  басым.  Ұлттық  қасиетке  жат  мінезді  сынау  үшін  қазақы 

дәстүрмен, сыртта тұрып дыбыс беріп, құдайы қонақ екенін білдіруді Алдар аттап 

өтеді,  жасырын  келіп  үй  жабығынан  сығалап,  үй  ішіндегі  жандардың  әрекетін 


 

 

 



 

17                                                                                                              



Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

 

 

 



бақылайды

  (B


aytursınov

,  1991:  164)

.  Осы  қимыл

-

әрекетінде  де  бүгінгі  өмірге 



жақындық сезіледі. Ғажайып қасиетпен болжап білу емес, кәдімгі қулықпен, алдын 

ала көзімен көріп алу. Оны өзі де мойындайды. Келген қонақтан әңгіме сұрайтын 

дәстүр бойынша  Шығайбай: 

Қонағым,  әңгіме айт,



дегенде: Көргенімді  айтайын 

ба,  естігенімді  айтайын  ба?  –

 

деп  қайта  сұрайды.  –Естігенің  өтірік  болар, 



көргеніңді  айт.  Жолда  көрген  жыланы  біресе  бәйбіше  астына  тығып  отырған 

қазыдай,  біресе  қыз  жасырып  отырған  үйректей,  енді  бірде  тоқал  тыға  салған 

қамырдай  болып  құбылған  екен.  Әңгіме  үстінде  сол  жандардың  өз  «тілдері»  де 

көрініп  отырады.  Астарына  тығып  отырған  заттарын  Алдар  біліп  қойғанда, 

әрқайсысы  өз  «тілдерімен»  сөйлейді.  Әр  оқиғадан  Алдардың  мінезі  ашылып 

отырады.  Алдар  әртүрлі  адамдармен  жолығады.  Солардың  ішкі  ойларын  дәл 

танып, соған лайық әрекет етеді. Бәрінде де қарсыласын күлкі етіп, жеңіске жетіп 

отырады. Ауыр тұрмысты күлкімен жеңген қайсар қазақ мінезі көрінеді. Ал, Алдар 

көсе  туралы  әңгімелерді  толық  құрастырса,    роман  дәрежесінде  екеніне  көз 

жеткіземіз.  Алдар  –

 

қазақ  топырағындағы,  көшпенді  дала  өркениетіндегі  ерекше 



тұлға.  Ақылды,  өткір  тілді,  білімді,  кездескен  адамының  ішкі  ойын  дәл  танитын 

психолог,  өмір  заңын  терең  түсінген  философ,  талантты  жан.  Қазақ  ұлтының 

өзінің  ұлттық  бейнесінің  жиынтығы  деуге  келеді.  Тағы  бір  ерекшелігі,  бұл 

әңгімелер  қазіргі  біздің  өмірімізбен    бірге  суреттелгендей,  айтылған  ойлары  –

 

ертеңгі  күнге  арналған.  Осы  сиптаттарына  қарап,  бұл  топтамадағы



 

әңгімелер 

романдық ойлаудың нәтижесі деп есептейміз.

 

 



Қорытынды

 

Қазақтың


 

ХХ  ғасыр  басында  өмір  сүрген  ғалымы  А.Байтұрсынов  көркем 

шығармада  сол  ұлттың  рухы көрініс беретіндігін  айтқан.  Айтушы  елде бар  рухты 

ғана  көрсете  алатынын,  елде  жоқ  рухты  ойдан  шығарып  жаза  алмайтындығын 

дәлелдеген. Олай болса, Алдар Көсе бейнесінде ұлтымыздың  мұқалмаған рухы 

бар. Бұл бейне қарапайымдылығымен, жақсы мен жаманды тез ажырата алатын 

байқағыштығымен,  өмір  құбылыстарына  сын  көзбен  қарайтын  сыншылдығымен 

ерекшеленеді. Том

-

том кітаптардан емес, өмірдің өзінен білім жинаған зерек жан. 



Ұлттық  құндылықтарды  қорғаушы,  жамандықты  елден  қуып  тастайтын  рухтың 

сақшысы  сияқты  кейіпкер. 

 

Осы  мінездерімен  жалпы  қазақ  ұлтының  өз  бейнесі 



болып  көрінеді.  Алдар  Көсе  туралы  аңыз  әңгімелер  топтамасы

«фольклорлық 



роман» дәрежесінде жазылған өте көркем туынды.

 

 



EDEBİETTER

 

AVEZOV  M.,  (1985),  Adebiyet  Tarihi, 

20  Tomdık  Şıgarmalar  Jinağı.  Almatı

Jazuşı 



yay. 

AVEZOV M., (2005), Kazak Adebiyetinin Kazirgi Daviri, Astana: Foliant yay.  

BATHİN M.M.

, (2000), Epos i Roman, Sankt-Peterburg: Azbuka. 

BAYTURSINOV A., (1991), Ak jol, 

Almatı


Calın yay

GETE İ.


, (1993), Faust 

(Kazak diline çeviren Kurmanbayoğlu)

Almatı


Jazuşı yay.

 


 

 

 

 

 

Doç.Dr.

 

Janimgul KAMALKİZİ

                                                                                                             18 

 

 



NURGALİ R.

, (2005), 



7 Tomdık Şıfgarmalar Jinağı

, Astana: Foliant yay.  

ŞEKSPİR V.

, (1982). Ta



ndamalı

, 

Almatı


Jazuşı yay.

 

ŞALABAYEV B.



, (1967), 

Kazak Romanının Kalıptasıvı men Damuvı

, 

Almatı


Yazuşı 


yay. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал