ШАҒын жинақталған мектепте математиканы оқытуды ұйымдастыру даниярұлы Ә



жүктеу 28.82 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі28.82 Kb.

ӘӚЖ 373.13:51(574) 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ 



ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Даниярұлы Ә. 



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған 

 

Ғылыми жетекші – п.ғ.д., профессор С.М.Сеитова 



 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  деректері  бойынша 

республика мектептерінің жалпы санының 56,5 %-ын шағын жинақты мектептер құрайды. 

Оның  ішінде,   барлық  ауылдық  мектептердің  68,6  %-ы  шағын  жинақты  мектеп  болып 

табылады.  Қазақстан Республикасының білім  беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  айтылғандай  іс  жүзінде  әрбір  тӛртінші  мұғалім  ШЖМ-те 

жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-те оқиды [1]. 

Шағын  жинақталған  мектептер  жас  ұрпақтың,  жалпы  ауылдың,  тұтас  ұлттың 

болашағы  үшін  қызмет  етуде.  Сондықтан,  ауылдағы  «Шағын  жинақталған  мектептерді» 

кӛркейтуге, дамытуға кӛбірек күш салу керек.  

Бізді  де  ауыл  мектептеріндегі,  оның  ішінде  «Шағын  жинақталған  мектептердің» 

проблемалары, ондағы оқыту мен тәрбиелеу процесінің ұйымдастырылуы толғандырады. 

Сондықтан,  «Шағын  жинақталған  мектептердегі»  оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселесін 

жақсарту бағытында зерттеу жүргізудеміз. Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының 

Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептерді» алдық.  

«Алматы  облысы  білім  басқармасының»  2012  жылғы  1-ші  қыркүйектегі  Кербұлақ 

ауданының  мемлекеттік  күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектептер  жӛніндегі  мәліметіне 

сүйенсек, аудан бойынша барлығы 51 мектеп бар.  

1-кесте 

Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептердің» құрамы 

 

Орта мектептер 



Негізгі мектептер 

Бастауыш мектептер 

Аудан  бойынша  жалпы 

мектептер саны  

36 



11 



Оның  ішінде  «Шағын 

жинақталған мектептер» 

23 



11 



 

Біздің    мақсатымыз,  Кербұлақ  ауданындағы  «Шағын  жинақталған  мектептердің» 

болашағын  айқындап,  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  тиімді  жолдарын  кӛрсету 

үшін алдымызға тӛмендегідей міндеттерді қойып отырмыз: 

1.

 

Кербұлақ  ауданындағы  «Шағын  жинақталған  мектептердің»  болашағын 



айқындау; 

2.

 



Кербұлақ  ауданындағы  «Шағын  жинақталған  мектептерде»  білім  сапасын 

арттыруға  бағытталған  оқу-әдістемелік,  қаржылық-экономикалық  жүйесін  құруға 

бағытталған жұмыстар жүргізу. 

Бұл зерттеу жұмысын Алматы облысы, Кербұлақ ауданы мұғалімдерімен сауалнама 

жүргізуден бастап, мектептерді аралап кӛріп тӛмендегідей қорытындыға келдік: 

ШЖМ-тердің дені ауылда орналасқан. Ал ауыл мектептеріндегі оқушы саны кӛбіне 

190  оқушыдан  аспағандықтан,  олар  ШЖМ-тер  болып  табылады.  Жоғарыда 

айтқанымыздай, ШЖМ-тердің материалдық-техникалық базасы нашар, оқу ғимараты ескі, 

кӛрнекі  құралдар  жаңартылмаған,  кӛбінде  электронды  тақталар  жоқ,  кітап  қоры,  оның 

ішінде  электронды  оқулықтар  ӛте  аз,  және  ШЖМ-тердің  ерекшеліктеріне  негізделе 

отырып дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар мен оқулықтар жоқ. 


Сондықтан  біз  «ШЖМ-те  математиканы  оқытуды  ұйымдастыруға»  байланысты 

тӛмендегідей тұжырымға келіп отырмыз: 

- Аудан кӛлеміндегі бір-біріне жақын орналасқан мектептерді біріктіру. Егер де бір-

біріне жақын орналасқан 2 немесе 3 мектепті біріктіретін болсақ, ол мектептегі оқушылар 

саны  едәуір  артады;  әр  мектепке  бӛлінген  азды-кӛпті  компьютерлер  мен  электронды 

тақталар  бір  мектепте  орналасса  барлық  оқушыға  жеткілікті  болар  еді;  кітап  қоры 

молаятын еді; кадр тапшылығы болмас еді; кӛппәнділіктен құтылар едік. Сондықтан, жол 

қатынасында  қиындықтар  болмайтын,  бір-біріне  жақын  мектептерді  біріктіріп  оқытқан 

пайдалы деп ойлаймыз. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1 cурет. – Мектептерді біріктіру үлгісі 



 

-  Аудан  бойынша  ШЖМ-дегі  оқытуды  онлайн-режимге  кӛшіру.  Мұғалім  бір 

мектепте отырып,басқа мектептермен де байланыса алады немесе бір кабинетте бірнеше 

сыныпқа  бір  мезгілде  сабақ  жүргізе  алады.  Онлайн-режимде  оқытуға  лайықты  оқу-

әдістемелік құралдар, бағдарламалар құрылуы керек.  

 

2 сурет. – Мектептерді онлайн-режимде оқытуға біріктіру 



 

-  Электронды  оқулықтарды  пайдалану  арқылы  білім  беру.  Бұл  әдісті  мектептерді 

тасымалдамау мүмкін болмаса, онлайн-режим орнату қиын болса қолдана аламыз. Әрбір 

біріктірілген  сыныпта  сабақ  жүргізгенде,  бір  сыныпқа  сабақ  түсіндіріп  жатқанда  екінші 

сынып бос отырмайтындай, электронды оқулықтан тапсырмалар беріп, уақытты үнемдей 

отырып толық түсіндіріп үлгеруге болады. 

Панфилов атындағы 

орта мектеп 

(Қоғалы ауылы)

Шаған бастауыш 

мектебі

Кӛкбастау бастауыш 



мектебі

Водный бастауыш 

мектебі

 

 



 

 

3 сурет. – Біріктірілген сыныптарда сабақ жүргізу 

 

ШЖМ-терде қазіргі таңдағы оқу құралдарын қолданудағы негізгі қарама-қайшылық 



–  толық,  тұтас  сыныпты  оқытуда  қолданылатын  оқыту  әдістемесінің  шағын  мектепте 

қолдануға қолайсыздығы. 

Сондықтан, шағын жинақталған мектептердегі проблеманы шешу үшін мұғалімдерге 

қажетті  жекелеген  пәндерден  бағдарламалар  дайындау,  оқу-әдістемелік  кешен  әзірлеу 

және  олардың  электрондық,  мультимедиялық  нұсқасы  дайындалса  және  қашықтықтан 

оқыту 


мүмкіндіктері 

ұйымдастырылса, 

онда 

ШЖМ-терде 



мұғалімдердің 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне және сапалы  білім беруіне мүмкіндіктер туар еді. 



 

Әдебиет 

1.

 



Концепция  развития  малокомплектных  школ  в  Республике  Казахстан  на  2010-

2020 годы. – Астана, 2011. 

2.

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.А.Назарбаевтың  “Әлеуметтiк-



экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамытуының басым бағыты” атты Қазақстан 

халқына жолдауы.  27 қаңтар 2012.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7 желтоқсан 2010.

 

Мұғалім


5-сыныпқа

жаңа сабақ 

түсіндіріледі 

7-сынып


ӛзіндік 

жұмыс 


орындайды

6-сынып


есептер 

шығарады




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал