Ш. Ы. Ыбыраев Астана қ., Қазақстан КӨшпелі мәдениет туралы жаңаша пайымдау



жүктеу 93.23 Kb.

Дата18.02.2017
өлшемі93.23 Kb.

http://www.enu.kz

 

Ш.Ы. Ыбыраев  



Астана қ., Қазақстан 

 

КӨШПЕЛІ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ 

(Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» кітабы хақында) 

http://www.enu.kz

 

 

Еңселі  елдің  ең  алдымен  кӛзге  түсер  қасиеті  ӛз  тарихының  ұлттық-мемлекеттік, 



саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тұжырымдамасын кӛш түзегендей буып-түйіп бас-аяғын 

жинақтап  отыратындығында.  Мұндай  тұжырымдама  біртұтас  этнос  үшін  уақыт  кӛшінен 

қалмау,  дұрысы  сол  кӛштің  қозғаушы  күшіне  айналуына  керекті  рухани  азығын  қамдап 

алу  үшін  қажет.  Кеше  кім  едің,  бүгін  қандай  күйдесің,  ертең  қалай  болады?    Бұл 

сауалдардың  кез-келген  халықты  ұдайы  толғандыратындығы  ғана  емес,  бір-бірінен 

ажыратылмай  бірлікте  пайымдалатыны  да  қапысыз  шындық.  Жұртшылықтың  жады  мен 

санасының  жинақталып  бір  арнаға  құяр  тұсы  ұлттың  біртұтас  бірлік  идеясы  болса,  ол 

идеяның рухани азығы осы сауалдарға берілетін жауаптардың түйінінде жатыр. 

Әлбетте,  алдағының  не  болатынын  дӛп  басып,  дәл  айтатын  ешкім  жоқ.  Ондай 

сәуегейлік    орын  алған  жағдайдың  ӛзінде  тарихи  шындық  пен  болжам  іс-жүзінде  бір-

бірімен  қабыспауы  әбден  мүмкін.  Сӛйте  тұра  ӛткен  тарихтың  себебі  мен  салдары 

саналатын  бүгінгі  күннің  жай-күйіне  қарап  кез-келген  халық  келешекке  кӛз  тастайтыны 

анық.  Болашақтың  бейнесін  жұртшылық  біз  қаласақ    та,  қаламасақ  та  қоғамның  бүгін 

ұстанып  отырған  тарихи  тұғырнамасынан,  саяси-әлеуметтік  қарым-қатынасынан, 

қоғамдық болмыс-бітімінен ӛрбітіп алатынын ӛмірдің ӛзі кӛрсетіп отыр. Тарих сабағына 

жүгінер  болсақ,  этнозерденің  бүгінгі  ахуалы  ертеңгі  күнге  деген  алаңдаушылық  

тудырмауы  тиіс.  Бұл  ұлттың  ұйысуына  тікелей  әсер  ететін,  оның  іргесін  бекемдеуіне 

немесе  шарасыздықтан  (бәлкім  мәңгүрттіктен)  ыдырауына  әкеп  соғатын  саяси-

идеологиялық үдерістер. 

Әрине,  кез-келген  тарихи  тұжырымдама  объективті  тарихи  шындыққа  негізделуі 

қажет.  Онсыз  қоғамда  бұрмалаушылық,  ӛзімшіл  ӛктемдік,  сӛйтіп  этнозердеге  үстемдік 

орнай  бастайды.  Ӛктем  ұлтта  мұндай  тұжырымдама  кӛбінесе  ӛзімшілдікпен  жасалатын 

болса, бодан елдерде шектеу мен тиым-тежеуге ұшырайтыны жасырын емес. Бұған әлем 

тарихынан мысалдар жетіп артылады. 

Демек,  тарихи  айғақтарға  негізделетін    тарихи  тұғырнамалық  пайымдаулардың 

қоғам  үшін  аса  мәнді  екенін,  анығы  ғылыми  ой-пікірдің  қоғамның  жай-күйіне  қатысты 

ӛрбитінін,  осыған  сәйкес  ғылымның  қоғам  айнасы  екенін  анық  аңғарамыз.  Тарихи 

тұғырнама этнос табиғатымен қосақтала тұжырымдалады және ол қалай болған күнде де, 

саяси-әлеуметтік  жай-күйді  айтпағанның  ӛзінде,  ең  алдымен  кісінің  кісілік  ұстанымына 

қатысты екені даусыз. 

Бүгінгі  ой  тәуелсіздігі  орнаған  ортада  қалам  ұстаған  адам  қай  тақырыпты  қалай 

қаузаса  да  еркі  бар.  Әсіресе  жеке  бір  ауылдың,  ауданның,  сол  деңгейдегі  бір  адамның, 

болмаса  жекелеген  ру-тайпаның  мән-жайын  тәптіштеп  баяндап,  әдемі  әшекейлеп,  түрлі-

түсті суреттермен безендірген кітап кӛп. Бір әулет, бір ру үшін қымбат дүние саналатын 

ондай  қалың  кітаптар    -      қатпар-қатпар  тарихымызды  түгендемесе  де  ұлтқа  зияны  жоқ, 

ана  тіліміздің  насихаттаушысы  болғанын  кӛңілге  медеу  қыламыз.  Тек  әйтеуір  ұлттық 

мүддені аяқ асты етпесе болды да. Ал шындығына келгенде онсыз да дүкендерде селдіреп 

тұрған  қазақша  кітаптардың  ішінен  ұлт  сүйсініп  оқитын,  халқымыздың  зердесіне  ой 

салатын  ғибраты  күшті,  тарихи  шындығы  күмәнсіз  жақсы  кітап  тауып  оқу  қиындап 

барады. 


Бұл  ахуалдың  бір  жағынан  этнозерденің  әлі  де  игеріліп  болмаған  жай-күйі  мен 

қазіргі  тәуелсіз  бітімі  ғылыми  пайымдаулардың  шындап  тезіне  түспегенін  аңғартса, 

екіншіден  жеке  зерттеушінің  ұлтқа  қатысты  ұстанымының  да  мәні  зор  екеніне  күмән 


http://www.enu.kz

 

қалдырмайды. Сӛйтіп кӛңілің қалап, ақылың құптайтын жалпы ұлттық сұраныстың ӛтеуін 



іздейсің... 

Соңғы  жылдардағы  қоғамдық-гуманитарлық  ғылым  салаларындағы  осындай 

сұраныстың  ӛтеуіне  тұрарлық  еңбектердің  бірі  ғана  емес,  бірегейі  ретінде  қазақтың 

дәстүрлі  мәдениеті  мен  этникалық  болмыс-бітімінің  терең  зерттеушісі,  белгілі  ғалым, 

жазушы,  этнограф,  фольклортанушы  Ақселеу  Сейдімбектің  «Қазақтың  ауызша  тарихы. 

Шежірелік деректерді пайымдау» (Астана, 2008, 728 бет) атты іргелі зерттеуін атап ӛтуге 

лайықты  деген  ойдамын.  Қазақ  оқырманына  жол  тарқан  бұл  кітап  –  ұлттық 

құндылықтарымызды  қызғыштай  қоритын  зерттеу  ғана  емес,  сол  құндылықтарды 

этнографиялық  және  этнологиялық  ғылымның  қазіргі  жетістіктері  тұрғысынан  тарихи 

шындыққа  сәйкес  шынайы  түрде  саралап  беретін  еңбек.  Оқырманын  бей-жай 

қалдырмайтын, тұжырымдамалық мазмұны тереңге тартқан, қазақтың дәстүрлі қоғамына 

тарихи-тұрғыдан  зерттеуде  ауыр  жүк  арқалаған  бұл  еңбектің  XXI-ғасырдың  басында 

әупірім  Тәңір  деп  дүниеге  келгені  бір  жағынан,  сүйінші  сұрарлық  қуаныш  сезімін, 

екіншіден,  уақыттан  ұтылған  істің  кӛңілге  аздаған  ӛкініш  ұялатқанын  айту  керек-ті.  

Сүйінші сұрайтын жері – кітапта айтар ойында даралық сипат, даналық келбет, қазақтың 

дәстүрлі  қоғамы  мен  мәдениетінің  ғылыми  бағасын  берудегі  кеткен  есені  қайтару  бар. 

Ӛкінетініміз  -    осындай  сипаттағы  еңбек  ең  болмағанда  тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарында  дүниеге  келсе,  бәлкім,  сонан  бері  қоғамымыздың  этнозерделік 

тұжырымдамаларының ұлттық салмағы әлдеқайда арта түскен болар ма еді деген ой. 

Кітапты  оқып  шыққанда  алдымен  аңғарғанымыз  ғылыми  тұжырымдаманың 

мейлінше  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  табиғатынан  туындап,  аса  мол  деректерге  арқа 

сүйеуі, қазақ хандығының құрылуы барысындағы кӛшпелі қоғамның құрылымдық жүйесі, 

рулар,  тайпалар,  жүздер  түзілімінің  саяси,  әкімшілік-территориялық,  мемлекеттік, 

шаруашылық-кәсіптік  негіздемелерін  жіпке  тізіп,  қолмен  қойғандай  жаңаша 

пайымдаулары  болды.  Тағы  да  ойға  оралғаны  –  кеңестік  дәуірде  қазақ  халқының  ӛткен 

тарихи кӛшпелі қоғамының шынайы келбеті туралы мұндай еңбек, біріншіден, партиялық 

цензурадан ӛтпеген болар еді,  екіншіден, түрі ұлттық, мазмұны социалистік деп келетін 

таптық  ұстаным  тұрғысынан  айыпталып,  ұлтшылдықтың  айғағы  ретінде  мансұқталған 

болар еді  дейтін ұлт тағырының уақыт тезіне түскен кейпі болды. 

Бұлайша  ӛткенге  қарайланқырап,  болмаған  істі  болғандай  етіп  баяндауымызда 

себеп  бар.  Қазақтың  ру,  тайпа,  жүз  дейтін  ұғымдарына  кеңестік  ұстанымның  аямай 

шеңгелді  қолын  салғаны  соншалық,  әлі  күнге  дейін  бұл  ұғымдар  ғылыми  ой-пікірден 

үстін шығып, қарапайым оқырманды айтпағанда, кейбір зерттеушілердің ӛзі бұл мәселеге 

үрке  қарайтыны  жасырын  емес.  Ӛз  тарихымыздан  жеріну  деген  осы  болар.  Осы  тұста 

«Қазақтың  ауызша  тарихына»  қарап  отырып,  қазақ  елінің  тәуелсіздік  туы  астында  тӛл 

тарихымызға  деген  тұғырнаманың  ӛзгергендігі  ғана  емес,  тарихи  әділдік  пен 

объективтіліктің ғылыми зерттеулерде әдістемелік жағынан да, әдіснамалық жағынан да іс 

жүзінде басшылыққа алынып жүзеге асқанын тағы бір рет атап ӛту артық болмас. 

Мәселенің бетін ашып алайық, қазақтың кӛшпелі қоғамына қазіргі ғылыми-мәдени 

тұрғыдан  ден  қойғандағы  мақсат  ру-тайпалық  жүйені  дәріптеп,  оны  қайта  тірілту  емес. 

Ондай  жүйені  дүниеге  әкелген  және  арқа  сүйеген  қоғам  келмеске  кеткен.  Мәселе,  қазақ 

этносының  қалыптасуына  және  дербес  мемлекеттік  құрылымының  іргетасын  берік 

ұстауына  айрықша  қызмет  еткен  құбылыстың  тарихи-саяси  мәнін,  тӛл  тарихымыздың 

қабырғалы  кезеңіне  әділетті  баға  бере  отырып,  Ақанның  сӛзімен  айтқанда  «кӛшпелілер 

қоғамына  негіз  болған  ру-тайпалық  жүйенің  сол  кездегі  киеленген  (сакрализация) 

сипатын» ашып кӛрсетуде. Сол арқылы ӛз тарихына менсінбей, қомсына қарайтындардың 

кӛзқарасы мен пиғылына тойтарыс беруде. 

Кез-келген  қоғамның  және  дәуірдің  этнозердесінде  біріктіруші  діңгек  идеясы 

(центральная  идея  терминін  Ақаң  қазақшалаған)  болады.  Онсыз  мемлекеттік  тұтастыққа 

негізделген этностың ғұмыры ұзаққа бармаса керек. Ондай діңгек идея сол дәуірдің, сол 

қоғамның саяси-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ӛзгешеліктері мен құрылымынан келіп 


http://www.enu.kz

 

шығатыны  және  сол  ортаға  қызмет  ететіні  күмәнсіз.  Қазақ  хандығы  аясындағы  ру-



тайпалық  жүйенің де осындай қажеттіліктен, кӛшпелілердің этноәлеуметтік табиғатынан 

туындағанын  біле  тұра  оның  қазіргі  тыныс-тіршілігімізге,  идеологиялық  ұстанымыз  бен 

қалпымызға сай келмегеніне қарап ӛткен тарихымыздағы мәнін де жоққа шығаруға себеп 

жоқ.  Қазіргі  рушылдық  пен  жүзшілдік  пиғылдар  жекелей  алып  қарағанда  бүлінген 

дүниенің сынықтары мен ұшқындарын ӛз мүддесіне лайық малданудың кӛріністері ғана. 

Ал  енді  қазақ  ғылымында  тарихқа  да,  мәдениетке  де  қатысты  ӛзімшіл  ӛктем 

тұжырымдама бұрын-соңды болған емес, бұдан кейін де бола қоймас. Себебі мұндайдың 

тарихи алғышарттары қазақ қоғамына мүлдем жат. Шектеу мен тыйым салудың жайына 

келетін  болсақ,  оның  зардабын  қазақтың  ой-зердесі  тартудай-ақ  тартты.  Ақаңның 

кітабында осындай идеологиядан әбден қаймығып қалған кӛшпелі қоғамның тарихи жай-

күйі  мүлдем  жаңаша  тұжырымдалып,    XV-ғасырда  қазақ  хандығының  құрылған  күнінен 

бастап  жаңа  мемлекеттің  іргетасын  бекемдеу  үшін  рулық,  тайпалық,  жүздік 

құрылымдардың  жаңадан  түзілгендігіне  бұлтартпас  дәлелдер  келтіріледі.  Кейінгілерге 

осындай  туыстық,  генеологиялық    жүйе  қатып  қалған  қаңқа  сияқты  кӛрінгенімен  қазақ 

хандығы  құрылған  тұста  ыдырап  жатқан  ру-тайпалардың  ең  алдымен  тарихи 

тамырластығын  ескере  отырып  топтастырылғандығы  тарихи  шындыққа  сай.  Бір  ғажабы 

мұндай  құрылымның  іс-жүзінде  басқа  (кірме)  тайпалар  мен  руларға  да  құшағы  ашық 

болғаны, оларға тұтас этнос ішінен ақылға қонымды орын табылатыны дау тудырмайтын 

деректермен бекемделеді. Сӛйтіп қоғам тарапынан қабыл алынған мұндай жӛн-жосықтың, 

жол-жоралғының,  ата-баба  дәстүрінің  жолға  қойылу  себептеріне  зерттеуші  этнозерденің 

тұтастығын қамтамасыз ететін идеологиялық тетік ретінде қарайды. 

Әрине,  әрбір  ру,  тайпа,  жүз  деңгейлеріндегі  түзілімнің  ӛткен-кеткен  тарихында 

қаншалықты дәрежеде, шарттылықтың барын, оның ауқымын нақтылы ӛлшеп-пішу қиын. 

Бірақ  қомақты  екені  даусыз.  Оған  кітапта  келтірілген  түрлі  ру-тайпалардың,  жүздің 

құрамында кездесетін ортақ ру-тайпа атаулары, тіптен басқа түркі халықтарының ішінде 

жүргендігі дәлел бола алады. Бәрі де туыстық жүйе сияқты кӛрінетін бұл түзілімнің ішіне 

түрлі  себебі  мен  дәлелін  тауып  қосылатын,  тіпті  кейде  қосылмайтын  ру-тайпалардың 

туыстық жүйесінде белгілі бір дәрежеде шарттылық орын алған болса, ол шарттылықтың 

ортақ этнозердеге сай мемлекеттік ұстаным ретінде бекемделіп отырғанын болжауға негіз 

бар.  Онсыз этнозерденің бірлігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі ең алдымен сол ру-

тайпаның  мүшелері,  сосын  былайғы  кӛпшілік  туыстыққа,  ататекке  қатысты  қисынды-

қисынсыз  дәйектемелерді  (кӛбіне  миф,  аңыз, әңгіме  түрінде)  қабылдай  бермесе  керек-ті. 

Шарттылық  салт-дәстүрмен,  жол-жоралғымен,  жӛн-жобамен,  этикалық    нормалармен, 

тіпті  кейде  наным-сеніммен  бекітіліп  отырған.  Бала  асырап  алу,  бала  алмастыру,  асық  

жілік ұстату, құдандалы болу, қыздан туған  ұлға енші  бӛлу, кірме  руға шежіреден орын 

беру, ата текті ортақтастыру,  т.т. сияқты үрдістердің бәрі мифтік, аңыздық, тарихи, діни 

ұғымдармен дәйектелетін болған.  

Сонан  осыншама  тамырластық  пен  туыстықтың  түпкі  мәні  Ақаңның 

пайымдауынша    былай  болып  шығады:  «Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  туысқандық  жүйе 

деген,  әрбір  жеке  адамды  тұтас  этножаралыммен  сабақтастыратын,  жай  ғана 

сабақтастырып қоймай, әрбір жеке адамға этностың бір мүше екенін терең сезінетін, сол 

арқылы  жалпы  этникалық  туысқандық  жүйені  әркімнің  жақсы  білуін  ӛмірлік 

мұқтаждыққа  айналдыратынын,  нәтижесінде  «қарға  тамырлы  қазақ»  деп  аталатын 

біртұтас этнос аясындағы барша тіршілік-әрекетті реттеп отыруға тегеурінді ықпал ететін 

және  әлеуметтік  қатынастардың  барлық  деңгейлері  мен  типтеріне  бірдей  қатысы  бар 

этноақпараттық кеңістік екені біршама сараланды» (181-бет).  

Қазақ  халқының  біртұтас  бӛлінбейтін  этнос  екендігін  құрамындағы  рулар  мен 

тайпалар түзілімінің  тарихын зерделеу арқылы кӛз жеткізген Ақселеу Сейдімбек ұлттың 

болмыс-бітімін, ӛзіндік сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсіндірудің табиғи-

тарихи  кілтін  тауып,  ру-тайпа  тӛңірегіндегі  небір  алыпқашпа  әңгімелердің  түпкі  мәніне 

нүкте  қойды  деген  ойдамыз.  Бір  кезде  этникалық  тұтастық  тұрғысынан  зерделенген  ру-


http://www.enu.kz

 

тайпа  бірлестігінің  бүгінгі  қалдығы    арагідік  қисынсызды  қиыстырантындай  әсер 



қалдыратыны рас. Заманы басқа жүйенің ХХІ ғасыр табалдырығында ағайын арасындағы  

сыйластықты, аралас-құраластықты, үлкенді құрметтеуді, туысқа қайырылымдықты, құда 

түсуді  реттеуге  септігін  тигізері  сӛзсіз,  бірақ    ұлтты  бӛлшектеуге  әсте  жол  бермейтін, 

керісінше «қарға тамырлы қазақ» сұраса келе бір-біріне ағайын, туыс, бауыр, құда-жекжат 

болып  шығатынын  әрбір  қазақ  түсінуі  шарт.  Себебі  кӛшпелі  қоғамның  ұлттық-

мемлекеттік  жаралым  (организм)  ретіндегі  жүйесін  бүгін  жеке  мүдеге  сай  үзіп-жұлқып 

кәдеге жарату, сыпайылап айтқанда қара бастың қамын күйттеу. 

Ал  шындығына  келгенде  бұл  жүйенің  түпкі  мәні  де,  қызметі    де  Ақаңның  

пайымдауында мүлде басқаша тұжырымдалады: 

-

 



мемлекеттік  –құқықтық  тұрғыда    далалық  демократияға  негізделген  билік 

жүйесі орныққан; 

-

 

әлеуметтік-құрылымдық  тұрғыда    әулет-ата-ру-тайпа-жүз  деп  келетін 



әкімшілік-аумақтық сатылы тұтастыққа құрылған

-

 



материалдық-ӛндірістік  тұрғыда  ру-тайпа  аясындағы    «ауыл»  немесе 

«қауым» деп аталатын әрбір  ұжымдық бірлестіктер ӛзін-ӛзі толық қамтамасыз еткен

-

 

этномәдени  тұрғыда  әлеуметтік  қатынастардың  барлық  деңгейлері  мен 



типтерін тұтастандыратын ақпараттық  кеңістігі қалыптасқан (96-бет). 

Мұны  кӛшпелі ӛмір салттың аясында аса тиімді, қоғамға қалтқысыз қызмет  еткен 

тұтас жүйенің  тарихи тұжырымдамасы деп түсінген жӛн.  

Бұл  ретте,  кӛшпелі    қоғамды  қан    тамырындай  байланыстырып  жатқан  бірыңғай 

ақпараттық  кеңістік  туралы  да  айта  кеткен  орынды.  Түпетеп  келгенде  бұл  кӛшпелі  

қоғамның  этникалық  тұтастығын  қамтамасыз    ететін  ақпараттар  жиынтығы  деген  сӛз. 

Жұртшылықтың идеологиялық мәні зор мәселенің тӛңірегінде ғана ұйысуы мүмкін екенін 

ескерер  болсақ,  онда  кӛшпелі  елдің  кӛңілінен  шығатын,  әрі    халықтың  бүтіндігін 

қамтамасыз ететін бірден-бір ақпараттық мәлімет ӛзіңнің кім екенің (жеті атаны білу), қай 

елден  тарайтының  және  исі  қазаққа  қай  жерден  қосылатының  дейтін  мәліметтер  ең 

маңызды сауалдарға айналады. 

Осы  жерде  орайы  келгенде  айта  кетейік,  отырықшы  шаруашылыққа  сәйкес 

территориялық  тәртіппен  жіктеуге  кӛшпелі  қоғамның  табиғаты  мүлдем  кӛнбейді.  Арғы 

дәуілердегі құлашы кең, ӛрісі ұзақ кӛштің жазда Орал тауларына, Сібір ӛзендеріне дейін, 

қыста  Шу,  Сыр  бойына  дейін  жазылып  қоныстанатынын  ескерсек  ақпараттық  кеңістікті 

реттеудің  бірден-бір  тиімді  жолы  рулық-тайпалық  түзілім  болып  шығады.  Мұндайда 

жолаушы қай жерден емес, қай елден екенін ғана  айта алса керек. 

Бірыңғай  ақпараттық  кеңістік  ұғымы  біздіңше,  барлық  ауызша  да,  жазбаша  да 

деректерді  тұтастай  қамтиды.  Себебі  қазақтың  этникалық  болмыс-бітімі  оның  тарихына 

қатысты  шежірелік  мағлұматтармен  ғана  шектелмейтіні  анық.  Ұлттың  дүниетанымын, 

әдет-ғұрпын,  кӛркемдік  таным-түсінігін,  арман-қиялын,  жүріс-тұрысын,  наным-сенімін, 

моралдық-этикалық  нормаларын,  шаруашылық  кәсібін,  т.б.  айғақтайтын  аңыз-әңгіме, 

ӛлең-жыр, дастан, толғау, ғибратты сӛз, миф, ертегі, қысқасы былай дейтіні жоқ, бәр-бәрі 

этнос  табиғатынан  ӛрбиді.  Осындай  кӛл-кӛсір  ауызша  дәстүр  ғана  кӛшпелі  халықтың 

тұтастығын,  оның  жаратылыс-табиғатын,  мінез-құлқын,  дүниетанымын  бірыңғай  ӛрісте  

ұстай алады. Сонда ғана Ақаңның «жер бетінде этномәдени болмысы біртұтас жалғыз ұлт 

болса,  ол-қазақ    ұлты»  (4-бет)  деген  тұжырымын  іс-жүзінде  қамтамасыз  еткен  пәрменді 

күш, бір жағынан, осы айтылған кең мағынадағы бірыңғай ақпараттың жиі алмасуы мен 

ортақтығына ұйтқы болған кӛшпелі ӛмір-салт. Ұланғайыр даланың тұтастығы ол заманда 

тек осылай ғана жүзеге асуы мүмкін. 

«Қазақтың  ауызша  тарихы»  қамтыған  мағлұматтардың  дені  шежіреге  қатысты. 

Олай  болатыны  заңды  да.  Дәстүрлі  ұғымда  тарихтың  тікелей  баламасы  осы  шежірелік 

деректер.  Сол  үшін  де  зерттеуде  бірыңғай    ақпараттық  кеңістік  ұғымы  іс-жүзінде 

шежірелік мәліметтермен шектелген. Бұған қосып-аларымыз жоқ. 



http://www.enu.kz

 

Дегенмен  осынша  ақпараттық  жүйенің  жүгі    ауызша  айтуға  және  таратуға 



жүктелгендіктен  оның    бітімі  мен  салмағының  басқа    қоғамдық  ортадан  түбірлі 

айырмашылығы барын да айтқан жӛн. Ауызша шешен сӛйлеу, сӛздің байыбына бару, ӛз 

жадынан бір-екі ауыз болса да ӛлең шығару сияқты қасиеттер қоғамның әрбір  мүшесінің 

үйреншікті әдеті саналған. Ал сӛзге дес беру, бір ауыз сӛзге тоқтау, сӛзін жерге тастамау, 

сӛзден ұтылып қалмау, сӛздің парқын пайымдап отыру сияқты ұғымдар кісінің кісілігін, 

тектілігін  айғақтайтын  қоғамдық  нормаға,  моралдық-этикалық    қарым-қатынастардың 

кӛрсеткіші  мен    куәсына  айналды.  Кез  келген  жолаушының  ата-тек  сұрасқаннан  кейінгі 

қадір-қасиеті оның сӛзіне қарап пайымдалғанын сол ауызша деректердің  дені айшықтап 

тұрады.  Сӛйтіп,  поляк  саяхатшысы  А  Янушкевич  айтқан  «аққан    селдей,  ескен  желдей  

ағыл-тегіл  сӛздің»  тербелген  бесігі    кӛшпелі  қоғам  қарым-қатынас  құралы  тілді  ӛнер 

дәрежесіне кӛтерді. Бұған ӛткен ғасырларда қазақ даласын кезген ондаған ғалымдардың, 

саяхатшылардың,  мәлімет    жинаушылардың,  тілмаштардың,  тіптен  түрлі  мақсатпен 

жүрген    әскери  адамдардың  да  деректері  куә.  Олардың  бұл  кӛрініске  назар 

аудармағандары сирек.    

Қазақтың  ауызша  сӛз  ӛнері  түр,  жанрлық  құрамы  жағынан  әлемдік  фольклордың 

алдыңғы сапында екендігі, оларды тек кӛркем сӛз ӛнері ретінде қарастыруды айтпағанның 

ӛзінде,  тарих,  этнография,  тіл,  философия,  құқық,  дін,  этика,  эстетика,  педагогика, 

психология  сияқты  пәндердің  ұлттық  тарихи  дерек  кӛзі  сол  ауызша  мұрадан  бастау 

алатыны қазір күмән тудырмайтын шындық. 

 

Туғанда дүние есігін ашады өлең, 

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, – 

 

деп,  Абай  атамыз  айтқандай,  бесік  жырынан  жоқтауға  дейінгі  адам  ӛмірінің  рухани 

салмағы сӛзбен ӛрілетіні сӛз қадірін бағалаған қоғамның жемісі. 

Ақселеу  Сейдімбек    –    фольклортанушы  ғалым.  Сол  үшін  де  ол  қазақтың 

шежірешілдік  дәстүрі  мен  сӛз  ӛнерінің  табиғаты  бір-бірімен  тариғи  тұрғыдан 

салғыластырылып  қарастырылса  ауызша  тарихтың  кӛркемдік  (немесе  шарттылық)  жағы 

мен  тарихи  деректік  сипаты  жан-жақты  ашыла  түсетінін  жақсы  біледі.  Әрине,  бұл 

жағдайды  кітаптың  ӛн  бойынан  біртіндеп  аңғаруға  болады.  Дегенімен,  қиял  мен 

шындықтың,  шарттылық  пен  тарихилықтың  арасын  әдістік  және  әдіснамалық  тұрғыдан 

ажыратып алуы қажет  еді деп санаймыз. Себебі қазақтың ауызша тарихының шындығы 

қайсы,  ойдан  қосылған  қоспасы  қайсы,  оның  үстіне  ӛз  уақытында  шындықтың  ӛзі  деп 

қабылданған мифтік, киетектік (тотем), аңыздық қисындардың ӛткені мен бүгінгісінің ара 

жігін анық ажыратып алу үшін де әдістік және әдіснамалық ұстанымның бетін ашып алу 

керек  еді.  Бұл  мәселенің  біраздан  бері  қазақтың  ӛткен  тарихына  қатысты  қай  жағынан 

алып қарасақ та арнайы  пікірталасқа түсетін уақыты пісіп жетілді. Ру, тайпа, ел, жер-су 

туралы  ұдайы  жарық  кӛріп  жатқан  зерттеулер  мен  деректердің  ұзын  ырғасынан  оқушы 

түгілі  кейбір  зерттеушінің  ӛзі  ненің  не  екенін,  яғни  дерек  шындығын  ғылыми  тұрғыдан 

ажыратудан қалып бара жатыр. 

Түптеп  келгенде,  шежірелік  дәстүр  халықтың  ӛз  тарихына  деген  кӛзқарасы  мен 

тұжырымдамасының жиынтығы. Ал халықтың кӛзқарасы мен тұжырымдамасында қашан 

да шарттылықтың орын алатынын кез-келген зерттеуші білуі тиіс. 

Осы жерде мына мәселені атап ӛткіміз келеді. Ӛз ортасында шежірелік деректердің 

тарихи  шыншылдығы  мен  мәліметке  қанықтығы    тұтастай  алғанда  дау  тудырмаған, 

тудырса тездетіп реттеліп отырған. Ұжымдық сүзгіден ӛтіп, жұртшылыққа кеңінен тарау 

үшін  алдымен  шежірешіл,  аузы  дуалы  ақылман  адамдардың  мақұлдауынан  ӛткен  деп 

болжауға  негіз  бар.  Себебі  шежірелік  деректер  еріккеннің  ермегі  ретінде  айтылатын 

әңгімелердің сортынан емес, ол жеке индивидтің, ру-тайпаның тап бүгінгі күнгідей куәлік 

құжатының  қызметін  атқарғаны  күмән  қалдырмайды.  Сондықтан  ойдан-қырдан 

құрастырған  қойыртпақ  қисын  бұл  жерге  жүрмейді.  Барша  жұрт  мақұлдаған,  шүбәсіз, 


http://www.enu.kz

 

тарихтың баламасы саналған нұсқа ғана сақталған. Бұл жерде біз Ақаңның «ру-тайпалық 



жүйе  тек  генеологиялық  құрылымның  ғана  айғағы  емес,  ең  бастысы,  ру  тайпалық  жүйе 

кӛшпелі  ӛмір-салттағы  ұлттық-мемлекеттік  жаралымның  әлеуметтік  ахуалына,  саяси-

идеологиялық  ұстанымына,  мәдени-рухани  қалпына  тұғыр  (фундамент)  болған»  деген 

пікірімен толық келісеміз.  

Дегенімен,  бұл  жағдайдан,    жоғарыда  айтқанымыздай,  шежірешілдік  дәстүрде 

шарттылық  жоқ  деген  ұғым  тумауы  тиіс.  Шарттылық  бар  және    ол  толып  жатқан 

себептерге  байланысты  орын  алған.  Біріншіден,  зерттеу  нәтижесіне  қарағанда,  қазақ 

хандығы  құрылғанға  дейінгі  кезеңнің  генеологиялық  түзілімі  мейлінше  ықшамдалған 

және қазақ қоғамының этногенездік ұстанымына сәйкес ӛзгертілген, екіншіден, бұрыннан 

бар  ру-тайпалардың  түзілімі  жаңадан  қайта  қаралып,  жаңа  құрылымға  лайық  қайта 

жасақталған,  үшіншіден,  мифтік,  киетектік,  ілкіаталық  (первопредок),  мәдени 

қаһармандық  (культурный  герой)  тұлғалар  дәрежесіндегі  ата-бабалар  байырғы  тотемдік, 

антропоморфтық  (жартылай  аң,  жартылай  адам),  діни-мифологиялық,  наным-сенім 

сипатында сақталған, тӛртіншіден, кірме рулар, аттас ру-тайпалар, ұранға шыққан аналар, 

қыздан,  асырап  алған  баладан  тарайтын  рулар,  жүзге  кірмейтін  ру-тайпалар  сияқты 

түзілімдердің  астарында генеологиялық принциптен  гӛрі этнос тұтастығын қамтамасыз 

ететін «шарттылықтың» ізі бар. 

 Мұның бәрі түптеп келгенде қазақ қоғамының ішінде  жүрген ру-тайпалардың қай-

қайсысын  да  сыртқа  теппей,  ішке  тартқан  этнозерденің    ұстанымын  айғақтайды.  Бұған 

тегеуріні  күшті  ру-тайпалардың  ӛз  тегін  мықты  аңыз  атадан,  мифтік,  діни,  байырғы 

тарихи қаһармандардан таратып алатынын да қосуымызға болады. 

«Қазақтың  ауызша  тарихы»  еңбегінің  кӛтерген  жүгін  мақала  кӛлемінде  түгел  сӛз 

етін  шығу  мүмкін  емес.  Ауызша  тарихты  рет-ретімен  тарататын  шежірені  жетік  білетін, 

ӛтірікті  ӛрге  батырмайтын  дала  ділмарлары  мен  шешендері,  данагӛй  қариялары  кӛшкен 

елмен  бірге  кетті.  Дәурені  ӛтіп,  оралмасқа  бет  алған  кӛштің  ең  соңғы  легіне  Ақселеу 

Сейдімбектің  де  ілесіп  үлгергені  бұл  еңбектің  шынайы  сипатын  қамтамасыз  еткен.  Сол 

үшін де кӛшпелі  қоғамның жоқтаушысындай  әсер қалдыратын Ақаңның кӛзбен кӛрген , 

құлағы естіген,   қолмен жиған деректері  асқан бір ыждақатпен,  перзенттік махаббатпен 

қат-қатымен баяндалады. Кӛшпелі қоғам сізді еріксіз ӛзіне ынтық етеді. Бұл зерттеушінің 

қалам қарымы, туған ортасына деген ыстық ықыласы. 

Кӛшпелі  салттың  қаймағы  бұзылып,  ат  үстінде  жүрген  қазақтың  қайсар  рухы 

жаншылғанда отарлаушылар еркіндікті ғана  алған жоқ, ата кәсіп пен кӛшпелі салтты да 

түсініксіз тіршілікке айналдырып жіберді. Жойдасыз ашаршылықтар, қырғын-сүргін, жер 

ауа кӛшу сияқты зобалаңдардың қазақ тарихында еселей түсуі де содан. 

Бүгінгі  ұрпақ қазақтың  ӛткен  дәуірінің  тарихи  түйінін  дұрыс  ұғынуы  керек.  Елін, 

жерін сүю, мәдениеті мен тілін қастерлеу ӛз халқынын тарихын жақсы білуден және оны 

мақтан  тұтудан  басталады.  Ру-тайпа    ұғымын  әркімнің  қолжаулығына    айналдырмай,  

бӛлінбейтін біртұтас этностың бӛлшегі екенін, алдымен тұтас этностық сананың қашан да  

жоғары    тұратынын  кез  келген  қоғамның  мүшесі  білуі  тиіс.  Бұл  біздің  егемен  еліміздің 

бүгіні мен ертеңі үшін, ұлттың ширығуы үшін аса қажетті тарихи-рухани алғышарттар. 

Қазақтың    бір-біріне  ағайын,  туыс,  бауыр  болып  келетіні,  баршаға  деген 

бауырмалдық сезімі, ешкімді де жатсынбай құшағын ашатыны - атадан қалған  мұра. 



«Қазақтың  ауызша тарихының» қазіргі  қоғамға беретін үлгі-ӛнегесі де осында. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал