Ш Ұ Ғ ы л ас ы қалалық апталық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 449.24 Kb.

бет1/5
Дата11.09.2017
өлшемі449.24 Kb.
  1   2   3   4   5

Ш Ұ Ғ Ы Л АС Ы

Қалалық апталық қоғамдық-саяси газет

E-mail: gazetakentau@mail.ru

Газет 1933 жылдан бастап шыға бастады.

№ 25/ 7895, Сенбі, 21  маусым 2014 жыл

Қалалық мәслихат депутаттарының,

тұрғындардың назарына!

Кентау қалалық мәслихатының

сессия төрағасының 

ШЕШІМІ


            Кентау қаласы                  № 84            2014 жыл 16 маусым

Кентау қалалық мәслихатының

бесінші шақырылымының

кезекті отыз алтыншы сессиясын

шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тура-

лы» Заңының 18-бабына сәйкес Кентау қалалық  мәслихатының бесінші шақы-

рылымының кезекті отыз алтыншы сессиясы 2014 жылдың 26-шы маусымын-

да сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.



Сессия төрағасы        Қ.Елеусизов

Күн тәртібінде:

1. 2013 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы.

2. Әр түрлі.

Қалалық мәслихат хатшысы       К.Сырлыбаев

Қабылдауға  кіріп,  өз  мәселесін 

жеткізгендер Ромах көшесінің тұр-

ғыны  Рахымберді  Аққулиев  «Қы-

зыл әулие» мазаратының қоршауы 

туралы айтса, Ермахан Өмірзақов 

ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсыну үшін 

өзі құрастырған тоғызқұмалақ тақ-

тайшасын жасатып беруді өтінді.

Рахимов көшесі № 8-1 үйдің тұр-

ғыны  Жұбайхан  Қарақұлова  мен 

Ясауи даңғылы № 98-40 пәтердің 

тұрғыны  Тонзилия  Орынбасарова 

тұрғын  үй  мәселесін  айтса,  Әл-

Фараби көшесі № 84-26 үйдің тұрғыны Күлташ 

Тұрсынбаева жылу құбырын жаңа трассаға қосу 

туралы айтты. Шәкәрім көшесі № 19 үй тұрғыны 

Гүлсара Талпакова көп қабатты үйдегі пәтеріне 

жылу  жүйесін  орналастырып  беруді  сұрады. 

Сейфуллин  көшесі  №  94-86  пәтер  тұрғыны 

Анатолий Пешков зейнетақының аз мөлшерде 

төленуіне наразылық білдіріп, заң шеңберінде 

қарап,  жауап  беруді  сұрады.  Хантағы  ауылы 

Ильич көшесі № 22-2 үй тұрғыны Мәншүк Ерім-

бетова  қызының  сырқаттануына  байланысты 

Германияда  емделуіне  медициналық  көмек 

беруді  өтінді.  Бүргем  ауылы,  Ниязов  көшесі 

№  3  үйдің  тұрғыны  Ысқақ  Алиев  пен  Хантағы 

ауылы Ильич көшесі № 2-12 үй тұрғыны Гаухар 

Баймұратова  және  Хантағы  ауылы,  Хантағы 

көшесі № 15 үй тұрғыны Мөлдір Жұмадуллае-

ва  тұрақты  жұмысқа  орналастыру  мәселесін 

айтты. Құлыншақ көшесі № 29-2 үйдің тұрғыны 

Роза  Дүйсенбекова  мен  С.Мұқанов  көшесі  № 

27  үй  тұрғыны  Анаркүл  Аширбекова  жұмысқа 

орналастыру  туралы  сұрады.  Логинов  көшесі 

№ 43-8 пәтер тұрғыны Анна Ахметова апатты 

үйлерге қаржы бөлу туралы айтса, Алтынсарин 

көшесі № 18-1 үйдің тұрғыны Ұлзада Өтегенова 

жұбайы Ахметбек Өтегенов 2-ші топтағы мүге-

дек, денсаулығына байланысты материалдық-

медициналық көмек сұрады.

Қаламыздың  тұрғыны  Сұлтанбек  Қожанов 

атасы Сұлтанбек Қожановтың туылғанына 120 

жыл  толуына  орай  қала  көлемінде  конферен-

ция  өткізуге  әкімдік  тарапынан  көмек  беруді 



өтінді.

Қала  басшысы  тұрғындардың  өтініш-

терін мұқият тыңдап, заң аясында жауап-

тар  қайтарып,  әрбір  айтылған  мәселені 

зерттеп, мүмкіндігіне қарай шешуге көмек 

беретінін жеткізіп, тиісті сала басшыла-

рына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ә. ҚАЛДЫБЕКОВ

Қаратаудың  баурайында  орналасқан  Қар-

нақ ауылының құрылғанына 2000 жыл толып 

отыр.

Баршаңызды  мерейлі  мерекемен  шын  жү-

ректен құттықтаймыз.

Осы іс-шаралар барысында ауылда Әзірет 

Сұлтан  кесенесіндегі  тайқазанның  макеті 

жасалынып,  ардагерлер  үйі  салынды.  Ауыл 

көшелері  абаттандырылып,  орталыққа 

сахна, кіреберіске қақпа орнатылды. Бұл жұ-

мыстардың барлығыда ынтымағы жарасқан 

ауыл тұрғындарының арқасында жүзеге асып 

отыр. Сондай-ақ, бұл істе осында туып өсіп, 

бүгінде еліміздің әр аймағында қызмет етіп 

жатқан  түлектердің  туған  жерлерін  түле-

туге қосып жатқан үлестері бар.

Қарнақ  -  білімі  мен  ғылымы  дамыған  жер 

болған. Мұндағы медреселерде есімдері елге 

етене  таныс  ойшылдар  Шәді  Төре,  Жаяу 

Мұса,  Шортанбай  Қанайұлы  және  Мұхтар 

Әуезовтің  атасы  Бердіқожа  секілді  көпте-

ген зиялы қауым оқып, білім алған.

Қарнақта металл өңдеу ісі де өркендеген. 

Әзірет Сұлтан кесенесіне Әмір Темір сыйға 

тартқан,  аңызға  айналған  алып  тайқазан 

осы Қарнақта шебер Абдулазиз Табризий әу-

летінің қолымен құйылған.

Егіншілік  қарнақтықтардың  негізгі  кәсібі. 

Қазірде Кентау қаласын ауыл шаруашылығы 

өнімдерімен  толық  қамтып  отырған  ауыл 

деп айтамыз.

Ауылдың  2000-жылдық  мерейтойын  кең 

көлемде атап өтудегі мақсат - жас ұрпаққа 

ғибраты  мол  тарихтан  сыр  шерту,  жәді-

герлерді  қастерлеу,  ауылды  абаттандыру, 

көгалдандыру жұмыстарын тағы да жоғары 

сатыға көтеру болып отыр.

Ауылда  150  орынды  балабақша  мен  300 

орынды  мектептің  құрылысы  бітіп  отыр. 

Шаштөбе  елді  мекенінде  300  орынды  білім 

ұясының құрылысы басталды. Мұның барлы-

ғыда  мемлекеттің  әрбір  Қазақстан  азама-

тының сапалы білім алуына жасап отырған 

қамқорлығы деп түсінуіміз қажет.

Құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары!

Баршаңызды бүгінгі мерейтоймен шын жү-

ректен  құттықтаймыз.  Отбасыларыңызға 

амандық,  бақ-береке  тілейміз.  Ынтымағы 

жарасқан еліміздің көк туы көгімізде мәңгілік 

желбіресін.

Құрметті ішкі істер бөлімінің

қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүрек-

тен құттықтаймыз.

Қоғамның  тұрақтылығы  мен  тыныштығы, 

тәртіптілігін  қамтамасыз  ету  жолында  ең-

бек  етіп  жүрген  сіздердің  қызметтеріңіздің 

қай кезде болмасын орны ерекше.

Ішкі істер органдарына қиындықтан қашпай-

тын,  қауіп-қатерден  қорықпайтын  азаматтар 

келетіні анық. Сауаттылықты, білімділікті талап 

ететін  бұл  мамандық  иелерінде  қызмет  барысында 

кездесетін  қиындықтар  өте  көп.  Қас  қағым  уақытта 

дұрыс шешім қабылдап, тез арада әрекет етуіңді, жасалған қылмыс-

тың  анық-қанығына  жету,  қылмыстың  ізін  суытпай,  сезіктіні  табу, 

ақиқатқа  жету,  сонымен  қатар  қылмыстың  алдын  алу,  жолын  кесу 

және т.б. сияқты қиындығы мол аса ауыр жұмыс. Қаншама шыдамды-

лықты,  ізденісті,  әдіс-тәсіл,  объективтікті,  алғырлықты,  әділдікті, 

тиянақтылықты қажет ететін өте ауыр салалардың бірі. 

Еліміздің ішкі істер қызметіне аса мән беріліп, қызметкерлердің жа-

лақысы көбейтілуде және әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Сондай-

ақ, түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында мемлекет ішкі істер 

саласын қажетті техникалармен қамтамасыз етіп жатыр.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Әрбіріңіздің отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз.

Еңсесі биік еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау бары-

сында ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің мерейлеріңіз әрда-

йым жоғары болсын.

Ә. МАҚҰЛБАЕВ,   

            К. СЫРЛЫБАЕВ,

қала әкімі 

 

            қалалық мәслихат хатшысы

Тұрғындардың өтініштері

тыңдалды

Жуырда қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиа-

лында қала тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдады. Қала басшысының қабылдауы-

на 19 қала тұрғыны кіріп, әрқайсысы өзінің жеке мәселелерін жеткізді.

Қ а р н а қ   а у ы л ы н а   -

2 0 0 0   ж ы л

Қ а р н а қ   а у ы л ы н а   -

2 0 0 0   ж ы л

Қ а р н а қ   а у ы л ы н а   -

2 0 0 0   ж ы л

Қарнақ - білімі мен

ғылымы дамыған жер

Ә. МАҚҰЛБАЕВ,   

 

К. СЫРЛЫБАЕВ,

қала әкімі 

 

 

қалалық мәслихат хатшысы

Қоғамның тұрақтылығы мен

тыныштығын қамтамасыз ететін

қызметтеріңіздің орны ерекше



2

№ 25 / 7895

21   маусым   2014 ж.

ШҰҒЫЛАСЫ

23 маусым - Мемлекеттік қызметкерлер күні

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У



«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының

«Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасы туралы

Қазақстан  халқына  Жолдауында  Президент 

Н.Назарбаев: «Біз мемлекеттік қызметтің кадр-

лық  құрамын  іріктеу  және  кәсіби  даярлықтың 

жетілдірілген  әдістемелерін  енгізу  арқылы  са-

палы  түрде  жақсартуымыз  керек.  Мемлекеттік 

қызметтің жаңа Заңында: сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  шараларды  күшейтуді,  мемлекеттік  қыз-

метшілерді  іріктеуде  ашықтықты  арттыруды, 

яғни  жақсы  кадрларды  ілгерілетуді  қамтамасыз 

етеді.  Мемлекеттік  саясаттың  нақты  бағыт-

тарын  жүзеге  асыруға  жауапты  кәсіпқой  басқа-

рушылардың  мүлдем  жаңа  санаты  «А»  корпусы 

құрылды.  Бұдан  былай  мемлекеттік  қызметші 

лауазымдық  сатымен  кезең-кезеңімен,  биліктің 

бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілді-

ре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтері-

летін болады. Белгіленген көрсеткіштерді асыра 

орындағандар  мен  өзінің  тиімділігін  көрсеткен-

дерге және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге 

ғана ерекшелік жасалуы керек», - деп айтып көр-

сетіп, мемлекеттік қызметке деген міндеттерді ай-

қындап берді.

Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілер-

ге  өз  өкілеттігін  жүзеге  асыруға  керекті  міндеттер 

мен  арнайы  құқықтардан  бөлек  әлеуметтік  артық-

шылықтар мен жеңілдіктер беріледі. ҚР әрбір аза-

матының  мемлекеттік  қызметке  кіруге  деген  тең 

құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қыз-

метке  үміткерге  қойылатын  талаптар  лауазымдық 

міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Со-

ған  орай  азаматтың  Мемлекеттік  қызметке  кіруіне 

кедергі болатын негіздер де заңдарда белгіленген.

Шолпан ЖАРЫЛҚАСЫМОВА,

қалалық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы

«Ұлтым,  елім,  жерім, 

тілім,  дінім»  деп  өт-

кен  асылдың  сынығы, 

алаштың  ардақты  пер-

зенті,  қазаққа,  жалпы 

түркі  жұртына  айтулы 

еңбек  сіңіріп,  өшпес  із 

қалдырған  ірі  тарихи 

тұлға,  мемлекет  қайраткері  Сұлтанбек  Қожановтың 

туылғанына биыл 120 жыл толып отыр. Ол алаш қай-

раткерлерінің аға толқынына жас шағында қолғанат, 

есейген кезінде қамқор болды.

Небәрі  44  жасында  сталиндік  нәубеттің  құрбаны 

болды. 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқында-

лып,  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  болды.  1957  жылы 

ақталды.

С.Қожановтың  қоғамдық-саяси  жұмысқа  белсенді 

түрде араласуы Ташкентте мұғалімдер институтында 

жүргенде Ақпан төңкерісінен кейін өрістейді. Жалпы-

ға  бірдей  ұлт  мектептерін  ашып,  ол  шаруаға  ғылым 

үйрететін,  тұрмыс-тіршілікке  жаттықтыратын,  яғни, 

әрі  оқытатын,  әрі  кәсіптік  еңбек  мектептерін  ашуды, 

оларда да оқуды ана тілінде жүргізуді міндет етіп қой-

ды. Сондай-ақ, ол республикада баспасөз бен ұлттық 

театрлардың  құрылып,  өркендеуіне,  мәдени-ағарту 

саласындағы  күрделі  жүйелердің  жанданып,  халық 

үшін  қызмет  жасауына  өз  ықпалын  тигізіп  отырды. 

С.Қожанов  мемлекет  қайраткері  ретінде  еліміздің 

ұлттық-аумақтық шекарасын межелеу кезінде айрық-

ша  еңбектенді.  С.Қожановтың  тікелей  ұсынысымен 

Кеңестердің  І  сьезінде  қазақ  халқы  тарихи  атауын 

қалпына келтіріп, «киргиз» деген атты төл атауы «қа-

заққа» түзетті. Сол кездегі астананы Ақмешітке көшір-

генде, оны Қызылорда деп өзгертті.

Ұлтын  ұлықтаған  қайраткердің  сөзі  мен  ісі  халқы-

мен бірге жасай беретініне еш шүбә келтірмейміз.

Алаш арысының 120 жылдық мерейтойын жоғары 

деңгейде атап өту ісіне орай, қаламызда арнайы қор 

құрылды. Онда С.Қожановқа арналған кітап шығарыл-

мақ және де көптеген мәнді іс-шаралар өткізілмек.

Құрметті қала тұрғындары!

Игі  істің  атқарылуына  баршамызда  бір  кісідей  ат-

салысайық.  Кеңес  заманында  қазақ  елінен  шыққан 

зиялыларға  қамқор  болып,  тіліміз  бен  дініміздің, 

діліміздің өшпеуіне ат салысқан ерлеріміздің еңбегін 

жоғары  бағалап,  қайта  жаңғыруына,  бүгінгі  ұрпаққа 

үлгі болуы жолында атсалысайық.

Құрметті өнеркәсіп орындарының мемлекеттік ме-

кемелердің, ұйымдардың және коммерциялық құры-

лымдардың басшылары!

Мемлекет  қайраткері  С.Қожановтың  120  жылдық 

мерейтойы қыркүйек айында өтеді. Осыған орай кө-

мек қорын құру үшін, қала әкімінің және «Нұр Отан» 

партиясының  қолдауымен  Халық  банкінде  есеп  шот 

ашылды.  Аталған  есеп  шотқа  тамыз  айының  25-не 

дейін қаржы аударуларыңызға болады.



Есеп шот: «Қазахстан халық банкі» АҚ

Сұлтанбек Ходжановқа

Есеп-шот: КZ 926014353000009069

ИИН/БИН 760708300630

Ұйымдастыру алқасы

Мейірімді,

рақымды Алланың атымен бастаймын!

ИМАНЫМЫЗ БЕН

БІРЛІГІМІЗГЕ

БЕКЕМ БОЛАЙЫҚ



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің

қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа

ҮНДЕУІ

Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымы үшін аса ұлық қасиетті Рама-

зан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға 

сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!

Жаратушы  Иеміздің  жер  бетіндегі  барша  адам  баласын  әртүрлі 

ұлттарға  бөліп,  жаратуы  -  Оның  шексіз  даналығы.  Қасиетті  Құранда: 

«...Бір-бірлеріңді  танып-білулерің  үшін  сендерді  ұлттар  мен  ұлыстар 

етіп жараттық» («Хұжурат» сүресі, 13-аят), - деп баяндалған.

Бәрімізге жер, мекен, ғаламшар, Отан ортақ. Бізді біріктіретін ортақ 

мақсаттар  көп.  Баршамыз  Жаратқаннан  деніміздің  саулығын,  бола-

шағымыздың  жарқын,  өміріміздің  тыныш  болғанын  тілейміз.  Осынау 

игіліктердің  орындалуы  бірлікке  байланысты  екені  белгілі.  Ынтымағы 

ыдырап, бірлігінен береке кеткен елдің болашағы да бұлыңғыр болмақ. 

Қаншама жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі мен тұтастығынан айыры-

луының негізгі себебі - бауырмалдықтың болмауы. Мекке мен Мәдина 

халқын  татуластырып,  бір-біріне  бауырмал  еткен  Алла  Елшісі  (с.ғ.с.) 

мұсылмандықтың іргесін бірлікпен бекемдеген.

Халқымызда: «Байлық - байлық емес, бірлік - байлық», - деген нақыл 

бар. Құдайға шүкір, сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыс-

тың  тату-тәтті  ғұмыр  кешуі  -  бұл  халқымызға  Алланың  берген  сыйы, 

өлшеусіз  рақымы.  Ұлт  өкілдерін  бірлікке  бастаған  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  дін  қайраткерлерін  де  ынтымақ  пен  ымыраға  үндеп,  тату-

лық пен тұрақталыққа шақырды. Астана бейбітшіліктің алтын бесігіне 

айналды. Бұл - бейбіт жолды басты бағдар еткен отандастарымыздың 

достығы мен татулығының арқасында нәсіп болған басты байлығымыз. 

Халқымыздың кең пейілі, қонақжай, бауырмал, дархан мінезі кең-бай-

тақ даламызда достық пен бірліктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына негіз 

болды.


Қадірлі ағайын! Діннің мақсаты - ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні 

мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды со-

ған тәрбиелейді.

Алла тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», - деп бауырмал бо-

луға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, 

бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) өз өсиетінде қамшының сабындай қысқа өмірді 

рухани  құндылықтарды  байытуға  арнау  қажеттігін  өсиет  еткен.  Ол 

(с.ғ.с.) қоштасу құтбасында: «Мен орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы 

бітпейтін ұрыс-керіске, дау-дамайға қайта бой алдырмаңдар», – деген.

Әлхамдулилла,  ата-бабамыз  сан  ғасырлардан  бері  аңсап  өткен 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізудің  арқасында  асыл  дініміздің  қайнар  бұлақ-

тарымен  қайта  қауыштық.  Халқымыз  дербестікпен  бірге  дәстүрлі  мә-

дениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай 

дамытуға мүмкіндік алды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда 

жаңғырды. Мұның барлығы Қазақ елінің бүгінгі ұстанған бағыт-бағдары-

ның дұрыстығын, ата-баба жолынан айнымағандығын білдіреді.

Енді  ұлт  жадынан  ұмытыла  бастаған  имани  құндылықтарды  қайта 

жандандырудың реті келді. Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқар-

масының аясында 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияла-

дық. Мақсатымыз - ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәз-

һабымыз  бен  танымдық  мектебімізді  тұғырлап,  асыл  дүниелерімізді, 

жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқаны-

мызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпы-

на  келтіру.  Сол  арқылы  Қазақ  елінің  іргелі  елге  айналуы  үшін  қолдан 

келгенше үлес қосу. Бүгінде дәстүрмен сабақтас рухани құндылықтары-

мызды жаңғырту мақсатында республика деңгейінде игілікті іс-шаралар 

ұйымдастырылып келеді.   

Рамазан - тәлім мен тәрбие, жасаған жақсылықтардың сауабы есе-

леніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөле-

нетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды 

іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуде аянып қалмайық! Имандылығымызды 

күшейте түсейік!

Қасиетті айда күнәға жетелейтін, Алланың ашуына шақыратын бар-

лық жаман істерге жол бермесек екен. Қоғамдық көліктерде жол ақы-

сы арзандатылса, күнделікті тұтынатын заттарға жеңілдіктер жасалса, 

асханаларда ауызашар мезгілінде қайырымдылық акциялар ұйымдас-

тырылса,  ұжымда,  кәсіпорындарда,  әсіресе,  құрылыс  салаларында 

ауыз  бекіте  жүріп  жұмыс  істейтін  бауырларымызға  құрмет  көрсетіліп, 

түсіністік танытылып жатса, нұр үстіне нұр дер едік. Рамазан айында 

берілетін Құдайы тамақтар ауызашар уақытында ұйымдастырылса.

Асыл дінімізде әрбір қайырлы амал - садақа. Адасқанға жол көрсету 

де - садақа, жабыққанды жұбатып, жылы сөз айту да - сауапты амал. 

Рамазан айында осындай ізгі істерге ден қойғанымыз абзал, ағайын!

Қымбатты отандастар! Иман бұлағынан сусындаған адам арына дақ 

түсірмейді.  Өйткені,  Ислам  адамгершілік  құндылықтарды  қастерлеу-

ге  үндейді.  Осы  орайда  баршаңызды  қасиетті  Рамазан  айын  мұқтаж 

жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге 

мейірім көрсетіп, сауапты амалдармен, ізгі істермен өткізуге шақыра-

мын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-бірі-

ңе көмектесіңдер», - деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).

Жарылқаушы айда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз басқа 

да айларда жалғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де 

жүзімізді жарық, әр қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұ-

ратымыз асыл болғай! Байлығымыз - иманымыз бен бірлігімізге бекем 

болайық!


Елбасы мемлекеттік қызметтің

міндеттерін айқындап берді



Жастар  кадрлық  резерві  -  бұл  қызметтік 

өсуге  ынталы,  кәсіби  дағдылар  мен  басқару 

біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие мамандар-

дың республикалық деректер базасы.

Жоба мақсаты - заманауи және тиімді басқа-

рушылар шоғырын қалыптастыру. 

Жобаға  жасы  25  пен  35  аралығындағы,  жұмыс 

тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптама-

лық ақыл қабілеті және айқын көрінетін көшбас-

шылық сипатқа ие жастарға арналған.

Жоба міндеттері:

-  Кәсіби  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  саласында 

сапалы  нәтижелерге  ынталы  жас  басқарушы-

ларды іздеу және іріктеу;

- Жас қазақстандықтардың жаңа білімдер алу-

ға  және  өзін-өзі  жетілдіруге  кәсіби  өсуі  үшін  қа-

жетті жағдайлар жасау; 

- Алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына 

негізделген кадрлық резервті даярлаудың тиімді 

жүйесін құру;

-  Жобаны  «Нұр  Отан»  партиясының  «Жас 

Отан» Жастар қанаты, «Нұр Отан» партиясы 

және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі  Қазақстан  Республикасы  Прези-

дентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  ака-

демиясымен,  Қазақстан  Республикасы  Прези-

дентінің  халықаралық  «Болашақ»  стипендиясы 

стипендиаттарының  Қауымдастығымен  және 

«Нұр  Отан»  партиясының  Саяси  менеджмент 

мектебімен бірге жүзеге асырады.

Жо б а ғ а   қ а т ы су ш ы   ү ш і н   то л ы қ   м ә л і м е т т і   -   ж о б а н ы ң   а р н а й ы   с а й т ы н ы ң 

( w w w. r e z e r v. k z )   ж ә н е   « Н ұ р   О т а н »   п а р т и я с ы   Ке н т ау   қ а л а л ы қ   ф и л и а л ы н а н 

б і л у г е   б ол а д ы .   Б а й л а н ы с   т ел . :  

3 - 5 7 - 4 9 ,   8 - 7 7 8 - 9 9 9 - 5 5 - 8 4 ,   8 - 7 0 5 - 8 8 6 - 0 1 - 0 0 .


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал