Северный Казахстан



жүктеу 5.13 Kb.

бет1/13
Дата02.02.2017
өлшемі5.13 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Издательство 
“Северный Казахстан”




Марал 
Зейнел-Ғабиқызы
Жақсының 
аты өшпес
Петропавл қаласы
2011 жыл


УДК 070 
ББК 76.01       
З 41
Марал Зейнел-Ғабиқызы
“Жақсының аты өшпес”
Петропавл қ., 2011 - 248 б.
Таралымы: 250 дана
Көркемдік редакторы - Айбар Оспанов
Фотоиллюстрация - Айдын Оспанов
ISBN 978-601-7247-27-0
Бұл  кітап  аяулы  әкем,  ҚСРО  Жазушылар  Одағының  мүшесі 
Зейнел-Ғаби  Иманбаевтың  тоқсан  жыл  толуына  арналған. 
Пайғамбар  жасында  дүниеден  өткенге  дейін  саналы  ғұмырын 
ұрпақ  тәрбиесіне  арнап,  талай  көркем  шығармалар  жазып  еліне 
мирас етті. Жазғанынан жазары көп еді, тағдырдың жазуынан озу 
жоқ. Оның қалған ғұмыры артында қалған ұрпақтары мен жақсы 
шығармаларында  жалғасады.  Ол  келер  уақытпен  ілесіп  өзінің 
кейіпкерлерімен ілгері кете бермек.
ISBN 978-601-7247-27-0
УДК 070
ББК 76.01
© Марал Зейнел-Ғабиқызы, 2011

5
Жазушы
Зейнел-Ғаби Иманбаевтың 
өмірі мен шығармашылығы

6

7
Жаңа кітапқа сәт сапар!
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың есімі тек қана біздің 
облысқа ғана емес бүкіл Республикаға мәлім. Ол 1941 жылы 
Баян  орта  мектебін  бітіргеннен  кейін  денсаулығына  байла-
нысты әрі қарай оқи алмайды. Бірақ өмірге құштарлығы мен 
табиғи талабы күшті жас жігіт өздігінен оқып білімін көтереді, 
үнемі  іздену,  талаптану  үстінде  болады.  Шығармашылық 
жұмысты  өлең  жазудан  бастайды.  Алғашқы  өлеңдері  1940 
жылы  облыстық  «Ленин  туы»  газетінде  жарық  көреді.  Бұл 
кезде ол әлі 16 жаста ғана еді. Тұңғыш әңгімесі —  «Қанатты 
өмір» 1953 жылы республикалық «Әдебиет және искусство» 
журналында  жарияланады.  Содан  былай  қарай  облыстық, 
республикалық газет, журналдарда әңгімелері, очерктері, по-
вестері, үнемі жарияланып тұрады. Оның алғашқы әңгімелер 
жинағы  «Бастама»  Қазақстан  мемлекеттік  көркем  әдебиет 
баспасынан  1959  жылы  басылып  шықты.  Одан  кейін  «Сы-
рымбет»  (1960),  «Арлан»  (1961),  «Дала  көктемі»  (1962), 
«Жирен  сақал»  (1963),  «Кішкене  малшы»  (1964),  «Кең 
аймақ»  (1965),  «Жас  шыбықтар»  (1966),  «Солмайтын  гүл» 
(1968), «Нажағайлы түнде» (1970.), «Кіреуке мерген» (1973), 
«Айналайын адамдар»(1975), «Қыран түлегі» (1977), «Дала 
әңгімелері» (1979), «Құстар қайтып оралғанда» (1981), «Ауыл 
түтіні» (1985), тағы басқа жинақтары шықты.
Жазушының  тақырып  шеңбері  де  ауқымды.  Ол  өзінің 
әңгіме, очерк, повестерінде ауыл өмірін, тың және тыңайған 
жерлерді  игеру  кезіндегі  адамдардың  қажырлы  еңбегін, 
Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  тылдағы  қиындықтар,  әр  түрлі 
мамандық иелері жайлы сөз қозғайды. Зейнел-Ғаби Иманба-
ев балаларға арналған көптеген әңгіме, повестердің авторы. 
Оның балаларға арнап жазған туындылары өте қызықты бо-
лып  келеді,  олар  жас  жеткіншектерді  бірден  баурап  алады. 
Зекең 1987 жылы ұзаққа созылған аурудан не бары 63 жасын-
да дүние салды.
Соның  өзінде  оның  артында  мол  мұра  қалды.  Өкінішті 
жазушының сол мол мұрасы соңғы жылдары ешқайда қайта 
жарияланбай,  ұмытыла  бастады.  Мысалы  қазіргі  жастар 
оның шығармаларын білмейді.
Осы кемшілікті жазушының қызы Марал Зейнел-Ғабиқызы 
түзетіп отыр. Ол әкесінің бірсыпыра шығармаларын жинап 

8
«Жақсының  аты  өшпес»  атты  кітап  құрастырып  баспаға 
ұсынып отыр. 
Кітап төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде жазушының 
өмірбаяны және ол туралы бірнеше автордың естеліктері мен 
мақалалары берілген. Екінші бөлімінде жазушының бірнеше 
әңгімелері,  киносценарий мен сахнаға арналған шығармасы 
орын  алған.  Үшінші  бөлімде  суреттер,  жазушының  ата-
тегінің  шежіресі  мен  ұрпақтарының  тізімі,  құжаттарының 
ксерокөшірмелері  топтасқан.  Төртінші  бөлім  жазушы 
шығармаларының  библиографиялық  көрсеткіштерінен 
тұрады.
Жазушының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  63 
автордың мақалалары кітапта орын алған.
Ал  Зекеңнің  шығармаларының  осы  кітапқа  енген  биб-
лиографиясын  қарап  отырсаңыз,  оның  еңбекқорлығына 
таң  қаласыз.  Шынында  ол  аз  ғұмырының  өзінде  27  кітап, 
әр  түрлі  журналдарға  72  мақала,  очерк,  әңгіме,  облыстық, 
республикалық  газеттерде  770  еңбегін  жариялапты.  Одан 
басқа қазақ календарында онға жуық мақаласы басылыпты. 
Бұл адам таңқаларлық еңбек емес пе?! Бір айта кететін жайт, 
өмірінің жылдары жазушы көп ауырды. Соның өзінде соңғы 
күндеріне дейін жазуын тоқтатпаған. Бұл жерде оны мәпелеп 
күтіп,  жазуына  жағдай  жасаған  оның  жан  жары  Кәмеш 
Байқасқызының еңбегі зор екенін айту парыз.
Ал, осы кітапты құрастырып жарыққа шығарып отырған 
жазушының қызы Маралға айтар алғысымыз шексіз. Ол өзі 
де бірнеше өлеңдер жинағын шығарған елімізге белгілі ақын. 
Еңбегің жемісті болып, шығармашылығың арта берсін дейміз 
Марал қарындасымызға. Мына шығып бара жатқан кітапқа 
сәт сапар тілейміз!
 
Қайролла Мұқанов, Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі, өлкетанушы  

9
ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВ /1924-1987/
1924  жылы  2-ші  қаңтар  күнi  Солтүстiк  Қазақстан 
облысының  Преснов  ауданына  қарасты  (қазіргі  Шал  ақын 
ауданы)  Ортақкөл  ауылында  туған.  1941  жылы  Баян  орта 
мектебiн  бiтiредi  де,  денсаулығына  байланысты,  одан  әрi 
қарай  оқуын  жалғастыра  алмайды.  Колхозда  есепшi  болып 
iстейдi. Бiрақ өздiгiнен оқып бiлiмiн көтередi, үнемi iздену, 
талаптану үстiнде болады. Өлең жазады. Алғашқы өлеңдері 
облыстық    «Ленин  туы»    газетiнде    /1940/    жарық    көредi.     
З.-Ғ. Иманбаевтың тұңғыш әңгiмесi —  «Қанатты өмiр» 1953 
жылы  республикалық  «Әдебиет  және  искусство»  /қазiргi 
«Жұлдыз»/  журналында  басылады.  Содан  былай  қарай 
облыстық,  республикалық  газет-журналдарда  әңгiмелерi, 
очерктерi,  повестерi  үнемi  жарияланып  тұрады.  Жазушы 
Зейнел-Ғаби  Иманбаев  22-ші  қараша  1960  жылы  Кеңес 
үкіметі Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданды, әдеби 
псевдонимі  —  Қаражігітов.  Алғашқы  әңгiмелер  жинағы 
—  «Бастама»  деген    атпен  Қазақтың  мемлекеттiк  көркем 
әдебиет  баспасынан  1959  жылы  басылып  шықты.  Одан 
кейiн  «Сырымбет»  /1960/,  «Арлан»  /1961/,  «Дала  көктемi» 
/1962/, «Жирен сақал» /1963/, «Кiшкене малшы» /1964/, «Кең 
аймақ»  /1965/,  «Жас  шыбықтар»  /1966/,  «Солмайтын  гүл» 
/1968/, «Нажағайлы түнде» /1970./, «Кiреуке мерген» /1973/, 
«Айналайын, адамдар» /1975/, «Қыран түлегi» /1977/, «Дала 
әңгiмелерi» /1979/, «Құстар қайтып оралғанда» /1981/ Алма-
Аты «Жалын», «Ауыл түтiнi» /1985/, «Солмайтын гүл» /1988/ 
атты  повестерi,  әңгiмелерi  мен  очерктерi  жеке  кiтап  болып 
басылып шықты.
Зейнел-Ғаби  Иманбаев  өмiрден  оқыған  жазушы.  Әр 
қаламгер  өмiр  сырына  өз  көзiмен  қарап,  содан  өзiнше  ой 
түйетiнi    белгiлi.  Осы  тұрғыда  нағыз  шындықтан  жаза 
баспауға  тырысатын  Зейнел-Ғаби  Иманбаевтың  тақырып 
шеңберi де ауқымды. Ол өзiнiң әңгiме, очерк, повестерiнде 
ауыл  өмiрiн,  тың  және  тыңайған  жерлердi  игеру  кезiндегi 
адамдардың  қажырлы  еңбегiн,  Ұлы  Отан  соғысы  кезiндегi 
тылдағы ауыртпалық, қиындықтар, әр түрлi мамандық иелерi 
жайлы сөз қозғайды.

0
Зейнел-Ғаби  Иманбаев  өмiрдегi  елеусiз  құбылыстардың 
өзiнен тартымды әңгiме тудырып, тереңнен ой толғай бiлетiн, 
тiлге бай сөзге тапқыр жазушы.
Зейнел-Ғаби  Иманбаев  балаларға  арналып  жазылған 
көптеген  әңгiме,  повестердiң  авторы.  Шығармаларының 
негiзгi  тақырыбы  —  туған  жердiң  тамаша  табиғаты,  бала 
бойындағы  кiршiксiз  таза  сезiм,  олардың  аңқау  да  адал 
көңiлдерiнен  туындап  жатқан  жайттар.  Жазушы  қай 
тақырыпта болмасын жас буынды Отанды сүюге, туған жер 
табиғатын  қорғауға,  батылдыққа,  ержүректiкке,  еңбекте  та-
банды болуға шақырады, достық, кiшiпейiлдiк, тапқырлық, 
батылдық жайлы сөз болады.
Зейнел-Ғаби  Иманбаев  «1941-1945  жылдардағы  Ұлы 
Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн» медалiмен, Қазақ ССР 
Жоғарғы  Советiнiң  Грамотасымен,  «Тың  жерлердi  игергенi 
үшiн»,  «Ерлiк  еңбегi  үшiн»,  «В.И.  Лениннiң  туғанына  100 
жыл  толуы  құрметiне»,  «1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан 
соғысы жеңiсiнiң отыз жылдығы», «1941-1945 жылдардағы 
Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң қырық жылдығы» медальдары-
мен наградталған.
1987 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.


Естеліктер, ой-пікірлер


Марал Зейнел-Ғабиқызы - журналист
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, дәрігер.
Әкем туралы сыр шертемін
Әкем  марқұм  «бұл  көктемді  көрген  де  бар,  көрмеген  де 
бар»  деп  көктем  келгенде  қуанып  та,  мұңайып  та  қалушы 
еді... Өйткені оны ойландыратын да, өкіндіретін де жәйлар 
бар еді.  Өзінің қатарластарының көбінен  кешегі Отан соғысы 
айырды. Өзі болса солармен қатар соғыса да алмады, «елім, 
жерім»  деп  соққан  жұдырықтай  жүрегіне  соғысқа  қатыса 
алмағаны тастай батты. Бірақ денсаулығының нашарлығына 
қарамастан елде еңбек етті, сөйтіп жеңіске өз үлесін қосты. 
Оның  айғағы  соғыстан  соң  әкем  «1941-1945  жылдардағы 
Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  еңбегі  үшін»  медалімен  үкімет 
тарапынан марапатталғаны.
КСРО Жазушылар одағының 1960 жылдан мүшесі, қазақ 
жазушысы,  менің  асыл  әкем  Зейнел-Ғаби  Иманбаевтың 
өмірінің өзі де ерлікке пара-пар еді ғой. Ол туралы аз айтылып, 
аз жазылған жоқ. «Сөзде-сыйқыр, өлеңде-даналық бар» деп, 
Мұхамет  пайғамбардың  хадистерінде  жазылған  екен.  Шы-
нында  да  жазушылық,  ақындық  үлкен  талғампаздықты,  ой 
ұшқырлығын, жан-дүние байлығын, адами асыл қасиеттерді, 
таным  мен  нанымның  тереңдігін,  сөз  құдіретін  түсіне  білу 
мен қатар, міндетті түрде, ананың сүтімен, атаның күшімен 
бойға  біткен  табиғи  талантты  қажет  етеді.  Жазушы  күйбең 
тіршілік пен күйкі өмірдің ұсақ-түйегіне аса мән бермейді, 
оны  қоғамдағы  қайшылықтар,  өмірдегі  жақсы  мен  жаман, 
ащы мен тұщы,  қоршаған ортаның сәулесі мол жақтары мен 
көлеңкелі  жақтары  толғандырады,  ойландырады,  адамгер-
шілік  тұрғыдан  баға  беруге  тырысады,  жақсылыққа  барар 
жол іздейді, оқырмандармен ой бөліседі. Жазушы күн сайын 
сыйқырлы сөз әлемінде шарқ ұрып мыңдаған сұрақтарға жа-
уап іздейді, ой маржанын тізеді.
Әкем әдебиет көгінде самғап шырқап кетпесе де, қырандай 
қалқып еркін ұшты, оның жазған еңбектерінің қайсын алсаң 
да,  өскелең  ұрпақты  биік  адамгершілік  қасиеттерге  баули-
ды:    Отанды  сүю,  үлкенді  сыйлау,  кішіні  құрмет  тұту,  ана-
ны  ардақтау,  сондай-ақ  ел  ішінде  кездесетін  маскүнемдік, 
еріншектік,  боқтампаздық,  өтірікшілік,  жағымпаздықты 


әшкерелеп, аулақ болуды насихаттайды. Ол өте еңбексүйгіш, 
қажырлы,  қайратты,  ақкөңіл,  жайдары,  жарқын  мінезді, 
қалжыңқой, жомарт жан болатын. Еңбексүйгіштігінің, өмірді 
өте  сүйгендігінің  арқасында  талай  жыл  төсек  тауқыметін 
тартып жатып өмірден түңілмеген, көп оқыған, көп жазған. 
Ақыры еңбегі жанып, 17 кітабы Алматы баспаларынан бірінен 
соң бірі жарық көрді. Ауылда, Ортақкөлде отырып поштамен 
жіберген еңбектері кітап болып оралғанда, қатты қуанатын. 
Біз де әкемізбен бірге қуанып, шаттанып, мақтанып, ерекше 
бір күй кешетінбіз. Әруақыт мен оны табысымен құттықтап, 
тағы да жақсы шығармалар жазуына тілектестік білдіретінмін. 
Әкем мақтанбайтын, өзін барынша қарапайым ұстауға тыры-
сатын, бірақ басқа адамдарға ұқсамайтыны бәрі-бір көрініп 
тұратын.  Ол  ешқашан  ешкімді  сыртынан  ғайбаттамайтын, 
ешуақытта  ешкімге  жалынбайтын,  ештеңе  сұрап  бармай-
тын, туған жерін атамекенін сатпайтын. Оған ертеректе жас 
жазушы есебінде облыс орталығына немесе Алматыға көш, 
келіп қызмет істе, біліміңді көтер деген шақырулар келетін, 
бірақ  «атамекенімді,  қос  шалқар  көлдерімді,  ормандар  мен 
шалғындарымды,  еңбектеніп  салған  қонысымды  қалай 
тастаймын, туған-туыс, ағайын мен ауылдастарымды қалай 
қиып кетемін. Осында тудым, осында өлмекпін»—  деуші еді 
қайран әкем. Ол  өзін туған жердің бөлінбейтін бөлшегіндей 
көретін еді. Сырқаттанып жүргенде «қалаға көшсеңіз жақсы 
болар еді» дегенімде, «ешқайда бармаймын» деп қатты рен-
жіп  қалды,  көп  ұзамай  қайтыс  болып,  Иманбай  атам  мен 
Айткүл әжемнің жанына жерлеген болатынбыз.
Әкем  қайтқаннан  кейін    ауылдың  адамдары  жетімсіреп, 
ортасы ойсырап, орыны бос, әзіл-қалжыңы естілмей, бастары 
қосылғанда көпке дейін  «шіркін, Зекең болса әлде бір қызық 
әңгіме айтып, жұрттың көңілін бір көтеріп тастар еді» деп, 
іздеп  сағынып  отыратын.  Әкем  тамаша  суреткер  болатын. 
Оның  жазған  кітаптарының  кейіпкерлері  —  өзімен  қоян-
қолтық өмір сүрген қарапайым ауылдастары. Шығармаларын 
оқып отырып  аты басқаша болса да жазбай танып, тура өзін 
көргендей әсер аласың, ақкөңіл ауылдастарымды, өткен ата-
әжелерімді  сағынамын.  Адамның  мінез-құлқын,  өзіне  ғана 
тән жақсы-жаман әдеттерін қолмен қойғандай қаз қалпында 
көрсете  білуші  еді.  Табиғат  құбылыстарын:  қарлы  дала, 
үскірік боран, найзағайлы түн, орман-тоғай, желдің суыры-


лып  соғуын,  көктем  суреттерін,  аңдарды,  төрт  түлік  мал-
ды сипаттау ол үшін мүлде қиын емес болатын, өйткені ол 
барлық  құбылыстарды  байқап  тұратын.  Ал  жазудан  қолы 
босаса  аңшылықпен,  балық  аулаумен,  бағбандықпен  айна-
лысатын. Мерген болатын, аудандық «Аңшылар қоғамына», 
мүше  болып,  күзде  ондатр  терілерін  үкіметке  тапсыратын. 
Құс атқанды ұнататын. Бірде маған үйректің кептерін тіккіз-
ді. Өзі ағаштан ойып екі үйрек жасады, ал мен олардың сыр-
тын матамен қаптап, көз, қанаттарын жіппен тіктім, оларды 
көлге апарып, жіпке байлап, ашық айдынға жібереді де, өзі 
қамыстың ішінде тығылып отырады, сосын үйрекше дыбыс-
тайды. Ал аспандағы үйректер көлдегі «үйректерге» қонбай 
қоймайды. Әкем үйге олжасыз оралмайтын.
Ол балаларын өте жақсы көретін. Бізге «оқыңдар, жоғары 
білім алыңдар, жақсы болыңдар» деп қысқа күнде қырық ай-
татын. Мен он жылдық мектепті бітірген соң  журналистік 
оқуға түскім келді, мектепте шет тілін дұрыс оқытпай, оқуға 
түсу мүмкін болмады. Ауылда жұмыс істедім. Оқымай қала 
ма деп әкем қатты қайғырып жүрді. Институтқа түскенімде 
шексіз  қуанды.Оқып  жүргенде  ауылға  автобус  жүрмейді, 
жиырма  бес  шақырым  жерге  қысы-жазы  ат  жегіп  алып  ба-
ратын. Қайран әкем, «мен сендер үшін қиындық көрдім» деп 
айтқан емес.Әкеміздің арқасында он баланың жетеуі жоғары 
білім алды,  біреуі — орта мамандық алды. Отбасынан алған 
тәрбие,  өнеге,  біліміміздің  арқасында  елімізге  адал  еңбек 
етіп, Аллаға шүкір жүріп жатырмыз.
«Тегінде  бар-тек  жатпас»  дегендей  балаларының  бәрі 
өнерге  жақын,  шетінен  әнші,  күйші,  биші,  өлең  жаза-
ды,  «әкелерің  аруақ  қонған  адам  еді,  әкелеріңе  тартқан 
екенсіңдер» деген еді бір үлкен кісі, дұрыс та шығар.
Әкемнің қолжазбаларын оқып отырып, ол кісінің жарық 
дүниеде нені жоғары қойғанын бірден түсінуге болады. Ол — 
еңбек . Эпиграммаларының бәрі еңбек жәйлі «жақсы өмір сүру 
— жақсы еңбек ету» - Лобачевскийдің сөзі. Шығармасының 
кейіпкері  Садуақас  Мұстафин  «еңбек  етуден  артық  бақыт 
жоқ»  дейді.  Сондай-ақ  әкем  «Сүйген  халқымның  кәдесіне 
асар  шығармалар  жазсам,  халқыма  өз  жүрегімді  жарып 
шыққан  сөзімді  жеткізсем...  Осы  мақсат  төңірегінде  үзбей 
еңбектеніп, тынбай талаптанып келемін» деп ағынан жары-

15
лып, толғанып сыр шерткен еді, өзінің 1962 жылы 29-ші шіл-
деде  облыстық  теледидардан  берген  сұқбатында.  Жүздеген 
кітап оқып, оларды ой елегінен өткізіп, әдебиетші болудың 
қыр-сырын  үйреніп,  одан  қалса  өмірден  үйреніп,  шарша-
май  еңбек  етудің  арқасында,  табандылығының  арқасында 
артына  жүздеген  әсерлі  әңгімелер  мен  очерктер,  повес-
тер мен пьесалар, суреттемелер мен новеллалар қалдырды. 
Оның тақырыптары әр алуан еді, соның бірі-ауыл мәдениеті
ауылдың әлеуметтік деңгейі болатын. Жазушының 1962 жылы 
жазған  «Ауылдарымызды мәдениетті етейік» деген көлемді 
мақаласы  «Ленин туы»  газеті мен  «Мәдениет және тұрмыс» 
журналында  жарық  көрген,  бүгін  де  өзінің  қажеттілігін, 
өткірлігін  жоғалтпаған  2003-2005  жылдарын  Қазақстан 
үкіметі мен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Ауыл жылы» деп 
жариялап, ауылға үлкен бетбұрыс жасап жатқан шақта, сол 
қырық жыл бұрын жазылған мақаланың үндесіп жатқаны таң 
қаларлық дүние еді. Бұл мақалада жазушы тұрғын үй, ауылды 
көгалдандыру, радио-телехабарлармен қамтамасыз ету, көң-
қоқыстан тазалау, клуб, кітапхана, дәрігерлік қосындар, кітап 
дүкендерін ашу, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру. 
Көкөністер өсіріп, балалардың денсаулығын жақсартуға ат са-
лысу мәселелері тілге тиек етілген. «Мен ауыл тұрғынымын. 
Өзімнің құтты мекенімді құрмет тұтамын. Оның күн санап  
өмір  талабына  сай  қарыштап  өсуіне,  көркейуіне  шамамнан 
келгенше үлесімді қосуға ынталымын» деп шын жанашырлық 
білдірген.
Әкем өнер жолының оңайға түспегенін айтып отыратын. 
Жазушылық  өнерді  меңгеру  жолында  көптеген  кедергілер 
мен жайсыздықтар да кездеспей қалған емес. Өз сөзі «халық 
бақыты  үшін  арманда  кеткен  ардагерлерді  тірілтіп  шығару 
міндетім сияқты болады да тұрады». Алдына осындай нұрлы 
мақсат қойып көп еңбек етті. Ол  1921 жылы Кеңес үкіметін ор-
нату жолында құрбан болған күрескер жерлесіміз Құрманғали 
Бошатаев туралы деректі повесть жазбақшы болып, көнекөз 
қариялардан деректер жыйнады. Шығарма сол қалпы болған 
оқиға негізінде жазылды. Аз ғана байлар Құрманғалиды бір 
түнде жоқ қылып жібергенмен, оның қайғылы қазасы тура-
лы ел ішінде білетін кісілер болған. Өлтіріп, мүрдесін бел-
гісіз соқыр құдыққа тастағанын біреу білмесе де, біреу біл-

16
ген. Құрманғалиды Бекі Төребаев бастаған  кулактар түнде 
жойып, «біз білмейміз, Спасовкадағы атаманға жібергенбіз, 
солар Қызылжарға жіберіпті» деп алдаусыратқан.  Әкемнің 
деректі повесі жарық көрмеді, оның орнына «Қыран түлегі» 
атты көркем әдебиет дүниеге келді. Жеке адамдардың жалған 
намысы  әкемнің нұрлы мақсатына бөгет болды, елі үшін опат 
болған жерлесіміз Құрманғали Бошатаев аруағының алдын-
да кешірілмейтін күнә болды деп есептеймін. Осы повестің 
негізінде жазылған «Ауыл жігіті» деген бір актілі пьесасын 
өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Есіл ауданында халық 
театры  сахналады,  одан  кейін  Талдықорған  облысындағы 
«Ақсу» халық театры сахнаға шығарды.
Жазушының  алға  қойған  мақсаттарының  бірі  —  тағы 
бір аяулы жерлесіміз, ақын, ағартушы Баймағамбет Ізтөлин 
туралы жазу, оны келер ұрпаққа аманат етіп қалтыру бола-
тын.  1980  жылы  көп  ізденіп,  көп  толғанып  «Баймағамбет 
Ізтөлин»  атты  2  актілі,  4  көріністі  драма  жазды.  Азамат 
соғысынан  кейін  ақын  Баймағамбет  Ізтөлиннің  елде  кеңес 
үкіметін орнатуға, сауатсыздықты жоюға ат салысқанын, тап 
тартысына қатысып, елді еркіндікке, теңдікке, бостандыққа 
шақырғанын,  күрес  жолында  қаза  болғанын  баяндап  қана 
қоймай, оның мән-мағынасын аша түседі.
Тарихты өзгертуге, оны қайта жазуға, бұрмалауға болмай-
ды, оны бәріміз жақсы білеміз. Әкемнің тарихи тақырыптарға 
жазған  шығармалары  сол  кездегі  адамдардың  өмірін,  қам-
қарекеттерін,  арман-мақсаттарын  шынайы  көрсетеді,  оның 
әр кітабы ел мен жер, нағыз еңбекші халық туралы таусыл-
майтын,  соңы жоқ жыр сияқты. Әдебиет дегеніңіз телегей 
теңіз  болса,  әкем  оған  өз  үлесін-тамшылаған  маңдай  терін 
қосып  кетті.  Ол  әруақыт  өткенді  ұмытпай,  бүгінге  қуанып, 
ертеңгі күнге үлкен үмітпен қарады. Оның тарихи тақырыпқа 
жазған драмаларының бірі  «Шопан қызы», одан кейін «Қос 
қайың» атты пьесасына Ұлы отан соғысы кезіндегі ауылдың  
тауқыметі таудай өмірі арқау болған. Ауыз толтырып айта-
тын  еңбегі  «Далам  менің»  —  киносценариі  шын  мәнінде 
тың  туралы  толғау.  Әкемнің  осы  драмалық  шығармаларын 
көпшілік әлі оқып, танысқан емес, кітап болып шығып, сах-
на төрінен көрсетіліп жатса тамаша болар еді. Өсіп жатқан 
ұрпаққа  өткенді  білу  өте  қажет.  Тарихымызды  тек  деректі 

17
фильмдерден ғана емес, көркем әдебиет арқылы да тануға бо-
лады. Әкем туған елдің қиын-қыстау кезеңдерін, ащысы мен 
тұщысын зерделеп, жүрегінен өткізіп, келер ұрпаққа аманат 
етіп кеткендей. Ол қырық жыл коммунистік партияға мүше 
болды, Кеңес одағы жетпіс жыл өмір сүрсе, әкем алпыс үш 
жыл өмір сүрді. Оның шығармаларында Кеңес үкіметі кезін-
дегі  ел-жұрттың  хал-ахуалдары,  тіршілік-тынысы,  мұрат-
мүдделері көрініс тапқан.
Жазушы, азамат ретінде ол өз борышын, өз міндетін адал 
атқарып кетті. Ақын Жамбылды Сталинді көп жырлады деп 
кінәлағандар бар. Сол сияқты менің әкемді де өресіз, ақылсыз 
адамдар ғана кеңестік өмірді суреттеді деп кінәлауы мүмкін. 
Ол өз заманының тамаша суреткері болатын .
Жазушы үшін сөз бостандығы ауадай қажет. Қазіргі жеке 
ел болып, қазақ тілі жаңа биіктерге көтерілген кезде тірі бол-
са, оның елге берері әлі көп еді. Әкем жас кезінен кітапты 
қаппен әкеліп оқитын, көп оқып, көп білуге тырысқан адам. 
Үлкен адамдардан әр нәрсені сұрап біліп жататын. Ел аузы-
нан жинағандары да аз емес еді, іске жаратпақшы дүниелері 
де  бар  еді.  Ол  Сегіз  сері,  Қожаберген  жырау,  Шал  ақын 
мұраларын  жинады.  Оның  1987  жылы  жазып    алған  Сегіз 
серінің  Мақпал  қызға  шығарған  елу  үш  шумақ  өлеңі  бар. 
Ол өзіміздің Балта Керей Тұрсынбай батыр туралы деректер 
жинаған еді, жаза алмай кетті. 
Айта  кетейін,  Балта  Керей  Тұрсынбай  батыр  он  сегізін-
ші  ғасырда  өмір  сүрген  Орта  Жүздің  атақты  батыры, 
Абылай  ханның  тұстасы.  Жоңғар  және  қытай-маньчжур 
шапқыншылығы  кезінде  қазақ  жасақтарының  қолын 
бастаған.  Ол  туралы  Шоқан  Уалихановтың  1961  жылы 
шыққан 5 томдығының  1-томында басылған, одан «Қазақ со-
вет энциклопедиясының» 11 томының 191 бетінде басылған. 
Әкем іздеп жүріп оған мынандай деректер қосты: Балта Ке-
рей Тұрсынбай батыр Соколовка мен Казанка аралығында ке-
дей отбасында 1708 жылы дүниеге келген.Ұзақ та мағыналы 
өмір сүрген, 1811 жылы қайтыс болып, Челябі облысы, Итиль 
ауданы, Итиль орман шаруашылығы орналасқан жерге жер-
ленген, тастан қаланған зираты бар деп әкем жазып кеткен. 
Тірі кезінде зиратына баруды да көздеген.
Оның  қай  шығармасын  алсаң  да  адамның  адамгершілік 

18
қасиеттерін,  жақсы  мінезін,  көңіл-күйін,  бет-бейнесін  өте 
шебер суреттейді, сол адамды көріп отырғандай күй кешесің. 
Табиғатты,  оның  түрлі  құбылыстарын  көз  алдыңа  тартады. 
Жазушының  шын  шеберлігі  оның  шындықты  бұрмаламай 
қаз  —  қалпында  көрсете  білуінде.  Соғыстан  кейінгі  және 
тың  игеру  кезіндегі  ауыл  өмірін  білгіңіз  келсе  әкемнің 
шығармаларынан  табасыздар.  Оның  барлық  шығармалары 
алдымен өзіміздің облыстық газет — «Солтүстік Қазақстан» 
газетіне  басылатын.  Сонау  1940  жылдан  қайтыс  болғанға 
дейін облыстық газеттің шығуына ат салысқан еңбегі ұлан-
ғайыр. 1960 жылы 10-шы сәуірде «Ленин туы» газеті жабыл-
ды, сол күні соңғы саны шыққан болатын, әкем қатты назала-
нып: «Аса қадірлі, әр адамның жүрегіне жылы, 45 жыл бойы 
халыққа  шамшырақ  болған  қарт  газет,  қайтып  көріскенше 
хош  бола  тұр.  Сенің  алғашқы  саныңды  көре  алғамын  жоқ, 
соңғыңды  сақтап  қоярмын»  —  тебіреніп  жазып  қойды.  Ал 
араға 3 жыл салып 1966 жылы 1-ші қаңтарда «Ленин туы» 
қайта шыққанда әкемнің қуанышында шек жоқ болды.
Ажал  айтып  келмейді,  әкемізден  аяқ  астынан  айрылып, 
сең соққан балықтай есеңгіреген кезіміз әлі естен кетпейді. 
Ол күнде дене шынықтырумен айналысатын, ешқандай жа-
ман әдеті болмаған. Денсаулығын барынша сақтауға тыры-
сушы  еді.    «Құланның  қасынуына  мылтықтың  басуы»  дәл 
келгендей  дәрінің  әсерінен  көз  жұмды.  Ауылдың  өріндегі 
бейітіне барып дұға оқып қайтамыз. Біз үшін ол — асыл әке, 
балаларының шынайы досы. Оның ақ дидары, жарқын бей-
несі әруақыт жүрегімізде.
«Өмір де өлең сияқты ұзақтығымен емес мағыналығымен 
бағаланады»  демекші,  әкем  ұзақ  өмір  сүрмесе  де  арты-
на айтуға ауыз толатындай із тастап кетті. Оның бір қысқа 
әңгімесі бір атқа бергісіз. 
Осы  бір  әке  туралы  толғауымды  әкемнің  өз  сөзімен 
аяқтағым  келеді,    «Мен  өзімнің  сүйікті  кейіпкерлеріммен 
бірге ілгерілеп кете бермекпін...». Ел аман, жұрт тиыш болса 
жылдар өткен сайын ол келер айлар мен жылдарға өз кейіп-
керлерімен қол ұстасып ілгері кете береді, кете береді... Ия, 
жазушы еңбектері - ұрпақ мұрасы, ел байлығы. Қазақ халқы 
«жақсының аты, ақынның хаты өлмейді» деп текке айтпаған. 
Өнер өлмек емес.
 02.2009

19
Сапар Дүйсенов - соғыс ардагері, зейнеткер.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал