Сәрсенбі Среда 28 қаңтар января 2015 жыл года 11 (5374)



жүктеу 218.72 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі218.72 Kb.

Сәрсенбі

Среда

28

қаңтар

января

2015

жыл

года

11 (5374)

30 января текущего года в 11.00 часов в здании районного 

филиала  партии  «Нур  Отан»  заместитель  руководителя 

Департамента  по  делам  государственной  службы  и 

противодействию  коррупции  по  Жамбылской  области  – 

председатель Дисциплинарного совета Галым Султанович 



Турсынбаев проводит прием граждан. 

Адрес: с.Аса, ул.Абая №121, здание районного филиала 

партии «Нур Отан».

Справки по телефонам: 8 (72633) 2-25-02; 2-24-35. 

1. ТОЙ ТАРАЗДА ТОЙЛАНАДЫ

Мына  шеті  мен  шегі  жоқтай 

көрінетін ұлан-ғайыр даламыздың тауы 

да, тасы да тарихи байлыққа, шежірелі 

сырға  тұнып  тұр.  Мүлгіген  тасын 

шертіп қалсаң, сөйлеп кете баратындай. 

Осындайда:

– Пах шіркін, жазиралы

 

 



      алып далам!

Сан армандар төсіңде шарықтаған.

Хан да өткен, қара да өткен 

 

 



      қойнауыңда,

Тарихың шежірелі сандық маған, – 

дегім келеді. 

Шындығында, біз шежірелі, тарихы 

бай халықпыз. Қазақ халқының тарихы 

тереңде  жатыр.  Сол  тарих  тереңіне 

үңілген  тарихшыларымыз  болмысы 

биік тұлғаларымыз туралы деректерді 

шежіреге, тарихқа толы алтын сандыққа 

құнттап  салып,  құндылығымызға 

айналдырды.  Сол  алтын  сандықтың 

алтын кілтін қолына ұстаған еліміздің 

Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  Ұлытау  биігінде 

тұрып:

– Біздің елдігіміз, қазақ жұртының 



арғы  түбі  ғұндардан  басталады. 

Ғұндардан  кейін  көктүріктерге 

жалғасады.  Одан  кейін  Алтын  Орда 

орнығады.  Сөйтіп,  хандық  дәуірге 

ұласып,  кейін  біртіндеп  тәуелсіздікке 

тіреледі, – дегені бар. Елбасы сондай-ақ 

телеарналарға берген сұхбатында «Біз 

аумалы-төкпелі  кезеңде  тәуелсіздік 

алып,  қиын-қыст ау  сәттерден, 

дағдарыстан  өттік.  Енді  жағдайымыз 

түзелгеннен кейін тарихымызға, рухани 

жағымызға  көңіл  аударуымыз  керек 

деп есептеймін. Сондықтан хандықтың 

550 жылдығы біз үшін өте қажет. Біз 

кеше  ғана  аспаннан  салбырап  түскен 

халық емеспіз. Біздің тарихымыз бар. 

Ол тарих бүкіл Қазақстанның жерінде 

сайрап  жатыр.  Мынау  Жайықтың 

бойында,  Ұлытаудың  төңірегінде 

қаншама  хандардың  жерленген 

орындары  бар.  Түркістанда  қаншама 

батыр  бабаларымыз  бен  хандарымыз 

жатыр.  Соның  бәрінің  тарихын  біз 

дұрыстап оқымадық. Біздің тарихымыз 

Кеңес  одағының  тарихы  деп  келдік. 

Енді  ес  жиып,  осыған  көңіл  бөлетін 

кез  жетті.  Соны  біз  осы  хандықтың 

550 жылдығынан бастаймыз», – деді. 

Осылайша  ағымдағы  жылы  өтетін 

Қазақ  хандығының  550  жылдық 

мерекесіне даярлық басталып та кетті. 

Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан 

көне Таразда, яғни, біздің өңірде осы 

мерекенің өтуін Жамбыл жұртшылығы 

қуана құптап отыр. Тағы бір қуанатын 

тұсымыз,  жас  ұрпақ  елдің  тарихын 

тереңірек танитын болды. Ел тарихын, 

жер тарихын білгенге не жетсін!

Биыл  Қазақстан  халқы  көптеген 

тарихи-саяси  оқиғалардың  куәсі 

болмақ. Осы жылы Қазақ хандығының 

550  жылдығы,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығы  да  кең  көлемде  аталып 

өтілмек. Оған Ата Заңның, Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  мерейін 

қосыңыз. Мұндайда құндылығымызды 

қадірлей  білейік  деген  текті  тілек 

айтқанымыз жөн болар.



Дүйсенбек ОРМАНОВ,

«Шұғыла».

Ағымдағы  жылғы  30  қаңтарда  сағат  11.00-де  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  филиалының  ғимаратында 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл 

облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – 

Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев 

азаматтарды қабылдау жүргізеді. 



Мекен-жайы: Аса ауылы, Абай көшесі, №121, «Нұр Отан» 

партиясы аудандық филиалының ғимараты. 

Анықтама үшін телефондар: 8 (72633) 2-25-02; 2-24-35.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл 

облысы бойынша департаменті. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 

бойынша хабарлама жасаған аудан 

әкімдігі экономика және бюджеттік 

жоспарлау  бөлімінің  басшысы 

Қайсар  Сарытай  ауданның  2014 

жылғы әлеуметтік-экономикалық 

даму  көрсеткіштеріне  кеңінен 

тоқталды. Жыл ішінде мемлекеттік 

бюджетке  түсетін  салықтар 

мен  міндетті  төлемдер  түсімі 

101,6 пайызға орындалған. Ауыл 

шаруашылығында  да  өсім  бар, 

ауданның  агроқұрылымдары 

мемлекеттік  бағдарламалардың 

игілігін  көруде.  Хабарламашы, 

с о н д а й - а қ ,   ө н е р к ә с і п   п е н 

кәсіпкерлік,  құрылыс  саласында 

атқарылған  жұмыстар  мен 

нәтижелерді жан-жақты қамтыды. 

“Өңірлерді дамыту” бағдарламасы, 

халықты  әлеуметтік  қорғау 

және  қамсыздандыру  шаралары, 

денсаулық сақтау, білім, мәдениет 

салалары,  абаттандыру  және 

көгалдандыру,  жылу  маусымын 

өткізу, қоғамдық тәртіп және жол 

қозғалысы  қауіпсіздігі  бойынша 

тиянақталған  тірліктер  де  ұмыт 

қалмады.


Жыл  қорытындысына  оң 

баға  берген  аудан  басшысы 

жетістіктермен  қатар  жетпей 

жатқан тұстардың бар екенін алға 

тартты. Жылдан жылға орта және 

шағын  бизнестің  өндірген  өнім 

көлемінің артып отырғаны, жаңа 

жұмыс  орындарының  көптеп 

ашылып  жатқаны  қуантатынын, 

ендігі  жерде  кәсіпкерлікті 

өркендетумен  бірге  мемлекеттік 

Ү д е м е л і   и н д у с т р и я л ы қ -

инновациялық даму бағдарламасы 

бойынша  жобалар  ұсынуға, 

“Өрлеу”  қанатқақты  жобасының 

нәтижелілігіне қол жеткізу, спорт 

алаңдарын  тиімді  әрі  ұқыпты 

қызмет көрсету мәдениетіне көңіл 

бөлу, кітапханаларда оқырмандар 

санын  азайтпауға  жанды  ықпал 

жасау қажеттігін атап айтты.

Екінші  мәселе  бойынша 

ақпарат  берген  аудандық  ішкі 

істер  бөлімінің  бастығы  Тимур 

Жаңабаев  жалпы  қолданылған 

шаралардың  нәтижесінде  ішкі 

істер бөлімі өткен жылы аудандағы 

жедел  жағдайды  бақылауды 

қамтамасыз ете алғанын жеткізді. 

Сала басшысының мәліметтеріне 

сүйенсек,  2014  жылы  жалпы 

қылмыстың  саны  17,7  пайызға, 

ауыр  қылмыстар  саны  28,8 

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚУАНТАДЫ



Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің төрағалығымен өткен 

аудан әкімдігінің мәжілісінде негізгі мәселелер 

ретінде “2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық 

даму қорытындылары туралы” және “Аудандағы 

құқық бұзушылықтардың алдын алу және 

қылмыспен күресу туралы” мәселелер қаралды.

пайдалану,  балаларды  ыстық 

тамақпен  қамтамасыз  ету  және 

мектепке  дейінгі  мекемелермен 

қамту көрсеткіштерін жоғарылату, 

медицина  қызметкерлерінің 

пайызға  төмендеген.  Алдын  алу 

шараларын  жүргізу  нәтижесінде 

ұрлық  6,4  пайызға,  алаяқтық  50 

пайызға,  зорлау  44,4  пайызға, 

тонау  72,7  пайызға,  бұзақылық 

57,4  пайызға  кеміген.  Жедел  іс-

шаралардың  барысында  жалпы 

қылмыстардың  ашылуы  8,4 

пайызға,  ауыр  қылмыстардың 

ашылуы  12  пайызға,  аса  ауыр 

қылмыстардың  ашылуы  25 

пайызға жоғарылаған. Оған қоса, 

кешенді сауықтыру іс-шараларын 

ұйымдастыру  нәтиже сінде 

қоғамдық  орындарда  жасалған 

қылмыстардың  22,2  пайызға, 

көшеде орын алған қылмыстардың 

23,4  пайызға,  бұрын  сотты 

болғандар жасаған қылмыстардың 

61,5  пайызға,  топ  адамдармен 

жасалған  қылмыстардың  21,4 

пайызға, мас адамдармен жасалған 

қ ы л м ы с т а рд ы ң   4   п а й ы з ғ а 

төмендеуіне қол жеткен. Тағы бір 

құптарлығы, жол-көлік оқиғалары 

мен  онда  қайтыс  болған  және 

жарақаттанған  адамдар  саны 

алдыңғы жылмен салыстырғанда 

едәуір  кеміген.  Жыл  ішінде 

өндірілген  айыппұл  мөлшері 

38186324 теңгені құрап отыр.

Хабарламашы  бұл  нәтижеге 

жергілікті атқарушы органдармен 

тығыз қарым-қатынас жасау және 

үлкен қолдауының арқасында қол 

жеткізгенін  атап  өтті.  Аудандық 

ішкі істер бөлімі аталған мерзім 

ішінде  4  автокөлікпен,  Өрнек 

ауылынан  учаскелік  полиция 

қызметкеріне  арналған  тұрғын 

үймен  және  аудан  аумағындағы 

жол  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету  мақсатында  2  “ВИЗИР” 

құрылғысымен  қамтамасыз 

етілген.

Тимур  Манапұлы  кейбір 

қылмыс түрлерінің өсіп отырғанын 

да  жасырмады.  Мал  ұрлығы 

қылмысының  ашылу  деңгейі 

төмендеген. Оның себеп-салдары 

–  біріншіден,  криминалдық 

полиция  бөлімшесінің  жедел 

уәкілдері  жұмысының  әлсіздігі 

болса,  екіншіден,  мал  иелерінің 

салғырттығы.  Мал  ұрлығына 

қатысты  қылмыстық  істер 

бойынша  жоғалған  147  малдың 

9 1 - і   ж а й ы л ы м н а н ,   5 6 - с ы 

қорадан ұрланған. Көп жағдайда 

ж ә б і р л е н у ш і л е р   п о л и ц и я 

қызметкерлеріне ұрлық жайында 

уақытылы хабар бермейді, өздері 

5-6 күн іздеп таппаған соң учаскелік 

полиция  инспекторына,  ауыл 

әкіміне немесе полиция бөліміне 

келіп  арызданады  да,  осы  уақыт 

аралығында  қылмыскерлер  ізін 

суытып үлгереді. Бұл қылмыстың 

ашылуын  қиындатады.  Ұрлық 

жайында дер кезінде хабар берген 

жағдайда  іздестіру  шаралары 

нәтижесін  беріп,  жоғалған  мал 

табылып  жатады.  Мәселен, 

азамат Құсайынов өткен жылдың 

қараша  айында  жайылымнан  46 

бас  жылқысының  жоғалғандығы 

туралы  арызданып  келген. 

І з д е с т і р у   ж ұ м ы с т а р ы н ы ң 

нәтижесінде жоғалған малды бөлім 

қызметкерлері Қаратау бөктерінен 

тауып,  иесіне  қайтарды.  2014 

жылы  осындай  16  дерек  орын 

алып, 98 жылқы, 5 сиыр, 4 қой 1-2 

күн  аралығында  егелерін  қайта 

тапты.  Алайда  жеке  тұлғалар 

арасында өз малын жайылымдарда 

қараусыз  қалдырып,  жоғалып 

кеткен жағдайда бірнеше күннен 

кейін  арызданып  келушілер 

тоқтамауда. Осыған орай аудандық 

ішкі  істер  бөлімінің  бастығы 

аудан  тұрғындарынан,  ауыл 

әкімдерінен ауыл-аймақта халық 

арасында  ұдайы  түсініктемелер 

беріп,  мал  ұрлығының  алдын 

алудың бірден-бір жолы – малды 

қараусыз қалдырмауын еске салып 

отыруларын сұранды.

Бұл  мәселе  бойынша  сөз 

жұптаған аудан әкімі Рүстем Дәулет 

бәрінен бұрын қылмыстың алдын 

алуға  нақты  шаралар  қабылдау 

маңызды екені, әсіресе тұрмыстық 

зорлық-зомбылық, пәтер ұрлығы, 

мал  ұрлығын  болдырмауды  көп 

болып  қолға  алу,  кәмелетке 

жасы  толмағандар  ісі  жөніндегі 

инспекторлардың,  учаскелік 

полиция  инспекторларының 

жұмысын  жолға  қою  қажеттігін 

қадап айтты.

Аудан әкімдігінің мәжілісінде 

күн тәртібінде қаралған мәселелер 

б о й ы н ш а   т и і с т і   қ аул ы л а р 

қабылданды.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – 550 

ТАРИХЫҢ ШЕЖІРЕЛІ САНДЫҚ МАҒАН



АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

К СВЕДЕНИЮ ЖИТЕЛЕЙ РАЙОНА!

Департамент по делам государственной службы и 

противодействию коррупции по Жамбылской области. 

2 бет

28 қаңтар 2015 жыл №11

Журналистің өмірі қызыққа да, 

қиындыққа  да  толы.  Өйткені  ол 

қайнаған  ортада  жүреді.  Ханмен 

де, қарамен де, еңкейген қарт пен 

еңбектеген  баламен  де  тілдесуге 

асығады.  Өз  мамандығына  адал 

берілген журналистің жұртпен тіл 

табыса білетініне еш шүбә келтіре 

алмайсың. 

Журналистикада еңбек еткен әрі 

еңбек  етіп  жүрген  ауданымыздың 

түлектері жүзден асып жығылады. 

Солардың бірі – Бектөбе ауылының 

тумасы Жантелі Оспанұлы Омаров. 

Бүгін  60  жасқа  толып  отырған 

жерлесіміз өмірінің тең жартысын, 

яғни, 30 жылын осы салаға арнапты. 

Ойы жүйрік, қаламы қарымды 

әріптесіміз  әр  жылдары  түрлі 

басылымдарда  еңбек  етті.  Облыс 

аумағынан алыстамаған ол Байзақ 

аудандық  «Ауыл  жаңалығы» 

газетінде,  Жамбыл  облыстық 

телерадио  хабарларын  тарату 

комитетінде  (компаниясында), 

Ж а м б ы л   о б л ы с т ы қ   а т қ а р у 

комитеті  жанындағы  баспасөзде 

құпияны  сақтау  басқармасында 

(обл.лито),  Жамбыл  облыстық 

«Қазақстан-Тараз»  телеарнасында 

еселі  еңбегімен  қолтаңбасын 

қалдырып,  жас  буын  өкілдеріне 

үлгі-өнеге  көрсетті.  Тәжірибелі 

журналист бүгінде республикалық-

аймақтық «Салық тәртібі» газеті бас 

редакторының орынбасары. 

Жантелі Оспанұлы қайда, қандай 

қызмет атқармасын ұқыптылықты, 

тиянақтылықты,  жинақылықты 

жанына  жалау  етті.  Сенім  жүгін 

арқалаған  журналист  қызметінің 

ауданымызға  тікелей  қатысы  бар. 

Ол  еңбек  ететін  «Салық  тәртібі» 

газеті редакциясының ғимаратында 

орналасқан  баспаханадан  біздің 

«Шұғыла»  газеті  де  басылып 

шығады. Басылымның сапалы басы-

лып шығуына қайрат төсеп жүрген 

жерлесімізге  ризашылығымыз 

шексіз. 

Сондықтан да, Шерағаң айтқан-

дай  «Жегені  жантақ,  арқалағаны 

алтын» журналист Жантелі Омаров 

туралы  бүгін  қалам  тербеуді  жөн 

көрдік. 


Мерейтой  ие сіне  мықты 

денсаулық,  шығармашылық табыс 

тілегіміз келеді. 

Дүйсенбек ОРМАНОВ.

Суретте:  жерлес  журналист 

Жантелі Омаров.

Вот  такая  история  произошла 

в  нашем  селе.  Семья  Исаевых, 

выходцев  из  Каракалпакии, 

приобрела  в  рассрочку  домик, 

причем,  не  у  чужих  людей,  а  у 

своей  же  свахи  М.Байджановой, 

жительницы  села  Аса.  Поэтому 

и  сделка  была  не  оформлена, 

ограничились  лишь  честным 

словом  и  рукопожатием  после 

приобретения  жилья.  Сам  домик 

представлял из себя лишь четыре 

стены  с  крышей  над  головой.  Но 

за неимением средств выбирать не 

приходилось. 

Шло  время.  Люди  потихоньку 

обустраивались  и  расплачивались 

за  дом.  Отдавая  остаток  долга, 

оказалось,  что  по  подсчетам  их 

свахи, продавца дома, они выплатили 

сумму на 1000 долларов меньше, чем 

считали сами. Тут и начался спор, 

перешедший в крупный скандал. Но 

об этом чуть позже. 

С о с т а в л я я   д о г о в о р 

купли-продажи  у  нотариуса 

Б.Кенжебековой, семейная пара не 

смогла предоставить необходимый 

перечень  документов  (из-за  их 

отсутствия),  в  связи  с  чем  сделка 

не  состоялась.  Вместо  этого  был 

составлен  договор  задатка,  куда 

внесена  сумма  выплаченных 

пенсионерами денег, за минусом той 

тысячи долларов, которую бывшая 

хозяйка не посчитала. 

По  истечении  шести  месяцев 

должна была состояться основная 

сделка,  после  которой  часть 

дома  перейти  во  владения  новых 

жильцов. Однако прежняя хозяйка 

стала  тянуть  время  и  не  спешила 

переоформлять  фактиче ски 

проданный дом. 

Надо сказать, что люди в аулах 

очень продвинутые. Они знают, что 

существует  закон  «О  медиации», 

позволяющий  решить  конфликт 

в  досудебном  порядке,  поэтому 

пенсионеры поспешили за помощью 

к медиатору, чтобы урегулировать 

с п о р .   Мед и ато р   о бъ я с н и л а 

хозяйке дома М.Байджановой, что 

медиативное  соглашение  было 

бы выгодно для обеих сторон. Та, 

в  свою  очередь,  призналась,  что 

продала домик за 750 тысяч тенге, 

но согласно договору задатка еще 

есть время узаконить сделку, в то 

же время не признала полученные 

1000 долларов. 

После  неоднократных  встреч 

и    бесед  с  обеими  сторонами,  с 

участием  акима,  старейшин 

села  медиатору  все  же  удалось 

п р а кт и ч е с к и   д о в е с т и   д е л о 

до  медиативного  соглашения 

обеих  сторон.  Однако  кто-то  из 

родственников бывшей владелицы 

дома  по советовал  женщине 

обратиться  к  адвокату.  Кстати, 

он  сразу  развернул  активную 

деятельность.  Начался  судебный 

процесс. Сначала районный, затем 

областной. Причем, районный судья 

Г.Алимкулова дважды выезжала по 

месту расположения спорного дома, 

опросила свидетелей, все увидела 

своими  глазами.  Надо  отдать  ей 

должное:  она  профессионально 

разобралась  в  этом  деле.  Однако 

адвокат  подал  в  суд  исковое 

заявление, в котором утверждалось, 

что  М.Байджанова  продала  дом 

за 2 000 000 тенге и поэтому был 

составлен договор задатка. Словом, 

процесс  затянулся  на  месяцы,  в 

итоге судья Г.Алимкулова вынесла 

решение в пользу А.Исаева. 

Постановлением  областного 

суда также было вынесено решение 

в пользу нынешней владелицы дома. 

Таким  образом,  все  закончилось 

гораздо  хуже,  чем  могло  быть 

на  самом  деле:  обе  стороны 

рассорились  окончательно,  устав 

от волокиты и похождений по судам.

Для  чего  рассказана  эт а 

история? Да просто для того, чтобы 

люди  знали:  медиация  есть,  она 

работает, и прежде чем обращаться 

в суд, попытайтесь решить спорные 

с и т у а ц и и   ц и в и л и з о в а н н ы м 

способом  с  помощью  медиатора. 

Быть может, таким образом будут 

сохранены и ваш денежный капитал, 

и нервы, и человеческие отношения. 



Нурлыгуль АМИРОВА,

профессиональный медиатор 

района.

Бүгінгі таңда қоғамға да, адамға 

да залал келтіріп жатқан алаяқтық 

атты  жағымсыз  құбылыстың 

кездесіп қалатыны жасырын емес. 

Қатардағы қарапайым азаматтардың 

алаяқтың арбауына түсіп қалмауы 

үшін төмендегі кеңестерді ұсынуды 

жөн көрдім.

Ең  бастысы,  төлқұжатыңыз 

бен  банктік  карточкаңыздағы 

мәліметтерді,  интернет-банкке 

кіретін құпия деректерді (логин және 

пароль)  бөтен  біреуге  айтпаңыз, 

барлық  интернет-ресурстар  үшін 

бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз.

К ү т п е г е н   ұ т ы с қ а   и е 

болғаныңыз,  банк  карточкасына 

шектеу қойылғаны туралы ақпарат 

ұялы  телефоныңызға  немесе 

компьютеріңізге  келіп  түскен 

жағдайда,  ең  алдымен  байланыс 

операторымен  хабарласыңыз. 

Бұл  мән-жайды  анықтауға  және 

алаяқтық  әрекеттерден  сақтануға 

мүмкіндік береді.

Құмар ойындармен әуестенбеңіз, 

бал  аштыру,  көріпкелдік  жасату 

сияқты әрекеттерге келіспеңіз.

Қаражаттарыңызды  мамандан-

дырылған  ақша  айырбаст ау 

орында рынан  басқа  жерлерде 

айырбастамаңыз.

Қарызға ақша беретін болсаңыз, 

жазбаша колхат алыңыз: бұл сотқа 

шағымдану  қажеттігі  туындаған 

жағдайда кәдеге асады.

Алдын ала ақшалай қаражат салу 

жолымен  аз  уақыт  ішінде  барлық 

проблемаңызды шешіп беруге уәде 

ететін хабарландыруларға сенбеңіз.

Егер сізге біреу телефон шалып, 

бір  туысыңыздың  қиын  жағдайға 

душар болғанын хабарлап, сол үшін 

ақша  әкелуді  сұраса,  онда  дереу 

сол  туысыңызға  хабарласып,  мән-

жайды анықтауға тырысыңыз.

Қайырымдылық көмек көрсетуді 

өтінген  адамның  құжаттарын 

мұқият  тексеріңіз.  Өйткені  сіздің 

қайырымдылық ниетіңізді алаяқтар 

пайдаланып кетуі мүмкін.

Заңды  сақтаңыз,  кез  келген 

күмәнді мәміленің өкінішті салдары 

барын ұмытпаңыз.

Кездейсоқ және атүсті таныстық 

арқылы қомақты мәміле жасасудан 

аулақ  болыңыз.  Мүмкіндігінше 

д ү к е н д е р   ж е л і с і   ж ә н е 

мамандандырылған  агенттіктер 

арқылы келісімге келген жөн.

Егер бейтаныс адаммен мәміле 

жасасатын  болсаңыз,  жалғыз 

жүрмеңіз.  Сатып  алатын  зат 

үшін  алдын  ала  ақша  төлемеңіз, 

ақшаңызды және жеке заттарыңызды 

кепілзат  ретінде  қалдырмаңыз. 

Мәміле  жасасқан  сәтте  ақшаны 

санап,  тауарды  тексеріп  алыңыз. 

Қағазға  оралған,  резеңкемен 

буылған, орамаға бекітілген ақшаны 

алған  жағдайда  барынша  мұқият 

болыңыз.

С е н і м х а т т а р д ы   м ұ қ и я т 

тексеріңіз.  Көп  жағдайларда  олар 

жалған болып шығады.

Мәміле  жасасқан  кезде  сұрақ 

қоюға  ұялмаңыз  және  қарсы 

тараптың  ашуланғанына  назар 

аудармаңыз.  Алданып  қалғаннан 

гөрі сақтана білгеніңіз абзал.

Өзіңіз қол коятын барлық құжат-

тармен мұқият танысып шығыңыз.

Күтпеген жерден жолыңыздың 

болғаны  және  сөзсіз  сәттіліктің 

орайы  келгені  жайлы  сезімге  бой 

алдыру – қауіп-қатердің нық белгісі. 

Бір қарағанда құлаққа өте сенімді 

естілетін себепке сенбеңіз. 

Құнды  заттарды  сату  немесе 

сатып  алу  туралы  хабарландыру 

бергенде өзіңіздің мекен-жайыңыз-

ды  көрсетпей,  тек  ұялы  телефон 

номерін ғана бергеніңіз жөн.

Жер  телімдерімен  мәміле 

жасасқан  кезде  сатып  алу-сату 

шартына  қол  коюға  және  ақша 

беруге  асықпаңыз.  Құжаттарды 

мұқият қарап шығыңыз, жер теліміне 

ауыртпалықтың  бар  немесе  жоқ 

екені туралы анықтаманы Халыққа 

қызмет көрсету орталығынан бірге 

барып алуды талап етіңіз.

Үшінші  тұлғалардың  мүддесі 

үшін  өз  атыңызға  несие  рәсімдеу 

және оны қамтамасыз етуге сіздің 

жеке  мүлкіңізді  кепілдікке  қою 

туралы ұсынысқа келіспеңіз.

Үй  құрылысына  ақша  сала 

отырып,  құрылыс  мекемесінің 

үлескерлер  ақшасын  тартуға 

лицензиясы  және  жерге  құқығы 

бар екеніне көз жеткізіңіз. Шарттағы 

сіз салып отырған ақшаны қайтарып 

алуға кепілдік беретін талаптарды 

мұқият оқыңыз.

Не сие  алу  сәтінде  өзіңіз 

қол  қоятын  құжаттарды  мұқият 

оқыңыз, осы ретте несие берушінің 

құқықтары  мен  борышкердің 

міндеттеріне,  несиені  қайтару 

және оны қамтамасыз ету тәртібіне 

ерекше назар аударыңыз. Қажеттілік 

туындаған  жағдайда  білікті 

заңгермен  кеңесу  үшін  қосымша 

уақыт сұраңыз.

Егер  сіз  алаяққа  алданып 

қалсаңыз,  қылмыскердің  түр-

келбетін  көрсете  отырып,  дер 

кезінде  полицияға  102  номеріне 

ха б а рл а с ы ң ы з .   Е ң   д ұ р ы с ы , 

алаяқтықтан  сақтаныңыз.  Себебі, 

сақтықта қорлық жоқ. Сақ болсаңыз, 

ешкімге алданбайсыз. 



Ә. ҚОЖАБЕКОВА,

Басқарманың Байзақ және 

Жамбыл ауданы бойынша 

құқықтық статистика және 

арнайы есепке алу саласындағы 

заңдылықты қадағалау

 аға прокуроры.

А п а т   а й т ы п   к е л м е й д і . 

Одан  сақтанудың  бір  жолы  – 

мамандардың  сөзіне  құлақ  асып, 

олардың  ақыл-кеңестерін  қаперде 

ұстау.  Бұл  ретте  аудандық  ТЖ 

бөлімінің  қызметкерлері  түрлі 

бағытта  іс-шаралар,  кездесулер, 

оқу-жаттығулар  ұйымдастыруды 

әдетке айналдырған. 



МЕДИАЦИЯ

ЗАТЯНУВШАЯСЯ ИСТОРИЯ



МАМАН САҚТАНДЫРАДЫ

АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ



ӘРІПТЕС ЖАЙЛЫ ҮЗІК СЫР

ЖҰРТПЕН ТІЛ 

ТАБЫСҚАН ЖУРНАЛИСТ

ТЖ ҚЫЗМЕТІ 

Жуырда  аудандық  төтенше 

ж а ғ д а й л а р   б ө л і м і н і ң   а ғ а 

инженері,  өртке  қарсы  қызмет 

капитаны  Гүлнар  Жамантаева 

Түрксіб  ауылындағы  «Нұршуақ» 

балабақшасының қызметкерлерімен 

кездесіп, өрттен сақтану және оның 

алдын алу шараларын түсіндірді. 

Өткен  жылы  пайдалануға 

берілген  балабақшада  бүгінде  12 

топта  280  бала  тәрбиеленуде.  Ал, 

қызметкерлер  саны  80-нен  асып 

жығылады.  Жаман  айтпай  жақсы 

жоқ, тосыннан келген апат үлкенді 

де, кішіні де сан соқтырары анық. 

Яғни,  өрт  оқиғасына  жол  беріп 

өткенге  аһ  ұрғанша,  қай  нәрсенің 

болсын алдын алған абзал. 

Кездесуде Гүлнар Бердешқызы 

өрт  белгілерін  байқаған  кезде 

үлкендер  жағы  уақыт  жоғалтпай 

тез  арада  балаларды  қауіпсіз 

жерге көшіру керектігін, сондай-ақ 

дабылқаққыш  қондырғыларына 

баратын  және  көшіру  жолдарын 

кедергісіз  ашық  ұстауға,  өрт 

қауіпсіздігі  ережелері  бұзылған 

жағдайда оны жоюға шара қолдану 

қажеттігін  айтты.  Оқыс  оқиға 

орын  алған  жағдайда  101-112 

номеріне қоңырау шалу керектігін 

ескертті.  

Кездесу соңында қызметкерлер 

көпшіліктің сауалдарына жауаптар 

қайтарып, жаднама таратты. 



Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

ЕРЕЖЕ ЕСТЕ БОЛСЫН

«Мен  –  Құдайдың 

құлымын, Мұхаммедтің 

үмбетімін»  деген  әр 

м ұ с ы л м а н   б а л а с ы 

Мәуліт айының қасиеті 

м е н   қ а д і р і н   же т е 

түсінетіні  хақ.  Алла 

тағала адамды жаратқан 

соң  оның  бақытты 

болуына, тыныштықта 

жақсы  өмір  сүруіне, 

ақыретте  бақытқа, 

ж а қ с ы л ы қ т а р ғ а 

жетуіне  қамқорлық 

жасады. 

Қ а м қ о р л ы қ 

д е м е к ш і ,   к е ш е 

аудандық  Бәйдібек 

мешітінің  бас  имамы 

Ғайырфулла  қажы 

Қуанышбекұлы  Мәуліт  айының  шапағаты  тисін  деген  ниетпен  аз 

қамтылған  отбасыларға,  жалғызбасты  және  көп  балалы  жанұяларға, 

мүмкіндігі шектеулі жандарға, яғни, Аса ауылының 10 тұрғынына азық-

түлік табыс етті. 

Қасиетті айдың шапағатын сезінген жандар ауданның бас имамына 

ризашылығын білдірді.



Дүйсенбек ОРМАНОВ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

МӘУЛІТ АЙЫНЫҢ 

ШАПАҒАТЫ


3 бет

28 қаңтар 2015 жыл №11

Қазіргі таңда жастардың дінге 

деген  құштарлығы  арта  түсуде. 

Алайда,  теріс  пиғылды  діни 

ағымдардың  ерекше  назарына 

ұшырайтын да осы жастар екенін 

ұмытпаған абзал. 

Жас жеткіншектердің намазға 

жығылып, мешітке бас сұққанын 

үлкендер  жағы  қостағанымен, 

ал олар адасса ше? «Алла жолы 

– хақ жолы» деп, мешітке барып 

жүрген талай жастың иісі ислам 

дініне жат ағым құрбаны болып 

жатқанын  күнделікті  өмірде 

көріп, баспасөз беттерінен оқып 

жүрген жайымыз бар. Яғни, ислам 

дініне  жат  діни  ағымдар  жас 

шыбықтай  жайқалып  өсіп  келе 

жатқан  жастарды  елітке німен 

қоймай,  үлкендердің  өзін  тура 

жолдан тайдырып, айрандай ұйып 

отырған  елдің  құтын  қашы руда. 

Ұлтымыздың  салт-дәстү ріне 

қарама-қайшы пікір айтып, ислам 

Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  білім  бөлімі  Аса  ауылы,  Ленин  көшесі,  №2-үйде  орналасқан  «Балдырған» 

бөбекжайында қазіргі таңда 2010 жылдан бастап 2013 жылы туылған балалар үшін орналасуға бос орын бар 

екендігін хабарлайды. 

Анықтама үшін байланыс телефоны 2-20-08.

Қайда жүрсең де жалын атқан 

жастарды  көргенде  көңілің  көкке 

жеткендей  болады.  Сондайда 

болашаққа  зор  үміт  артасың. 

Әсіресе,  белсенді  жастарды 

кезіктіре  қалсаң,  үкілеген  сол 

үмітің арайлап атқан таңдай алаулай 

түседі.

Осындай  белсенді  жастарды 



өткен сенбі күні Гагарин атындағы 

орта  мектептің  мәжіліс  залында 

көріп, сезіміміз серпілді. Сол күні 

осы  мектептің  тәлімгері  Динара 

Сабделиеваның ұйымдастыруымен 

«Жоғары  сынып  оқушыларының 

азаматтық  белсенділігі»  атты 

тақырып  аясында  аудандық 

семинар-кеңес  өткен  болатын. 

Негізінен,  с еминар-кеңе ске 

барлық мектептердің «Жас Ұлан» 

ұйымы  мүшелері  (әр  мектептен 

3  оқушыдан)  мен  ұланбасылары 

келіпті. 

Таяуда Төле би атындағы орта 

мектепте  аудандық  «Кәмелетке 

толмағандар  арасындағы  құқық 

бұзушылықтың,  нашақорлықтың 

алдын  алу  профилактикасы» 

тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Оған  аудан  әкімдігі  білім 

бөлімінің бас маманы Әлия Омарова, 

аудандағы мектеп директорларының 

құқықтық  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасарлары  қатысып,  күн 

тәртібіне  қойылған  мәселелер 

бойынша еркін пікір алмасты.

Кейкиев атындағы орта мектеп 

директорының құқықтық тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары Б.Күртібаев 

«Жасөспірімдер  арасындағы 

құқық  бұзушылықтың  алдын 

алу  жұмыстарының  жүргізілуі», 

Төле  би  атындағы  орта  мектеп 

директорының құқықтық тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары Э.Жакенова 

« О қ у ш ы л а р д ы ң   қ ұ қ ы қ т ы қ 

м ә д е н и е т і н   қ а л ы п т а с т ы ру » 

тақырыбында  баяндама  жасады. 

Осы  мектептің  педагог-психологы 

Э.Әбдімұтанова  «Мен  қандай 

адаммын?»  атты  психологиялық 

тренинг  өткізді.  Бұдан  кейін  сөз 

алған  Ә.Омарова  жасөспірімдер 

арасындағы құқық бұзушылықтың, 

н а ш а қ о рл ы қ т ы ң   а л д ы н   а л у 

жұмыстарының жүргізілу тәртібін 

түсіндіріп, ұстаздарға жол сілтеді.

Семинар-кеңестің  соңында 

ұсыныс-пікірлер  тыңдалып, 

Б.Күртібаев пен Э.Жакенова мақтау 

қағаздарымен марапатталды.



Мақсат ЖҰМАБАЕВ.

Ұлт  болған жерде тіл, тіл болған 

жерде  оның  мәселесі  де  болады.

Тіл  –  қашанда  ұлттың  ең  асыл 

құндылығы,  қымбат  қазынасы. 

Рухани  кемелденетін  ел  өз 

тілін  түлетеді,  тілінің  тамырын 

тереңдетеді.

Ата-бабамыздан қалған үш асыл 

қазынаны – елдігімізді, ұлан-байтақ 

жерімізді, қасиетті де бай тілімізді 

аман-есен сақтап, болашақ ұрпаққа 

мұра етіп қалдыруда барлық мәселені 

алыстан болжап шешіп, елдігімізді 

сақтап қалуға ұйытқы болған алғыр 

жандарымыз бен билеріміздің, хас 

батыр бабаларымыздың ерен еңбегі 

мен  ерлігін  айтып  жеткізу  қиын. 

Ұлан-байтақ жерін қорғап, елдігін 

сақтаудың  тағы  бір  басты  шарты 

– сол елдің тілін сақтау. Көп ұлтты 

Қазақстанда  этностардың  тұтас 

бірлікте  болып,  қалыптасуындағы 

аса  маңызды  да  қажетті  рухани 

ұйытқысы оның тілі екені белгілі. 

Демек,  оны  заты  қазақты  былай 

қ о й ғ а н д а ,   б ү к і л   Қ а з а қ с т а н 

азаматтары  түгел  құрметтеуге 

міндетті.  Осы  орайда,  ең  бірінші 

мәселе  тілімізді  мемлекеттік 

рәміздердің бірі деп білу керек.

Тіл – біздің жас мемлекетіміздің, 

ұлттық  өркендеуіміздің  тірегі. 

Өзге  халықтың  тілімен  дегеніңе 

жете  алмайсың.  Сондықтан  өз 

тіліміздің  алдындағы  міндетімізді 

о р ы н д ау ы м ы з   ке р е к .   Қ а з а қ 

баласының  болашағын  ойласақ, 

ол дүниеге шыр етіп келген күннен 

бастап ана тілі бесігінде тербеліп, 

өзінің  туған  тілінің  уызына  емін-

еркін  қанып  өсуіне  үлкендер  мен 

ата-аналар  жауапты  болуы  керек. 

Ұлттың тілі – әр қазақ баласының 

жөргегінен жерімей, өз елін өзекке 

теппей,  ұлтжанды  азамат  болып 

өсуіне қажет ең бірінші алғы шарт. 

Өйткені ана тілі – ұлттың киесі. Ал 

кие деген ұғымның қашанда жүгі де, 

жолы да ауыр. Ұлттан, ұлт киесінен 

ешқайсымыз да биік емеспіз.

Мемлекеттік  тілді  қолданудың 

мәртебесін  арттыру  «Қазақстан 

Р е с п у бл и к а с ы н д а   т і л д е р д і 

дамыту  мен  қолданудың  2011-

2 0 2 0   ж ы л д а р ғ а   а р н а л ғ а н 

мемлекеттік  бағдарламасында» 

нақты  белгіленген.  Сондықтан, 

м е м л е ке т т і к   т і л д і   д а м ы т у 

барысында  Жамбыл  облысының 

мамандандырылған  ауданаралық 

экономикалық  сотының  ұжымы 

да  нақты  іс-шаралар  қолданып, 

жоғарыдағы  бағдарламаның 

орындалуын  жүзеге  асыруға 

атсалысып келеді.

Қорыта  айтқанда,  ана  тілі  – 

халықтың  өткен  ұрпағын,  қазіргі 

және  келешек  ұрпағын  мәңгілік 

біріктіретін  ең  сенімді  құрал. 

Ұлылықтың ұшар басына шыққан, 

анамыздың ақ сүтімен бойымызға 

дарыған,  қасиет  тұтар  бойтұмар, 

ата-бабамыздың  көнеден  қалған 

көзі,  туған  халқымыздың  өзіне 

аманатқа  қалдырған  ең  қасиетті 

мұрасы – ол ана тіліміз.

Гүлнәр АЖАКАЕВА,

Жамбыл облысының маман-

данды рылған ауданаралық 

экономи калық сотының судьясы.

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМҒА БОЙ АЛДЫРМАСЫН

дінін  жамылған,  ислам  дінін 

жоққа  шығарған  шетелдік  секта 

миссионерлері  өздерінің  арам 

пиғыл дарын  іске  асырғанымен 

қоймай, ата дінімізге күйе жағып, 

жастарды  теріс  бағытқа  бұруға 

әрекеттенуде.  Негізінен,  діни 

ағымдардың  торына  өмірде 

қиыншылық  шеккендер  мен 

өз  орнын  таппаған  азаматтар 

түседі деу әбестік. Шын мәнінде, 

олар  дені  сау,  сабырлы,  қуатты, 

тұрмыстық ахуалы жоғары адам-

дарды  арбауына  түсіргенді  жөн 

көреді.  Яғни,  діни  ағымдардың 

көздегені  бір  ғана  мақсат  –  өз 

туларының  астына  көбірек 

а д а м   ж и н ап ,   и с л а м   д і н і н 

жоққа  шығару.  Ал,  бұлардың 

құрбаны  –  иманы  әлсіз  адамдар 

мен  жасөспірімдер.  Жалпы, 

жастардың  тығыз  шоғырланған 

жері  мектеп  қабырғалары  мен 

жо ғарғы оқу орындары. Бұл рет-

те  білім  мекемелерінде  жастар-

дың  қатысуымен  дінге  қатысты 

«дөңгелек үстелдер» мен кездесу-

лердің  жиі  ұйымдастырылуы 

құптарлық дүние. 

Жуырда Еңбек орта мектебінің 

құқық ісі жөніндегі орынбасары 

Клара  Момынжанова  «Дін  мен 

Заң»  тақырыбында  жоғары 

сынып  оқушыларымен  кездесу 

ұйымдастырды.

Кездесуге  ауданның  бас 

и ма м ы   Ғ а й ы р фул л а   қ а ж ы 

Әмірбеков қатысып, оқушыларға 

имандылық  қазақ  халқының 

рухани  дүниетанымындағы 

парасат-пайымымен  сабақтасып 

жататын  өте  кең  өлшемді  ұғым 

екенін, мал-мүліктен, дәулетінен 

имандылықты  жоғары  қойған 

қазақ  елінің  тұғыры  биік 

екенін  аталы  сөзбен  тілге  тиек 

етті.  Сонымен  қатар  өзге  діни 

ағымдардың  арбауына  түскен 

жастардың тағдыры, ата дінімізді 

құрметтеудің  маңызы  туралы 

жан-жақты  мағлұмат  берді. 

Бұдан  кейін  аудан  әкімі  білім 

бөлімінің  бас  маманы  Әлия 

Омарова  сөз  алып,    ауданға 

қарасты мектептерде жалпы саны 

13779 бала білім алып жатқанын, 

оның  12-сі  аудандық  ішкі  істер 

бөлімінде  есепте  тұрғанын 

жеткізіп,  жастардың  алдында 

тұрған басты міндетке тоқталды. 

Ата  дінімізге  адалдық  таныту 

әрбір  мұсылманның  парызы 

екенін  айтты.  Жастар  арасында 

экстремизм  мен  терроризмге 

жол  бермеу,  жас  буынның  бос 

уақытын  тиімді  ұйымдастыру 

жөнінде әңгіме өрбітті.

Ал,  аудан  прокурорының 

көмекшісі  Жазира  Миралиева 

діни  экстремизммен  күресті 

қ ұ з ы р л ы   о р г а н   ө к і л д е р і 

айналысып  жатқанын  айтып, 

бала тәрбиесі, олардың қылмысқа 

бой  алдырмауы  күн  тәртібінен 

түспейтін өзекті мәселе екенін сөз 

етті.  Жасөспірімдердің  тікелей 

тәртібімен айналысатын аудандық 

ІІБ  кәмелетке  толмағандар  ісі 

жөніндегі  инспекциясының 

и н с п е кто р ы ,   п ол и ц и я   а ғ а 

лейтенанты Нүркен Смайловтың 

айтуынша, Еңбек орта мектебінде 

АІІБ-де есепте тұрған оқушылар 

жоқ,  сонымен  қатар  ауданда 

жасөспірімдердің  қатысуымен 

орын алатын қылмыстар біршама 

азайған.

К е з д е с у г е   қ а т ы с қ а н 

Көлқайнар  ауылдық  округінің 

ә к і м і   М ұ х т а р   Ш а й д а е в : 

«Пиғылы  бөтен,  қазақтың 

болмысына жат ағымдарға қазір 

тосқауыл  қоймасақ,  онда  ертең 

бірлігімізге сызат түсіп, еліміздің 

тыныштығы бүлінеді. Сондықтан 

Қазақстанның кез келген азаматы 

асыл дінімізді ардақтап, бағалауы 

тиіс», – деді. Округ әкімі келген  

қонақтарға алғысын білдірді.  

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

ЖАСТАР КӨЗІМЕН

БЕЛСЕНДІЛІК – БАРЛЫҚ 

ІСТІҢ БАСТАУЫ

Б а с қ о с у д ы ң   а ш ы л у 

салтанатында аудан әкімдігі білім 

бөлімінің бас маманы Әлия Омарова 

сөз бастаса, аудандық «Жас Отан» 

Жастар  қанатының  атқарушы 

хатшысы, «Жастар орталығының» 

ұйымдастыру, кеңес беру бөлімінің 

б а с ш ы с ы   А й б о л   Те м і р б е к 

жасұландықтардың  азаматтық 

белсенділігіне  қолдау  көрсету 

жайында  өз  ойын  ортаға  салды. 

Сондай-ақ,  «Жас  Ұлан»,  «Жас 

Қыран» балалар мен жасөспірімдер 

ұйымының аудандық үйлестірушісі 

Зухра Абсаматова атқарылған және 

алда атқарылатын жұмыстарды өз 

баяндамасына арқау етті. 

Семинар-кеңесте  «Жоғары 

сынып  оқушыларының  азаматтық 

белсенділігі»  туралы  гагариндік 

Данияр Қаршыбеков, Б.Момышұлы 

атындағы  орта  мектептен  Мөлдір 

Нұрқаділ,  тайшаповтық  Гүлнұр 

Базарбек,  Қ.Сартбаев  атындағы 

орта мектептің оқушысы Бақберген 

Қондыбай,  төлебилік  Мөлдір 

Рысқұлова  сынды  ұланбасылары 

өз есептерін берді. 

Жасұландықтардың  сөзінен 

«Байтақ  елдің  ұланымыз,  Асқар 

таудың  қыранымыз»  деген  ойды 

оқыдық, белсенділік – барлық істің 

бастауы екенін ұқтық. 



Д. САЛЫМҰЛЫ.

Суреттерде:  аудандық  «Жас 

Отан»  жастар  қанатының 

атқарушы  хатшысы  Айбол 

Темірбек  жасұландықтардың 

алдында сөз алды; залдан көрініс.

Т І Л

АМАНАТҚА ҚАЛҒАН МҰРА

СЕМИНАР-КЕҢЕС 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



АСА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі.

Кезекші редактор

Д. ОРМАНОВ

Газет ҚР мәдениет, ақпарат 

және қоғамдық келісім 

министрлігінде 18.12.1990 

жылы тіркелген. 

Тіркеу куәлігі №2024-Г

Біздің мекен-жайымыз:

Индексі 080200, Аса ауылы, 

Абай көшесі, 78 үй.

Телефон: бас редактор 2-17-98

Бас редактордың орынбасары 2-20-24

Компьютер орталығы 2-13-44

Меншік иесі:

Жамбыл аудандық 

«Шұғыла»-«Радуга» газеті 

редакциясы» ЖШС

Редакция авторлардың 

көзқарасы, жарнама мазмұны 

үшін жауап бермейді.

Жарияланбаған хатқа 

жауап қайтарылмайды.

Газет  аптасына  2  рет,  сәрсенбі, 

сенбі күндері шығады.

Газета выходит 2 раза в неделю, 

в среду и в субботу.

Индекс 68991

Газет  «Шұғыла»-«Радуга»  газеті  редак-

циясында  компьютерде  теріліп,  беттеліп, 

«Қанатты  қалам  әлемі»  ЖШС  баспаханасында 

басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».

Электронды пошта: 

asa_66@bk.ru

Тапсырыс №312 

 

Таралымы 3000



Бас редактор

Сансызбай

МАХАМБЕТҚҰЛОВ

САЛАМАТТЫЛЫҚ – ӨМІР САЛТЫМЫЗ

ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – 103

2015 жылдың 28 қаңтарында 2014 жылдың қорытындысы және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық 

заңдылықтарына енгізілген өзгерістер бойынша Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 

ғимаратында семинар өткізілетінін хабарлаймыз.

Қосымша ақпаратты 2-15-56 үнсандығына хабарласу арқылы алуларыңызға болады.

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Управление государственных доходов по Жамбылскому району сообщает, что в целях упрощения процедуры 

уплаты, возвратов и зачетов налоговых и таможенных платежей с 1 января 2015 года производится сокращение 

кодов бюджетной классификации с 208 до 89, которые будут действовать с 1 января 2015 года.



Управление государственных доходов по Жамбылскому району.

СООБЩЕНИЕ

Қаракемер ауылының кітапхана 

меңгерушісі  Шолпан  Шайдаева 

Төле  би  атындағы  орта  мектептің 

11-сынып  оқушылары  арасында 

«Жат  қылықтан  аулақ  болайық» 

тақырыбында  пікір  алмасу  кешін 

ұйымдастырды. 

Ке ш ке   ау ы л д ы қ   а м бул а -

то рия ның  медбике сі  Гүлнар 

Мырзабекова  қатысып,  жастарға 

ғасыр  дертіне  айналған  темекі, 

есірткі,  арақтың  зияны  туралы 

түсінік  беріп,  «Дені  сау  ұрпақ  – 

жарқын  болашақ»  тақырыбында 

баяндама  жасады.  Өз  кезегінде 

мектеп  оқушылары  Е.Оңғарбай, 

А . О м а р о ва ,   Б . С ү л е й м е н о в , 

А.Жолаева, Н.Рахым, А.Қылышбек, 

А.Сарықбай  өз  ойларын  ортаға 

салып,  қажетті  кеңеске  қанықты. 

Ал,  ауылдық  округтің  жастар  ісі 

жөніндегі кеңесші маманы Жалғас 

Жақсылықов  жас  жеткіншектерді 

салауатты  өмір  салтын  ұстануға 

шақырды. 

П і к і р   а л м а с у   к е ш і н е 

қатысушылар  еліміздің  болашағы 

тәртіпті,  тәрбиелі  жастар  екенін 

айтты.  Әрбір  оқушы  қоғамнан  өз 

орнын таба білуге мән беруі керек. 

Кеш соңында Шолпан Шайдаева 

өскелең  ұрпаққа  тәрбие  беретін 

осындай іс-шаралар алдағы уақытта 

да  жалғасын  табады  деп  сөзін 

түйіндеді. 



Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

Суретте:  Төле  би  атындағы 

орта  мектепте  өткен  «Жат 

қылықтан аулақ болайық» кешінен 

көрініс.

Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылы, Абай көшесінің бұрылысы, 

№22  үйдің  тұрғыны  Кенышева  Ақбота  Ералықызының  атына 

берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы актісі 

(№183; 08.09.2011 ж) және сатып алу-сату келісім-шарты (№2445; 

28.06.2011 ж) жоғалуларына байланысты жарамсыз деп табылсын. 

* * *

Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, Қонаев көшесі, №56 үйдің 



тұрғыны Розиев Исраил Шариповичтің атына жер учаскесіне жеке 

меншік  құқығын  беретін  акт  (тұрғын  үйге  тіркеу  куәлігі  С-016, 

29.03.2000 ж) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. 

* * *


2005 жылғы 30 қарашадағы №3635 сатып алу-сату шартының 

негізінде өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін Де Вячеслав 

Викторовичтің атына жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін 

акт (№0250397, кад.ном.: 06-088-101-796, жер учаск.көлемі 0,5 га) 

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. 

* * *


2001-2002 оқу жылында Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылы, 

Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің 9-сыныбын бітіргендігі 

жөнінде Тарпанова Гулнур Максутовнаның атына берілген куәлік 

(НМК №1227951) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Шайқорық  орта  мектебінің  5-8-сынып  жетекшілері  өткізген  тәрбие 

сағаттары қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты құрметтеуге 

арналды. Сондай-ақ мектеп тәлімгері А.Ордабаева «Жас ұлан» ұйымын 

қатыстыра отырып, «Д.Қонаев – ұлы тұлға» тақырыбында мектепішілік 

іс-шара өткізді.

Мектеп  кітапханашылары  Ж.Шымырбаева,  М.Исалиева  тақырыпқа 

қатысты көрме ұйымдастырды. Тәрбие сағаттары мен іс-шаралар аясында 

оқушылар  қоғам  қайраткерінің  өмірбаяны,  еңбек  жолы,  игі  істері  мен 

жетістіктері, мақалалары мен кітаптары жайлы тың деректерге қанықты.

Гүлмира ЖАТҚАНБАЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Таяуда  аудан  әкімдігі  білім 

бөлімінің  «Қазақстан  жолы» 

тәрбие  білім  беру  орталығының 

2015  жылға  арналған  іс-шара 

ж о с п а р ы н а   с ә й к е с   А н т о н 

Макаренко атындағы орта мектепте 

оқушылар  арасында  «Мұқағали 

Мақатаев  оқулары»  аймақтық 

байқауы  өтті.  Сайыс  мақсаты 

мектеп  оқушылары  арасында 

М.Мақатаевтың  шығармаларын 

н а с и х ат т ау,   о қ у ш ы л а р д ы ң 

шығармашылық  қабілеттерін, 

оқушылардың  поэзияға  деген 

құштарлығын арттыру, өлең сөздің 

құдіреті  мен  қуатын  жанымен 

сезініп,  жүрегімен  түсіне  білуді 

үйретуге бағытталған. 

Ережеге  сәйкес  екі  бағытта 

ұйымдастырылған  конкурсқа 

7-9  сынып  оқушылары  қатысты. 

Нәтижесінде  жеңіске  жеткен 

9-сынып  оқушысы  Ж.  Калиляева 

(А.Макаренко орта мектебі) және 

7-сынып оқушылары М.Мейірбек 

(А.Макаренко  орта  мектебі), 

А.Әбдімәжит  (Б.Бесбаев  орта 

мектебі),  Қ.Мұхамбетқали  (Абай 

орта мектебі) 30 қаңтар күні өтетін 

аудандық  байқауда  бақ  сынауға 

жолдама алды. 



С. АБДУЛЛАЕВА,

мектеп директорының 

ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі 

орынбасары.

Жамбыл  облысында  1989 

жылы  алғаш  рет  адам  иммун 

тапшылығы вирусын жұқтырған 

шетел азаматы анықталса, қазіргі 

таңда АИТВ індетіне шалдыққан 

адамдар облысымыздың барлық 

аудандарында  тіркеліп,  жалпы 

саны  902-ге  жетті.  Әрине,  бұл 

аз емес.


Ал  енді  осы  адамдардың 

ауруды  жұқтыру  жолдарына 

тоқталсақ, 545 адам инъекциялық 

есірткі  тұтыну  барысында,  304 

адам  жыныстық  қатынастар 

арқылы,  жаңадан  туылған 

16  бала  АИТВ  инфекциясын 

Жуырда Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектепте қазақ тарихындағы 

ірі  тұлға,  халқымыздың  аяулы  перзенті,  аса  ірі  мемлекет  қайраткері 

Дінмұхамед Қонаевтың туылғанына 103 жыл толуына орай апталық өтті. 

Апта басында лездеме ұйымдастырылып, кітапханашы Э.Тілеубердиева 

Д.Қонаевтың өмірдерегіне шолу жасап, көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, 

5 пен 11-сынып оқушылары қабырға үнқағаздарын шығарды. 8-сынып 

жетекшісі Г.Тильманбетова «Қонаев – ғасыр адамы» тақырыбында ашық 

тәрбие  сағатын  өткізді.  Онда  қайраткердің  еңбек  жолы  мен  қоғамға 

қосқан үлесі жайлы толық мағлұмат беріліп, оқушылар арнау өлеңдерін 

оқып, сынға түсті. Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Ж.Алижанова 

9-сынып оқушыларымен «Қазақ тарихындағы ірі тұлға» атты «дөңгелек 

үстел» өткізсе, Д.Өктембаева мен А.Аубакирова Д.Қонаевтың өмірі мен 

шығармашылығы жайында баяндама жасады.

Апта соңында аға тәлімгер Б.Аманжолова «Мақтан тұтар ұлы тұлға» 

тақырыбында  әдеби  кеш  өткізді.  Онда  мектеп  директоры  Г.Сыздықова 

кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбегін және қазақ елінің 

дамып-көркеюіне  үлес  қосқанын  айтты.  Бұдан  кейін  7-8-9-сынып 

оқушылары А.Әбітаева «Астана», Д.Өктембаева «Толғау», А.Баянов «Қазақ 

елі»,  А.Тасыбекова  «Туған  жер»  ән-жырларын  орындаса,  «Жас  ұлан» 

мүшелері мәнерлеп өлең оқыды.

Апта соңында қорытынды шығарылып, мектеп директоры іс-шараларға 

белсене  қатысқан  оқушылар  мен  ұстаздарды  мақтау  қағаздарымен 

марапаттады.



Э. БЕЙСЕНОВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Жасөркен  орта  мектебінің  ұжымы  осы  мектептің  тарих 

пәнінің мұғалімі Досжанова Мейрамкүлге әкесі

Қадырбектің

қайтыс  болуына  байланысты  қайғысына  ортақтасып  көңіл 

айтады.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛСЫН

АУҚЫМДЫ АПТАЛЫҚ

ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН 

АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ



БАЙҚАУ

МҰҚАҒАЛИ 

МАҚАТАЕВ 

ОҚУЛАРЫ


ҚОНАЕВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ

ДЕНСАУЛЫҚ

АИТВ жұқпасынан сақтанайық

Адам иммун тапшылығының алдын алу және 

онымен күрес жүргізу, жалпы АИТВ бойынша 

эпидемиологиялық ахуалды сауықтыру біздің 

орталықтың басты міндеті болып табылады. Қауіпті 

аурумен күресте әріптестеріміз сол ауыр міндеттің 

үдесінен шығып келеді.

анасынан  жұқтырған.  Тағы  36 

адамның ауруды жұқтыру себебі 

анықталмай  отыр.  Тіркелген 

АИТВ жұқпасының жағдайлары 

20-29 жастағылар арасында – 68 

пайыз, 40-59 жастағылар арасында 

–  27,5  пайыз.  Оның  ішінде  ер 

адамдардың  үлес  саны  көбірек 

–  656  (72,7  пайыз),  әйелдер  – 

246 (27,3 пайыз). Ауырғандарды 

әлеуметтік-кәсіби  мәртебесі 

бойынша  бөлетін  болс ақ, 

жұмыссыздар  84,4  пайызды, 

жұмыс істейтіндер 11,1 пайызды, 

белгісіздер 1,3 пайызды құрайды.

АИТВ-ның  соңғы  сатысы 

ЖИТС  (СПИД)  болса,  осыдан 

және  басқа  да  осыған  ұқсас 

аурулар  салдарынан  қайтыс 

болғандардың саны – 151 адам.

Жамбыл  ауданы  бойынша 

бүгінгі  таңда  14  адам  АИТВ 

ауруын жұқтырғандар қатарында 

тұр. Олардың арасында 14 жасқа 

дейінгі балалар жоқ.

Қатерлі ауру туралы сөз қоз-

ғауы мыздың  себебі  –  халықты 

АИТВ  жұқпасынан  сақтандыру. 

Денсаулық басты байлық екенін 



ұмытпайық.

Ғалия СӘДІБЕКОВА,

Жамбыл облыстық адам 

иммун тапшылығының 

алдын алу және онымен 

күрес жүргізу орталығының 

эпидемиолог дәрігері.

Эльмира ТАШҚАРАЕВА,

дәрігердің көмекшісі.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал