Сәрсенбі, 29 мамыр 2013



жүктеу 203.69 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі203.69 Kb.

 

                    

Сәрсенбі, 29 мамыр 2013

 

        



Астана – елдік ерлігі 

                                                                                           



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист 

Сауытбек Абдрахмановтың  сұхбат кітабынан 

 

 



– Нұрсұлтан Әбішұлы, жақында елорданың 15 жылдығы аталып ӛтеді-

. Бізосы оқиғаға орай бұрын шығарылған «Елбасы», 

«Салтанат», 

«Тәуел-

сіздік» кітаптарының үлгісі-

мен елорда туралы материалдардан«Астана» атты кӛлемді жинақ құрастыры

п жатырмыз. Сол кітапта сізбеносы сұхбаттың жарияланғанын қалаймыз. 

Әдетте ел ӛмірінің түбірлі мәселелеріне қатысты ойлар халық арасынаншы-

ғып, биліктің назары ауып, сол бойынша шешім қабылданып немесеқа-

былданбай жатады. Астанаға байланыс-

ты бәрі де керісінше болды.Сіз бұл идея-

ны ӛзіңіз ұсындыңыз, ӛзіңіз ӛткіздіңіз, ӛткізгенде де,жасыратын ештеңесі жоқ, 

жұртшылық онша қолдай қоймайтын кездетізеге салып дегендей етіп тұрып ӛ

ткіздіңіз, ӛзіңіз жеріне жеткіздіңіз.Алдымен осы идеяның о баста қалай туғаны

 жӛнінде айтсаңыз деймін? 

–  Астана  жайын  қозғағанда  біз  кӛбіне-кӛп  оның  Тәуелсіздіктің  жемісі  екендігін 

баса  кӛрсетеміз.  Сонымен  бірге,  тәуелсіздіктің  ӛзі  КСРО  атты  елде  сексенінші 

жылдардың  орта  шенінде  басталған  қайта  құрудың,  демократияландырудың  біз 

үшін басты жемісі екендігін есте ұстау шарт. Астананың ӛмірге келуі ең алдымен 

саяси  күштердің  бүкіл  әлемде  жаңаша  орналасуының  нәтижесі  деп  білу  керек. 

Астананың  алғашқы  авторы  –  Тәуелсіздік.  Қазақстан  тәуелсіздік  алмаса,  Астана 

ӛмірге келмес еді. Бұл басы ашық жай. 

Астананы  кӛшіру  Қазақстанды  жаңа  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  орнықтыруда  зор 

рӛл атқаратынына мен сенімді болдым. Неге сенімді болдым? Былайша қарағанда, 

астана деген  мемлекеттің  әкімшілік  орталығы  ғана  емес пе?  Оның  ауыстырылуы, 

кӛшірілуі,  тіпті  жаңадан  салынуы  тәуелсіздікті  орнықтыруға  нақты  қандай  ықпал 

жасай  алады?  Бір  кезде  бұлай  ойлаушылар  болса  да,  қазір  астана  ауыстырудың 

орындылығына  күмән  келтірушілер  қалмағаны  неліктен?  Ӛйткені,  біздің 

тәуелсіздігіміз  дәл  осы  шешім  қабылданғаннан  кейін,  сол  шешім  бойынша  нақты 

қадам  жасалғаннан  кейін  барып  шын  мәніндегі  толымды  сипатына  ие  бола 

бастады. 

Негізінде  кезінде  менің ол ұсынысыма  күмән  келтіргендердің де  сӛздерінің жаны 

бар. Жаны болмағанда ше? Тәуелсіздік тізгіні қолға тиген тұста экономикада нағыз 

хаос  орнай  бастаған  еді.  Талай  жыл  бойы  қалыптасқан  республикааралық 

шаруашылық  байланыстардың  бәрі  бырт-бырт  үзіліп,  кәсіпорындар  ӛнімдерін 

ӛткізе алмай, содан жұрт кей жерлерде тіпті алты айлап жалақы ала алмай жүрген 

кез.  Жетпіс  жылғы  коммунистік  идеологиядан  запы  болған  жұртқа  енді  қандай 

идеология ұсынсаң да қабылдамайтындай болып тұрған кез. Жасампаздық жұмыс 

тұрмақ, жан бағудың ӛзі уайымға айналған, талай отағасы үйде отырып қалып, үйді 

ала  қапшық  арқалаған  әйелі  асырауға  кӛшкен  кез.  Жаңа  қала  тұрмақ,  жаңа  үй 

салудың ӛзі едәуір оқиға саналатын сол шақта аяқ астынан астана ауыстыру туралы 

әңгіме кӛтерілгенде кім-кімнің де қайран қалуын түсінуге болады. 



– Ол әңгіменің кӛтерілуінің негізгі себебі неде? 

– Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Ел қатарлы Одақтан бӛлініп шыққаннан, тәуелсіздік 

алғаннан,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  қабылданғаннан,  Туды,  Гимнді,  Гербті 

бекіткеннен  ел  бірден  шын  мәніндегі  тәуелсіз  мемлекет  бола  қалмайды. 

Шынтуайтында,  жаңағы  жайлардың  бәрі  кез  келген  мемлекеттің  міндетті 

атрибуттары.  Тәуелсіздіктің  басты  белгісі  –  ӛзіңнің  тағдырыңды  ӛзің  шешуге 

қабілеттілігің.  Тәуелсіз  саясат  жүргізе  алуың.  Соған  шамаңның  жетуі, 

мүмкіндігіңнің келуі. Еуразияның қақ ортасында біз орнатқан Астана  – Қазақстан 

халқының  дербес  таңдауы.  Астана  –  елдің  болашаққа  салған  кӛпірі.  Жаңа 

қоғамның символы. Біз іс жүзінде жаңа мемлекет орнатуды астанамызды жаңадан 

салудан бастадық десек те артықтығы жоқ. 

Жаңа қоғамды жаңа идея ғана құра алады. Ал идея ойдан туады. Мен әуелде жалпы 

қала  туралы  ойландым.  Шпенглердің  «Ұлттар  дегеніміз  қала  салушы  халықтар» 

деп  айтқаны  бар.  Сен  жақында  бір  мақалаңда  Абайда  «ұлт»  деген  сӛз 



қолданылмағанына  назар  аударыпсың.  Расында  да,  ұлт  –  этностан,  халықтан  бір 

саты  биік  тұрған  ұғым.  «Ұлттық  университет»,  «Ұлттық  кітапхана»  дегенде  ол 

жерде  кілең  бір  ұлттың  ӛкілдері  оқиды,  ол  жерге  тек  бір  ұлттың  ӛкілдері  барады 

дегенді  ойға  да  алмаймыз  ғой.  Халықты  ұлтқа  айналдыратын  белгілердің  бірі  – 

қалалар. Мемлекет мәдениеттілігінің бір белгісі де – қалалар. Мәдениет сӛзінің ӛзі 

де арабтың маданият – қала деген сӛзінен шыққан. 



–  Иә,  арабтар  пайғамбарымыз  жатқан  Мәдинені  «Мәдинәт-ән-нәби»,  яғни 

«пайғамбар қаласы» дейді. 

– Астана ауыстырудың қажеттілігі мемлекеттің түпкі мүдделерінен ғана туындаған 

жоқ,  мұның  ӛзі  біз  үшін  ХХІ  ғасыр  стратегиясының  бір  нышаны.  Қазақстанның 

тәуелсіздігіне қол жеткен тұста жаңа елдің астанасы жаңа заманның кӛптеген жаңа 

талаптарына сай келуге тиіс екендігіне кӛзіміз жетті. Халықаралық қатынастардың 

барған  сайын  жандана  түсуі,  елдің  ішіндегі,  елдің  сыртындағы  қаржылық, 

ӛндірістік,  коммерциялық  байланыстардың  қатты  кеңеюі,  сондай-ақ  елді 

басқарудың  күрделіленуі  астаналық  міндеттердің  санын  арттырып,  сапасын 

күшейтуді талап етті. Осы тұрғыдан біз Алматыға басқаша кӛзбен қарай бастадық. 

Ең  алдымен,  жаңа  мемлекетіміз  астанасының  мәртебесі  елдің  геосаяси  жағдайы 

мен әлемдегі жалпы ахуал талап ететін биік ӛлшемдерге сәйкес пе деген тұрғыда 

ойландық.  Баяғыда  Макиавеллидің  ӛзі  ел  астанасы  елдің  ортасында  орналасқаны 

дұрыс  болатынын  жазып  кеткен.  Тәуелсіздік  қолға  жаңа  тиген  тұста  Алматының 

елдің шетінде, желдің ӛтінде тұрғаны кӛптеген проблемалар туғызуы мүмкін екені 

байқала  берді.  Күрделі  геосаяси  себептерге  қоса,  қаланың  қазаншұңқырға 

салынғаны,  содан  да  ауасының  қатты  ластанып  бара  жатқаны,  құрылыстың  тау 

беткейіне жақындап, тығырыққа тіреле бастағаны, қаланы кеңейтер жер жоқтығы 

кім-кімге  де  белгілі  еді.  Қала  әуежайының  маңайына  жиі  тұман  түсетіні  де  шет 

елдер  басшыларының  ресми  сапарларын  тәуекелге  тіреп  тұруы  мүмкін  болатын. 

Алматының  астана  мәртебесінсіз-ақ  осы  жылдарда  қаншалықты  ӛскенін,  эколо-

гиялық  мәселелері  әлі  де  шешілмегенін  кӛріп  отырмыз,  ал  астана  күйінде  қала 

бергенінде  ендігі  жағдайын  кӛзге  елестетудің  ӛзі  қиын.  Қаланың  әдемілігіне, 

табиғатының  әсемдігіне,  әрине,  айтар  сӛз  жоқ.  Бірақ,  жасыл  желекке  жаның 

жадырап,  сәулетті  үйлерге  сүйсініп,  асқаралы  Алатауға  аңсарың  ауып  отыра 

бермейсің ғой. Мемлекет құру керек. Ел болу керек. Халықты бір мақсатқа ұйыту 

керек. Экономиканы дамыту керек. Басқа да керектер кӛп. 

Тәуелсіздіктің табалдырығында бізге үш бірдей үлкен-үлкен міндетті шешуге тура 

келді.  Оның  біріншісі  –  тәуелсіз  мемлекет  құру.  Екіншісі  –  жоспарлы 

экономикадан  нарықты  экономикаға  кӛшу.  Үшіншісі  –  тоталитаризмнен 

демократияға ауысу. Осылардың әрқайсысы ӛзінше қиямет-қайым шаруа. Олар аз 

болғандай  сол  тұста  бұғанасы  бекімеген  тәуелсіздігімізді  сынаққа  салғысы 

келетіндер  де  кӛбейіп  кетті.  Солженицын  шықты  ана  жақтан  «Қазақтар  малының 

тұяғы жеткен жердің бәрін ӛз жерім деп санай берген» деп, Горбачев шықты мына 

жақтан, дәл қызметінен кетерінде «Қазақстанның теріскейдегі бес облысы Ресейге 

тиесілі  болуы  керек  еді»  деп.  Жириновский  сияқтылар  қосылып  жатты 

жаңағыларға.  Оларға  сӛзбен  емес,  іспен  жауап  беру  керек  еді.  Тәуелсіздікті 

бекітетін нақты қадамдар жасау керек еді. Азаттықтың ӛзі алмағайып кез болатын 


ол.  «Бұлар  дербес  ел  болып  тұра  алмайды,  ертең-ақ  күндерін  кӛре  алмай,  ырың-

жырыңы шығып, алдымызға қайтып келеді әлі» дейтіндер де аз емес-ті. 



– Айып етпеңіз, мынандай жай еске түседі. Біз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен 

кейін  екі  жыл  ӛткенде,  1993  жылдың  аяқ  жағында  сол  кездегі  Целиноградта 

славян  қоғамдарының  бірлескен  съезі  ӛткені,  онда  Целиноградты 

Қазақстандағы  славяндардың  астанасы  деп  жариялау  жӛнінде  шешім 

қабылданғаны да бар ғой? Сондағы казачествоның атаманы тіпті кӛрші елдің 

туын  үйінің  шатырына  тігіп  те  қойыпты.  Ол  туды  жігіттер  түнде  бұғалық 

тастап жүріп жұлып алыпты. 

– Ондай да болған тіпті. Рас, бұларының ешқандай заңға маңайламайтын, қисынға 

сыймайтын  шешім  екенін  жаңағы  «бірлескен  съезді»  ұйымдастырушылардың 

ӛздері-ақ  тез  түсініп,  әлгі  шешімнің  күшін  жойған,  арандатушы  әрекеттері  үшін 

артынша кешірім де сұраған. 

Әйтсе де сондай қадам жасалғанының ӛзі кім-кімге де секем алдырмай қоймайтын. 

Мұның бәрі баяғы Хрущевтің Тың ӛлкесін РСФСР-ға қосу керек дейтін парықсыз 

ұсынысының жүзеге асуын аңсайтындар  әлі күнге бар екенін кӛрсетіп тұрған еді. 

Одан  бұрын, 1979 жылы  дәл осы  Целиноградта неміс автономиясын  құру  туралы 

шешімге  қарсылық  білдірген  жастардың  наразылық  шеруі  болғанын  да  ұмытпау 

керек. 

–  Сӛйткен  ӛңірге  астана  ауысатыны  жайындағы  хабар  шӛл  далаға  су 

келгендей  әсер  еткені  анық.  Қасым  Тәукеновтің  біздің  газетте  жарияланған 

«Аманат»  деген  мақаласынан  бір  үзінді  оқып  берейін.  Ол  кісі:  «Ақмола 

келешекте астана болады деген әңгімелер Сарыарқаның желімен бірге гулеп 

ала  жӛнелді.  Ӛмір  бойы  жаншылып,  әр  жерден  тӛбеміз  ғана  кӛрініп  жүрген 

біздер  бұған  шексіз  қуанып,  құптадық.  Бұл  таңдауды  Нұрекеңнің 

кӛрегендігіне баладық. Ал енді Нұрсұлтан Әбішұлының ӛзі астананы кӛшіру 

қажеттігі  туралы  ойға  бірте-бірте  бекінгенін  ашық  айтыпты.  Шынында  да, 

астананы басқа орынға ауыстыру кӛп мәселені жаңаша шешуді талап ететіні 

түсінікті  ғой.  Халқымыздың  еңсесі  кӛтеріліп,  кейбір  қарттарымыздың 

қуанғанынан  кӛздеріне  жас та  келді»  деп  жазған  еді.  Сонда  сіз  бұл  қадамды, 

арғы  кезді  айтпағанның  ӛзінде,  соңғы  жетпіс  жылда  жаншылған  ұлттық 

рухты кӛтеру мақсатымен де жасаған болып шығасыз ғой? 

–  Жас  мемлекеттің  жаңа-жаңа  апыл-тапыл  басқан  шағында  бас  қатырар  кӛп 

шаруалармен  бірге  бұл  мәселе  де  ойымнан  бір  кетпей  қойды.  Батыл-батыл 

шешімдерге бармасақ, тосын қадамдар жасамасақ тәуелсіздік жағдайында да елдің 

дағдылы  жолмен,  инерциямен  жүре  беретіні,  бірте-бірте  баяғы  қара  жолға  қайта 

түсетіні  анық  кӛріне  бастады.  Осылардың  бәрін  ойлай-ойлай  келіп,  ақыры  елдегі 

түбірлі ӛзгерістерді астана ауыстырудан бастаған жӛн екен деген тоқтам жасадым. 

  

ДӘЙЕКТЕМЕ: 



«Сілкінуге  ешқандай  құлқы  жоқ  адамдарды  қалай  сілкіндіруге  болады? 

Съездердің  сылдыр  уағызына,  марксизм-ленинизмнің  ұлы  да,  ұлық  та 

классиктерінің  дәйексӛздеріне  толған  миды  қалай  тазалау  керек?  Ескі 

шырмауға  маталып,  мемлекеттің  әрең  соғып  тұрған  жүрегі  Алматыда 

ұйлыққан ескі тәртіптегі билеуші элитаны қалай жұмылдырарсың? 

Ӛзгерістер  басталған  сілкіністі  уақыт  –  1991  және  1992  «парламенттік» 

жылдар  әлі  жадымда.  Егер  әлдекім  мені  парламентаризмге  қарсы  екен  деп 

ойласа,  құдай  сақтасын.  Мен  әрдайым  сындарлылықты  және  уақыттың  бос 

сӛзге тӛзбейтінін толық сезіне білуді жақтаймын. Ал ол кезде қаншама саяси 

және реформаторлық «мылжың» болды десеңізші… Ӛмірлік маңызы бар бірде-

бір  заң  ӛтпей  жатты.  Заңдарды  парламенттік  талқылау  процесіне 

араласпайтыны,  килікпейтіні  жоқ.  Бүйірден  қосылып  жӛнді-жӛнсіз 

қыстырыла кету, жоқтан ӛзгені сағыздай созып сӛз ету, лаққан философиялық 

толғамдар мен әйтеуір ӛзін кӛрсетіп қалуға әбден малтығып жатқаны. 

Мен  сондай  қажитынмын.  Қатты  шаршайтынмын.  Бұл  қажып-шаршауым 

әлдебір  іскерліктен,  болмаса  қабылданған,  қабылданып  жатқан  заңдардың 

кӛптігінен  емес,  керісінше  солардың  мүлдем  жоқтығынан  болатын.  Ӛйткені 

заңды  бүгін  қабылдау  қажет,  ертең  оның  ешкімге  қажеті  болмай  қалады… 

Сондай  минуттарда  қайдағы  бір  түсіндірмелер  тасқындап,  мылжың  сӛздер 

малтықтырған кезде не істеріңді білмейсің. Әлдебір таза суға сүңгіп кетіп, сол 

жерден жақсы тың ойлармен, құлантаза кӛңілмен шыққың-ақ келеді. 

Барлық салада, бәрінде де түгелімен, түбегейлі ӛзгерістер қажет деген айқын 

сезім мені барған сайын билеп алды. Қалыптасқан жағдайдан, тірелген тұйық-

тан шығудың амалын іздеп шарқ ұрдым. 

Бәрін  еңсере  отырып  қана  елді  алға  жылжытуға,  сӛйтіп  ӛткеннің  кесел 

жарасын жазуға болатынын ұқтым. 

Ширығып алып, қайта-қайта бұлқынып, мүмкіндігінше сені ілгерілетуге тиіс-

ті  адамдардың  қасаңдығы  мен  оралымсыздығынан  құтылуға  да  болатын  еді. 

Мұның  ӛзі  біршама  уақыт  қана  жалғасқанымен,  ұдайы  жалғаса  беруі  мүмкін 

емес-ті.  Адамдарды  серпілтіп,  турасын  айтқанда,  бастың  миын  «желдетіп 

алуларына» әдеттен тыс тӛтен шешім керек болды. 

Сӛйтіп астананы кӛшіру қажеттігі туралы ойға бірте-бірте бекіне бердім. 

Н.Назарбаев, 

«Еуразия жүрегінде», 

Астана, 2005, 28-бет. 

  

Бұл  идея  мені  біржола  баурап  алды.  Елдің  нақты  жағдайын  сараптағанда,  қалай 



мемлекет  құрамыз  деп  толғанғанда  дәл  осы  ойға  жиі  берілетінмін.  Бұл  тоқтам 

оңайға  түскен жоқ. Астана ауыстырған  жағдайда  Алматыдан қозғалатының  анық. 

Оған  да  қиналасың.  Қиып  кететіндей  қала  ма  Алматы?!  Тәуелсіздігіміздің  тал 

бесігі  емес  пе  ол?  Желтоқсанның  ақ  қарына  алау  жаққан  ұл-қыздарымыздың 

азаттықты аңсап алаңға шыққан қаласы емес пе ол? Тіпті жеке ӛзімді алсам, туған 

ауылыма  тиіп  тұрған  жер  емес  пе  Алматы?  Арқа  жерінде  жиырма  жылдай 

жүргенімде  қанша  рет  түсіме  кірген  аяулы  мекен  ғой  ол!  Алғашқы  немерелерім 

дүниеге  келген  қала  ғой  ол!  Осылардың  бәрін  ойлайсың.  Күндіз  күлкің,  түнде 

ұйқың  бұзылады.  Қалай  болып  шығады  деп  қобалжисың.  Сау  басқа  сақина  тілеп 

алып  жүрмейміз  бе  ӛзі  деп  іштен  тынған  кездерім  де  бар.  Ондай-ондайды  енді 

айтуға  болатын  шығар.  Оңай  емес  қой.  Пәтер  ауыстырудың  ӛзіне  адам  қанша 

ойланады. Басқа қалаға кӛшуге тіпті бас қатырады. Таңдауың сәтті шықса жақсы, 

сәтсіз шықса, ағылшындар айтатындай, ол ӛзіңнің жеке проблемаң. Ал бұл жерде 


мәселе  бүкіл  елдің,  ел  болғанда  да  егемендігінің  елең-алаңында,  тәуелсіздігінің 

табалдырығында тұрған, әлі әрі-сәрі күйдегі елдің тағдырын айқындайтын шешімге 

келіп тіреледі ғой. Оған қалай қиналмассың? 

Алматының  жаңа  мемлекеттің  астанасы  күйінде  қала  алмайтынының  тағы  бір 

себебі болды. Қаншама жыл кеңестік социалистік республиканың астанасы ретінде 

қалыптасып қалған ол қалада сол кездегі сіреспе саясаттың салқыны бәрібір сезіліп 

тұратын.  Басқасын  былай  қойғанда,  Президент  Аппаратының,  Үкімет  Кеңсесінің 

кешегі  Компартия  ғимаратында  отыруының  ӛзі  психологиялық  тұрғыдан  кӛңілге 

біртүрлі әсер ететін сияқты кӛрінуші еді. Алматы ӛзіне түскен жаңа геосаяси жүкті 

кӛтере  алмады.  Мен  туралы  кітап  жазған  ағылшын  авторы  Джонатан  Айткеннің 

Алматы жайында қаланың аумақтық және экологиялық кемшіліктерден ӛзге жария 

етіле  бермейтін  басқа  да  проблемаларын  атағаны  бар.  Айткен  Алматыны  ӛзінің 

стилі мен мазмұны жӛнінен кеңестік ахуалдағы шаһар болатын, кӛп қазақтар онда 

ӛздерін  жайсыз  сезінетін  деген  еді.  Дегенмен,  сол  Алматыдан  астананы  кӛшіруге 

бекінудің ӛзі оңай тәуекел емес. 

–  Алматының  қадір-қасиетін  сіз  Астананың  халықаралық  тұсаукесерінде 

сӛйлеген сӛзіңізде айшықты айтып едіңіз. Міне, былай дегенсіз: «Бәріміздің де 

жастық  дәуреніміз,  дегендерімізге  жетуіміз,  кемелімізге  келуіміз  сол  бір 

ғажайып  қалаға  етене  байланысты.  Жаңаша  дәурендеуіміздің  дәл  бір  осы 

шырайлы  шағында,  шапағатты  сағаты  мен  мерейлі  минуттарында 

азаттығымыздың  ақ  құсын  ӛз  бауырынан  аспандата  самғатқан  аяулы 

Алматы  мен  әзіз  Алатауға  бәріміз  де  тікемізден  тік  тұрып,  басымыз  жерге 

жеткенше  иіліп,  қанша  мәрте  тағзым  етсек  те,  артықтығы  жоқ  деп  білем. 

Дүние  тұрғанша  тұр,  жәннат  қалпыңнан  жазбай,  жасай  бер,  жайнай  бер, 

қыдыр  қонып,  құт  дарыған  киелі  қоныс,  мүбәрак  мекен  –  Алматы!..  Биікке 

самғап,  қиырды  шарлау,  заманнан  қалмай  зымырай  заулау  –  мына  біздерге 

ӛзің берген тәрбие, ӛзің кӛрсеткен ӛнеге, ӛзің тапсырған тарихи аманат!». 

Сұхбаттарымызда  дәйексӛздерді  пайдаланып  жүрмін  ғой.  Осы  тұста  газетте 

сіздің  Алматыда  ғалымдармен  кездесуде  бұл  шешімнің  ұлттық  қауіпсіздікке 

қандайлық қатысты екендігін айтқан сӛзіңізді келтірудің орайы бар сияқты. 

– Келтір. Қай сӛз екенін шамалап отырмын. 

  

ДӘЙЕКТЕМЕ: 

«Ашығын  айтайын,  бұл  шешімнің  біздің  ұлттық  қауіпсіздігімізге  тікелей 

қатысы бар. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен қасиетті 

қазақ  жерінің  бір  бӛлігін  –  аяулы  Сарыарқаны  саяси  саудаға  салып,  дарқан 

даламызды  дау-дамайға  айналдырғысы  келетіндер  бар  кезде,  солтүстіктегі 

шұрайлы  ӛңірге  суық  кӛзінің  сұғын  қадайтындар  бар  кезде  біз  мына  жылы 

жерде, әсем қала – Алматыда тыныш отыра алмас едік. 

Біз  Алатаудың  бауырына  сыймай  кеткен  жоқпыз,  қайта  жер  жәннаты 

Жетісуды қимай-қимай кеттік. Тарихтың қатал талабы осындай». 

Н.Назарбаев, 

«Қалың елім, қазағым», 

«Өнер», 1998, 296-бет. 

  


– Астананы Алматыдан ауыстыру жӛніндегі ойға қашан бекіндіңіз? 

– Бұл туралы ойдың ӛзі сәл ертеректе, 1992 жылы туған. Әйтсе де ол кезде мұны 

тіс жарып ешкімге айтқан емеспін. Айтпағаным да дұрыс болды. Ол жылы мұндай 

идея кӛтеруге тіпті ерте еді. Бұл таңдаудың да ӛзінің тарихи себептері бар. Ертедегі 

бабаларымыз геосаясат дегеннің не екенін Макиавеллиді оқымай-ақ білген. Содан 

да осы Сарыарқадағы Ортақ пен Кертақ, Ұлытау мен Кішітау сияқты мекендерде 

баяғы  Жошы  мен  Бату  ханның  заманын  былай  қойғанда,  Орда-Ежен,  Тайбұға, 

Кӛшім, Орыс, Әбілқайыр, Шайбани кезінен, берідегі Тәуке мен Абылай дәуірінен 

ұлысымыздың  туы  тігілген.  Осы  жердегі  ежелгі  Бозоқ  қаласы  бір  кезде  Қыпшақ 

хандығының астанасы болған. 



–  Сонымен,  алдымен  астананы  ауыстыруға  бекіндіңіз,  одан  кейін  оны  елдің 

ортасына алып келуге тоқтадыңыз. Сонда қандай жерлер қарастырылды? 

–  Алдымен  ойға  Ұлытау  келді.  Аты  да,  заты  да  астана  болуға  сұранып  тұрған 

сияқты.  Қасиетті  ӛңір.  Бар  қазақтың  басы  алдымен  сонда  қосылған.  Барлық  ру-

тайпалардың таңбалары тасқа қашалып, бабаларымыз бірлікке анттасқан жер ғой. 

Тәуке хан Ұлытауда хан сайланған. Абылайдың ордасы да Ұлытауда болған. Бірақ 

біздің  ғасыр  –  прагматизм  ғасыры.  Ұлытауда  су  кӛздері  тапшылығының,  темір 

жолдың  жоқтығының  ӛзі  бұл  ойдан  бірден  бас  тартқызды.  Қарағанды,  Кӛкшетау, 

Ақтӛбе  қалалары  да  болашақ  астана  бола  ала  ма  деген  тұрғыда  қарастырылды. 

Былайша  қарағанда,  менің  бүйрегім  Қарағандыға  кӛбірек  бұрылуға  тиісті  еді. 

Сонда  еңбек  жолымды  бастадым,  сонда  үйлендім,  сонда  балалы-шағалы  болдым, 

сонда  қызмет  бабымен  ӛстім.  Бірақ,  Қарағанды  астана  жасауға  кӛмір 

шахталарының  әсерінен  жер  жиі-жиі  ойылуы  мүмкін  екендігінен  жарамады. 

Кӛкшетаудың  инфрақұрылымының  әлсіздігі  бірден  кӛрінді.  Ақтӛбеге  қарай  ӛтсек 

біз  елдің  бір  қиырынан  екінші  қиырына  шығып  кететін  едік.  Жалпы,  қалаларды, 

әсіресе,  астана  болуға  лайықты  қалаларды  бағалаудың  әлемде  қабылданған  32 

ӛлшемі бар екен. 1994 жылдың басында мен құрған арнаулы комиссия әлеуметтік-

экономикалық  кӛрсеткіштер,  ауа  райы,  жер  бедері,  сейсмоахуал,  қоршаған  орта, 

инженерлік  және  кӛлік  инфрақұрылымы,  коммуникациялар,  құрылыс  кешені, 

еңбек  ресурстары  сияқты  кӛптеген  жағдаяттарды  қарастыра  келіп,  Ақмоланың 

артықшылықтары кӛбірек деген тұжырымға тоқтады. 



– Ол қандай артықшылықтар? 

–  Алдымен  айтатын  артықшылығы  –  Ақмола  қазақ  даласының  жер  кіндігі 

дейтіндей  маңайда  тұрғандығы,  ел  экономикасының  дамуын  айқындайтын  ірі 

шаруашылық  ӛңірлерінен  алыс  еместігі.  Тағы  бір  артықшылығы  –  тоғыз  жолдың 

торабында екендігі. Ендігі бір артықшылығы ретінде қаланың кӛлемі шағындығын, 

халқының  саны  шектеулілігін,  яғни  құрылыс  салуға  да,  тиісінше  демографиялық 

ӛсуге де мүмкіндігі кӛптігін айтуға болады. Қаланың қақ ортасының ӛзінде жалпы 

аумағы  30  гектардай  жер  бір  қабатты  ескі  үйлермен  толтырылған.  Келешекте  ол 

үйлердің бәрін сүріп тастап, қалағаныңша құрылыс сала беруге болады. 

–  Ақмоланың,  бұрынғы  Целиноградтың  кезінде  қарқынды  дами  алмай 

қалғанының ӛзі түптің түбінде артықшылық болып шыққан ғой сонда? 

– Бір есептен солай десе де болады. Ақмоланың ӛзімнің кӛңіліме қонған тағы бір 

тұсы  –  ерке  Есілдің  бойында  тұрғаны.  Ӛзен  деген  қаланың  сәні  ғой.  Ауыз  су, 

техникалық  су  жағынан  да  кӛп  қиындық  келмейтініне  кӛзіміз  жетті.  Кӛлік 



инфрақұрылымы  қалада  жақсы  дамыған.  Арқаның  ауасын  айтсайшы!  Ақмоланың 

экологиялық  тұрғыдан  артықшылығы  тіпті  даусыз  еді.  Қаланың  тағы  бір  жақсы 

жері – құрылыстың Алматыға қарағанда екі еседей арзанға түсетіні. Осының бәрін 

ойлай-ойлай,  барлық  жағынан  есептей-есептей  келіп,  ақыры  болашақ  астананың 

орны  Ақмола  болады  деп  шештік.  Әуелі  бұл  идеяны  зиялы  қауымның  аузымен 

айтқызуды, қоғамдық пікірді зерттеп байқауды орынды санадық. 



–  Осы  тұста  мына  бір  жайды  айтқым  келеді.  Бұл  мәселені  алдымен  «Қазақ 

әдебиеті»  газеті  кӛтерген.  Бір  топ  жазушылардың  ашық  хатын  жариялаған. 

Ол 

кезде 

Президент 

Аппаратында 

бӛлім 

меңгерушісінің 

бірінші 

орынбасарымын.  Газет  қозғаған  мәселе  маған  тосын  кӛрінгені  сондай, 

қызметтік  құқымды  пайдаланып,  бас  редактор  Оралхан  Бӛкейді  кабинетіме 

шақырғаным,  «мемлекеттің  тағдырына  қатысты  мұндай  мәселені  бірауыз 

ақылдасып  алу  қажеттігі»  жӛнінде  ӛзімше  ескертуімді  айтып  жібергенім  де 

бар.  Сӛйтсем,  сіздің  айтуыңызбен  жасалған  шаруа  екен  ғой  ол…  Аппаратта 

жүріп біздің ӛзіміздің осы әңгімеден хабарымыз болмапты. 

–        Иә,  Оралхан  сол  кезде  газет  басшысы  ретінде  менің  бір  шетелдік  сапарыма 

қосылған.  Ұшақ  Алматыдан  шығып,  осы  Астананың  тұсына  келгенде  шақырып 

алып,  «Қарашы,  қандай  байтақ  жер.  Еліміздің  дәл  ортасы.  Қандастарымыз  бұл 

жақта  әлі  аз.  Түбі  астананы  осы  жаққа  ауыстырамыз»  деп  ашық  айттым  да,  оған 

газетіне жазушылардың пікірін шығаруды, сӛйтіп жұрттың құлағын үйрете беруді 

тапсырдым. Солай болған. 

Шарль де Голльдің: «Жоғары билік адамды жалғыздық пен мұңға батырады» деген 

сӛзі бар. Сол сӛз астана ауыстыруды ойластырған кезде есіме жиі түсетін. Әуелде 

мұнымды  тіпті  айналамдағы  адамдардың  ӛзі  қолдай  қоймады.  1993  жылдың 

соңына  қарай  жұрт  алдында  бір  сӛйлегенімде  астананы  Алматыдан  ауыстыру 

қажет  болатын  сияқты  деп  айтып  кӛріп,  аңысын  аңдап  байқағанмын.  Былайша 

қарасаңыз,  елді  елең  еткізетіндей,  тіпті  сенсациялық  әңгіме  емес  пе?  Ал  залдағы 

жұртшылық онша елеңдей қойған жоқ. Тап бір мен мәтіннен жаңылып кеткендей 

қарады. Аң-таң қалдым. 

–  Иә,  астананы  ауыстыру  идеясы  ә  дегеннен  бүкіл  халықтың  қолдауын 

иеленіп кете қойған жоқ. Біраз жұрттың ел болып есімізді жия алмай жатқан 

шақта  осындай  ғаламат  ірі  шаруаға  кірісу  қажет  пе  ӛзі  дегені  рас.  Мұндай 

соншалықты  жаңашыл,  соншалықты  тосын,  соншалықты  батыл  идеяны 

баршаның бірдей түсініп, жақтап кетуі де оңай емес еді. Мысалы, Алматыда 

жүргізілген  қоғамдық  пікір  сауалнамасы  бойынша  ондағылардың  дені 

Ақмолаға кӛшу дегенді тіпті естігілері де келмегенін ӛзіңіз «Қазақстан жолы» 

кітабыңызда  жазғансыз.  Астананың  10  жылдығы  қарсаңында  бізге  берген 

сұхбатында  Иманғали  Тасмағамбетов  әуелде  осы  шешімге  күмәнмен 

қарағанын, сіздің ӛзіне батыра айтқан бір сӛзіңізден кейін бұл идеяның қызу 

қолдаушысына айналғанын әңгімелеген болатын. 

  

ДӘЙЕКТЕМЕ: 



«Сол  жылдары  ӛз  басымнан  ӛткен  мына  жай  есімде  қалып  қойыпты.  Бір 

жолы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  жексенбі  күні  сейіл  құруға  тау  жаққа  барды. 

Президент  кӛмекшісі  кезім.  Парламент  астананы  ауыстыру  жӛніндегі 

шешімді  қолдағанымен,  бәрі  де  ӛз  орнында тұрған  шақ.  Кӛктемнің  жайнаған 

күні.  Соның  алдында  ғана  жаңбыр  жауып  ӛткен,  ауа  саңғырап  тұр.  Бір 

қырқаға  кӛтеріліп  едік,  алдымыздан  айналайын  ару  Алматы  алақандағыдай 

айқара  ашылып  шыға  келді.  Ғажап  кӛрініске  сүйсіне  қарап  тұрды  да, 

Нұрсұлтан  Әбішұлы:  «Қандай  керемет!»  деді.  Сол  арада  мен:  «Осындай 

кереметті  қалдырып…»  деп  қалдым.  Айтылар  сӛз  айтылып  кетті.  «Сен 

ондайды  қой»,  деді  Нұрсұлтан  Әбішұлы  қабағын  қатайтыңқырап.  Сӛйтті  де 

астананы  ауыстырудың  қандай-қандай  тұрғыдан  тарихи  қажеттілік  екенін 

жіктеп-жіліктеп  айтып  шықты.  «Біз  мынандай  территорияға  елдің  бір 

шетінен қарап отырып, ие бола алмай қалуымыз да мүмкін. Арқада, солтүстік 

облыстарда  демографиялық  ахуалды  қалайда  ӛзгертуіміз  керек.  Мына  елдің 

негізгі  иесі  кім  екенін  бүкіл  әлем  білуге  тиіс.  Елдің  иесі  елдің  қиыр-қиырына 

бірдей қарап отыруға тиіс. Тым болмаса соны түсінсеңдерші. Экономиканы ел 

орталығынан  басқарған  тиімді,  Ақмола  тоғыз  жолдың  торабында  тұр, 

облыстардың  астанамен  байланысы  да  оңайлайды»  деп  бастап,  біраз  әңгіме 

айтты. «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін керек, елдің ертеңі үшін керек, мұның 

мәнін қазіргі адамдар толық ұғар-ұқпас, бірақ болашақ ұрпақтарымыз ұғатын 

болады»,  деп  бітірді  сӛзін  Нұрсұлтан  Әбішұлы.  Шынымды  айтсам,  менің 

астана  ауыстыру  идеясын  жан-тәнімен  қолдайтындардың  қатарына  нық 

сеніммен қосылуым да сол күнгі әңгімеден басталған еді». 

И.Тасмағамбетов, 

«Мемлекеттің мерейлі мерекесі» 

 «Егемен Қазақстан», 2008 жылғы 6 мамыр. 

  

–  Мен  1994  жылғы  6  шілдеде  депутаттар  алдында  сӛйлеген  сӛзімде  астананы 



кӛшіруге  кететін  қаражаттың  ішінде  орны  толмайтыны  тек  кӛші-қонның  нақты 

шығындары  ғана  болатынын,  қалған  қаржының  бәрі  келешекке  салынған 

инвестиция  екенін  айттым.  Бүгінгі  күннің  деңгейінен  жоғарырақ  қарай  алсақ, 

мемлекеттің  келешектегі  мүдделері  тұрғысынан  ойлай  алсақ,  астананың  Арқаға 

ауыстырылуы қай жағынан қарағанда да ӛзін ӛзі ақтайтын шешім дедім. Пікірталас 

барысында  депутаттардың  біразы  менің  ұсынысымды  қолдауға  бейім  емес  екені 

кӛріне  бастады.  Олардың  кейбіреулері  экономиканың  мынандай  дағдарысты 

кезеңінде,  жұртқа  жалақысын  уақтылы  тӛлей  алмай  жатқанда  астана  ауыстыруға 

ешқандай  мүмкіндік  жоқ  дегенді  кӛлденең  тартса,  енді  біреулері  идея  негізінен 

дұрыс, бірақ оның орындалуын кейінге қалдыру керек дегенді айтысты. Ашықтан 

ашық қарсылық білдіргендер де болды.  Талқылау  шегіне жақындаған  тұста Әбіш 

(Жоғарғы  Кеңес  Тӛрағасы  Ә.Кекілбаев  – C.А.)  сӛз  тауып  кетті.  Аяқ  астынан: 

«Президент астананы Ақмолаға кӛшіру жӛніндегі ұсынысын шілде айында енгізіп 

отыр.  Келіңіздер,  Нұрсұлтан  Әбішұлының  айтқанын  қолдайық,  ұсынысын  қабыл 

алайық. Мұның ӛзі Елбасымыздың туған күніне жасаған тартуымыз болсын», деп 

жібергені… Сол-ақ екен, ұсыныс дауысқа салынып, ӛтті де кетті. Рас, аз ғана дауыс 

басымдығымен қабылданды ұсынысым. Тегі, жақтап дауыс берген депутаттардың 

біразы  «Туған  күнінде  Президенттің  бетін  қайтармай-ақ  қояйықшы.  Мұның 

болатын-болмайтыны белгісіз ғой әлі» деп те қараған сияқты. 

– Сонымен, шешім қабылданды. Жұмыс қалай басталды? 


–  Мұндай  жұмысты  бастау  оңай  емес.  Қай  заманда  да,  қай  қоғамда  да  астана 

ауыстыру  кез  келген  мемлекеттің  ӛміріндегі  ерекше  оқиға,  тарихи  белес.  Жалпы, 

әлемде  астаналар  140-тан  астам  рет  кӛшірілген  екен.  Оның  себептері  әртүрлі. 

Мысалы,  Бразилияда  астана  елдің  түкпірдегі  территорияларын  дамыту,  жаңа 

экономикалық  аймақтар  ашу  мақсатымен  ауыстырылған.  Ресей  мен  Қытайда 

астаналар  сыртқы  әскери  қатерден  құтылу  үшін  кӛшірілген.  Мысалы,  Аспанасты 

елі астанасын алты рет ауыстырған екен. Астаналар ауыстырудың бәрінде де бұл 

қадамдар  баршаның  жаппай  қолдауына  ие  болған  емес.  Менің  досым  –  Испания 

королі Хуан Карлос І кезінде король Филипп ІІ-нің астананы Толедодан Мадридке 

ауыстыру кезінде қып-қызыл дау шыққанын айтып берген еді. Джордж Вашингтон 

елдің жаңа астанасын жан баласы тұрмайтын жерге атымен жаңа қала салу арқылы 

ауыстырған  кезде  де  аяусыз  сынның  астында  қалған  екен.  Мен  де  ондай  сынның 

талайын  естідім.  Бір  газет  тіпті  «Персональная  столица  Президента  Назарбаева» 

деп тұрып мақала жариялады. Онда ешқандай стратегиялық жоспар да орасан зор 

қаржыны  еңбекақы,  зейнетақы  тӛлеуден,  азаматтардың  басқа  да  проблемаларын 

шешуден  бұрып  әкетуді  ақтай  алмайды  деп  жазылды.  Халық  арасында  ойбай,  не 

дейсің, Ақмолада жаз бойы аңызақ соғып тұрады екен, қыс болса қаланы қар басып 

қалады  екен,  ӛзі  батпақта  тұр  екен,  ішуге  жарайтын  ауызсуы  жоқ  екен  дегендей 

неше түрлі әңгімелер гулей есіп жатты. Ақмоланың ауа райы соншалықты ғажайып 

деп  айту  қиын  да  шығар.  Арқаның  азынаған  бораны  апталап  соғатын  кездері  де 

бар. Бір жолы әуежай тәулік бойы жабық тұрып, тіпті тікұшақ та қона алмайтындай 

жағдай болған соң Кӛкшетаудан пойызбен келгенім де есімде. Бірақ, туған еліңде 

жері  жаман  мекен  бола  ма  екен?  Осының  бәрі  біздің  Отанымыздың  жері, 

Отанымыздың табиғаты, Отанымыздың климаты. Туған жердің түтіні де тәтті емес 

пе?  Ал  Арқа  тӛсіндегі  табиғаттың  ӛзіндік  сұлулығы  бӛлекше.  Былай  шықсаң 

Қорғалжын, былай шықсаң Бурабай, былай шықсаң Ерейментау, әрі қарай жүрсең 

Баянауыл басталып кетеді. 

Қайтейік,  сол  тұста  қаланың  халықаралық  тұсаукесеріне  дайындық  жӛніндегі 

біздің  жұмысымыз  жайында  «Жұтта  жасалған  той»  деп  тұрып  сӛйлейтін 

журналистер де табылды. Газеттер мен телеарналар Ақмоланың масасын да әбден 

жазды, кӛрсетудей-ақ кӛрсетті. Соның ешқайсысына да жүйкемді жұқартып жатқан 

жоқпын.  Ондай-ондайға  кӛңіл  бӛлуге  де  уақыт  жоқ  еді.  Оған  ең  жақсы  жауап  – 

қаланың  топырағын  құрғату,  масаның  кӛзін  жою.  Біз  ол  мәселені  тез-ақ  шешіп 

тастадық. Есіл жағалауындағы қамыстар толық құртылды, қаланың ішіндегі ашық 

жердің  бәріне  шӛп  тұқымдары  себілді,  асфальттайтын  жердің  бәрі  асфальтталды. 

Сӛйтіп, маса туралы ызың сӛз де сап тыйылды. 

Басқа  да  неше  түрлі  әңгімелер  болды.  Біреулер  жұлдыз  жорамалшы  Назарбаевқа 

1997  жылы  Алматыда  жойқын  зілзала  болады,  қала  қирап  қалады  деп  айтыпты, 

содан Президент дереу астананы ауыстыруға кірісіпті деп те соғыпты. 

Қысқасы,  мен  астана  ауыстыру  арқылы  ӛзімнің  саяси  болашағымды  бәске  тігіп 

тұрғанымды  бұрынғыдан  да  тереңірек  пайымдадым.  Содан  «Шешінген  судан 

тайынбас»  деп  жұмысқа  кірісіп  кеттік.  Ақмолаға  жиі,  ай  сайын  дерлік  барып 

тұрдым. Кӛбіне әуежайдан түсе сала тіке құрылыс нысандарына тартатынмын. 


–  Қыста  қарға  кӛміліп,  жазда  масаға  таланып,  күзде  балшыққа  малшынып, 

кӛктемде  кӛшесі  ойылып  жататын  Ақмоладан  астана  жасау  оңай  іс  емес, 

әрине. 

– Ең қиыны жаңа астанаға қажетті қаржының кӛзін табу еді. Қаржы табылса жұмыс 

жүреді.  Бұл  іске  мен  бар  беделімді  салдым.  Ақмола  еркін  экономикалық 

аймағының  қорын  құру  арқылы  біраз  ақша  жиналды.  Кеңес  Одағынан  қалған 

материалдық  резервті  де  іске  қостық.  Ол  резерв  соғыс  шыға  қалса  деп  жиналған 

металдар  мен  темір  қорытпаларынан,  құрылыс  материалдарынан  тұратын.  Соның 

Қазақстанға  қажетті  бӛлігін  қалдырдық  та,  қалғанын  сатып,  одан  түскен  жиырма 

миллион  доллардай  қаржыны  астана  қорына  құйдық.  Жалпы,  біз  Астананы 

бюджетке кӛп салмақ түсірмей салуға тырыстық. Әр теңгенің есепте тұруын, артық 

шығын болмауын қадағаладық. 

Ақмола  әкімі  Аманжол  Бӛлекбаевтың  принциптілігі  есімде  қалыпты.  Қаладағы 

Республика  даңғылын,  әуежайға  баратын  жолды  асфальттау  үшін  жапон 

техникасын  сатып  алу  жӛнінде  Үкімет  шешім  қабылдаған.  Әкім  ол  шешімді 

орындаудан бас тартады. Неге? Бағасы тым қымбат – 4 миллион доллар. Асфальт 

тӛсейтін  техника  сонша  тұра  ма  дейді.  Үкімет  шешімді  неге  орындамайсың  деп 

қыса  түскеннен  кейін  ол,  амал  жоқ,  маған  келді.  «Бұл  бағамен  келіспесең, 

жауапкершілікті ӛз мойныңа жүктеп, ӛзің сатып ал», дедім. Содан ол Германияға 

жүріп  кетті.  Барса  дәл  сондай  техника  небәрі  800  мың  доллар  тұрады  екен…  Ол 

техника тез-ақ келіп, сапалы асфальт тӛселді. 

Ақмоладағы  құрылыстың  басты  қаржы  кӛзі  инвестициялар  болды.  Шетелдік  ин-

весторлардан пайызсыз несиені он  жылдық  мерзімге  алуға  қол жеткіздім. Мұның 

сыртында  гранттар  мен  ӛтемсіз  инвестициялар  бойынша  кӛптеген  нысандар 

салынды.  Мысалы,  Ақорда  Әбу-Даби  даму  қорының  22  миллион  долларлық 

грантына  тұрғызылған.  «Нұр-Астана»  мешітін  Катар  мемлекеті  15  миллион 

долларға  грант  есебінен  тұрғызды.  33  миллион  долларлық  «Астана-Тауэр» 

орталығын  Түркия  қаржыландырды.  Қазіргі  Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің 

ғимараты  Кувейт  гранты,  Салтанат  сарайы  Оман  әмірінің  сыйлығы,  «Алатау» 

спорт  кешені  мұнай  саласындағы  инвесторлар  гранты,  тағы  басқа.  Ондай 

ғимараттар  бірталай.  Сауд  Арабиясының,  Біріккен  Араб  Әмірліктерінің,  Италия 

мен  Жапонияның,  басқа  да  елдердің  гранттары,  несиелері  бірінен  соң  бірі  келіп 

жатты. Ол қаражаттың кӛпшілігі елге, елдің Президентіне сый ретінде берілді. 

Ӛзіміздің  азаматтар  да  ірілік  танытты.  Осы  жаққа  келгенде  Ақмоланың 

бизнесмендерін  жинаған  едім.  Оларға  әңгіменің  басын  ашып  айттым.  «Жігіттер, 

құрылысты  жақсы  салады  екенсіздер.  Кӛмектесіңіздер,  соларды  қалаға  сый-

лаңыздар»,  дедім.  Асқар  Мәмин  деген  жігіттен  ӛзі  сатып  алған  «Мәскеу»  қонақ 

үйін мемлекетке қайтаруды сұрадым. Азамат екен, сӛзге келген жоқ, қайтарды да 

берді.  Кейін  біз  ол  ғимаратқа  Сыртқы  істер  министрлігін  орналастырдық.  Басқа 

бизнесмендер де солай етті. 

Басқа  амал  да  қалмаған  еді.  Қалада  іске  татырлық  ғимарат  ӛте  аз.  Қыдырып 

баратын, қызықтап кӛретін жер жоқ десе де болады. 



–  Сол  кездегі  сенаторлардың  бірі  Ӛмірзақ  Озғанбай  «Егемен  Қазақстанда»: 

«Сонымен, Парламент депутаттары – біздер жатақханада  жатып, Парламент 

ғимаратын  жӛндеу  жұмыстары  біте  қоймағасын,  оның  жарым-жартылай 

салынып  болған,  сыры  кеппеген  бӛлмелерінде  отырыс,  жиналыс  ӛткізіп, 

жұмысқа  кірістік.  Кіріп-шыққанда  кеңсе  ішіндегі  әлі  тӛселіп  бітпеген 

ковроланды  құрылысшылар  тӛсеп,  қиып  қойған  бӛліктерін  аттап  ӛтетінбіз. 

Кӛрші  бӛлмелерде  құрылысшылар  жұмыспен  арпалысқа  түсетін.  Кӛшеде 

асфальт  тӛселіп,  абаттандыру  жұмыстары  да  қабат  жүргізіліп  жатты»,  деп 

жазған… 

– Тіпті сүмірейтіп жіберген екен. Дұрысында, депутаттар жатақханада емес, қонақ 

үйде  тұрған.  Қаланың  қақ  ортасындағы,  Парламент  үйінің  дәл  іргесіндегі  «Есіл» 

қонақ  үйінде.  Әрине,  қиыншылықтар  кӛп  болды.  Ақмола  инфрақұрылымдық 

тұрғыдан қатты артта қалған еді. Басқасын былай қойғанда, облыс басшысының ӛзі 

кабинетінде  пальтомен,  жанына  жылытқыш  қойып  отырған  соң  ӛзгелерге  не 

жорық? Қашаннан жұмыс істеп жүрсе де қаланың жылуын жолға қоя алмапты. Ол 

астананы  кӛшіру  туралы  шешімді  де  селқос  қабылдады,  жұмысқа  жанын  салған 

жоқ.  Сӛйтіп,  оны  ауыстыруға,  қаланы,  облысты  жақсы  білетін  Жәнібек 

Кәрібжановты облыс әкімі етіп қоюға тура келді. 



–  Астанаға  қатысты  шаруаның  бәрі  оңынан  келе  бермеген  шығар.  Сәті 

түспеген немесе ӛкінішті жайлар жӛнінде не айтар едіңіз? 

– Ондай жайлар да аз болған жоқ. Үлкен істе кемшілік кездеспей тұрмайды. Ӛзіміз 

де  жаңылыс  басып  жатамыз  кейде.  Соның  біреуін  айтайын.  Шетелдік  елшілердің 

болашақ  астана  туралы  пікірін  дұрыс  қалыптастыру  мақсатымен  Сыртқы  істер 

министрлігіне дипломаттарды Ақмолаға апарып, қаланы кӛрсетуді тапсырып едім. 

Соның  уақытын  министрлік  дұрыс  ойластырмапты.  1995  жылдың  қақаған 

желтоқсанында ұйымдастырылды сол сапар. Әлі құрылыс бастала қоймаған, онсыз 

да  сүреңсіз  қала  кӛрінісіне  Арқаның  дәл  сол  күндері  құтырына  соғып  кеткен  ақ 

бораны, қырық градусқа жақындаған сақылдаған сары аязы қосылғанда Алматыға 

бой  үйретіп  қалған  дипломаттардың  тіпті  есі  шығып  кетіпті.  Жылы  жақтағы 

елдердің елшілері басына құлақшын киюді де ескермеген екен. Солар құлақтарын 

үсітіп  ала  жаздапты.  Біреуінің  бас  киімін  жел  ала  қашып,  басқалары  соны  қуа 

жӛнеліпті… 

Қысқасы, 

болашақ 

астананы 

дипкорпусқа 

таныстырамыз, 

насихаттаймыз  деген  ниетіміздің  нәтижесі  керісінше  болып  шықты.  Сол  кездегі 

облыс әкімі А.Браун мырза дипломаттармен кездесуінде: «Бұл әншейін жақсы ауа 

райы.  Ал  шынында  бұдан  да  сойқан  аяз,  жел  болады.  Жазда  маса  талайды»,  деп 

үрейлендіріпті.  Елшілердің  біразы  Ақмола  жуық  маңайда  орындалмайтын  арман 

деген сияқты пікірлерін таратып жіберді. Мұның ӛзі шетелдік елшіліктердің жаңа 

астанаға  ауысуын  кәдімгідей  кідірткеніне  кейін  кӛзіміз  жетті.  Ол  қателіктен  де 

сабақ алдық. 

Қазір барлық елшіліктер Астанада. 

Сол  тұста  маған  Президенттің  Іс  басқарушысы  қызметін  атқарған,  қазір  марқұм 

Владимир  Ни  қатты  кӛмектесті.  Істің  кӛзін  білетін  адам  еді.  Астананың 

халықаралық  тұсаукесерін  ӛткізердің  алдындағы  ахуал  есімде.  Тұсаукесерге  екі 

айдай  уақыт  қалғанда  Владимир  Васильевич  маған  келіп  тұр.  «Конгресс-холлды 

қайта жабдықтау жӛніндегі тендерді чехтар ұтып алған еді. Олар жасай алмайды. 

Үлгермейді. Сіз маған чехтарды сол жерден қуып шығуға рұқсат етсеңіз…», дейді. 

Солай ету керектігіне кӛзімді жеткізіп, рұқсатымды алды, чехтарды, ӛзінің сӛзімен 

айтқанда,  құрылыстан  қуып  шықты.  Олар  да  ӛз  кінәсін  түсініп,  бізбен  соттасып 



жатпады.  Содан  не  істедік  дейсің  ғой?  Тұсаукесерге  екі  ай  қалғанда  түріктермен 

шартқа  отырып,  солар  аталған  мерзім  ішінде  Конгресс-холлды  да,  алдындағы 

алаңды  да  тастай  қатырды.  Біз  «Интерконтиненталь»  қонақ  үйін  де  тұсаукесерге 

түріктердің кӛмегімен дайындай алдық. Мұнда да қалыптан тыс шешім қабылдауға 

тура  келді.  Шетелден  жұмысшы  күшін  әкелуге  арналған  лимитті  тоқтата  тұрып, 

құрылысшылар ұшақпен жеткізілді. Астананың тұсаукесері тамаша ӛтті. 



– Бұл кезде қала Астана атанып үлгерген еді ғой? 

–  Тұсаукесерге  аз  уақыт  қалғанда  мен  қала  атауын  Астана  деп  ӛзгерту  жӛніндегі 

Жарлыққа қол қойдым. Бұл арада мәселе, кейбіреулердің сол кезде ойлағанындай, 

Ақмола  атауынан  қашуда  емес.  Ақмоланың  орысша  мағынасы  «белая  могила» 

дегенді  баяғыда  Хрущевқа  ӛзіміздің  жарамсақтар  жаңсақ  түсіндірген.  «Ақ»  сӛзі 

қазақтың тілінде тазалықтың, адалдықтың синонимі. «Аққа құдай жақ» дейміз. «Ақ 

бесік»  дейміз.  «Ақ  тілек»  дейміз.  Сол  сӛздерді  «белая  колыбель»,  «белое 

пожелание»  деп  аударса  күлкілі  емес  пе?  «Молаға»  келсек,  мұсылман  жұртының 

бейітті  қандайлық  қастерлейтіні,  қасиет  тұтатыны  тағы  белгілі.  Бірақ,  мәселенің 

мәнісі басқада еді. Біз жаңа астанамыздың заты да, аты да жаңа болғанын қаладық. 

Осы  арқылы  астананы  ауыстырып  қана  қоймайтынымызды,  оны  жаңадан  салып 

жатқанымызды,  жалпы  бүкіл  мемлекетті  жаңаша  құруға  кіріскенімізді 

аңғартқымыз да келді. 

– Қалаға қандай атаулар қарастырылып еді? 

–  Қараӛткел,  Есіл,  Сарыарқа  деген  аттар  ойластырылды.  Қазақстан  деген  атты 

ұсынғандар  да  болды.  Бразилияның  астанасы  Бразилиа  ғой.  Тіпті  Нұрсұлтан  деп 

атау керек дегендер де шықты. Ол ұсынысты бірден тойтарып тастадым. 

Содан қаланың жаңа атауын әрі ойладық, бері ойладық. Бір күні түнгі сағат екіде 

ойыма Астана деген сӛздің сарт ете қалғаны. Кӛңіліме бірден қона кетті. Несі бар? 

Құлаққа  жағымды.  Ықшам.  Әуезді.  Барлық  тілде  бірдей  жатық  естіледі. 

Бұрмалаусыз жазылады. Мағынасы ап-анық. Астана! Менің кӛкейіме бірден қатты 

қонғаны – сӛздің ӛзі мемлекеттілікті дәйім еске салып тұратындығы. Астана деген 

сӛзді айтсаң-ақ ел, ұлт, жұрт, мемлекет ойыңа оралады. Осылардың бәріне астана 

ұғымы ортақ емес пе? Қала атының ӛзі елдікті еске салып тұратыны тамаша емес 

пе?  Қазір  бұл  атауға  жұрттың  кӛзі  де,  құлағы  да  үйреніп  кетті,  Астана  әлемдік 

геосаясаттағы берік орныққан атаулар қатарына қосылып үлгерді. 

– Қаланың құрылыс сипаты, оның қай бағытта ӛркендеуі деген тұрғыда біраз 

айқыш-ұйқыш  пікірлер  болғанын  білеміз.  Кілең  мемлекеттік  қызметкерлер 

пәтер  алған  тоғызыншы  шағын  ауданның  Қарағандыға  шығар  жол  жақтан 

салынғанына  қарағанда,  әуелде  қаланың  негізгі  орталығы  сол  бетте 

орналасады деп ойластырылған сияқты. 

–  Біз  де  бірте-бірте  тәжірибе  жинай  бастадық  қой.  Бұрын  батпақты  беткей,  әрі 

кетсе коттеджден басқа ірі құрылыс салуға жарамайды деп саналған сол жағалауды 

игеруге  бүгінгі  құрылыс  технологиясы  мүмкіндік  беретініне  кӛз  жеткіздік. 

Сондықтан  да  Астананы  жоспарлауға  жарияланған  конкурс  әлемдегі  қала 

құрылысы  орталықтарында  зор  қызығушылық  туғызғанына  куә  болдық. 

Архитектор  үшін  ашық  далада  жаңа  қала  жоспарлау  деген  нағыз  қиялды 

қанаттандыратын, шабытты шарықтататын мүмкіндік қой. Конкурсқа Жапониядан, 

АҚШ-тан,  Австралиядан,  Италиядан,  Франциядан,  Германиядан,  Ресейден, 


Финляндиядан, Кореядан, Болгариядан, тағы басқа біраз елден елуден астам жоба 

келіп  түсті.  Олардың  ішінен  27  жоба  конкурсқа  ілікті.  Конкурстың 

қорытындысында  дәуіріміздің  аса  кӛрнекті  архитекторы  Кисѐ  Курокаваның 

жобасы  жеңіп  шықты.  Әйгілі  концептуалист  Курокава  қаланы  негізінен  сол 

жағалауда  ӛркендетуді  ойластырған  еді.  Әрине,  ол  жоба  тек  идея  болатын.  Ӛмір 

кӛп нәрсені ӛзі ӛзгертті ғой. Біз де ӛмір талабына бағынып, істеп кеттік. 



–  Кисё  Курокава  кезінде,  2001  жылы  «Известия»  газетіне  берген  сұхбатында 

Астана  архитектурасының  философиялық  идеясын  Президент  Назарбаев 

айқындады деген еді. Ол қандай идея? 

–  Курокава  менің  еңбегімді  асыра  бағалап  жіберген.  Мен  қала  әр  жаққа  қарай 

жайылып  кете  беретін  мегаполиске  айналмасын  деп  талап  қойған  едім.  Курокава 

осы  талапты  басшылыққа  алды  да,  «Ӛмір  қағидаты»  аталған  бірегей  жобасын 

ұсынды.  Сӛйтіп,  додада  жеңіп  шықты.  Мен  қаланы  жансыз  нысан  емес,  тірі 

организм  ретінде  қалыптастыруды,  оның  адаммен,  қоршаған  ортамен  сәт  сайын 

байланысып тұруын қаладым. Сәулет стилі жағынан әрқилы болуын кӛздедім. Ана 

жылы  Бразилияға  барғанда  ӛзің  де  байқадың,  пікіріңді  сұрағанымда  ойыңды  да 

айттың,  атақты  Оскар  Нимейер  жобалап  жасаған  ел  астанасы  –  Бразилианың 

модернистік  стилінің  ӛзі  бірӛңкей  болғандығы  маған  ұнамады.  Демек,  Астанада 

классикалық  мәнердегі  архитектура  да,  модерн  үлгісіндегі  сәулет  туындылары  да 

аралас  ӛрілгені  жақсы.  Мүмкіндігінше  солай  етіп  те  келеміз.  Ақорда,  «Астана-

опера»  театры,  Сыртқы  істер,  Қорғаныс  министрліктерінің  ғимараттары,  «Астана 

триумф»  тұрғын  үй  кешені  классикалық  стильде  салынса,  «Астана-Тауэр»,  «Хан 

шатыр»,  «Астана-арена»,  «Солтүстік  шұғыласы»  тұрғын  үй  кешені  сияқты 

нысандар үшінші мыңжылдық архитектурасының үлгілері. 

Ең  бастысы,  қала  инфрақұрылымы  нағыз  осы  замандық  сипатта  қалыптасып 

келеді. Астана 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ӛткізгенде ӛзінің аз жылдың аясында 

кемелдікке  бет  алғанын  кӛрсетіп  берді.  Елу  бес  елдің  делегациясын  қабылдау, 

мыңдаған  адамдарға  қалтқысыз  қызмет  кӛрсету,  сервис,  логистика,  қауіпсіздік 

тұрғысындағы  күрделі  мәселелерді  шешу  ұзақ  жылдарғы  тарихы,  дәстүрі  бар 

астаналардың  ӛзіне  де  оңайға  түспегенін  білеміз.  Елорда  сол  сынаққа  да  шыдас 

берді. 

Астана қысқы Азиада ойындарын ӛткізуде де биіктен табылды. 



–  Бас  қаламызды  алда  тағы  бір  үлкен  сын  күтіп  тұр.  ЭКСПО-2017  кӛрмесі 

қарсаңында қалада не атқарылмақ? 

–  Бұл  сұрағың  тым  ауқымды.  Атқарылатын  шаруаларды  тізбелеп  жатсам  біраз 

уақыт  кетеді.  Мұндай  сұрақтың  жауабын  мен  Астананы  одан  әрі  дамыту  және 

ЭКСПО-ны  ӛткізуге  әзірлік  мәселелерін  талқылаған  кеңесте  бердім.  Газеттеріңе 

шықты. Қайталап жатпайын. Бұл арада қазірше айтарым мынау  – Астанадай қала 

салмасақ,  біз  ЭКСПО  сияқты  әлемдік  кӛрмені  ӛткізу  құқын  Еуропаның  талай 

мықты  елдерімен  тартысып  жүріп,  тартып  ала  алмайтын  едік.  Астананың 

кандидатурасын жақтап дауыс берген елдер Қазақ мемлекетінің мынандай заманда 

мынандай қала салғанын кӛріп, сүйсініп, таңданып, тиісінше бағалап отыр. 

–  Жиырма  жылға  жуықтаған  осы  уақыт  ішінде  қаланың  қаншама 

проблемасы  туындағанын,  оларды  шешуге  қаншама  күш-жігеріңізді 

жұмсағаныңызды  біз  жақсы  білеміз.  Оппоненттеріңіздің  қандай-қандай  сын 


айтқанынан  да  хабардармыз.  «Астананы  Назарбаев  салған  жоқ  қой, 

Астананы  құрылысшылар  салды  ғой»  деген  сыңайда  сӛйлейтіндер  де 

табылғаны таңдандырады. Бұл «Шайқасты Наполеон жеңген жоқ, шайқасты 

оның  солдаттары  жеңді»  деген  сияқты  балаң  сӛз.  Ӛйтіп  қарасаңыз,  Санкт-

Петербургті  де  Бірінші  Петр  салмаған  болып  шығады,  ол  қаланы  да,  әрине, 

құрылысшылар салған. 

– Қаланы мемлекет салады, ол идеяны құрылысшылар орындайды, архитекторлар, 

зауыттар, тағы басқалар жұмылады бұл іске. Бірақ оны іске асыру үшін бір адам – 

елдің  басшысы  бар  жауапкершілікті  ӛз  мойнына  артып,  табандылық  пен  жігер 

кӛрсетуі  керек.  Астана  ауыстыруға  тоқтағанда  қандайлық  тәуекелге  бел 

байлағанымды  айқын  түсіндім.  Осы  шешімім  арқылы  мен  ӛмір  бойы  жинаған 

абырой-беделімнің бәрін де бәйгеге тігетінімді анық ұқтым. Бұл идеямның жүзеге 

асырылуы  кӛңілдегідей  шықпаған  жағдайда  бүкіл  ӛмірімнің  бәсі  басқаша 

бағаланары  талассыз  еді.  Ел  тағдырына  эксперимент  жасауға  болмайды.  Бәрін  де 

жеті  рет  емес,  жетпіс  жеті  рет  ӛлшеп  барып,  бір-ақ  кесуге  тура  келеді.  Мен  сол 

қадамға тәуекел еттім. Тәуекелімді нақты есепке құруға тырыстым. 

Енді  әңгіме  басындағы  бір  сӛзіңе  келейін.  Астана  туралы  шешімді  күшке  салып 

тұрып қабылдаттырдыңыз дегендей айттың ғой. Алматыдан астананы кӛшіру деген 

мәселені бүкілхалықтық референдумға салмағаным рас, Парламентке де ұсынысты 

оқыс  енгізгенім,  бәлен  рет  талқылаттырып,  кеңінен  пікірталас  ұйымдастырып 

жатпай дауысқа тез қойдырып жібергенім рас. Оның үстіне бұл істе ӛзімнің алдын 

ала  ойластырған  аздаған  қулығым  болғаны  да  рас.  Мен  Парламентке  астана 

ауыстыру идеясын ғана ұсынып, оның орындалу мерзімін әдейі тұмандатып қойып 

едім.  Кейіннен  баспасӛзге  берген  сұхбаттарымда  қабылданған  шешімде  астананы 

кӛшірудің  уақыты  кӛрсетілмеген,  тек  Үкіметке  қажетті  құжаттарды  әзірлеу 

керектігі  ғана  айтылған,  бұл  мәселе  нақтылы  түрде  кейінірек  шешіледі,  ол 

болашақтың ісі деп түсіндіріп те жүрдім. Ал шын мәнінде біз Парламент қолдауын 

алысымен-ақ  жұмысқа  қызу  кірісіп  кеткен  едік.  Осының  бәрі  рас.  Әрине,  бұл 

мәселені  күн  тәртібіне  тағы  бірнеше  жылдан  кейін  де  қоюға  болар  еді.  Бірақ, 

онымыз қателік болар еді. Уақыт ӛткізіп алар едік. Мүмкіндік қолдан шығып кетер 

еді. 


–  Нұрсұлтан  Әбішұлы,  Астана  сіздің  тӛл  перзентіңіз  іспетті.  Елбасы  мен 

елорда  егіз  ұғымға  айналған.  Қалада  тұрғызылған  әр  ғимарат  түгілі,  онда 

отырғызылған  әр  түп  ағашта  сіздің  қаныңыз  бар,  жаныңыз  бар,  күлкісіз 

күндеріңіз бар, ұйқысыз түндеріңіз бар. Арман-тілегіңізге айналған Астанаға: 

  

Күн тұрғанша тұратын, 



Жұрты сайран құратын, 

Қала болсын Астана 

– Осы менің Мұратым! 

  

О, Ақорда – Ақ шатыр, 

Ұлысыма бақ шақыр. 

Баянды болсын Азаттық 

– Осы – менің Мақсатым! 

– деп жыр арнағаныңыз да бар. Жыр деген жүректен шығады ғой. 

Әдетте соңында нӛл деген цифры жоқ даталар мерейтойға саналмайды. Сонда 

да біз қаланың он бес жылдығын да ӛзінше бір тарихи белес деп білеміз. Осы 

тарихи  белес  тұсында  Астана  туралы  ойларыңызды  қалай  түйіндеп  айтар 

едіңіз? 

– Астана осы заманғы үлгі-қалыптарға сай келетін қала ретінде салынды. Сонан да 

Еуразиядағы  халықаралық  ықпалдастықтың  ірі  орталықтарының  біріне  айнала 

алды.  Елорданың  даму  қарқыны  қай  жағынан  қарағанда  да  кӛз  қуантып,  кӛңіл 

тоғайтады.  Астана  ауысқалы  бері  мұндағы  жалпы  ӛнім  90  есе  ӛскен. 

Инвестициялар  кӛлемі 32 есе артқан. Осы 15 жылда қалада 11,5 миллион шаршы 

метр  үй  салынды.  Бұл  қаншама  мыңдаған  отбасы  жаңа  пәтерлі  болды  деген  сӛз. 

Пәтер болғанда қандай! Астанаға Алматыдан кӛшіп келгендердің бәрі де ол жақта 

мұндай  пәтерлерге  ешқашан  қолы  жетпегендерін  айтады.  Астананың  қызығын  ең 

алдымен  ӛзіміздің  халқымыз  кӛріп  жатыр.  Елдің  қиыр-қиырынан  құйылған  кӛш 

елорданы жылдан-жылға қазақыландырып барады. Азаматтарымыздың патриоттық 

рухын кӛтеруде де елорданың орны бӛлек. Астана бүкіл елдің дамуына локомотив 

болып отыр. Облыс орталықтары елордаға қарап бой түзеп жатыр. Астана арқылы 

ел  түлеп  сала  берді.  Бұл  қала  адам  ресурстарын  дамытуға  қатты  ықпал  жасады. 

Талайлар осы қалаға келіп, қызықты жұмыс тапты, білім алды, жаңа мамандықтар 

игерді, ӛзінің шаруасын дӛңгелентіп алып кетті. Астана қазақты ширатты. Астана 

бүкіл  халқымызды  түлетті.  Елді  сілкіндірді.  Астананың  ӛзі,  онда  тұрғызылған  әр 

ғимарат ел байлығы болып табылады. 

Арқа  тӛсінен  жаңа  елорда  салуымыз  бізге  түбірлі  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік 

берді. Астана арқылы біздің халқымыздың ғасырларға созылған кӛші межелі жерге 

жетті. Сарыарқаның саумал самалды даласына қазық қағу қазақтың кем қойғанда 

соңғы бір жарым ғасырға созылған отырықшылдану үдерісін біржолата түйіндеді. 

Астана  арқылы  қазақ  ӛзінің  жеріне  толық  ие  бола  алды.  Ел  иесі  кім  екенін,  жер 

киесі қайда екенін бүкіл әлемге кӛрсеттік. 

Ең  бастысы,  мен  осы  жобаны  салған  беттен  қолдағаны,  бұл  жылдардың  ішінде 

ауызбіршілігімен,  ұлттық  тұтастығымен,  мемлекет  үшін  жауаптылығымен  маған 

күш-жігер қосып отырғаны үшін халыққа қатты разылығымды білдіремін. Мені тек 

қолдап қана қоймай, жанымнан табылып, шын ниетімен араласып, Астананы бірге 

салысқан  барша  азамат-әріптестеріме  мың  да  бір  ризамын.  Бәрінің  атын  атап  ӛту 

оңай емес. Бірақ кейінірек оның да реті келер. 

Бұл  мәселенің  ел  тағдырындағы  қандай  қиын  кезеңде  кӛтерілгенін  ойлағанда 

разылық  сезімім  тіпті  еселене  түседі.  Халқымыз  «Күнімізді  зорға  кӛріп  жүргенде 

қайдағы  жаңа  астананы  шығарып  отыр?  Басқа  айналысатын  шаруасы  қалмаған 

ба?»  деген  жоқ.  Маған  сенді.  Екі  тізгін,  бір  шылбырды  беріп,  еркін  қимылдатты. 

«Жігітке елдік те оңай, ерлік те оңай, Әгәрки қабырғалы болса халқы» деген сӛзді 

ӛзіңмен бұрынғы бір әңгімеде айтқан сияқтымын. Айтсам да тағы қайталаймын. 

Мен  не  істесем  де  қабырғалы  халқыма  арқа  сүйеп  істедім.  Халқымыз  бұл  бас-

таманың  елдің  болашақтағы  тағдыры  үшін  қандайлық  мәні  барын  бірден  ұқты. 

Жасы да, жасамысы да ұлы кӛшке кӛлікті болсын айтты, тілек қосып қана қойған 

жоқ, жан-тәнімен қолдады. Ұлы кӛшке қосылды. Арқаның желіне қағылып, күніне 

тотығып, жаңбырына малшынып, аязына тоңып жүріп, елдік ғимаратының қадасын 


қағысты,  балшығын  илесті,  кірпішін  құйысты,  қабырғасын  ӛрісті,  шатырын 

жабысты. Осының арқасында біз бүгінде алыс та, жақын да бірдей білетін, Батыс 

та, Шығыс та қатар сүйінетін, Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне 

айналған  Астана  атты  ғажап  қалаға  ие  болып,  шын  мәніндегі  ӛркениетті  әлемнің 

ортасынан  ойып  орын  алып  отырмыз.  Мына  дүниедегі  ең  дамыған  отыз  елдің 

қатарына  қосыламыз  деген  ӛршіл  мақсатты  алға  қойып  отырмыз.  Ол  күнге  де 

межелеген  уақытта  жетерімізге  сенемін.  Аз  жылдың  аясында  Астанадай  ғажайып 

қала  сала  алған,  сӛйтіп  елдіктің  ерлігін  танытқан  қазақстандықтардың  қолынан 

бәрі  де  келеді.  Тәуелсіздігімізді,  ел  бірлігін  сақтай  білсек  әлі  алдымыздағы  талай 

биіктерге кӛтеріле аламыз. 

Мен  осы  істі  бастадым,  елім  сеніп,  соңымнан  ерді.  Мемлекет  құруда  да,  Астана 

салуда да солай болды. 

Осыдан артық бақыт бар ма? 

–  Сіздің  бақытыңыз  –  біздің  бақытымыз.  Бақытымыз  баянды  болсын! 

Әңгімеңіз үшін рахмет. 

Ілмектер:Астана, кітап, Сауытбек АБДРАХМАНОВ 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал