Сәрсенбі 28 мамыр №59 (16996)



жүктеу 179.42 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі179.42 Kb.

ДИДАР

Суретті түсірген Есімхан Орынбаев

шығыс қазақстан Облыстық газеті



1931 жылдың 24-қазанынан шығады 

сәрсенбі

28 мамыр

№59 (16996)

2014 жыл

www.media-vko.kz 

Автозауыт облыс экономикасына зор 

серпін береді

есімжан нақтыбайұлы

Кеше  облыс  әкімі  Бердібек  САПАРБАЕВ  ресейлік  «Автоваз»  ААҚ  басшыларымен 

кездесіп,  облыс  орталығында  салынып  жатқан    толық  циклді  автозауыт  пен  көлік 

құрастыру технопаркінің құрылысы және келешегі жөнінде жиын өткізді.

бұл  маңызды  кездесуге  Ресей  тарапынан 

«автоваз»  аақ  президенті  бу  андерссон, 

кәсіпорынның сыртқы байланыстар жөніндегі 

вице-президенті Эдуард Вайно, жақын шетел-

дермен серіктестік жөніндегі директоры анато-

лий Пушков қатысса, облыс тарапынан аймақ 

басшысының тиісті сала бойынша орынбасар-

лары мен басқарма басшылары, «азия авто», 

«бипек авто» кәсіпорындарының жетекшілері 

қатысты.    Кездесу  барысында  аймақ  басшы-

сы бұл кешеннің салынуына Үкімет тарапынан 

қолдау көрсетіліп отырғанын ерекше атады.

–  Кеше  ғана  Премьер-Министр  Кәрім 

Мәсімов  бұл  жобаға  республика  деңгейінде 

мән  беріліп  отырғанын  айтқанына  куә 

болдыңыздар.  Ол  өзінің  орынбасары  Әсет 

Исекешевке  аталмыш  жобаның  кедергісіз 

жүзеге  асуын  қадағалау  жөнінде  тапсыр-

ма  да  берді,  –  деген  аймақ  басшысы  атал-

мыш  құрылыстың  шығыс  қазақстан  үшін  де 

маңызы зор екеніне тоқталды. 

–  Облыста  экономиканың  дамуына  зор 

серпін  беретін  нысандардың  бой  көтеруіне 

біз  де  мүдделіміз.  Әсіресе,  көлік  құрастыру 

саласын  дамыту  біздің  болашағымыз  үшін 

өте  маңызды.  Оның  үстіне  аталмыш  ны-

санда  12  мың  жаңа  жұмыс  орны  пайда  бо-

лады.  бүгінгі  дағдарыс  жағдайында  бұл 

бізге  жұмыссыздықпен  күресте  үлкен  де-

меу болатыны сөзсіз, – дей келе облыс әкімі 

зауытпен  бірге  салынатын  технопарктің 

мүмкіндіктеріне де тоқталды. технопарк мұн-

да  құрастырылатын  көліктердің  бөліктерін 

өзімізде өндіру тәжірибесін енгізуге арналған. 

Жалпы,  зауыт  толық  қуатына  енген  кезден  

бастап  бюджетке  жыл  сайын  9-15  млрд. 

теңгенің  кірісін  құяды  деп  жоспарланған. 

Жобаның  жалпы  құны  –  74,5  млрд.  теңге. 

құрылысқа тартылған екі мың жұмысшы бүгін-

де  әкімшілік  ғимарат,  тұрмыстық  бөлмелер, 

қойма  мен  құрылыс  техникаларының  тұрағы 

орналасқан  қалашықты  салып  біткен.  2010 

әріптестік

кәсіпкерлік

Кеше  облыс  әкімі  Бердібек  САПАРБАЕВ  Шығыс  Қазақстанға  арнайы  іссапармен  келген  Өңірлік  даму  министрі  Болат  ЖӘМІШЕВ, 

сондай-ақ, еліміздегі Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдігінің директоры Джанет Хэкманмен кездесті.

(Жалғасы 2-бетте)

Қараталда қияр, қызанақ ерте пісті

Семейдің жылу жүйелері  

жАңАртылАды

Тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан  Қаратал  ауылдық  округінің 

жұрты өз ауылдарында өсірілген қияр мен қызанақты тұтынып жатыр.

ауылдың  Ә.Кебаев  атындағы  ор-

талық  көшесінің  бойында  орналасқан 

еңселі  үйдің  ауласында  бой  көтерген 

жылыжай сыртқы көрінісімен-ақ келген 

жанды үлкен әсерге бөлейді. екі бөлікке 

бөлінген  жылыжайдың  іші  жайқалып 

тұр. Көпбалалы, қарапайым малшының 

отбасында  өскен  ержан  Әбимолдаұлы 

бала  жасынан  еңбекке  жуық  болды. 

Оқушы күндерінде қыс қыстаудағы, жаз 

жайлаудағы  ата-анасының  жанынан 

табылып,  атқа  мініп,  отарлы  қойдың 

соңында жүргенді ұнататын. 

Жасынан  еңбектің  қадірін  біліп, 

есейген азамат мектеп бітіргеннен кейін 

еңбек  жолын  туған  жерінде  бастады. 

Кіндік  қаны  тамған  ауылында  шаруа 

атқарды,  заман  ағымына  бейімделіп, 

бақша  өсіріп,  өнім  өндіріп,  ауылдағы 

тіршілік  тынысын  өркендетуге  өз 

үлесін  қосты.  зайыбы  алтынай  екеуі 

айында  жеке  ыдыстарға  қияр  мен 

қызанақтың  тұқымын  өсіре  бастадым. 

наурыз  айының  10-ынан  кейін  жылы-

жайда  арнайы  әзірлеген  орындарға 

550  түп  қияр  мен  600  түп  қызанақты 

апарып  отырғыздым.  нәтижесі  жаман 

емес, мол өнімге қол жеткіздік, сұраныс 

жақсы.  қияр  дестелерінен  күнделікті 

алынған өнімді ауылдастарыма келісін 

550 теңгеден саудалап келеміз. Күніне 

он-он  бес  келіден  өнім  аламыз.  Өткен 

жылы осы кәсіпті бастауға «Жұмыспен 

қамту-2020»  бағдарламасымен  екі 

миллион  теңге  несие  алдым.  алдағы 

уақытта осы шаруаны дамытып, аудан 

тұрғындарын  қыс  бойы  қияр,  қызанақ 

секілді  өнімдермен  тұрақты  қамтысам 

деген  жоспарым  бар,  –  дейді  ержан 

Әбимолдаұлы.

Жылыжай  шаруасы  оңай  емес, 

оның  жылылығын  сақтау,  суару,  ты- 

ңайтқышты пайдалану секілді көптеген 

өз  жауапкершілігі  бар.  соның  бәрінің 

бабын  біліп,  еккен  өнімдерінің  жай-

қалып  өсуіне  ержанның  көмекшісі, 

ауылдасы  сырым  ерғалиевтің  қосып 

жүрген үлесі де қомақты.

–  ерлі-зайыпты  ержан  мен  алты-

най жылыжайда әртүрлі гүл түрлерін де 

өсіруді қолға алды. гүлдің небір түрлері 

бар, аудандағы мектептер мен қалада-

ғы бюджеттік мекемелердің сұранысын 

қанағаттандыруға мүмкіндік бар. Әрбір 

гүлдің түрі жүздеген шағын ыдыстарда 

жеке өсірілуде, қазірден бастап тапсы-

рыс  беруге  болады,  –  дейді  ауылдық 

округ әкімі талғат Дүйсенбаев. 

Жуықта жерлестерінің дастарқаны-

на сапалы да иісі мұрын жарған қиярды 

тарту  еткен  ержан  мен  алтынай  енді 

таяу  күндерде  қызанақ  өнімін  де 

ұсынады.  қазір  жылыжайда  наурызда 

егілген қызанақ пісіп жатыр. 

Ардақ Бөлдекбай

Зайсан ауданы.

үйлерінің  жанынан  «Диас»  атты  азық-

түлік дүкенін ашып, 2009 жылдан бері 

жерлестеріне  сауда  қызметін  көрсетіп 

келеді.

– ауылға пайдалы, халыққа тиімді 



іспен  айналысуды  ойластырып,  ақы-

рында  жылыжай  салуға  тоқталдым. 

Өйткені,  аудан  жұртшылығы  базар-

лардан  қытайдан  әкелінген  өнімдерді 

пайдаланып  келеді.  ал  басқасын 

айтпағанда қияр мен қызанақты, тіпті, 

сәбіз бен қызылша, бұрышты да жылы-

жайда өсіруге болады ғой. сондықтан 

осындай 

шешім 


қабылдадым. 

Халықты барлық маусымда көкөніспен 

қамтамасыз  етуді  ойластырып,  өткен 

жылғы  күз  айында  үйімнің  қасынан 

жылыжайдың  құрылысын  бастадым. 

төбесіне, жан-жағына қажетті матери-

алдарды  Ресейден  алғыздым.  сөйтіп, 

құрылыс жұмыстарын да аяқтап, қаңтар 

жылы басталған зауыт құрылысы 2015 жылы 

бітуі тиіс.

Облыс  басшысы  «автоваз»  басшыларына 

құрылыс барысында да, өндіріс іске қосылған 

тұста  да  қазақстандық  мазмұн  сақталу 

керектігін ескертті. 

–  біз  бұл  жоба  жайында  әңгіме  айты-

ла  бастаған  күннен  бастап  қолдау  танытып 

келеміз. бүгінде зауыттың бой көтеруі үшін об-

лыс тарапынан атқарылуы тиіс шаруаның бәрі 

жасалған.  арнайы  жер  телімін  де  кедергісіз 

бөліп  бергенбіз.  алдағы  уақытта  кешеннің 

инфрақұрылымын  қалыптастыру  бағытында 

көмек  көрсетеміз.  Ол  үшін  бюджетке  тапсы-

рыс  та  беріліп  отыр.  Әзірге  Экономика  және 

бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  жобаға 

түсіністікпен  қарап  отыр.  бәрі  ойдағыдай 

орындалып  жатса,  инфрақұрылым  тартуға 

2015-2016  жылдары  бес  млрд.  теңгеден 

астам қаржы бөлінуі тиіс, – деген облыс әкімі 

бердібек  саПаРбаеВ  зауытты  мамандармен 

қамтамасыз ету мәселесін де қозғады. Облыс 

әкімінің айтуынша, бұл бағытта да ешқандай 

қиындық болмауы керек. 



(Соңы 2-бетте)

Білім жасқа қарамайды  



тоқсан тоғыз 

жасында колледж 

бітірді

8-бет

 Бұл сайыста ел құрамасы 

22 медаль еншіледі

Бейбарыс 

Венгрияда 

чемпион атанды

8-бет

Отандық өндіріс

абаттандыру

а

зық-түлік қауіпсіздігі

ж

аңа нысан

ауылдық 


округ 

әкімі 


Оржан 

Оралбекұлының  бастамасы  бойын-

ша  «Жас  Отан»  жастар  қанатының 

мүшелері және жасұландықтар жастар 

орталығымен  бірлесе  отырып,  көп 

жылдан бері қараусыз қалған саябақты 

қоқыстан  тазартты.  екі  ұйым  бірлесіп, 

келешек демалыс орны бойынша жоба 

жасап, оны талқыға да салған. 

сонымен қатар, «Күнім» Жшс бас-

шысы  е.тоқтажановпен  келісімшарт 

жасалып,  алғашқы  жұмыстар  баста-

лып  та  кетті.  Кәсіпорынның  арнайы 

техникасы  көмегімен  саябақ  артық 

өскен бұталардан арылып, жердің беті 

тегістеліп, қоқыстар шығарылды. 

саябақ  толығымен  тазартылғаннан 

кейін  «боброк»  Жшс  директоры 

с.Рахиев 

абаттандыру 

жұмысына 

кіріспек.  саябаққа  аттракцион  сияқты 

ойын-сауық  құралдары  қойылады. 

екі  кәсіпорынның  есебінен  атқарылып 

отырған  игі  іске  ауыл  тұрғындары 

ризашылықтарын білдіруде. 



Мәдина Тобыжықова

Глубокое ауданы.

сәтті жүргізілген іс-шара нәтижесін-

де  аягөзге  көрші  облыстан  жиыны  59 

тонна  көкөніс,  оның  ішінде  17  тонна 

пияз, 11 тонна қызанақ, 9 тонна қияр, 

18 тонна картоп, 4 тонна орамжапырақ 

және  басқалары  әкелінді.  бұл  игілікті  

іске Д.қалиева, қ.қаймолдин, М.Рақы-

шев,  т.нұрғалиева,  қ.сағатбеков  сын-

ды  аудан  кәсіпкерлері  белсене  атса-

лысты.  бүгінде  бұл  ауылшаруашылық 

өнімдері  жергілікті  сауда  орындарын-

да сатылымға түскен.

сонымен қатар, азық-түлік бағасын 

тұрақтандыру  үшін  наурыз  айында 

облыстық  «азық-түлік  келісімшарт 

корпорациясы  ҰК»  ақ-нан  ауданға 

136  тонна  көкөніс,  тұрақтандыру  қо- 

рынан  22  тонна  қант  жеткізілген. 

Жақын  күндері  аталмыш  қордан  тағы 

25  тонна  құмшекер  сатып  алына-

ды.  нәтижесінде  қанттың  бір  келісін 

150  теңге  мөлшерінде  ұстап  тұруға 

мүмкіндік туды. 



Шығыс-Ақпарат

естеріңізге  салсақ,  бұған  дейін  ау-

данда  бірнеше  халыққа  қызмет  көр-

сету  орталығы  ашылып,  жұртшылық-

ты  қуанышқа  бөлеген  болатын.  енді 

міне,  аудан  орталығында  тағы  бір  

жаңа  нысан  –  заманауи  талаптар- 

ға  жауап  беретін   «Хан» дүкені ашыл-

ды.

сән-салтанаты  көз  тартатын  сауда 



орны  орталық  көшенің  сәулетін  одан 

әрі  ашып,  көркін  арайландыра  түсті. 

сауда  дүкені  екі  бөлімнен  тұрады. 

Оның  біреуінде  азық-түлік  тауарла-

ры  саудаланса,  екіншісі  тұрғындар 

көп  тұтынатын  өнеркәсіп  тауарларын 

ұсынады. 

сауда нысанының иесі – Корягиндер 

отбасы  елбасының  бизнесті  дамытуға 

даңғыл жол ашқан сындарлы саясатын 

қызу  қолдап,  оның  нәтижелі  жүзеге 

асырылуына  осылайша  өз  үлестерін 

қосқандарын мақтанышпен айтады. 

Саябаққа 

аттракциондар 

қойылады

Алматыдан 

арзан көкөністер 

жеткізілді

Заманауи сауда 

дүкені ашылды

Глубокое ауданының Опытное поле ауылында мәдениет және демалыс 

саябағын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. 

Өңіраралық  ынтымақтастық  аясында  һәм  жергілікті  нарықты  арзан 

бағадағы  көкөністермен  қамтамасыз  ету  мақсатында  ұйымдастырылған 

«Жасыл  керуен»  арқылы  Алматы  облысынан  Аягөз  ауданына  көкөністер 

жеткізілді. 

Бородулиха  ауданында  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  мемлекеттің 

қолдауы  арқасында  өсіп,  өркендеп  келеді.  Нәтижесінде  жергілікті 

кәсіпкерлер  жаңа  нысандарын  ашып,  оның  тұтынушы  пайдасына  шеші-

луіне түрткі болуда. 

Халықаралық байланыс

серік әбілқасымұлы

Венгрияда Абайдың 

ескерткіші бой көтереді

дарын нұрсапаров

Жуықта  облыс  әкімі  Бердібек  САПАРБАЕВ  қазақ-

стандық  делегациямен  бірге  жұмыс  сапарымен 

Венгрияға баруды жоспарлап отыр. Осы сапар алдында  

облыс  әкімінің  бірінші  орынбасары  Ермек  Көшербаев 

кеше  Венгрияның  Алматы  қаласындағы  бас  консу-

лы  Ференц  Блауман  мен  оның  сыртқы  экономикалық 

байланыстар  бойынша  кеңесшісі  Иштван  Макралиді 

қабылдады.

Кездесу барысында Өскеменде болашақта салынуы мүмкін 

үй-құрылысы комбинатына инвестор тарту мәселелері, соны-

мен  қатар,  венгрлік  компаниялар  ұсынып  отырған  шығыны 

аз  шағын  су  электр  станцияларының  жобалары  қаралды. 

Венгрлік  консулдың  айтуынша,  ұсынылып  отырған  жобалар 

арқылы  өңір  тұрғындарын,  ауыл  шаруашылығы  саласын, 

туристік  кешендерді,  тіпті,  өндіріс  нысандарын  да      арзан 

электр энергиясымен қамтуға болады.

ермек  Көшербаев  өз  сөзінде  Венгрияның  астанасы  бу-

дапешт  қаласында  абайдың  ескерткішін  ашу  жұмыстарына 

атсалысқандары үшін елшілерге алғысы шексіз екендігін айт-

ты.

–  еліміздің  Үкімет  басшысы  Венгрияға  жасаған  сапарын-



да будапешт қаласының орталығына абай ескерткішін орнату 

мәселесін қозғаған болатын, сіздердің табанды еңбектеріңіздің 

арқасында ұлы ақынның ескерткіші Венгрияда бой көтеретін 

болды, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Ференц  блауман  шығысқа  бірінші  рет  келіп  тұрғанын, 

бұл өңірдің табиғи ресурстарға бай екендігін жеткізді. Оның 

айтуынша,    екі  ел  арасындағы    байланыс  арқылы    ұтымды 

экономикалық    жобаларды  жүзеге  асыруға  болады.  Оның 

ішіндегі  ең  негізгілері  –  құрылыс,  ауыл  шаруашылығы  және 

энергетика салалары.

– Жуықта қазақстандық делегация Венгрияға барады деп 

күтілуде. бұл сапар барысында көптеген екіжақты келісімдерге 

қой қойылады деп үміттенеміз. біздің әкеліп отырған жобала-

рымыздан басқа сіздерді қызықтыратын көптеген идеялары-

мыз бар. Венгрияның қазақстанға экспорты қазір 210 милли-

он ақш долларын құрап отыр, бұл көрсеткіш алдағы уақытта 

әлі  де  ұлғая  түседі  деп  ойлаймын.  Венгрия  қазір    аграрлық 

елден өнеркәсіптік мемлекетке айналып келе жатыр.  шығыс 

қазақстан  облысының  аймағында  таулы  өзендер  өте  көп. 

шағын су станцияларын салу сіздер үшін өте тиімді, – деді Фе-

ренц блауман.

Консулдың  кеңесшісі  Иштван  Макрали  венгрлік  жоба-

лардың ішінде үй-құрылыс комбинатын салу да бар екендігін 

атап өтті.

–  біз  қабырғалары  жылдам  құрастырылатын,  сейсмика-

лық төзімді, сіздердің аязды қыстарыңызға төтеп бере алатын, 

жылуды жақсы ұстайтын үйлер құрастыра аламыз. Жобада екі 

қабатты коттедждер деп көрсетілген, оны  көпқабатты тұрғын 

үйлерге ауыстыруға болады, – деді Иштван Макрали.

сонымен қатар, елшілер Венгрияның  бал өндіруден еуро-

па  мемлекеттерінің  алдын  бермей    тұрғанын  айтты.  Кездесу 

барысында туризмді дамыту, балық өсіру, сумен емдеу сияқты 

мәселелер де атап көрсетілді.  

Облыс Әкімінің бірінші орынбасары ермек Көшербаевтың 

айтуынша,  қазір  еуропада  ауыл  туризмі  сәнге  айналған. 

Осы  тұрғыдан  алғанда  біздің  венгриялық  әріптестерімізден 

үйренеріміз мол.

– елімізде туризм саласын дамыту қазір қарқынды түрде 

қолға  алынып  жатыр.  біз  қажетті  инфрақұрылымдарды 

тұрғызып,  қолда  бар  мүмкіндіктердің  бәрін  пайдалану 

үстіндеміз. алдағы уақытта  негізгі әдістемені меңгеруіміз ке-

рек.  Ол  –  туристерді  тарта  білу,  экономика  және  маркетинг 

саласы. Осы жағынан сіздермен тәжірибе алмасуымыз керек, 

– деді облыс әкімінің бірінші орынбасары. 

ермек Көшербаев бұдан басқа облыс орталығында толық 

циклді автомобиль құрастыру зауыты жобасының іске асыры-

лып  жатқандығын,  «азия  авто»  ақ  құрастырған  көліктердің 

қазақстан  нарығының  60  пайызын  қамтып  отырғандығын 

атап көрсетті.

Кездесу  соңында  облыс  әкімінің  бірінші  орынбасары 

Венгрияның алматы қаласындағы бас консулы Ференц блау-

ман мен оның сыртқы экономикалық байланыстар бойынша 

кеңесшісі Иштван Макралиді Өскеменде жыл сайын дәстүрлі 

түрде  тамыз  айында  өтетін  халықаралық  бал  фестиваліне 

қонаққа шақырды.

Шәкір  Әбеновтің  көріп-

келдік  қасиеті  жайында 

не білеміз? 



Қалың «дидардың» 

алдағы нөмірінен 

оқитындарыңыз:

Қайда? Қашан?



үш мың түп 

шырша көшеттерін 

отырғызды

3-бет

Дін

0

1

2



4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

7

ДИДАР



№59 (16996)

28 мамыр


«Діни қызмет 

және діни 

бірлестіктер 

туралы» Заң

9-бап.  Дiни  әдебиет  және  дiни 

мақсаттағы заттар

1. Қазақстан Республикасының аза-

маттары,  шетелдіктер  мен  азаматтығы 

жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің 

қалауы  бойынша  діни  әдебиетті,  діни 

мазмұндағы  өзге  де  ақпараттық  мате-

риалдарды,  дiни  мақсаттағы  заттарды 

сатып алуға және пайдалануға құқылы.

2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы 

өзге де ақпараттық материалдарды, діни 

мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат 

үйлерінде  (ғимараттарында),  діни 

білім  беру  ұйымдарында,  сондай-ақ 

облыстардың, республикалық маңызы 

бар  қалалардың  және  астананың 

жергілікті  атқарушы  органдары  ар-

найы  белгілеген  тұрақты  үй-жайларда 

таратуға жол беріледі.

3.  Жеке  пайдалануға  арналғанда- 

рын  қоспағанда,  Қазақстан  Республи-

касының  аумағына  діни  мазмұндағы 

ақпараттық  материалдарды  әкелуді 

тіркелген діни бірлестіктер ғана дінтану 

сараптамасының  оң  қорытындысын 

алғаннан кейін жүзеге асырады.

4.  Дiни  бiрлестiк  шығаратын  және 

(немесе) тарататын дiни әдебиетте және 

дiни мазмұндағы басқа да ақпараттық 

материалдарда діни бірлестіктің толық 

атауы болуға тиiс.

Нұр-Мүбарак  университетi  – 

елiмiздегi  жоғары  бiлiмдi  имамдар, 

исламтанушылар,  дінтанушылар,  араб 

және  ағылшын  тілі  мамандарын  да-

ярлайтын  бiрегей  оқу  ордасы.  Оқу 

орнында  Египет  пен  Қазақстанның 

бiлiктi    доктор-профессорлары,  ма-

мандары  сабақ  бередi.  Университет 

студенттерiне  Египеттің  ЖОО-да  курс-

тардан,  машықтанудан  өтуге,  маги-

стратура  мен  докторантурада  бiлiмiн 

тереңдетуге,  ғылыммен  айналысуға 

мүмкiндiк  жасалған.

Бакалавр:

– «5В021500 – Исламтану»  (ерлер 

және қыздар бөлiмi);

– «5В020600 – Дiнтану»;

– «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» 

( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-

араб тiлдерi).

Сырттай бөлім:

–  «5В020600–Дiнтану»  (Екінші 

жоғары білім).

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

Магистратура 

–  «6M021000-Шетел  филология-

сы»;

– «6М020600 – Дінтану»; 



– «6М021500 – Исламтану».

Докторантура

– «6D021500 – Исламтану»; 

– «6D020600 – Дiнтану»;

–  «6D021000–Шетел  филология-

сы».


Исламтану  мамандығына  түсуші 

талапкерлерден  құжаттар  20  маусым 

мен 1 шілде аралығында қабылданып, 

2-7  шілде  аралығында  Құран,  Ақида-

фиқһ  ілімдері  бойынша  шығармашы-

лық  емтихан  тапсырады.  17-23  шілде 

аралығында  Қазақстан  тарихы  мен  

қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіле- 

ді.  Басқа  мамандықтарға  кешенді  тес-

тілеу және ҰБТ-дан өту балын жинаған 

талапкерлер қабылданады.

Керекті құжаттар:

өтініш;

аттестат немесе диплом (түпнұсқа);



3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;

086-У  үлгісіндегі  медициналық 

анықтама;

063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

жеке куәлік көшірмесі.

С о н д а й - а қ , И с л а м т а н у 

м а м а н д ы ғ ы н а   т ү с е т і н д е р   ү ш і н 

наркологиялық,психотерапиялық 

д и с п а н с е р д е н   а н ы қ т а м а   ж ә н е 

сотталмағандығы  туралы  куәлік  талап 

етіледі.

Қосымша  ақпаратты  Өскемен  қ. 

К.Либкнехт, 19 мекенжайында орналас-

қан  ШҚО  Дін  істері  басқармасынан  

алуға болады.

Байланыс тел.: 70-29-35,70-29-34.

Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 73. 

«академиялық қалашық» аялдамасы.

тел.: 8 (727) 302-09-40, 302-09-34. 

Факс: 8 (727) 302-09-30.

Сайт:  www.nmu.kz;  E-mail:  nur-

ubarak2001@mail.ru.



Терминдер

Адвентизм  (лат.тіл.  –  «келу»)  – 

1831 жылы Америкада Виллиам Мил-

лер құрған протестант сенімі. Бұл ағым 

Исаның  қайта  тірілуі  туралы  сенім 

негізінде құрылған.

Азан  (араб  тіл.  –«хабар  беру», 

«білдіру»)  –  арнайы  сөздермен  на-

маз  уақытының  кіргенін  білдіру  және 

намазға шақыру. 

Аят (араб тіл. – «белгі», «керемет», 

«нышан») – аяқталған ойды білдіретін 

Құран  сүрелерінің  бөлігі  (тараула-

ры).  Құранның  кішігірім  құрылымдық 

бөлшегі.


Брахмандар  (санскрит  тіл.)  – 

индуизмдегі  жоғары  варнаның  өкіл-

дері, дінбасылар, абыздар.

 

Догмат (грек тіл. – «пікір», «шешім», 

«үкім»)  –  сынауға  келмейтін  ақиқат 

шындық жайында мәлімет беруші діни 

ілім ережесі.

Діни  қызмет  –  діндарлардың 

діни  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

бағытталған қызмет. 

Діни сенім бостандығы – әркімнің 

діни  және  культтік  іс-әрекеттерге 

қатысуына  еркіндік  берілу  құқығын 

білдіретін құқықтық ұстаным.



Ерікті топтар жастармен нәТижЕлі жұмыс істеді

Акция

Облыстық  дін  істері  басқармасының  ұйымдастыруымен  биылғы  сәуір  айы  бойы  «Тең-теңімен»  деп  аталатын  

акция өткізілді. Акция барысында студенттерден құралған ерікті топтар Өскемендегі жоғары және кәсіби-техникалық 

оқу орындарында мемлекеттің дін саласындағы саясаты туралы насихат жұмыстарын жүргізіп, жастардың бойында 

діни сауаттылық пен жат ағымдарға қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру бағытында іс-шаралар жүргізді.

Атап айтсақ, түрлі пікірсайыстар, дөң-

гелек үстел отырыстары мен кездесулер, 

семинарлар,  сондай-ақ,  ашық  әңгіме-

сұхбаттар түрінде өрбіген басқосулар.

Б ұ л   ж и ы н д а р ғ а   м е м л е к е т т і к 

мекемелердің,  құқық  қорғау  орган-

дарының  қызметкерлері,  діни  бір-

лестіктердің,  қоғамдық  ұйымдардың 

өкілдері,  студент  жастар,  волонтерлар 

қатысты.

Әуелі «Тең-теңімен» акциясын өткізу 

үшін  ерікті  топ  мүшелеріне  даярлау 

бағдарламасы аясында курс-тренингтер 

өткізілді. Артынша облыс орталығында- 

ғы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жас-

тарымен дөңгелек үстел ұйымдастырыл-

ды. Отырыс барысында студенттер баян-

дама жасап, «Соқыр сенім» атты фильм 

көрсетілді.  Соңынан  қатысушылар  ол 

фильмді бастан аяқ талқылап, ойларын 

ортаға  салды.  Студенттерге  жадынама 

ретінде 120 буклет таратылды.

Дәл  осындай  кездесу  Қазақстан-

Америка  еркін  университеті  студент-

терімен  де  болды.  Кездесуде  экстре-

мизм  мен  терроризмнің  зиянды  жақ-

тары,  олардан  сақтанудың  жолдары, 

жастардың  бойында  жеке  жауапкерші-

лікті  қалыптастыру  деген  тақырыптарда 

ашық  әңгіме  жүргізілді.  Бұл  шараға 

жиыны 220 адам қатысып, дәл осынша  

буклет таратылды.

Сонымен  қатар,  аталмыш  акция 

шеңберінде  ерікті  топтар  Өскемендегі 

медициналық  және  гуманитарлық 

колледждерде,  Д.Серікбаев  атындағы 

ШҚМТУ-да  және  Семей  қаласының 

жоғары  және  кәсіби-техникалық  оқу 

орындарында  болып,  түрлі  іс-шаралар 

ұйымдастырды.  Мәселен,  Өскемен 

қаласының  гуманитарлық  колледжінде 

әңгіме-сұхбат  ретінде  өткен  кездесу-

ге  130  студент  қатысып,  мемлекеттің 

дін  саласындағы  саясатының  басты 

бағыттары  жайында  пікір  алмасты. 

Әңгіме  барысында  облыстық  дін  істері 

басқармасының  маманы  Дастан  Беки-

шев  әртүрлі  жат  ағымдардың  арбауын- 

да кетпеуі үшін жастарға ең бірінші жеке 

жауапкершілікпен,  діни  сауаттылықты  

арттыру  және  мықты  иммунитет  қа-

лыптастыру  керектігін  айтты.  Іс-шараны 

облыстық мешіттің наиб имамы Досжан 

Тулувхан қорытындылады. 

Ал  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-

дың  өзінде  және  колледжінде  арнайы 

ұран жазылған футболкалар киген ерікті 

топ  өкілдері  студенттерге  2000  дана  

жадынама таратып, әрбір жаспен жеке-

жеке сұхбат жүргізді.

Мамандардың  пікірінше,  мұндай 

акциялар  бүгінгі  біздің  қоғам  үшін  аса  

қажет.  Әсіресе,  қазіргідей  экстремизм 

мен  терроризмнен,  деструктивті  діни 

ағымдардан  төнетін  қауіптің  бұлты 

сейілмей  тұрған  шақта  жастарға 

секталар аДам санасына қалай әсер етеді?

ЖАт Ағым

Бүгінде «секта», «радикалды діни ағымдар» деген сөздерді жиі естіп қаламыз. Бұл сөздер туралы жалпылама түсінігі-

міз болғанымен, астарына терең үңіліп, олардың қызметі мен мақсат-мүддесі жайында көп білмейтініміз рас. Осы орайда 

оқырманға сананы сансыратқан секталар мен теріс ағымдардың шынайы бет-пердесін ашып көрсетуге тырысайық.

Деструктивті  секта  –  дәстүрлі  дін-

дерден  бөлінген,  оларды  дін  ретінде 

мойындамайтын,  жеке  көзқарастары  

мен діни догматикаларын қалыптастыр-

ған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және 

қоғамдық  құрылыстарға  кері  әсерін  ти-

гізуші тар шеңберлі көзқарастағы адам-

дардан құралған топ. 

Сондай-ақ, ислам дініндегі радикал-

ды ағымдар да форма жағынан бұл сек-

талардан алшақ болғанымен, принцип-

тері бір әрі қызметтері, мақсат-мүдделе- 

рі ұқсас болып келеді. Осы секталар мен 

ағымдардың  басшылары  көбіне  заңға 

қайшы  келетін  қылмыстық  әрекеттерге 

барып,  қарапайым  топ  мүшелерінің 

саналарын түрлі манипуляциялық амал-

дармен жаншып, тоталитарлық жолмен 

бағындыруға тырысады.

Мұндай  амалдарды  олар  адамдар- 

дың  санасын  бақылау  арқылы  іске  

асырады.  Кез  келген  иерархиялық, 

авторитарлық  жүйедегі  деструктивті 

секталар және радикалды ағымдар аза-

маттарды  алдау  арқылы  өз  қатарларын 

көбейту  үшін  түрлі  айла-амалдарды 

пайдаланатыны  белгілі.  Бұл  амалдар 

адамды  өз  еркіне  бағындыра  отырып, 

мақсаттарын  іске  асыру  үшін,  оның  

сана-сезіміне бақылау орнатады.

Алдымен  азаматтың  жан  дүние-

сінің  қиналысын,  оның  өмірдегі  қиын-

шылықтарын сезіне отырып, оған көмек 

қолын  ұсынғансып,  өз  қатарларына 

қосуға  жан-жақты  әрекеттер  жасайды. 

Мұндай  адам  өміріне  қауіпті  секталар 

мен ағымдар қиыншылық пен тауқымет-

ті  бастан  өткізген,  өз  қоғамына  белгілі 

бір  жағдайларда  өкпелі  азаматтарды 

көптеп тартуға тырысады. Олардың сана-

сезімдерін  жалған  ақпараттармен  улап, 

өмірдегі  ең  жанашыр  жақыны  ретінде 

көрсету  арқылы  сенімді  серігіне  айна-

лады.  Себебі,  мұндай  азаматтар  өмірде 

рухани  тірек  әрі  сауалдарына  жауап 

тапқандай әсерде болып, қандай талап-

тарды  болса  да,  орындаудан  бас  тарт-

пайды.

Мұндай  жат  пиғылды  секталар  мен 



ағымдар адамның алғаш мінез-құлқын, 

ақпарат алу кеңістігін, ойлау еркін және 

сезімдік  жүйесін  бақылауда  ұстайды. 

Осы  төрт  тәсіл  бірнеше  аспектілермен 

іске  асады.  Мінез-құлықты  бақылау 

үшін, алдымен оның отбасы тәрбиесінен 

қалыптасқан табиғи мінез-құлқын, қай-

да  және  кіммен  тұратыны,  қандай  киім 

киіп, қандай түсті ұнататынын, шаш қою 

үлгісін,  қандай  тағам  пайдаланатынын, 

қанша  уақыт  ұйықтайтынын,  қаржылық 

қажеттілігін  анықтап,  оны  үнемі  назар-

да  ұстайды  және  бұл  ерекшеліктеріне 

түрлі  жағдайлармен  шектеу  қояды. 

Азаматтың көп уақытын құлшылық етуге 

бөлгізуге тырысады. Ол құлшылық жеке 

немесе  көпшілікпен  әртүрлі  жағдайда 

атқарылады. Сонымен қатар, әртүрлі ма- 

ңызды жағдайларға рұқсат сұрауға мәж-

бүрлік  жағдайға  түсіреді.  Бірден  оның 

өздеріне  деген  сенімі  жоғалмас  үшін, 

марапаттаулар мен мадақтауларға орын 

берсе, кейде, керісінше, шектен тыс ер-

кінсіп кетпеуі үшін, жазалап та отырады. 

Мұндай жағдайлар кері пиғылдағы діни 

ұйымдарда  әртүрлі  әдістермен  орын-

далады.  Кей  секталарда  онымен  басқа 

адамдар  уақытша  қарым-қатынас  жа-

самай,  бойкот  жарияласа,  кейбіреулері 

соққыға жығады немесе көпшілік қауым 

болып  психологиялық  қысымға  алады. 

Жаңа  мүшелікке  қабылданған  азамат-

тың жеке өміріне тосқауыл қойып, ортақ 

пікірде  ұстауға  әрекет  жасайды.  Соны- 

мен  бірге  бұйрық  беру,  ортада  қатаң 

тәртіп  орнату  арқылы  тәуелділікте  ұстау 

да оны азаматтық мүмкіндіктерінен айы-

рады.


Мұндай  тоталитарлы  секталар  мен  

радикалды  ағымдардың  қатарына 

жаңадан  келген  азаматтың  табиғи 

қалыптасқан  еркіндігін  шектегеннен 

кейін,  оның  білімді,  саналы  болмауы 

үшін ақпарат алу кеңістігін де бақылауда 

ұстайды.  Сеніміне  кірген  азаматты  

алдап,  қасақана  шынайы  ақпаратты  

құпия  түрде  ұстап,  жалған  түрде  ақпа-

рат  береді  немесе  оны  бұрмалайды.  Өз 

ақпараттық құралдарынан басқа жолдар-

ға, мәселен, газет, журнал, діни таным-

дық сайттар мен сыни көзқарастардағы 

мәліметтерге  тосқауыл  қойып,  оларды 

әртүрлі деңгейде түсіндіреді.

Адам  санасының  дамуын  шектейтін 

дәстүрлі емес діни қозғалыстарда кімнің 

кімнен  қандай  мәлімет  алуын  міндетті 

түрде  басшы  шешеді.  Діни  ұйымның 

басқа  да  мүшелеріне  бақылау  орнатқа-

ны  үшін,  арнайы  марапаттаулар  жасай-

ды  және  олардың  ойынан,  сезімінен, 

іс-әрекеттерінен  басшылықты  хабардар 

етіп тұруы үшін, онымен серіктес болуға 



тАғылым

Жақсылық – адамзат жанына жағымды құбылыс. Ол адам мен уақытты таңдамайды. Құран Кәрімде «Әйтсе де, 

адамдардың  қаперсіз  жүруі  қошталынбайды.  Жақсылық  істеңдер.  Шын  мәнінде,  Алла  игілік  істеушілерді  жақсы  

көреді»  делінген.  Негізінде,  жақсы  жанның  жүрегі  жұмсақ,  көңілі  жанашыр,  ісі  адал,  жолы  ізгі,  ойы  дана,  әрекеті  

парасат болып келеді.  Сондықтан  да қоғамның әділдігі – адамның жақсылығында. Ал жақсылық иманнан бастау  

алады. Ол - адамның жүрегінің қатпарында жасырынатын қасиет. 

Бір  дәрігердің  басынан  өткен  оқиға 

осы сөзіміздің нақты дәлелі іспетті. 

Мектепті алтын белгімен тәмамдаған 

талапты жас үлкен қалаға келіп, дәрігер-

дің оқуына түседі. Әке-шешенің мойны-

на  салмақ  түсірмеу  үшін,  ол  сабағымен 

қатар  демалыс  күндері  базарда  қосым- 

ша жұмыс істейді. Сөйтіп жүрген күндер-

дің  бірінде  далада  дауыл  тұрып,  оның 

саудасы  жүрмей,  тамаққа  ақша  таппай 

әбден  қиналады.  Амалсыз  біреуден 

бір  үзім  нан  сұрап  жеуге  бекінеді  де, 

көше бойындағы әдемі үйлердің бірінің 

есігін  қағады.  Есікті  ақша  жүзді  ажар-

лы  келіншек  ашады.  Әйел  адамның  

алдында жігіттік намысы оянған ол шөл-

дегенсіп  бір  кесе  су  сұрайды.  Келіншек 

болса  «Күте  тұрыңыз»  деп  ішке  кіріп  

кетеді де, екі кесек ыстық күлше мен бір 

кесе  сүт  алып  шығып,  ұсынады.  Іштегі 

шұрылды  басу  үшін  ұялса  да,  бергенін 

сол  жерде  ішіп-жеп  алады.  Мейіріміне 

риза  болған  жас  жігіт  ақысын  өтемек 

болып, «Ақ сүтіңіз бен ыстық наныңызға 

рақмет,  үйіңізде  немесе  бақшаңызда 

қандай  да  бір  жұмыс  болса,  айтыңыз, 

тындырып берейін» дейді. «Қажет емес, 

Алла  тағала  шаң  көлеміндей  игілікті 

ешқашан  жақсылықсыз  қалдырмайды» 

деген  келіншектің  сол  бір  сөзіне  тамса-

на,  үйіне  қайтады.  Содан  апта,  күндер, 

жылдар  өтумен  оқу  да  бітеді,  білім 

жинақталынып,  қалалық  ауруханаға 

орналасады.  Кейініректе  білдей  бір 

бас  дәрігер  болады.  Үйленіп,  балалы-

шағалы  болады.  Балалар  өсіп,  отба-

сы  қамы,  күнделікті  жылжыған  өмір. 

Ежелгі медицинамен шұғылданып, өз та-

лабымен үйренген біліміне орай қалаға 

қарасты  әрбір  өңірлерден  науқастарды 

қабылдайтын еді. Бір күні бірнеше жерде 

ем  алғанымен,  екі  аяғынан  сал  дертке 

ұшыраған  бір  науқас  алдына  келеді.  

Қарт болса да, келбетті әйелдің науқас-

тан шаршаған солыңқы жүзі, үмітсіз көзі 

оған бірден таныс көрінеді. Мән-жайын 

білуге  бөлмесіне  барып,  сөйлескенде, 

расында,  сол  баяғы  бір  кесе  сүттің  иесі 

екенін  анықтайды.  Алайда,  оған  еш-

теңені  білдірместен,  бөлмесінен  шыға 

сала,  «Қалайда  көмектесуім  керек!»  

деген  ой  оған  дәрі-дәрмектің  қымбат 

құнын  ескертпей,  шетелдерден  ал-

дыртып,  ем  жүргізе  бастайды.  Күндер 

өте  жақсарған  науқас  басын  көтереді, 

аяғына тұрады. Уақыт өте келе толықтай 

жазылып,  үйіне  қайтатын  мезгіл  де 

жетеді.  Бала-шағасы  болса,  анасының 

бұл  жақсаруына  қуанып,  жан-жағынан 

қаумалап,  құшақтап  жатқанмен,  ем 

қонған  жанның  жүзінде  белгісіз  қорқы- 

ныш  тұрды.  Мұның  бәрін  сырттай 

бақылаған  дәрігер  қызмет  бөлмесіне 

барып,  сондағы  жастық  шағы,  бір  кесе 

сүт  пен  ыстық  күлше,  оның  мейірімді 

жүзі есіне оралып, күлімдеп отырып, бір 

жапырақ  ақылы  ем-шара  құжатының 

төменгі  жағына  бір  жол  сөзді  жазды. 

Бөлмеге  кірген  дәрігер  әлгі  қағазды 

әйелдің  қолына  ұстатты.  Қағаздың 

төменгі  жағындағы  «Ақша  жүзді  бей-

таныс  жан,  еміңіздің  ақысын  бір  кесе 

Бір кЕсЕ сүТТің ақысы

тырысады.  Дәстүрлі  емес  діни  ағымдар 

мен  секталар  тек  өздерінің  шектеулі 

мәліметтерін  кең  көлемде  таратуға  бұл 

діни  ұйымдардың  ішкі  жұмыстарынан 

хабарсыз мүшелерін өзіндік еркін жоғал-

ту үшін, буклеттер, журналдар, газеттер, 

аудио  және  бейне  жазбаларды,  тағы 

да  басқа  бұрмаланған  мәліметтерді 

таратуға  пайдаланады.  Адамды  үнемі 

қорқыныш  пен  үрей  арқылы  ұстау  кері 

пиғылдағы  діни  ұйымдардың  басты 

қаруы болып саналады. Бойын үрей мен 

қорқыныш  билеген  адамның  санасын 

игеру  оңай  болғандықтан,  өздерінің 

барлық  мәліметтерін  фобия  арқылы 

енгізуге  тырысады  әрі  «күнә»,  «тозақ»,  

«о  дүниедегі  азаптар»  туралы  мәлімет-

терді көп уағыздайды. Ол азаматтың ой- 

санасын манипуляция жасау үшін өткен 

күнәларын  есіне  түсіріп,  оған  кешірім 

беру  немесе  бермеу  туралы  насихат-

тарды  жүргізе  отырып,  оны  бақылауда 

ұстайды.


Діни  ұйымға  мүшелікке  жаңа  қа-

былданған  азаматты  өздерінің  шы-

найы  берілген  сенушісі  әрі  құлы  ету 

мақсатында  сананы  бақылаудың  тағы 

бір  әдісі –  оның  ойлау  жүйесіне шектеу 

қойып,  өз  мүмкіндіктеріне  пайдалану. 

Ең алдымен, өздерінің қалыптасқан 

доктриналарын  оған 

ақиқат  ретін- 

д е   к ө р -

сетуге 

т ы -


р ы с у , 

бір  сарын- 

ды  сөйлесу,  гип- 

ноздар  қолдану,  медита-

циялар  жасау,  өздерін  мойындамаған 

ортаны  терістеу,  оларға  қарсы  тұру, 

ойсанасындағы  қалыптасқан  дәстүрлі 

ақпараттарын терістеп, оның «дәлелсіз», 

«құнсыз»  екеніне  көзін  жеткізу,  түрлі 

діни  әуезді  әндер  айту,  дауыстарын 

әртүрлі деңгейде көтеру, шулау, ойлау- 

ды шектейтін түрлі техникалар қолдану,  

тек  басшыға  ғана  бағыну,  соның  әмірі-

мен  өмір  сүруге  бейімдеу.  Азаматтың 

ойындағы  бұрыннан  қалыптасқан 

мәліметтері  жойылған  соң,  оның  сана-

сезімінде тек сектаның немесе ағымның 

қалыптасқан  доктринасын  ғана  ақиқат 

деп қабылдау орын алады. Сол арқылы 

оның  бойында  тек  өзімдікі  ақиқат,  оны 

басқалар  да  қабылдау  керек  деген 

эгоистік пікір қалыптасады.

Манипуляция арқылы ойсанасын та-

рылтып, өз таңдауын жасатпау, әр уақыт-

та  адамда  «өзім  барлық  нәрсеге  кінәлі-

мін»  деген  ойды  қалыптастыру,  шектен 

тыс  күнә  жасатулар  арқылы  оны  үрей- 

лендіріп, психологиялық қысымға ұшы-

ратады  және  шектен  тыс  қорқытулар 

арқылы  өз  алдына  жеке  ойлаудан 

түңілдіреді.  Қалыпты  өмір  сүрген  орта-

сын жау ретінде көрсетіп, олардан келер 

қауіптер  және  түрлі  табиғи  катаклизм-

дермен  үрейлендіру,  бұл  өмір  жалған, 

алдамшы,  бақыт  жоқ  деп  сендіру, 

еңбек  етуге  деген  құштарлығын  басып, 

интеллектуалдық  қабілеттігінен  айыру 

үшін  әр  уақытта  күнәларын  көпшіліктің 

алдында  немесе  діни  ритуал  кезінде  

мойындатады.  Үнемі  санасын  қорқы-

ныш  билеп,  депрессияда  жүруі  үшін 

«сен кімсің?», «қайдан келдің?», «қайда 

барасың?»,  «сенің  өткенің...»  деген 

сауалдарды  алдына  тарта  отырып, 

істеген  барлық  күнәларын  бетіне  ба-

сып, діни ұйымнан шықса, осы жасаған 

күнәларыңнан  жеке  құтыла  алмайсың 

деген  ой  қалыптастырады.  Діни  ұйым-

сыз ешқандай бақытқа жете алмау, одан 

кеткен  кездегі  алдағы  өмірінде  не  күтіп 

тұрғандығын  қорқынышпен  елестету 

арқылы  адамды  өз  еркінен  айырады. 

Осындай  сезімді 

бақылаудың 

т е х н и к а л а -

р ы н 


п а й д а л а -

н

у 



арқылы 

қ а л ы п т ы 

ж а ғ д а й д а   ө м і р 

сүрген  азаматты  сектаның 

немесе діни ағымның басшылығы өзіне 

толық тәуелді етеді.

Сана  бақылауына  ұшыраған  азамат 

өзінің  дәстүрлі  өмір  сүру  жағдайынан 

жаңылып,  құлдықтың  бұғауына  түседі. 

Мұндай  азаматты  қалыпты  өмір  сүру 

жағдайына  түсіру  өте  қиын.  Осындай 

жолмен  дәстүрлі  өмірі  бұзылған  азамат 

қоғамда  саналы  түрде  өз  таңдауын  жа-

сай алмайтын халге түседі. Қалыпты өмі- 

рі  бұзылған,  санасының  дамуы  шектел-

ген азамат өз қоғамына ешқандай пайда 

әкелмейді.  Мұндай  өз  еркінен  айырыл-

ған азамат егемен еліміздің болашағына 

орасан  зиян  келтірері  анық.  Сондықтан 

осындай қоғамға жат әрі зиянды секта-

лар мен ағымдарға жол бермеу – әрбір 

азаматтың парызы.



Таңжарық Тұрғанқұлов, 

дінтанушы

«e-islam.tarmpi.kz»

тАлАПкЕР-2014

сүтпен  баяғыда  өтегенсіз!»  деген  

жазуды  оқыған  оның  көзінен  парлаған 

ыстық жас ұзақ тоқтамады.

Мінеки,  қандай  да  бір  азды-көпті 

жасаған  жақсылықтың  қайырымы 

әрдайым  бары  хақ.  Дәл  осылай, 

жамандыққа  алатын  ақымыз  да  – 

жамандық.  Сондықтан  бар  мүмкін-

дікті  айналамызға  кесірі  тимейтіндей, 

өзіміз  бен  өзгеге  игілігін  беретіндей 

жасағанымыз  абзал.  Жақсылықтың  

арты  –  жақсылық,  жамандықтың  соңы 

жамандық  болса  да,  жақсылық  та  

өзіңе,  жамандық  та  өзіңе.  Алла  тағала 

жүрегімізді жақсы еткей, әумин! 



Нұрлан қажы Асанов, 

дінтанушы, облыстық мешіттің 

бас имамы 

Кәкімжан  Биш-

манов,  Қазақстандағы 

терроризм  мен  экстремизм  

проблемаларын зерттеу орталығының 

жетекшісі:

–  Қазіргі  жастардың  кішкентайынан  ана  тілін,  тарихты,  мәдениетті 

оқығандай өзінің діни дәстүрлері туралы негізді білім алуға құқығы болуы 

тиіс. Мәселен, терроризмнің зияны туралы көп лекция оқылуы қажет. Қоғам 

санасына адам өлтірудің ең ауыр күнә екендігін сіңіру керек. Адам бұл  

жайында  үнемі  ести  берсе,  ойлана  бастайды,  санасында  бұл  жа-

ман нәрсе екен деген ой қалыптасады. Бірақ жастарға не істеу 

керектігін  үйрету  шарт  емес,  олармен  сөйлесу  керек. 

Оларды  тыңдай  отырып,  барлық  мәселені 

бірлесіп шешу қажет.

Бетті облыстық дін істері 

басқармасының тапсырысы бо-

йынша әзірлеген – Серік Әбілхан

дұрыс  бағыт  сілтейтін  мұндай  келелі 

кездесулердің,  ашық  сұхбаттардың  

тигізер  пайдасы  мол.  Дін  мәселесін 

түсіндіру бойынша жастардан құрылған 

осындай  топтар  еліміздің  басқа  да 

өңірлерінде  жалғасын  тапса,  еліміздің 

болашағының  баянды  болуы,  рухани 

өркендеуі,  әлеуметтік-экономикалық 

дамуы,  жастарымыздың  еліне,  жеріне  

деген  патриоттық  сезімдері  дамып, 

ежелден  ата-бабаларымыздан  келе 

жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз сақ- 

талып,  діни  тұрақтылығымыз  одан  әрі 



нығая түсетіні анық.

Шығыс-Ақпарат




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал