Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет9/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51

IV

«Ежелгi қазақ жерiн бiр автономияға жинау» жұмысын 

Кирревком бiр жылға созған. Әдiлiн айтқанда, сол қарсаңда бұл 

оп-оңай жұ  мыс емес-тi: екi ғасырдан астам уақыт жүйелi түрде 

жүргiзiлген отарлау саясатының салдарынан күнбатыс шептегi-

лер – «Астархан қазақтары», «Орынбор қазақтары», «Саратов 

(Сарытау) қазақтары» және «Царицын қазақтары» атанып, ал 

түстiктегiлер – «Түркiстан қазақтары» (оның құрамындағы 

қомақты ру тайпалары – «Бұхар мен Қоқан қазақтары» не-

месе «Тәшкент қазақтары), ал те 

рiскей мен күншығыстағы 

қалың ел – «Сi бiр қазақтары» деген жасанды атауға ие болып, 

бiртұтас ел болудан үмiтi үзiлген дәр менсiз жағдайда өмiр сүрдi... 

Шындығында, солардың бәрi бiр халық – дiнi, дiлi, тiлi бiр, жерi 

де әлмисақтан біртұтас қазақтар едi. Тек тағдыр жазуымен, түрлi 



100

Медеу СӘРСЕКЕ

тарихи жағдаяттармен бiр-бiрiнен қоныстары ажыраған, бiрлiгi 

де қожыраған. Ендi, мiне, сол халық Кеңес үкi метi жариялаған 

«Ресей қарамағындағы барлық ұлттар тең құқық 

ты» жобасы-

мен дербес автономия алды. Десек те, ұзақ жылдар бойы емін-

еркін билік құрған отарлаушы ел екі ғасыр бойы тежеусіз ием-

денген қисапсыз жерді оп-оңай қайтара ма? Әрине, сулы-нулы 

аймақтарды басып қалуға тырысқан... 

Алайда, «Сі 

бірдегі Ленин» аталған И.Н. Смирнов – бас-

қаруындағы өлкенi аса қуатты экономикалық аймаққа айналды-

руды жатса-тұрса көксеген тынымсыз қайраткер. Сол мақсат үшiн 

ол байырғы қазақ жерiнен де қомақты сы ба ға алуды көксеген: 

Қостанай, Петропавл, Омбы, Көкшетау уездерi тұтас қалпында, 

ал Павлодар уезiнiң кейбiр болыстары және Өскемен уезiнiң 

күншығыс бөлігi (Кендi Алтай аталатын, яки кешегi Қатын-

Қарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршiм аудандары, Зырянов, 

Риддер және сол қалалардың төңiрегiндегi пай далы қазыналы, 

ну орманды таулы өңiр) Сiбiр өлкесiнде біржола қалуға тиiс... 

И.Н. Смир новтың соған айтар уәжі: бұл уездерде орыстар басым 

тұрады; ал қазақтың саны отыз, көп дегенде қырық пайыздан 

аспайды; сол өңiр Кирреспубликаға берiлсе – екi халық өзара 

сыйыспай, қантөгiс туады-мыс; ең бастысы, өндiрiс ошақтарын, 

тау-кен жұ 

мыстарын Сибревком жедеғабыл жүр 

гiзiп, ортақ 

Отанымыз – Ресей Федерациясын нығайтуға қомақты үлес қосады-

мыс, ал қазақтар мал бағу болмаса, өндi рiстi ойдағыдай өркендете 

алмайды... 

Сiбір өлкесі басшысының ұлыорыстық шовинизммен ас-

тасқан бұзық ойын қостаушылар аз емес, ең шатағы ондай сат-

қындар дау лы уездердің өзінен де табылған: 1920 жылғы қаң-

тар айының бас кезiнде Павлодар ревкомы Семей губерниясы-

нан бө лi нiп, Омбыға тiкелей бағыну жайында ресми өтi нiш жол-

даған; әрине, Смирнов бұл ұсынысты дереу қолдап, уездiң түгел 

емес, тек қана терiскей бөлігін Сi бiр өл кесiне бiржола «қосуға» 

нұсқау бередi. Жыл басында өрбiген осы кикiлжiң жазға ұласады. 

Ревком басшысы П. Поздняк пен оның сенiм дi қолғанаты, қыр-

ғыз-татар секциясының меңгерушiсi Асқар Сыздықов уездiң Сиб-

рев комға тұтас қосылуын жақтаса, комитет мүшелерi Барлыбаев, 

Балпаңгеров, тағы бiр топ қазақ оқығандары Кирреспубликадан 

iрге бөлуге үзілді-кесілді қарсы шығады. Нәтижесiнде, тыныш 

отырған үлкен уезд екiге жарылып, айтыс-тартысқа душар болған. 


101

ШЫҒАРМАЛАРЫ

«Сiбiрлiк Ленин» бұзық ниетiнен ай 

ны 


май, тамыздың 

4-жаңасында «Сiбiрдi аудандарға бөлу» деп атаған қаулыға қол 

қояды. Ол бойынша Павлодар уезiнiң терiскейдегi 10 болысы 

Омбы уезiне қаратылады. Араны ашылған И. Смирнов үшiн бұл да 

аз. Павлодар уезiне қарасты 12 тұзды көлдi – Қарабас, Жақсытұз, 

Шақшантұз, Үлкен Қалқаман, Кiшi Қалқаман, Тайқоңыр, Бес-

тұз, Қарасор, Вишневое, Үлкен және Кiшi Табылжын, Коряков, 

оған қоса Шарлақ пен Ертiс аудандарын Омбы уезiне еншілеп, 

Павлодар қаласы төңiрегiндегi елдi мекендерi мен, тұз өндiре-

тiн көлдерiмен, орман шаруашылықтарымен Славгород уезiне 

меншіктеп береді. Сiбiрдің жаңа шекарасы ендi Павлодар 

уезiндегi Қандыкөлден басталып, Сарыкөл станицасы арқылы 

осы күнгi Екiбастұзды қамтып, оның түстiгiнен 15 шақырым 

жердегi Әлгiрей сорына дейiнгi зор аймақты орап, Ақсу болысын 

ортан белiнен баса отырып шығысқа қарай қиыстай жүрiп, ең 

аяғында Ертiстi кесiп өтiп, Жәмiш көлiнен Славгородқа тiкелей 

шығуға тиiс... 

И.Н. Смирнов түпкі ниетiн Ресеймен шекараны белгілеуші 

комиссия мәжiлiсiнде былайша дәлелдептi: «Аталған көлдерсiз 

Сi бiр халқы өмiр сүре алмайды, ал Кирреспублика өмiр сүредi – 

олардың иелiгiнде қаншама тұзды көл қалып отыр... Бұл көл-

дерден тұз алу үшiн бiз 125 шақырым темiр жол тарттық. 

Не үшiн? Кирреспубликаға тектен-текке бере салу үшiн бе? 

Сол себептi Павлодар уезiн Омбыға қарату керек. Бiз одан қы-

руар астық алмақшымыз, ал қазылмақ тұз Орал мен Сiбiрдiң 

қажетiн артығымен өтей дi. Артылғанын Қиыр Шығысқа та-

сып, валютаға айырбастаймыз...»

Кирревком комиссиясын Сейiтқали Меңдешев басқарыпты. 



«Сiбiрлiктер көз алартып отырған аймақта тұз ғана емес, 

ежелгі қазақ ауылдары бар, бұл жердi олар малға жайылым 

жасап, егiн де салып келедi. Кирреспублика осы өңiрде ауыл 

шаруашылығын өрiстетпек. Ал сiздер мәселенi тұз алуға бай-

лап, қасақана ушықтырып отырсыздар... – дей келiп, Кирревком 

мүшесi әрiптестерiне мынадай сауал қойыпты. – Федеративтi 



республикаға қажет тұзды Кирреспублика өн дiрсе, Сібір өлкесінің 

экономикасы қандай зиян шегедi? Сiздерге қанша тұз керек – сон-

ша беремiз...» 

Сiбiр делегациясы бұл уәжге илікпейдi. 

Кирревком делегациясы өнбес даудан бетi қайтқан соң ұлт-

тар теңдiгiн аяқасты еткен сiбiрлiктердiң өктем пиғылын 



102

Медеу СӘРСЕКЕ

әшкерелеп, Мәскеуге шағым жолдайды. Бiр емес, бiрнеше 

мәрте. Соның бiрiнде: «Бұған дейiн қарсылық бiлдiруге құқығы 



жойылған, үне мi езгiде болған, көшпелi ауыр тұрмыс кешкен 

халықтың хал-күйiн одан әрi төмендету мақсатымен оның 

байырғы жерiн күш пен тартып алу iсi бәз-баяғыдай жүгенсiз 

түрде өрiстеп отыр, бұл болса Халком Кеңе с iнiң Қырғыз өлкесiн 

басқару дек рет iне мүл дем қарама-қарсы әрекет...» – делiнген. 

Ең ғажабы, осындай әрекеттер жер-жерде белең берiп отыр, бұл 

да бәз-баяғы «бөлiп ал да билей бер» саясаты мен ұлыорыстық шо-

винизмнiң сарқыншағы: Каспий теңiзi нен балық аулауды бiржола 

иемдену үшiн бергi жағалауынан балықшы қазақтарды сексен 

шақырым қашыққа көшiрiп тастау туралы Астрахань губерния-

сы ұсыныс жасаса; Маңғыстау түбегiне түрiкмендер көз аларта-

ды; Тәшкент шәрiне қитұрқы жолдармен қолы жеткен соң-ақ 

оның төңiрегiндегi ежел гi қазақ жерлерiн қосып алуға өзбектер де 

жоғары жаққа бiрнеше мәрте тiлек жолдаған; ал сiбiрлiк көршiмiз 

бұрынғы талабына қо сым ша «Кирреспубликамен шекара сызығы 

Ертiс арнасымен жүрсiн»  деген ұсыныспен Мәскеуге шығуы да 

үстемшiл пиғылдың,  қа  зақ ұлтын менсiнбеудiң салдары...

Сол кезде Кирревком құрамында халқымыздың бүгiнгi жар-

қын болашағын көрегендiкпен болжап, қалтқысыз сенген ел-

сүйер азаматтар жұмыс істегенін ескерту парыз. Олардың денi сол 

күннiң өзiнде жоғары бiлiмдi әрi экономика мен шаруашылық 

мәселе лер iне бiлiктi жандар екенін көрсеткен. Нақ солар туған 

жерiнiң үстiн ғана емес, жетi қат астындағы қазына байлығын 

да бағамдай бiл ген. Ең бастысы, сол жайсаңдар туып-өскен өл-

кенiң тұс-тұстан көп жылдар бойы аяусыз тоналып, жател дiк-

тер иелiгiне қашан және қандай жағдайда көшкені жайлы шерлi 

тарихын өте жақсы бiлген. Сондықтан да бұл ерлер  Смирнов 

сияқтылардың жүгенсiз талабына тойтарыс беруден тайынбаған. 

Жер бөлiстен өрбіген наразылық ақыр аяғында КСРО Халком 

Кеңесiнiң 1920 жылғы тамыз айының 9-10 күнгі мәжiлiсiн 

де 

талқыға түседi. Оның жай-жапсарын бiз сол мәжiлiске қатысып, 



сiбiрлiктер мүддесiн қорғаған Сiбревком төрағасының орынба-

сары В. Соколовтың естелiгiнен («Сибирские огни» журналы. 

1960 жыл. № 4) айқын көреміз: 

«ЛЕНИН:  Сiз бiздiң жобаға қарсысыз? Не себептi сіз осынау 



кеңпейiл де момын халықты ренжiткiңiз келедi? 

103

ШЫҒАРМАЛАРЫ

СОКОЛОВ:  Ренжiту? Жоқ, Владимир Ильич, атамаңыз. Бiз 

қырғыз бен Сiбiр казактарының ежелгi ұлттық кикiлжiңi қайта 

өршiмеуiн көздегендiктен ұсындық бұл шараны. 

ЛЕНИН:  Сондықтан да екеуінің арасына шовинистiк пи-



ғылмен от тастауды қалайсыз? Ал мұның ұлт араздығын мей-

лiнше қоздырудың ең ұтымды және сыннан өткен жолы екенiн 

әлбетте  ескер мейсiз...»

Естелiк иесiнiң айтуынша, Владимир Ильич қазақ делегация-

сына жақындап келiп, түр-келбетi бұқара халық өкiлi екенiн 

аңғартқандай кексе ақсақалдан: «Киргиз үстем дiгiне казактар 



қалай қарар едi, сiздiң халық ше?» – дептi. Ақсақал мүдiрмес-

тен және орыс тiлiн белiнен баса шүлдiрлеп әрi қарапайым 

жалпақ тiлде: «Быладемер Iлiш, ешкiмнiң билеп-төстеуi қажет 

емес. Бәз-бая 

ғыдай қоян-қолтық араласып, тып-тыныш өмiр 

сүремiз...» – деп жауап бередi. Кексе адамның ұтымды жауабы 

бас комиссардың көңiлiнен шығып, «Қырғыз автономиясын 



құру iсiне бәз-баяғы сiбiрлiк өктемдiкпен емес, Иван Грозный-

дың жаулап алу пиғылымен де емес, Гималайдай құзар биiк тен, 

ағылшындарға тән паңдықтан таза, шынайы коммунис тiк һәм 

кеңестiк әдiл көз қараспен қарау қажеттiгiн» байыппен түсiн-

дiредi». Үкi 

 

мет басшысының пайымдауынша, даулы мәселеде 



орыс комму нистерi бұған дейiн езгiде болған, патша итаршылары 

мен орыс байлары сүлiктей сор ған аз ұлттардың қазiр гi хал-күйiне 

мейлiнше бауырмалдық түйсiкпен қарап, келешек тағдырын 

интернационалдық принциппен ше шу керек. Сол себептi ол Дала 

өлкесiнiң те рiскейi мен шығысын бөлшектемей, Қырғыз автоно-

миясына тұтас қалпында беруге нұс қау етедi. 

Сонымен жер дауы Кирревком пайдасына шешiлiп, 26 та-

мыз күнi КСРО Халкомының төрағасы қол қойған декрет жария 

болады. Десек те, Ертiс бойындағы ежелгi қоныс екi жыл бойы 

Қазақстанға қайтарылмапты. 

Сiбiр ревкомы 1921 жылдың бас кезiнде ұлттық-территория-

лық шекараны белгiлеу комиссиясына Павлодар уезiн бөлшек-

теу туралы былтырғы үстем ниетiн қайталап, өздерi иемденiп 

отырған тұзды көлдер мен терiс кейдегi он болыс елдi, Жәмiш 

көлiне дейiнгi шығыс белдемдi Сiбiр өлкесiнде қалдыратынын 

мәлiмдейдi. Қазақстандықтар бұл шешiмге наразылық жария-

лап, мәжiлiсті тастап кетедi. 


104

Медеу СӘРСЕКЕ

Комиссияның қайыра бас қосуы 7 сәуiр кү нi өтiптi. Мәжiлiс 

хаттамасынан екi жақтың да тыңғылықты әзiрлiкпен келiп, аяу-

сыз айтысқаны айқын сезiледi. Сiбiр тобының сөзiн тең құқық-

ты төраға С. Чуцкаев ұс тап, ал Қазақстан мүддесiн С. Меңдешев 

қор ғапты. Сiбiрлiктер баяғы сөзiнен танбайды, тек бұл жолы қар-

сыластарын тың ұсыныспен малдандыруды ойлап келсе керек, 

Ба ян ауыл станицасын жаңа уезге орталық етiп, оның иелiгiне 

төңiрегiндегi байырғы қазақ жерiнен кең қоныстар «беретiнiн» 

жа 

рия етедi. Қазақ делегациясы үзiлдi-кесiлдi қар 



сы тұрып, 

Семей губерниясын 20 сә уiр ден кешiктiрмей, бiртұтас қалпында 

қай таруды талап етедi. Бұл жолғы мәжiлiстен сiбiрлiктер шығып 

кетедi. 


Даулы мәселе ВЦИК қарауына берiледi. Алайда Бүкiлодақ-

тық атқару коми тетi асықпайды. Павлодар уезi нiң тағдыры 

1921 жы лы да әрi-сәрi қалпында қалады... 

Кирреспублика басшылары ешкiмге қа рыс тай жер бермеу-

ге белдi бекем байлап, сол үшiн жер иесі –  бұқара халықты 

көмекке шақырыпты: Омбымен iргелес орналасқан даулы он бо-

лыста, қазақ қауымы басым отырған елдi мекендерде мыңдаған 

адам қатысқан жиындар, Сiбiр ревкомының бiр жақты ше шi мiне 

наразылық митингiлерi өтедi. Сол күннен бiзге жеткен бiр ай-

ғақ – Майкөл, Тереңкөл, Мұздыкөл және Қызылағаш болыс-

тарының өкiлеттi жиыны 22 мамыр күнi Мәс  кеуге, В.И. Лениннiң 

атына жолдаған же делхат: «Край не обидно и прискорбно, что 



мы, природные сыны степи, должны остаться за флагом так 

долго ожидаемой всем населением свободной Киргизской респу-

блики... Сибревком, не будучи знаком с жизнью трудового кир-

гизского населения, не принесет той ожидаемой киргизским 

народом пользы, как Кирреспублика...»  Жеделхатта одан әрi 

дүние жүзi пролетариатының жанашыр көсемi һәм езiлген аз 

ұлттардың қамқоршысы Ленин жолдасқа өздерiнiң ерек ше сенiм 

бiлдiретiнi баса айтылып,  «...и наши волости будут причислены 



к Кирреспублике» деген көкейкесті үмiт жеткiзiлген. Жеделхатқа 

төрт болыс тұрғындары атынан Арынғазин, Загиров, Нуркин және 

Байзақов (сiрә, соңғы тұлға – атақты Иса ақын) қол қойыпты...

Семей губерниясында қалыптасқан күр делi ахуал, сiрә, Кир-

республика басшыларын қатты алаңдатқан. 20 мамырда гу-

берния орталығына КирЦИК төралқасының мүшесi Смағұл 

Сәдуақасов келiп, төң 

ке 


рiс коми 

те 


тiнiң төрағасы мiндетiн өз 

қолына алатынын мәлiмдеген. Келесi күнi Семей дегi жауапты 

қызметкерлердi жинап: «Екi облысты, тәрiзi, екiншiсi Солтүстік 


105

ШЫҒАРМАЛАРЫ



Қа зақстанды (О күнде оған осы күнгі Қостанай, Көкшетау, 

Ақмола және Қарағанды облыстары қараған) Кирреспубликаға 

жедел қосу мәселесi кезекте тұрғанын, бiрақ әлi күнге дейiн 

шешiл 

ме 

ге 

нiн, бiтiмгер комиссияның бiраз адамы Омбыға, 

қалған мүшелерi Мәскеуге жүрiп кет 

кенiн, экономика ғана 

емес, әкiмшiлiк мәселелерi жөн iнен де қиындықтар барлығын, 

қысқасы, қыс бойы бiздiң жер-жердегi өкiл дiктер табанды қар-

сылыққа, қасақана ұйым 

дастырылған қиянатқа тап болып, 

ештеңе бiтiре алмағанын...» қынжыла хабарлайды. Жиынның 

хаттамасында  губерния  дең  ге й iн  дегi  басшы  қызметкерлер  Мұхтар 

Әуезов, Нығмет Нұр 

мақовтың және бiрнеше қайрат 

кердiң ой-

пiкiрi тұжырымдай жазылыпты. Сөй леу шi лердiң мақұл дескен 

уәжi мынадай: бұл мәселенi келесi қысқа қалдыруға болмайды, 

халық арасына шығып, үгiт-насихатты кү шейту қажет; Семей 

облысы  бiртұтас  қалпында  Кирреспубликаға  бе  рi л у    iн  Мәскеудегi 

үкiметтен батыл түрде талап ету керек; бұл үшiн қанында қазақ 

қаны бар, кеудесiнде намыс оты лаулаған зиялы қа   у ым жеке 

басының күйбең тiрлiгiн қоя тұ рып, даулы болыстарға дереу ат-

тансын, қазақ жерiн жырымдауға қарсы тұруға халықты қайткен 

күнде көтеру қажет!..

Бұған дейiн губерниялық комитеттiң тө р   ағасы мiндетiн уа-

қытша атқарған Мұх тар Әуезов ұзақ мерзiмге Қарқаралы уезiне 

аттанады. Ал ол жақтағы жағдай мәз емес-тi: ақгвардияшылар-

дың елде қалған сiлiмтiктерiнің жасырын насихатымен Сібір 

өлкесінен ажырағысы келмеген жергiлiктi казак-орыстар бү-

лiншiлiк ұйымдастырып, белсендi коммунистер мен соларға ниет-

тес 80 адам қапылыста опат болған-ды; ұлттық намыс-ожда-

ны сол күннiң өзiнде айқын сезілетін жас қайраткер Әуезовтiң 

төтенше өкiлдiктермен сол өңірге жiберi луi, сiрә, осы жағдайға 

байланысты туған; оған қоса семейлiк оқыған азамат Әзiм бай 

Лекеров Қарқаралы уездiк рев комын басқаруға тағайындалады... 

Нәтижесiнде 5 та мыз күнi Қарқаралыдан Семейге: «Осы  уез дегi 



еңбекшi халықтың он мың адам қатыс қан жиыны автономия 

құрылуын ерекше зор қуа 

ныш 

пен, жасампаз iске құлшынған 

жiгер мен  құптайды!..» деген жеделхат жолданыпты. 

Павлодар уезiнде қалыптасқан ахуал Семей губревкомы бас-

шыларын күні-түні сырқыраған ауру тiстей мазалап, ұйқысын 

қашырған жағдайда еді. Сондықтан да бұл уезге олар ерекше на-

зар бөлген: Омбы билеушiлерi тағайындаған адамдарды ауыс-

тырып,  белсенді әрекетімен танылған Ахметолла Барлыбаевты 

төңкерiс ко ми тетiне төраға етiп, орынбасарлыққа жас қайраткер 


106

Медеу СӘРСЕКЕ

Нығмет Нұрмақовты, ал Баянауыл ревкомына Ысқақбай Бал паң-

геровтi тағайындау себебі де әсілі осы өңiрдi бөл шек темей тұтас 

қосу мақсатынан өрбіген; 1921 жылдың жазында ең бекшi бұқара 

арасындағы үгiт-насихат жұ мысы айрықша күшейтiлген. 

Соның бiрi – КСРО Халком Кеңесiнiң Қыр ғыз АССР-ын құру 

туралы декретiнiң жария болғанына бiр жыл толуын бүкiл ха-

лық тық мереке етiп кеңiнен тойлау шарасы. Өйт кенi бұл тойдың 

мерекелiк сипатынан гөрi саяси мәнi маңыздырақ: бiрiншiден, ол 

қа зақ елiнiң дербес автономия алғандығын дүй iм елге жария етедi; 

екiншiден, әлi күнге дейiн бiр шаршы метр жерi қайтарылмай, 

қасақана кешеуiлдетiліп отырған Семей губерниясында Қазақ 

автономиясының бiр жылдық тойын дүбiрлетiп өткiзу – Сибрев-

ком басшыларының көзiне байланған ноғаланы сылып, өздерi 

ушықтырған мәселеге саяси мән бере қарауға түрткi болады; 

үшiн шiден, екi жақты жүрген үгiттен әрлi-берлi толқуға түскен 

қыр қазағы бiртұтас елге бiр i гудiң нендей игiлiк екенiне шүбәсiз 

иланады-мыс... 

Сол себепті Баянауылда өтпек той жарлық жарияланған та-

мызда емес, маусымның орта шенiне жобаланған. Оны әзiрлеушi – 

Баян ауылдың төңкерiс комитетi, ал той комиссиясының төрағасы 

болып жиырма екi жастағы Қаныш Сәтбаев тағайындалады.

Мерзімді күні Баянауылдың күншығыс бөктеріндегі Көбей 

шілігі деген көгалды  алқапқа жалпы қарамы үш жүздей киіз 

үй тігіледі. Бұлар Ақбеттау, Ақкелін, Атақозы, Баянауыл, 

Бестау, Қарамола, Қызылтау, Далба және Шақшан болыстары-

нан жиналған үйлер, бәрі де ас-жабдығымен, күтуші адамдары-

мен әзірленіп келген. Мерекеге Пав лодар, Қарқаралы, Ақмола, 

Көкшетау уездерінен де ресми қонақтар қатысқан. Ал өнер адам-

дарынан арнайы шақырылғандар тіпті көп. Солардан қатарында – 

атақты қа зақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы, өрен ақын Иса 

Байзақұлы, ән дүлдүлі Майра Уәлиқызы. Құрметті меймандар 

тобын бастау  шы – сол күнде сексеннің шебінен өткен Жаяу Мұса 

Байжанов пен жергілікті тарихшы, ғалым, әдебиетші, пайғамбар 

жасына сол жылы жеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 

Комиссия жасаған жоспар бойынша, бұл мереке – біраз жылдан 

бері ас, той көрмей аласапыран кезеңді бастан кешкен, жапа шек-

кен еңбекші елдің еңсесін көтеріп, жаңа өмірдің жеңісін, мәңгілік 

салтанатын паш етуге тиіс...

Міне, жұрт шыдамсыздана күткен ойын басталды. Бәйге 

аттарының мәреге аттанған шаңы басыла бергенде, киіз үйлердің 



107

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тасасынан үстіне балалар тиелген дәу арбаны жаяу сүйреген 

Қажымұқан палуан шыға келді. Арбаның жан-жағына жабу 

ұсталған, етегіне тұс-тұстан «Жасасын Қазақ автономиясы!» деген 

ұран сөздер жазылған. Үгіт арбасы көпшіліктің ортасына келіп 

тоқтаған кезде сайысқа палуандар шықты. Одан әрі ат үстінде 

орындалатын ұлт ойындары қызсын – теңге алу, аударыспақ, най-

за қағысу... Бір мезетте өнер көрсету кезегі әншілер мен ақындар-

ға тиді. Домбырасын төбесінде ойнатып, мінбе үстін де байыздап 

тұра алмай жас пері Иса жүр:

Адам адам болғалы,

Бұл қуаныш болған жоқ.

Жер-дүние орнап тұрғалы,

Мұндай сәуле жанған жоқ...

Өнер көрсету кезегі одан әрі, о күнде нұр-жүзі таймаған уыздай 

жас, күлім көз, басына шәлі салып, қолына гармонь ұстаған сұлу 

келіншек көп алдында майысып тұрып:



Қызы едім Уәлидің Майра атым,

Тартады бозбаланы магнитім, –

деп, көмейіне жез қоңырау байлап алғандай сыңғырлаған үнімен 

даланы күм бірле тіп ән шырқағанда, қол соғып, қамшысын қо-

нышына құшырлана ұрмаған бір жан болсайшы. Әсем әнге елті-

ген жұрт еліге дуылдайды. Ойынды қызықтаушылардың кәрісі 

Жаяу Мұса да шыдап тұра алмай, қолына домбыра алып:



Қара басып ерте туып қалғаным-ай,

Күн күліп, қақ төбеден туғанда ай!

Жауыммен белді шешіп айқасар ем,

Түсіріп төбесінен найзағай-жай!.. – 

деп әндетіп қоя беріпті-міс.

Көбей шілігінде өткен тойға жиналған көптің ұлан-асыр қуа-

нышы Семей губревкомына жолданып, «Степная правда» газе-

тінің 1921 жылғы 19 маусымдағы санында жа рияланған жедел-

хатта:  «Кирреспубликаның мерекесiне арналған, бес мың адам 



қатысқан Баянауыл ауданының жиыны ғасырлар бойғы езгi 

қамытын сыпырған қазақ халқының азаттық тойы үстiнде 

108

Медеу СӘРСЕКЕ



шынайы шаттанған көңiлмен әрi зор мақтаныш сезiммен сiз-

дерге жалынды сәлем жолдайды. Губерниялық өкiметтi бiздiң 

жиын өзiнiң барлық күш-қажырын Кирреспубликаның гүлденуi-

не арнайды деп кәмiл сендi редi. Жиналыс сiздерге де ал да тұр-

ған ұлы iсте, жас қазақ мемле ке тi нiң iргесiн нығайту жолында 

автономи я ға басшылықты табандылықпен жү зе ге асырады деп 

сенiм бiлдiредi. Жиналыс а ты нан Сәтбаев, Жү нi сов, Боштаев, 

Әдi мов, Жантемiров», – деген уытты сөздермен бейнеленген.

Ел мүддесі мен жер бірлігін көздеген жанкүйер жандардың 

тынымсыз әрекетi жеңiспен аяқталды. 1922 жылдың 26 қаң-

тарында ВЦИК қабылдаған «Кирреспубликаның шекарасы ту-

ралы» қаулысына сәйкес, ресей лiктер даулап жүрген терiскей-

шығыс 


тағы ұлан-байтақ жерлер Қазақстан қарамағына бiр-

жола көштi. Рас, жоғалтқанымыз да аз емес: Омбы, Орынбор, 

Астрахань (Астархан), Саратов қалалары iрге тепкен ежел 

гi 


ата қоныстарымыздан, Қорған қаласының төңi регi мен Тобыл 

бойындағы жайлауға шы 

ғатын шұрайлы жерлерден, қазiргi 

Алтай өлкесiндегi Құлынды даласы сияқты шалқар өрiстерiмiз-

ден айрылдық... Десек те, саяси ғана емес, тарихи, жағрафиялық 

мәнi жөнiнен де ұтысымыз ұлан-асыр. Бұл, тегiнде, күнi бүгiнге 

дейiн игi лi гiн қазақ елi көрген, лайым әлi де көре бермек тари-

хи ше шiм болғаны даусыз! Сол тартыста пиғылы тар, өзiмшiл 

әрiптестерiн тiзе бүктiрген Алаш арыстарының ерлiгi мен бi-

лiк тiлiгiне, кемеңгерлiгiне ерiксiз сүйсi не сiң. Ленин сынды ай-

бынды, азулы көсем нiң алдында қасқайып тұрып, ел мүддесiн 

мәндi айғақтармен қорғаған Ә.Ә. Ермеков бастаған қайсар 

жандардың қажыр-қайратына қайран қаласың (амал қанша, сол 

жандардың бә рi де 37-жылдың нәубетiнде «халық жауы» атанып, 

жер жастанды). 

(ҚР ҰFА Тарих институты шығаратын «Отан тарихы» журналының 

1999 жылғы №1 санында новосiбiрлiк зерттеушiлер М.П. Малышева мен 

В.С. Познанскийдiң «Қ.И. Сәтбаев туралы бір деректi қайыра оқу» деп 

атаған көлемдi мақаласы жарық көр дi. «Бұл жарияланымның мақсаты 

– Сібір ревкомы мен Қырғыз (Қазақ) АССР-нің ұлттық-территориялық 

шекарасын 1919-1922 жылдарда межелеу тарихын зерттеу кезінде өзіне 

мәлім болған көптеген айғақтарға сүйеніп, Медеу Сәрсекеевтің көрнекті 

ғалым туралы 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген тағылымды кітабында 

тұңғыш жариялап, жұртшылық назарына ұсынған соны деректің жазу-

шы сипатынан гөрі мән-мағынасы ауқымдырақ екенін ашу... Жазушы өз 

кітабында тәптіштей жазған қызықты дерек, шынын айтқанда, бізге осы 

тақырыпты одан әрі тереңдете зерттеуге мұрындық болғанын ескертуге 


109

ШЫҒАРМАЛАРЫ



тиіспіз. Ақырында біз өзіміз іздеп тапқан мұрағаттық және баспа бетінде 

жарияланған өзге құжаттарды саралап, шекара жөніндегі тартысқа 

қазақ қаламгері даралап көрсеткен Қ.И. Сәтбаевпен қоса бірталай ұлы 

қайраткерлері белсене қатысқанын анықтадық...»   деген кіріспемен бас-

талған мақала Баянауылдан жолданған жеделхат мәтінін осы жолдар иесі 

ұсынған түрінде қайталап, жедел хабар соңындағы сөздердің мәнін одан әрі 

тереңірек ашуға арналған.

Ресейлiк ғалымдар Қазақ елі тарихының осы күнге дейiн қауым назары-

нан тысқары болған жабық беттерiн түре ашып, Қазақстанның шекара шебi 

үшiн болған айтыс-тартысты, оған қатысушылар әрекетiн нақты құжаттар 

арқылы көрсетiп, ғылыми тұрғыдан жүйелей саралаған. Әсілі, «Сәтбаев» ғұ-

мырнамасының соңғы басылымдарында қо сыл ған деректердiң кейбірін біз 

новосiбiрлiк екi ғалымның осы мақаласынан және Семей МУ-інiң баспасы 

1999 жылы шығарған М.П. Малышеваның «Сiбiр мен Қазақстанның ұлт-

тық-территориялық шекарасын белгiлеу (1919-1922 жж.)» атты моногра фия-

сынан алғанымызды ескертеміз).

* * *


Тынымсыз әрекет үстінде күн дер мен түндер шапқан аттай 

зымырап өтіп жатыр. Бір жылдан аз-ақ асқан қысқа мер зімде 

қаншама игіліктер жүзеге асты. Жас азамат іс үстінде танылды, 

әлеумет жұмысына ысылып, едәуір тәжірибе алды, көп алдында 

қымсынбай сөйлеуге тіл ұстартты. Бәрі нен де пайдалысы, үнемі 

оқу соңында жүріп өзі елемеген, бәлкім, балалықпен ескермеген – 

қалың бұқараның, еңбекші елдің тұрмыс-халімен жете танысты, 

мұң-мұқтажын түсінді... Сахара жұрты өз ауылындағыдай еркін 

тұрады, еңбек етсе – қарны тоқ, көйлегі көк, көңілі көкте деп ой-

лайды екен. Даланы жайлаған теңсіздік пен кедейліктің шынайы 

сиқын ол судья болып ел аралағанда көрді. Жуандардың, әлділер-

дің озбырлығы мен неше түрлі айуандығын білді. Қиянаттың да 

ал уан  түрлері болады екен. Ел өміріндегі жаңалықты кім дердің 

шынайы жақтап, кім дердің ішінен оқ атып сұқтана қарайтыны да 

оған енді өзге қырынан танылды.

Денсаулығы бұл кезде едәуір оңалып қалған. Қыр ауасы шипа 

болды, көңілі де сергек. Біржола сауыққан сияқты. Әсіресе 

бұған ол 1921 жылдың көктемінде губхалсоттың шақыруымен 

Семейге барған сапарында мүл дем иланды. Бұрнағы жылы өзінің 

тағдырын бір Алланың жазуына сайған дәрігер Разумов кеудесін 

ұзақ тыңдап, ақырында таңданған жайын жасыра алмай: 

– Ғажап! Ғажап! Сірә, көрер жарығың, жас жігіт, әлі де көп 

екен! – деген-ді. Сол сөзімен-ақ науқастың көкейіндегі барлық 


110

Медеу СӘРСЕКЕ

күдік, сенім сіздікті айқара түріп тастағанын бейкүнә емші сез-

ген жоқ-ты. – Өкпең дерттен арылыпты. Бір жола демеймін, бірақ 

бұрынғы кінәрат жоқ. Шіркін, Баянауыл жері... Өкпе дертіне 

шалдыққандар емделетін жан саясы-ау нағыз!..

Семейден ол әрі қуанып, әрі ойланып қайтады. Қуанышы – 

кеудесіндегі ауыр дерттен құтылғандығы, көңілін алаңдатып, 

өрісін ұзатпай жүрген ау ру дың әрі қараған жайы. Ойланғаны – 

алда ғы өмір қамы. Бүгінгі барлығына, бір күн гі ма н сап-атаққа мәз 

болып жүре беру ме?.. Әл де тыныс-талабы бұрынғы замандар ға ұқ-

са май тын жаңа өмірдің ағысына лайық қа ре   кет іздеп, болашаққа 

қам жасағаны жөн бе?..

Губерниялық сот алқасы өзін текке шақырмапты: «Орыс 

тіліне аса жетіктігіңіз, тапсырылған 10-учаскенің жұмысын 

ерекше ықтиятпен және адал атқарғандығыңыз бізді сүйсінте-

ді, – деген-ді сот алқасының төрағасы сөзін жұмбақтай сөйлеп. – 

Осының бәрі сізге, Сәтбаев жолдас, ауылдық жерде емес, губер-

ния орталығында, айталық, сот алқасының мүшесі болып қызмет 

атқаруға міндет артады...»

Жиырма екі жастағы ха 

лық сотының көз алдына кенет 

Баянауылдағы кеңсесінде қаралмай жатқан арыздар кес-кестеп, 

әлден-ақ қағазбастылыққа көмілген шарасыз жағдайын қамыға 

есіне алды. Мансабы жоғарылап Губхалсотқа ауысар болса, 

солардың көле мі еселеп өседі. Ал өзі соның бәрінің ақ-қарасын 

айырып, үштен екі сі өтірік жала болып шығатын арызқойлардың 

қасақана ұйымдастырған дау-шарына төрелік айтуға жас 

ғұмырын сарп етуге тиіс. Жоқ, сегіз жыл ұдайы оқу соңына түс-

кенде, сірә, қас қыр жеп кеткен көтерем тайыншасын бақталас 

көр ші  сінен даулаған пасықтардың арам пиғылын қанағаттандыру 

үшін жүрмеген шығар? Сондықтан да ол сот төрағасы ұсынысына 

«ойланайын» деген желеумен қашыртқы жауап айтып, әрең 

құтылды.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал